КТИЦ КАЗ. Тахипноэ, тахикардия
Скачать 444.61 Kb.
|
Қандай тактика БАРЫНША тиімді? 48 жастағы ер адам дәрігердің қабылдауына келді. Күйзелістен кейін, 4 сағат бұрын жіті бас ауруы күшейіп, құлағында шу пайда болды. Қарап тексергенде: беті гиперемияланған,ошақтық неврологиялық симптомдар жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс. АҚҚ 160/100 мм.с.б., жүрек тондары анық,ритімді.ЖСЖ-70 рет мин. Аортада 2 тонгың акценті. Жедел көмек көрсетуде қандай препаратты тағайындау БАРЫНША маңызы ? Әйел адам 33 жаста, массивті ісінуге шағымданып келді. Науқастың сөзі бойынша 1 апта ауырады, ЖРА (ОРЗ) ауырғаннан кейін өршумен ісінулер пайда болды, диурез төмендеді. Anti-HCV IgM, IgG – теріс, ПЦР HCV РНК – оң. РФ – оң, АНА - теріс. Зәрде: тәуліктік протеинурия 5 г күніне, қанда: жалпы белок 52 г/л, альбумин – 23 г/л, холестерин 7,5ммоль/л. Қандай болжам диагноз БАРЫНША дұрыс? 61 жастағы еркек 3 апта бойы шаршағыштық, диарея және іштің толғақ тәрізді ауырсынуына шағымданып келді. Ауырсыну тамақ ішкеннен кейін күшейеді. Алдыңғы аптада ішінде күнделікті су тәрізді нәжіс болған. Сонымен қатар қызылиек және ауыз қуысында 6 күн бойы ауырсыну мазалауда. Левотироксин, метопролол, варфарин қабылдайды. 40 жыл бойы күніне 1 қорап темекі шегеді. Дене т 37, 9 ОС, PS 81/мин, АҚ 120/75 мм.с.б. Іштің оң жақ төменгі квадрантында пальпация кезінде жеңіл ауырсыну байқалады. ЖҚА: HB 115 г/л, лейкоциттер - 11.8 х 109 \ л, тромбоциттер - 360. Колоноскопияда-казеозды емес гранулемалар және крипттің нейтрофильді қабынуы. Қандай диагноз ең ықтимал? 52 жастағы еркек 3 айда 3.6 кг салмақ түсуіне, шаршағыштыққа шағымданып келді. 6 жыл бұрын Г гепатит диагнозы қойылған. Әкесі тоқ ішектің ісігінен қайтыс болған. 35 жыл бойы күніне 1 қорап темекі шеккен және сыра ішкен. Бұрын героин қолданған. Бойы 175 см, салмағы 71 кг, ДСИ=22.9 кг/м2. Склералары сарғайған, алақанның екі жағынан да қызаруы, төсі мен арқасында бірнеше телеангиоэктазиялар. Бауыры тығыз, түйінді консистенциясы. ЖҚА: Hb 116 г / л, лейкоциттер - 9, 6х109\л, тромбоциттер - 223. Науқасты ары қарай бағалауда қандай нәтиже күтуге болады? 1 жастағы бала. Түскен кездегі анасының шағымдары ентігу, енжарлық, тәбеттің бұзылуы, ұйқышылдық. Температурасы 39.1гр. Рентгенограммада оң жақ өкпенің төменгі медиальді аймағында ошақты жайылмалы инфильтрация. Цефтриаксон жасағаннан бері үш күнде температурасы жоғарыламаған. Ұйқысы қалпына келді, тәбеті ашылды, қимылдай бастады. Сіздің ары қарайғы іс әрекетіңіз Бала 6 жаста, 2 ТЕ-мен туберкулинді Манту сынамасын жасады, нәитжесі - папула өлшемі 15 мм, Диаскинтест оң. Толық текеріп болған соң «Гиперергиялық реакция» диағнозы қойылды. Бала жиі суық тиумен және бронхитмен ауырады. Сіздің БАРЫНША бағытталған тактакаңыз? 