тест воп. . А. Ясауи атындаы халыаралы азаТрік университеті пн бойынша тесттік тапсырмалар Жалпы дрігерлік практика
Скачать 1.34 Mb.
|
«Жалпы дәрігерлік практика» пәні бойынша тесттік сұрақтар жиынтығы (ЖДП) Пән: «Жалпы дәрігерлік практика» бағыт «ЖДП» 03_01 ЖТП каз $$$001 Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының ағымын бағалау және диагностикасын анықтаудың «алтын стандарты» болып табылады: А) бронхоскопия В) спирометрия С) компьютерлік томография D) пикфлоуметрия Е) пульсоксиметрия {Дұрыс жауабы}= B {Күрделілігі}=1 {Оқулық}={ Внутренние болезни, В.И. Маколкин, С.И.Овчаренко.- М., «ГЭОТАР - Медиа», 2013г) {Курс}=6 {Семестр}=11 $$$002 26 жастағы науқас асқазандағы қыжылға , аш қарында және түнде болатын эпигастрий аймағындағы сүт ішкеннен кейін басылатын ауырсыну сезіміне шағымданады. Екі жылдан бері ауырады, дәрігер тексеруінде болмаған, ем қабылдамаған. Болжам диагноз: А) «А типті» созылмалы гастрит В) «В типті» созылмалы гастрит С) Гастроэзофагеалді рефлюксті ауру D) 12-елі ішек ойық жарасы Е) Асқазанның ойық жарасы {Дұрыс жауабы}=D {Күрделілігі}=2 {Оқулық}={ Внутренние болезни, В.И. Маколкин, С.И.Овчаренко.- М., «ГЭОТАР - Медиа», 2013г) {Курс}=6 {Семестр}=11 $$$003 Профилактикалық тексеру кезінде 55 жастағы ер адамның ЭКГ-да V5,V6, І, aVL тіркемелерінде ұзақтығы 0,16 секундқа кеңейген QRS комплексі, ұштары деформацияланған тісшеленген R тісшелері, RS-T сегментінің QRS комплексіне қатысты дискордантты ығысуы, V1,V2, ІІІ, aVF тіркемелерінде ұштары кеңейген тісшеленген QS комплексі анықталды. ЭКГ деректерін интерпретациялаңыз: А) Гис шоғырының сол аяғының толық блокадасы В) Гис шоғырының сол аяғының толық емес блокадасы С) Гис шоғырының оң аяғының толық блокадасы D) Гис шоғырының сол артқы бұтағының блокадасы Е) Гис шоғырының сол алдыңғы бұтағының {Дұрыс жауабы}=А {Күрделілігі}=2 {Оқулық}= (Поликлиническая терапия Г. И. Сторожаков, И.И. Чукаева, А.А. Александров.- М., «ГЭОТАР - Медиа» 2013г.) {Курс}=6 {Семестр}=11 $$$004 35 жастағы науқас эмоционалді куштемеден кейін ішінің толғақ тәрізді ауруымен бірге жүретін сұйық , көп мөлшерде шырыш аралас нәжіске, жалпы әлсіздікке шағымданады. Ауру сезімі үлкен дәреттен кейін және жел шығарудан кейін азаяды.Зерттеу барысында: пальпация кезінде тоқ ішектің түйілуі. Колоноскопияда патология анықталмайды. Дұрыс диагнозды анықтаңыз: А) диспепсиялық ашу синдромы В) тітіркенген ішек синдромы С) дисталді колитті синдром D) ішкі секреторлық жетіспеушілікпен созылмалы панкреатит Е) энтеропатия {Дұрыс жауабы}=В {Күрделілігі}=2 {Оқулық}={ Внутренние болезни, В.И. Маколкин, С.И.Овчаренко.- М., «ГЭОТАР - Медиа», 2013г) {Курс}=6 {Семестр}=11 $$$005 Жүрек жетіспеушілігінде спиронолактонды қолдануға қарсы көрсеткішке жатады: A) калий деңгейі 5 ммоль/л-ден төмен болуы B) калий деңгейі 5 ммоль/л-ден жоғары болуы C) креатинин деңгейі 200 ммоль/л-ден төмен болуы D) натрий деңгейі 130 ммоль/л-ден төмен болуы Е) натрий деңгейі 130 ммоль/л-ден жоғары болуы {Дұрыс жауабы}= B {Күрделілігі}=2 {Оқулық}= (Поликлиническая терапия Г. И. Сторожаков, И.