тест воп. . А. Ясауи атындаы халыаралы азаТрік университеті пн бойынша тесттік тапсырмалар Жалпы дрігерлік практика
Скачать 1.34 Mb.
|
/ Энтеровирусты инфекция / Герпетикалық инфекция / Қызылша / Аденовирусты инфекция / Қызамық (краснуха) ! 3 айлық баланы үйіне қарауға дәрігер келді. Баланың анасының шағымдануы бойынша 2 күн бойы жөтелге, субфебрильді қызуға, тәбетінің төмендеуіне, бүгін тамақ жеуден ішуден бас тартады, балада кеуде клеткасының тартылуы байқалады. Сіздің әрекетіңіз, БЖАИЖ келісімімен: / Пневмонияға 1 антибиотик тағайындап, бірден ауруханаға жатқызу / Қауіпсіз заттармен тамақты сүртіп жеңілдету, 3-күннен соң келесі келуді тағайындау / Тез әсер ететін бронхолитиктің 1 мөлшерін беру, 5-күннен соң келесі келуді тағайындау / Тез әсер ететін бронхолитиктің 1 мөлшерін беру, қосымша сальбутамол, бірден ауруханаға жатқызу / Пневмонияға антибактериальды дәрілер тағайындау, 2күннен соң келесі келуді тағайындау ! 10-жастағы бала бронх демікпесіне байланысты амбулаторлы ем қабылдайды. Анасына 10 күнге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілді. Бірақ бала әлі толық жазылған жоқ. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағына байланысты үлескелік дәрігер әрекеті: / Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын жабу / Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын 3 күнге созу / Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын 6 күнге созу / Жаңа уақытша еңбекке жарамсыздық парағын 3 күнге ашу / Жаңа уақытша еңбекке жарамсыздық парағын 6 күнге ашу ! Профилактикалық қарауға 14 жасар қыз бала келді. Анамнезі: 10 жасында буындардың зақымдалуымен және эндокардитпен өткен алғашқы ревматизмді шабуыл болған. Әлсіздік, тез шаршау, физикалық күш түскенде ентігу, кешке қарай аяқтың сыртқы беткейінде ісінулер болатынын айтады. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындысы таза, бозғылт. Жүрек тондары тұйықталған, жуан-дөрекі пансистолалы шу естіледі. Балтырлары пастозды. Сіздің әдісіңіз: / Жүректің УДЗ және доплерография жасау / Диуретиктерді тағайындап, барысында бақылау / Ревматолог кеңесіне жолдама беру / Кардиохирург кеңесіне жолдама беру / Антибиотиктер мен диуретиктер тағайындау ! Ауруханаға 15 жасар М. атты науқас бала, ентікпеге, жүрек дүрсіліне, оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, аяқтарындағы ісінулерге шағымданып түсті. 11 жыл бойы «ревматизм» диагнозымен диспансерлік есепте тіркелген. Тері жабындысы бозғылт, акроцианоз, бетәлпетінің қызғылттануы байқалады. Өкпенің базальды бөлімдерінде – дыбыссыз ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекарасы жоғары және оңға қарай кеңейген. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты; жүрек ұшында систолалы шу, өкпе артериясында ІІ тонның акценті естіледі. Тамыр соғысы минутына 96 рет, ЖЖЖ - минутына 140 рет. АҚ– 130/85 мм. сын.бағ. Іші жұмсақ, бауыр қабырға доғасынан 3-4 см шығып тұрады. Аяқтарында ісінулер бар. Тәуліктік диурезі – 650 мл. Сіздің емдік шараңыз: / Диуретиктер / Антибиотиктер / Қабынуға қарсы дәрілер / Антиаритмиялық дәрілер / Калий дәрілері ! 10 жастағы ұл бала, іштегі толғақтәрізді ауырсынуға шағымданады. Рентгенологиялық көпіршік рефлексінің кеш болуы, тітіркендіргішті енгізгеннен кейін 45 минуттан кейін. Емдеу тактикасын көрсетіңіз: / Папаверин 0,02 г 3 рет күніне / Ампициллин 100 мг/кг 3 ретке бөліп / Де-нол 0,04 г 3 рет күніне / Аспирин 0,015 3 рет күніне / Цефазалин 40 мг/кг 3 ретке бөліп ! Он төрт жасар балада асқазан ішек жолының жара ауруына күмән бар. Тексеру мақсатында ауруханаға жатқызылды. Клиникалық көрінісінде алғашқы орында ауыру синдромы, сосын диспепсиялық синдром және қозу синдромыбайқалады. Бұлшық ет қорғанысы оң, вегетативті жүйке жүйесінде бұзылыс бар. Баланы тексеруде негізгі жабдықты зерттеу: / Эзофагогастродуоденоскопия / Барий арқылы рентген / Ультрадыбысты зерттеу / Пакреатохолангиография / Компьютерлі томография ! 14 жастағы жас жігітте АГ байқалады, өте жоғары қан қысымымен, бала кезінен педиатрда тіркеуде тұрған. Жалпы тәжірибелік дәрігер бүйрек тамырларының патологиясы туралы ойлайды. Осыны анықтау үшін қай зерттеу ең мағыналы болып есептеледі: / Бүйректік артериография / Бүйректің УДЗ / Бүйректің сцинтиграфиясы / Бүйрек артерияларының УДЗ / Контрастты урография ! Стационарға 7 жастағы қыз бала түсті. Шағымдары: ауырсынумен жүретін зәр шығару, зәр түсінің өзгеруі. Жағдайы орташа ауырлықта. Еріннің шырышты қабаты мен сыртқы жыныс мүшелерінің шырышты қабаттарында герпетикалық бөртпелер. Зәрі қызыл түсті. Қан анализінде: Нв-102 г/л, Эр.-3,4х10-9/л, ЭТЖ-15 мм/сағ. Зәр анализі: эритроциттер бірыңғай. Тағайындау керек: / Спазмолитиктер, уросептиктер, вирусқа қарсы заттар / Уросептиктер, физиоем, сульфаниламидтер / Уросептиктер,спазмолитиктер, глюкортикостероидтар / Уросептиктер,спазмолитиктер, зәр айдағыш заттар / Сульфаниламидтер, глюкокортикостероидтар ! Он үш жастағы науқас бала, суық тигеннен кейін қолының буындарында ісіну мен ауыру сезімі пайда болғанын айтады. Жіті ауыру сезімдері басылғаннан кейін, таңертеңгілік құрысу пайда болды, зақымданған буындар саны көбейген. Натрий диклофенак тағайындалған. Сегіз айдан кейін бұл үрдістің белсенділігі аздап төмендеген, бірақ басқа да буындардың зақымдалуы байқалады. Рентгенде саусақтар буындарының сүйек-шеміршек деструкциясы көрінеді. Емдеу әдісін: / Глюкокортикостероидты ем / Диклофенакпен емдеуді жалғастыру / Стероидты емес қабынуға қарсы ем / Антибиотикотерапиялық ем / Физиоем тағайындау ! Он үш жасар бала