көк кітап. КӨК КІТАП ӘДЕБИЕТ (3). 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар
Скачать 436.29 Kb.
|
Әнші – ақындар шығармашылығы Біржан сал Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897) Туған жері: қазіргі Көкшетау обл, Еңбекші ауд, Степняк қаласы, Жөкей көлінің маңы. Ақынның жары- Әпіш, балалары- Асыл, Ақық, Теміртас, немересі-Мұхаметқали. Біржан араб, парсы,шағатай тілдерін білген. 70- ке жуық ән шығарған. Шығармалары: «Ләйлім шырақ», «Көлбай-Жанбай», «Жанбота», «Адасқақ», «Айтбай», «Ғашығым», «Ақтентек», «Көкек», «Жамбас сипар», «Теміртас», «Алтын балдақ», «Бірлән», «Бурылтай», «Сырғақты», «Жастарға» (Арнау өлең) «Жақсы мен жаман» т.б. Айтысы: «Біржан мен Сара айтысы». Айтыс негізінде Мұқан Төлебаев «Біржан-Сара» операсын жазды. Әйгілі әнші, Арқадағы сал-серілік өнердің негізін салушы өнер иесі: (Біржан сал) Қазақтың әншілік- орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын шығармашылығымен биік белеске көтерген өкілдер: (Біржан сал, Ақан сері) Біржан Сарыарқада сайраңдап күн кешкен кезін қалай атаған?( Алаш басындағы тәтті кездер) Біржан өмірдегі үлкен маңызды оқиға: (Абай аулына баруы, Абаймен жолығуы) Тобықты ішіне Абай аулына келген сыйлы қонақ : (Біржан сал) «Абай жолы» романында Абайдың қонағы болған өнерпаз: (Біржан сал) «Абай жолы» романындағы Абайды әншілік өнерге тәнті еткен Арқаның саңлақ әншісі: (Біржан сал) Біржан Қожағұлұлы ән шығарған Абайдың өлеңі: ( «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын») Біржансалдың өлеңдері: ( «Айтбай», «Ләйлім шырақ») Біржан салдың өзінің қоғамдық-әлеуметтік көзқарасын айқындайтын шығармалар: («Біржан сал», «Жанбота», «Теміртас») Біржан сал Қожағұлұлының «Ләйлім шырақ» өлеңінің шығуына себепкер: (Көлбай, Жанбай) Біржан салдың ағайынды Көлбай, Жанбайдың қарындасына шығарған әні: («Ләйлім шырақ») «Ләйлім шырақ», «Көкек» әндерінің авторы: (Біржан сал) Біржан салдың әні: («Көкек») Біржан салдың өлеңі: ( «Жанбота», «Ләйлім») Біржан салдың өзінің қоғамдық-әлеуметтік көзқарасын айқындайтын өлеңі: («Жанбота») Біржан салдың «Жанбота» әнінің шығуына себепкер болған жайт: (Өткір ыза) Біржанды қамшымен сабаған адам: (Поштабай) Азынабайдың поштабайының озбыр қылығына орай туған Біржан салдың өлеңі: («Жанбота») Біржан салдың қызға арнап жазған өлеңі: («Айтбай») Біржан салдың шығармасы: («Теміртас») Теміртас, Қалкен қай әнші -ақынның балалары? (Біржан салдың) Біржан салдың «Ақтентек» әні кімге арналған? (Ақжарға) Жаны жомарт Қозыбақ әрекетіне ризашылықтан туған Біржан салдың әні: («Жайма шуақ») Біржан сал Қожағұлұлының әні: («Жамбас сипар») (жастық шағын еске алып, кәріліктің көңілсіз тұстарын ашу мақсатында шығарған әні. Біржан айтыстарының ішіндегі ең шоқтығы биік тұрған айтысы: (Сара қызбен) Орынбай, Бабақ және Нұрғайша, Сарамен айтысқан әнші- сазгер ақын: (Біржан сал) Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913) Туған жері: қазіргі Солтүстік Қазақстан обл, Айыртау ауд, Қоскөл деген жер. Шығармалары: «Қалқа бала», «Сырымбет», «Торыны талға байлап мінген қандай?», «Балқадиша», «Ақ көйлек», Жайықтың ақ түлкісі», «Үш тоты», «Құлагер», «Маңмаңгер», «Көкжендет», «Қараторғай», «Екі жирен», «Заманға қарап айтқан сөз», «Заман адамы», «Жақсы мен жаман», «Бара-бар крестьянға тең болмадық», «Асыл мен жасық», «Мылтық пен мергеншілік» т.