Главная страница
Навигация по странице:

  • * 5-аминосалицил қышқылының препараттары

  • * Холецистокинетик тер

  • ТИІМДІ * Панкреатикалық ферменттердің ингибиторлары

  • ТИІМДІ * Креон* Карсил* Аллохол* Эссенциале * Ампициллин

  • ТИІМДІ *Кең спектрлі антибиотиктер* Ферменттік препараттар* Миоспазмолитиктер* Холекинетиктер

  • ТИІМДІ *

  • * Бауыр-жасушалық жетіспеушілік

  • * Бауырдың эхинококты кистасы

  • * Гепато-целлюлярлы карцинома

  • * Ұйықтатқыш препараттар

  • * Қабынуға қарсы препараттар фонындагы энтеропатия

  • Шекара баылауа арналан тест сратары Гастроэнтерология


    Скачать 1.13 Mb.
    НазваниеШекара баылауа арналан тест сратары Гастроэнтерология
    Дата25.12.2020
    Размер1.13 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаekzamen_testy_gastro_gema.docx
    ТипДокументы
    #164336
    страница8 из 13
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

    * Ішектің тітіркену синдромы
    ! Әйел, 22 жаста, тәулігіне 20 рет қан, шырыш аралас, жағымсыз иісті диареяға, тамақтанудан кейін, дефекация алдында үдейтін, нәжістен кейін басылатын іште толғақ тәрізді ауырсынуға, салмақ жоғалтуға, сирақ-табандық, тізе буындарында артралгияға, дене температурасының жоғарылауына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Зерттеу барысында тоқ ішектің тотальды зақымдануы анықталды. Эндоскопияда тоқ ішек крипталарының микроабсцесі, айқын іріңді экссудация, спонтанды қан кету. Базисті терапия ретінде қандай топ препараттарын қолданған мүмкіндігінше тиімді?

    * Антибиотиктер

    * 5-аминосалицил қышқылының препараттары

    * Адсорбциялаушы

    * Пробиотиктер

    * Пребиотиктер
    ! Ер адам, 28 жаста, бронхоэктаз ауруы өршуінің терапиясы жүргізілген. 2 аптадан кейін тұрақсыз, интенсивтілігі орташа тұрақты сипаты жоқ іштің ауырсынуы, метеоризм, тәулігіне 4-6 рет, құрамында қорытылмаған тамақ қалдықтары бар сұйық нәжіс пайда болды. Қандай топ препараттары осы жағдайдың дамуына себеп болды?

    * β2-агонисттер

    * Метилксантиндер

    * Муколитиктер

    * Антибиотиктер

    * Иммуномодуляторлар
    ! Ер адам, 75 жаста, эпигастрийде ауырлық, толу сезіміне, сыздап ауырсыну, ауызда жағымсыз дәм, лоқсу, тәбеттің төмендеуі, ауамен кекіру, тұрақсыз нәжіске шағымданады. Ішті пальпациялаудаалдыңғы құрсақ қабырғасының жайылмалы кернеулігі және эпигастрий аймағында ауырсыну. ФГДС: асқазанның денесі мен антрумында бозару, жазықталуы, тамырлардың көрінуі, гипотония, гипокинезия, өттің рефлюксі. Жоғарыда айтылған көрініс қандай патологияға тән?

    * Антральды атрофиялық емес гастрит

    * Ойық жара ауруы

    * Созылмалы атрофиялық гастрит

    * Бейспецификалық жаралы колит

    * Асқазанның қатерлі ісігі

    ! 54 жастағы созылмалы тасты хоециститпен және қант диабетімен зардап шегетін әйел адамда 2 сағат бұрын кенеттен оң жақ қабырға асты мен төс артында ауру сезмі, жүрек айну, бір реттік құсу, ішінің кебуі мен ентігу пайда болды. Қарап тексергенде: дене қызуы - 37 ºС. Тері жабындылары бозғылт, ылғалды, АҚҚ 100/70 мм сын.бағ. Қан анализінде лейкоциттер-12 мың, глюкоза - 10 ммоль/л. УДЗ: өт қабы қабырғасы қалыңдаған және тығыздалған, майда конкременттер анықталды. ЭКГ: тахикардия, ST сегменті ІІ, ІІІ, avF, V4-V6 шықпаларында изолиниядан жоғарлаған.

    Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ тағайындалады?

    * қабынуға қарсы препараттар

    * қант төмендететін препараттар

    * Миоспазмолитиктер

    * Антибиотиктер

    * Нитраттар
    ! 28 жастағы коагулограммасында бұзылыстары бар әйелде өт тас ауруы анықталды. Урсодезоксихолий қышқылымен пероралды литолитикалық терапиямен бірге дистанциялық соққы-толқындық литотрипсия жүргізу ұсынылды.

    Препараттың ЕҢ ТИІМДІ тәуліктік мөлшері:

    * 5 мг/(кг.тәу)

    * 10 мг/(кг.тәу)

    * 15 мг/(кг.тәу)

    * 20 мг/(кг.тәу)

    * 25 мг/(кг.тәу)
    ! 26 жастағы оң жақ қабырға астындағы толғақ тәрізді ауру сезімі, диспепсия мен терінің қышуына шағымдары бар науқасқа дуоденалды зондтау жүргізгенде «В» порциясында келесі көлемді-уақыттық көрсеткіштер анықталды: фазаның ұзақтығы - 15 минут, бөлінген өттің көлемі – 20 мл, жасыл түсті, тұтқыр сипатты. Микроскопиялық зерттеуде бауырлық сорғыш анықталды.

    Осы жағдайда төменде келтірілген қай препараттар тобының қайсысын қолдану БАРЫНША ҚАРСЫ көрсетілген:

    * Паразиттерге қарсы препараттар

    * Холецистокинетиктер

    * М-Холинолитиктер

    * Спазмолитиктер

    * Антибиотиктер
    ! Холециститпен зардап шегетін, алкоголь қолдануын жалғастырушы толық әйел адамда күндік үсті аймағында сол жақ қабырға астына берілетін толғақ тәрізді ауру сезімі; құсу; мазь тәрізді тұрақсыз нәжіс; ішінің кебуі пайда бола бастады. Қарап тексергенде: тері жабындылары мен склерасы субиктериялы,оң жақ қабырға асты мен Шоффар аймағында ауру сезімді; бауыры ұлғаймаған. Қан анализінде: лейк-10 мың, ЭТЖ-25 мм/с., жалпы билирубин 80 мкмоль/л, α-амилаза -190 Хб/л.

    Төменде келтірілген қай препараттар тобын тағайындау барынша ТИІМДІ?

    * Панкреатикалық ферменттердің ингибиторлары

    * Гепатопротекторлар

    * Холекинетиктер

    * Пробиотиктер

    * Холеретиктер
    ! 47 жастағы ер адамды майлы және қуырылған тамақтан кейін оң жақ қабырға астында ауру сезімі, жүрек айну, аузында ащы дәм, тұрақсыз нәжіс, бас ауруы мазалаған. Ауру сезімі оң иық пен жауырынға беріледі. Қарап тексергенде: дене қызуы 37ºС. Тілі ақ өңезбен жабылған, ішін пальпациялағанда оң жақ қабырға астында ауру сезімі анықталды. Мюсси-Георгиевский, Ортнер, френикус-симптомдары оң. Қан анализінде: лейк.-11 мың, нейтрофилдер-86%, ЭТЖ-25 мм/с.

    Төменде келтірілген қай препараттарты тағайындау барынша ТИІМДІ?

    * Креон

    * Карсил

    * Аллохол

    * Эссенциале

    * Ампициллин
    ! 39 жастағы семіздікпен зардап шегетін пойыз жолсерігі оң жақ қабырға астындағы ауру сезімі мен ауырлық сезіміне, аузындағы ащы дәмге, жүрек айнуға, метеоризмге шағымданады. Қарап тексергенде: іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында ауру сезімі анықталды, бауыры ұлғаймаған. УДЗ: өт қабы өлшемдері 8,0 х 5,0 см, қабырғасының қалыңдығы 0,3 см; сынамалық «таңғы астан» 20 мин кейін 25%, 2 сағаттан кейін 30% жиырылды. Гемограммада: лейк- 8 мың, ЭТЖ-14 мм/сағ.

    Төменде келтірілген қай препараттар тобын тағайындау барынша ТИІМДІ?

