1. Апараттар, апаратты технологиялар жне апаратты процесстер туралы ым. "Апарат"
Скачать 0.98 Mb.
|
Дербес компьютердің қосымша құрылғылары • Шығару құрылғысы • Мəліметтерді алмасу құрылғысы • Енгізу құрылғылары Шығару құрылғылары Принтерлер мен плоттерлер. Принтер (баспа құрылғысы) мəтіндік жəне графикалық мəліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған. Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш жəне термографиялық түрлері бар. Матрицалық принтерлер олардың қағазға таңба салатын баспа тиегі тік орналасқан металл инелерден тұрады. Сия бүріккіш принтерлерде бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды жəне тұрақты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді. Лазерлік принтерлер - ксерография принципін қолданатын құралдарға жатады, бұларда əріп бейнелері электрлік тəсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа əріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер командалары арқылы лазерлік сəулелермен жүргізіледі. Лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады жəне жылдамдықтары да жоғары – орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 5 – 15 секундта) басып бере алады. Плоттер (графиксызғыш) сызбаларды (графиктерді,суреттерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы. Плоттердің əрекеті қарапайым: жазу құралы (қалам) із қалдыра отырып қағазда жылжиды. Сызбаларды салу барысында график тұрғызғыштар сегіз түрлі-түсті фломастерлерді немесе қарындаштарды қолданады, олар қажеттілік жағдайда автоматты түрде алмасады. Кез-келген күрделі геометриялық фигураларды бейнелеу сапасы тұрақты жəне өте жоғары. Колонка - дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы. Енгізу құрылғылары Сканер (ізкескіш) – қағазға бетіндегі мəліметтерді (мəтін, сурет, график) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы. Сканердің түрлері: планшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма сканерлері, штирх сканерлер. Сканер көріністі машина кодына айыстырып, компьютер жадына жазады. Сканердің жұмыс атқару принципі былай: жарық сəуле жол-жолы бойынша жазық суретті сканерлейді. Бұл электрондық сəуленің дисплей экранын сканерленгені сияқты. Сканерлеу нəтижесінде қағаз құжаттың сызба бейнесі жасалады. Мəліметтерді алмасу құрылғысы Желілік адаптер – компьютерді жергілікті желіге қосуға мүмкіндік тудырады. Мұнда пайдаланушы басқа компьютердегі мəліметтерге қол жеткізе алады. Модемдер (модулятор - демодулятор) компьютерлер арасында мəлімет алмасу үшін керек, олар негізінен мəліметті жеткізу жылдамдығына қарай бөлінеді. Қазіргі кезде олардың жылдамдығы 2400 бит/сек - 2500 бит/сек аралығында. Олар мəлімет алмасу процедурасының белгілі бір стандарттары (протоколы) бойынша жұмыс атқарады. Компьютер желісіне (Іnternet, Relcom, FіdoNet, т.б.) немесе электрондық почтаға байланысты ең керекті құрылғы осы модем болып саналады. 16. ДК оқытушы бағдарламалар. Дербес компьютерлер соңғы 20 жылда қарқынды болып келеді. Олар “пайдаланушы” деп арналып аталатын бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Дербес компьютермен жұмыс істегенде пайдаланушының арнайы программалау тілін білуі қажет емес. Қазіргі ДК көлемі шағын, құны жоғары емес бола тұрып, 70-жылдардың үлкен ЭЕМ-деріне, 80-жылдардың мини ЭЕМ-деріне және 90-жылдардың бірінші жартысының микро ЭЕМ-деріне қарағанда, өнімділіктері жоғары. Қазіргі кезде дербес компьютерлер адам әрекетінің барлық салаларында қолданылады. ДК жасаудың ғасырдың ең маңызды өнер табыстарының біріне жатады. ДК-есептеуіш техниканың адам өміріндегі мәні мен рөлін айтарлықтай өзгертті. Есептеуіш машина түрлерінің көптігіне қарамастан олардың ең маңызды сипаттамалары: -машинаның уақыт бірлігінде орындайтын операцияларының орташа мөлшерінен өлшенетін шапшаңдығы-MIP3 -ЭЕМ операция орындайтын сандардың берілу түрімен разрядтылығы -Жадтайтын (есте сақтайтын) құрылғылардың сиымдылығы мен шапшаңдылықтары. ДК пайдаланушымен диалогтыік режимде жеке жұмыс істеу үшін арналған. ДК негізінен қарапайым құжаттардан бастап, баспа беттеріне дейін әртүрлі мәтін дайындау, есептеулерді орындау, деректер базасын жасау, ақпарат іздеу және т.с.с жұмыстарға арналған. ДК-лердің кең таралуы мен қолданылуына келесідей сипаттамалары ерекше ықпал етті: 1.Адамның компьютермен қатынас жасау тәсілінің қолайлылығы 2.Құнының арзандығы 3.Көлемінің шағындығымен қоршаған орта жағдайына арнайы талап қоймайтындығы
17. Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру. IBM фирмасының анықтамасы бойынша компьютерлік жүйелер төрт негізгі құрамнан тұрады: 1)шығарылытын есепті,орындалатын жұмысты мәселе ретінде қойып,соның нәтижесін алатын адам; 2)аппараттық жасақтама(Hardware); 3)мәліметтер файлы; 4)компьютерді программалық жасақтамасы(Software). Компьютерлік жүйелер ұғымын немесе мәліметтерді өңдеу жүйелерін осы төрт комбинацияны-машиналарды,мәліметтерді,программаларды және адамды-біріктіре қарастыру кезінде қолданады. Жұмыс өнімділігі. Басқа құралдар мен машиналарды қолданғандағы сияқты, компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі - жұмыс өнімділігін арттыру болып саналады. Егер компьютерді есеп-қисап жасау, мәліметтерді өндеу немесе құжаттарды қағазға басып алу істеріне пайдапансаңыз, сіз бір сағатта көптеген істерді тындырасыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын шебер адам бір минутта 60-тан 80 сөзге дейін жмесе 6-8 жолға дейін мәтін басатын болса, орташа мүмкіндікті компьютер минутына 1200 жол баса алады. Демек, бір компьютер 150-200 адамды алмастыра алады деген сөз. Мәліметтерді өңдеу жылдамдығы. Компьютерді пайдаланудағы екінші себеп - мәліметтерді үлкен жылдамдықпен өңдеу болып саналады. Дайындығы мол маман адам минутына 250 сөз оқып шыға алатын болса, компьютер 1000 000 сөз оқи алады екен. Мысалы, Чикаго каласының телефон аньщтамалығы 788 000 адамдар атауынан, ал адрестер мен телефон нөмірлерін коссақ, 32 000 000 жол информациядан тұрады екеа Минутына 250 сөз оқитын адам осы анықтамалықты оқып шығу үшін 250 сағат уақыт жібереді. Ал, орта мүмкіндікті компьютер оны 30 секундқа жетпейтін уақытта оқып шыға алады. Сол себепті телефон станцияларында, анықтамалық іздеу қызметтерінде ЭЕМ кеңінен қолданылады. Дәлдік пен ұкьштылық. Компьютерлік жүйелерді пайдаланудағы үшінші себеп - олардың дәлдігі мен үқыптылығында жатыр. Егер біз компьютерге нақты мәліметтер беріп, оларды өңдеудің дүрыс жолдарын көрсетсек, ол әрқашанда қатесіз дүрыс нәтижелер береді. Кейде компьютер қате нәтиже берді деп айтылады. Мүндайда компьютердің қателеспейтінін, қатенің себебі мәліметтердің оған дұрыс берілмегендігінен, немесе осы мақсатқа арналған мәлімет- терді өңдеу алгоритмінің қате болғанынан екенін ашып айту кажет. 18. Ақпараттандырудың аппараттық жабдықтары. Дербес компьютердің (ДК) архитектурасы дегеніміз аппараттық құрылғылардың жəне программалық жабдықтардың жиынтығы, сол сияқты олардың өзара қатынасы мен дербес компьютерде жұмыс істеу кезіндегі өзара байланыс жүйелері. Дербес компьютер бір-бірімен байланысты екі бөлімнен тұрады: аппараттық құрылғылар (Нагdwаге), жəне (Sоftwаге) программалық жабдықтар. Аппараттық құрылғылар: жүйелік блок пен шеткері құрылғылардан тұрады. Жүйелік блок – процессор, жад, адаптер (бақылаушы), жүйелік шина, таймер, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары орналастырылған компьютердің негізгі бөлімі. Олар орналасқан тақшаны аналық тақша немесе жүйелік тақша деп аталады. Жүйелік блоктың ішіне орналасқан құрылғылар компьютердің ішкі құрылғылары деп, ал басқа құрылғылар (пернетақта, монитор, принтер, т.б.) шеткері құрылғылар деп аталады. Процессор – компьютерді басқару құрылғысы. Ол жадта орналасқан жүйелік программалар арқылы компьютер жұмысын автоматты түрде басқарады. Компьютердің жылдамдығы (жұмыс өнімділігі) процессордың бір секунтта орындай алатын қарапайым операция санымен өлшенеді. Микропроцессор - компьютердің негізгі компоненті. Арифметикалық жəне логикалық операцияларды орындайды, қажетті программалық есептерді басқарады. Микропроцессор екілік разрядтармен ғана жұмыс істейді. Жады - деректерді алу, сақтау, шығаруға арналған компьютердің функционалдық бөлігі. Компьютер жадысы мен адрестеу жүйесін ұйымдастыру. Кэш – жад – Қойма сияқты, оған аралық деректер мен командалар келіп түседі. Көп мəліметтерді кэш –жадтан алу əрекеті процессордың мəліметтерді алуына жеңілдік келтіріп, оның жылдамдығын арттыруға жəрдемдеседі. Яғни кэш – жады компьютердің жұмыс өнімділігін арттыруға арналған. Жүйелік шина. Процессор мен жадта ақпараттық кеңарна н\е ішінде басқа шиналар: деректер беру кеңарнасы мен адрес беру кеңарнасы бар шина жалғастырады. Олардың әрқайсысы 8, 16 н\е32 сымнан тұратын жинақ б\т. Барлық блоктар, оның ішінде енгізу-шығару порттары шинаға ағытпалар арқылы тікелей н\е адаптерлер арқылы қосылады. Адаптер - əр түрлі құрылғылардың жұмысын басқаратын құрылғы. Таймер – кәдімгі сағат рөлін атқаратын интегралды схема. Қызметі – монитор эқранында кескіндерді қалпына келтірудің уақытша аралықтарын бөлу. ДК–ның шеткері құрылғылары көмекші операторларды орындауға арналған Олар:
19. Дербес компьютер - ақпарттарды жіберу, қабылдау, сақтау жəне өңдеу құралы. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары 1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман ЭЕМ-нің жұмыс атқару принципі мен құрылғыларын толық көрсеткен ғалым. ДК –дің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Негізгі конфигурация ретінде төрт құрылғы кіреді. 1.Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. 2.Монитор – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. 3.Перне тақтасы– компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. 4.Тышқан– «графикалық» басқару құрылғысы. Тышқанды кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тышқанның нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. 20. Ақпараттарды көрсету жəне енгізу/шығару құрылғылары. Дербес компьютердің қосымша құрылғылары • Шығару құрылғысы • Мəліметтерді алмасу құрылғысы • Енгізу құрылғылары Шығару құрылғылары Принтерлер мен плоттерлер. Принтер (баспа құрылғысы) мəтіндік жəне графикалық мəліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған. Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш жəне термографиялық түрлері бар. Матрицалық принтерлер олардың қағазға таңба салатын баспа тиегі тік орналасқан металл инелерден тұрады. Сия бүріккіш принтерлерде бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды жəне тұрақты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді. Лазерлік принтерлер - ксерография принципін қолданатын құралдарға жатады, бұларда əріп бейнелері электрлік тəсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа əріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер командалары арқылы лазерлік сəулелермен жүргізіледі. Лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады жəне жылдамдықтары да жоғары – орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 5 – 15 секундта) басып бере алады. Плоттер (графиксызғыш) сызбаларды (графиктерді,суреттерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы. Плоттердің əрекеті қарапайым: жазу құралы (қалам) із қалдыра отырып қағазда жылжиды. Сызбаларды салу барысында график тұрғызғыштар сегіз түрлі-түсті фломастерлерді немесе қарындаштарды қолданады, олар қажеттілік жағдайда автоматты түрде алмасады. Кез-келген күрделі геометриялық фигураларды бейнелеу сапасы тұрақты жəне өте жоғары. Колонка - дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы. Енгізу құрылғылары Сканер (ізкескіш) – қағазға бетіндегі мəліметтерді (мəтін, сурет, график) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы. Сканердің түрлері: планшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма сканерлері, штирх сканерлер. Сканер көріністі машина кодына айыстырып, компьютер жадына жазады. Сканердің жұмыс атқару принципі былай: жарық сəуле жол-жолы бойынша жазық суретті сканерлейді. Бұл электрондық сəуленің дисплей экранын сканерленгені сияқты. Сканерлеу нəтижесінде қағаз құжаттың сызба бейнесі жасалады. 21. Пернелік жəне пернелік емес енгізу жабдықтары. Пернетақта – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады. Пернетақтадағы пернелер бірнеше блокқа бөлінеді: символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады; функционал пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F (F1,F2,…,F12) әрпімен белгілеген. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындауға мүмкіндік береді (құжатты сақтау, бетті жаңарту, анықтама шақырту, т.б.). Әр түрлі жағдайларда (әр түрлі программалармен жұмыс істегенде) олар әр түрлі міндеттер атқарады. Мысалы, Бейсик тілінде F1…F10 пернелерін басып, белгілі командаларды орындауға болады; нұсқаушы немесе курсорды экранда басқару пернелері. Курсор дегеніміз экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Нұсқаушы пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар(стрелкалар) салынған. Олар курсорды экранда жылжытуға арналған; цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта – пернетақтаның оң жағында орналасқан. Бұлардың көмегімен сандық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ курсордың экранда қозғалуын басқаруға болады. Пернетақтада жоғарыда аталған пернелерден басқа, маңызы осылардан кем емес арнайы пернелер де бар. Оларға Кейбір амалдарды орындау үшін, пернелердің комбинацияларын пайдалануға болады. Ол үшін екі: Ctrl және Alt арнайы пернелері бар. Мысалы, пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру үшін Alt+Shift (кейде Ctrl+Shift) пернелерін қатар басады, яғни алдымен Alt (Ctrl) пернесін басып тұрып, содан кейін Shift пернесін басады да, олардың екеуін де босатады. Word-та Вставка, Символ пунктің басып, арнайы символдарды енгізу мүмкіндігі бар. Арнайы символдар пернетақтаның көмегімен енгізе алмайтын белгілі бір мағына беретін символдар. Вставка, Символ керекті символды таңдап, Вставить батырмасын басқан кезде, мәтін жолына керекті символ түседі. 22. Ақпараттарды сақтау құрылғысы. Жады - деректерді алу, сақтау, шығаруға арналған компьютердің функционалдық бөлігі. Компьютер жадысы мен адрестеу жүйесін ұйымдастыру. Жады - компьютердің құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді жəне бір - бірінен өлшеміне, ақпаратты сақтау мерзіміне жіне т.б. параметрлеріне қарай ажыратылады. Компьютер жадысын екі түрге бөлуге болады: ішкі жəне сыртқы. Компьютердің ішкі жады негіз болып табылады, өйткені процессор тек сонымен ғана тікелей жұмыс істейді. Процессорды ақпаратпен қамтамасыз етеді, үнемі жұмыс істейтін болғандықтан, оны жедел жад деп те атайды. Ішкі жадта есте сақтайтын құрылғының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғы ж\е жедел жадтайтын құрылғы Сыртқы жад ДК-нің сыртқы құрылғыларына жатады ж\е қашан болса да, қандай болса да міндеттерді шешуге қажет болуы мүмкін кез келген ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылады. Атап айтқанда, сыртқы жадта компьтердің барлық программалық жасалуы сақталады.С ж-тың түрлері көп, негізінде кез келген комп-же болатын түрлері – қатқыл ж\ее иілгіш магниттік дискілерде,магниттік таспаларда, оптикалық дискілерде ж\е магниттік дискілердегі жинақтауыштар б\т 23. Ақпараттық технологиялардың математикалық негізі. Есептеуіш машиналарда сандармен орындалатын математикалық амалдар, электр токтарының немесе кернеулердің әр түрлі түрленуімен алмастырылады. Жай электр тогының көмегімен қосу, азайту және т.б. математикалық амалдарды орындауға болады. Есептеуіш машиналар қарапайым амалдарды орындайтын бөлек элементтерден құралады. Элемент – ол әдетте электрондық схема. Есептеуіш машиналардың барлық элементтерін атқаратын қызметтеріне байланысты топтарға бөлуге болады: логикалық, есте сақтаушы, күшейтетін және арнайы элементтер. «Логикалық элемент» деп аталуының себебі, жеке дара элементтің анықталған байланысты жүзеге асыруға мүмкіншілік беруінде немесе жеке логикалық функцияны орындауында. |