Главная страница
Навигация по странице:

  • «Білім беру мекемесінде зорлық-зомбылықты болдырмаудың психологиялық жолдары» Тараз 2020 ж ЖОБАНЫҢ ЖОСПАРЫ

  • 1.1. Зорлық-зомбылық дегеніміз не____________________________4-5 бет 1.2. Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ________________________5-8 бет

  • Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және қысқарту бойынша үлгілік бағдарламаны дайындау және енгізу____________18-24 бет

  • IV.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ_______________________33 бет V.ҚОСЫМШАЛАР___________________________________________34-59 бет -2- КІРІСПЕ

  • Зерттеудің нысанасы

  • Күтілетін нәтижесі

  • I.ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 1.1. Зорлық-зомбылық дегеніміз не Зорлық-зомбылық

  • 1.2. Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ 4-тарау. Бала және отбасы

  • 7 тарау. Бала және қоғам.

  • Зорлық – зомбылық туралы мен не ойлаймын - сауалнамасы

  • Психологиялық зорлық-зомбылық

  • 2. Физикалық зорлық-зомбылық

  • жоба. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі рлеу бао а Филиалы Жамбыл облысы бойынша Пбаи жоба жмысыны таырыбы


    Скачать 1.43 Mb.
    Названиеазастан республикасыны білім жне ылым министрлігі рлеу бао а Филиалы Жамбыл облысы бойынша Пбаи жоба жмысыны таырыбы
    Дата10.11.2022
    Размер1.43 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.docxЖ.docx
    ТипДокументы
    #781097
    страница1 из 7
      1   2   3   4   5   6   7

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

    «Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ
    ЖОБА ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

    «Білім беру мекемесінде

    зорлық-зомбылықты болдырмаудың психологиялық жолдары»

    Тараз 2020 ж
    ЖОБАНЫҢ ЖОСПАРЫ
    МАЗМҰНЫ_________________________________________________2 бет

    КІРІСПЕ____________________________________________________3-4 бет

    I.ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

    1.1. Зорлық-зомбылық дегеніміз не?____________________________4-5 бет

    1.2. Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ________________________5-8 бет

    1.3 Білім беру мекемесіндегі зорлық-зомбылықтың түрлері______8-13 бет

    II.ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

    2.1. Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің

    алдын алу шаралары__________________________________________13-17 бет

    2.2. Мектепте зорлық-зомбылықтың көлемін азайту бойынша бағдарламалық және стратегиялық бастамалар__________________17-18 бет

    2.3. Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және қысқарту

    бойынша үлгілік бағдарламаны дайындау және енгізу____________18-24 бет

    2.4. Зорлық- зомбылықтың алдын-алу және одан шығу жолдары __24-32 бет

    III.ҚОРЫТЫНДЫ______________________________________________32 бет

    IV.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ_______________________33 бет

    V.ҚОСЫМШАЛАР___________________________________________34-59 бет


    -2-

    КІРІСПЕ

    Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Ол тән азабын шектірген зорлық және жан азабын шектірген зорлық болып екіге бөлінеді. Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру т.б.
    Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік-жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету.

    Жұмыстың мақсаты: Зорлық -зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Оқушыларымызды жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстатып, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.

    Міндеттері:

    1. Зорлық-зомбылық туралы мағлұмат бере отырып, қоғамдағы орны туралы түсінік беру;

    2. Қоғамда зорлық-зомбылықтың болмауына ықпалын тигізіп, балаларға, әйелдерге, қарттарға барлық адамдарға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру;

    3.Балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарын алдын алуда психологтың атқартын жұмыс түрлерін анықтау.

    Зерттеудің нысанасы: білім беру мекемесіндегі оқушылар

    Мәселе: Қоғамда зорлық-зомбылықтың болмауына ықпалын тигізіп, балаларға, әйелдерге, қарттарға барлық адамдарға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру.

    Өзектілігі: Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.
    Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.

    Тәжірибенің мәні: Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық.
    Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.

    Күтілетін нәтижесі: Балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алу және жою мақсаттарына жету үшін бірқатар

    -3-

    стратегияларды іске асыру маңызды. Алдын алу деңгейінде балаларға кез-келген түрде, соның ішінде дене жазалауы түрінде зорлық-зомбылық көрсетуге тыйым салатын заңнамамен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, ата-аналардың балаларын зорлықсыз тәрбиелеу дағдыларын үйде қызмет көрсету және жақсы ата-ана болу бағдарламалары сынды шаралар арқылы дамыту маңызды. Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде, сонымен бірге, қосымша білім беру ұйымдарында балаларға арналған арнаулы бағдарламалар болады..

    I.ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

    1.1. Зорлық-зомбылық дегеніміз не?

    Зорлық-зомбылық - жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, (тәндік және рухани мағынада) туралы азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу катері жолымен ыкпал ету және т.б. Зорлық зомбылықты қолдану аркылы жасалған қылмыс, қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады.[1]

    Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетіміздет зорлық-зомбылыққа жол жоқ.Оның етек алуы отбасынан басталады.Отбасындағы салауаттылық-өркениетті қоғамның талабы,өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып,қалыптасады.Балалар-еліміздің болашағы.Тек балалар үйінің тәрбиеленушілері ғана емес,қарапайым отбасы балаларыда зорлық көруде.Барша адамның жауына айналған алкоголь ішімдіктері көптеген адамдарға зардабын шектіруде.Ішімдікке масайған ата-ана,балаларын қараусыз қалдырып,оларға қол жұмсап,тағдырдың тәлкегіне салуда.Ал,өмір есігін аша сала далада қалатынына не дерсіз?!Қазірде Қазақстанда көптеген аналар жаңа туылған сәбилерін дала тастап кетуде.Әрине,өз құрсағынан шыққан баланы далад қалдырып,өз болашағына,баланың болашағына балта шабады.Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынасы,іс-әрекет,әдет-ғұрып,салт-дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын,сана-сезімін,мінез-қалыптастыратын тәлімдік мұра.

    Жан азабын шектірген зорлық-жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерінқорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. «Ана-сая болар бағың болса, Әке-асқар тауың» дейді қазақта. Бір күн бар жылатар күн,жұбатар күн.Бір күн бар қуантар күн мұңайтар күн. «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, Жаманнан жақсы туады,адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз.Отбасындағы ата-ананың мінез

    құлқы-баланың көз алдындағы үлгі,өнеге алатын,оған қарап өсетін

    -4-

    нысаны.Нашақорлық,темекіге,ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады,еңбек

    етуге,қоғамға,денсаулыққа,ұрпаққа,отбасына зиянын тигізеді.Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік-ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабаыиз Әбу насыр әл Фараби.Балалар құқығын қорғау-егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі.Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып,қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек.Балаларға қамқорлық жасау,баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу-бұл тек мемлекеттің ғана емес,соынмен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті...Мен былай дегім келеді.

    1.2. Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ

    4-тарау. Бала және отбасы
    22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары.
    Бала отбасында Қазақстан Республикасы конституциясында, осы заңда және ҚР-ның өзге де заң актілерінде белгіленген құқықтарға ие.
    Бүгінгі күні отбасына қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызмет аясы мен қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды қабылдау қажеттілігі туды.
    Зорлық-зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарасын өзгерту керек.
    Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті...

    7 тарау. Бала және қоғам.
    36-бап. Баланы әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан сақтау.
    1. Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтіретін әлеуметтік ортаның, ақпараттық, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға міндетті.
    2.СӨС насихаттау мен балаға құқықтық білім беруді мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бірі деп таниды.
    3. Қылмыстың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттің салдарынан тән немесе жан жарақатын балаға денсаулығын қалпына келтіру және әлеуметтік бейімделу үшін қажетті көмек көрсетілуге тиіс.

    Зорлық – зомбылық туралы мен не ойлаймын - сауалнамасы
    Қымбатты дос! Бұл сауалнама жасырын түрде, балалардың құқығын қорғаудағы проблемаларды анықтап және осы мәселе бойынша балалардың көзқарасын білу үшін жүргізілуде. Сұрақтарға шынайы жауап беруіңізді сұраймыз. (Жауап белгілегенде бірнеше нұсқаны белгілеуге болады)

    -5-

    Өзің туралы мәлімет
    Жасың нешеде? ...............
    Отбасыңда неше адам бар?...............................
    1. Зорлық деген сөзді қалай түсінесің?
    - тек күш көрсету
    - қол жұмсау
    - мәжбүрлеу
    - қорқыту
    - адамның құқығына қысым жасау
    - менсінбеушілік
    - кемсіту
    - қатігездік
    - ауру келтіру
    - өмір сүруге қауіп төндіру
    - өз жауабың............................................................................................................................
    2. Сенің ойыңша, қай жерлерде, кімнен бала қорлық - зорлыққа тап болуы мүмкін?
    - отбасында, жақын адамдардан
    - көшеде, бейтаныс адамдардан
    - мектептегі оқушылардан
    - достарынан
    - өз жауабың...........................................................................................................................
    3. Қиын жағдайда не істейсің?
    - Әке анамнан көмек сұраймын
    - Өз проблемамды өзім шешуге тырысамын
    - Ата - анамды мазалағым келмейді
    - Сынып жетекшіге жолығамын
    - Психологқа жолығамын
    - Әлеуметтік педагогқа жолығамын
    - Милицияға барамын
    - Директорға барамын
    - Шыдауға тырысамын
    - Достарыммен шешемін
    - Туған - туыстарыммен
    - Өз жауабың............................................................................................................................
    -6-

    4. Ата - анаңмен қарым - қатынасың қандай?
    - ата - анам досым
    - Жақсы қарым - қатынастамын
    - түсінбеушілік пен даулар болып тұрады
    - менсінбеушілікпен қарайтын сияқты
    - қол көтереді
    - әкем мен анам менен алыс
    - өз жауабың............................................................................................................................
    5. Жазалау барысында көбіне қандай шара қолданады?
    - ұрысады
    - ұрады
    - ақша бермейді
    - достарыммен сөйлестірмейді
    - телевизор, компьютер қарауға тиым салады
    - еш уақытта жазаламайды
    - түсіндіріп, көндіргісі келеді
    - желкемнен түйеді, шапалақ береді
    - дұрыс еместігін түсіндіргісі келеді
    - өз жауабың..........................................................................................................................
    6. Әке - анаңның жазалауымен келісесің бе?
    - иә
    - иә деп айтуға болады
    - жоқ
    - жоқ деп айтуға болады
    - өз жауабың............................................................................................................................
    7. Бір нәрсеге ашуланып, сенен өш алған уақыттары болды ма?
    - иә ондай жиі болып тұрады
    - айта алмаймын
    - кейде
    - еш уақытта
    - өз жауабың............................................................................................................................
    8. Өзің ата - ана болғанда өз балаларыңды жазалайсың ба?
    - иә
    - жоқ
    -7-

    9. Әке - анаң келесіге ниет білдіре ме?
    Сені мақтауға ------------- Құшақтауға ------------ Сүюге
    Үнемі ----------------------- Үнемі ------------------- Үнемі
    Анда - санда -------------- Анда - санда ---------- Анда - санда
    Еш уақытта ---------------- Еш уақытта ------------ Еш уақытта
    Әлде.... --------------------- Әлде.... ----------------- Әлде....
    Сені соғуға ----------- Үйден қууға ------------ Қараңғы бөлмеге қамауға
    Үнемі ------------------ Үнемі -------------------- Үнемі
    Анда - санда --------- Анда - санда ----------- Анда - санда
    Еш уақытта ---------- Еш уақытта ------------- Еш уақытта
    Әлде.... --------------- Әлде.... ----------------- Әлде....
    10. Істеген үлкен қателіктерің үшін қандай жаза қолданады?
    Анаң....................................... Әкең........................................................................
    11. Өз жанұяңда паналы, сүйікті екеніңді сезінесің бе?
    - иә
    - жоқ
    12. Егерде адам зорлыққа тап болса, қандай мекемелерден көмек сұрай алады деп ойлайсың?
    ...........................................................................................................................................
    13. Біздің заманымызда баланы зорлықтан қорғау үшін қандай құжаттар бар?
    ...........................................................................................................................................
    Рахмет!!!
    1.3 Білім беру мекемесіндегі зорлық-зомбылықтың түрлері

    I топ: Мектептегі зорлық-зомбылық.

    А) Мектептегі зорлық-зомбылық түрлері:

    1. Психологиялық зорлық-зомбылық– балаға назар аудармау, кері итеру, бақылау, баланы қорқытуға, үрей сезімін тудыруға, баланың мінезіне ықпал етуге,оның өзін-өзі құрметтеу, өз бағасын білу сезімін жоюға, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы мен жақсы өмір сүруіне кедергі келтіруге бағытталған қасақана жасалатын вербалды және іс-әрекеттік қимылдар схемасын қамтиды. Психологиялық кемсітушілік әрекетке баланың өзін керексіз, кемістігі бар, сүйкімсіз және қалаусыз болып табылатынына сендіру үшін жасалатын мазақтау, балағаттау, кемсіту, ұялту және дөрекі сөздер айту сияқты вербалды әрекеттер кіреді. Ол сондай-ақ баланы қорқыту және оны бақылау үшін қорқыныш сезімін тудыру мақсатында физикалық залал келтіре отырып балаға қауіп төндіру сияқты іс-әрекеттік қимылдарды да қамтиды.
      2. Физикалық зорлық-зомбылық– балаға қатысты өзге баланың не ересектің

    -8-

    1. тарапынан физикалық зардапқа не жарақатқа әкелетін, баланың денсаулығына, оның өмірінің ұзақтығына, дамуына, өзін-өзі бағалау сезіміне нұқсан келтіруі мүмкін физикалық күш көрсету арқылы жасалатын әрекеттер.
      3. Физикалық зорлық-зомбылық ретінде бағаланатын іс-әрекеттің түрлері көп: соққы, ұру, итеру, тебу, тұншықтыру, шаштан тарту, сілкілеу, қандай да бір затпен не қарумен шабуыл жасау. Физикалық зорлық-зомбылық көбінесе балаға залал не жарақат әкеледі, тіпті баланың мүгедек болуына не қайтыс болуына да соқтыруы мүмкін. Жыныстық сипаттағы сөздерді айту не қысым көрсету – қандай да бір баланың не ересектің балаға қатысты жыныстық алдап-арбауы, нәпсіқұмарлық сипатта ауызша не физикалық қысым көрсетуі.
      4. Бопсалау – балаға зорлық не тән жарақатын салу қаупін қосқанда, қысым жасау не мәжбүрлеу арқылы заңсыз ақша мен мүлік талап ету және алу түрінде көрінетін қылмыс.

    5.Кибербуллинг– баланың қыр соңына түсу, қорқыту, ұялту мақсатында Интернетті не басқа технологияларды пайдалану. Дөрекі, қатыгез сипаттағы мәтіндік хабарламалар жіберу; жәбірленушіні онлайн режімінде мазақ ету не жеке басына тән ақпаратты, фотоны не бейнежазбаны орналастыру; басқа баланың қыр соңына түсу не мазақ ету мақсатында жалған тіркеу жазбасын, веб-парақшаны не онлайн режімінде бейне жасау сияқты әрекет түрлерін қамтиды.
    Құрбылар тарапынан қорқытып -үркіту – нақты не болжамды күштер теңсіздігін білдіретін мектеп жасындағы балалар арасындағы агрессивті әрекеттер. Мінез-құлықтың мұндай моделі қайталанып отырады немесе белгілі бір кезең сайын қайталануы ықтимал. Баланы кемсіту қорқыту, өсек тарату, балаға физикалық не сөзбен тиісу не әдейілеп топтан шығарып тастауды қамтиды.

    6.Кемсітушілік– баланың жынысына, ұлтына, ұлыстық мәртебесіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, дініне не мүгедектігіне негізделген әділетсіз не бөліп-жару қарым-қатынасы. Тән жазасы – физикалық күш қолданылатын, балаға қандай да бір жеңіл ауырту сезімін не қолайсыздықты сездіруге бағытталған кез келген жазаны білдіреді. Көбінесе, бұл соғып жіберу, шапалақпен тартып қалу, баланы қолмен не затпен ұруды білдіреді. Сондай-ақ тебу, сілкілеу, баланы итеру, тырнау, шымшу, шашынан тарту не құлағынан жұлқылау, балаларды қолайсыз жағдайда ұстау, күйдіру, буға шалдыру, мәжбүрлеп жұтқызу (мысалы, баланың аузын сабынмен жуу не ащы дәмдеуіштерді жұтуға мәжбүрлеу) де қамтылады.
    Мұндай жаңалықтар оқырман назарын аудару үшін мектептегі зорлық зомбылықтың ең шиеленіскен және төтенше түрлеріне баса мән береді, бірақ мұндай жағдайлар сирек кездеседі. Мұндай жаңалықтар мектептегі зорлық-зомбылық мәселесін тым әсірлі көрсетіп, қоғамның мектептегі зорлық-зомбылық
      1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта