Главная страница
Навигация по странице:

  • Функция параметрлерiн енгiзу.

  • ЕГЕР – функциясы. Бұл логикалық функция. Форматы

  • Белгілі бір шарт бойынша ұяшықтардың қосындысын табу СУММЕСЛИ(диапазон; шарт; диапазондар қосындысы)

  • Диапазондағы сандардың санын табу СЧЕТ(мән1; мән2;…..)

  • Орта мәнді табу СРЗНАЧ(диапазон1; диапазон2;.....)

  • Ең үлкен мәнді табу МАКС(диапазон1; диапазон2;.....)

  • Орынды анықтау РАНГ(ұяшық адресі; диапазон)

  • Санның пайыздық өлшемін анықтау ПРОЦЕНТРАНГ(диапазон; ұяшық адресі)

  • Диаграмма шебе

  • Диаграмма шеберінің

  • Ары қарай ( Далее

  • Қатар (Ряд

  • Тақырыптары

  • Тор сызықта

  • Мәліметтер қолтаңбасы

  • Ары қарай (Далее)

  • Дайын (готово)

  • Терезенің негізгі элементтері

  • 59. Электрондық кесте құралдарымен мəліметті өңдеу.

  • Пішім > Ұяшықтар (Формат > Ячейки

  • 60. Microsoft Office қосымшалары арасындағы байланыс. Деректер қоймасы дегеніміз – машиналық ақпарат тасушыларда орналасқан, өзара байланыстағы деректері бар жиымдар кестесі. Excel

  • 1. Апараттар, апаратты технологиялар жне апаратты процесстер туралы ым. "Апарат"


    Скачать 0.98 Mb.
    Название1. Апараттар, апаратты технологиялар жне апаратты процесстер туралы ым. "Апарат"
    АнкорAkparat-otvet_2010.doc
    Дата06.05.2017
    Размер0.98 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаAkparat-otvet_2010.doc
    ТипДокументы
    #7136
    страница7 из 17
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

    Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулеп жүргізу.

    Функция шеберiн пайдалану функция топтарын немесе Басқа функцuялар пунктiн таңдағанда, Функция шеберi (Мастер функций) программасы жiберiлiп, керектi Функцияны таңдап алу жеңiлденедi.

    Ехсеl программасының кейбiр функциялары:

    - SQRT(x) - х санының оң мәндi квадрат түбiрiн анықтайды, мысалы, sqrt(25)=5.

    - SlN(x) - радианмен берiлген х бұрышының синусын анықтайды. Мысалы: sin(0.883)=O.772646.

    - МАХ(тiзiм) - берiлген тiзiм iшiнен ең үлкен (максимум) мәндi анықтайды, мысалы: мах(55,39,50,28,67,43)=67.

    - SUМ(тiзiм) - берiлген тiзiмнiң (блоктың) сандарының қосындысын анықтайды. Мысалы: sum(Аl:АЗОО) - Аl:АЗОО блогының 300 ұяшығындағы сандардың қосындысын табады.

    Кейбiр функция аттары орыс тiлiне аударылғанан

    Ехсеl нұскаларында орысша берiлiп, басқаша жазылуы мүмкiн. Жиi пайдаланьтатын қосынды табу функциясы үшiн аспаптар тақтасында арнайы батырма бар. Функция атын формулаға кipicтipy үшiн Функция шеберiн пайдалануға болады, ол Кiрiстiру=>Функция (Вставка=>Функция) командасымен немесе бейнеленген батырма арқылы iскe қосылады. Батырма басылғанда экранға функциялар бейнеленген сұхбат терезесi шығады. Соның iшiнен кepeктiciн таңдап алып қадам (Шаг) батырмасын басу керек. Сонда Функция шеберiнiң келесi терезесi экранға шығады да одан apгyмeнттi таңдап алуға болады.

    Функция параметрлерiн енгiзу. Функция параметрлерiн енгiзу кезiнде формула палитрасы тyciн өзгертедi.

    Функциялардың бірнеше түрі бар. Олар: математикалық, статистикалық, мерзімдік, қаржылық т. б. Қолданғанда курсорды нәтиже шығатын ұяшыққа апарып келесі жағдайлардың біреуін орындаймыз:

    • стандартты панельдегі [fx] батырмасын басамыз;

    • Қою – функция командасын орындаймыз;

    • + тетіктерін басамыз.

    Шыққан терезеден функция түрін және өзін көрсетеміз.

    ЕГЕР – функциясы.

    Бұл логикалық функция.

    Форматы:

    ЕСЛИ(логикалық теңдеу; мән егер шын; мән егер өтірік)

    Мысалы: А1 ұяшығындағы мән А2 ұяшығындағы мәннен үлкен болса, оны 5 санымен ауыстыр. Жазылуы:

    =ЕСЛИ(А1>А2;А1=5;А2=5)

    Белгілі бір шарт бойынша ұяшықтардың қосындысын табу СУММЕСЛИ(диапазон; шарт; диапазондар қосындысы) – функциясы арқылы орындалады.

    Мысалы: А1, А2, А3, А4, А5 ұяшықтарына мән енгіземіз. Берілген сандардың ішіндегі 1000 –ға тең немесе үлкен сандардың қосындысын табу керек. Ол үшін мына формуланы қолданамыз: =СУММЕСЛИ(А1:А5; “>=1000”).

    Диапазондағы сандардың санын табу СЧЕТ(мән1; мән2;…..) – функциясы арқылы орындалады. Мысал 1: В1= “сөз”, В2=2000, В3 = 400, В4=, В5=1500

    Ол үшін мына формуланы қолданамыз: =СЧЕТ(B1:B5).

    Мысал 2: Бос емес ұяшықтардағы 1000-ға тең немесе үлкен сандардың санын есептеу үшін мына формуланы пайдаланамыз: =СЧЕТЕСЛИ(B1:B5; “>=1000”).

    Орта мәнді табу СРЗНАЧ(диапазон1; диапазон2;.....) – функциясы арқылы орындалады.Мысалы: А1, А2, А3, А4, А5 ұяшықтарындағы мәндердің (арифметикалық) ортасын табу үшін мына формуланы пайдаланамыз:

    =СРЗНАЧ(A1:A5) .

    Ең үлкен мәнді табу МАКС(диапазон1; диапазон2;.....) – функциясы арқылы орындалады.

    Ең кіші мәнді табу МИН(диапазон1; диапазон2;.....) – функциясы арқылы орындалады.

    Орынды анықтау РАНГ(ұяшық адресі; диапазон) – функциясы арқылы орындалады.

    Мысалы: А1, А2, А3, А4, А5 ұяшықтарындағы мәндердің қандай орынды алатынын анықтау үшін мына формуланы енгіземіз.

    =РАНГ(A1; $A$1:$A$5)

    Санның пайыздық өлшемін анықтау ПРОЦЕНТРАНГ(диапазон; ұяшық адресі) – функциясы арқылы орындалады.

    57. Диаграммалар.
    Диаграмма - сандық шамалар мен олардың ара-қатынастарын геометриялық тəсілдермен шартты түрде бейнелеп көрсету.

    Excel программасындағы диаграмма термині сандық мәліметердің графиктік түрде бейнеленуінің барлық жағын қамтиды. Графиктік бейнелеу берілген мәліметтер қатары негізінде құрылады. Берілген мәліметтері бар жеке алынған жол немесе бағаннан тұратын ұяшықтар тобы мәліметер тобын құрайды. Бір диаграммада бірнеше мәліметтер қатарын бейнелеуге болады. Диаграммадеп жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік обьектіні айтады. Ол мәліметтер тұрған парақта немесе кез-келген басқа парақта орналасуы мүмкін. Диагамма өзі тұрғызылған мәліметтермен әрқашан тығыз байланыста болады. Егер мәліметтер жаңартылатын болса, диаграмма да автоматты түрде соған сәйкес өзгереді.

    Диаграмманы тұрғызу үшін Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) қолданылады. Ол стандарты аспаптар панелінде орналасқан диаграмма шебері батырмасының көмегімен іске қосылады. Әдетте диаграмма тұрғызар алдында мәліметтер орналасқан аймақты ерекшелеп алады немесе бұл мәліметерді Диаграмма шеберінің барысында енізуге болады.

    Диаграмманың түрін таңдап алу. Диаграмма шеберінің алғашқы сатысында диаграмманың түрін таңдап алуымыз қажет. Стандартты қыстырмасындағы Түр (Вид) тізімінде диаграмманың қолда бар түрлері көрсетілген. Таңдап алынған түр үшін терезенің оң жағында мәліметтердің көрсетілуінің түрлі нұсқаулары көрсетілген. Сонын ішінен ең қолайысын таңдауымыз қажет. Стандарты емес қыстырмасында пішімделген, толығымен қалыптасқан диаграмма түрлері бейнеленген. Диаграмманың түрін таңдап алынғанна кейін Ары қарай ( Далее ) батырмасын басамыз.

    Мәліметтерді таңдап алу. Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) жұмысының екінші сатысы диаграмма тұрғызылатын мәліметтердің таңдап алудан басталады. Егер мәліметтер ауқымы алдын- ала берілген болса, Диаграмма шебері терезесінің үстінгі жоғарғы бөлігінде орналасқан адын-ала қарап шығу аймағында тұрғызылатын диаграмманың жуық бейнесі пайда болады. Егер мәліметтер бірдей ауқымды тік төртбұрышты қамтитын болса, онда оны мәліметтер ауқымы (Диапазон данных) қыстырмасы бойынша таңдап алған қолайлы. Егер мәліметер бірегей топтан емес, жеке қатарладан тұрса, онда оны Қатар (Ряд) қыстырмасы бойынша енгізген дұрыс.

    Диаграмманы безендіру. Диаграма шеберінің үшінші сатысы ( Ары қарай батырмасын шерту арқылы алынады ) диаграмманы безендіруден тұрады. Диаграмма шебері терезесінің қыстырмларына төмендегі параметрлер енгізіледі:

    • диаграмманың аты, осьтерінің атаулары (Тақырыптары қыстырмасында);

    • коордиаттық осьтердің кескінделуі мен белгіленуі (Осьтер қыстырмасында);

    • координата осьтеріне параллель тор сызықтардың кескінделуі (Тор сызықтар қыстырмасында);

    • тұрғызылған осьтердің сипаттамасы (Атаунама қыстырмасында);

    • графиктің элементердің жеке мәліметтеріне сәйкес келетін атауларды бейнелеу ( Мәліметтер қолтаңбасы қыстырмасында );

    • графикті тұрғызуда пайдалынылған мәліметтерді кесте түрінде көрсету ( Мәліметтер кестесі қыстырмасында);

    Диаграмманы орналастыру. Ары қарай (Далее) батырмасын басу арқылы Диаграмма шеберінің соңғы сатысына көшеміз. Бұл терезеде диаграмманы жаңа параққа немесе бұрынғы жұмыс парақтарынң біреуіне орналастыратынымыз жайлы сәйкес өрістердің біреуіне жауап бреміз. Дайын (готово) батырмасын шертіп, өзіміз көрсеткен парақта орналасқан дайын диаграмманы аламыз.


    58. Кестелік процессор туралы жалпы түсінік.
    Microsoft Excel – Microsoft Office дестесінің электронды кестелерді әзірлеуге және өңдеуге арналған қолданбалы бағдарламасы. Электронды кестенің басты артықшылығы – кез келген операнд мәні өзгерген кезде өрнектік тәуелділік арқылы байланысқан барлық деректерді қайта есептеу мүмкіндігі.

    Microsoft Excel-дің қолданылу аясы өте кең. Excel терезесі дайын кесте болып табылатындығының арқасында ол көбінесе қандай да бір есептеулері жоқ, жай кесте түрінде ғана көрінетін құжаттар (кестелер, прайс-беттері, т.б.) жасау үшін қолданылады.

    Excel-де сызбалар мен диаграммалардың алуан түрлерін оңай жасауға болады (спортпен айналыса бастаған уақыттан бергі дене салмағаның азаю сызбасы, мал басы санының өсуі диаграммасы, т.б.).

    Excel-ді қарапайым пайдаланушылар элементар есептеулер жүргізу үшін қолдана алады (отбасы бюджеті, ақшалай қаражаттың кірісі мен шығысы).

    Excel-де көптеген математикалық және статистикалық жетелер болуы арқасында оны мектеп оқушылары мен студенттер курстық және зертханалық жұмыстар есептерін шығару үшін пайдалана алады.

    Excel бухгалтерияда қарқынды қолданылады – көптеген фирмаларда бұл құжаттар мен есептерді рәсімдеудің, диаграммалар жасаудың негізгі құралы. Онда бұл үшін қажетті жетелердің барлығы бар.

    Excel бағдарламасын Microsoft Windows-тың кез келген басқа бағдарламаларын қосу үшін қолданылатын тәсілдерінің бірімен іске қосуға болады. Кеңінен тараған амалдардың бірі – Бастау мәзірінен Барлық бағдарламалар тармағын және Microsoft Excel тармағын таңдау. Орнатылған Microsoft Office дестесінің нұсқасына қарай, бұл тәсіл мынадай ретпен де орындалуы мүмкін: Бастау – Бағдарламалар – Microsoft Office - Microsoft Excel немесе Бастау – Бағдарламалар – Microsoft Excel.

    Терезенің негізгі элементтері:

    · Тақырып жолағы – бұл құжаттың атауы және терезені басқару атырмалары

    · Бас мәзір. Әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан тұрады:

    · Стандартты құралдар үстелі – Жаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Қиып алу, Көшіру, Қою сияқты:

    құжатпен жұмыс істеуге арналған негізгі стандартты батырмаларды қамтиды.

    · Пішімдеу құралдар үстелі – мәтіннің қажетті параметрлерін және оның құжатта орналасатын орнын (туралауды) белгілеуге арналған:

    · Айналдыру сызықтары – құжат ішінде қозғалуға (құжаттың түрлі бөліктерін қарап шығу үшін) мүмкіндік береді

    · «Алдын ала қарап алу» – бұл файлды басып шығарылатын күйінде қарап шығу.

    Әдепкіде әрбір Excel кітабындағы парақтар Парақ1, Парақ2 және Парақ3 деп аталады. Кітапқа ерекше атау беру – оның не туралы екенін есте сақтап қалуға көмектесетіні сияқты, парақтың атауын өзгерту де оның мазмұнын есіңізге салады.

    Парақты қайта атау үшін Парақ1 қосымшасын екі рет шертіңіз. Парақ1 мәтіні ерекшеленеді. Жаңа атау, мысалы Кіріс деп енгізіңіз де, пернесін басыңыз. Қосымшада Кіріс атауы пайда болады.

    Ашық тұрған Microsoft Excel қосымшасында жаңа құжат жасау үшін мына әрекеттердің бірін орындау қажет:

    · Стандартты құралдар үстелінде Жаңа батырмасын шерту;

    · + пернелер тіркесімін басу;

    · Файл мәзірінің – Жаңа, содан кейін Жаңа бөлімінде оң жақта қалқып шығатын үстелде Таза кітап әмірін орындау.

    Осыдан кейін сіздің көз алдыңызда жұмыс істеуге әзір жаңа Excel құжаты ашылады. Бағдарлама жаңа құжатқа Кітап1 деген ат береді, бірақ сіз құжатты сақтау кезінде оған айрықша есім беруіңізге болады.

    Бар құжатты ашу үшін Файл мәзірінде Ашу бұйрығын таңдаңыз немесе пернелер тіркесімін басыңыз, сонда бейне Ашу сұхбат терезесі пайда болады.

    Екі рет шертіп қажетті файлды көрсетіңіз. Егер ол файл жұмыс аймағанда жоқ болса, Ашу әмірінің сұхбат терезесін пайдаланып, оны басқа қалтадан немесе дискіден іздеп көріңіз.

    Кітапты сақтау үшін Файл мәзірінен Сақтау әмірін таңдаңыз немесе пернетақтадан бір мезгілде пернелерін басыңыз, егер сіз бұл құжатты бірінші рет сақтап отырсаңыз, бағдарлама Басқаша сақтау сұхбат терезесін ашады (8.4-сурет).

    Содан кейін файл атауын енгізіп, осы сұхбат терезесін пайдаланып, файлды сақтау жолын нұсқаңыз. Файлдың атауы мен сақтау орны сіздің талаптарыңызға сай келетініне көз жеткізіп алып, Сақтау батырмасын басыңыз.

    Кестенің құрылымы

    Электронды кесте нөмірленген жолдар және латын әліпбиі әріптерімен белгіленген бағандар жиынтығы болып табылады.

    Баған мен жолдың қиылысқан тұсында кестенің ең кіші құрамдас бөлігі – ұяшық орналасқан. Әр ұяшықтың баған әрпі мен жол нөмірінен құралатын айрықша мекен жайы бар (мысалы, “A1”, “B4”).

    Ұяшық мекен жайы ұяшыққа деген сілтеме болып табылады және осы ұяшықтағы деректерді өрнекте пайдалану үшін қолданылады.


    59. Электрондық кесте құралдарымен мəліметті өңдеу.
    Кестелік құрылымдықұжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel болып табылады. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген. Бұл тарауда біз Microsoft Office 2000 программасының құрамына кіретін Microsoft Excel 2000 электрондық кестенің алғашқы ұғымдарымен және жұмыс істеу тәсілдерімен танысамыз. Excel жай ғана программа емес, оны көптеген математкалық амалдрды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады.

    Excel даярлайтын құжат Жұмыскітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқаннның батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді.

    Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтарды береді. Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16.

    Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және тышқанның немесе басқару пернелердің көмегімен экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішіндеу және басқада іс-әрекеттер осы ағымдағы осы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтарауқымы деп атаймыз. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A7: E25. Мұндағы А7 – тік төртбұрыштың сол жақ жоғарағы, ал Е25 – оң жақ төменгі бұрыштары.

    Мәліметтертипі. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:

    • Сан

    • Формула

    • Мәтін

    Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы символына қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызамыз. Егер біріншісі теңдік белгісі болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф болса, мәтін деп қабылдайды.

    Мәліметтерді енгізу Enter пернесін басумен жүзеге асырылады. Енгізілген мәліметтерді енгізбей алып тастау үшін немесе ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына келтіру үшін esc пернсін басамыз немесе формулалар жолындағы Болдырмау (отмена) батырмасын шертеміз.

    Excel-де енгізілген сандық мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың оң жақшетіне орналасады.

    Сандық пішімде. Экономикалық есептерде санның үш түрлі пішімде жазылуы қолдананылады: кәдімгі сандық пішім, қаржылық және мерзімдік. Кәдімгі сандық пішім әр түрлі сандқ шамаларды жазуға арналған. Мысалы: қайсыбір тауардың санын, пайзын жас мөлшерін және т.б. Ақша сомасын енгізу қаржылық пішімде жүзеге асырылады. Уақыт мезгілін жазу үшін мерзімдік пішім пайдалынылады.

    Мәтіндік пішім. Мәтіндік пішім мәтіндік жолдар мен цифрмен көрсетілген сандық емес мәліметтерді жазу үшін қолданады. Бұларға жататындар: регистрациялық нөмірлер, поштаның индексі, телефонның нөмірі.

    Ағымдағы ұяшықтың немесе ерекшеленген ауқымдығы мәлдіметтердің пішімін өзгерту үшін Пішім > Ұяшықтар(Формат > Ячейки) командасын пайдаланады. Ашылған Ұяшықтарды пішімдеу (Формат ячеек) сұхбат терезесіндегі қыстырмалардан мәліметтердің жазылу пішімін таңдап алады. Сол терезеде мәтіннің бағытын көрсетіп, оны түзеу, қарпін өзгерту, символдардың жазлуын, фонның түсін, жақтаудың түрін анықтайтын параметірлерді енгізуге болады.

    60. Microsoft Office қосымшалары арасындағы байланыс.
    Деректер қоймасы дегеніміз – машиналық ақпарат тасушыларда орналасқан, өзара байланыстағы деректері бар жиымдар кестесі. Excel –де жұмыс парағы – кестенің, баған – өрістің, жол - жазбаның ролін атқарады. Деректердің қоймасын жасауда жұмыстардың төмендегі кезеңдері орындалады:

    1. кесте өрісінің атауларын анықтау;

    2.кестелерге тікелей енгізу немесе пішімдердің көмегімен деректер кестесін толтыру;

    3.кестелер арасындағы байланысты сілтемелер мен формулалар арқылы орнату.

    Деректер қоймасымен тікелей жұмысқа төмендегілер кіреді:

    1. Деректерді реттеу;

    2.Фильтрлеудің көмегімен қажетті деректерді алу;

    3.Деректерді экрандық түрде қарап шығу.
    Microsoft Office қосымшасымен жұмыс істесеңіз, Сервис менюінде Microsoft Office-нің басқа қосымша-ларымен байланысты жүзеге асырады (Связи с Office). Кестелермен байланыс – сыртқы файлдардан байланысқан кестелермен кестелер құруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

    Кестелер импорты – сыртқы файлдан ағымдағы деректер қорына кестелер импортын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

    EXCEL электронды кестесімен импорттау оңай жұмыс емес. Оның жұмыс парағы да бағандардан тұрғанымен, олар ДҚ бағандар сияқты емес. Өйткені, олар әр түрлі типтегі берілгендерді сақтай алады. Мұндай импорттау кезінде қолданушыға бірнеше қосымша сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға жауап бере отырып, импорттау жұмысын орындауға болады. Бірақ, оның өзінде берілгендер толық көшірілмеуі мүмкін. Ақпараттық жүйелер қолданылатын берілгендерден тұратын текстік файлдарды импорттауға болады. Мұндай файлдардың ерекшелігі оларда берілгендер белгілі бір ретпен жазылады.

    Деректерді импорттау арнайы Шебер арқылы орындалады. Оның жұмысы параметрлерді анықтаудан басталып, алты қадамнан тұратын Шебер терезелерінде қажетті таңдауларды орната отырып, ең соңғы терезедегі Дайын батырмасын басумен аяқталады. Сонда бастапқы алынған файлдағы деректер Access ДҚ – ның деректеріне айналады. Сонымен, импорттау процесінде Access кестесінің өрістері анықталып, ондағы деректер сырттағы басқа файлдан алынады.

    ДҚ–ның Access – те қолдау табатын бірнеше форматтары бар. Сондықтан кейбір жағдайларда ДҚ – нан импорттаудың орнына файлмен байланыс орнату жеткілікті. Бұл тәсіл әр түрлі ДҚБЖ–де құрылған екі ақпараттық жүйені интегралдауға мүмкіндік береді. Сонымен кестелермен байланыс режимінің алгоритмі мынадай:

    1. Жаңа кесте сұхбаттық терезесінде кестелермен байланыс тәсілін белгілеп, ОК батырмасын басу керек.

    2. Пайда болған Байланыс терезесінде байланыс жасайтын файл және оның типі таңдалады.

    3. Жабу батырмасын басып, байланыс процедурасын аяқтау керек.

    Осы қадамдардан кейін ағымдық қатынаста байланысқан ДҚ жайында ақпарат сақтау үшін, INF типтегі файл құрылады да, атауы байланыс файлы атауымен аттас кесте пайда болады. Байланысқан кестеде жаңа өріс құруға болмайды, бірақ жазбалар қосу мүмкіндігі бар.

    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17


    написать администратору сайта