    *Кең спектрлі антибиотиктер

    * Ферменттік препараттар

    * Миоспазмолитиктер

    * Холекинетиктер

    * Холеретиктер
    ! 20 жастағы жігіт оң қабырға астындағы толғақ тәрізді ауру сезіміне, кекіруге, аузындағы ащы дәмге, тұрақсыз нәжіске, кезеңді дене қызуының жоғарлауы мен сарғаюға, терінің қышуына шағымданады. Қарап тексергенде: іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты ауру сезімді. УДЗ: бауыр құрылымы біртекті, өт жолдары мен холедох өзгермеген, өт қабы 5,0 х 3,5 см, қабырғасының қалыңдығы 0,6 см; өт айдаушы таңғы ас қабылдағаннан 15 мин өткен соң 75%, 2 сағаттан кейін 90% жиырылды.

    Төменде келтірілген қай препаратты тағайындау барынша ТИІМДІ?

    * айналмалы сипатта.

    * Домперидон

    * Холензим

    * Аллохол

    * Креон
    ! Бауыр циррозымен зардап шегетін 52 жасар ер адам терісінің қышынуы мен әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: тері жабындылары сарғайған,тырнақ іздері бар. Қан анализінде- билирубин 60 мкмоль/л, тура фракциясы – 52 мкмоль/л, АСТ- 30 Бірл, АЛТ-25 Бірл, сілтілі фосфатаза-200 МЕ/л, холестерин-8 ммоль/л.

    Клиникалық көріністе төменде көрсетілген синдромдардың қайсысы басымырақ?

    * Холестаздық

    * Астеновегетативті

    * Бауырлық энцефалопатия

    * Бауырдың мезенхимальды қабынуы

    * Бауыр-жасушалық жетіспеушілік
    ! 44 жасар әйел адам әрдайым жүрек айнуына, ауызына ащы дәм келуіне, жиі мұрнының қанауына,арықтауға және етеккірінің болмауына шағымданады.Қарап тексергенде:тері жабындылары мен шырышты қабықтары сарғайған,мойын аймағында телеангиоэктазиялар;пальмарлы эритема, гепатоспленомегалия. Білегі мен балтырында петехиялар.Бауыр УДЗ кезінде фиброз белгілері анықталады. Қан анализінде: жалпы белок- 50 г/л., билирубин- 86 мкмоль/л, фибриноген - 2 г/л,

    протромбин - 1,1 мкмоль/л, протромбиндік уақыт -50%.

    Клиникалық көріністе төменде көрсетілген синдромдардың қайсысы басымырақ?

    * Диспепсиялық

    * Холестаздық

    * Бауырлық энцефалопатия

    * Бауырдың мезенхимальды қабынуы

    * Бауыр-жасушалық жетіспеушілік
    ! 48- жасар әйел адам ауыр жағдайда жалпы әлсіздікке,қан ұйындыларымен құсуға,бас айналуға шағымданып түсті. Қарап тексергенде: арық, тері жабындылары мен шырышты қабықтары сарғыш,мойын және кеуде аймағында тамырлық жұлдызшалар,алақанында пальмарлы эритема,тіл емізікшелері тегістелген.Іш көлемі ұлғайған, алдыңғы құрсақ қабырғасының тамырлары ұлғайған,бауыр қабырға доғасынан 5см шығып тұр,беті кедір-бұдыр;көкбауырдың төменгі қыры пальпацияланады.

    Науқаста төменде көрсетілген қай синдромдардың асқынуы басым дамыған?

    * Бауыр-жасушалық жетіспеушілік

    * Мезенхимальды қабыну

    * Портальды гипертензия

    * Холестаздық

    * Энцефалопатия
    ! 62 жасар ер адам оң қабырға доғасында ауырлық сезімге,іш кебуге, терсінің сарғаюы мен қышуына,ішінің ұлғаюына ,енжарлық пен ашушаңдыққа шағымданады.Жағдайы бірнеше айдын ішінде нашарлаған. Қан анализінде тура билирубин есебінен гипербилирубинемия,трансаминаза, γ-глютамилтранспептидаза, сілтілі фосфатазаның маңызды өсуі байқалады.

    Келтірілген диагноздардың қайсысы барынша болуы мүмкін?