б. 40 шақты ән шығарған. Ақан сері туралы шығармалар: І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы, Ғ.Мүсірепов «Ақан сері-Ақтоты» пьесасы, С.Жүнісов «Ақан сері» роман-дилогиясы, С.Мұхаметжанов «Ақан сері Ақтоты» операсы т.б. Ақан серінің шын аты: (Ақжігіт) Ақан дүниеге келген жер: (Көкшетауда) Ақан серіні әкесі діни оқуға берген жасы: (13) Қызылжардағы Уәли ахун хазіреттің медресесіне білім алған әнші –ақын: (Ақан сері) Ақан оқыған медресе: («Уәли» медресесі) Ақан сері оқыған қала: (Қызылжар) Ақан сері өмірден өткен уақыты: (1913 жыл, 70 жас) Ақан серінің жігіт адамның 13 түріне жеке-жеке сипаттама берген өлеңі: («Айтамын замандасқа біраз кеңес») «Заман туралы», «Заман адамы» деген өлеңдер авторы: (Ақан сері) «Жұпар мен гүл майының иісін білмес, Зұлматтың тұмауымен біткен мұрын. Іші зұлмат болған соң керегі жоқ Қаншама болса-дағы жүзі нұрлы,»-деген үзінді алынған Ақан серінің өлеңі: («Заман адамы») Ақан «Заман адамы» деген туындысында қазақтың артта қалу себебін көреді: (Еріншектік, жалқаулықтан) «Болғанда мұндай күйде заманымыз, Жай жатып сахарада қамаламыз. Болыс, би ет пен шайға мәз болуда, Қайткенде тура жолды табаламыз?»-деген үзінді алынған Ақан серінің өлеңі: («Заман адамы») Ақан серінің «Бара-бар крестьянға тең болмадық» өлеңінде айтылған ақын қарсылығының мәні: (Қазақтың жерін де малын да алып, пайда тауып отырған патша үкіметін сынайды.) «Бостаншылық берсе егер басымызға, Патшамыз мархабат қып ырзаласып. Бетімізбен біз де емес күнін көріп, Тыныштық жай іздер ек арып –ашып»,- деген үзінді алынған Ақан серінің өлеңі: «Бара-бар крестьянға тең болмадық» «Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді. Жаманнан үлгі болар сөз қалмайды,»- деген үзіндінің авторы: (Ақан сері) Ақан сері «Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді,»-деген пікірді айтатын өлеңі: («Жақсы мен жаман») «Жаманға жазатайым ісің түссе, Жабысып қалады екен аспан жерге,» -деген үзінді алынған Ақан серінің өлеңі: («Жақсы мен жаман») Ақан серінің қай өлеңінің әні жоқ?: («Жақсы мен жаман») Ақан Серінің «Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді» өлеңінде айтылған ақын қарсылығының мәні: (Қазақтың жерін де, малын да алып пайда тауып отырған патша үкіметін сынайды) «Аққаудың ақтығы жоқ шайнағанмен, Құр тілдің пайдасы жоқ сайрағанмен,»-деген үзінді алынған Ақан серінің өлеңі: («Асыл мен жасық») «Басына ер жігіттің бір іс түссе Арасы қас пен достың абайланар,»- деген үзінді алынған Ақан серінің өлеңі: («Асыл мен жасық») Жігіттің шешендігін дауда сына, Жігітті батырсынған жауда сына. Бұл нақылға айналған жолдардың авторы: (Ақан сері) Ақан серінің үш байлығы: (Қыран құс, жүйрік тазы, жүйрік ат) Қараторғай деген есімнің Ақан серіге қатысы: (Қыран құсы) Ақанның қыран құсына арнаған өлеңі: («Қараторғай») Ақан серінің саятшылық тақырыбына жазған өлеңі: («Мылтық пен мергеншілік») Ақан серінің аңшы психологиясын бере білген өлеңі: («Мылтық пен мергеншілік») Ақанның «Мылтық пен мергеншілік» өлеңіндегі бөлім саны: (3) «Атпағандар түсінбес құр айтқанға, Көңілінде мергендердің бәрі де анық,»- деген үзінді алынған өлең: («Мылтық пен мергеншілік») «Оқудан соңғы өнер – мылтық деген, Халайық, құлақ қойсаң тілге налып,»-деген үзінді алынған өлең авторы: (Ақан сері) Ақан серіге Құлагерді сатқан адам: (Шөкетай) Ақан серінің атын алысқа естіртіп, даңқын әуелеткен сәйгүлігі: (Құлагер) Ақанның жүйрік аты Құлагерден айырылып қалған жылы: (1876) Атақты Құлагер мерт болған Сағынайдың асын өткізген: (Паң Нұрмағамбет) Батырыш, Қотыраштардың Ақан серіге жасаған қастандығы: (Құлагерді мерт қылады) Ақан серінің өзін-өзі жұбату ретінде Құлагердің артын басар тұлпар аты: (Көкбесті) «Жыланды» деген жер аты кездесетін Ақан серінің туындысы: («Құлагер») Ақан серінің лирикалық-психологиялық жоқтау әні: («Құлагер») Төмендегі шумақта сипатталатын ат: Ор болып қалушы еді шапқан жерің, Шаттанып тұрушы еді қосқан елің. Атығай, Қарауылға олжа салған, Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім.: (Құлагер) Ақан серінің өлеңі: («Маңмаңгер») Ақан серінің махаббат лирикасына жататын өліңдері: («Ақ көйлек», «Жайықтың ақ түлкісі») Ақанның лирикалық кейіпкерді «ақ жамбыға», «қоңыр қазға», аққу құсқа» теңейтін өлеңі: («Ақ көйлек») Ақан серінің Ақтоқтыға арнаған «Ақ көйлек» өлеңіндегі сұлу бейнесі: (қоңыр қаз, ақ жамбы), (және аққу құсқа теңейді) «Етегін ақ көйлектің алтындаған, Ажарың ақ жамбыдай жарқылдаған..» - деген үзінді алынған Ақан серінің өлеңі: («Ақ көйлек») « Ертістің құба талы секілденіп, Алдымнан майысып бұрал – дағы..» - деген үзінді алынған Ақан серінің өлеңі: («Жайықтың ақ түлкісі») Ақан серінің сұлулықты сүйсіне жырлаған өлеңі: («Жайықтың ақ түлкісі») «Ақтоқты», «Ақсаусақ», «Мақпал» өлеңдерінің авторы: (Ақан сері) Ақан серінің әйелдердің бас бостандығын аңсаудан туған өлеңі: («Сырымбет») (Соңғы музыкалық шығармасы) Ақан серінің соңғы музыкалық шығармасы: («Сырымбет») Ақан серінің Жамал қызға арнаған өлеңдері: («Қалқа бала»; «Сырымбет») (Соңғы музыкалық шығармасы) Ақан серінің «Сырымбет», «Үш тоты», «Балқадиша» тағы басқа ән өлеңдерінің тақырыбы: (Әйел бостандығы) Ауылы Сырымбет саласыны қонған әнші – сазгер: (Ақан сері) Ақан сері Қорамсаұлының ғашықтық, сүйіспеншілікке арнаған өлеңі: («Балқадиша») Ақан серінің ылғи қаратпа сөз арқылы жасалған өлеңі: («Балқадиша») Ақан серінің өмірінің соңғы кезеңіне сәйкес келетін жауап: (Қоскөл бойында жалғыз өмір сүрді) Ақан сері қартайған шағында ата қоныс мекені Қоскөл, Сарыкөлден айырылу себебі: (Патша үкіметі тартып алып, орыстарды қоныстандырды) Ақанның әніне жатпайтын қатар: («Айтпай» Біржан салдікі) «Ақан сері-жігіт көркі, сөздің бұлбұлы еді. Ақан серінің Құлагері өлген соң серілік бақыты бастан тайды, шын сорлы болып қалды ғой»,-деп айтқан замандасы: (Мәшһүр Жүсіп Көпеев) «Әдебиет және искусства» атты журналда жарияланған «Ақан сері» деген сақаланың авторы: (Е.Исмайылов. 1941ж. №2 санында) Ақан сері өмірінің трагедиялық сипатын суреттеген поэма жазған қаламгер: (І. Жансүгіров «Құлагер») «Тұсында пері болсын, сері болсын, Ұнайды өмірімен Ақан маған»,-деген сөздерді Ақан серіге арнап жазған: (І. Жансүгіров «Құлагер») Ақан сері өмірінен алынған пьеса: («Ақан сері-Ақтоқты») «Ақан сері-Ақтоқты» трагедиясының авторы: (Ғ. Мүсірепов) Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» трагедиясындағы кейіпкер: (Науан хазірет) Ақан сері туралы шығарма жазған авторлар қатары: (Ғ. Мүсірепов, С. Жүнісов) «Ақан сері» романының авторы: (С. Жүнісов) Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-0929) • Туған жері: Павлодар обл, Баянауыл ауд, Жақсыбай көлінің жағасы • Болған жерлері: Петербург қаласы, Полша, Латвия, Жетісу өңірі(Черняев отрядында) • Поэмалары: «Олжабай батыр», «Данышпан қыз» • Өлеңдері: «Көкаршын», «Ақ сиса», «Гауһар қыз», «Сұрша қыз», «Хаулау», «Сапар», «Сәлем қыздар», «Құлбай бай», «Сынақ», «Көкейкесті», «Қазан қыздары» т.б. • Мысалдары: («Бөдене мен қасқыр», «Шал мен торғай») • Ы.Алтынсарин өлеңіне ән шығарған. • Жаяу Мұсаның өлеңі: («Ақ сиса») • «Ақ сиса» әнінің авторы: (Жаяу Мұса) • Жиылып орыс, қазақ қашқын дейді, Көрермін ақыр бір күн күнім туса»,- деген үзіндінің авторы: (Жаяу Мұса) • Жаяу Мұсаның әлеуметтік теңсіздік жайлы әндері: («Ақ сиса», «Хаулау») • Жаяу Мұсаның туған жер табиғатын суреттейтін әндері: • («Баянауыл», «Жаздың күні», «Жазда», «Ұлытау», «Сарын») • Жаяу Мұсаның мысал өлеңдері:(«Шал мен торғай») • Жаяу Мұсаның дастандары: («Олжабай батыр», «Данышпан қыз») Мұхит Мералыұлы (1841-1918) Туған жері: Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Жақсыбай өзенінің бойындағы Ақбақай деген жер. Әндері: «Айдай», «Үлкен айдай», «Кіші айдай», «Қилаш», «Қилым», «Алуаш», «Қоқым», «Иіс», «Ақ иіс», «Ақ Айша», «Жылқышы», «Дүние-ау», «Дағанау», «Айнамкөз», «Зәуреш», т.б. • Мұхит Мералыұлының туған жылы: (1841ж) • «Айнамкөз» әнін кім шығарған? (Мұхит Мералыұлы) • Мұхиттың қазаққа танымал әндерінің бірі: («Зәуреш») • «Үлкен Айдай», «Кіші Айдай», «Зәуреш» әндерінің авторы: (Мұхит Мералыұлы) • Сақталмас болат пышақ қын болмаса, Өтірік неге керек шын болмаса. Зорланып саулы інгендей келгенімде, Басыңды бір көтерші тым болмаса. Үзіндінің авторы:(Мұхит, «Зәуреш») • Әнші- ақын Мұхит Мералыұлына қатысы жоқ қатар: (Өмірде таршылықты көп көріп өседі) (Қатыстылары: *Асыл текті ақсүйек тұқымынан, ауқатты отбасынан шыққан; *Баһадүр Әбілқайыр ханның ұрпағы, Қаратай сұлтанның шөбересі; *Тек ақын, әнші ғана емес, күйшілік өнерімен де танылған; * Ел аралап, ән салып, «Әнші Мұхит», «Сал Мұхит» атанған) • «Бұл күнде жақсы да жүр, жаман да жүр. Мал жинап кейбіреулер амалдап жүр.»-жолдарының авторы: (Мұхит Мералыұлы) Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы (1856-1932) Туған жері:Ақмола облысы, Көкшетау уезіне қарасты №5 ауыл, Сандыбай бұлағы. Жырлаған дастандары: «Қыз Жібек», «Мұңлық-Зарлық», «Боз жігіт», «Мың бір түн», «Тотының тоқсан тарауы». Әндері: «Жиырма бес», «Мақпал», «Шалқыма», «Гәкку», «Қарақат көз», «Маңмаңгер», «Арарай», «Желдірме», «Қалдырған», «Бір қызық-ит жүгіртіп, аң ауласа», т.б. Айтыстары:Құдайберген және Доскеймен айтысы. Үкілі Ыбырайдың туған жері: (Ақмола облысы Көкшетау уезіне қарасты №5 ауыл Сандыбай бұлағы) Ақмола облысы Көкшетау уезіне қарасты 5- ауылда дүниеге келген, «әнші ақындар» деп аталатын үлкен бір өнерпаз топтың көрнекті өкілі: (Ы. Сандыбайұлы) «Дала артисі» атанған әнші: (Үкілі Ыбырай) Үкілі Ыбырайға бала кезінде түсінде бата берген ақындар: (Нұркей, Орынбай) Үкілі Ыбырайдың өлеңге айналдырып жатқа айтқан қисса-дастаны: («Мың бір түн») Үкілі Ыбырайдың біздің заманымызға жеткен екі айтысы: (Құдайбергенмен, Доскеймен айтысы) *** Үкілі Ыбырай нәр алған негізгі бастаулар: (*Халықтың музыкалық мұрасы; *Бай ауыз әдебиеті;* Қазақтың ұлттық саз өнері) Ы. Сандыбайұлының ару қыздың сұлу сипатын аса нанымды етіп бейнелеп берген өлеңі: («Қарақат көз») Ы. Сандыбайұлының өлеңі: («Жиырма бес») ***Үкілі Ыбырайдың өлеңдері: («Шалқыма», «Мақпал», «Жиырма бес», «Қалдырған», «Қарақат көз», «Гәкку») ***Үкілі Ыбырайдың өз өмірінің айшықты тұстарын әсерлі баяндайтын туынды(лар)ы: («Шалқыма», «Гәкку», «Жиырма бес») «Гәкку», «Мақпал», «Маңмаңгер» өлеңдерінің авторы: (Ы. Сандыбайұлы) «Маңмаңгер», «Арарай», «Шалқыма» өлеңдерінің авторы: (Ы. Сандыбайұлы) Үкілі Ыбырайдың ел арасына кеңінен тараған ән-өлеңі: («Гәкку») Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әні бас кейіпкердің ариясы болған опера: («Қыз Жібек» операсы) ***Үкілі Ыбырайдың қай әні «Қыз Жібек» операсының негізгі арнасына айналды? («Гәкку») Шомылған айдын көлде сіз бір аққу, Мұндай сөз естідің бе. бек ләззатлу? Сырнай мен домбыраның арасында, Балқыған қорғасындай қайран Гәкку... Үзіндінің авторы мен ұйқас түрі: (Үкілі Ыбырай, қара өлең ұйқасы) Ы. Сандыбайұлының: «Жасымнан халқымды сұлу сөздің нәріне қандырған ақын едім. Халқым да мені еркелетіп, маңдайымнан сипап құрмет тұтты.Соның арқасында Сарыарқаны сайрандап ғұмыр кештім,»-деп өз өміріне шолу жасаған шығармасы: («Қалдырған») ***Үкілі Ыбырайдың өз өмірі туралы терең философиялық пайымдауларға құрылған толғауы: («Қалдырған») Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» толғауының мазмұнына арқау болған негізгі ой: (Терең философиялық пайымдаулары) Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Қажымұқан, Біржан сал, Ақан серінің портрет галереясын жасайтын шығарма: ( С. Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы) Қызығың, дүние, өткен күн, Кейінгі қуып жеткен күн. Байланбаған асаудай Сырт айналып тепкен күн. Қара бура қартайып, Жар басына шөккен күн... Үзіндінің авторы: (Үкілі Ыбырай) |