Главная страница
Навигация по странице:

  • Тиімді қанайналымның тоқтауы (ТҚТ)- негізгі кардиалдық себептері

  • Жедел коронарлық синдромның негізгі себептерін талдап,госпитальды этапқа дейінгі диагностикалық критерийлерін анықтаңыз. Жіті коронарлы синдром

  • Жедел коронарлы синдромны ң негізгі диагностик алық к ритери лері 1.

  • Клини калық белгілері

  • Жедел коронарлы синдромның типті клиникалық симптомдары

  • Тұрақсыз стенокардияның негізгі себептерін талдап,госпитальды этапқа дейінгі диагностикалық критерийлерін анықтаңыз.

  • Негізгі қауіп факторлары

  • Диагностикалық критерилері

  • Өкпе артериясының тромбоэмболиясының негізгі себептерін талдап,госпитальды этапқа дейінгі диагностикалық критерийлерін анықтаңыз.

  • Гипертониялық криздің негізгі себептерін талдап,госпитальды этапқа дейінгі диагностикалық критерийлерін анықтаңыз.

  • Жедел ырғақ бұзылысы :Экстасистолияның негізгі себептерін талдап,госпитальды этапқа дейінгі диагностикалық және ЭКГ критерийлерін анықтаңыз.

  • Жедел ырғақ бұзылысы : пароксизьмальды тахикардияның негізгі себептерін талдап,госпитальды этапқа дейінгі диагностикалық және ЭКГ критерийлерін анықтаңыз.

  • Жедел ырғақ бұзылысы : Жүрекше мен қарыншалардағы діріл мен жыбырдың негізгі себептерін талдап,госпитальды этапқа дейінгі диагностикалық және ЭКГ критерийлерін анықтаңыз.

  • Жедел ырғақ бұзылысы : АВ-блокаданың негізгі себептерін талдап,госпитальды этапқа дейінгі диагностикалық және ЭКГ критерийлерін анықтаңыз.

  • Синусты түйіннің әлсіздік синдромы

  • АВ – блокада 2 дәрежелі: АВ-блокада 2 дәрежелі Мобитц I типі

  • АВ-блокада 2 дәрежелі Мобитц II

  • АВ-блокада 3 дәреже

  • Кардиогенді шоктың негізгі себептерін талдап,госпитальды этапқа дейінгі диагностикалық критерийлерін анықтаңыз.

  • Диагностикалық критерийлер

  • 1 этап. Кенеттен ан айналымны тотауыны негізгі себептерін талдап,госпитальды этапа дейінгі диагностикалы критерийлерін анытаыз


    Скачать 139.7 Kb.
    НазваниеКенеттен ан айналымны тотауыны негізгі себептерін талдап,госпитальды этапа дейінгі диагностикалы критерийлерін анытаыз
    Дата21.09.2021
    Размер139.7 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 этап.docx
    ТипДокументы
    #235147
    страница1 из 6
      1   2   3   4   5   6

    1

    1

    Кенеттен қан айналымның тоқтауының негізгі себептерін талдап,госпитальды этапқа дейінгі диагностикалық критерийлерін анықтаңыз.

      1. Кенеттен болған өлім

    Нақты ауру белгілерінсіз, қалыпты жағдайда жүрген адамның күтпеген жерден немесе жағдайы нашарлаған уақыттан бастап, 60 минут ішінде кенеттен өлімге ұшырауы.

    Кенеттен өлу кардиогендік жəне кардиогендік емес генезді түрге бөлінеді. Тиімді қанайналымның тоқтауы (ТҚТ)- негізгі кардиалдық себептері: қарыншалық фибрилляция, пульссіз қарыншалық тахикардия, идиовентрикулярлы ритмді толық АВ- блокада, электромеханикалық диссоциация, асистолия.

    Диагностикасы

    Қанайналымның кенеттен тоқтауының белгілері:

    1. Естің болмауы;

    2. Ірі магистралді артерияларда пульсация анықталмайды;

    3. Тынысы болмайды;

    4. Қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы жоқ;

    5. Тері жамылғылары бозғылт-сұр, кейде цианозды.