    * Ұйқы безі басының рагы

    * Өт – тас ауруы

    * Фатеров емізікшесінң рагы

    * Созылмалы гепатит

    * Бауыр циррозы
    ! 20- жсар әйел адам оң жақ қабырға доғасында тұрақты ауру сезіміне, жүрек айну,кекіру,аузында ащы дәмге,мезгіл-мезгіл терісінің қышуына,сарғаюының күшеюіне шағымданады Қарап тексергенде:оң қабырға доғасының томпаюынан іші ассиметриялық,беткей көктамырлар кеңейген, бауыр проекциясында күмбез тәрізді тығыз консистенциялы құрылым пальпацияланады. Қан анализінде: эозинофил-9%, билирубин – 90 мкмоль/л, АЛТ-72 ед/л, АСТ – 74 ед/л,сілтілі фосфатаза - 290 ед/л. УДЗ:бауыр қақпасы аймағында анық шекарасы және ішінде сұйықтығы бар дөңгелек құрылым анықталады.

    Науқаста қандай патология дамуы ықтимал?

    * Бауыр-жасушалық аденокарцинома

    * Ірі түйінді бауыр циррозы

    * Бауырдың эхинококты кистасы

    * Өт қапшығының шемені

    * Бауыр гемангиомасы
    ! 68 жасар ер адам бас айналуға, «кофе қайнатпасы» түстес құсуға, қара түсті сұйық нәжіске, әлсіздік, ентігуге шағымданып түсті.Көптеген жылдар бойы донор болған. Соңғы 3 жылда екі қабырға доғасында да ауырлық сезім, тәбетінің жоғалуы, дисфагия, арықтау, ішінің ұлғаюы, ұйқысының бұзылуы мазалайды. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр,тері жабындылары боз,склерасы сарғыш,аяқ-қолдары арық, іші «бақа » тәріздес.

    Дамыған жағдай төменде келтірілген аурулардың қайсысының басым асқынуы болып табылады?

    * Асқазан жарасы

    * Өңеш ісігі

    * Бауыр циррозы

    * Маллори-Вейс синдромы

    * Гепатоцеллюлярлы карцинома
    ! Бауыр циррозымен зардап шегетін 53жасар ер адамда қабырға доғасында ауру сезім ұлғайды,сарғаюы күшейіп жатыр,аяқтарында айқын ісіну пайда болды.Соңғы 4 айда 12 кг арықтап кеткен. Бауыр пальпациялағанда: ірі кедір-бұдырлы, тас тәрізді тығыздалған. Қан анализінде: эритр.-2,6 млн., Нв-72г/л, тромбоцит -156 мың., жалпы белок- 45 г/л, γ-глютамилтранспептидаза - 237 ед/л, α-фетопротеин-90 мкг/л.УДЗ кезінде бауырдың квадратты бөлігінің проекциясында көлемді құрылым анықталды.

    Төменде келтірілген аурулардың қайсысы науқаста дамыған?

    * Ішкі ағзалрдан ісіктің метастазы

    * Гепато-целлюлярлы карцинома

    * Гемохроматоз

    *Эхинококкоз

    * Гемангиома

    ! 53 жасар ер адам, лоқсуға, тәбеттің жоғалуына, құсуға, іштің кебуіне, бас ауруына, ұйқының бұзылысына, артралгияға шағымданады. Соңғы кезде іш қатулар қосылған,нәтижесінде дефекация кезінде тік ішектен қан кетулер пайда болған. Объ-ті:терісі мен шырыштары сарғайған,,тілі лакталған,шектелген асцит, бауырдың тығыз ұшталған бөлімі пальпацияланады. Қанда: билирубин 74 мкмоль\л,тимол сынамасы 12 бір,лактатдегидрогеназа мен трасаминазалардың жоғарылауы.

    Аталған препараттардың қайсысын тағайындаған жөн?

    * Активтелген көмір

    * Сенадексин

    * Бисакодил

    * Лактулоза

    * Линекс

    ! 38 жасар әйел,терісі мен шырышты қабаттары сарғайған, терісі қышиды, ксантоматоз. Анамнезінде қан құю өткізген, босану кезіндегі қан кетуге байланысты. Объ-ті: терісі құрғақ, тырнақ іздері бар,пиодермия; іш перденің алдыңғы қабырғасындағы тамырлардың кеңеюі,шектелген асцит. Қанда: глобулин – 50%, билирубин-95 мкмоль\л, АЛТ -68 бір\л, АСТ – 65 бір\л,лактатдегидрогеназа -300 бір\л, IgM, анти-HCV, IgG.

