Главная страница
Навигация по странице:

  • 7. Күш жүйесінің бас векторы

  • 8.Күштер жүйесінің бас моменті

  • 12. Шоғырланатын (жинақты) күштер жүйесінің нөлге эквивалентті болу шарты

  • механика. термех сұрақ-жауаптар сессия. Статика бос жне бос емес дене. Байланыстар жне оларды реакциялары. Жиі кездесетін байланыстар трлері. Босату принципі


    Скачать 3.87 Mb.
    НазваниеСтатика бос жне бос емес дене. Байланыстар жне оларды реакциялары. Жиі кездесетін байланыстар трлері. Босату принципі
    Анкормеханика
    Дата21.11.2019
    Размер3.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатермех сұрақ-жауаптар сессия.docx
    ТипДокументы
    #96371
    страница3 из 22
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

    Күштің оське қатысты моментін анықтау ережесі



    Оң бұрғы ережесі

    1.Берілген оське перпендикуляр болатын кез-келген жазықтыққа күшті проекциялайды

    2.Осьтің жазықтықпен қиылысу нүктесінен күш проекциясы сызығына дейінгі ең қысқа ара қашықтықты анықтайды (күштің оське қатысты иіні h) 3.Күш моменті модулін төмендегі формуламен анықтайды

    Mz = rFxy

    4. Оң бұрғы ережесі бойынша момент таңбасын анықтайды.
    7. Күш жүйесінің бас векторы

    Күш жүйесінің бас векторы - жүйеге кіретін барлық күштердің векторлық қосындысына тең вектор.

    мұндағы R’ – күштің кез келген жазық жүйесінің бас векторы
    8.Күштер жүйесінің бас моменті

    Күш жүйесінің бас моменті - берілген нүктеге қатысты жүйедегі барлық күштер моментінің геометриялық косындысына тен вектор.

    мұндағы М0 – күштер жүйесінің келтіру центріне қатысты бас моменті
    11. Параллель күштер жүйесінің нөлге эквивалентті болу шарты

    Қатты денеге бір жазықтықта жататын параллель күштер жүйесі әсер ететін болса, оның тепе-теңдік теңдеулерін күштердің кез келген жазық жүйесінің тепе-теңдік теңдеулерінен алуға болады. Ол үшін координаталар осьтерінің бірін, мысалы Оу осін күштерге параллель бағыттаймыз (6.6-сурет).

    Онда (6.11) тепе-теңдік теңдеулерінің бірінші теңдеуі 0=0 түріндегі тепе-теңдікке айналады.



    Соның нәтижесінде параллель күштер жүйесінің тепе-теңдік теңдеулерін былай жазуға болады:

    (6.15)

    Сонымен бір жазықтықта жататын параллель күштер жүйесі тепе-теңдікте болу үшін осы күштерге параллель жүргізілген оське берілген күштердің проекцияларының алгебралық қосындысы мен күштер жүйесінің әсер ету жазықтығында алынған кез келген нүктеге қатысты моменттерінің алгебралық қосындысы нөлге тең болуы қажет және жеткілікті.

    Параллель күштер жүйесінің тепе-теңдік теңдеулерін (6.12 - ) теңдеулерге сәйкес былай жазуға болады:



    Мұнда А және В нүктелері күштерге параллель түзудің бойында жатпаулары керек.

    Сонымен параллель күштердің жазық жүйесі тепе-теңдікте болу үшін барлық күштердің осы күштер жүйесінің әсер ету жазықтығында алынған күштерге параллель түзудің бойында жатпайтын кез келген А және В нүктелеріне қатысты моменттерінің алгебралық қосындысы нөлге тең болуы қажет және жеткілікті.
    12. Шоғырланатын (жинақты) күштер жүйесінің нөлге эквивалентті болу шарты

    Егер күш түскен ауданның мөлшері дененің, бөлшектің немесе констукцияның жалпы ауданымен салыстырғанда өте кіші болса және ол ауданның мөлшерінің кішілігіне байланысты оны есепке алмаса, онда ол шоғырланған күш болып табылады.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


    написать администратору сайта