14 жастағы қыз эпигастрий аймағында, сол жаққа қарай ауыруы, ауыру сезімінің арқасына берілуі. Ауыру сезімі тамақтан, әсіресі көп жегеннен, майлы, ашы тамақтан соң пайда болады. Сонымен қатар гамбургер жегенде пайда болады. Симптомдар 6 ай бойы байқалады. Артық салмағы болған соң андасанда түк тамақ ішпейтін күндер болады. Сол күндері аш қарынға және тек су ішкенде ауыру сезімі жоғалады. Үлкен дәреті тұрақсыз, жиірек сұйықтау. Диагнозды дәлелдейтін БАРЫНША мәлметті көрсеткіш: 14 жастағы ер бала олимпиялық резерв мектебінде оқиды. Шағымдары: әлсіздік, басы айналуы, тәбетінің төмендеуі. Үйреншікті спортық жүктемелерді көтере алмай бастады. Әлсіздікті және шаршағыштықты ет тағамдарын жегісі келмейді деп түсіндіреді. Қарау кезінде терісі, алақандары және шырыш қабаттары бозғылт. Тілі бозғылт, бүртіктері тегістелген. Тынысы везикулярлы, систолалық шу жүрек ұшында, ЖЖ 92 минутында, АҚ 100/60 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырады, бауыры +1 смқабырға доғасының астынан. ЖҚА: эритроциты 3,58х1012/л, HB 89 г/л, Ht 30 %, ЭТЖ 28 мм/сағ. Жағдайдың себебін анықтауда қандай зерттеу БАРЫНША мәлметті? Ер бала 19 жаста, дәрігерге мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюына, ауырсынуына, дене температурасының 38оС дейін жоғарлауына, әлсіздікке шағымданып келді. Қарап тексергенде лимфа түйіндерінің бетіндегі тері жабындысы гиперемияланған. Пальпациялағанда лимфа түйіндері эластикалы, қозғалмалы,бір бірімен жабыспаған, ауру сезімімен.Кеуде қуысының рентгенограммасында түбірінде петрификаттар. Төменде аталған қандай зерттеу әдісі БАРЫНША мәлметті ? Сізде қабылдауды 3 күндік бала. Анасы баланы жөргектегенде жылауына шағымданады. Бала оң бұғанасын пальпациялағанда және оң иық буынын қозғалтқанда мазасызданады. Қандай емдеу тактика БАРЫНША тиімді? 37 жастағы әйел. Білек буындарының ісінуі мен ауыру сезіміне, қолында болатын әлсіздік пен қатты ауыру сезіміне, саусақтарын қыса алмау және затты ұстап тұра алмауға, кешкі уақытта болатын субфебрилитетке, тізе буындарындағы сыздап ауыру сезіміне шағымданады. Хирургтың буын ішіне дипроспан салуы бірден дерлік ауыру сезімін жеңілдетті. Келесі күні әйелдің буыны қатты ісініп, қызарған. Дене температурасы көтеріліп, маза бермейтін ауыру сезімі пайда болған. Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін? Дәрігердің қабылдауында 9 айлық бала. Емшек сүтін емеді. Объективті түрде: бұлшықет тонусы төмендеген, еңбектемейді, іші ұлғайған, отырғанда кеуде омыртқа бағанасында айқын кифоз. Макроцефалия, үлкен еңбегі 2х2 см, шүйдесі жалпақ, шашы түскен, маңдай мен төбе бұдырлары. Рахит таспиқтері және гаррисон жырасы. Дене массасы 9200 г. Дене дамуы мен психомотрлық дамуы жасына сай. Дәрігер ем тағайындады. Баладағы гиповитаминозды емдеу үшін холекальцеферол (вит Д3) дозасын таңдап беріңіз: Балаға 2 жас. Анасының шағымдары – тәбетінің төмендеуі, енжар, жылауық, балармен ойнағысы келмейді. Объективті түрде: баланың қараторлығынан терісінің қаншалықты бозарғанын анықтау қиын. Көзге түскені алақандарының ағаруы. Терісі құрғақтау, екі езуінде суланған сызық жара, бұлшықет тонусы, тіндердің шымырлығы сәл төмендеген. Өкпедегі тынысы қатаңдау, ТЖ 40/ мин. Жүрек тондары әлсіреген, жүрек ұшында және V нүктеде систолалық шу. Сұрастыру барысында баланың көмір, шікі ет фаршын, газет қағазын жеуге қумарлығы анықталды. ЖҚА – эритроцит 4,1х1012/л, гемоглобин 112 г/л, ТК- 0,7.