    Басқа препараттармен бірге науқас рибавирин қосқан.

    Қандай препаратпен қосып тағайындауға болады?

    * Карсил

    * Эссенциале

    * Ацикловир

    * Преднизолон

    * Интерферон альфа -2
    ! 44 жасар әйел, майлы етті тамақтан кейін бірнеше тәулік ішінде бас ауру сезімі,ұйқының жоғалуы мазалаған; лоқсу,құсу және іштің кебуі; аяғындағы ісіктер; ОБъ-ті: адекватсыз, сыртқы ортада ориентациясы бұзылған,қозғыш; қолдарының треморы,терісі кір-сары түстес тырнақ іздерімен, іш перденің алдыңғы қабырғасындағы тамырлардың кеңеюі,шектелген асцит,аяқтарында санына дейін ісіктері бар.

    Қай препарат қарсы көрсетілген?

    * Осмотикалық диуретиктер

    * Кристаллоидты ерітінділер

    * Ілмектік диуретиктер

    * Аминогликазидтер

    * Ұйықтатқыш препараттар
    ! 45 жасар ер адам,бауыр циррозымен ауырады,ішінің ұлғайғанына,екі жақты қабырға астындағы ауру сезіміне,аяқтарында ісіктердің пайда болуына шағымданады. Науқасқа төсектік режим, ас тұзын шектелген емдәм тағайындалды, сұйықтық мөлшерін шектеу 1000 мл тәулігіне дейін, диурездің бақылауында. 3 күндік терапияның эффективтілігі болмағандықтан коррекция тағайындалды.

    Аталған препараттардың қайсысын тағайындаған жөн?

    * Лазикс

    * Урегит

    * Фуросемид

    * Гипотиазид

    * Верошпирон
    ! 52 жастағы ер адам алкогjль қолданғаннан кейін қатты бастың ауруына, қозуға,бұлшықеттерінің тартылуына, тырысуларға шағымданады. Объ-ті: жүдеген, ауыздан жағымсыз иістің шығуы, терісі лас-сарғыш түстес, телеангиоэктазиялар,күштемелі асцит,аяқтарында петехиялар. Қанда: жалпы белок -43 г\л, холестерин – 1,0 ммоль\л,глюкоза – 105 ммоль\л, билирубин – 225 ммоль\л, мочевина 19 ммоль\л.

    Қай препарат қарсы көрсетілген?

    * Каллоидты ерітінділер

    * Ілмектік диуретиктер

    * Альбумин ерітіндісі

    * Транквилизаторлар

    * Осмодиуретиктер

    ! Алькогльді циррозбен ауыратын 37 жасар ер адамда емдәмді бұзғаннан кейін психоматорлы қозу пайда болды. Объ-ті: науқас адекватсыз, бұлшықет тонусы жоғарылаған; терісі сарғыш тырнақ іздерімен, бауыр мен көкбауыр ұлғайған. Қанда: Билирубин – 145 мкмоль\л, тимол сынамасы -13 бір, глюкоза – 105 ммоль\л. Мочевина -11 ммоль\л.

    Қозуды басу үшін қай препарат ең тиімді?

    * Галоперидол

    * Дроперидол

    * Новопассит

    * Димедрол

    * Аминазин
    ! 28 жастағы ер адам, балықшы, іштің ұстама тәрізді ауыру сезіміне, куніне бірнеше рет тұрақсыз нәжіске, салмағының азаюына, кушейетін әлсіздікке шағымданады. Кейде нәжісте кеспе тәрізді ак қосындылар және қан анықталады. Кей кезде тері қышуы мазалайды. Об-ті: тері және шырыштары сары реңкі боз, уртикарлы бөртпелермен қасығанның іздері, балтыр-табан буындары аймагында ісінулер анықталады. Іші жүмсак, кіндік аймағында ауыру сезімді. Қанда: эритроциттер- 2,8 млн., Нв-78 г/л, ТК-1.2

    Науқаста БАРЫНША мүмкін болатын ауру:

    * Дифиллоботриоз

    * Сальмонеллез

    * Описторхоз

    * Дизентерия

    * Спру
    ! 19 жастағы ер адам балалық шағынан бері сиыр сүтін котере алмайды, іштің ұстама тәрізді ауыру сезімге, жағымсіз қышкыл иісті және копіршікті көп мөлшердегі нәжіске, айқын метеоризмге шағымданады. Жағдайынын нашарлауы майлы сут өнімдерін қабылдаған соң 1,5- 2 сағаттан кейін пайда болады, сол себебтен сүтті ішпей жүреді.

    Төменде көрсетілген қандай фактордың жетіспеуі БАРЫНША тән?

    * Панкреатикалык липазаның

    * Энтерокиназаның

    * Трипсиннің

    * Пепсиннің

    * Лактазаның
    ! 17 жасар қызда балалық кезіннен іштің ұстама тәрізді ауыру сезімі, куніне 10 ретке дейін ақшыл копіршікті сылақ тәрізді жағымсыз иісті нәжіс, метеоризм байқалады. Жағдайы әсіресе ұнды тағам жеген соң нашарлайды. Қараганда: арық, ауыз ұштарында жарықтар-«ауыздықтар», терісі құрғақ, тырнактары бұлынғыр, терінің ашық аймақтарының гиперпигментациясы; кіндік аймағында ауыру сезім және құрыл-шұрыл анықталады. Қанда: эритроциттер- 3,2 млн., Нв-100 г/л; ТК-0,75. Копрология : стеаторея, креаторея, нейтралды майлар, крахмал дәндері.

    Көрсетілген диагноздардың қайсысы осыган БАРЫНША сай?

    * Созылмалы панкреатит

    * Созылмалы гастрит

    * Крон ауруы

    * Дисбактериоз

    * Целиакия


    ! 55 жастағы әйелде жүргізілген зерттеулер мен антибиотикотерапияға қарамай, буындағы ауыру сезімі, күніне 10 ретке дейінгі сұйық нәжіс, арықтау байқалуда. Қарағанда: ангулярлы стоматит, терінің құрғауы, лимфатуйіндерінің барлық тобының ұлгаюы, аяқтардың ісінуі. Қанда: микроцитарлы анемия, гипопротеинемия, электролиттердің төмендеуі. Буындар, лимфатуйіндер, ащы ішек биоптатын гистологиялык зерттеуінде копіршікті цитоплазмамен макрофагтардың және оі Шик-реакциясы анықталды.

    Келтірілген диагноздардың қайсысы осыган БАРЫНША САЙ?

    * Эозинофильді энтерит

    * Уиппл ауруы

    * Крон ауруы

    * Дисбактериоз

    * Целиакия
    ! Артритпен стационарда ем алып журген 55 жастағы әйелде жиі суйык нәжіс, бастың айналуы, журек қағу, әлсіздік, адинамия пайда болды. Тексергенде: тері және шырыштары боз; тілі құргак, іші аздап кернелген және ауыру сезімді. ЖСЖ – 100 рет мин, АҚ 90/60 мм.с.б. Нәжісі ботқа тәрізді, көп мөшерде қан бар.

    Науқаста келесі патологиялардың ҚАЙСЫСЫ дамыды?

    * Крон ауруы

    * Медикоментті панкреатит

    * Бейспецификалық жаралы колит

    * Қабынуға қарсы препараттар фонындагы гастропатия

    * Қабынуға қарсы препараттар фонындагы энтеропатия
    ! 30 жастагы әйел арықтау үшін препаратты ұзак уақыт қабылдағаннан соң жүрек айну, тәулігіне 3 ретке дейін өткір иісті қою-қоңыр түсті көп мөлшерде сүйық нәжіс, нақты локализациясы жоқ іштегі ұстама тәрізді ауыру сезім, әлсіздік, субфебрилитет пайда болды. Жағдайы майлы және ақуызды тағам ішкен соң нашарлайды. Копрология: реакциясы сілтілі, көп мөлшерде қорытылмаған тағам қалдықтары, эмульгацияланған майлар, креаторея.

    Наукаста кандай патология ДАМЫДЫ?

    * Холецистит

    * Панкреатит

    * Дуоденит
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


    написать администратору сайта