Главная страница

көк кітап. КӨК КІТАП ӘДЕБИЕТ (3). 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар


Скачать 436.29 Kb.
Название1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар
Анкоркөк кітап
Дата13.03.2022
Размер436.29 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаКӨК КІТАП ӘДЕБИЕТ (3).docx
ТипДокументы
#394783
страница20 из 35
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35

«Адамнан туып,адам ісін етпей,

Ұялмай не беттіммен көрге барам,»-деген өлең жолдары ғұмыр бойғы тіршілігінің бағдарламасы болған ақын,қайраткер: (С.Торайғыров)

С.Торайғыровтың өлеңі : («Шәкірт ойы »,1912ж.)

С.Торайғыровтың «Айқапта » жариялаған әйел теңсіздігі жайлы мақаласы : (Ауырмай есімнен жаңылғаным)

Сұлтанмахмұтқа тән сипат : (Қараңғы қазақ көгіне күн болғысы келген)

Қараңғы қазақ көгіне күн болғысы келіп ,тұрмыстың қиыншылығын ескермеген оптимист ақын: (С.Торайғыров )

С.Торайғыровтың «Қараңғы қазақ көгіне ....» өлең жолының екінші тармағы :

(Өрмелеп шығып күн болам)

«Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып күн болам!

Қараңғылықтың кегіне ,

Күн болмағанда кім болам?»-деген шумақтың авторы: (С.Торайғыров)

С.Торайғыровтың «Оқудағы мақсат не?» деген өлеңінде өз мақсатын қалай ашып көрсетеді? (Өнер табу,пайдалы іс табу)

«Жас жүрек» (1917ж) кімнің өлеңі ? (С.Торайғыров)

«Ендігі беталыс» өлеңнің авторы : (С.Торайғыров )

С.торайғыровтың оқу-білім тақырыбындағы өлеңдері: («Шәкәрттерге», «Оқып жүрген жастарға», «Анау-мынау»)

С.Торайғыровтың өлеңі: («Оқып жүрген жастарға»)

Жасамаймын : «Еңбектің

Жемісін көзбен көрем деп» .

Жасаймын: «Бір қолғабыс

Кейінгіге берем деп,»-деген үзіндінің авторы: (С.Торайғыров)

«Бір үйде жиюлы екен қазына мал,

Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал...»-деген жолдар алынған Сұлтанмахмұттың өлеңі : («Бір адамға»)

Сұлтанмахмұттың Шорман балаларының дүниеқоңыздығын шен-шекпенге құмартушылығын сынаған өлеңі : («Бір адамға»)

Суреттер және көрдім жүзі жарқын,

Ойладым: «Оңдырған-ау баққан халқын !» тармақтарының астарында негізделген : (Зілді кекесін )

Сұлтанмахмұттың «Бір адамға»деген өлеңін арнаған адамның аты-жөні:(Шорманның баласы Сәдуақас)

Сұлтанмахмұттың «Бір адамға»деген өлеңінде қолданылған көркемдегіш тәсіл: (Ирония,сарказм)

«Анау қырда татар тұр,

Басқалармен қатар тұр.

Мынау ойда қазақ тұр,

Қастарында азап тұр.» Үзінді алынған Сұлтанмахмұттың өлеңі : («Анау-мынау»)

«Мен –балаң, жарық күнде сәуле қуған,

Алуға күнді барып белді буған, » -өлең жолының авторы : (С.Торайғыров)

С.Торайғыровтың :

«Мен –балаң, жарық күнде сәуле қуған,

Алуға күнді барып белді буған.

Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін.

Болмасам толған айдай балқып туған.»-деген өлең тармақтарындағы буын саны мен ұйқас түрі : (11буынды,қара өлең ұйқасы)

Ресей ең шұрайлы жерлерін тартып алғанды ел мұңы суреттейтін С.Торайғыровтың өлеңі :(Жазғы қайғы)

С.Торайғыровтың таптық теңсіздіктен туатын кедергілер мен кеселдердің табиғатына талдау жасап жазған өлеңі : (Кедейлік)

Жарытпай киер киім, ішер асқа,

Сөктіріп малы барлау надан насқа ...

Маған салса ,кедейлік аты өшкірді ,

Дер едім ,тұрмастай қып жерге көмсін ....(«Кедейлік»)

«Үмітпенен жоқ қуған ,

Талабы алда баламыз .

Басқалар жоғын тапқанда ,

Біздер қайтіп қаламыз?»- өлеңнің авторы: (С.Торайғыров)

«Шығамын тірі болсам,адам болып» өлеңнің авторы: (С.Торайғыров )

Сүйемін туған тілді-анам тілін,

Бесікте жатқанымда берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан ,

Құлағыма сіңірген таныс үнін. Үзіндінің авторы: (С.Торайғыров)

С.Торайғыровтың «Сарыарқаның жаңбыры» өлеңіндегі «жаңбыр» деген сөздің символдық мәні: (Ақпан революциясының кейінгі жаңғырту нышаны бейнесінде алынған)

С.Торайғыровтың поэмалары: («Айтыс», «Адасқан өмір», «Таныстыру»)

С.Торайғыровтың Алаш ардақтылары туралы жазған шығармасы : («Таныстыру» 1918)

С.Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасындағы таныстырылғандар: (Абай,Шәкәрім, Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынұлы ,М.Дулатұлы,Ә. Ермекұлы, Х.Досмұхамедұлы ,Ж.Ақбайұлы,Нәзипа және Нұрғали Құлжановтар,Р.Мәрсеков.т.б.)

1918 жылы жазылған С.Торайғыровтың сюжетсіз жазылған поэмасы: («Адасқан өмір»)

С.Торайғыровтың «Адасқан өмір» шығармасының жанры: (поэма)

С.Торайғыровтың поэмасы:(«Адасқан өмір» ) ( 5бөлімнен тұратын,сюжетсіз поэма; Бөлімдері: «Мен бала», «Мен жігіт», «Мен тоқтадым», «Мен кәрі», «Мен өлік»)

С.Торайғыровтың адам өмірінің барлық кезеңін суреттеуге арналған поэмасы: («Адасқан өмір»): Сұлтанмахмұттың бала өміріне ұмтылу,талпыну ,есеюге құмарлық қасиеттерін суреттейтін поэмасы : («Адасқан өмір»):

«Адасқан өмір» поэмасы кімнің атынан баяндалады? (Лирикалық кейіпкердің)

«Адасқан өмір» поэмасындағы лирикалық кейіпкердің ең басты арманы: «(Әділет жолы,шын бақытты өмір)

Үзінді Сұлтанмахмұттың қай шығармасынан алынғанын табыңыз.

Мен жігіт он бес – отыз арасында ,

Бұл жаста көп: бересі-аласы да .

Алдымда толған мақсат,тоған таңдау,

Алайын анасын ба, мынасын ба?..... («Адасқан өмір»)

С.Торайғыровтың «Кім болам?» деп шарқ ұратын лирикалық кейіпкерлері бар туындысы : («Адасқан өмір»)

С.Торайғыровтың поэмасы: («Кедей»)

С.Торайғыровтың өзін бай баласы Жақыппен салыстырып ,ескі өмірден безінетін кейіпкері бар туындысы: («Кедей»)

С.Торайғыров аяқталмаған поэмасы: («Айтыс»)

С.Торайғыровтың романы: («Қамар сұлу»)

Проза мен поэзияның араласуымен жазылған С.Торайғыровтың шығармасы : («Қамар сұлу» романы)

С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы қандай туынды ? (Әлеуметтік роман)

С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романының кейіпкерлері : (Қамар 15 жаста ); Омар –Қамардың әкесі; Қасен –Қамардың ағасы ; Ахмет –Қамардың сүйген жігіті ; Жорға Нұрым-Қамардың күйеуі (50жаста); Қалтай қажы ,Оспан би-Нұрымның жемтіктес достары)

«Қамар сұлу»романындағы көтерілген мәселе : (әйел теңсіздігі)

Қамар сұлудың бейнесі : (Өмір шындығынан қорытылып алынған бейне )

Жаңашылдықты көксеген Қамар,Ахмет,Омар ,Қасен сияқты кейіпкерлері бар С. Торайғыровтың шығармасы:(«Қамар сұлу»)

С. Торайғыровтың бір шығармасындағы қай қызды жынданған деп ,соққыға жығып ,басын тесіп өлтіреді? («Қамар сұлу»,Қамарды)

С.Торайғыровтың бақсы-балгерге сенудің қажеті жоқтығын дәлелдейтін шығармасы : («Қамар сұлу»)

Тойда айтылатын «Жар-жар» жыры «Зар-зар» болып өзгертіле айтылатын туынды: («Қамар сұлу»)

«Қамар сұлу» романындағы Қамар мен Қасеннің әкесі: (Омар)

Қамарды Нұрымға беруге қарсы шыққан ,көзі ашық адам, мейірімді әке : (Омар)

«Қамар сұлу» романындағы ауқатты ортадан шыққан ,аса сұлу , шешен ақын қыз: (Қамар)

«Қамар сұлу» романындағы кедей ортасынан шыққан ,аздап оқыған жігіт ,жаңа дәуірдің өкілі : (Ахмет)

«Қамар сұлу»романындағы жасбуынның жаңашыл өкілі : (Ахмет)

«Қамар сұлу » романындағы Қамардың сүйген жігіті ,басты кейіпкердің бірі: (Ахмет)

«Қамар сұлу » романындағы ұнамды кейіпкерлер: (Ахмет,Омар,Қасен)

«Қамар сұлу»романында ұнамды ойларымен ,турашыл іс-әрекетімен есте қаларлық бейне :(Қасен)

Қамарды зорлықпен тоқалдыққа алған ұнамсыз бейне :(Жорға Нұрым)

С.Торайғыровтың «Қамар сұлу » романындағы Нұрым деген кейіпкердің Қамарға қатысы: (Айттырған адам)

«Қамар сұлу» романындағы Бәйтік молда , Көңілбай бақсы : (Дін иелері )

«Қамар сұлу» романындағы Жорға Нұрымның жақтастары : (Қалтан қажы , Оспан би )

«Бұқа мойын,өгіз құрсақ,алақан көз,жайын ауыз,дорба сақал,тоқпақ мұрын,бір түрлі нысаналы жануар еді.» Берілген портрет: (Нұрымның бейнесі)

«Қамар сұлу» романындағы Қамардың «Ататай ,ашық болдым мұрныңа» өлеңі қарата айтылатын кейіпкер: (Жорға ,Нұрым)

С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы Қамардың өлеңі арналған :

«Ататай,болдым ғашық мұрныңа,

Көк бурыл иектегі құрымыңа .

Кірпідей аяқ-қолы жиырылған,

Қосылар күн болар ма тұлыбыма?» (Жорға Нұрым)

С. Торайғыровтың Құрбан қажыдан естіген әңгіме ,аңыздарды қандай атпен баспасөз бетінде жариялады? («Жалаңаш баба») (және «Ескі сөз », «Ақ найман Ойсынбай», «Елден» деген атпен)

С.Торайғыровтың Құрбан қажының ауылында жүріп жазған көрнекті шығармасы: («Кім жазықты ?» (1915-1916ж.)

Қазақ әдебиетіндегі өлеңмен жазылған тұңғыш роман: («Кім жазықты?»)

С. Торайғыровтың «Кім жазықты ?» романының кейіпкерлері : (Тосболат-бай;Әжібай- Тасболаттың баласы; Жақып-Тасболаттың үлкен баласы; Жаңыл (Жақыптың жесірі), Жәмила,Зылиқа,Рысты-Әжібайдың әйелдері; Күлтай –Әжібайдың Жаңылдан туылған қызы; Қабыш-Әжібайдың баласы; Байбол-орта шаруа ; Әнуар-мұғалім жігіт; Әппақай –қаланың жаңашыл қызы )

Сұлтанмахмұттың қазақ ауылындағы тәрбиесіздік ,қоғамдық мешеулік тудырған жалқаулық , талапсыздық ,шаруаға қырсыздықты сынайтын шығармасы : («Кім жазықты?»)

«Кім жазықты?» деген туындысы арқылы 5жастағы балаға 11 жастағы қызды айттыратын өрсекелдікті көрсеткен ақын : (С. Торайғыров)

С. Торайғыровтың «Кім жазықты?» романында суреттелген оқиға : (Тасболат байдың үш буын ұрпағының тағдыры )

С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романындағы көтерілген мәселе : (Ұрпақ тәрбиесі)

Жаңыл, Жәмила, Зылиха, Рысты атты бақытсыз әйел кейіпкелері бар С.Торайғыров туындысы : («Кім жазықты?»)

С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романындағы жаңашыл қыздардың аттары: (Аппақай ,Күлтай)

Әжібай –қай шығарманың кейіпкері: («Кім жазықты?»)

Тасболат бай Сұлтанмахмұттың қай шығармасынан ? («Кім жазықты?»)

Он бес жыл болыс болған Тасболаттың биліктен айырылу себебі: (орысша тіл білмегендіктен)

С.Торайғыровтың жазуынша ,жасында алғыр,шешен, зейінді Әжібайды бұзған : (Тәрбиесіздік)

Байбол. Берілген кейіпкер қандай шығармадан ? («Кім жазықты?» романынан)

С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романындағы Байбол: (Сұлтанмахмұттың жақсы ,әділ ел басшыларын армандағанынан туған бейне)

«Кім жазықты ?» романында Әжібайға:

«Мазаны алмай ,таңдашы сүйгеніңді,

Әзер болса ,бір жылғы төлі малдың ,»-деп айтқан: (Тасболат)

С.Торайғыров ХХ ғасыр басында әдебиеттің қандай саласын қалыптастырған ? (Лирикалық азаматтық үнін)

«Сұлтанмахмұт Торайғыров –терең ойлы ,ұшқыр сөзді ,сұлу талғамды ақын еді,»- деген пікірдің авторы: (Б.Кенжебаев)

Жақсылық көрсем-өзімнен,

Жамандық көрсем-өзімнен. Авторы: (С. Торайғыров)

Сәбит Дөнентаев (1894-1933)

Сәбит Дөнентаев –ақын ,журналист ,ірі сатирик ақын .

Туған жері: Бұрынғы Семей губерниясы (қазіргі Павлодар облысы) ,Кереку уезі , Ақсу болысы

Тұңғыш жариялаған өлеңі : «Қиялым» (1913ж. «Айқап» журналы).

Тұңғыш кітабы: «Уақ-түйек»(1915ж.Уфа)

Бар оқуы Павлодардағы Қасым қажының медресесімен аяқталған ,1894-1933 жылдардың арасында өмір сүрген қазақ ақыны: (С.Дөнентаев)

Сәбит Дөнентаевтың туған жері : (Семей губерниясы,Кереку уезі ,Ақсу болысының 4-ауылы)

С. Дөнентаев 1907-1908 жылдары Маралдыда дәріс алған молда: (Нұрғали)

С. Дөнентаевтың «Уақ-түйек»атты өлеңдерижинағы қашан, қайда жарияланған ? (1915жылы ,Уфа қаласында)

Сәбит Дөнентаевтың әйел теңсіздігі айтылған өлеңдері : («Ерікті Айша» , «Жәмила қыз»)

С. Дөнентаевтың сатиралық өлеңдерінің қайсысында ирония көбірек қолданылған ? («Жәмила қыз»)

С. Дөнентаевтың шағын өлеңге поэманың жүгін сыйғызған ,шеберлігін байқатқан туындысы: («Жәмила қыз»)

С.Дөнентаевтың әдебиетті ермек ,оңай іс деп көретіндерді өткір сынаған өлеңі: («Драмашыға»)

С.Дөнентаевтың аллитерация қолданылған өлеңі: («Қазақтарға қарап»)

Сәбит Дөнентаевтың мысалы: («Ауырған арыстан»)

С.Дөнентаевтың қай шығармасында адам бойындағы кішіпейілділік,қанағатшылық айтылады? («Екі теке», «Көзі тоймаған ит»)

С.Дөнентаевтың үстем тап өкілдерін тырнақтылар мен тістілер кейпінде бейнеленген өлеңі:(«Бозторғай»)

С.Дөнентаевтың «Бозторғай» өлеңінде көтерілген мәселе : («Қоғамдағы келеңсіз жағдай»)

С.Дөнентаевтың Абайдың үлгісімен жазған өлеңдері: («Жүрекке», «Темірге», «Ерікті Айша»)

Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (1894-1934)

Туған жері: бұрынғы Ақмола облысы,Ақмола уезі,Нілді болысының бірінші ауылы (қазіргі Қарағанды облысы ,Жаңаарқа ауданы)

Еңбектері: «Өткен күндер» (Қазанда 1914), «Асау тұлпар»(Орынбор ,1922), «Домбыра» (1924), «Экспресс» (Қызылорда,1926), «Тұрмыс толқынында» жинақтары (1928)

Поэмалары : «Көкшетау» (1929), «Альбатрос» (1933) , «Қызыл ат» (1933) , «Социалстан» (1927), «Аққудың айырылуы» (1925)

Повестері: «Жер қазғандар» (1928), «Айша» (1922), «Жемістер» (1935), «Біздің тұрмыс» , «Сол жылдарда» .

Әңгімелері: «Жұбату», «Бандыны қуған хамит», «Қыр балалары» т.б.

Драмалық шығармалары: «Бақыт жолында» (1917), «Қызыл сұңқарлар» (1920)

Романы : «Тар жол тайғақ кешу» (1922), («Ақжолтай батыр» романы)

Әндері: «Біздің жақта» , «Тау ішінде», т.б.

Зерттеу еңбектері : «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары», (1931) , «Қазақ әдебиеті» (1932) , «Батырлар» (1933)

Бір жылы туып ,бір жылы қайтыс болған үш қаламгер: (Сәкен, Ілияс, Бейімбет, 1894-1938ж)

Сәкен Сейфуллиннің туған жері: (Ақмола облысы, Ақмола уезі,Нілді болысының 1-ауылы)

Сәкен Сейфуллиннің туған жеріндегі өзендер: (Нұра,Есіл)

С. Сейфуллиннің туып -өскен өлкесі: (Сарыарқа)

С.Сейфуллиннің азан шақырып қойған есімі : (Сәдуақас)

С. Сейфуллиннің өр, қайсар ,әділ болып өсуіне ықпал еткен адамдар: (Әкесі Сейфулла)

С. Сейфуллиннің орысша үйренуіне ықпал еткен : (Сейфолла)

С. Сейфуллинге қатысты нұсқалар : (бұрынғы Ақмола ,қазіргі Қарағанды облысында туған , Шын аты –Сәдуақас, Әкесі саятшы , домбырашы болған)

«Әкем саятшы ,аң аулағыш ,домбырашы,ақ жарқын адам болған ,шешем әңгімеші еді ,»-деп ата-анасы туралы естелік айтқан : (С.Сейфуллин)

С.Сейфуллиннің жарының аты: (Гүлбаһрам)

Ақмоладағы Приходская школада ,қалалық училищеде ,Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған ақын-жазушы: (С.Сейфуллин)

С.Сейфуллиннің Омбы семинариясында оқыған жылдары: (1913-1916)

Еңбек жолын Сілеті –Бұғылы деген жерде бастағанм Сәкен Сейфуллиннің алғашқы қызметі: (мұғалім)

«Орысша тіл үйрен, орысша оқу үйрен » деп ,Нілді зауытына жіберілген 9 жасар баланың кім екендігі: (С.Сейфуллин)

Ақындық тырнақалды қадамын Нілді зауытында бастаған С.Сейфуллиннің бірінші туындысы: (Қалжың өлең)

Қазақстанда Жоғарғы Үкімет аппаратында басшылық қызмет атқарған қаламгер : (С.Сейфуллин)

С.Сейфуллин Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің торағасы болып тағайындалды: (1922 жылдың қазанында )

Аллегориялық әдіспен Қазақстанда коллективтендіру кезінде кеткен трагедиялық қиындықтарды астарлай айтқан ақын : (С.Сейфуллин)

Қару-жарақ аттары ,теңізшілік терминдері және түрлі неологизмдерді шығармаларында көп пайдаланған ақын : (С.Сейфуллин)

С.Сейфуллинге тағылған айып : (Халық жауы)

С.Сейфуллиннің Омбы лагерінен қашып шыққан кездегі бүркеншік аты: (Дүйсенбі)

Сәкеннің жасырынып жүргендегі бүркеншек аты. (Дүйсенбі)

«Дүйсенбі» деген жалған ат жазылған құжатпен жаяу Павлодар ,Баянауыл арқылы туған еліне жеткен жазушы: (С.Сейфуллин)

Сәкеннің басқа атпен жасырынып жүрген кезінде шығарған туындысы : («Тау ішінде»)

«Түрмеден қашып шыққанда » : (С. Сейфуллиннің туындысы)

«Қазақ сабағы» , «Оқымаған қазақ» , «Інішегіме» атты өлеңдердің авторы: (С.Сейфуллин)

Сәкеннің халықты өнер-білім үйренуге шақырған өлеңі : («Қазақ сабағы»)

С.Сейфуллиннің туындысы: («Жас қазақ марсельезасы»)

С.Сейфуллиннің қазақ әдебиетінде ең алғашқы төңкерістік жыр деп есептелетін өлеңі : («Кел,жігіттер»)

С.Сейфуллиннің саяси лирикалық өлеңдері : («Асығып тез аттандық», «Тергеген болсаң айтайын», «Кел,жігіттер»)

1920 жылдардағы қазақ поэзиясында революцияшыл бағыттың топ бастаушысы : (С.Сейфуллин)

«Жайлауға көшу», «Сыр сандық» өлеңдерінің авторы : (С.Сейфуллин)

Өз-өзімен әлек болар кей жастар

Көшке мінген асаулары туласып . С.Сейфуллиннің қай шығармасынан ? («Жайлаудан көшу»)

«Сым пернені басып қара ,

Басып қара ,жырласын...»-тармақтары алынған С.Сейфуллиннің өлеңі : («Сыр сандық»)

Досқа арнап жазған хат түріндегі сыршыл өлеңі : (С.Сейфуллин «Сыр сандық»)

Сәкеннің адал достық идеясын терең қоятын өлеңі : («Сыр сандық»)

Сәкеннің «Сыр сандық » өлеңінің түрі : (Хат)

«Туғалы қапас көрмеген ,

Көкіректе кектер кернеген

Талпынып құлаш сермеген ,

Айтайын ішкі сырымды,»-деп сырын ақтарғысы келетін С.Сейфуллиннің өлеңі : («Сағындым»)

С.Сейфуллиннің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағы басылып шыққан жыл : (1914ж)

С.Сейфуллиннің Қазан қаласындағы «Матбуғат Каримия» баспасында басылған жинағы: («Өткен күндер»)

С.Сейфуллиннің революцияға дейінгі жазған өлеңдер жинағы : («Өткен күндер»)

С.Сейфуллин өзінің алғашқы өлеңдер жинағы-«Өткен күндер» басылып шыққанда неше жаста болған : (20жаста)

С.Сейфуллин шығармаларында символ дәрежесіне көтерілген тұрақты образдар : (Аққу, қызыл сұңқар, сыр сандық)

С.Сейфуллиннің адамның оғынан жапа шеккен қай жануарларды жырға қосқан : (Аққу,ақбөкен)

С.сейфуллин «Түс» өлеңінде ескі өмірді бейнелейді: (Қорғансыз бақша күйінде ,қазақ халқын сол бақшадағы қураған ағаштар түрінде)

С.Сейфуллиннің 1922 жылы басылып шыққан өлеңдер жинағы: («Асау тұлпар»)

Сәкеннің табиғаты Отан байлығы бейнесінде суреттейтін өлеңдері: («Орман», «Туған ел», «Сұлу терек»)

Өлең жолдарының авторы:

«Темір торлы тас үйде ,

Көкірегім толы шерменен.

Қанатты тағы тұлпарым,

Арқырап келші кермеден.

Құтқаршы мені қамаудан,

Шынжырлап ерік бермеген» (С.Сейфуллин)

С.Сейфуллиннің туындысы: («Альбатрос» (1932)

С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар» , «Тар жол,тайғақ кешу» шығармаларында баяндаған оқиғалармен үндес поэмасы: (Альбатрос)

С.Сейфуллиннің қызықты поэтикалық формасымен оқшауланатын ірі туындысы : («Альбатрос»)

С.Сейфулиннің ақын мен аттың айтысына құралған шығармасы: («Қызыл ат» (1933)

С.Сейфуллиннің поэмасы: («Қызыл ат»)

«Аққудың айырылуы», «Лашын туралы жыр» , « Ақсақ киік» атты лирикалық туындылардың авторы: (С.Сейфуллин)

С.Сейфуллиннің үлкен гуманистік идеяны насихаттаған романтикалық поэмасы: («Аққудың айырылуы»)

Қазақ ақындарының ішіндегі сұлу құстың қасіретін поэма арқауы еткен ақын : (С.Сейфуллин)

С.Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» атты поэмасы қандай шығарма? (Махаббат туралы романтикалық поэма)

С.Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» поэмасының жазылған жылы : (1925ж)

С.Сейфуллиннің аллегориялық тәсілмен жазылған ,мәңгілік махаббатты жырлаған шығармасы: («Аққудың айырылуы»)

Жалғыз қалған аққудың қиналысын суреттейтін С.Сейфуллиннің шығармасы: («Аққудың айырылуы»)

«Арқада бір жер бар еді,

Жібек самал саясы .

Саяда бір көл бар еді,

Сырлы кесе саясы,» -деген үзінді алынған Сәкеннің шығармасы: («Аққудың айырылуы»)

4 бөлім ,47 тараудан тұратын С.сейфуллиннің шығармасы :
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35


написать администратору сайта