әлсіздікке, тершеңдікке, 2 жылда 8 кг-ға арықтағанына шағымданады. Объективті: барлық лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыр қабырға доғасынан 2см шығып тұрады, көкбауыр ұлғайған. Қан анализі: гемоглобин –85 г/л, эритроциттер –3,0 х 1012/л, лейкоциттер - 135,0 х 109/л, таяқша ядролы – 3%, лимфоциттер – 96 %, моноциттер – 1 %, ЭТЖ – 28 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализі: жалпы билирубин - 45 мкмоль/л, тура билирубин - 11мкмоль/л. Сарысулық темір -28ммоль/л, Кумбс сынамасы оң. Негізгі диагнозды нақтылайтын зерттеу тәсілі: / Стернальді пункция / Иммуноферментті анализ / Трепанобиопсия / Лимфа түйіндерінің биопсиясы / Көкбауыр пункциясы ! Ауруханаға 15 жасар қыз бала жүректің дүрсілдеуіне, ентігу, әлсіздік, тітіркенгіш, тершеңдік, жүдеу шағымдарымен түсті. Бір жыл аралығында осы өзгерістерді байқайды. Ауыр стресс болыпты. Объективті: тынымсыз, көзжанары жақсы, қол саусақтарының треморы байқалады, Ромберг қалпы тұрақсыз, гипергидроз. Өкпеде - везикулярлы тыныс. Жүрек тондары қатты дыбысты, тахикардия ЖЖЖ минутына 110 рет, АҚ 140/50-160/40 мм. сын.бағ. Жиі іш өтулер байқалады. Науқасқа қандай зерттеу тағайындауға болады: / Қанда Т3 пен Т4 анықтау / Баримен мойын R-графиясы / Қалқанша безінің УДЗ / Қалқанша безінің сцинтиграфиясы / С-реактивті белокты анықтау ! 4 жастағы бала, ауырғанына 2 күн болды, дене қызуы 37,7 С, мұрнынан су ағады, жөтел, тамағы қызарған, тыныс алу жиідігі минутына 25 рет, ЖСЖ – минутына 115 рет. Өкпесінің барлық жерінде бірдей таралған қатаң тыныс, сырылдар жоқ, перкуторлық дыбыс өзгермеген. Сіздің емдік әрекетің: / Жылы сұйықтық, қақырық шығарушы препараттар / Антибиотиктер + қақырық шығарушы препараттар / Аналгетиктер + сульфаниламидтер / Эуфиллин, сульфаниламидтер / Гистаминге қарсы препараттар, қақырық шығарушы препараттар ! Странгуляциалық ішек түйілуіне әкелетін ЕҢ жиі себебке жатады: / Ішек ілмегінің айналуы / Копростаз / Ішек қуысының ісікпен обтурациясы / Көкбауыр инфаркты / Ішек парезі ! Төменде көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал қандай жағдай дамуы мүмкін? / Жара перфорациясы / Бүйректік шаншу / Шажырқай тамырларының тромбозы / Қақпаша тарылуы / Қолқаның ажырамалы аневризмасы ! 18 жасар бойжеткен. Көбінесе қыста болатын аяқ-қолдар саусақтарының ауруына және қышуына шағымданады. Объективті: тамақтануы төмен, тері жабындылары бозарған, құрғақ, аяқ-қолдарын ұстағанда суық, цианозды, қасу іздері бар. Төменде көрсетілген тактикалардың ішінен ЕҢ бірінші кезекте жасайтыны қайсысы? / Кешке жылы ванналар / Спиртпен сүрту / Массаж / Жылы сұйықтық / Маймен сүрту ! Қолқаның және оның тармақтарының аускультациясы маңызды / артериальды стенозда / венаның варикозды кеңеюінде / посттромбофлебитикалық синдромда / Рейно ауруында / Акроцианозда ! Науқас сізге сол жақ жамбас аймағындағы және балтырындағы ауырсынуға шағымданып келді. Түскі ас кезінде қайнаған суды аяғына төгіп алды. Қарағанда: алдыңғы сол жақ жамбас аймағының беткейінде және балтыры қызарған, көпіршікпен жабылған. Күйік аумағы 16%. Сіз не істейсіз: / Жедел жәрдем шақырып науқасты хирургиялық стационарға бағыттау / Жедел жәрдем шақырып науқасты күйік орталығына бағыттау / Жедел жәрдем шақырып науқасты травпунктке бағыттау / Науқасты хирургқа кеңеске бағыттау / Науқасты травмотологтың кеңеске бағыттау ! 70 жастағы әйел эпигастрий, кіндік маңы аймағындағы кенеттен пайда болған жедел ұстамалв ауру сезіміне, көп ретті құсу, газдвң шықпауына шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 370 С, боз, тілі құрғақ, іші кепкен, оң жақ кіндік маңы аймақта тимпанит, «шалпылдаған шу», қарқынды перистальтика. Қанда: лейкоциттер 18х109 /л, ЭТЖ 29 мм/сағ. Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы? / Ащы ішек түйілуі / Тоқ ішек түйілуі / Перитонит / Жедел аппендицит / Мезентериальды тамырлар тромбозы ! 48 жасар әйел, эпигастрий аймағындағы үдемелі, арқасына берілетін ауру сезіміне, лоқсу, жеңілдік әкелмейтін өтпен құсуға шағымданады. Көп мөлшерде алкоголь ішеді. Қарап: боз, пульсі минутына 90 рет, артериалдық қан қысымы 100/60 мм.с.б.б., іші ассиметриялы кепкен, эпигастрий және сол жақ қабырға астында ауру сезімі бар, Керте және Воскресенский симптомдары оң. Қан талдауында: лейкоциттер 12х109/л, ЭТЖ 18 мм/сағ, зәр диастазасы 530 бір. Вольгемут бойынша, қандағы қант 6,5 ммоль/л. Көрсеілгендер ішінде ЕҢ негізделген емдеу тактикасы қандай? / Симптоматикалық ем / Спирт-новокаинды бөгет / Склеротерапия / Лапароскопия / Хирургиялық ем ! 67 жастағы ер адам, кенеттен пайда болған ұстама тәрізді іштегі ауру сезіміне, құсуға, газ шықпауына, үлкен дәретінің жоқ болуына шағымданады. Қарап тексергенде: бозғылт, адинамиялы, дене температурасы 35,80 С, тілі құрғақ. Іші ассиметриялы кепкен, сол жақ мықын аймағында Вале, Кивуль симптомдары оң, перистальтикасы қашықтықтан естіледі. Қанда: эритроциттер 6х1012 /л, лейкоциттер 18х109 /л, ЭТЖ 29 мм/сағ. Көрсетілгендер ішінде қайсы диагностикалық зерттеу ЕҢ бірінші орында? / Құрсақ қуысы рентгенографиясы / Ирригоскопия / Ректороманоскопия / Колоноскопия / Құрсақ қуысы лапароскопиясы ! 67 жастағы әйел, гипертоник. Қабылдауда кенеттен сол аяғының ауырсыну сезіміне, бозаруына шағымданады. қарап тексергенде: мәрмәр реңді сол аяқ терісі біртіндер цкөгере бастады. Пульс анықталмайды. Төмендегі дәрілік препараттардың қайсысы ЕҢ алғаш тағайындайды? / Фибринолизин 60000 Б көктамырға / Кофеин 10% - 1 мл тері астына / Промедол 2% - 1 мл тері астына / Папаверина гидрохлорид 2%-2 мл тері астына / Эуфиллин 2,4 % - 10 мл көктамырға ! Ер адам 55 жаста, жүргізуші. Дефекация кезіндегі ауру сезіміне, нәжіспен араласпаған алқызыл қанның бөлінуіне, анус аймағындағы түйіндер мен қышуға шағымданады. Айтылған шағымдар кезеңді түрде физикалық күштемеден соң пайда болады. Соңғы айда түйіндер кез-келген күшенуде түсуі болады, қолмен салса, бірден қайтадан түседі. Қарап тексергенде: анус аймағында «үш және жеті сағаттарында» 2х2,5 см өлшемді түйіндер, тік ішекті саусақпен тексергенде тығыз және ауыратын домаланған түзілістер бар. Көрсетілгендер ішінде ЕҢ негізделген емдеу әдісі қандай? / Геморроидэктомия / Инфрақызыл фотокоагуляция / Склеротерапия / Латексті сақиналармен түйіндерді лигирлеу / Консервативті ем ! Ер адам 69 жаста. Дефекация актінде қолмен жеңіл салынатын, тік ішектің азғантай учаскесінің түсуіне, газдарын ұстай алмауына шағымданады. Қарап тексергенде: жүресінен отырып күшенгенде конус түрінде тік ішектің шырышты қабығы түсуі көрінеді. Саусақпен тексергенде сфинктер әлсіреген. Көрсетілгендер ішінде ЕҢ негізделген емдеу шарасы қандай?: / Ректопексия / Отырмалы ванна / Микроклизмалар / Іш қатулардың алдын-алу / Склеротерапия ! 48 жастағы науқас мынадай шағымдармен ауруханаға түсті: балтыр бұлшықетінің ауыруы,бөксе,бел, 20-30метр аралығында жүрісінде импотенция байқалады. 9 ай аралығында ауру болып табылады. 2 жыл бұрын кіші көлемді миокард, инфарктысымен ауырған. Объективті: беткі тері ұшы "піл сүйегіндей", сирақтың беткі түктері жоқ. Аяқтың артериялық пульсі анықталмайды. Аурудың клиникасы және науқастың аяқтық облитерациялық атеросклерозы объективті белгімен белгіленеді, Лериш синдромымен жүректің ишемиялық ауырумен байқалады,не істеуге болмайды? / капилляроскопия / реовазография / термометрия / ультрадыбыстық доплерография / аортаграфия ! Науқас Т. -68 жаста, экономика ғылымдарының кандидаты, ЖОО- оқытушы болған. Туысқандарына әйелі оның тамағына қүм қосатынын айтып шағымданған, “Әйелім мені уландырып, мен олген соң, жас көршіге тұрмысқа шыққысы келеді”. Өзі жоқта әйелі оның заттарын ақтаратынын байқаған. Есте сақтау қабілеті бұзылмаған. Соматикалық тұрғыда: аускультация кезінде аортадан 2 тонға жоғары акцент байқалады. Қан қысымы 150\90 мм сынап бағанасы бойынша. Неврологиялық жағынан ешқандай өзгеріс жоқ. Диагноз қойып, оңалту әдістерін анықтау қажет. / Инволюциондық параноид. Нейролептиктермен психофармакотерапия жасау. (азалептин, трифтазин, соналакс) / Алкогольдік паранойя. Транквилизаторлармен психофармакотерапия жасау (феназепам, реланиум) / Параноидтық шезофрения. Нейролептиктермен психофармакотерапия жасау. (галоперидол, хлориротиксен) / Алкогольдік параноид. Нейролептиктермен психофармакотерапия жасау. (галоперидол, транквилизаторлар, фенозепам, элениум) / Тамырлық психоз. Тамырлық құралдармен фармакотерапия жасау ноотроптармен. ! Психиатриялық клиникаға 30 жастағы жас келіншек жеткізілді, 2 ай бұрын бұл келіншек баласынан айырылған. Өз-өзіне қол жұмсау арқылы өлмекші юолған. Бһлімшеде бір нүктеге қарап қозғалыссыз отырады. Бет әлпетінде терең кұйзеліс, жыламайды. Сұрақтарға қинала отырып жауап береді. Өзін баласының өміріне кінәлі санайды. “Оған аз көңіл бөлдім”- деп санайды. Басқа екі баласына қамқорлық жасамайды. Бұл жағдай бір жарым айға созылған. Біртіндеп, колданған емшаралардың әсерінен науқас аурулық жағдайдан айығып шықты. Диагноз қою – оңалту әдістері. / Реактивті депрессия. Антидепрессанттар, психотерапия / МДП депрессивтік фаза. Антидепрессанттар, нейролептиктер. / Шизотиптік бұзылу. Депрессивтік синдром. Антидепрессантар. / Астениялық невроз, депрессивтік синдром, антидепрессанттар / Бетперделік депрессия. Антидепрессанттар, психотерапия. ! Науқас В- 78 жаста. Қызының айтуына қарағанда соңғы 2 жыл ішінде мінезі бұзыла бастаған : мазасыз, ұрысқақ, тұнжыраңқы болған, заттарының арасында қатқан нан, печенье, кампиттер, ескі- құсқы шүберектерді тығып қояды. Сол заттарды қайта қайта қопарып қарай береді, өзіне қарамайды, сырт кейпі ұсқынсыз, тамаққа тойымсыздық, мешкейлік байқалады. 7 жыл бұрын жұбайы қайтыс болған. Жаұында ұызынан жұбайы ұайда екенін сұраған:”Абай қайда кетті “ Қызына әкесінің жұмысына хабарласып, түскі асқа шақыруын сұрайды. Өзінің жағдайына сыны жоқ. Диагноз қойыңыз. / Сенильдік деменция / Лакунарлық деменция / аликалық ақыл-кемдігі. / Эпилептикалық ақыл кемдігі. / Инволюциялық ақыл кемдігі. ! Қыз бала – 7 жаста, ата-анасының жалғыз баласы, көп емделуден кейін туған, көптен күткен бала. Сәби дүниеге келгеннен бастап отбасының кумиріне айналған, айтқанынң барлығын орындатып отырған, бетін қақпа»һй һсірген перзент. Анасы қонақтарға қызының жалған таланттарын жиі көрсеткен, ән айтқызып,өлең шумақтарын оқытқызып, қызының ерекше талантына таңданып отырған. Мектепке барған кезде ұстаздар қыздың бойынан мінез құлықтың ерекшеліктерін байқаған. Айлакер, қандай тәсілмен барлығының назарын өзіне аударғысы келген. Диагноз қойыңыз. Диагностикалық оңалту әдісін анықтаңыз: / Тұлғаның истериялық бұзылуы. Отбасылық психотерапия. / Тұлғаның психоастениялық бұзылуы. Отбасылық психотерапия. / Истериялық невроз. Транквилизаторлар, топтық психотерапия. / Истериялық психоз. Нейролептиктер. Транквилизаторлар. / Жеңіл дәрежелі ақыл кемдігі. Психостимуляторлар, ноотроптар. ! Ер адам-45 жаста, жол қозғалысы кызметкері. Ешбір себепсіз, шектен тыс белсенділік танытқан, көңіл күйі көтеріңкі, көліктерді тоқтатып, жүргізушілермен қалжыңдасып, көп сөйлеген, ұятсыз анекдоттар айтқан, назары тұрақсыз, басқа әңгімеге тез ауып кетеді. Жетекші синдром. / Депрессиялық / Дисфориялық / Гебефрениялық / Маниакалдық / Псевдодеменция ! Маникалды деприссиялық психоз бен шизофренияға дифференциалды диагностика жасау кезінде маниакалды депрессиялық психоздың пайдасына шешілетін критерийлер: / Ұстамадан кейін тұлғаның бұзылуы болмауы / Көңіл күйдің тәулік ішінде құбылмауы / Ұстамалардың арасында тұлғалық өзгерістердің дамуы / Мерзімдіктің болмауы / Ер жынысы ! Науқастың басының астынан жастықты алып тастадық. Ол сол басы көтерулі қалпында бірнеше сағаттай жатады. Науқастың аурулы жағдайын атаңыз: / Эхопраксия / Белсенді негативизм / Пассивті негативизм / Пассивті (автоматикалық) бағынушылық / Каталепсия ! Есірткіні жүйелі түрде қолдану фонында дамитын улану кезіндегі психикалық жайлылық төмендегідей сипатталады: / Психикалық тәуелділіктің қалыптасуы / Организм реактивтігінің өзгеруі / Физикалық тәуелділіктің қалыптасуы / Толеранттықтың төмендеуі / Абстиненттік синдромның дамуы ! Науқас қоршаған ортадан қол үзген, дәрігермен әңгімелесуден бас тартады, қимыл қозғалысы шектеулі, тек төсек аумағын қамтиды, делирийдің бұл түрін қалай аталады: / Гипнагогиялық делирий / Профессионалдық делирий / Атипиялық делирий / Делирийсіз делирий ! 1971 жылы бекітілген «Психотроптық заттар туралы конвенция» халықаралық бақылауы психотроптық препараттардың қай түрлерін қамтиды: / ОЖЖ стимуляторлары, Ұйықтататын препараттар, Седативтік препараттар, Галлюциногендер; / Барбитураттар, Алкоголь, Нейролептиктер, Антидепрессанттар; / Галлюциногендер, Каннабиноидтар, ОЖЖ стимуляторлары, Опиоидтар; / Ингалянттар, Барбитураттар, Каннабиноидтар, ОЖЖ стимуляторлары / Опиоидтар, Каннабиноидтар, Психоделиктер, Психостимуляторлар ! Дискотекада жүрген бір топ балалардың біреуі өзінің сиқырлы таблетканың дәмін татып көргенін айтқан. Сол кезде оның көз алдында жарық от шашулар пайда болған, белгісіз контурлар, геометриялық фигуралар, сонымен қатар, дыбыстар мен реңдер айқындала бастаған. Ол «музыканы көріп», «образдарды еститін» болған, ішкі органдары қалай жұмыс істейтінін сезген. Алғащқы балалық шағындағы жағдайларды есіне түсірген. Интоксикацияның бұл түрі: / Психодизлептиктермен улану / Каннабиноидтармен улану / Ингалянттармен улану / Психостимуляторлармен улану / Опиоидтармен улану ! Пациент 17 жаста, жедел медициналық көмек бригадасымен наркологиялық бөлімшеге жеткізілген. Дәрігерлер келген кезде ол бейадекваттық жағдайда болған: мағынасыз көп сөйлейді, дауысы бәсең, дірілдеп шығады. Объективті:көз қарашығы үлкейген, жарыққа реакциясы жоқ, бет терісі бозарған, суық терге түскен, терісінен күйген шөптің иісі шығады. Тамыр соғысы минутына 130, қан қысымы -160/100мм, ЧДД-30м... Интоксикацияның түрі. Бұл пациентті емдеу қай дәрігердің құзырында? / Психостимуляторлармен улану. Терапевт. / Опиаттармен улану. Реаниматолог. / Ингалянттармен улану. Нарколог / Каннабиноидтармен улану. Нарколог / Каннабиноидтармен улану салдарынан пайда болған абстиненттік синдром. Реаниматолог. ! Мына жүйке зақымданғанда амавроз дамиды: / Көру нервісі / Көру трактысы / Иіс сезу трактысы / Көру төмпешігі / Ішкі капсула ! Қарашықтардың әр түрлі болуы аталады: / Анизокория / Миоз / Мидриаз / Амблиопия / Амавроз ! 68 жастағы әйел адамда ми инсульты дамыды. Неврологиялық статуста: оң жақты гемиплегия, гемианестезия және гемианопсия. Патологиялық ошақ қайда орналасқан: / Ішкі капсула сол жақтан / Маңдай бөлігі сол жақтан / Маңдай бөлігі оң жақтан / Ішкі капсула оң жақтан / Ми бағаны ! Науқаста дерттің нәтижесінде жүрген кезде атаксия, саусақ-мұрын және тізе-өкше сынамасын жасағанда интенционды тремор, оңға қарағанда нистагм пайда болды. Бұл клиника оң жақтан айқын көрінеді. Ромберг позасында науқас оңға құлайды. Патологиялық ошақ орнын көрсет: / Мишықтың оң жақ шар жартысы / Мишық құрты / Мишықтың сол жақ шар жартысы / Мищықтың жоғарғы аяқшалары / Мищықтың төменгі аяқшалары ! Науқаста кенеттен басының ауру сезімі, құсу, жүрек айну симптомдары пайда болды. Объективті тексергенде: горизонтальді нистагм, солға қарағанда айқын, сол жақтан адиадохокинез, скандирленген сөйлеу, атаксия, Ромберг позасында солға құлайды. Зақымданған ошақ аймағын тап: / Мишықтың сол жақ жарты шары / Мишықтың жоғарғы аяқшалары / Мишықтың төменгі аяқшалары / Мишықтың оң жақ жарты шары / Мишық құрты ! 42 жасар ер адам, 3 жыл бұрын бас-ми жарақатын алды. Жүрісінің бұзылуына, оң жақ қол мен аяғының қозғалыстарының бұзылысына шағымданады. Қарағанда – орталық тип бойынша оң жақты пирамидалы жетіспеушілік, координаторлы сынамаларды сол жақтан интенциямен жүргізеді, адиадохокинез сол жақтан, сол жақтан бұлщықет гипотониясы. Зақымданған құрылымдарды көрсет: / Алдыңғы ортаңғы иірім сол жақтан, мишықтың сол жақ жарты шары / Жұлын-церебелярлы жол сол жақтан, руброспинальды оң жақтан / Алдыңғы ортаңғы иірім сол жақтан, сол жақты маңдай-мишықты жол / Алдыңғы ортаңғы иірім оң жақтан, оң жақты маңдай-мишықты жол / Жұлын-церебелярлы жол оң жақтан, руброспинальды сол жақтан ! Науқаста атаксия, оң жақтан интенционный тремор, адиадохокинез, горизонтальды нистагм. Зақымдану ошақ қайда орналасқан: / Мишықтың оң жақ жарты шары / Мишық құрты / Оң жақ ми аяқшасы / Мишықтың сол жақ жарты шары / Сол жақ алдыңғы ортаңғы иірім ! Гипертониялық аурумен ауыратын 54 жасар ер адамда кенеттен сөйлеу қабілетінің бұзылуы байқалды. Оған айтқан сөзді түсінеді, қарапайым инструкцияларды орындайды, экспрессивті сөйлеу қабілеті тежелген. Қандай аймақ зақымданған: / Брок аймағы / Вернике аймағы / Шетүстілік иірім / Аралшық / Супрамаргинальды иірім ! 48 жасар ер адам, оң жақ шайнау бұлшықеттерінің әлсіздігіне шағымданады. 1 жыл көлемінде ауырады. Объективті: ауызын ашқанда төменгі жақ оң жаққа ығысады. Оң жақ шайнау бұлшықеттерінің гипотрофиясы және гипотониясы. Төменгі жақ рефлекстері оң жақтан төмендеген. Сезімталдық бетте сақталған. Патологиялық процесстің орналасқан жері: / Үшкіл нервтің оң жақ қозғалыс ядролары / Тілжұтқыншақ нервтің оң жақ қозғалыс ядролары / Үшкіл нервтің III тармағы / Бет нервісі оң жақтан / Кезбе нерв оң жақтан ! Әйел адам, 43 жасар, невропатологқа бетінің асимметриясына шағымданады. Жуынып жатқанда байқады: ауыз қуысында суды ұстай алмайды, ұртын үрлей алмайды. Өзінің ауруын суықпен байланыстырады. Объективті: көз саңылауы сол жақтан ұлғайған, көзі жабылмайды. Қасын түйгенде қыртыс пайда болмайды. Сол жақ мұрын-ерін бұрышы тегістелген. Белл симптомы сол жақтан оң. Көзінен жас ағады. Қасүсті рефлексі сол жақтан шақырылмайды. Мишықтық симптомдар және сезімталдық бұзылыстар анықталмайды. Науқаста қандай диагноз: / Бет нервтің невропатиясы / Үшкіл нервтің невропатиясы / Кезбе нервтің невропатиясы / Тілжұтқыншақ нервтің невропатиясы / Тіласты нервтің невропатиясы ! 8 жасар қыздың анасы дәрігерге мынадай шағымдармен келді: соңғы 3 ай көлемінде қызы нашар оқи бастады. Сабақ үстінде қызда периодты түрде қатып қалған көзқарас, сол уақытта сұраққа жауап бермейді, өзінің атына тіл қатпайды. Талмалар еш уақытта болмаған. Неврологиялық қарауда ешқандай бұзылыс байқалмады. Науқаста қандай диагноз болуы мүмкін: / Абсанстар / Синкопальды жағдайлар / Тәрбие дефектісі / Талу / Джексонды талмалар ! 26 жасар ер кісі емханаға айына 1-2 рет болатын талмаға шағымданып келді. Талмалар 6 ай көлемінде. Талмалар өздігінен пайда болады. Туыстары науқас талма болған кезде құлайтынын, денесі тырысып қалатынын айтады, кейін талма пайда болатынын, тілін тістейтінін, еріксіз зәр шығаратынын айтады. Клиникалық зерттеулерден кейін диагноз қойылып, ем тағайындалды. Қандай дәрілік заттар қолданған дұрыс: / Депакин / Диакарб / Преднизолон / Энцефабол / Прозерин ! Жұқпалы ауру анықталған жағдайда шұғыл хабарлама қандай мерзімде жіберілуі керек? / 12 сағатта / тезарада / 1 тәулікте / 2 тәулікте / 7 тәулікте ! Жұқпалы ауруға күдіктенгенде СЭС-на қандай құжат жіберіледі? / Шұғыл хабарлама / Тіркеу журналы / Ауру тарихы / Санэпидбарлау картасы / Заттық түбіртек ! Инфекциялық стационардың қабылдау бөлмесіне бір уақытта: вирусты гепатит, іш сүзегі, күл ауруы, тағамнан улану жұқпасы диагноздарымен төрт науқас түседі. Қабылдау бөлмесінде науқастарды қабылдауда қандай құжатнама қолданылады? / Науқастарды тіркеу журналы, ауру тарихы, шұғыл хабарлама / Эпидемиологиялық тексеру картасы, ауру тарихы, шұғыл хабарлама / Уақытша еңбек қабілетін жоғалту парағы, ауру тарихы, шұғыл хабарлама / Ауру тарихын тіркеу журналы, шұғыл хабарлама / Аса қауіпті жұқпаларды тіркеу журналы, ауру тарихы, шұғыл хабарлама ! Науқаста ішек жұқпасы анықталған, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартуда. Науқастан қандай мәліметтерді нақтылау қажет? / Жұмыс сипаты жөнінде / Тұрғылықты орнының емханаға жақындығын / Науқастың білімін / Науқастың ішек жұқпалардың эпидемиологиясын білуін / Науқастың туыстарының бар-жоқтығын ! Белгілер жиынтығы жедел басталған, іштегі ауырсыну болмаған жағдайда тәулігіне 7-10 рет іш өткен, нәжісі көп мөлшерде сұйық, патологиялық қоспаларсыз, дененің қалыпты қызуында алдыңғы жүрек айнусыз тәулігіне 5-6 рет лоқсу тән болады: Мүмкін болатын диагнозы кандай? / тырысқақ / Дизентерия / Эшерихиоз / Жалған туберкулез / ішек иерсиниозы ! антропонозды жұқпалар жағдайында эпидемиялық ошақтағы медициналық бақылауды: / науқаспен қатынамқа түскен тұлғалардың барлығыа / тек науқасқа үйінде күтім жасайтын тұлғаларға / тек коммуналдық пәтердегі науқастың отбасы мүшелеріне / тек науқастанғандармен бірге тұратын кішкентай балаларға / декретивті топқа жатқызылған тұлғаларға орнатылады ! Жұқпалы науқас туралы шұғыл хабарламаны жіберу керек? / санэпидбақылаудың өңірлік орталығына / денсаулық сақтау басқармасына / аудандық зертханаға / дезинфекциялық бекетке / Белгілердің келесі жиынтығы: жедел басталу, дене қызуы қалыпты, тәулігіне 7-10 рет, жиі, сұйық, патологиялық қоспаларсыз нәжіс, іште ауырсыну жоқ, жүрек айнусыз лоқсу – қандай ауруға тән: / тырысқаққа / дизентерияға / эшерихиозға / жалған туберкулезге / ішек иерсиниозына ! Келесі белгілер жиынтығы қандай ауруға тән: аурудың басталуы біртіндеп, бас ауруы, ұйқының бұзылуы, дененің қызуы 39-40°С-қа дейін көтерілгені анықталған (5 күн ішінде), сылбырлық, тері жабынының бозаруы, іштегі көп емес розеола бөртпесі . Тамыр соғысы минутына 82 (дене қызуы 39,5°С болған кезде), іші кепкен, бауыр мен талақ үлкейген, Падалка белгісі оң. / Іш сүзегі / Кене бөртпе сүзегі / Эпидемиялық бөртпе сүзек / Безгек / Жіті сарып ! Науқас С., 35 жаста, клиникаға аурудың 10-күні ауыр жағдайда түсті. Дене қызуы 39, 4°С. Шағымы: әлсіздік, бас ауруы, тәбеттің болмауы, ұйқының нашарлығы, іштің кебуіне. Тексеру кезінде: тері жабынының бозаруы, іштің терісінде бірен-саран розеолалар, ЖЖЖ минутына 68, АҚҚ 95/60 мм сын.бағ., тілінің түбірінде ақ түсті жамылғысы бар, бауыр мен талақ ұлғайған. Санасы сақталған. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеулер тағайындаған жөн? / Өтті ортаға қанды себу / Жалпы қан талдауы / Қан мен несепте диастаздарды анықтау / Бауыр мен талақтың УДЗ-і / Қанның биохимиялық талдауы ! Іш сүзегі диагнозымен науқастың ауыруыдың 19-күні қатты әлсіздік, бас айналу, құлақтағы шу пайда болған, дене қызуы 35,5оС, өңі солғын, тамыр соғысы әлсіз, минутына 120 рет, нәжісі қара. Науқаста қандай асқыну дамыған? / Ішектегі қан кету / Ішектің өтімсіздігі / Ішек перфорациясы / Ішек пенентрациясы / Перитонит ! Науқас жуылмаған алмаларды жегеннен кейін кейін ауруының 2-ші күні түсті. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,7оС. Сол жақ мықын аймағында толғақ тәріздес ауырсынулар бар. Сигма жиырылған, пальпацияда ауырсынады. Дәреті аз мөлшерде, тәулігіне 6-7 рет. Мейлінше ықтимал диагнозы қандай? / Жедел дизентерия / Сальмонеллез / Амебиаз / Тағамдық улану / Эшерихиоз ! Туберкулеманың морфологиялық құрылымы? / қалталанған казеозды фокус / экссудативті-пневмониялы фокус / фиброзды алаң / өкпе ішілік қуыс / ісікті түйін ! Манту сынамасын қолданудағы туберкулин дозасы? / 0,1 мл – 2 ТБ / 1 мл – 2 ТБ / 0,1 мл –1 ТБ / 0,15 мл – 2 ТБ / 0,2 мл – 2 ТБ ! Терiс анергия бұл… / туберкулез өршiген ауруларда реакцияның болмауы / инфекцияланбаған сау балаларда реакцияның болмауы / сау балалардағы күдiктi реакция / дұрыс жүргiзiлмеген сынама кезiндегi реакция / гиперергиялық реакция ! Біріншілікті туберкулез жинағы бұл… / туберкулезбен кеуде iшi лимфатүйiндер, өкпе тканi және оларды жалғастыратын лимфа тамырларының зақымдануы / туберкулезбен кеуде iшi лимфатүйiндерiнiң зақымдануы / туберкулезбен кеуде iшi лимфатүйiндерi әрi өкпенiң зақымдануы / туберкулезбен өкпенiң зақымдануы / алғашқы инфекцияланудан кейiнгi пайда болған өкпе тканiнiң зақымдануы ! Өкпенiң фиброзды-ошақты туберкулезiн емдеу әдiсi? / ем қажет емес / туберкулезге қарсы химиотерапия / коллапсотерапия / хирургиялық / патогенетикалы ! Қандай бактериоскопиялы әдiспен ошақты туберкулезде жиi ТМБ-сын табуға болады? / люминесценттi микроскопия / жағындының тура бактериоскопиясы / флотация әдiсi / себу әдiсi / «Bactec» ! Қан түкіру себебі? / өкпе тамырлары өткізгіштігінің жоғарылауы / өкпе инфаркті / өкпе тамырлары бүтіндігінің зақымдалуы / аорта аневризмасының өкпеге жарылуы / бронх тамырлары аневризмасының жарылуы ! Туберкулин сезімталдығының «Виражы» деген не? / жыл сайынғы теріс мәнді сынаманың оңға айналуы / 2 ТБ ППД-Л Манту реакциясының оң болуы / бұрын оң болған сынаманың гиперергияға айналуы / бұрын оң реакцияның өршуі / жыл сайынғы теріс мәнді реакцияның күдікті болуы ! Өкпенің циррозды туберкулезі пайда болуына әсер ететін факторлар? / бронх өткізгіштігінің бұзылуы / жайылған казеозды некроз / кеш табу / ем принципінің бұзылуы / организм реактивтілігінің төмендеуі ! Манту сынамасы мен БЦЖ ревакцинациясының интервалы? / 3 күннен ерте емес және 2 аптадан артық емес / 2 аптадан ерте емес және 3 аптадан артық емес / 3 күннен ерте емес және 1 аптадан артық емес / 2 күннен ерте емес және 1 айдан артық емес / маңызы жоқ ! Халық арасында тыныс алу органдары туберкулезін ерте табу әдістері? / флюорография, туберкулиндиагностика, қақырықты БК-ға тексеру / флюорография, ТМБ-на қақырықты бактериологиялық тексеру / ТМБ-на қақырықты бактериологиялық тексеру, туберкулиндиагностика / рентгенотомография, иммуноферментті анализ / профилактикалық клиникалық тексерулер ! Милиарлы туберкулез емінде қолданбайды... / хирургиялық ем / патогенетикалық ем / иммуностимуляциялық терапия / туберкулезге қарсы препараттар / глюкокортикостероидтар ! Әйелдер консультацияға бірінші рет жүкті болушы әйел дәрігерге қаралуға келді, жүктілік мерзімі 35-36 апта . Ұрықтың қимылының белсенділігінің төмендеуіне шағымданады. Ұрықтың жүрек соғуы тұйықтау, ырғақты, 136 рет/мин. Бұл жағдайда қандай зерттеу әдісі тиімді? / КТГ – ұрықтың биофизикалық профилі / «ана- плацента – ұрық» жүйесінің қан тамырларының доплерометриясы / ұрықтың қимылының жиілігін зерттеу / УДЗ / ұрықтың ЭКГ -сы ! 30 жастағы, бір баласы бар, әйелде жатыр миомасы анықталды, мөлшері 13-14 апталық жүктілікке сәйкес. Менструация кезінде көп қан кетуге, ішінің төменгі жағының ауырсынуына, ішінің үлкейгеніне шағымданады. Акушер-гинекологтың тактикасы қандай болу керек? / жатыр кілегей қабатының диагностикалық қыруына жолдау; / менструация кезінде утеротоникалық препараттарды тағайындау; / гормональдік препараттарды тағайындау; / бақылау; / гистерэктомияға жолдау; ! Әйелде бала жолдасы туулғаннан кейін қан кету басталды, кеткен қанның мөлшері 700 мл-ге жетті. Жалпы жағдайы ауыр. Тері жамылғысы бозғылт, ұстағанда салқын. АҚ 80/40 мм с. б. ЦВД 60 мм су. б. төмен. Пульсі 120 рет/минутына дейін. Пальпация жасағанда жатыр жұмсақ, түбі кіндік тұсында. Қан кету жалғасып жатыр. Қандай формула бойынша шок индексін анықтайды? / ЧСС/САД / ЧСС/ДАД / САД/ЧСС / ДАД/ЧСС / ЧСС/САДхДАД ! Алғашқы босанушы перзентханаға 13 сағат 30 минутта толғағы басталғаннан 3 сағаттан кейін және 1 сағат 20 минуттан қағанақ суы кеткеннен кейін түсті. Партограмманы қандай уақыттан баста жүргізу керек? / с 13 сағ 30 минуттан / с 10 сағ 00 минуттан / с 10 сағ 30 минуттан / с 13 сағ 00 минуттан / с 14 сағ 00 минуттан ! 35 апталық жүктілік. Ауыр емес преэклампсия. Ұрықтың болжам салмағы 2350 г. Бишоп шкаласы бойынша жатыр мойнының жетілуі 7 балл. Доплерометрияда диастолалық қанайналымның жоқ екені анықталды. Екі рет 1 сағат интервалмен КТГ жасағанда – монотондық базальдік ритм, терең децелерациялар. Жүргізу тактикасы: / Жедел түрде кесар тілі гін жасап босандыру / Ұрықтың жағдайы бойынша жүктілікті 1 аптаға созу / Амниотомия жасап, көк тамырға окситоцин тамшылап босандыру / Жатыр мойнын босануға дайындау / Допплерометрияны қайталау, КТГ динамикада ! Қант диабеті бойынша Д-есепте тұратын жүкті әйелде жүктіліктің 18-19 аптасында қанда қанттың 12 ммоль/л көбейгені анықталды. Учаскілік дәрігердің тактикасы: / Жүргізу коррекциясын реттеу үшін эндокринологиялық бөлімге жолдау / Зерттелуді жалғастыру, қаралуға 2 аптадан кейін келу / Жүргізу тактикасын шешу үшін III денгейдегі перзентханаға жатқызу / Квота алып IV денгейлі перзентханаға жолдау / Мекен жайы бойынша эндокринологтың бақылауында амбулаторлық ем алу ! Жүрек ауруы бар жүкті әйелдерде акушериялық тактика біріншіден байланысты: / қанайналымның бұзылу дәрежесіне / жүктіліктің мерзіміне / жүрек ақауының түріне / әйелдің жасына / паритетке ! ЖДАмбулаторияға жүкті әйел әлсіздікке, шаршағандыққа шағымданып кеді. Жүктілік мерзімі 27 апта. Ашқарында алынған қан анализінде гипергликемия анықталды 7,1 ммоль/л, кетоз белгілері жоқ. Болжам диагноз? / 27 апталық жүктілік. Гестациялық қант диабеті / 27 апталық жүктілік. Қант диабеті II дәр / 27 апталық жүктілік. Қант диабеті I типі / 27 апталық жүктілік. Қант диабеті III дәр / 27 апталық жүктілік. Қант диабеті II типі ! Жүкті әйелдердегі антиретровирустік алдын алудың жоғары тиімді схемасы кіреді: / жүктіліктің 28 –ші аптасынан зидовудиннің курсы 300 мг тәулігіне 2 рет / невирапин суспензиясы 2 мг/кг + зидовудин 240 мг тәулігіне 2 рет 7 күн бойы / суспензия невирапин суспензиясы 2000 мг 7 күн бойы / Жүктіліктің 26-шы аптасынан ламивудин тәулігіне 150 мг 2 рет / тек ғана босанудың басында зидовудин 300 мг ! Ана сүтінде көбінесе май компоненттері тұрады: / триглицеридтер / холестерин / фосфолипидтер / бос майлы қышқылдар / линолевая қышқыл ! 32 жастағы босанған әйел, босанудан кейін 3 тәулік. Клиникалық жатырдың инволюциясының кідіру белгілері байқаладына. УДЗ жасалды – плацентарлық тіннің қалдықтарына күдіктену. Жүргізу тактикасы қандай? / Жатыр қуысының инструментальдік ревизиясы / Бақылау / Көк тамырға 400 мл физиологиялық ертіндімен+ 10 бірлік окситоцинді тамшылау және УДЗ жасап бақылау. / Антибиотикотерапия / физиотерапевтік ем ! 28 жастағы некеде бар, бір жыныстық партнеры бар, бір баласы бар, аяқтарының созылмалы тромбофлебиті бар, әйелге қандай контрацепція әдісі қажет: / жатырішілік контрацепция / оральдік контрацептивтер / механикалық контрацепция / хирургиялық стерилизация / инъекциондық контрацептивтер ! 40 жастағы ауру әйел З., гинекологиялық бөлімге ішінің төменгі жағының толғақ тәрізді ауырсынуына, көп мөлшердегі қанды бөліністерге шағымданып түсті. 4 жылдан бері менструация кезінде қан айқын кетеді. Обьективті: тері жамылғысы және көрінетін кілегей қабықтары бозғылт. Пульсі 96 рет/минуту. АҚ 120/80 мм.с.б. Айнамен зерттегенде: жатыр мойнының каналынан диаметрі 6 см-ге тең ұзын аяқшасы бар түзіліс шығып тұр, қанды бөліністер көп мөлшерде PV: жатыр қалыптыдан сәл ұлғайған, қозғалмалы, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары анықталмайды. Жатыр мойнынан шығып тұрған домалақ түзіліс анықталады, консистенциясы тығыз, қатты, ауырсынусыз. Сіздің диагнозыңыз: / туылып жатқан субмукозды миоматозды түйін / цервикальдік өзектің полипі / жатыр мойнының қатерлі ісігі / жатыр мойынның миомасы / жатыр мойынның эндометриозы ! 50 жастағы пациентка 12 күн бойы жыныс жолдарынан ауырсынусыз қанды бөліністерге шағымданып келді. Осының алдында 9 айға менструациясының кідіруі болған. Айнамен қарағанда: қынаптың және жатыр мойнының кілегей қабаты таза, цервикальдік өзектен – аз мөлшерде қанды бөліністер байқалады. Вагинальдік зерттеу: жатыр мойнының пішіні және консистенциясы қалыпты, жатыр қалыптыдан сәл ұлғайған. Сіздің тактикаңыз: / жатыр кілегей қабатының фракциондық қыруы / простагландиндармен гемостаз / эстрогенмен гормональдік гемостаз. / гестаген препараттарымен гемостаз / андрогендармен гормональдік гемостаз. ! 23 жастағы біріншілік бедеулігі бар әйелге гистеросальпингография жасалды. Снимокта: жатыр қуысы Т-тәрізді пішінді, жатыр түтіктері қысқарған, ригидті, ампулярлық бөліктерінде булавовидтік кеңейюлерімен, контрасттық заттың құрсақ қуысына шығуы анықталмайды. Осы өзгерістер қандай ауруларға тән? / аденомиоз және жатырдың түтіктерінің эндометриозы / хламидиялық инфекция себебінен созылмалы сальпингоофорит / жыныс мүшелерінің туберкулезы / жедел сальпингоофорит / жатыр түтіктерінің айналасындағы жабысқақ процесс ! 22 жастағы әйелде зерттеу жасағанда цервикальдік өзектен иісі қолайсыз шырышты-іріңді бөліністер, жатыр мойнының сыртқы ернеуінің айналасында эрозиялық бет анықталды. Микроскопиялық зерттеу жасағанда «кілттік» жасушалар анықталған. Қандай патология туралы ойлауға болады? / вагиноз; / вагинит; / жатыр мойнының эрозиясы; / цервицит; / эндоцервицит; ! 25 жастағы ауру әйел оң жақ үлкен жыныс ернінің ауырсынуына, әсіресе жүрген кезде, дене қызуының 390С дейін көтерілуіне шағымданады. Объективті: оң жақтағы үлкен жыныс ерні ісінген, пальпация жасағанда ауырсынады, жұмсарған жері байқалады, гиперемиясы бар. Диагноз? / бартолин безінің абсцессы; / бартолин безінің кистасы ; / бартолинит; / вульвовагинит; / бартолин безінің кистасының іріңдеуі; ! Климактериялық қан кету негізі байланысты: / гипоталамустың инволюциялық қалыптасуымен / психикалық бұзылыспен / аналық бездің гипофункциясымен / гипофиздің гипофункциясымен / эндометрийдің қанайналымының бұзылысымен ! Пациентка 42 жастағы пациентка миокардтың инфарктысымен аурған, контрацепцияның қандай әдісін қолдануға болады: / Тазапрогестин таблеткары, инъекциялар / КОК / КИК / КОК және ЖІС / КИК және презерватив ! 29 жастағы ауру әйелде диагностикалық жатыр кілегеі қабатын қырғаннан кейін гистологиялық нәтижесі: эндометрийдің атипиялық гиперплазиясы. Қандай тактика: / Гормонотерапия / Қосалқыларымен бірге жатырдың қынап үстілік ампутациясы / Қосалқыларымен бірге жатырдың экстирпациясы / Саулету ем / Химиотерапия ! УДЗ бойынша қынаптың орта қабаты көрінеді : / эхогендік жолақ болып / эхокөрінісі төмен болып / эхокөрінісі анықталмайды / эхокөрінісі ақшыл сызық болып ! 24 жастағы алғашқы жүкті болушыда медициналық аборт кезінде жатырдың перфорациясы болды. Не істеу қажет? / лапаротомия, перфорациялық тесікті тігу. / Жатыр қуысының тазалауын жалғастыру. / Жатыр қуысының қыруын жалғастырып әйелдің жағдайын бақылау / жатыр қуысының қыруын тоқтатып утеротониктерді тағайындау. / лапаротомия – жатырдың қынап үстілік ампутациясы. ! Әйелдер консультацияға бірінші рет жүкті болушы әйел дәрігерге қаралуға келді, жүктілік мерзімі 35-36 апта . Ұрықтың қимылының белсенділігінің төмендеуіне шағымданады. Ұрықтың жүрек соғуы тұйықтау, ырғақты, 136 рет/мин. Бұл жағдайда қандай зерттеу әдісі тиімді? / КТГ – ұрықтың биофизикалық профилі / «ана- плацента – ұрық» жүйесінің қан тамырларының доплерометриясы / ұрықтың қимылының жиілігін зерттеу / УДЗ / ұрықтың ЭКГ -сы ! 26 жастағы жүкті әйел жүктілік патология бөліміне басының ауруына, құлағының шулауына шағымданып түсті. Жүктілік мерзімі 32 апта. Объективті айқын жайылған денесінің ісінуі анықталады, АҚ 170/115 мм.с.б. Зәр анализінде белок 3, 8 г/л. Сіздің тактикаңыз? / Реанимация бөлімінде 48 жағдайын қалыптастырып РБС алдын алуын жасап босандыру / Құрусыға қарсы терапияны бастау, әйелдің жағдайы қалыптасқаннан кейін босандыру / Құрусыға қарсы терапияны бастау және босандыруға дайындықты бастау / Реанимация бөліміне аударып магнезиальдік терапияны бастау, көрсеткіштер болса гипотензивтік препараттарды тағайындау / Ұрықтың респираторлық бұзылыс синдромының алдын алуын жасағаннан кейін жедел кесар тілігі операция жасау ! Диффузды және орта ауырлық дәрежелі түйінді токсикалық зобы бар жүкті әйелдерді жүргізгенде дәрігердің мүмкіндік тактикасы: / жүктіліктің асқынуларында госпитализация / 1 триместрдің соңында хирургиялық ем / гормональдік емдеуді жүргізу үшін госпитализация / жүктілікті үзу / жүктіліктің 2 триместрдің соңында хирургиялық ем ! Жатырының тыртығы бар жүкті әйелде жатыр жыртылу қауіпінің клиникалық симптомы: / жатыр тыртығы бойы ауырсыну / жыныс жолдарынан қанды бөліністердің пайда болуы / жатыр піші ні құм салат тәрізді / толғақ қызметінің дискоординациясы / сыртқы жыныс мүшелердің ісінуі ! Лимфагранулематоз осы жаста жиірек кездеседі: / 30 жасқа дейін / 50 жасқа дейін / 60 жасқа дейін / 60 жастан асқанда / 10 жасқа дейін ! Лимфагранулематоз қортынды диагнозы осы негізде қойылады: / Морфологиялық / Эндоскопиялық / Биохимиялық қан анализі негізінде / Рентгенологиялық / Компьютерлі томография негізінде Лимфагранулематоздың ІІ б сатысының емі осыдан басталады: / Рентгендік терапиядан / Химиотерапиядан / Гормондық терапиядан / Радиқалды программа бойынша сәулелік терапиядан / Хирургиялық емнен ! Лимфасаркоманы ең тиімді емдеу әдісі: / Химиотерапия / Жақын фокусты рентгентерапия / Қуысішілік саулелі терапия / Гормондық терапия / Хирургиялық ем ! Лимфагранулематоз кезінде лимфа түйіндерінің зақымдалу сипаты: / Ұлғайған, эластиқалық, аурсынбайтын, қозғалмалы, айналадағы тінмен бітіспеген лимфа түйіндері / Пальпация кезінде ұлғайған, консистенциясы ірімшік тәрізді, тізбектеліп орналасқан лимфа түйіні теріге жыланкөз болып шығады / Пальпация кезінде тығыз, тас тәрізді консистенциялы, ауырсынбайтын, қозғалмалы, айналадағы тіндермен бітісіп кеткен, 10 см дейінгі және оданда үлкен лимфа түйіні / Пальпация кезінде ұсақ, бұршақ тәріздес, ауырсынбайтын, өзара бітіспеген лимфа түйіндер. Барлық шеткері лимфа түйіндер топтары зақымдалған / Пальпация кезінде ауырсынатын, көлемі ұлғайған, терінің гиперемиясы бар, түйіннің беткейіндегі ошақты температурасы жоғарлаған ! Тері меланомасының ең тиімді емдеу әдісі: / Ісктің бұлшықет фасциясына дейін кең хирургиялық алынуы, лимфодиссекциямен / Жақынфокусты 100-120 Гр рентгентерапия, кейінннен ісікті экономды алып тасталуымен / Полихимиотерапия / Химиогормонотерапия / Жалпы дозасы 40-60 грей гамма терапия ! Тері меланомасы жиі осы түзілістен дамиды: / Терінің дақты невусынан / Тері атеромасынан / Терінің кәрілік кератозынан / Тері сүйелінен / Тері папилломасынан ! Тері меланомасы келесі аурулар кезінде дамиды: / Дюбрей меланозы / Педжет ауруы / «Моңғол дағы» / Кейр эритроплазиясы / Боуэн ауруы ! Тері меланомасының диагностикасындағы негізгі әдіс: / Морфологиялық верификация / Тері термографиясы / Якша реакциясы / Радиоактивті фосформен сынама / Абелеев-Татаринов реакциясы ! Тері невусының малигнизациясының клиникалық белгісі: / Жаралану мен қан кету / Невустың түсі өзгермейді / Дақты невустың өсу ырғағы баяу (7-10 жыл бойы өсе береді) / Невустың беткейінде жергілікті температура 3С-ге төмендейді / Невустың айналасында тері асты веналардың диаметрі кеңейді ! Радиотерапияға сезімтал обыр: / Юинга обыры / Асқазан аденокарциномасы / Хондросаркома / Фибросаркома / Гепатоцеллюлярды обыр ! Остеогенді сүйек саркомасы кезінде неоадъювантты химиотерапия тағайындалады: / Операцияға дейінгі химиотерапиялық курс / Операциядан кейінгі химиотерапия / Монохимиотерапия / Қуыс ішіндегі химиотерапия / Сәулелі терапиямен бірге синхронизациялау ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ |