Главная страница

тест. Тесты, ОБЩИЙ СБОР. Травматология


Скачать 356.69 Kb.
НазваниеТравматология
Дата24.10.2021
Размер356.69 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТесты, ОБЩИЙ СБОР.docx
ТипДокументы
#254700
страница13 из 15
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

*дисфагия, эпигастрий аймағындағы ауру сезімі

*гипосаливация, іштегі ауру сезімі, тағам өтімсіздігі

*АҚ жоғарылауы, төс артындағы ауру сезімі, салмақ төмендеуі
135. Перфоративті аппендицитке байланысты операция жасалынған науқаста динамикада іштің жоғарғы оң жақ жартысында ауру сезімі және қалтырау пайда болды. Қан талдамасында лейкоцитоз 18,0х109/л, ЭТЖ - 28 мм/сағ. Құрсақ қуысының УДЗ-де диафрагма астындағы кеңістігінде сұйықтықты түзіліс анықталған.

Операциядан кейінгі кезеңде дамыған асқыну?

*оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы

*+абсцесс

*жедел холецистит

*жедел панкреатит

*он екі елі ішек ойық жарасының перфорациясы
136. Науқас К., 19 жастағы, іштегі жайылмалы ауру сезіміне, жеңілдік алып келмейтін құсуға шағымданып түсті. Жағдайының нашарлауы 18 сағат аралығында болған. Өз еркімен Кетонал, Спазмалгон дәрілерін қабылдаған жағдайы уақытша жақсарған. Іш аздап үрленген, қатайған, барлық аймақта ауру сезімді, ішек перистальтикасы әлсізденген, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Ректальды зерттеу барысында тік ішектің алдыңғы қабырғасының ауру сезімі, салбырауы анықталады.

Перитониттің мүмкін болатын себебі?

*+жедел аппендицит

*жедел панкреатит

*асқазан ойық жарасының тесілуі

*жедел аднексит

*жедел ішек түйілуі
137. Науқас А., 48 жаста, стационарда жедел панкреатит диагнозымен ем қабылдауда. Динамикада науқастың жағдайы нашарлаған, дене температурасы жоғарлаған, ауру сезімі іштің барлық аймағында таралған. Қарау барысында іш үрленген, қатайған, барлық аймақта ауру сезімді. Кейбір аймақтарда перкуторлы дыбыстың тұйықталғаны анықталады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Құрсақ қуысының УДЗ-де барлық бөлімінде бос сұйықтық анықталады.

Мүмкін болатын асқыну?

*он екі елі ішектің ойық жарасы, диффузды перитонитпен тесілумен асқынған

*+панкренекроз, перитонит

*ұйқы безініңбасынапенетрацияланған асқазан ойық жарасы

*жедел гангренозды-перфоративті аппендицит, диффузды перитонит

*жеделгангренозды-перфоративті холецистит, диффузды перитонит
138. Науқас, 24 жаста, қабылдау бөліміне перфоративті он екі елі ішектің ойық жарасымен түскен. Пальпацияда: эпигастрий аймағын терең басып, қолды тез алғанда ауру сезімінің күшейгені байқалады.

Бұл науқаста қандай симптом анықталады?

*Кохер-Волкович

*Ситковский

*Ровзинг

*Воскресенский

*+Щеткин-Блюмберг
139. Жедел аппендицит диагнозымен науқасқа операция жасалынған. Құрсақ қуысының ревизиясында фибрин шөгіндісімен, иісі бар бұлыңғыр сұйықтық анықталады.

Сұйықтық сипатына байланысты мүмкін болатын перитонит типін анықтаңыз?

*серозды-фибринозды

*+ірінді-фибринозды

*фибринозды

*серозды

*іріңді
140. Науқас Ж., 30 жаста, гангренозды аппендицитке байланысты аппендэктомия жасалынған. Операциядан кейін 4 күні жағдайы нашарлап, іштің төменгі бөлігінде ауру сезім, тенезмдер, пайда болған, кешке қарайдене температурасы 39,00С дейін көтерілген. Per rectum зерттеу барысында тік ішектің алдыңғы қабырғасының ауру сезімі және салбырауы анықталады.

Сіздің болжама диагнозының?

*+кіші жамбас абсцессі

*диафрагмаастылық абсцесс

*периаппендикулярлы абсцесс

*жайылмалы перитонит

*бауырастылық абсцесс
141. Жедел странгуляционды ішек түйілуіне байланысты науқасқа операция жасалынған. Құрсақ қуысының ревизиясы барысында іріңді сұйықтықтың мезо- және гипогастрийгежайылуы байқалады.

Жайылуына байланысты перитониттің қай түрі болуы мүмкін?

*жергілікті шектелген

*жергілікті шектелмеген

*+диффузды

*жайылмалы

*тотальді
142. Ауруханаға 36 жастағы ер адам оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімге байланысты шағымданып түсті. Кейде терісінің қызарып қышынуы болып тұрады. Өрісте мал шаруашылығымен айналысады. Пальпация кезінде бауырдың сол жақ бөлігінде ісік тәрізді түзіліс анықталады.

Осы науқаста НЕҒҰРЛЫМ тән қандай аурудың белгілерін анықтауға болады.

*гепатит

*бауыр шемені

*+бауыр эхинококкозы

*өт тас ауруы

*аллергиялық дерматит
143. Науқас 30 жаста, анамнезінде эхинококк кистасымен ауырады, кенеттен ішінің барлық аймағында, әсіресе оң жақ бөлігінде қатты ауру сезімі пайда болды. Жағдайының ауырлағанын аттан құлағанымен байланыстырады. Ультрадыбыстық тексеру кезінде құрсақ қуысында сұйықтық бар екендігі анықталды.

Осы жағдайда төменде аталған асқынулардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тән?

*жарақаттық шок

*киста қуысына қан кету

*эхинококк кистасының іріңдеуі

*кистаның өт қалтасына жарылуы

*+кистаның құрсақ қуысына жарылуы
144. Науқас 53 жаста, емхана хирургына қаралуға барғанда эпигастралді аймақта ісік тәрізді түзіліс анықталды. Латекс-агглютинация реакциясы шамамен 1:64. Құрсақ қуысының КТ бауырының сол жақ бөлігінде қабырғасы әктвстанған дөңгелек пішінді түзіліс анықталады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тән.

*бауырдың солитарлы кистасы

*бауырдың абсцессі

*ұйқы безінің кистасы

*+бауырдың эхинококкозы

*асқазан рагі
145. Науқас 48 жаста, ер адам, әлсіздік, шаршағыштық және қысқа уақыт ішінде тез арықтауына шағымданып ауруханаға түсті. Ауырғанына 6-7 ай болған. Пальпация жасағанда эпигастрийде тығыз, аздап ауыратын түзіліс анықталады. Қан анализінде эозинофилия, реакция-аглютинация денгейі 1:54.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*бауыр шемені

*бауырабсцессі

*+бауыр альвеококкозы

*бауырдың солитарлы кистасы

*бауырдың эхинококкозы
146. Бауырдың эхинококкозымен ауыратын ер адамда терісінің сарғаюы, қалтырау және дене қызуының жоғарылауы байқалды.