И. Чукаева, А.А. Александров.- М., «ГЭОТАР - Медиа» 2013г.) {Курс}=6 {Семестр}=11 $$$006 65 жастағы тұрақты күштемелі стенокардиямен ауыратын науқаста жіті ентігу, әлсіздік, кеуде торында ауырсыну пайда болды. Тексергенде: ортопноэ күйінде, акроцианоз, аяқ веналары варикозды кеңейген. Тыныс жиілігі – минутына 30. Өкпесінде тыныс әлсіреген, сырылдар жоқ. ЖСЖ – минутына 100. Рентгенограммада –диафрагма жоғары орналасуы, оң жақта өкпелік тамырлық сурет төмендеуі. ЭКГ – ЖЭО оңға айқын ығысқан, І тіркемеде терең S тісшесі, ІІІ тіркемеде Q тісшесі. Тропонина Т екі рет анықтағанда теріс нәтиже берген. D-димер оң мәнді. Сіздің диагнозыңыз: A) миокард инфаркті B) өкпе артериясының тромбоэмболиясы C) аортаның кеуде бөлігінің қатпарлы аневризмасы D) күштемелі пневмоторакс E) өкпенің альвеолярлы ісінуі {Дұрыс жауабы}= B {Күрделілігі}=2 {Оқулық}= (Поликлиническая терапия Г. И. Сторожаков, И.И. Чукаева, А.А. Александров.- М., «ГЭОТАР - Медиа» 2013г.) {Курс}=6 {Семестр}=11 $$$007 Вирусты гепатитке тән: А) сарғаю, анорексия, жүрегі айну, бауыры жұмсақ, трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы және сілтілі фосфатазаның қалыпты белсенділігі В) сарғаю, қышыма, ксантомалар, гепатоспленомегалия, сілтілі фосфатазаның белсенділігі және холестерин деңгейі жоғарылауы С) сарғаю, гепатоспленомегалия, трансаминаза белсенділігінің аздап жоғарылауы, гипер-гамма-глобулинемия, бірыңғай салалы бұлшық ет антиденесіне оң мәнді реакция D) сарғаю, қызба, гепатомегалия, бүйрек жетіспеушілігі, кома, ЭЭГ-де өзгерістер және трансаминаза белсенділігінің аздап жоғарылауы Е) сарғаю (барлық кезде емес), іштің жоғарғы оң квадрантында ауырсыну, іші жұмсақ, лейкоцитоз {Дұрыс жауабы}= А {Күрделілігі}=2 {Оқулық}= (Поликлиническая терапия Г. И. Сторожаков, И.И. Чукаева, А.А. Александров.- М., «ГЭОТАР - Медиа» 2013г.) {Курс}=6 {Семестр}=11 $$$008 Науқас іріошақты миокард инфарктінен кейін 21-ші күні стационардан шықты. Жарты жылдан кейін үйреншікті ырғақта орындалатын күнделікті аздаған дене жүктемесі кезінде (1-ші қабатқа көтерілгенде, 100 метрге жуық жүргенде) 5-10 минутқа созылатын төс артында ауырсыну қайта пайда болған. Тиімді дәрілік емді таңдаңыз: А) антиангиналді препараттармен монотерапия В) антиангиналді препараттармен комбинирленген терапия С) аспирин, статиндер, ААФ ингибиторлары, антиангиналді препараттар D) статиндер, антиангиналді препараттар Е) аспирин, статиндер, антиангиналді препараттар {Дұрыс жауабы}= С {Күрделілігі} =3 {Оқулық}= (Поликлиническая терапия Г. И. Сторожаков, И.И. Чукаева, А.А. Александров.- М., «ГЭОТАР - Медиа» 2013г.) {Курс}=6 {Семестр}=11 $$$009 78 жастағы науқас ер адам артериялық гипертензиямен ауырады. Урологта аталық без аденомасымен тіркеуде тұрады. Науқасқа АҚҚ түсіру және несеп каналы обструкциясын азайту үшін тағайындауға тиімді препарат: А) эсмолол В) доксазозин С) урегит D) периндоприл Е) верапамил {Дұрыс жауабы}= В {Күрделілігі} =3 {Оқулық}= (Поликлиническая терапия Г. И. Сторожаков, И.И. Чукаева, А.А. Александров.