Қандай зерттеу тағайындау керек? Әйел адам 52 жаста. Әлсіздікке, шаршағыштыққа, буындарындағы ауру сезіміне, кейде аллергия деп есептейтін бөрітпелердің шығуына, іш қатуға шағымданады. Бұл шағымдар 2 жыл бұрын, менопауза фонында салмағының жоғарылауы кезінде пайда болды (ДСИ – 32). Сол кезеңде тексеру кезінде анықталды: билирубин – 54 ммоль/л, АЛТ – 67 МЕ/мл, АСТ – 44 МЕ/мл. Анамнезінде – 3 жүктілік, 2 босану, 1 медаборт. Гепатитке скрининг жасалды: HBs-Ag теріс, anti HCV total – теріс.Билирубин – 27 ммоль/л, АЛТ – 124 МЕ, АСТ – 88 МЕ. Диагностикадағы келесі қадам қандай? 25 жасар әйел аяқтарының жансыздануына және әлсіздігіне, жүрісінің шайқалуына, 3 күнге созылған жиі зәр жіберуге шағымданады. Стресстен кейін аяғында жансыздану болып 3аптаға созылып кейін өзі жазылған. Бір жылдан кейін аяғында әлсіздік , жүрісінде шайқалу болып гормональды терапиямен емделген. Екі жылдан кейін аяқтарында қайта ауру пайда болып, жамбас мүшелерінде бұзылыстар мен императивтік шақырулар болған. Қарау барысында: горизонтальды нистагм, төменгі спастикалық парез, мишықтық атаксия, зәр шығаруда императивтік шақырулар болған. МРТ-да: ақ шарда көптеген демиелиназацияланған гиперинтенсивті ошақтар байқалған. Төмендегі диагоздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін болып табылады? Әйел 69 жаста. Емханаға барып келгеннен кейін бірнеше сағаттан кейін селсоқтық, лихорадка, мұрнының бітуі, көзінен жас ағу, жөтел, бүткіл денесінің ауруы пайда болды. Науқас ӨСОА бойынша тіркеуде тұрады. Басталған аурудың асқынунын алдын алы үшін қандай препаратты тағайындау маңызды ? 62 жастағы ер кісіде АҚҚ 175-190/95-110 мм.с.б дейін жоғарлайтыны анықталды.Ем қабылдауы тұрақсыз.Дене салмағы -100 кг, бойы- 165см., бел өлшемі-105см. Объективті: жүректің сол жақ шекарасы 5 қабырға аралықта сол жақ бұғана ортаңғы сызығынан 1 см солға. ЭКГ: ритмі синусты, Соколов-Лайон индексі – 40мм. МАУ – 300 мг/тәулігіне. Ұйқы артериясының интима-медиа кешені - 1мм. Алдағы 10 жылда кардио-васкулярлы катастрофаның даму жиілігі қандай ? 56 жастағы ер кісі ауа райы өзгергенде және жұмыс күнінің соңында жиі бас ауыратынына шағымданды. 7 жыл бұрын артериальды гипертензия анықталған. 2 жыл бұрын ишемиялық инсульт алған, 20 жылдан бері күніне бір қораптан шылым шегеді.Қарп тексергенде жүрек тондары анық,аортада 2 тонның акценті. АҚҚ 165/100 мм.с.б. Жүректің сол жақ шекарасы 1 см сыртқа ығысқан. ЭхоКГ: сол қарынша миокардының индекс массасы 140 г/м2, ұйқы артериясының УДДГ:интима-медиа комплексі-1,1 мм, ұйқы артериясының бифуркациясы -1,5 мм. Емдеу тактикаңыз? 53 жастағы әйел физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, жүрегінің қағуына шағымданады. 20 жылдан аса уықыт бронхиальды патологиямен зардап шегеді, жылдың суық мезгілінде 2-3 ретке дейін өршу болады. Об-но:саусақтары «барабан таяқшасы» тәрізді, кеуде торы бошке тәрізді. Аускультацияда өкпенің барлық алаңында құрғақ ысқырықты сырылдар, тыныс шығару ұзарған. ТЖ 26 рет мин. Спирография сипаттамасы: ФДШК1 (ОФВ1) 68 % ; ФДШК1 (ОФВ1) /ФӨӨС (ФЖЕЛ) 95%.Күз-қыс мерзімінде негізгі аурудың асқынунын алдын алуда науқасты жүргізуде қандай тактика маңызды? Ер адам 36жаста. Құрылысшы,жұмысы ашық ауада,күннің астында өтеді. Профилактикалық қарауда дәрігер невусқа (фото) көңіл аударды.Науқастың айтуы бойынша соңғы айлары қалдың өлшемі ұлғайа бастаған. Ары қарай қандай тактика БАРЫНША бағытталған? 47 жастағы еркек адам көп қозғалып, психикалық қозудан кейін кенеттен есінен танды. Объ-ті: терісі ылғалды, инъекция iздерi бар. Бетінің бұлшық еттерінің жиырылуы, қарашығының кеңейюі анықталады.ТЖ-32 рет.Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді? 30 жастағы әйел қырысулар және алақан саусақтарының ауыру сезімі, дене қызуының 37,8° дейін жоғарлауы, 2 кг дене салмағының азаюына, кеуденің оң бөлігінде ауыру сезіміне шағымданады. Бетінде макулезді бөртпе, алопеция және ауыз қуысында афтылар пайда болды. Алақанның Рграфиясы: буын айналасында остеопорозы, жұмсақ тіндерінің ісінуі. Кеуде ағзаларының Рграфиясы: оң жақтан сұйықтық анықталады. ЖҚА: нормохромды анемия, лимфопения, ЭТЖ – 28 мм/с. ЖЗА: белок – 0,88 г/л, эритроциттер – 4-5 көру аймағында. СРБ +, РФ–теріс, АНА – оң. Осы ауруға қандай антиденелер барынша тән? Перзентханада ұл бала 2100,0 гр салмақпен туылды. Өмірінің 2-ші күні терісі аздап сарғайды, біртіндеп сарғаю күшейді. Қарап тексергенде: гепатомегалия, терісінде петехиальды бөртпелер анықталады. Анализінде: ауыз қуысының шырышты қабатынан алынған жағындыда ядро мен цитоплазмада клетка ішілік қосындылары бар гигантты көп ядролы клеткалар анықталды. Қандай болжам диагноз БАРЫНША болуы мүмкін? 6 айлық бала, жұқпалы аурулар ауруханасына ұйқышылдыққа, тәбеттің төмендеуіне, су ішуден бас тартуға, дене қызуының 39,8С жоғарылауына анасы шағымданып түсті. 3 күн бойы ауыратыны анамнезінен белгілі. Қарап тексергенде: тыныс алуы қиындаған, минутына 68 рет дем алады, кеуде қуысының тартылуы анықталады. БАБЖ (ИВБДВ) бағдарламасы бойынша дәрігердің дұрыс тактикасы; Науқасқа құрсақ қолқасының және бүйрек артериясының зақымдануымен спецификалық емес аортоартерииті диагнозы қойылды. Кортикостероидтарды тағайындау қажет.Осы жағдайда дәрігер жағынан кортикостероидтардың қандай жанама әсеріне барынша көніл бөлуі керек? 10 жастағы ұл бала сол жақ тізе буыны ауыруы, ісуі, қозғалысының айқын шектелуі, аяқ терісінде көгерулер пайда болғандығына шағымданады. Анасы баласының соңғы айда қызыл иегі көп қанауын, мұрын қанауын байқады. Анамнезінен: әкесі мен тәтесінде жоғары қанағыштық. Қарауда: тері астылық аймаққа «көгерулер» типтес қан құйылулар, сол жақ тізе буыны көлемі үлкейген, оның үстіндегі терісі қызарған және ұстағанда ыстық. ЖҚА: Hb – 100г/л, лейкоцит – 4,6х109/л, тромбоцит – 177х109 /л, ЭТЖ – 25 мм/сағ; ЖЗА – гематурия; Коагулограмма: АЧТВ – 60 сек, ТВ – 15 сек, фибриноген – 3 г/л, ристоцетин-кофакторлық белсенділік – қалыпты; РФ – 7 ХБ/мл, СРБ – 22 мг/мл. Тізе буындары рентгені (фото). Диагнозды верификациялау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізген барынша тиімді? Балаға 1,5 жас. Анасының шағымдары: тәбеті төмен, енжар, жылауық, балалармен ойнағысы келмейді. . Объективті түрде: баланың қараторлығынан терісінің қаншалықты бозарғанын анықтау қиын. Көзге түскені алақандарының ағаруы. Терісі құрғақтау, екі езуінде суланған сызық жара, бұлшықет тонусы, тіндердің шымырлығы сәл төмендеген. Өкпедегі тынысы қатаңдау, ТЖ 40/ мин. Жүрек тондары әлсіреген, жүрек ұшында және V нүктеде систолалық шу. Энурез. Сұрастыру барысында баланың көмір, шікі ет фаршын, газет қағазын жеуге қумарлығы анықталды. ЖҚА – эритроцит 4,1х1012/л, гемоглобин 112 г/л, ТК- 0,7. Элементарлы темір дозасының қажеттілігі қандай болу керек: 5 жастағы бала беті мен денесіндегі бөртпелер, 39,5º дейінгі дене қызуы, оң жақ шынтақ буыны ауыруы мен ісуіне шағымданады. Анамнезінен: анасының айтуынша кеше бетінде бөртпелер пайда болып, кешке қарай денесіне тарала бастаған. Бала балабақшаға бір айдан артық барады, алты айынан вакцинациялар жасалмаған. Объективті: барлық денесінде қызғылт-қызыл дақты-папулезді бөртпе, оң жақ шынтақ буыны артриті. Мойын арты және шүйделік лимфа түйіндері пальпацияланады. Қан анализі: Hb - 121 г/л, лейкоцит - 10х109 /л, ЭТЖ - 20 мм/сағ, СРБ– 8 мг/мл, АСЛ-О - 1:100 ХБ/л, РФ – 5 ХБ/мл. Аурудың пайда болуының барынша мүмкін этиологиялық факторын анықтаңыз: 3 айлық бала ауыр жағдаймен ауруханаға түседі. Тыныштықта енігу, периоралды цианоз. ТЖ 84 минутына, тынысы шулы, ара-қашықта естіледі. Токсикозбен эксикоз белгілері шамалы, өкпе тұсында – тимпанит, аускультация кезінде дем шығаруы ұзарған, көптеген майда көпіршікті сырылдар. SO2 89 %. ЖҚА - RBC 4,3х1012/л, HB 112 г/л, PLT 210х109/л, 1 WBC 12,1х10х109/л с/ядролық 52%, эозинофил 2%, моноцит 7%, лимфоцит 38%, ЭТЖ 20 мм/сағ. Атап көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫША ықтимал: 8 жастағы бала анасымен дәрігерге 37,8 º дейінгі дене қызуы, айқын қозғалысының шектелуімен сол жақ тобық табан буыны ісуі, айқын әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінен: жиі тұмау және ЖРВИ айына 1-2 рет, бір апта бұрын тонзиллиттен емделген. Кеше дене қызуы мен буын ісуі қайта қайталанды. Объективті: сол жақ тобық табан буыны артриті. Қан анализі: Hb - 120 г/л, лейкоцит- 15х109 /л, ЭТЖ - 32 мм/сағ, СРБ– 42 мг/мл, АСЛ-О - 1:450 ХБ/л, РФ – 10 ХБ/мл. Тобық табан буыны рентгенографиясы – патология анықталмады. Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақтылауға барынша мүмкіндік береді? 12 жастағы қызда оңтүстікте болған кезінде бет, табан ісуі, қол басы майда буындары ауыруы пайда болды. Бұрын ешқандай аурумен ауырмаған. Кеше қызба фонында бас және бел ауыруы пайда болды. Қанында: Hb – 100 г/л, лейкоцит – 3,0х109/л, ЭТЖ – 31 мм/сағ; АНФ - 1:80. Зәр анализінде: белок – 5,3 г/л, эритроцит – 30-40 к/а, лейкоцит – 8-10 к/а. Диагнозды верфикациялау үшін науқасқа төменде көрсетілген зерттеулердің қайсысын жүргізу БАРЫНША маңызды? 