Осы жағдайда төменде аталған асқынулардың қайсысы бауыр эхинококкозына тән?

*холемиялық қан кету

*киста қуысына қан кету

*эхинококкоз кистасының іріңдеуі

*+кистаның өт жолдарына жарылуы

*кистаның құрсақ қуысына жарылуы
147. Ауруханаға 33 жасар, ер адам оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне байланысты шағымданып келіп түсті. Қарап тексергенде тері жабындыларында майда бөртпелер байқалады. Қан анализінде эозинофилия, ЭТЖ артуы және Кацони сынамасы оң. УДЗ кезінде бауырда гомогенді, қуысты түзіліс анықталады.

Осы жағдайда төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы тән?

*бауыр рагі

*бауырдың солитарлы кистасы

*бауыр шемені

*бауыр гемангиомасы

*+бауыр эхинококкозы
148. Ауруханаға 44 жастағы әйел адам, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданып түсті. Қан анализінде эозинофилия, ЭТЖ жылдамдауы анықталды. Құрсақ қуысының шолымалы рентгенограммасында оң жақ диафрагма күмбезінің жоғары тұрғаны анықталады. УДЗ кезінде шеттері анық, гомогенді екі қуысты түзіліс анықталады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*бауыр рагі

*баургемангиомасы

*бауырдың солитарлы кистасы

*өкпе альвеококкозы

*+бауырэхинококкозы
149. 30 жастағы науқастың шағымдары: құрғақ жөтелге, қалтырау, тітіркенуге. Қарап тексергенде: беті ісіңкі, ұрттары гиперемияланған, оң жақ кеуде қуысы дем алуда қалып қояды, тынысы қатаң, перкуторлы дыбыс тұйықталған.

Науқаста қандай ауру?

*+өкпе абсцессі

*жедел бронхит

*пневмосклероз

*бронхоэктаз

*пневмония
150. 40 жастағы науқас 7 күн ауырады. анамнезінен науқасты құрғақ жөтел, гектикалық қызба мен қалтырау мазалады. Бүгін таңертең шірікті иісті көп мөлшерде іріңді қақырық қосылды.

Науқаста өкпе абсцесінің қандай асқынуы байқалады?

*+абсцесстің бронхқа ашылғаннан кейінгі кезең

*өкпе эхинококкозы

*өкпе туберкулезі

*плевра эмпиемасы

*пневмония
151. Өкпе абсцессімен ауыратын науқаста дене қызуы 390С дейі көтерілді,ентігу менәлсіздік пайда болды. Плевра қуысын УДЗ зерттеуде гомогенді сұйықтық анықталады.

Қандай асқыну тән?

*эксудативті плеврит

*өкпеден қан кету

*өкпе туберкулезі

*+плевра эмпиемасы

*пневмония
152. 45 жастағы науқас ауруханаға түсті. Шағымдары: дем алғанда сол жақ кеуде қуысындағы ауру сезіміне, жалпы әлсіздікке, көп мөлшердегі іріңді қақырыққа. Науқас бір мезеттегі 300мл шірікті иісті, іріңді қақырықтың шығуымен жағдайының жақсаруын сезді. Солжақ кеуде қуысында аускультативті амфорикалық дыбыс естіледі.

Рентгенограммада қандай өзгеріс байқалады?

*+сүйықтығы бар қуыс, айналасында перифокалды инфильтрация

* сүйықтығы бар қуыс, айналасында перифокалды инфильтрациясыз

*өкпе тінінің инфилтрация ошағы айқын шекарасыз

*өкпе тінінің кең күңгірттенуі, айқын шекарасыз

*күңгірттену ошақтары бар деструкциялық қуыс
153. Науқас,58жаста, ауруханаға түсті. Шағымдары: дем алғанда сол жақ кеуде қуысындағы ауру сезіміне, жалпы әлсіздікке, көп мөлшердегі іріңді қақырыққа. Кеуде қуысының рентгенограммасында айналасында перифокальды инфильтарция мен сұйықтық бар қуыс анықталды.

Науқасты емдеу тәсіліңіз?

*емханада ЛОР дәрігергерде емделу

*емханада терапевт дәрігерде емделу

*+стационарға госпитализация

*тубдиспансерде емдеу

*санаторлы ем
154. 45жастағы науқасдем алғанда оң жақ кеуде қуысында ауру сезіміне, жалпы әлсіздікке, көп мөлшерде іріңді қақырыққа. Оң жақ кеуде қуысында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы анықталады. Кеуде торының рентгенографиясында өкпенің төменгі бөлігінде көптеген абсцесстер анықталды

Инфекцияның түсу жолы?

*+гематогенді-эмболиялық

*жатыр-түтікшелік

*аспирациялық

*инъекциялық

*энтералды
155. Науқас 29жастастационарда терапия бөлімінде өкпенің оң жақты төменгі бөлігінің опневмониясы диагнзымен емделуде. Екінші күні нақастың жағдайы күрт нашарлады. Дене қызуы 390С-ге дейін көтерілді, ентігу, терінің көгеруі, шірікті иісті іріңді қақырық пайда болды. Кей жерлерде қораптық дыбыспен ауысытын перкуторлы дыбыстың қысқаруы анықталады. Лейкоцитоздың жоғарлауы 25х109/л.

Науқаста қандай асқыну тән?

*гидропневмоторакс.

*+өкпе гангренасы

* плевра эмпиемасы

*абсцесс легкого

*ателектаз
156. Оң жақ өкпенің абсцессімен стационарда ем қабылдап жатқан 36 жастағы науқас, кенеттен кеуде тұсында ауырсынудың және ентігудің туындағанына шағымданады. Қарап тексергенде терісін ылғал суық тер басқан, акроцианоз. Оң жақ кеуде торының перкуссиясында жоғарғы бөлімдерде қораптық дыбыс, ал төменгі бөлімдерде тұйық дыбыс. Аускультацияда тыныс шуылдары естілмейді.

Төменде көсетілгендер асқынулардың қайсысы болуы МҮМКІН?

*метастатикалық абсцесстердің дамуы

*тері асты эмфиземасы

*+пиопневмоторакс

*өкпеден қан кету

*сепсис
157. 27 жасар ер адамда, бір сағат бұрын толық саулық жағдайында, кеуде қуысының сол жақ бөлімінде кенеттен қатты ауру сезімі туындады, дем жетіспегенін сезінді. Дене қызуы қалыпты. Перкуссияда сол жақ өкпе тұсында қорапты дыбыс, жүректің тұйық шекарасы оң жаққа ығысқан. Аускултацияда сол жақта тыныс естілмейді.

