1. Апараттар, апаратты технологиялар жне апаратты процесстер туралы ым. "Апарат"
Скачать 0.98 Mb.
|
150. Электрондық үкімет дамуының пайда болу концепциясы. Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы Қ.Р. Президентiнiң "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қ.Р. Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 маусымдағы отырысында N 9 хаттамамен мақұлданған Қ.Р."электрондық үкiмет" тұжырымдамасының ережелерi ескерiле отырып әзiрлендi. Осы Бағдарламаның негiзiне "электрондық үкiмет" арқылы - прогрессивтi ақпаратты Қазақстанға" қол жеткiзу идеясы алынды. Қазақстанда "электрондық үкiметтi" қолданысқа енгiзу мемлекеттiк органдардың азаматтар мен ұйымдарға ұсынатын қызмет көрсетулер сапасын жақсартуға және мерзiмiн қысқартуға, мемлекеттiк органдар қызметiнiң ақпараттық базасына қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге, болашақта әкiмшiлiк жүйенi жетiлдiрудi ескере отырып, құрамы жағынан тиiмдi әрі оңтайлы мемлекеттiк аппарат құруға бағытталған. "Электрондық үкiмет" құрудың басты басымдықтары Интернет-байланысқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бiлiм деңгейiн көтеру, сондай-ақ мемлекеттiк басқару жүйесiне жаңғырту жүргiзу болып табылады. Қазақстанда "электрондық үкімет" құрудың ұзақ мерзiмдi болашағы бар және ол үш кезеңде iске асырылатын болады. Бiрiншi кезең "электрондық үкiметтiң" инфрақұрылымын құру. Осы кезеңде Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде ақпараттық және интерактивтiк қызмет көрсетулер жоспарлануда. Екінші кезең - "электрондық үкiметтің" сервисiн дамыту азаматтардың тіршілік-тынысы мен мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің барлық саласын қамтитын сан алуан сервистердi дамытуға, сондай-ақ әкiмшiлiк процестерге кең ауқымды технологиялық қайта жабдықтау жүргізуге бағытталатын болады. Осы кезеңде транзакционды қызмет көрсетулер iске асырылатын болады. Үшiншi кезең - ақпараттық қоғам құру e-медицина, e-бiлiм, e-мәдениет, е-демократия және басқалары сияқты жобаларды iске асыруды қоса алғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет көрсетулерiн трансформациялауды, ақпараттық қоғам құруды көздейдi. 151. «Электрондық үкімет» құру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетігі жəне оның негізгі бағыттары. Бағдарламаны iске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады: 1) нормативтiк құқықтық және әдiснамалық қамтамасыз етудi жетiлдiру; 2) мемлекеттiк органдардың e-қызмет көрсетулерiн қалыптастыру мен дамыту; 3) е-Үкiметтің қызмет көрсетулерiне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi жою және АКТ саласында бiлiм деңгейiн арттыру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру; 4) e-Үкiметтiң порталы мен шлюзiн, банк жүйесiмен өзара iс-қимыл yшiн "төлем шлюзiн" ұлттық бiрегейлендiру жүйесiн, мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiктiк ортасын қамтитын e-Үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру; 5) ведомствоаралық және үлгілiк ведомстволық ақпараттық жүйелер құру және дамыту; 6) жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерiн құру және дамыту; 7) халықаралық стандарттар базасында e-Үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету; 8) Бағдарламаны орындауда қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету. 152. Қазақстанда АКТ-ның мемлекет басқаруға енгізілу үшін оның функционалдық жүйесі мен нормативті құқықтық негізі. Ақпараттық –коммуникациялық технология (АКТ)– Information and Communication Technologies (ICT) –тұтынушының ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, тарату, бейнелеу жəне пайдалану мақсатында біріккен əдістер, программалық-техникалық құрылғылар жəне өндірістік үрдістер жиынтығы. Ақпараттық жəне коммуникациялық технологияның (бұдан былай - АКТ) дамуы мен кеңінен қолданылуы бұл соңғы он жылдағы ғылыми-техникалық революция мен əлемдік дамудың ауқымды тенденциясы болып табылады. АКТ пайдалану бəсекелес экономиканы көтеру үшін, əлемдік жүйедегі оның мүмкіндіктерін кеңейтуге, жергілікті басқару мен мемлекеттік басқарудың тиімділігін жоғарылату үшін шешуші роль атқарады. АКТ негізінде «бір терезе қағидасы» деп аталатын барлық деңгейдегі ұйымдармен өзара қарым – қатынасы бір нүкте арқылы енеді. АКТ енгізуде тікелей экономикалық эффект байланысты: бұрынғы сақталынған құжаттарға қатысты ауданды босату; құжаттармен жұмыс істеуде қызметкерлердің қысқару санымен; мемлекеттік басқару ұйымдарының бизнес-үрдістерінің орындалу уақытының қысқаруымен; АКТ-ның енгізілуіндегі үлкен мəнге ие: қабылданатын шешімдердің сапасының жақсаруы; азаматтардың билікке сенімділігінің артуы; билік ұйымдарын қамтамасыз етуге қосымша қоғамның ұсталынымдарының төмендеуі. Бағдарламаның мақсаты азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк қызмет көрсетулерге жылдам əрі сапалы қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету жəне АКТ-ны кеңiнен қолдану арқылы мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлігін арттыру болып табылады.Аталған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi орындау керек: 1. мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайларында жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн нормативтік құқықтық жəне əдiснамалық база құру 2. мемлекеттік органдардың e-қызмет көрсетулерін қалыптастыру мен дамыту; 3.e-Үкiметтiң қызмет көрсетулеріне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi жою жəне АКТ саласында бiлiм деңгейiн арттыру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру; 3. e-Үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру жəне мемлекеттiк 4. органдардағы ақпараттық инфрақұрылымды оңтайландыру; 5. е-Үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету. 153. Қазіргі кездегі заңдастырылған қорлар. Қазіргі кезде заңдастырылған қорлар. Электронды үкімет құру тарихы ақпараттық техналогияның дамуымен қатар жүріп келеді:”электронды үкімет” бұл ақпараттық техналогияны қолдану,оның ішінде интернетті; мемлекеттік ұйымдарымен, мемлекет азаматтары мен және жеке бизнеспен өзара электронды қажет құрылғы.`Электронды мемлекет `термині-E-government ақпаратты өңдеу,жіберу және таратудың электрогды құрамдары негізінде (internet,телефон,факс,кіру орталықтары желісіз құрылғылары және басқа комунткациялық жүйелер) мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру, мемлекеттік орнгандарының барлық салаларының барлық азаматтарға электронды құралдар көмегімен қызмет көрсету, сол құрамдар арқылы мемлекеттік оршгандардың жұмысы туралы азаматтарды ақпараттандыру. Электрондық үкімет жүйесі уш компоненттен тұрады.
АКТ енгізуде тікелей экономикалық эфект байланысты. Бұрынғы сақталынған құжаттарға қатысты ауданды босату; мемлекеттік бақару ұйымдарымен бизнес үрдістерінің орындалу уақытының қысқаруымен; құжаттармен жұмыс істеуде қызметкерлердің қысқару санымен, 154. Əкімшілік реформа жəне мемлекет басқару жүйесінің реинжинирингі. Әкімшілік– атқарушы, әкілшілік, мем–тікоргандар жүйесі, барлық елдің не болмаса белгілі аймақ көлемінде заңдардың орындалуын іске асыратын орган. Ал әкімшілік реформа – мем–т органдарының атқару, орындау қызметінің барысында туындайтын құқықтық басқару қатынастарын реттейді. Бұл құқықтық салада құқықтық реттеудің көпшілігінде императивтік әдісін қолданады. Сонымен қатар ә реформа – атқарушыоргандардың құқық нормаларының өкім шығарушы түрінде түсіндіріледі. Ондай талқылау басқар–у, еңбек әлеуметтік қауіпсіздендіру ж\е басқа да мәселелерге арналған. Ә ренжреингі – адамдардың құқық нормаларының ұйғарымдарына сай тәртіп. Онда, адам баласының бостандығы мен қарым–қатынастарын жүзеге асырады. Азаматтардың құқықтарына белгіленген қимылға не міндеттерге сай болса құқықтық тәртіп ә рейн аса маңызды орын алады. Құқықа сай тәртіп ж\е оны бұзу – адамдардың адалдықты ж\е құқықтық белгілеулердің пайдалығын олардың қоғам, мем–т арасындағы қызметін анықтайды Мемлекетті басқару жуйесі- мемлекеттегі жоғары егемендік биліктің ұйымдастырылуы, оның органдарының өзара жəне халықпен байланысын сипаттайды. Басқару нысаны мемлекет нысанындағы ең басты жетекші элемент болып табылады. Басқару формасы бойынша монархия ж\е ресмублика болып бөлінеді Монархия – мемлекеттің егеменді жоғары билігі бір адамның қолында өмір бойы болады жəне атадан балаға мұра (мирас) ретінде беріледі (өтіп отырады). Монарх (патша, король, перғауын (фараон), қаған, хан жəне тағы басқалар) ешкімнің алдында жауапты болмайды. Ол тек құдайдың алдында ғана жауапты. Монархияның үш түрі болады: а) Шексіз (абсолюттік) монархия. Бұл жерде монарх мемлекеттің бірден бір жалғыз, ең жоғары органы. Оның қолында заң қабылдау, атқару, жəне сот биліктері шоғырланған. Қазіргі кезде басқарудың мұндай нысаны СаудАравиясы, Біріккен Араб Əмірлігі елдерінде орын алған. б) Шектеулі конституциялық немесе парламенттік монархия, басқарудың мұндай нысанында елдегі билік (өкімет) монарх пен басқа органдарға бөлінген болып келеді. Мысалы, парламентке. Қазіргі кезде басқарудың мұндай нысаны Ұлыбритания, Бельгия, Норвегия, Швеция мемлекеттерінде бар. в) Дуалистік монархия. Басқарудың бұл нысанында елдегі мемлекеттік билік монарх пен парламент араларында тең бөлікке түскен болып келеді. Мысаля, өикен замандардағы Пруссия, Австрия, Италия, Румыния, Ресей елдерінде монархтың қолында атқарушы билік (өкімет) болған. Республика. Басқарудың бұл нысаны бойынша мемлекеттегі ең жоғары билік (өкімет) сайланбалы органдарға тиесілі болып келеді. Мұндай органдар белгілі бір мерзімге ғана сайланады жəне олар сайлаушылар алдында жауапты болады. Республика билігінің екі жолы бар: президенттік жəне парламенттік. Президенттік республикада Президентті тікелей халық сайлайды жəне Президент мемлекет басшысы бола тұрып, негізінен, Үкіметті өзі құрады. Қазақстан мемлекеті – Президенттік басқару нысанындағы республика. а) Президенттік республика басқарудың бұл нысанында президенттің жеке өзі, парламенттің қатысуымен үкіметті құрады. Үкімет өзінің қызметтері бойынша президент алдында жауапты болады. Басқарудың мұндай нысаны қазіргі заманда Америка Құрама Штаттарында жəне Қазақстанда орын алған. б) Парламенттік республика. Мұндай басқару нысаны бар елде парламент заң қабылдайтын ғана емес, сонымен бірге үкіметті бақылайтын да орган болып табылады. Мұндағы президент – мемлекет яғни ел басшысы, ол үкімет басшысы емес. Мұнда үкіметті партиялар құрады. Үкіметке премьер-министр жетекшілік етеді (басқарады) (премьер-министр лауазымы басқаша аталуы мүмкін). 155. Мемлекетті басқаруда ақпараттық технологияларды пайдаланудың мақсатымен міндеті Мақсаты: Азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетулерге жылдам әрi сапалы қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңiнен қолдану жолымен мемлекеттiк органдардың жұмыс істеу тиiмдiлігін арттыру Міндеттері: Мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайында жұмыс істеуге мүмкiндiк беретiн нормативтiк құқықтық және әдіснамалық база құру; мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсетулерiн қалыптастыру және дамыту; "электрондық үкіметтің" қызмет көрсетулерiне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық теңсіздікті жою және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бiлiм деңгейiн көтеру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру; e-Үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру және мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру; "электрондық үкiметтің" ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету 156. Қазақстан Республикасының құрылымы. Электрондық укімет деген не? Бүгіндері электрондық ұкімет дегенөбұл ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолданумен мемлекеттік оргондар?халық және бизнестің өзара ісөқимыл жуйесі. Электрондық ұкімет ішінде негізгі моделдері і байланыс болып табылады:халыққа,бизнеске,мемлекеттік оргондарға мемлекеттік қызметін көрсету. Электрондық укімет идеологиясы екі затқа негізделген:Бұл сервистерді көосет уге арналған инфроқұрылымды құру және сервистердің өздері.Э.І-ң құрылымы инфроқұрылымдық компоненттерді құру болып табылады.Олар біріңғай мемлекеттік деректер қоры,электрондық цифрлық қолтаңба берілетін куәландыру орталығы,азамат қызметі алатын және төлейтін ???? Электрондық үкіметті бағдарламаны іске асыру нәтижесі: -Электрондық үкімет инфроқұрылымның барлық компоненттерін қалыптастыру; -нормативтік қ-қ базаны құру; -Мемлекеттік оргондардың электрондық қызметтерін дамыту және қлыптастыру; -Халықтың компьютерлік сауаптылық деңгейін көтеру.2007 ж.ҚР электрондық үкіметті дамытудың 2008-2010 жылдарға бағдарламасы қабылданды,оның міндетіне мыналар кіреді. −Электрондық укімет базалық инфроқұрылымы мен қол жеткізу тетіктерін кеңейту жіне азаматтар ұшін ілеуметтік маңызды. −Бизнес ушін талап етілетін және азаматтар ушін әлеуметтік маңызды; −Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың ұрдістерін автоматтандыру ж\е ыпалдастыру; −ақпараттандыру ұрдістерінің нормативтік қ−қ базаларын қамтамасыз ету ж\е электрондық мемлекеттік қызметтерді игеру; −мемлекеттік оргондардың қызметін бақылаумен мөлдірлігін арттыру; Электондық үкіметті негіздеу 2004ж. ҚР Үкіметмен электрондық ұкіметті қалыптастырудың 2005-2007 ж.арналган мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Электрондық үкіметті дамвыту кезеңдері Электрондық үкіметті енгізу стратегиясына сәйкес э.үкіметі қалыптастыру ж\е дамыту 4 кезеңнен тұрады: -Бірінші ақпаратты жариялау ж\е таратуды көздейді. -Екіншісі мемлекеттік оргондар мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдың пері ж\е тура жолымен интерактивтік қызметтерді беру: −Үшінші қаржылық ж\е заңдық операцияларды үкімет порталы арқылы іске асыру трансациялық өзара іс−қимылы. −Төртінші ақпараттық қоғамды қалыптастыру. |