12 жастағы бала. Шағымдары: қыжыл, кышқыл мен ауамен кекіру, төс артында ауырсыну. Қыжыл тамақтан соң, еңкейгенде, жатканда және физкультура сабақтан соң күшйеді. Объективті түрде: тілі ақшыл өңезделген, төменгі 2/2 азу тістердің кариесі. Пальпация кезінде ішінің эпигастрий аймағында шамалы ауырсынуы. ЭФГДС – өңештің төменгі үштен бір бөлігінде шырыш қабатының айқын гиперемиясы және борпылдақтығы, бірлі-жарым эрозиялар, зонд тиіскен жерінде (контакттілі) қанағыштығы. Уреазалық тест теріс. Бірінші таңдау препараты: Жаңа туған балаға 10 күн. Анасында шағымдар жоқ. Педиатр қарау кезінде - өкпедегі тыныс әлсіреген, сырыл жоқ. Жүрек тондары ырғақты, тұрпайы систолалық шу бүкіл жүрек аймағында естіледі, punt.max. төстің сол жағы 3-4 қабырға аралығында. Гемодинамика бузылу белгілері жоқ. Қандай диагноз БАРЫНША ықтимал? Мектепте оқуға дайындығын тексеру үшін 6 жастағы ер бала дәрігердің қабылдауына келді. Шағымдар жоқ. Сирек ауырады. Соңғы жылда 3 рет асқынусыз ЖРВИ өткерді. Көрсеткіштердің қайсысы маманның консультациясын қажет етеді: 5 жастағы баласы 3 ай бойы жиі жөтелгеніне, жөтелдің түнде және таңертен мазалайтынына шағымданып, анасы дәрігерге келді. Соңғы кездері дене жүктемесінен кейң (жүгіру, секіру) ентігу, ысқырықты сырылдар пайда болады, демалғаннан соң өздігінен басылады. Осы жағдайдың ықтимал себебі: 11 жастағы бала аулада роликті шаңғымен сырғанап жүгіргенде құлап, екі тізесі мен алақандарын жарақаттап, терісін жырып алды. Анасы топырақпен ластанған жараны ағымды суға шайып травмпунктке жеткізді. 2 жасынан бронхиалды астмамен ауырғаннан бері балаға егулер жасалмаған. Дәрігер қандай шешім қабылдау тиісті: Бала 3 жаста. Ауруы жоғарғы тыныс жолдарының катаралды өзгерістерден, конъюнктивиттен, жөтелден басталды. Температурасы37,80С, интоксикация болымсыз. Қабылдаған ем: ибуфен, небулайзер арқылы натрий хлорид 0,9 % ерітіндісінің ингаляциялары, амоксициллин. Әсері болған жақ. Спастикалық, ұстама тәрізді,кейде құсумен аяқталатын жөтел мазалайды. Қақырығы аз, сарғылт-сұр түсті. Баланың емделуіне қарамастан жөтелі жиіледі әрі күшейді. Қарау кезінде жағдайы орташа ауырлықта, интоксикация және ТЖ болымсыз. Өкпедегі ылғалды ұсақ көпіршікті және құрғақ сырылдар негізінен оң жақта көбірек. Перкуторлық дыбыс өзгермеген. ЖҚА- әлсіз лейкоцит, с/я 62%, ЭТЖ 28 мм/сағ. Ары қарайға сіздің тактикаңыз? Әйел 56 жаста. Ауыр емес жүктемеден кейінгі ентігуге, құрғақ жөтелге шағымданып келді. Ентігу аралас сипатта. 5 жылдан бері СОӨА диагнозымен бақылауда тұрады. 30 жылдан бері күніне 1-1,5 қорап шылым шегеді. Науқас аз қақырықты жөтел ұстамасында қақырықта қан жағындысының болатынын байқаған. Ентігу бұрынғығы қарағанда өрши түскен және тыныс шағару қиындаған. КҚМ Р-граммасында былтырғы ренген-көріністен айырмашылық байқалған жоқ.Қанда - ЭТЖ 54 мм/сағ. Бірінші кезекте қандай зерттеу жүргіза қажет ? Әйел 22 жаста, жақында ғана тұрақты жыныстық қатнаста болатын өмір бастады. Жыныстық қатнас кезінде жағымсыз әсер мен ақшыл аз мөлшерде бөліністің болатынына шағымданып келді. Жыныстық жолмен берілетін ауруларға зерттеу кезінде Chlamydia trachomatis IgM антидене анықталды . Цервикальды каналдан алынған материялды ПЦР жасағанда Chlamydia trachomatis нақтылыды. Оның жыныстық партнерінде - ИФА бойынша Chlamydia trachomatis қарсы антиденеге теріс нәтиже берді. Қандай тактика БАРЫНША тиімді? Әйел 80 жаста. Соңғы алты айда дене салмағы 7 кг арықтаған,етке жеркеніштік пайда болған. Анамнезінде - сазылмалы гастрит. Объективті: тері жабындасы бозғылт, пальпацияда іші жұмсақ. Қанда анемияның 2 сатысы анықталды, ЭТЖ 48 мм/сағ . Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу қажет? Әйел 32 жаста, жүктіліктің 35-36 аптасы."Д" учетта "Созылмалы гломерулонефрит" диагнозымен тұрады.Соңғы аптада бетінде, алақанында ісіну пайда болды. АҚҚ оң қолда 160/100 мм.с.б., сол қолда 150/95 мм.с.б. Лабораторық: жалпы белок 55 г/л, альбумин - 28 г/л креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 10 ммоль/л, холестерин 12 ммоль/л. КФЖ (СКФ)=53 мл/мин. ЖЗА белок 4 г/л, Лейкоцит 5-6 к/а, Эритроцит - 25-30 к/а. Төмедегі аталған жағдайлардың қайсысы БАРЫНША ықтимал ? Әйел 26 жаста, жүктіліктің 27-28аптасы.Қарап тексергенде әлсіз ісіну, саусағының үлкейуіне байланысты,сақинасын шешіп қойған. АҚҚ сол қолда 150/80 мм с.б. оң қолда 135/ 75 мм с.б. ЖЗА: белок 0,33 г/л, лейкоцит 10 к/а, эритроцит 2-3 к/а. Осы әйелде төменде аталған жағдайлардың қайсысы БАРЫНША дамыды? Еркек 57 жаста, анамнезінде ЖИА. Тұрақты стенокардия. Қант диабет 2 типі. Осы науқас үшін қан қысымының мақсатты деңгейі қандай (ҚР ДСӘДМ ХАТТАМАСЫ "ЖИА. Стенокардия " 30.11.2015 ж.) болуы тиіс? 42 жастағы әйел алдыңғы аптада 2 рет есінен тану болғанына байланысты дәрігерге келді. Соңғы 5 ай ішінде жүрек қағысы және ентігу пайда болған, соған байланысты күнделікті үй шаруасын жасай алмайды. Ешнарсе қабылдамайды. Дене қызуы 37.3С, PS 115/мин, тұрақты емес, АҚ 108/70 мм.с.б. қарыншаның айқын көрінетін пульсациясы, төстің сол жиегінде пальпацияланады, мойындырық көктамырлардың ісінуі. Аускультацияда күшейген өкпе артерияын тұсында ІІ тонның акценті. Қай диагноз болуы мүмкін? 15 жасар жасөспірім лакунарлық ангинамен ауырғаннан кейінгі 2 аптадан соң ірі буындардағы ауыру сезіміне, ауыруға, тізе буындары қозғалысының шектелуі мен ісінуіне шағымданады. Ауыру өте қатты болған. Кетанолды бұлшық ет арқылы енгізу ауыруды баспаған. Температура – 37,5°. Жалпы қан анализі: Л- 9х109/л, Нб – 123 г/л, ЭТЖ - сағ. 25 мм. ЭКГ – синустық тахикардия. Р-графия ОГК – ерекшеліксіз. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу міндетті түрде жүргізілуі керек? Өндірістік тәжірбие өтіп жүрген жоғары оқу орнының студенті жүрек айну,құсу,селсоқтыққа шағымданып келді. "жедел тағамдық токсикоинфекция" диагнозы қойылды. Оған қандай уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы құжат берілу қажет? Ер кісі 45 жаста, 2 апта бұрын пайда болған, физикалық жүктемеде пайда болатын,1-2 мин созылатын және спонтанды жойылатын төс артындағы өтпелі ауру сезіміне шағымданып аймақтық дәрігерге келді. Күніне 1 қорап шылым тартады. Объективті: ДСИ (ИМТ) - 32, АҚҚ 135/65 мм с.б. ЖСЖ 75 мин, жүрек тондары анық,ретті. Диагностикасында бірінші кезекте қандай зеріттеу жүргізу керек? Алькоголды ішімдікке мас болған жағдайдағы ер кісі шынтақ сүйегін сындырып алды. Біріншілік көмек травмпункте көрсетілді. Қандай уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы құжат берілу қажет ? 27 жастағы әйел жүктіліктің 6-7 аптасында жасанды жолмен түсік жасату мақсатында келді. Екі апта бұрын ЖРВИ, ауыр ағымымен амбулаторлы ем қабылдаған. Әйел ҚР азаматшасы және тұрақыты жұмысы бар. Оған қандай құжат берілу қажет ? |