Төменде берілген алдын ала диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ мүмкін болуы ықтимал?
*экссудативті плеврит

*миокард инфарктісі

*өкпе туберкулезі

*+спонтанды пневмоторакс

*қысылған көкет жарығы
158. 15 жасар бала, кеуде қуысының оң жақ бөлігінің ауырсынуына, ентігуге, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Дене шынықтырумен айналысып жатқанда кеудесінің оң жақ бөлімінің кенеттен қатты ауырсынуы пайда болғанын, тыныс алуының қыйындауын атайды. Кеуде торының шолу рентгенограммасында оң өкпенің толық коллапсы анықталды.

Төмендегілердің қайсысының орын алуы ЕҢ ықтимал?

*өкпе абсцессінің жарылуы

*плевралық жабысқақтардың жыртылуы

*+өкпенің эмфизематозды буллаларының жарылуы

*туа біткен өкпенің ауалы кисталарының жарылуы

*жедел пневмония
159. Рентгенологиялық тексеруде өкпенің толық коллапсымен оң жақты пневмоторакс анықталды, кеудеаралық көлеңкесі ығыспаған.

Осы жағдайда пневмоторакстың қай түрі орын алған?

*+тоталды

*субтотальді

*қабырғалық

*апикальді

*медиастинальді
160. 37 жасар ер адамда, шамамен бір сағат бұрын ауыр затты көтеру барысында сол жақ кеуде бөлімінде кенеттен ауырсыну, ентігу, демнің жетіспеушілігі туындаған. Сол жақ өкпе аймағында тыныс естілмейді, перкуссияда тимпанит, жүрек шекарасы шамалы оң жақа қарай ығысқан.

Төменде берілген алдын ала диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ ықтимал?

*құрғақ плеврит

*миокард инфарктісі

*+спонтанды пневмоторакс

*өкпе артериясының тромбоэмболиясы

*экссудативті плеврит
161. 27 жастағы ер адам, қабылдау бөліміне жол апатынан кейін оң жақ кеуде бөліміндегі ауырсыну, ентігу, демнің жетіспеушілігі шағымдарымен жеткізілген. Оң жақ кеуде торының перкуссиясында қораптық дыбыс, аускультацияда тыныс шуылдары естілмейді. Кеуде торының шолу рентгенограммасында оң жақтан 4-5 қабырғалардың сынуы, оң жақтық субтотальды пневмоторакс анықталды.

Төмендегі берілгендердің қайсысы ЕҢ мүмкін болатын диагноз?
*спонтанды пневмоторакс

*+травмадан кейінгі пневмоторакс

*гидропневмоторакс

*пиопневмоторакс

*қабырғалық пневмоторакс
162. 43 жастағы ер адам, тыныс алу жүйесінің іріңді қабыну аурулары күдігімен келіп түскен.

Жедел плевра эмпиемасын анықтау үшін қандай симптомдар ЕҢ маңызды болып табылады?

*беттің және мойынның цианозы, мойын веналарының ісінуі

*кезеңдік асқынулармен ағымының ұзақ жылдарға созылуы

*қан бөлінділерімен аралас көп мөлшердегі іріңді қақырық

*+іріңді қақырықпен жөтел, ентігу, дене қызуының көтерілуі, кеудедегі ауру сезімі

*жиі қайталанатын, қинайтын жөтел, іріңді-қанаралас, сасық, көпіршікті сипатқа ие қақырық
163. Науқас 48 жаста, аяғының гангренасына байланысты бұрын екі аяғына да ампутация жасалған. 4 ай бұрын қол саусағында кенеттен қатты ауру сезімі, бозаруы, мұздауы, цианозы, ісінуі пайда болған. Ауру сезімінің күштілігіне байланысты, түнде ұйықтай алмайды. Сол жақ білек артериясында пульсациясы анықталмайды, оң жағында пульсациясы сақталған.

Мүмкін болатын диагноз?

*+облитерациялық тромбангиит

*қол артерияларының эмболиясы

*Марторелля синдромы

*Рейно синдромы

*мойын омыртқасының остеохондрозы
164. 65 жастағы науқас, 2 жылдан бері алма – кезек ақсаумен зардап шегеді. Ангиографияда: құрсақ қолқасының бифуркациясы деңгейінің стенозы, қолқа қабырғасының атеросклероздық өзгерісі.

Сіздің диагнозыңыз?

*мықын венасының тромбозы

*мықын артериясының эмболиясы

*абдоминалді ишемия синдромы

*Такаясу синдромы

*+Лериш синдромы

165. А.В.Покровскийдің жіктелуі бойынша аяқтың созылмалы ишемиясының IІI дәрежесі?

*250 метр жүргеннен кейінгі алма – кезек ақсау

*+тыныштық жағдайдағы аяқтағы ауру сезімі

* аяқтың ұюы, парестезия

*250-300 метр жүргеннен кейінгі алма – кезек ақсау

* трофикалық бұзылыстар
166. А.В.Покровский жіктелуі бойынша аяқтың созылмалы ишемиясының IV дәрежесі?

*250 метр жүргеннен кейінгі алма – кезек ақсау

* тыныштық жағдайдағы аяқтағы ауру сезімі

*+трофикалық бұзылыстар

* аяқтың ұюы, парестезия

*250-300 метр жүргеннен кейінгі алма – кезек ақсау
167. Қандай кездерде қолқа және оның тарамдарының аускультациясын жасау керек?

*Рейно ауруында

*+артериалдық стенозда

*венаның варикозды кеңеюінде

*тромбофлебиттен кейінгі синдромда

*акроцианозда
168. Облитерацияланған атеросклероз және эндартериттің салыстырмалы диагностикасын жүргізу кезінде маңызды рөл атқарады?

*Оппель сынамасы

*реовазографиялық мәліметтер

*+аорто-артериографияның мәліметтері

*Те99 (тех­неций) пирофосфатпен жүргізілген радионуклидті мәліметтер

*Самуэльс сынамасы
169. Жедел артериялық жеткіліксіздік кезінде хирургиялық тактиканы таңдаудағы шешуші фактор?

*науқастың жасы

*жалпы жағдайының ауырлығы

*+аяқтағы ишемияның дәрежесі

*қосымша атеросклероздық стеноз немесе зақымдалған артерияның окклюзиясы

*тромбоз немесе эмболияның орналасуы
170. 22 жастаға аяғы ауыр қыз әйелдерге кеңес беру орталығына тері асты венасының жедел тромбофлебит симптомдарымен шағымданып келді.

Анамнезінде науқаста 2 аяғының тері асты венасының варикозды кеңеюі бар.

ЕҢ ықтимал клиникалық көрініс?

*+теріасты вена бойындағы гиперемиясы, ауру сезімді тығыздалу

*терінің мраморлануы, салқындауы және жансыздануы

*аяқта «шыбын-шіркей» қозғалысын сезіну, салқындауы

*саусақтардың қараюы және қатты ауру сезімі

*аяқ басының ісінуі, көгеруі
171. 28 жастағы науқаста ауыр затты көтергеннен кейін оң қолының өне бойына кенеттен ісінуі, кернемелі ауру сезімі пайда болған. Оң қолдың қозғалысы және сезімталдығы сақталған. Оң қол өне бойына ісінген, ісіну бұғанаасты және кеуде торының алдыңғы- бүйірлік аймағына тараған.

