1. Апараттар, апаратты технологиялар жне апаратты процесстер туралы ым. "Апарат"
Скачать 0.98 Mb.
|
§ Форматталатын дискіні дискжетекке салыңыз; § Менің компьютерім терезесін ашыңыз; § Диск 3,5(А:) дискісіне тышқан көрсеткішін қойып, оң жақ батырмасын шертіңіз; § Жанама мəзірден Форматтау (Форматировать) командасын таңдаңыз: § Қажет жағдайда форматтау режимдерін орнатуға болатынын ескеріңіз; § Бастау (Начать) батырмасын басыңыз; § Егер дискіде файлдар сақталған болса, онда оларды жою керек пе? деген сауалға «Иə» батырмасын шертіңіз. § Форматтау аяқталғаннан кейін «Жабу» батырмасын басыңыз. Сіздің дискетіңіз форматталды. Кез келген файлды, папканы компьтерден дискетке көшіру үшін файл немесе папка арқылы ашылған контекстік менюден көшіру пунктін таңдап, дискетті ашып бос орын арқылы ашылған контекстік менюден кірістіру (Вставить) пунктін таңдау қажет. 51. Есептулер. Формулалар. MS Excel-де кез келген формуланың "=" белгісінен басталатынын білеміз. Ол үшін Е3 ұяшығына =В3+С3+D3 формуласын енгіземіз, әйтпесе Excel-дегі дайын формуланы қолданса да болады. Мұндай ұзын формуланың орнына =СУММ (В3:D3)формуласын енгізсе болғаны. Электронды кестеде қосу (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан Стандартты аспаптар тақтасында батырмасы қарастырылады. Жалпы қосындыны білу үшін қосылатын ұяшықтардың аумағын (мыслаы, В4:D4) белгілеп, Автоқысынды (Автосумма) Е батырмасын шертіңіз. Қорытылып шығатын формулаларды енгізу үшін Функция шебері (мастер функции) диалогтік терезесін қолдануға болады. Ол функцияны енгізп қана қоймай, күрделі есептеулердіде орындайды. Microsoft Excel функциялары бір немесе бірнеше аргумент бар формулалардан тұрады. Функция шебері диалогтік терезесінде Категория өрісінде функцияның типін, содан кеиін функция тізімін Функцияны таңдау керек; ОК батырмасын шертіңіз. Формулада қолданылатын салыстырмалы сілтемелер формулаларды ұяшықтан ұяшыққа көшіргенде бірден өзгереді . Абсолют сілтеме ұяшық мекенжай белгілеу үшін қолданылады. Формуланы көшіргенде абсолют сілтемелер өзгермейді. Абсолют сілтемелерді көрсету үшін $ белгісі пайданылады, мысалы, $A$1, $C$3.Кейде формулалар ауыстырғанда немесе көшіргенде тек жол нөмері мен қатардың атын сақтау кажет, Бұндай жағдайда аралас сілтемелер қызмет етеді . Мысалы, $A1 (көшір кезінде қатар аты А өзгермейді ) немесе C$3 (көшіру кезінде жол нөмірі 3 өзгермейді ). 52. Функциялар. Тізімді құру. Функция енгізілген ұяшық мысалы ретінде: =А5+ sin (С7) формуласы келтіруге болады, мұндағы А5- ұяшық адрес , sin ()- функция аты, жақша ішінде оның аргументі тұрады, С7 аргумент (сан, мәтін және т.б), бұл сәтте С7 ұяшығында сан болуы тиіс. Excel программасының кейбір функциялары: -SQRT (x)- х санының оң мәнді квадрат түбірін анықтайды, мысалы, sqrt (25) = 5. -SIN (x)- радианмен берілген х бұрышының синусын анықтайды. Мысалы: sin(0.883) =0.772646. -MAX (т з м)- бер лген тізіміш інен ең үлкен (максимум) мәнді анықтайды, мысалы: MAX (55, 39, 50, 28, 67, 43)=67. - SUM (т з м) - бер лген тізімнің (блоктың) сандарының қосындысын айтады. Мысалы: Sum (А1: ФЗОО) - Ф1:АЗОО блогының 300 ұяшығындағы сандардың қосындысын табады. Функция аттары орыс тіліне аударғанда Excel нұсқаларында орысша беріліп, басқаша жазылуы мүмкін. Жиі пайдаланылатын қосынды табу функциясы үшін аспаптар тақтасында аранйы батырма бар. Функция атын формулаға кірістіру үшін Функцияның шеберін пайдалануға болады, ол Кірістіру Функция (Всавка Функция) командасымен немесе F бейнеленген батырма арқылы іске қосылады. Батырма басылғанда экранға функциялар бейнеленген сұхбат терезесі шығады. Соның ішінене керектісін таңдап алып Қадам (Шаг) батырмасын басу керек. Сонда Функция шеберінің екінші терезесі экранға шығады да, одан аргументті таңдап алуға болады. 53. Кітапты құру. Бетпен жұмыс. Жұмыс кітабының парақтары. Жұмыс кітабының парағымен жұмыс жасаған кезде бірнеше кестені бірге пайдаланып, кітаптың бірнеше парағын бір уақытта қатарластыра отырып қолдану қажеттілігі туады. Экранның төменгі жағында кестелер, яғни парқта жарлығы көрініп тұрады. Егер бір жарлықта тышқанның бір жақ батырмасын сырт еткізсе, онда соған сәйкес кесте екпінді етіліп, ол ең үстіңгі парақ боп шығады. Жарлықта тышқанның оң ақ батырмасын сырт еткізу кестені өшіру, оның атын өзгерту тәрізді әрекеттерді орындайтын менюді экранға ығарады. Экранның сол жақ төменгі бұрыштарында жарлықтарды ауыстыру батырмасы бар, олар арқылы бір парақтан екінші параққа жылдам көшуге болады. Ауыстыру батырмасында тұрып, тышқанның оң жақ батырмасын сырт еткізсе, онда керекті кез келген парақты таңдап алуға мүмкіндік беретін контекстік-тәуелді менюді шақыруға болады. Ексел бағдарламасының жұмыс кітабы.
(барлыгы 65536) жол бар. Барлық ұяшықтар жеке жеке торларға бөлінген. Торларды Қызмет-Параметрлер-Түр-Торды басып ең оңында ОК арқылы алып тастауға болады.
Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. 54. Функция жəне формуланы қолдану. Электронды кесте термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланылады.Кестелерді өңдеуге жататын іс әрекеттер: Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулеп жүргізу. Excel програмысының кестесіндегі есептеулер формулалардың көмегімен жүзеге асырылады. Формулалар тұрақты сандардан, ұяшықтарға сілтеме мен Excel функцияларынан тұрады. Егер ұяшықтарға формулалар енгізілген болса, онда жұмыс парағында осы формуланың есептеу нәтижесі белгіленіп тұрады. Ұяшықтағы сандық нәтижені емес, оған енгізілген формуланы көру үшін сол ұяшықты ерекшеп алып, формулалар жолында бейнеленген жазуға көзсалу керек. Формулаларды автолтыру. Бұл амал сандарды автотолтыру сияқты жүзеге асырылады. Автоттолтыру кезінде формулалардың басқа ұяшықтарға сілтеменің ерекшеліктері ескеріледі: салыстырмалы сілтемелер сәйкесінше көшірменің салыстырмалы орналасуына байланысты өзгереді. Ал абсолют сілтемелер өзгермей сол қалпында қалады. Мысалы: үшінші С Бағанында мәні А және В бағандарының сәйкес ұяшықтардағы мәндерінің қосындысына тең формула есептелсін. С1 ұяшығында =A1+B1 формуласын енгіземіз, осы формаланы автотолтыру әдісімен үшінші бағанның барллық ұяшықтарына көшіреміз. Егер формулаларды Функцияларды өзгерту (Изменить функций) батырмасын басу арқылы немесе Кірістіру > Функция командасын жүзеге асыратын болса, онда формулалар жолының астында Функцялар шебері (Мастер функций) аты сұхбат терезе ашылады. Ал оның панелінде функциялар тізімі ашылады. Оның Категория бөлімінде ең соңғы пайдалынылған он функция және төменірек басқа функциялар бөлімі бейнеленеді. Функция шеберін қолдану. Функция шеберінің Категория тізімінен қажетті функцияны категориясы бойынша таңдап алуға болады. Функциялар тізімінен берілген категория бойынша нақты функция алынады. ОК пернесін шерткеннен кейін, қажеттіфункцияның аты формулалар жолына енгізіледі. Ал мәтіндік меңзер сол функцияның параметрлері көрсетілген жақшалардың арасына орналасады. Функцияның парамерлерін енгізу. Функияның параметрлерін енгізі кезінде формулалар терезесінің түрі өзгереді. Мұнда параметрлерді енгізуге арналған өріс бейнеленеді. Егер параметрдің аты жартылай майлы қаріппен көрсетілсе, онда бұл параметрді мүндетті түрде енгізу қажет. Ал егер параметрдің аты жәй қаріппен көрсетілетін болса, ол параметрді тастап кетуге болады. Формулалар терезесінің төменгі жағында функцияның қысқаша көшірмесі сиппатамасы мен параметірлерінің өзгеру аралықтары беріледі. Қосындылау функциясы. Қортындылау функцияларының ішіндегі ең көп қолданылатыны қосындылау функциясы – СУММ. Стандартты аспаптар панелінде осы функцияда ғана жеке батырма бар – Автоқосынды (Автосумма) батырмасы. Автоматты түрде қосындылау ағымдағы ұяшықтың немесе сол жағындағы ауқымды қамтиды. Автоматты түрде таңдалынып алынған ауқымды қайтадан өзгертіп, функцияның қосымша параметрлерін беруге болады. Қортындылау есептеулеріне арналған басқа функциялар Функцияларды өзгерту батырмасы немесе Функциялар шеңбері арқылы алынады. Бұл функциялардың қатарына ДИСП (дисперсия), МАКС (ауқымдағы ең үлкен сан), МИН (ауқымдағы ең кіші сан), СРЗНАЧ (ауқымдағы сандардың арифметикалық ортасы), СЧЕТ (ауқымдағы мәндері бар ұяшықтар саны) және т.б. жатады. Көптеген экономикалық есптерді жеңілдету үшін функциялар қолданылады. Функциялар y = f(x) түрінде жазылады, мұндағы х – функцияның аргументі, ал у – функцияның мәні, f – функция. Функцияларды қолдануға мысалы қарастырайық: С7 ұяшығында АВС(А7) + LOG(В7( формуласын есептейік). Мұндағы А7, В7 – ұяшықтарға салыстырмалы сілтемелер; АВС(А7) – А7 ұяшығындағы мәннің абсалютті шамасын есептейтін функция; LOG(В7) – В7ұяшығындағы мәннің логарифімін есептейтін функция. Excel програмысында қолданылатын стандарт функциялар тізімі:
Бұл тізімді әрі қарай жалғастыра беруге болады, өйткені олардың саны өте көп. Ехсеl нұскаларында орысша берiлiп, басқаша жазылуы мүмкiн. Жиi пайдаланьтатын қосынды табу функциясы үшiн аспаптар тақтасында арнайы батырма бар. Функция атын формулаға кipicтipy үшiн Функция шеберiн пайдалануға болады, ол Кiрiстiру=>Функция (Вставка=>Функция) командасымен немесе бейнеленген батырма арқылы iскe қосылады. Батырма басылғанда экранға функциялар бейнеленген сұхбат терезесi шығады. Соның iшiнен кepeктiciн таңдап алып қадам (Шаг) батырмасын басу керек. Сонда Функция шеберiнiң келесi терезесi экранға шығады да одан apгyмeнттi таңдап алуға болады. Функция параметрлерiн енгiзу. Функция параметрлерiн енгiзу кезiнде формула палитрасы тyciн өзгертедi. Функциялардың бірнеше түрі бар. Олар: математикалық, статистикалық, мерзімдік, қаржылық т. б. Қолданғанда курсорды нәтиже шығатын ұяшыққа апарып келесі жағдайлардың біреуін орындаймыз:
55. Құрама және біріктіру кестелер Екселде талдаудың қуатты құралы қосылған кесте-Құрама кесте. Осының көмегімен құрамында үлкен көлемде жүйелендірілмеген мәліметтері бар кең көлемді кестелерді талдауға болады және тышқанның батырмасын бірнеше сырт еткізумен оларды қолайлы оқылатын түрге ткелтіруге болады. Осы құралдың меңгерілуісәйкестендірілген шебер-бағдарламаны оңайлатады. Ексел бадарламасында мәліметтердің үлкен тізімін талдау үшін арнайы амлдар алдын ала ескерілген. Мәліметтерді талдау мағынасына тенденция мен заңдылықтарды жақсы түсінуге болатын және кестелік мәліметтер өзіне бағындыратын әдістер қарастырылады. Ексел бағдарламасының бесінші нұсқасына қосылған(Pivot, Table) тіреу кестелері тізім ішінде мәлімет арасындағы арақатысты талдау үшін арналған. Құрама кесте тұрғызу. Құрама екстені тұрғызу Құрама кесте шеберінің ( Мастер сводных таблиц и диаграмм ) көмегімен іске асырылады. Ол үшін алдымен мәліметтер базасына қатысты ұяшықтарды ерекшелеп алу қажет. Сонан кейін Мәліметтер > Құрама кесте (Данные > Сводные таблицы) командасын орныдау қажет. Құрама кесте шебері (Мастер сводных таблиц и диаграмм) жұмысының алғашқы сатысында мәліметтер типі мен құрама мәліметтерді безендіру түрін анықтап алады. Ары қарай (Далее) батырмасын шерткеннен кейін, мәліметтер базасындағы ауқым дұрыс таңдалғанына көз жеткізу керек. Тағы Ары қарай батырмасын шерткен соң құрама кестенің орны анықталады. Құрама кестені көбіне жаңа бетке орналастырады (Жаңа бет (Новая страница) ауыстырып-қосқышын тағайындау арқылы). Құрама кестенің құрылымы. Құрама кесте шебері (Мастер сводных таблиц и диаграмм) жұмысының келесі сатысында құрама кестенің мазмұны мен құрылымын қалыптастырып алады. Бұл терезеде құрама кестенің маекті берілген. Ол төрт аймақтан тұрады: Бет(Страница), Жол(Строка), Баған(Столбец) және Мәліметтер(Данные). Құрама кестенің әрбір аймағына мәліметтер базасының қайсыбір өрісі сәйкестендіріледі. Құрама кестені толтырған кезде мәліметтер сәйкес өрістерден автоматты түрде алынып қойылады. Оны толтыру үшін осы бетте мәліметтер базасының өріс атауларымен аталған батырмалар қолданалады. Құрама кесте шеберін (Мастер сводных таблиц и диаграмм) іске қосып, шебер жұмысының бірінші сатысында Құрама диаграмма ауыстырып-қосқышын тағайындау керек. Содан соң Ары қарай (Далее) батырмасын басып, құрама диаграмма тұрғызылады. Диаграмманы пішімдеу мен баптау оның жанама меню арқылы іске асырылады. Диаграмманың түрін өзгерту үшін ол тұрған аймаққа тышқанның оң батырмасын басып, жанама менюден Диаграмма типі бөлімін таңдап алу қажет. Осылайша жанама менюден Пішім (Формат) бөлімін таңдап алып, диаграмма пішімін өзгертуге болады. Біріктіру кестелері Мәліметтердің тұтастығы. Егер екі кесте арасында (автоматты түрде немесе қолдан) байланыс орнатылса, екі кестенің мәліметтерін біріктіруге болады. Кейде осы жеткілікті (мысалы, қарапайым телефон аныктамалығын енгізгенде), алайда маңызды мәліметтер базасын құрғанда әр түрлі кестелерге кіргізілетін, бай-ланысқан мәліметтерді бақылаудың қосымша құралдары жөнінде ойлауға тура келеді. Мәселен, Тапсырыстар кестесін құрғанда жоқ клиенттер немесе өнімдер туралы мәліметтерді бұл кестеге кездейсоқ енгізуге жол беруге болмайды, өнімге және т.б. тапсырыс беретін клиенттер туралы жазбалардан сөздіктерді жоюға болмайды. Байланысқан екі кестелер арасындағы мәліметтердің сәйкес үйлесімін қамтамасыз ететін механизм былай аталады: Мәліметтердің тұтастығын қолдау мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету үшін, екі кесте арасындағы байланысты орнатканда, тұтастық шарттарын қамтамасыз ету жалаушасын белсенді ету керек. Мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету жалаушасын енгізу бір кестеден жазбаларды жою жағдайларынан қорғануға мүмкіндік береді, олармен байланысқан басқа кестелердің мәлі-меттері байланыссыз қалады. Егер пайдаланушы тұтастықты қолдау механизмін іске қосса, бір уақытта байланыс түрін де көрсетуі тиіс. Бірді бірге (1:1) - бір кестедегі өрістің бір мәніне басқа өрістегі тек бір ғана мән сәйкес келеді; Бір көбіне (1:со) - бір кестедегі өрістің бір мәніне басқадағы бірнеше (бір немесе одан көп) мәндері сәйкес. Мәліметтер тұтастығы мынаны білдіреді: 1) бағыныңқы кестенің байланысқан өрісіне басты кестенің байланысқан орісінде бар мәндерді ғана енгізуге болады (мысалы, Тапсырыстар кестесіне Клиенттер кестесінде жоқ клиентгің коды бар жазбаны енгізуге болмайды); 2) басты кестеден бағыныңқы кестедегі өрістің бір мәні-мен де тура келетін байланысқан өрістің мәні бар жазбаны жоюға болмайды (мысалы, Клиенттер кестесінен Тапсырыстар кестесіндегі әлі жойылмаған клиенттің кодын жоюға болмайды). Бұл тыйымдарды бүзуға әрекет жасалса, MS Access қате жайлы хабар береді. Байланысңан өрістерді каскадты жаңарту мен байланысқан жазбаларды каскадты өшіру. Тұтастықты қолдау механизмін қосқанда мәліметтерді жаңғыртып, жетілдіру үшін жүйе мынадай процестерді іске қосуын талап ете аласыз: - байланысқан өрістерді каскадты жаңарту; - байланысқан жазбаларды каскадты өшіру; Каскадты жаңарту басты кестедегі байланысқан мәндердің өзгеруі (мысалы, клиенттің коды) бағыныңқы кестенің байланысқан жазбаларында автоматты түрде көрсетіледі. Мысалы, егер сіз Клиенттер кестесінде 90 клиент кодын 97 кодқа ауыстырсаңыз, онда 90 клиент коды Тапсырыстар кестенің барлық жазбаларында 97 боп өзгереді. Басқаша айтсақ, онда ол осы клиенттің барлық тапсы-рыстарында ауыстырылады. Байланысқан жазбаларды каскадтық өшіру басты кестеден жазбаларды өшірген кезде (мысалы, 20 клиент коды бар жаз-бадан) бағыныңқы кестеден барлық жазбалар өшіріледі, олар-дағы байланысқан өрістердің мәні өшірілетін мәнмен (мәселен, 20 кодты клиенттер) тура келеді. Басқаша айтсақ, егер клиент-тердің сөздігінен қайсыбір клиентті алып тастаса, осы клиентгің барлық тапсырыстары өшіріледі. Осылайша, кестелер арасындағы реляциялық байланыстарды құрудың мәні, бір жағынан, мәліметтерді қорғауда, екінші жағынан - бір кестені өзгерткенде бірнеше кестеге өзгеріс енгізуді автоматтандыруда. 56. Функция шеберін арқылы есептеулер. Электронды кесте термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланылады.Кестелерді өңдеуге жататын іс әрекеттер: |