- М., «ГЭОТАР - Медиа» 2013г.) {Курс}=6 {Семестр}=11 $$$010 62 жастағы әйел жалпы тәжірибелік дәрігерге ұсақ буындарындағы механикалық сипаттағы, кешке қарай күшейетін ауырсынуға шағымданып келді. Объективті: саусақтарының дисталды буындары деформацияланған, Геберден, Бушар түйіндері анықталды. Бұл науқасқа тағайындау қажет: А) антибиотиктерді В) ангиопротекторларды С) кортикостероидтарды D) стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды Е) спазмолитиктерді {Дұрыс жауабы}=D {Күрделілігі} =3 {Оқулық}= (Поликлиническая терапия Г. И. Сторожаков, И.И. Чукаева, А.А. Александров.- М., «ГЭОТАР - Медиа» 2013г.) {Курс}=6 {Семестр}=11 $$$011 25 жастағы науқас ер адам дәрігерге жүрегі соғу, басы айналу және құлағы шулауға шағымданып қаралды. ЭКГ-да: жүрекше фирилляциясы. Науқастың алдыңғы ЭКГ-да WPW синдромы тіркелген. Қарыншалық фибрилляция тудыру қаупі болғандықтан бұл жағдайда қолдануға болмайтын препаратты таңдаңыз: A) изоптин B) амиодарон C) аймалин D) ритмилен E) пропафенон {Дұрыс жауабы}= А {Күрделілігі} =3 {Оқулық}= (Поликлиническая терапия Г. И. Сторожаков, И.И. Чукаева, А.А. Александров.- М., «ГЭОТАР - Медиа» 2013г.) {Курс}=6 {Семестр}=11 $$$012 ЭКГ-мониторлы бақылаумен жүрген 49 жастағы науқаста кенеттен естің жоғалуы, қарашықтың кенеюі пайда болды. Тері жабындылары боз-сұр түсте. Ұйқы артериясында пульс пен тыныс анықталмайды. ЭКГ-да: хаотикалық, ретті емес, әр түрлі биіктікте, ені және формалары деформацияланған. Фибрилляция толқындарының жоғары амплитудада жиілігі шамамен минутына 600 рет. Науқастағы мүмкін болатын себебі көрсетіңіз: A) Қарынша фибрилляциясы B) Қарыншаның жыбырлауы C) Қарыншалық аритмиялар D) Қарыншалық тахикардия E) Жыбыр аритмиясы { Дұрыс жауап}= А {Күрделілігі} =3 {Оқулық} = (С. Сумин. «Неотложные состояния») {Курс} = 7 {Семестр} = 14 $$$013 57 жастағы науқас 10-12 сағатқа созылған төс артының ауырсынуына шағымданып жедел жәрдемді шақырды. Жағдайы ауыр, қара тер, бозғылт, жүрегі сол жаққа ұлғайған, тондары әлсіреген. Пульсі 110 рет минутына. Өкпесінде везикула тынысы, сырылдар жоқ, Жағдайы нашарлай берді, АҚҚ – 80/50 мм с.б.төмендеді, диурезі азайды. ЭКГ: SТ ІІІ-ІІ тіркемелерде изосызықтан жоғары орналасқан. Л-15 х 109/л, қалдық азот 150 мг %, трансминаза - 140 бір. фибриноген 0,7% жүргізілген жүрек - тамыр терапиясына қарамастан, ауру қайтыс болды. Өлімінің себебін көрсетіңіз: A) Миокардтың жарылуы B) Қолқаның аневризмасының ыдырауы C) Анафилактикалык шок D) Миокард инфаркты E) Жедел жүрек-тамыр жетіспеушілігі { Дұрыс жауап}= E {Күрделілігі} =3 {Оқулық} = (С. Сумин. «Неотложные состояния») {Курс} = 7 {Семестр} = 14 $$$014 57 жастағы ер науқасқа жедел жәрдем шақырылды, кеуде қуысының ауырлық сезімі мен ауаның жетпеуіне, аз ғана уақытқа есінен тануға шағым айтады. Объективті: терісі бозғылт, мұрын-ерін бұрышының цианозы бар, жүрек тондары тұйықталған. АҚ 90/60 мм с.б., пульсі 180 рет минутына. Мониторда: қарыншалардың фибрилляциясына айналған қарыншалық пароксизмальды тахикардия байқалады. Сіздің диагнозыныз: A) Жедел миокард инфарктісі B) Тұрақты стенокардия C) Тұрақсыз стенокардия D) Күштемесіз стенокардиясы E) Варианттық стенокардия { Дұрыс жауап}= A {Күрделілігі} = 3 {Оқулық} = (С. Сумин. «Неотложные состояния») {Курс} = 7 {Семестр} = 14 $$$015 50 жастағы ер адам күш түскеннен кейін, сол жақ кеуде сарайындағы қатты ауырсынудың пайда болатынын айтты. Сол қолын қозғағанда және терең демалғанда ауырсыну күшейеді. Өкпе аускультациясында сол жағында тынысы әлсіреген. Перкуторлы тимпанит. Сіздің диагнозыныз: A) Спонтанды пневмоторакс B) ЖИА.Стенокардия C) Остеохондроз D) Қабырға аралық невралгия E) Экссудативті плеврит { Дұрыс жауап}= A {Күрделілігі} = 3 {Оқулық} = (С. Сумин. «Неотложные состояния») {Курс} = 7 {Семестр} = 14 $$$016 6 жаста балаға тағайындалатын екпе: A) АбКДС, КПК и БЦЖ B) АбКДС, КПК и ПКВ C) АбКДС, КПК и ИПВ D) АбКДС, КПК и ХИБ E) АбКДС, КПК и ОПВ {Дұрыс жауап}=A { Күрделілігі }= 1 { Оқу құралы }= (Иммунопрофилактика у детей, Махатова В.К., 2013 г.) {Курс}=7 {Семестр}=14 $$$017 Бала 3 апталық. Қалыпты өткен жүктіліктен және босанудан жетіліп, туылған. Ана сүтімен тамақтандырылады. Анасы баспамен ауырып қалды. Бисептолмен және тамағын фурациллин ерітіндісімен шайып ем қабылдады. Балада жалпы жағдайы өзгерместен сарғаю пайда болды. Сіздің диагнозыңыз: Дәрілік сарғаю Ариес-Люцея сарғаюы Физиологиялық сарғаю Ана сүтінен сарғаю Жильбер синдромы кезіндегі сарғаю {Дұрыс жауап}=A { Күрделілігі }= 2 {Оқулық}= (Неонатология, Шабалов Н.П., 2006г.) {Курс}=7 {Семестр}=14 $$$018 Қыз бала 10 жаста, терісі мен склерасының сарғаюына шағымданады. Перифериялық лимфотүйіндері мен бауыр үлкеймеген. Көк бауыр +3 см қабырға доғасынан шығыңқы. Қан анализі: эритроциттер-3,1х1012/л, гемоглобин-96г/л, ретикулоциттер - 5,7%, тромбоциттер-288х109/л, лейкоциттер-6,4х109/л, ЭТЖ -10мм/сағ. Эритроциттердің орташа диаметрі - 4,6 мкм (46%), 5,7 (38%), 6,4-16%. Қанның биохимиялық анализі: жалпы билирубин – 47 мкмоль/л, тікелей емес- 37 мкмоль/л, тікелей - 10 мкмоль/л. АЛТ-0,32 ммоль/л, АСТ- 0,17 ммоль/л. Сіздің болжам диагнозыңыз: Жедел лейкоз Созылмалы лейкоз Верльгоф ауруы Минковский-Шоффар анемиясы Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура Дұрыс жауап=D { Күрделілігі }= 2 {Оқулық}= (Детские болезни, 6 издание, Шабалов Н.П., 2008г.) {Курс}=7 {Семестр}=14 $$$019 Қыз бала 14 жаста. Гестозбен өткен жүктіліктен туылған. Басы ауырады, тәбеті жоғары, бойы ұзын, семіз, фолликулярлы гиперкератоз, санында ашық қызыл стрии байқалады. АҚ 130/70 мм. сын.бағ. Жыныстық жетілуі: Ма , Ах , Р , menses 12 жастан. Сіздің болжам диагнозыңыз: Пубертантты кезеңдегі гипоталамиялық синдром. Гипотиреоидты семіздік. Иценко – Кушинга синдромы. Экзогенді – конституционалды семіздік. Гипоовариалды семіздік. {Дұрыс жауап}= А { Күрделілігі }= 2 {Оқулық}= (Детские болезни, 6 издание, Н.П. Шабалов, 2008г..) {Курс}= 7 {Семестр}= 14 $$$020 Қыз бала 9 жаста, 3 айдан бері ауру. Қарағанда - дистрофия, бұлшық еттің әлсіздігі, периорбиталды ісік және гиперемия, қолдың фаланг аралық буындарының сыртының терісінің эритемасы, проксималды топ бұлшық еттерінің қатаюы мен ауыруы, мыңқылдақтық, тамақ жұтқанда шашалу байқалады, ЭТЖ- 40 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз: Миопатия Дерматомиозит Жүйелі склеродермия Псевдобульбарлы паралич Жүйелі қызыл жегі {Дұрыс жауап}=В { Күрделілігі }=2 {Оқулық}= (Детские болезни, 6 издание, Шабалов Н.П., 2008г.) {Курс}=7 {Семестр}=14 $$$021 Ұл бала 13 жаста, активті фазадағы нефротикалық синдроммен, бел аймағында ауырсыну синдромы пайда болды, сол жақта варикацеле, гематурия мен протеинурия жоғарлады, бүйрек қызметі тез бұзыла бастады. Науқастың жағдайының нашарлауының негізгі себебі: Бүйректің веналарының тромбозы Зәр жолдарының обструкциясы Гемолитико-уремиялық синдром Тез дамитын гломерулонефрит Диссемирленген тамырішілік қан ұю синдромы {Дұрыс жауап}= D { Күрделілігі }= 2 {Оқулық}= (Детские болезни, 6 издание, Н.П.Шабалов ,2008г.) {Курс}= 7 {Семестр}= 14 $$$022 Бала 6 айлық. Туылған кездегі салмағы 3500 г. Қараған кезде салмағы 6100 г. Маңдай және төбе төмпешіктері айқындалған, үлкен еңбегі 4х5 см, жиегі жұмсарған, краниотабес, шүйде жалпайған. Баланың тамақтануы төмен, тері тургоры төмен, ішіндегі тері асты май қабаты жұқарған. Бұлшық ет гипотониясы мен нәжістің тұрақсыздығы байқалады. Балаға дұрыс ем тағайындаңыз: А) Аквадетрим тәулігіне 5000 ХБ дозасында 45 күн В) Аквадетрим тәулігіне 1000 ХБ дозасында 30күн С) Аквадетрим тәулігіне 3000 ХБ дозасында 30күн, тамақты болу керек салмағына есептейміз D) Аквадетрим тәулігіне 2000 ХБ дозасында 45 күн, тамақты шамамен болу керек салмағына есептейміз Е) Аквадетрим тәулігіне 1000 ХБ дозасында 45 күн, тамақты нақты салмағына есептейміз {Дұрыс жауабы} = С { Күрделілігі } =3 {Оқулық}=( Детские болезни, 6 издание, Шабалов Н.П., 2008 г.) {Курс}= 7 {Семестр}=14 $$$023 12 жастағы қыз балаға «Жүйелі склероз» диагнозы қойылды. Диагнозды дәлелдеу үшін қажетті зерттеу: Жүректің эхографиясы Тамырлардың реографиясы Буындардың рентгенографиясы Компьютерлі томография Өңешті бариимен зерттеу {Дұрыс жауап}=E {Күрделілігі}= 3 {Оқулық}= (Детские болезни, 6 издание, Шабалов Н.П., 2008г.) {Курс}=7 {Семестр}=14 $$$024 Бала 1 жаста пневмониямен асқынған жедел вирусты инфекциямен ауырып, зәр бөлуін тоқтатты. Ең алдымен өткізу қажет: Креатининді анықтау Ли-Уайт бойынша қан ұюын анықтау Вирустарға иммуноферментті анализ Қанның қышқыл-сілтілі жағдайы Белок және белок фракцияларын анықтау {Дұрыс жауап}= A {Күрделілігі}= 3 {Оқулық}= (Детские болезни, 6-е издание, Н.П.Шабалов, 2008г.) {Курс}=7 {Семестр}=14 $$$025 Жаңа туылған бала 4 жүктіліктен, 3 босанудан. Босану патологиясыз өтті. Бала салмағы 3200 г. Анасында 0(1) қан тобы, резус-теріс, баласы 0(1) топ, резус-оң. Бала өмірінің 1 тәулігінің соңында терісі мен склерасы сарғайды, бауыры + 3,5 см, көк бауыры + 1,0 см. Бала әлсіз. Жалпы қан анализінде: гемоглобин -110 г/л. Эритроциттер 3,0х1012/л, билирубиннің сағат сайын өсуі 9,6 мкмоль/л. Емдеу тактикасы: А) Адсорбенттер В) Фототерапия В) Инфузионды терапия С) Өт айдайтын препараттар Е) Қанды алмастырып құю {Дұрыс жауап}=Е {Күрделілігі}= 3 {Оқулық}= (Детские болезни, 6 издание, Шабалов Н.П., 2008г.) {Курс}=7 {Семестр}=14 |