ЕҢ ықтимал болжамды диагноз?

*беткей веналардың жедел тромбозы

*+бұғанаасты венасының жедел тромбозы

*оң қолдың флегмонасы

*иық буынының артриті

*иықтың гематомасы
172. 50 жастағы ер адам емханаға оң аяғының ісінуіне, қысу сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде науқас 2 ай бұрын инфекционды бөлімшеде тілмелі қабынудан( Рожестое восполение) ем қаыблдаған. Жоғарыдағы шағымдар соңғы айда пайда болды.

Берілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*сан жарығы

*Лериш синдромы

*лимфангит

*+лимфостаз

*аяқтардың диабеттік ангиопатиясы
173. 27 жастағы науқасқа медициналық орталықта кеңейіп кеткен көк тамырына склеротерапия жүргізілді. 3 сағаттан кейін науқастың сол аяғы ісінді, кернемелі ауру сезімі пайда болды, терісі цианозды түсті, салқын.

Берілген диагноздың қайсысы ЕҢ ықтимал болуы мүмкін?

*+терең веналардың тромбозы

*тізеасты артерияның тромбозы

*флегмона

*лимфостаз

*тромбофлебит
174. Операциядан кейінгі кезеңде веналық қан айналымның бұзылысына алып келетін ЕҢ ықтимал фактор?

*балтыр бұлшық етінің жиырылуы

*аяқтарды жоғары көтеру

*+ұзақ төсектік режим

*аяқтарды эластикалық бинтпен таңу

*науқастарды ерте белсендіру
175. 45 жастағы науқас аяғының көктамырырларының варикозды кеңеюімен емханаға келді. Балтырындағы тығыз ауру сезіміне,гиперемия, ісіну, жүру кезіндегі ауырсынғыштыққа, субфебрильді температураға шағымданып келді. Науқастың айтуы бойынша бұл шағымдар таудағы демалыстан кейін пайда болды.

Берілген диагноздың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*флегмона

*лимфаденит

*тілмелі қабыну

*+тромбофлебит

*аллергиялық дерматит
176. Аяқ веналарының варикозды кеңеюінде склероздаушы терапияға қарсы көрсеткіші болуы ЕҢықтимал?

*көк тамырлар кеңеюінің шашыранды типі

*жұмсақ, жеңіл бүрісетінварикоздытүйіндер

*оперативті емнен кейінгі рецидив

*+терең веналардың бітелуі

*анамнезінде теріасты веналардың жедел тромбофлебиті
177. 65 жастағы науқасты 2 жыл көлемінде үдемелі ақсау мазалайды, медициналық көмекке жүгінбеген, өзі емделмеген. Қабылдау бөлімшесіне түсер алдында 9 сағат бұрын, науқаста аяқ астынан оң жақ аяғында суықтану сезімі, ауру сезімі пайда болып, сіресіп қалған. Тексеріп қарағанда оң аяғы бозарған, суық, тері асты көк тамырлары босаңсыған, активті қозғалыс пен сезімталдылық төмендеген, шап аймағында пульс анықталмайды.

Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз?

*мықын венасының тромбозы

*мықын артериясының эмболиясы

*ишиалгия

*нейробұлшықетті синдром

*+мықын артериясының тромбозы
178. В.С. Савельевтің жіктеуі бойынша ІБ сатыдағы аяқ-қолдың жедел ишемиясында байқалады?

*сезімталдылықтың бұзылуы, активті қозғалыстардың бұзылуы

*аяққолдағы плегия, аяққолдағы парез

*қатып қалу сезімі,суықтану

*бұлшықеттің контрактурасы, парестезия

*+суықтану, аяқ-қолдағы парестезия мен ауру сезімі
179. В.С.Савельевтің жіктеуі бойынша ІІА сатыдағы аяқ-қолдың жедел ишемиясында байқалады?

*қатып қалу сезімі, парестезия

*+сезімталдылықтың бұзылуы, активті қозғалыстардың бұзылуы

*аяқ-қолдағы ауру сезімі,аяқ-қолдағы плегия

*қатып қалу сезімі, суықтану

*бұлшықеттің контрактурасы, парестезия
180. В.С.Савельевтің жіктеуі бойынша ІІБ сатыдағы аяқ-қолдың жедел ишемиясында байқалады?

*аяқ-қолдағы ауру сезімі мен бұлшықеттің контрактурасы

*қатып қалу сезімі мен суықтану

*парестезия мен аяқ-қолдағы ауру сезімі

*активті қозғалыстармен, сезімталдылықтың бұзылуы

*+аяқ-қолдың плегиясы
181. В.С.Савельевтің жіктеуі бойынша ІІІ сатыдағы аяқ-қолдың жедел ишемиясында байқалады?

*сезімталдылықтың бұзылуы

*аяқ-қолдың плегиясы

*+бұлшықеттің контрактурасы

*суықтық сезім

*аяқ-қолдағы ауру сезімі
182. 30 жастағы науқас травматологияның қабылдау бөлімшесіне сол қолдағы ауру сезіміне, қатаю сезіміне, сол қолдағы суықтану сезіміне және саусақтардағы қозғалыстың шектелуіне шағымданып түсті. Анамнезінде тәулік бойы алкогольді ішімдік ішіп, сол жақ қырында тәулік бойы жатып қалған. Тексеріп қарағанда сол қолы суық, терісі бозарған, иық артериясында пульс анықталмайды.

Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз?

*+тромбоэмболия

*эмболия

*тромбоз

*крашсиндром

*перифериялық спазм
183. Науқас оң аяқтағы қатты ауру сезіміне, ұюына және суықтану сезіміне шағымданып түсті. Ауырғанына бір тәулік болған, науқасқа бір күн бұрын коранарография жасалған. Неден күмәндануға болады?

*+эмболияны

*тромбозды

*миокард инфарктісін

*ишиалгияны

*перифериялық спазмді
184. 55 жастағы науқас сол аяғындағы қатты ауру сезіміне, ондағы суықтану сезіміне, аяқ басының саусақтарының қозғалысының болмауына шағымданады. Ауру тарихынан: ревматологта есепте тұрады. Қарап тексергенде аяғы суық, түсі бозарған, сан артериясында пульсі үдеген, тізе асты артериясында пульс анықталмайды.АҚҚ-150/90 мм.с.б., аритмия.

Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз?

*миокардтың жедел инфаркті

*+сан артериясының эмболиясы

*сан артериясының тромбозы

*отырықшы нервтің қысылуы

*сол аяқтың гемипарезі
185. Өкпе артериясының тромбоэмболиясына әкелетін себептер?

*құрсақ аортасының тромбозы

*қақпа венасының тромбозы

*иық артериясының тромбозы

*+төменгі қуыс көк тамыр жүйесінің тромбозы

*артериовенозды жыланкөздер
186. 62 жастағы ер адам жалпы әлсіздікке, жұмыс қабілетінің төмендеуіне, бас айналу, жүдеу, субфебрилді дене қызуына, периодты іш өтуге, іштің құрылдауына шағымданады. 4 айдан бері ауырады, дәрігерге бірінші рет қаралып отыр, жас кезінде «колит» диагнозымен куророттық ем қабылдайтын болған. Соңғы 10 жылда өршу болмаған, қарау кезінде: тері жамылғысы бозғылт, тургоры төмендеген, іші аздап кепкен, пальпацияда ауырмайды. Қанның жалпы анализінде: анемия, пойкилоцитоз, анизоцитоз.

Мына диагноздардың қайсысы дұрыс келеді?

*+соқыр ішек қатерлі ісігі

*сигма тәрізді ішек қатерлі ісігі

*созылмалы колит

*ішектің инфекциялық ауруы

*тоқ ішектің төмендеуші бөлігінің қатерлі ісігі
187. 58 жастағы әйел ұзақ уақыт бойы дене қызуының 38?0С дейін жоғарылауына, әлсіздікке, ішектерінің толып тұру сезімі мен шұрылдауына, тәулігіне 3 ретке дейін ішінің өтуіне шағымданады. Бір айдан бері ауырады, таныстарының кеңесі бойынша анибиотиктермен, шөп тұнбаларымен емделген, эффект болмаған. Қарау кезінде тері жамылғысы бозғылт, іші кепкен, пальпацияда іші оң мықын аймағында аздап ауырсынады, ішек құрылдауы анықталады. Қанның жалпы анализінде гипохромды анемия.

Мына диагноздардың қайсысы неғұрлым дұрыс:

*дизентерия

*іш сүзегі

*+соқыр ішек қатерлі ісігі

*бейспецификалық жаралы колит

*тоқ ішектің диффузды полипозы
188. 58 жастағы әйел 3 ай бойына тұрақты іш қатуға шағымданалы. Алғашқы кезде іш өткізетін дәрілер арқылы, кейінірек клизма арқылы үлкен дәретке шығып жүрді. Соңғы екі аптада клизма көмектеспейтін болды, су таза күйінде қайта шығып кетеді. Іштің сол жақ жартысында ауырлық сезімі, шұрылдау, шаншып ауыру мазалайды. Нәжісте патологиялық бөлінділер болмаған. Жас кезінде жедел дизентериямен ауырған, 10 жыл бұрын «колит» диагнозы қойылған, жүйелі түрде емделмеген. Қарау кезінде қоректенуі қанағатаннарлық, тері жамылғысы түсі әдеттегідей, іші аздап кепкен. Пальпацияда іштің сол жағы, әсіресе кіндік тұсында ауырсынады, ішперде тітіркену белгілері жоқ.

Мына арасынан неғұрлым дұрыс диагнозды көрсетіңіз:

*тоқ ішек қуысының аскаридамен бітелуі

*+тоқ ішектің тмендегіш бөлігінің қатерлі ісігі

*созылмалы колит асқынуы

*тоқ ішектің сырттан қысылуы

*тоқ ішек туберкулезі
189. 60 жастағы ер адам дефекация сезімінің жиілеуіне, нәжісте қан мен шырыш болуына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Осы шағымдары 4 айдан бері мазалайды. Тік ішекті тексеру кезінде перианалді аймақта өзгерістер жоқ, анус сфинктері тонуста, артқы-сол жақ қабырғасында 7-8 см деңгейінде беті тегіс емес ісік анықталады..

Мына арасынан неғұрлым дұрыс диагнозды көрсетіңіз:

*+тік ішектің ортаңғы ампулярлы бөлігінің қатерлі ісігі

*тік ішектің жоғарғы ампулярлы бөлігінің қатерлі ісігі

*тік ішектің төменгі ампулярлы бөлігінің қатерлі ісігі

*тоқ ішектің ректосигмоидты бөлігінің қатерлі ісігі

*артқы өтіс қатерлі ісігі
190. 62 жастағы ер адам, 2 ай көлемінде нәжісінде қою түсті қанды және шырышты қосынды болуына, дефекация сезімінің жиілеуіне шағымданады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, шөп тұнбаларымен емделген эффект жоқ.

Мына арасынан неғұрлым дұрыс диагнозды көрсетіңіз:

*тоқ ішіек инфекциялық ауруы

*+тік ішектің ампулярыл бөлігігінің қатерлі ісігі

*ішек туберкулезі

*жаралы колит

* геморрой
191. Өңеш қатерлі ісігі кезіндегі диагностиканың неғұрлым тиімді әдісі:

*УДЗ

*+фиброэзофагоскопия

*өңеш радиометриясы

*онкомаркерлерді анықтау

*нәжісті атиптік жасушаларға тексеру
192. Науқас созылмалы атрофиялық гастрит диагнозымен терапевтте 10 жылдан бері есепте тұрады. Жоспарлы тексерілуге келді. Шағымдары жоқ.

Осы жағдайда неғұрлым көп ақпарат беретін тексеру әдісі:

*+ЭФГДС

*асқазан сөлін зерттеу

*қанды тексеру

*несепті тексеру

*КТ
193. Асқазан қатерлі ісігін неғұрлым ерте анықтауға көмектеседі:

*Құрсақ қуысының шолу рентгеноскопиясы

*«кіші белгілерді» іздеу

*асқазан рентгенографиясы

*+гастроскопия

*лапароскопия
194. Асқазан эпителий дисплазиясын анықтаудағы неғұрлым көп мәлімет беретін тексеру әдісі.

*шырышты қабатты гастроскоп арқылы қарау

*рентгенологиялық тексерулер

*+гистологиялық тексеру

*Асқазан УДЗ

*МРТ
195. Асқазанның созлымалы ауруы бар науқаста қыжыл, тамақтан кейінгі ауырсыну азайды,интенсивтілігі төмендеді, бірақ тұрақты түрге ауысты.

Мына болжамдардың қайсысы дұрыс?

*ештеңе өзгерген жоқ

*үрдістің стабилизациясы

*аурудың жазылуы

*+малигнизация болуы мүмкін

*созылмалы аурудың өршуі
196. Асқазан пилорикалық бөлігінің қатерлі ісігіне тән симптом?

*интоксикация

*компрессия

*+обтурация

*деструкция

*қызба
197. Мыналардың қайсысы өңеш қатерлі ісігінің көкірек аралығына таралуының ерте белгісі болып табылады?

*шырышты қабатының жұқа болуы

*васкуряризацияның әлсіз болуы

*бұлшықет қабатының әлсіз болуы

*+серозды қабатының болмауы

*шырыш асты қабатының болмауы
198. Колоректалді қатерлі ісіктің жиі кездесуіне байланысыт көптеген елдерде осы ауруды ерте анықтауға арналған скрининг бағдарлама жасалған. Скринингтің неғұрлым көп таралған түрін көрсетіңіз:

*ректороманоскопия

*фиброколоноскопия

*ирригоскопия+графия

*+нәжісті жасарын қанға тексеру

*тік ішекті саусақпен тексеру
199. Онконауқастарды клиникалық топтарға жіктеу не үшін қажет?

*+онконауқасты қарау және емдеу тактикасын тандау

*онконауқастың құжаттарын дұрыс толтыру

*дәрігердің кәсіби біліктілігін арттыру

*реабилитация тәсілін таңдау

*диагностика әдістерін таңдау
200. Клиникалық бірінші «А» тобына жататын науқастар:

*алғаш онкологиялық ауру анықталған және арнайы емді қажет ететін науқастар

*онконауқас,арнайы ісікке қарсы емді қабылдап ,ремиссия сатысындағы «шартты түрде емделді» науқастар

*симптоматикалық емді қажет ететін онконауқастар

*ісік алды аурулары бар науқастар

*+қатерлі ісікке күдікті науқастар
201. Клиникалық бірінші «Б» тобына жататын науқастар:

*алғаш онкологиялық ауру анықталған және арнайы емді қажет ететін науқастар

*онконауқас,арнайы ісікке қарсы емді қабылдап ,ремиссия сатысындағы «шартты түрде емделді» науқастар

*симптоматикалық емді қажет ететін онконауқастар

*+ісік алды аурулары бар науқастар

*қатерлі ісікке күдікті науқастар
202. Өңештің жоғары 1/3-нің қатерлі ісігі кезінде қолданылатын емдеу тәсілі:

*иммунотерапия

*симптоматикалық

*радикалды операция

*паллиативті операция

*+химио-сәулелік терапия
203. Асқазанның көлемі 3 см болатын, бұлшықет қабатына еніп өскен және кіші шарбы майына бірен-саран метастаз берген қатерлі ісігі қай стадияға жатады:

*1

*2А

*3А

*4А

*+2Б
204. Диаметрі 4 см болатын, бұлшықет қабатына ене өскен, аймақтық метастаздары жоқ асқазанның қатерлі ісігі қай ТNM бойынша қалай сипатталады:

*T1 N0 M0

*T1 N1 M0

*T2 N1 M0

*T3 N0 M0

*+T2 N0 M0
205. Асқазан пилорикалық бөлімінің қатерлі ісігіне тән клиникалық типтік белгі?

*+аш қарында анықталатын «шолпыл шуы»

*дисфагия

*жүрек айну

*іш өту

*қыжыл
205. Асқазан мен метастаз берілетін аймақтық лимфа түйіндері толық алынып тасталатын операция түрінің неғұрлым дұрыс атауы:

*+гастрэктомия

*асқазан ½ резекциясы

*гастростома салу

*дисталді субтоталді резекция

*проксималді субтоталді резекция
206. Асқазан қатерлі ісгінің париеталді ішпердеге метастазын анықтаудың неғұрлым көп мәлімет беретін диагностика түрі:

*+лапароскопии

*лабораторлы тесттер

*ішті мануалды тексеру

*құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

*асқазанның қосарланған контрастты рентгенографисы
207. 43 жастағы әйел адам тез шаршап қалатындығына, саусақтарының дірілдейтіндігіне, ашуланшақтығына және тамағында бөгде дене бар сияқты сезімге шағымданып келді. Мойынның алдыңғы бетін визуалды түрде қарау және пальпация кезінде қалқанша без көзге көрінбейді, бірақ жұтыну кезінде мойны көрінеді және пальпацияланады.

Қалқанша бездің ұлғаю көлемінің анағұрлым мүмкін болатын дәрежесін анықтаңыз?

*0 дәреже

*+I дәреже

*II дәреже

*IIIдәреже

*IV дәреже
208. 38 жастағы пациент тез шаршап қалатындығына, тершеңдігіне, ашуланшақтығына және жұтынған кезде тамағында бөгде дене бар сияқты сезімге шағымданып келді. Науқас жұтынған кезде қалқанша без көзге көрінеді және айқын пальпацияланады, бірақ мойынның пішіні өзгермеген.

Қалқанша бездің ұлғаю көлемінің анағұрлым мүмкін болатын дәрежесін анықтаңыз?

*0 дәреже

*I дәреже

*+II дәреже

*III дәреже

*IV дәреже
209. 40 жастағы пациент клиникаға тиреотоксикалық зоб деген диагнозбен түсті. Ауырғанына 2 жылдай уақыт болған. Қарау кезінде қалқанша без айқын байқалады, мойынның контурын өзгертіп, оған «жуан мойын» тәрізді көрініс қалыптастырған.

Қалқанша бездің ұлғаю көлемінің анағұрлым мүмкін болатын дәрежесі қандай?

*0 дәреже

*I дәреже

*II дәреже

*+III дәреже

*IV дәреже
210. Ж. деген 45 жастағы пациент мойнының алдыңғы бетінің ұлғайғандығына шағымданып келді. Айтуы бойынша ауырғанына бір жыл болған, дәрігерлерге қаралмаған және тексерілмеген. Пальпация кезінде қалқанша бездің оң жақ бөлігінде диаметрі 2,0 см болатындай құрылым анықталады, тығыз-эластикалық консистенциялы, ауырмайды. Сцинтиграфия кезінде қалқанша бездің оң жақ бөлігінің төменгі полюсінде I131 жоғарғы жинақталуы байқалады.

Қандай диагноз анағұрлым мүмкін?

*+түйінді зоб

*қалқанша бездің қатерлі ісігі

*лимфоматозды Хашимототиреоидиті

*жедел тиреоидит

*жедел струмит
211. Д. деген 49 жастағы пациент мойнының алдыңғы бетінің ұлғайғандығына шағымданып келді. Пальпация кезінде қалқанша бездің оң жақ бөлігінде үлкендігі 3,0 см болатындай, тығыз-эластикалық консистенциялы, беті бұдырлы, ауырмайтын құрылым анықталады. I131препаратымен жасалған сцинтиграфия кезінде қалқанша бездің оң жақ бөлігінде «суық түйін» деп аталатын көрініс байқалады.

Аталған диагноздардың қайсысы анағұрлым мүмкін?

*түйінді зоб

*жедел тиреоидит

*+қалқанша бездің қатерлі ісігі

*фиброздыРидель тиреоидиті

*лимфоматозды Хашимототиреоидиті
212. Науқас 18 жаста, жедел аппендицит диагнозымен түскен.

Емдеу тәсілін таңдаңыз?

*+шұғыл операция

*жоспарлы түрде аппендэктомия

*консервативті терапия

*амбулаторлы ем

*хирургиялық бөлімде бақылану
213. Науқас П., 28 жаста, гангренозды-перфоративті аппендицит бойынша аппендэктомия жасалынған. Іріңді асқынуларды алдын алу мақсатында тағайындалуы қажет?

*витаминдер

*+антибиотиктер

*сорғыш препарат

*протон помпасының блокаторлары

*гемостатиктер
214. Науқас В., 17 жаста, жедел деструктивті аппендицит бойынша операция жасалынған. Операциядан кейінгі кезеңде ауру синдромын басу үшін тағайындалады?

*+кетонал

*папаверин

*дициннон

*контрикал

*квамател
215. Науқас Р., 57 жастағы, аппендикулярлы инфильтратпенауруханада жатқанда оң жақ мықын аймағында пульсирленген ауру сезімі пайда болды және дене температурасы 39,00С көтерілді. Құрсақ қуысының УДЗ-де сұйықтық деңгейімен бірге қуыс анықталады. Келесі емдеу әдісін АНЫҚТАҢЫЗ?

*+шұғыл түрдегі оперативті ем

*консервативтіем
*жоспарлы түрдегі оперативті ем
*кейінге шегерілген оперативті ем
*амбулаторлыем
216. Науқас Д., 25 жаста,аппендикулярлы инфильтратқа байланысты консервативті емнен кейін стационардан шығарылған. Шығарылу барысында шағымдары жоқ, іш жұмсақ, жағдайы қанағаттанарлық, инфильтрат пішіні айқын кішірейген.

Сіздің келесі емдеу нұсқауларыңыз?

*химиотерапиядан кейін 6 айдан соңғы аппендэктомия

* сәулелі терапиядан кейін 1 жылдан соңғы аппендэктомия
*+сорғыш терапиядан кейін 2 айдан соңғы аппендэктомия
* кейінге шегерілген түрде 10күннен кейінгі оперативті ем

*оперативті араласусыз консервативті ем
217. Науқас М., 62 жаста, ауруханаға жедел холецистит клиникасымен түсті. Қан анализінде лейкоцитоз 25,4х109/л. УДЗ өт қапшығының қабырғасы қабатталған, мойнында бекітілген конкремент анықталған. Негізгі емдеу тактикасы?

*амбулаторлы емдеуге жолдама

*консервативті ем

*+шұғыл холецистэктомия

*жоспарлы түрде оперативті ем

*хирургиялық бөлімде бақылау
218. Науқас С., 52 жаста, жедел холециститпен шұғыл түрде ауруханаға түсті. Инфарктан кейінгі кардиосклерозы бар. Тағайындалған консервативті емге қарамастан науқастың жағдайы жақсармады.

Емдеу тактикасын анықтаңыз?

*диагностикалық лапароскопия

*+жедел оперативті ем

*суық мерзімдегі оперативті ем

*жоспарлы түрде холецистэктомия

*консервативті терапияға антибиотикті қосу
219. Науқас, 45 жаста, майлы және қуырылған тамақтан кейін пайда болған оң жақ қабырға астында ауру сезіміне шағымданды. Іш пальпациясында Ортнер, Кера және Мерфи симптомы оң.

Қандай спазмолитикті қолданған дұрыс?

*клофелин

*+платифиллин

*ампициллин

*кетанов

*гордокс
220. Жедел деструктивті холециститке байланысты операциясындақұрсақ қуысын қарап тексергенде жалпы өт өзегі 2см–ге дейін кеңейген, оны пальпация кезінде конкременттер жоқ.

Хирургтың келесі тактикасы?

*өт қапшығының артериясы мен түтігі бірге байланады

*өт қапшықты бауыр асты аймақтан бөлу тек мойнынан ғана басталады

*+холедохотомия

*өт қапшығының пункциясын міндетті түрде жүргізу қажет

*интраоперационды холангиография
221. Науқас К., 67 жаста, ӨТА, жедел дестуктивті холециститпен ауруханаға шұғыл түрде жеткізілді. Негізденген емдік тактика?

*+шұғыл оперативті ем

*операцияны кейінге қалдыру

*консервативті терапияның эффектісі болмаған жағдайдашұғыл операция жасау

*хирургиялық бөлімде динамикалық бақылау

*науқастың егде жасына байланысты консервативті ем
222. Созылмалы калькулезді холециститке байланысты холецистэктомия операциясы жасалынған 47 жастағы науқаста, операциядан кейін алты айдан соң, әркез склерасының сарғаюымен қосарланған оң жақ қабырға асты аймағындағы ауырсыну қайта мазалай бастады. Құрсақ қуысына жасалынған ультрадыбыстық зерттеу барысында бауырдан тыс жатқан өт жолдары тарапынан нақты бір патологиялық өзгерістерді анықтау мүмкін болған жоқ.

Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысының осы жағдайда диагнозды анықтау үшін ақпараттылығы ЕҢ жоғары болады?
*инфузионды холангиография

*тері-бауырарқылы жасалатын холангиография

*+эндоскопиялық ретроградты панкреатохолангиография

*бауырды сканирлеу

*компьютерлік томография
223. 56 жастағы науқаста екі жыл бұрын УДЗ кезінде өт тас ауруы анықталған. Ауруханаға түскен кезде оң жақ қабырға асты аймағындағы ұстама тәрізді ауру сезіміне, склерасы мен терісінің түсінің сарғаюына, терісінің қышынуына, нәжісінің түссізденіп, зәрінің қара-қоңыр түске өзгеруіне шағымданады. Дене температурасы қалыпты. Қанның биохимиялық анализінде жалпы билирубин деңгейі 122,5 мкмоль/л.

Алдын ала қойылған диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?

*бауыр циррозы, паренхиматозды сарғаю

*ұйқы безі басының рагы, механикалық сарғаю

*холангит, механикалық сарғаю

*+холедохолитиаз, механикалық сарғаю

*гепатит, паренхиматозды сарғаю
224. 49 жастағы науқас әйел оң жақ қабырға асты аймағындағы ауру сезіміне, склерасы мен терісінің түсінің сарғаюына, терісінің қышынуына, нәжісінің түссізденіп, зәрінің қара-қоңыр түске өзгеруіне, дене қызуының кешке қарай 380С-қа дейін көтерілуіне, дірілдеп-қалтырауға шағымданады. Ауырғанына 5 күн болған. Аурудың басталуын физикалық күштеме түсірумен байланыстырады. Ішті сипап қарағанда жұмсақ, оң жақ қабырға асты аймағы ауырсынады. Бауыр мен көкбауыры ұлғаймаған.

Аталған алдын ала қойылған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*жедел панкреатит, механикалық сарғаю

*холедохолитиаз, механикалық сарғаю

*гепатит, паренхиматозды сарғаю

*жедел холецистит, реактивті гепатит

*+іріңді холангит
225. 53 жастағы науқас әйел оң жақ қабырға асты аймағындағы ауру сезіміне, склерасы мен терісінің түсінің сарғаюына, нәжісінің түссізденіп, зәрінің қара-қоңыр түске өзгеруіне, дене қызуының кешке қарай 370С-қа дейін көтерілуіне шағымданады. Сарғаю 2 күн бұрын болған оң жақ қабырға асты аймағындағы ұстама тәрізді қатты ауру сезімінен кейін пайда болған. Ішті сипап қарағанда іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты аймағы ауырсынады, бауыр оң жақ қабырға доғасынан 4см-ге шығыңқы. Ұлғайған өт қуығы палпацияда сезіледі

Алдын ала қойылған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

*вирустық гепатит, паренхиматозды сарғаю

*+холедохолитиаз, механикалық сарғаю

*гемолитикалық сарғаю

*бауырдың абсцессі, сарғаю

*бауыр циррозы, паренхиматозды сарғаю
226. Созылмалы калькулезді холециститпен зардап шегетін 62 жастағы науқаста, тамақтану мәзірін бұзғаннан кейін оң жақ қабырға, эпигастрий аймақтарында белге қарай иррадиацияланатын қатты ауру сезімі, бірнеше рет құсу туындаған. 4 сағаттан аса уақыт өткен соң склерасының сарғыштанғанын, зәрінің қоңыр қоюлана бастағанын аңғарған. Қан амилазасының белсенділігі 280 л/бірлікті құраған.

Өт тас ауруының қандай асқынуы орын алуы мүмкін?

*өт қуығының перфорациясы, перитониттің дамуы

*өт қуығы өзегінің таспен обтурациясы

*жедел папиллит

*холангит

*+үлкен дуоденальды емізікшеге қысылған тас
227. Жедел панкреатитпен жатқызылған науқасқа алғашқы 3-4 күнде тағайындалатын диеталық үстел?

*1

*5

*+О

*9

*10
228. Хирургия бөлімшесінде жатқан 57 жасар науқасқа жедел панкреатитке байланысты консервативті ем жүргізілуде.

Ұйқы безінің экскреторлық қызметін төмендету мақсатында қолданылатын препараттар?

*анальгетиктар

*+цитостатиктер

*спазмолитиктер

*протеаз ингибиторлары

*протеолитикалық ферменттер
229. 51 жасар,П. деген науқас жедел панкреатит диагнозы бойынша хирургия бөлімшесіне жатқызылды.

Ұйқы безі ферменттерініңбелсенділігін төмендету мақсатындақолданылатын препараттар?

*анальгетиктер

*цитостатиктер

*спазмолитиктер

*+протеаз ингибиторлары

*протеолитикалық ферменттер
230. 54 жасар науқасқа, жедел майлы панкреонекрозға байланысты операция жасалды.

Операциядан кейінгі кезеңде іріңді асқынуларды алдын алу мақсатында қолданылатын препараттар?
*иммундық терапия

*витаминдік терапия

*гепатопротекторлар

*+антибактериалды терапия

*антигистаминді терапия
231. 58 жасар науқас, жедел панкреатит диагнозымен ауруханаға жатқызылды.

Панкреатикалық сөлдің ұйқы безінен он екі елі ішекке эвакуациясын жақсарту мақсатында қолданылатын препараттар?

*антибиотиктер

*цитостатиктер

*ананальгетиктар

*+спазмолитиктер

*протеаз ингибиторлары
232. Науқас 37 жаста, жауырын аралығының ауырсынуына, дисфагияға шағымданады. Анамнезінен: минералды судың орнына байқаусызда аккумулятор сұйықтығын ішіп қойған. Контрасты затты енгізе отырып жасалған рентгенограммада өңештің жоғарғы және ортаңғы бөлігінің стриктурасы анықталды. Емдік тактика?

*+ өңешті буждау

*қарқынды консервативті терапия

*өңештің өтімділігін қалпына келтіре отырып тарылған аймақты резекциялау

*өңешті асқазанмен пластика жасау

*эзофагостомия
233. Психоневрологиялық диспансерде емделіп, тіркеуде тұрған 39 жастағы науқас металлды затты (түйреуіш) жұтып қойды. Эзофагографияда бөгде зат өңештің төменгі үштен бір бөлігінде табылды. Қандай ем қабылдаған жөн?

*+бөгде затты алып тастау

*өңешті буждау

*спазмолитиктерді қабылдау

*асқазанды шаю

*анальгетиктерді қабылдау
234. 27 жастағы әйел жұтынудың қиындауына, жұтынғанда тамағының тығындалуы сезіміне, алдын қабылдаған тағамның регургитациясына шағымданады. Сөзіне қарағанда су ішкенде шұрылдар естіледі.
Қандай зерттеу әдісін тағайындаған тиімді?

*+рентген контрасты зерттеу

*радионуклеидті зерттеу

*эзофагоскопия

*медиастиноскопия

*торокоскопия
235. 37 жастағы әйел, клиникаға қою тамақ (ет) ішкеннен кейін төс артындағы ауырсыну сезіміне шағымданып түсті. Эзофагоскопияда өңештің төменгі 1/3 бөлігінде бөгде зат бар екені анықталды.

Қандай ем қабылдаған жөн?

*+бөгде затты алып тастау

*спазмолитиктерді қабылдау

*асқазанды шаю

*анальгетиктерді қабылдау

*антацидтерді қабылдау
236. 28 жастағы пациент клиникаға қою тамақтың өңештен қиындықпен өтуіне, әлсіздікке, ауыздағы жағымсыз иіске шағымданды. Анамнезінде 6 жыл бойы рефлюкс-эзофагитпен зардап шегеді. Эзофагографиядан өңештің төменгі үштен бір бөлігінің тарылуы, контрастық заттың асқазанға жіңішке ағыспен ағып тұрғаны анықталды. Эзофагоскопия арқылы өңештің дистальдық бөлімінің тарылуы және өңештің қабырғасының супрастеностық кеңейгені анықталды.

Қандай консервативтік емді қолданған жөн?

*стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді қабылдау

*+өңешке баллонмен дилатация жасау

*антацидты дәрілерді қолдану

*аналгетиктерді қолдану

*зондпен тамақтану
237. Қабылдау бөліміне әлсіздікке, басайналуына, кофе тріздес қан құсуға шағымданған 48 жастағы ер адам жеткізілді. Анамнезінде: 2 тәулік бойы спирттік ішімдіктер ішкен, толассыз құсқан, эпигастрий аймағында ауру сезімі, құсығында кофе тәріздес қан пайда болған. Қарап көргкенде тахикардия, іш пердесінің тітіркену белгісі теріс, мелена болған. Мүмкін болатын диагноз?

*жедел ішек өтімсіздігі

*+асқазан ішек жолдарынан қан кету (Маллори-Вейс синдромы болуы мүмкін)

*жедел панкреатит

*жедел холецистит

*жедел аппендицит
238. Асқазан ішек жолдарынан қан кету клиникалық көрінісімен 46 жастағы ер адам жатқызылды. ЭФГДС: асқазанда кофе тәрәздес сұйықтық, кардиалды бөлімінің шырышты қабатынның жыртылуымен, жалғасып жатқан қан кету белгісі жоқ.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


написать администратору сайта