Главная страница

көк кітап. КӨК КІТАП ӘДЕБИЕТ (3). 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар


Скачать 436.29 Kb.
Название1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар
Анкоркөк кітап
Дата13.03.2022
Размер436.29 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаКӨК КІТАП ӘДЕБИЕТ (3).docx
ТипДокументы
#394783
страница17 из 35
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35

( А.Байтұрсынұлы)

  • А.Байтұрсынұлының 1911, 1914, жылдары 2 рет басылған өлеңдер жинағы: (“Маса”)

  • А. Байтұрсынұлы өлеңінің символы : (“Маса”)

  • А.Байтұрсынұлының жұртшылықты оқуға , өнер- білімге рухани көтерілуге шақыру, мәдениетті уағыздауға, еңбек етуге үндеу түріндегі жинағы : (Маса)

  • А.Байтұрсынұлының “Маса” жинағы қандай кітап ? (Қоғамдық ойлар, азаматтық идеядар айтылған өлең кітабы)

  • *** А. Байтұрсынұлының “ Маса” жинағын шығарудағы мақсаты (Ұйықтап жатқан халқын маса болып ояту ; Халықты отаршылдыққа қарсы шақыру)

  • А.Байтұрсынұлының “Маса” жинағына енген өлеңдерінің басты сарыны: (Бостандық арманы ); (және ел тағдыры , халық қамы)

  • А.Байтұрсынұлының “Бұл күйге бүгін емес , көптен кірдік” деген өлең тармағында аңғарылатыны : ( Отарлау тарихы)

  • Жарқырап бостандықтың таңы атпай тұр ,

Түңерген төбемізден бұлт арылмай ,”- деп Ахмет бұлтқа теңейді: (Отаршылдықты)

  • Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса ,

  • Сап- сары аяқтары ұзын маса...”- қай ақынның өлеңінен алынған тармақтар : (А. Байтұрсынұлы)

  • Пәленің түрін көрген мен - сары маса

  • Халықты оянсын деп сөзбен шаққан ,” – деген үзінді Ахметтің қай шығармасынан ? (Маса)

  • А.Байтұрсынұлының” Маса “жинағына енген өлеңі : ( “Қазақ салты “)

  • Алаштың адамының бәрі мәлім ,

  • Кім қалды таразыға тартылмаған ?” Үзінді А.Байтұрсынұлының қай өлеңінен ? ( “Қазақ салты”)

  • А.Байтұрсынұлының” Қазақ қалпы” өлеңінде елдің күңгірт болашағын салыстырды: (Ескексіз қалқып жүрген қайықпен)

  • Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,

Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ,

Жел соқса ,құйын қуса ,жылжи беру,

Болғандай табан тірер еш нәрсе жоқ,”-деген үзіндінің авторы : (А.Байтұрсынұлы “Қазақ қалпы”)

  • Қинамайды абақтыға жапқаны ,

Қиын емес дарға асқаны, атқаны,

Маған ауыр осылардың бәрінен

Өз аулымның иттері үріп , қапқаны,”- деген үзіндінің авторы :

(А.Байтұрсынұлы)

  • А. БайтұрсынұлыныңМасажинағына енген өлеңі ( Анама хат )

  • *** Қарағым , айналайын қамқор анам,

Арнап хат жазайын деп алдым қалам.

Сен онда, мен мұнда аман сақтай,

Көруге жазғай еді хақ тағалам.

Бара алмай өтірікші болып әбден ,

Семейдің түрмесінде отыр балаң,- деген өлең жолдары кімге қатысты (* А.Байтұрсынұлы “Анама хат”)

  • А. Байтұрсынұлының “ Маса “ жинағындағы қайратты ерлер тұлғасын мүсіндеген жыры : ( “Жауға түскен жан сөзі”)

  • А. Байтұрсынұлының “ Маса “ жинағында берілген аударма шығармалар : ( “Балықшы мен балық”, “Қыздыр дейсің мәжілісті , жан дейсің “, “Ат”, “Данышпан Аликтің ажалы”, “Алтын әтеш”, А.С .Пушкиннен; “Сорлы болған мұжық”, “Қаздар” И.А. Крыловтан)

  • А. Байтұрсынұлының өлеңі : ( Туысыма)

  • “ Ақын ініме ” өлеңінің авторы : ( А.Байтұрсынұлы)

  • Нашардың көбірек же хақын , інім,

Айғырсып момындарға ақыр, інім.

Кісімсіп ең болмаса қақыр , інім,-деп , інісіне кекесінмен “ақыл” айтқан автор : ( А.Байтұрсынұлы)

  • Ахмет Байтұрсынұлының” Маса” кітабына енген өлеңдері : (“Туысыма” ,” Жұртыма”, “Қазақ қалпы”, “Қазақ салты”, “Қарқаралы қаласына”, “Анама хат”, “Жауға түскен жан сөзі”, “Көк есектерге”, т.б)

  • Ахмет Байтұрсынұлы бастырған эпостық жыр : (“Ер Сайын”)

  • А.Байтұрсынұлы жинап құрастырған фольклор материалдарының бірі (“Ер Сайын”)

  • А. Байтұрсынұлының “ Ер Сайын ” жыры жарық көрген жыл: (1923 жылы ,Мәскеу)

  • А. Байтұрсынұлы өңдеп бастырған “ Ер Сайын ” эпостық жыры арналған : (Потанинге)

  • А. Байтұрсынұлының “ Ер Сайын ” туындысының соңында кімнің өмірбаяны берілген? (Г.Потаниннің)

  • А. Байтұрсынұлының “ 23жоқтау” фольклорлық мұрасында берілген жырлар қамтиды (400 жылдық уақытты )

  • А.Байтұрсынұлының “23 жоқтау”

(Шәңгерейдің белгілі өлеңімен басталады)

  • А.Байтұрсынұлының “23 жоқтау” жинағына енгендер: (Бапай батыр, Қаз дауысты Қазыбек би , т.б. тарихи тұлғалар)

  • Әдебиеттану ғылымының негізін салушы : ( А. Байтұрсынұлы )

  • Ауыз әдебиетін 5 топқа бөліп жіктеген ғалым: ( А.Байтұрсынұлы)

  • *** А.Байтұрсынұлының ғылыми еңбектері үшін әділ әрі бағалы пікір айтқан орыс ғалым (дар)ы: (* А.Самойлович; *Е.Поливанов)

  • А.Байтұрсынұлының ғылыми зерттеу еңбектері ( *”Тіл құрал”);

*” Әдебиет танытқыш “)(“ Баяншы”- мұғалідерге арналған әдістемелік құрал)

  • “Тіл құралы “, “Әдебиет танытқыш “ , “23 жоқтау” ,”Тіл жұмсар”,” Оқу құрал” еңбектерінің авторы: ( А.Байтұрсынұлы)

  • Қазақ тіліне еш елде жоқ “Ана тілі” деген атау берген жан:

(А.Байтұрсынұлы )

  • Тіл жұмсар” ( 1928) атты еңбек кімдікі? ( А.Байтұрсынұлы)



  • А.Байтұрсынұлының бізге жетпеген еңбегі: ( “Мәдениет тарихы”)



  • А.Байтұрсынұлының жаңалығы : (Араб графикасына негізделген қазақ әліппесін жасады)



  • А.Байтұрсынұлының “Сауат ашқыш''деген оқулығына лайықты айтылған қатар (Ересектер әліппесі)



  • “ Әліппе астар ” еңбегінің авторы : ( А.Байтұрсынұлы)



  • А.Байтұрсынұлының “Оқу құрал” хрестоматия ( нұсқаулық) деген кітабын бірлесіп жазған адам : (Шонанов)



  • Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі ( “ Тіл тағылымы”)



  • А. Байтұрсынұлының “Тіл құралы” оқулығындағы жаттығу тапсырмалардың берілген айдары : (“Сынау”)



  • Қазақ тіліндегі 9 сөз табын алғаш сұрыптаған ғалым : (А.Байтұрсынұлы)



  • Қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық құрылымын талдаған А.Байтұрсынұлының тұңғыш еңбегі: (“Тіл құралы”)



  • Сөз бен сөйлем”,” Сөз бен буындар” бөлімдері А. Байтұрсынұлының қай еңбегіне тән ? (“ Тіл құралы” )



  • Қазақ тілі емлесінің реформалары, грамматиканың,әдебиет теориясының негізін салушы: ( Ахмет Байтұрсынұлы)



  • Сөз тұлғасын түбір сөз , туынды сөз , қос сөз, қосалқы сөз, қосымша сөз деп беске бөліп қарастырған ғалым: (А.Байтұрсынұлы)



  • Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп, дүниеге келеді. Сонан соң шешендер ,” тіл көсемдері “бұл тілді безеп , салады... деп айтқан : ( А.Байтұрсынұлы)



  • Біз тіліміз бүлінбей сақталуын тілесек , өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқылып , сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз, ”- деген пікірдің иесі: ( А. Байтұрсынұлы)



  • Ахмет Байтұрсынұлының 1926 жылы басылған құнды шығармасы : (“Әдебиет танытқыш ”)



  • Әдеби терминдерді қазақша қалыптастырған А.Байтұрсынұлының еңбегі : (“ Әдебиет танытқыш”)



  • А.Байтұрсынұлының “Әдебиет танытқыш ''еңбегі жарияланған жыл :(1926 ж)



  • Көркем өнерінің тараулары”, “Сөз өнері” бөлімдері А.Байтұрсынұлының қай еңбегіне тән? ( Әдебиет танытқыш” )



  • “Шендестіру” , “кейіптеу” терминдері А. Байтұрсынұлының қай еңбегіне тән : (“ Әдебиет танытқыш” )



  • Өнердің ең алды – сөз өнері”. Мұны қазақ сөз баққан ,сөз күйттеген халық барлық сөз қадірін білгендіктенӨнер алды -қызыл тіл “-деген “Төмендегі пікір айтылған А. Байтұрсынұлының еңбегі : ( Әдебиет танытқыш)



  • *** А.Байтұрсынұлына тән қасиет(тер) : ( * “Қазақ” газетінің редакторы, * Қазақ әдебиетінің терминологиясын қалыптастырушы; * Қазақ тіл білімінің негізін салушы)



  • *** “ Газет- халықтың көзі , құлағы һәм тілі ... “ деп пікір білдірген зиялы қоғам қайраткері: ( А.Байтұрсынұлы)



  • А. Байтұрсынұлы “Қазақ” газетін ұйымдастырған қала аты : ( Орынбор)



  • А. Байтұрсынұлы жылдар арасында редактор болып жұмыс істеген газеті : “Қазақ”



  • А .Байтұрсынұлы ашқан “Қазақ” газеті шығып тұрды ( *1913 ж.ақпан- 1918 ж. қазан аралығы)



  • А. Байтұрсынұлы бас редактор болған газет : (Қазақ)



  • “Қазақ ” газетінің тұңғыш редакторы: ( А . Байтұрсынұлы)



  • М.Дулатов Қазақ газетінде кіммен бірге қызмет атқарған ?( А. Байтұрсынұлымен)



  • А.Байтұрсынұлы “Қазақтың бас ақыны” мақаласы жарияланды : ( “Қазақ газетінде”)



  • А. Байтұрсынұлы ұлы Абай шығармашылығы туралы қай мақаласында сөз етті ? ( Қазақтың бас ақыны)



  • Ахмет Байтұрсынұлы Абайды бағалаған : ( “Қазақтың бас ақыны”)



  • А. Байтұрсынұлы ( “Қазақтың бас ақыны”) мақаласында Абайдың есімін кімдер білетінін көрсеткен ? ( Ақмола , Семей облыстары біледі)



  • Қазақ “ газеті оның жаны болған А.Байтұрсынұлы туралы құнды пікір айтқан адам : ( М.Әуезов)



  • Ахаң ашқан қазақ мектебі , Ахаң түрлеген ана тілі ... тарих ұмытпайтын болатын,”- деген пікірдің авторы: ( М.Әуезов)



  • А.Байтұрсынұлының мақалалары жарияланған журнал: ( “Айқап”)



  • Ахмет Байтұрсынұлының мақалалары : ( “Қазақша оқу жайында” )



  • А. Байтұрсынұлының Қостанай уезіндегі сауаттылық мәселелері жайлы мақаласы: ( “Оқу жайлы”)



  • А.Байтұрсынұлы “Қазақ өлкесі” мақаласында жауабы айтылған мәселелер: (Тарихи мәселелер)



  • Тәні саудың -жаны сау” мақаласының авторы : ( А.Байтұрсынұлы)



  • А.Байтұрсынұлының “Тәні саудың -жаны сау” мақаласында көтерілген мәселе: ( Адам тәрбиелеудің тәсілдері)



  • Біздің заманымыз жазу заманы, жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман,”- деген ойдың иесі : (А.Байтұрсынұлы)



  • Ахметтану ғылымының негізін салушы : Міржақып Дулатов



  • 1922 жылы орыс тілінде жазылған” Ахмет Байтурсынович Байтурсынов” деген өмірбаяндық очерктің авторы: (М.Дулатов)



  • А.Байтұрсынов елуге толды” деген арнаулы мақаланы жазған: (С.Сейфуллин)



  • Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының тіл білімі институты аты : ( А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты)



  • А.Байтұрсынұлы ақталған жыл: ( )

Міржақып Дулатов

Міржақып Дулатов (1885-1935)

"Қазақта бұрын роман жоқ еді. Біздің арамызда қазақша бірінші роман жазған Міржақып Дулатов болды. " (А. Байтұрсынұлы)

Міржақып Дулатов - қазақтың аса көрнекті ағартушыны, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері, қазақтың тұнғыш романының авторы.

Туған жері: бұрынғы Торғай уезі, Сарқопа болысы (Қостана) облысы, Жангелдин ауданы, Қызбел ауылы).

Еңбектері: "Оян, қазақ!" (Уфа, 1909; Орынбор, 1911), "Бақытсыз Жамал" романы (Қазан, 1910), "Азамат" (Орынбор, 1913). "Терме" (Орынбор, 1915);"Есеп құралы". (Орынбор, 1914; Ташкент, 1922), "Балқия" пьесасы (Орынбор, 1922), "Оқу құралы"

(Орынбор, 1924), "Қирағат" кітабы; "Бүркіт кегі" балладасы,

1993 жылы сүйегі туған жеріне әкелінді.

Дулатовтың туған жері: (Торғай атырабы)

М. Дулатовтың туған жылы мен туған күні: (1885 жылы 25 қараша)

• М. Дулатов орысша сабақты үйренген: (Мұқан Теқтабайұлынан)

• "Менің алған білімге көзімді ашқан осы кісі, "- дейді Мұқан

Тоқтабай ұлына арнаған сезінде… Айтып отырған: (М.Дулатов)

*** Қазақ әдебнетінің тарихындағы қудаланған қаламгер(лер): ("М.Дулатов; *Ж. Аймауытов)

• М. Дулатов қамалған кезінде Орынборға бірге жер аударылды:(Ә.Бөкейхановпен, 1922 жылы)

• М. Дулатов бірнеше арнау өлеңдерінде кімнің поэтикалық бейнесін жасауғаұмтылған? (Ә. Бөкейхановтың)

• М. Дулатов "Қазақ" газетінде кіммен бірге қызмет атқарған? (А. Байтұрсынұлы)

• А. Байтұрсынұлы мен Ә.Бөкейханұлының серіктесі, ақын, жазушы,публицист: (М. Дулатов)

• М. Дулатов Түркістан Республикасының "Ақ жол" газетінде қызметте болған жыл: (1920 жыл)

• М. Дулатовтың Сталин, Голощекин озбырлығының қармағына ілініп, қайтадан тұтқынға алынуы: (1928 жылдың желтоқсаны)

• М. Дулатов қайтыс болды: (Сосновецтегі лагерьдің лазаретінде)

• *** М. Дулатов: (*Публицист; *Ағартушы ұстаз; *Қоғам қайраткері)

• М. Дулатовтың 1909 жылы Уфада басылып шыққан кітабы: ("Оян,қазақ!")

• М. Дулатовтың "Оян, қазақ!" өлең жинағы екінші рет басылып шыққанқала: (Орынборда, 1911 жыл)

**** Дулатовтың шығармалары: (*«Жастарға»; *«Оян, қазақ!»;*«Бақытсыз Жамал»)

*** М. Дулатовтың "Оян, қазақ!" жинағына енген өлең(дер): (*"Сөзақыры"; *"Сайлаулар хақында"; *"Жастарға")

• М. Дулатовтың "Оян, қазақ!" кітабына енген шығармалары:

("Жігіттер", "Жастарға", "Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі",

"Қазақ жерлері", "Насихат ғумумия", т.б.)

• Міржақып Дулатовтың "Насихат ғумумия" толғауы неше бөлім, неше тармақтан тұрады? (17 бөлім, 556 тармақ)

*** М. Дулатовтың "Насихат ғумумия" өлеңдер топтамасының желісі:

(*Ақын аты-жөнін, асыл затын, тайпасын, шыққан жерін айтады;

*Кітаптың 25 жаста жазылғанын айтады; *Халқының, замандасымен,

елінің сөз ұғарлық азаматымен түгел сырласады)

"Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамас-ты." Өлең жолдарының авторы: (М. Дулатов)

"Ұйқыда жатыр қазақ көзін ашпай,

Кеттік қой отқа күйіп, өрттен қашпай.

Әр халық алға кетіп жатса-дағы,

Біздің жұрт шегінеді қадам баспай. " Кімнің өлеңі (М. Дулатов)

• 1907 жылы Петерборда шыққан " Серке" газетінің бірінші санында жарияланған Міржақыптың өлеңі: ("Жастарға")

*** Міржақыптың өлең жинақтары: (*«Терме»; *«Азамат»)

• М. Дулатовтың "Азамат" атты өлеңдер жинағы Орынборда басылып шықты: (1913 ж.)

• Орынборда 1915 жылы М. Дулатовтың басылған жинағы: ("Терме")

*** М. Дулатовтың "Шағым" өлеңінен алынған жолдар: (*Мен біткен

ойпаң жерге аласа ағаш; *Емеспін жемісі көп тамаша ағаш; *Пайдалан

керегіңе жараса, Алаш!)

"Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,

Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.

Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,

Пайдалан, шаруаңа жараса, Алаш, " - деген үзіндінің авторы: (М. Дулатов)

• М. Дулатовтың "Бүркіт кегі" деген шығармасы: (Баллада)

• М. Дулатұлының Абай үлгісімен жазған 216 тармақ, 5 бөлімнен тұратын

шығармасы: ("Бүркіт кегі")

• М. Дулатовтың юморлық, сатиралық қырларын танытатын өлеңі:

(«Жұмбақ» өлеңі)

• "Елім-ай" өлеңінің авторы: (М. Дулатов)

"Таза бұлақ" өлеңінің авторы: (М. Дулатов)

• М. Дулатовтың өлеңі: ("Таршылық халіміз хақында аз мінәжат")

• "Шешенің балаларын сүюі" өлеңінің авторы: (М. Дулатов)

• Үзінді М. Дулатовтың қай шығармасынан?

Кім сағынар сендерді келгенінше,

Құлындарын көзімен көргенінше?

- Сендер қайтып келсеңдер адам болып,

Еш арманым болмас еді өлгенінше… ("Шешенің балаларын сүюі")

• М. Дулатовтың түрме кейпін жасаған, реалистік дәлдігімен ерекшеленетін

өлеңдері: ("Қапастағы ұрының мінажаты"Абақтыдағы айт түні")

• М. Дулатовтың поэзиядағы азаматтық сарындарды биік сатыға көтерген

ұранды, дауылпаз толғаулары: ("Сағыну", "Жас қазақтар", "Елім-ай",

"Жаңа тілек", "Алашқа")

• 1910 жылы жарық көрген тұңғыш қазақ романының авторы: (М. Дулатов)

• М. Дулатовтың 1910 жылы Қазанда басылып шыққан прозадағы ірі

шығармасы: («Бақытсыз Жамал»)

• М. Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романының кейіпкерлері: (Жамал;

Сәрсенбай - Жамалдың әкесі; Шолпан - Жамалдың шешесі; Қалампыр -

Сәрсенбайдың бәйбішесі; Ғали - Жамалдың сүйген жігіті; Дүйсебек - Ғалидың

әкесі; Жұман - Жамалдың күйеуі; Байжан - Жұманның әкесі; Жүніс, Нұрмаш -

Ғалидың достары; Фатихолла - қаладағы саудагер адам)

*** Қазақ әдебиеті тарихындағы алғашқы роман: (*«Бақытсыз Жамал»)

• М. Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романын жатқызуға болатын бағыт:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35


написать администратору сайта