    1

    2

    Жедел коронарлық синдромның негізгі себептерін талдап,госпитальды этапқа дейінгі диагностикалық критерийлерін анықтаңыз.

      1. Жіті коронарлы синдром

    Клиникалық, электрографиялық және лабораторлы көрініспен жүретін жүректің ишемиялық ауруының өршуін айқындау мақсатта, миокард инфаркті мен тұрақсыз стенокардия дамуына күдік туғанда жіті коронарлы синдром термині колданылады.

    Этиологиясы:

    • Коронарлы атрериялардың обтурациясы

    • Коронарлы атрериялардың атеросклерозы 93-98%

    • Хирургиялық обтурация (ангиопластика)

    • Коронарлы атрериялардың эмобилизациясы

    • Коронарлы атрериялардың спазмы

    Жедел коронарлы синдромның негізгі диагностикалық критерилері

    1. Төс артындағы ауырсынуға тән ерекшелік және симптомдарға негізделген физикалық тексеру
    Клиникалық белгілері:

    • Тыныштық жағдайындағы ұзақ уақытты (> 20 минут) ангинозды ауырсыну.

    • Канадалық жүрек-қантамырлық ұйымның (CCS) классификациясы бойынша ІІІ функционалды класқа (ФК) жататын алғаш пайда болған стенокардия (denovo).

    • Тұрақты күштемелік стенокардияның клиникалық нашарлауы немесе өршуі, стенокардияның ІІІ ФК-на тән сипаттардың пайда болуы (үдемелі күштемелік стенокардия).

    • Миокард инфарктынан кейінгі стенокардия (ерте инфаркттан кейінгі стенокардия), ауру басталғанна 24 сағаттан-2 апта аралығында пайда болады.

    • Тері арқылы коронарлы араласу/аорта коронарлы шунттаудан (АКШ) соң қайталанған стенокардия.


    Жедел коронарлы синдромның типті клиникалық симптомдары:

    • төс артындағы ауырлық және қысу сезімдері немесе дискомфорт;

    • сол қолға, жауырынға, мойынға, төменгі жақ сүйекке иррадияцияланады;

    • вегетативті нерв жүйесі тарапынан көрінетін белгілер (тер бөліну,

    жүрек айну,тыныстың қиындауы, сирек-құсу және естен тану);

    • миокард ишемиясымен байланысты клиникалық симптомдар: гипотензия, брадикардия, өкпе ісінуі коронарлы жағдайлардың дамуының жоғары қаупін көрсетеді


    Атипті клиникалық симптомдар:

    • эпигастрий аймағындағы ауырсыну, асқорытудың бұзылысы;

    • кеуде клеткасындағы тесіп ауырсыну;

    • ентігу.

    Атипті симптомдар әсіресе жастарда (25-40 жас) және қарт адамдарда (75 жастан жоғары), қант диабеті бар науқастарда (ҚД), созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда (СБЖ), деменция кезінде және әйел адамдарда байқалады.

    2. Жүректің ишемиялық ауруы бар болу мүмкіндігін бағалау: (егде жас, қауіп факторы, басынан өткерген миокард инфаркты, аорта-коронарлы шунттау, анамнезінде тері арқылы коронарлы араласу (ТКА) бар).

    3. Электрокардиограммадағы өзгерістер ST сегментінің изолиниядан ауытқуы немесе Т тісшесінің басқа да өзгерістері және т.б.).





    1

    3

    Тұрақсыз стенокардияның негізгі себептерін талдап,госпитальды этапқа дейінгі диагностикалық критерийлерін анықтаңыз.

    Алғашқы рет көп қайталанбалы немесе ауыр ангинозды ұстамалардың пайда болуы, бұрын болған стенокардияның асқынуы, стенокардияның қайта пайда болуы немесе алғаш рет пайда болуынан алғаш 14 күнде дамиды.

    Тыныштық жағдайда алғаш рет ангинозды ауырсыну пайда болғаны аса қауіпті ЖИА пайда болу қауіпі немесе клиникалық көріністері болады. ЭКГ-да өзгерістер ұстаманың қозуында да анықталмаған немесе тіпті болмауы мүмкін! Қосымша зерттеу әдістері: Тропанин тест Т немесе І.

    Негізгі қауіп факторлары:

    • Науқас жасы ( ерлерде ≥ 55 жас, әйелдерде ≥ 55 жас )

    • Шылым шегу

    • Қант диабеті

    • Дислипидемия

    • Тұқым қуалаушы гиперхолестеринемия

    • Артериалды гипертония

    • Бүйрек ауруы ( микроальбуминурия н/е ШФЖ < 60 мл/мин)

    • Семіздік ( ИМТ≥ 30 кг/м2 )

    • Гиподинамия

    Диагностикалық критерилері:

    ТС диагностикалық критерийлері: стенокардиялық ауырсынудың әдеттегі стереотипінің өзгеруі: жиіліктің жоғарылауы, стенокардия ұстамаларының қарқындылығы мен ұзақтығы және физикалық және психикалық шамадан тыс жүктемелерсіз немесе тыныштықта қан қысымының жоғарылауы. Кенеттен (әсіресе түнде) өткір әлсіздік, тұншығу, ырғақтың бұзылуы.

    -Орналасуы – төс артында;

    -Ауырсынудың пайда болу шарты – физикалық жүктеме, қатты эмоция, тамаққа аса тою, суық, желге қарсы жүру, шылым шегу;

    -Ауырсыну ұзақтығы 1-15 мин

    -Сипаты: ұстама тәрізді, батып, қысып ауырсыну;

    -Иррадиациясы: сол қол, төменгі жақсүйек

    -Ауырсыну тоқтайды: физикалық жүктемені тоқтатқанда, нитроглицерин қабылдағанда

    -Қосалқы белгілер: жүрек айну, құсу, тершеңдік, шаршағыштық, ентігу, жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы, АҚ жоғарылау ( кейде төмендейді)




    1

    4

    Өкпе артериясының тромбоэмболиясының негізгі себептерін талдап,госпитальды этапқа дейінгі диагностикалық критерийлерін анықтаңыз.

    Өкпе артериясының тромбоэмболиясы- қан айналымының үлкен шеңберінің тамырларында немесе жүректің оң жақ камераларында пайда болған және өкпе артериясына қан ағымымен енгізілген тромбтың бөлшектерімен өкпе артериясының магистралін немесе бұтақтарын окклюзиялау.

    Диагностика

    Көлемді ӨАТЭ кенет қан айналым бұзылысынан басталады (электромеханикалық диссоциация) немесе айқын ентігу, тахикардия, бозару, дененің жоғарғы бөлігінің цианозы, мойын көк тамырларының ісінуі, ангиноз тәрізді ауырсыну, жіті «өкпе текті жүректің» ЭКГда пайда болуымен жүретін шокпен көрініс береді.

    Көлемді емес ӨАТЭ ентігу, тахикардия, артериалды гипотензия, өкпе инфаркті белгілерімен (өкпе-плевралық ауырсыну, жөтел, жартысында қанмен аралас қақырық, дене қызуының көтерілуі) көрініс береді.

    Өкпе артериясының майда тамырларының тромбоэмболиясы қайталанбалы себепсіз ентігудің пайда болуымен көрініс береді.

    ӨАТЭ диагностикалау үшін мына факторларды ескеру қажет: тромбоэмболия пайда болу қауіпі, анамнезіндегі тромбоэмболиялық асқынулардың болуы, қарттық, ұзақ тасымалдау, жақын арада болған ота, аяқтардың төменгі бөлігінің көк тамырларының тромбозы, жүрек ақауы, жүрек жетіспеушілігі, жыбыр аритмиясы, онкологиялық аурулар.






    1

    5

    Гипертониялық криздің негізгі себептерін талдап,госпитальды этапқа дейінгі диагностикалық критерийлерін анықтаңыз.

    Гипертониялық криз-бұл қан қысымының кенеттен жоғарылауымен, өмірлік маңызды мүшелер функциясының бұзылу белгілерінің пайда болуымен немесе олардың дамуының нақты қаупімен, сондай-ақ нейровегетативті бұзылулармен сипатталатын клиникалық синдром.

    -менопаузадан өткен әйелдерде

    -аортаның және оның тармақтарының атеросклеротикалық зақымдануы кезінде,

    -бүйрек ауруларында (гломерулонефрит, пиелонефрит, нефроптоз), диабеттік нефропатияда, жүкті әйелдердің нефропатиясында.

    -жүйелік ауруларда: түйінді периартерит, жүйелі қызыл жегі;

    -эндокринопатияда: феохромоцитома, Иценко-Кушинг ауруы, бастапқы гиперальдостеронизм;

    -"тоқтату синдромы" деп аталатын жағдайда - гипотензивті препараттарды қабылдауды тез тоқтатқанда.

    Гипертензиялық криздің нейровегетативті түріне кенет басталу, систолалық қысымның көтерілуі мен пульстік көтерілуі, қозу, гиперемия мен тері ылғалдығы, басының ауырсынуы, жүрек айнуы, көрудің бұзылысы (шіркей тәрізді көріністер), тахикардия, полиурия.

    Гипертензивті криздің ісіну формасында жіті басталуы аз байқалады. Көбіне диастолалық қысым жоғары болып, пульстік қысым төмен болады, мазасыздық, әлсіздік, бозғылт, бас ауру, жүрек айну, құсу, парестезия, гемипарез, афазия, диплопия.

    Гипертензиялық криздің тырысу формасында систолалық пен диастолалық қысым тез көтеріліп, психомоторлы қозу болады, қатты бастың ауырсынуы, көп құсу, естің бұзылуы, клонико-тоникалық тырысулар.





    1

    6

    Жедел ырғақ бұзылысы :Экстасистолияның негізгі себептерін талдап,госпитальды этапқа дейінгі диагностикалық және ЭКГ критерийлерін анықтаңыз.

    Жүрек ырғағының бұзылуы деп жүректің автоматизмі, қозғыштығы, өткізгіштігі жəне жиырылу функциясының бұзылу нəтижесінде дамитын қалыпты физиологиялық жиырылу реттілігінің өзгеруін айтады. 

    Экстрасистола –бұл эктопиялық автоматизм ошақтарының белсенділігінің артуы әсерінен жүректің кейбір бөліктерінің немесе жүректің толығымен уақытынан бұрын жиырылуы. Орналасу орнына қарай:

    - қарыншаүстілік (жүрекшелік)

    - түйіндік (атриовентрикулалық)

    - қарыншалық экстрасистолия деп ажыратамыз.

    Экстрасистолиялар миокардтың органикалық зақымдануы (жүректің ишемиялық зақымдануы, миокардиттер, миокардиттің әр түрлі дистрофиялары, жүрек ақаулары, т.б.) салдарынан пайда болады.

    Жүрекшелік экстрасистолиялар электрокардиограммада қалыпты QRST комплексінде Р тісшесінің өзгеруімен байқалады. Р тісшесі үлкейген немесе кішірейген, екі еселенген, үшкірленген, оң немесе теріс мәнді болуы мүмкін.





    1

    7

    Жедел ырғақ бұзылысы : пароксизьмальды тахикардияның негізгі себептерін талдап,госпитальды этапқа дейінгі диагностикалық және ЭКГ критерийлерін анықтаңыз.

    Мезеттен басталып, бірден аяқталатын тахикардиялық ұстамаларда айқындалатын, ырғақтың бұзылысы. Ұстамалар бірнеше минуттан күнге сирек аптаға созылуы мүмкін. Ұстамалар кезінде пульс ритмді 1 минутта 140-тан 200- ге дейін соғады.

    ЭТИОЛОГИЯСЫ

    -қатты стресс;

    -жарақат немесе контузия;

    -психоэмоционалды шиеленіс;

    -несбалансированный рацион;

    -алкогольді теріс пайдалану, кофе, темекі шегу;

    -психоневрологиялық аурулар: вегетативтік-тамырлық дистония, невроз, неврастения.

    -Гипертиреоз

    Органикалық (интракардинальды, "жүрек") даму факторларына мыналар жатады:

    -миокардтың дистрофиялық өзгерістері;

    -жүректің ишемиялық ауруы;

    -атеросклероз және жүректің коронарлық тромбозы;

    -инфаркт нәтижесінде миокард бөлігінің склерозы;

    -маңызды гипертензия;

    -жүрек ақаулары, ревматизм, жүрек клапандарының құрылымдық өзгерістері;

    -жедел және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі.

    Тахикардияны қарыншалық және қарыншаүстілік (жүрекшелік және шумақтық) деп 2- ге ажыратамыз. Пароксизмалды тахикардияның барлық түрінде ЭКГ көрсеткіштері экстрасистолияға ұқсас болып келеді. Жүрекшелік тахикардия қарыншалық тахикардияға қарағанда өте сирек (10% ғана) кездеседі. Жиі шумақтық жүрекше-қарыншалық тахикардия кездеседі ( Р тісшесі көрінбейді, II, III, aVF тіркемелерінде теріс мәнді P тісшесі, P-Q интервалының ұзаруы мен QRS комплексінің өзгеріссіз қалуы).




    1

    8

    Жедел ырғақ бұзылысы : Жүрекше мен қарыншалардағы діріл мен жыбырдың негізгі себептерін талдап,госпитальды этапқа дейінгі диагностикалық және ЭКГ критерийлерін анықтаңыз.

    Қарыншаларда болатын жиі және ритмі сақталған қозулар ( 1минутта 200-300 дейін). Қарыншалар дірілі қарыншалар жыбырына ( фириляциясына) ауысады. Қарыншалар жыбыры- жиі (1 минутта 200- 500 дейін ), ритмсіз қозулар мен қарыншалардың жеке бұлшықет талшықтарындағы жиырылуымен сипатталады.

    Жедел миокард инфарктында, созылмалы жүректің ишемиялық ауруларында, миокардиттерде, гипертониялық ауруларда, алкоголді миокардиодистрофияларда кенеттен болған өлімнің бірден- бір себебі – қарыншалар дірілі мен жыбыры. Қарыншалар дірілінде электрокардиограммада бір-біріне ұқсас, синусты қисық, ритмді,аса ірі толқындар тіркеледі. Алайда қарыншалық пароксизмалді тахикардияда қарыншалық комплекстерді ажырату қиын ( R, S,T тісшелері, R-ST сегменті).

    Қарыншалар жыбырында ( фибриляциясында) электрокардиограммада әр түрлі амплитудалы толқындар тіркеледі. Олар толық хаотикалығымен және біркелкісіздігімен ажыратылады.

    Қарыншалар дірілі мен жыбырында қанайналым кенеттен тоқтайды. Науқаста естен тану, тыныстың тоқтауы, ірі артерияларда пульстің жоғалуы (клиникалық өлім) секілді клиникалық белгілеранықталады. Егер қарыншалар фибриляциясы ұзаққа созылған жағдайда дер кезінде реанимациялық көмек көрсетілмесе биологиялық өлімге алып келеді.





    1

    9

    Жедел ырғақ бұзылысы : АВ-блокаданың негізгі себептерін талдап,госпитальды этапқа дейінгі диагностикалық және ЭКГ критерийлерін анықтаңыз.

    Атриовентрикулярлы блокада дегеніміз электрлік импульстардың жүрекшелерден қарыншаларға өткізілуінің бұзылысы.

    Импульс өткізу бұзылысы өткізгіш жүйенің кез келген аймағында болуы мүмкін. Соған байланысты дисталды және проксимальды деп бөлеміз.

    Дисталды атриовентрикулярлы блокада Гис шоғырының барлық үш талшықтарының деңгейінде болады.

    Проксималды атриовентрикулярлы блокада дегеніміз жүрекшелер,АВ түйін немесе Гис шоғырының негізгі түбірінде импульс өткізілуінің бұзылысы.

    Жүрек АВ-блокадасының себептері миокардтағы ревматикалық процестер, кардиосклероз, жүректің сифилиттік зақымдануы, қарыншааралық септальды инфаркт, жүрек ақауы, кардиомиопатия, микседема, дәнекер тінінің диффузды аурулары, әртүрлі шығу тегі миокардит (аутоиммунды, дифтерия, тиротоксикалық), амилоидоз, саркоидоз, гемохроматоз, жүрек ісіктері және т.б.

    Синусты түйіннің әлсіздік синдромы :

    Ритм паузасы 2.5 сек тан көп (P-P интервалының)

    • Р-Р интервалының екі есе көп болуы

    • Синусты брадикардия

    • ЖСЖ нің жоғарылауының болмауы

    АВ блокада:

    АВ-блокада 1 дәрежелі:

    • Синусты ритм сақталады.

    • ЭКГ дағы белгілері: PQ интервалы 0,20с көп.

    • P тісшесінен кейін QRS комплексі сақталады.

    АВ – блокада 2 дәрежелі:

    АВ-блокада 2 дәрежелі Мобитц I типі

    • Синусты ритм сақталады.

    • Р-Q(R) интервалының бір комплекстен екінші комплекске қарай ұзаруы, QRS-T қарыншалық комплексінің түсіп қалуымен сипатталады. Р тісшесі сақталады.

    • QRS-T комплексі түсіп қалғаннан кейін қалыпты немесе аздап ұзарған Р-Q(R) интервалы анықталады.

    АВ-блокада 2 дәрежелі Мобитц II

    • Ритм синусты

    • тұрақты немесе ретсіз QRS-T комплексі түсіп қалуы

    • Тұрақты Р-Q(R,) интервалының болуы

    • Кейде QRS-T комплексінің кеңеюі және деформациясы

    АВ-блокада 3 дәреже:

    ЭКГ белгілері:

    1. Атриовентрикулярлы диссоцияция

    2. P-P және R-R интервалдары тұрақты, бірақ P-P интервалы R-R аралығынан аз.

    3. Қарыншалар жиырылуы 40- 60 қа дейін минутына.

    4 QRS . комплексі деформацияланған және кеңейген.




    1

    10

    Кардиогенді шоктың негізгі себептерін талдап,госпитальды этапқа дейінгі диагностикалық критерийлерін анықтаңыз.

    Ағзалар мен тіндердегі қан айналым бұзылысына әкелетін АҚ айқын төмендеуі. Систолалық қан қысымы қалыптыда 90мм. сн. төмен, пульстік -20мм.сн төмен. Перифериялық қан айналымның бұзылу симптомдары байқалады (көгерген-бозғылт, мәрмәр түсті ылғалды тері, кішірейген перифериялық көк тамырлар, табан мен қолдардағы қызудың төмендеуі); қан ағудың жылдамдығының төмендеуі (тырнақты немесе алақанды басқаннан кейін пайда болатн ақ дақ 2 секундтан аса уақытта кетеді), диурездің төмедеуі (20мл/сағ аз), естің бұзылуы (жеңіл тежелуден бастап, ошақтық неврологиялық симптоматика мен комаға дейін).

    Этиология.

    1. Миокардтың жайылмалы трансмуральді инфаркті.

    2. Миокардтың қайталамалы инфаркттары, əсіресе ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылысымен жүретін.

    3. Сол жақ қарынша миокарды массасының 40% жоғары немесе тең некроз аймақтары.

    4. Миокардтың жиырылу функциясының төмендеуі.

    5. Жіті коронарлық окклюзия дамуының алғашқы сағаттары мен күндерінен кейін басталатын ремодельдеу процесі нəтижесінде жүректің насостық функциясы төмендеуі.

    6. Жүрек тампонадасы.

    Диагностикалық критерийлер:

    - систолалық қан қысымының төмендеуі <90 мм рт. 30 минуттан артық, орташа қысым 65 мм сынап бағанасынан төмен. 30 минуттан артық немесе систолалық-диастолалық қан қысымын ұстап тұру үшін вазопрессорларды қолдану қажеттілігі ≥90 мм с.б.- өкпеде тоқырау белгілері немесе сол қарыншаның толу қысымының жоғарылауы;

    - органдардың гипоперфузиясының белгілері, кем дегенде, келесі критерийлердің бірінің болуы:

    * сананың бұзылуы;

    * суық, дымқыл тері;

    * олигурия;

    * плазма сарысуы лактатының жоғарылауы > 2ммоль/л .



      1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта