көк кітап. КӨК КІТАП ӘДЕБИЕТ (3). 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар
Скачать 436.29 Kb.
|
(«Жат қолынды») 90) Ғ.Мүсіреповтің соғыс тақырыбына арналған романы: («Қазақ солдаты») 91) Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романының кейіпкерлері: (Қайрош; Шеген мен Бораш-балалар үйіндегі достары; Ақбота-сүйген қызы; Семен Зонин, Владимир Толстов, Василий Гришин , Петр Ушаков, Сәмед Абдуллаев, командирлер: политрук Ревякин, майор Русаков, капитан Мирошник –майдандас достары) 92) Ғ.Мүсіреповтің қаһармандық бейне жасаған, адамның жан сұлулыған жырлаған патриоттық шығармасы: («Қазақ солдаты») 93) Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романының 1945 жылы алғаш басылып шыққандағы аты: («Қазақ батыры») 94) «Қазақ батырының» кейін өзгертілген аты: («Қазақ солдаты») 95) Ғ.Мүсіреповтің Болгария,Польша, Румыния, Франция елдерінде танымал болған романы: («Қазақ солдаты») 96) Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романына тән (лайықты) қатар: ( Тұңғыш әскери роман) (сатылы композициялық роман, 125 кейіпкер,150-ге тарта эпизод бар) 97) «Әуелі келісіп алайық, сіз еш нәрсені жасырмайсыз;мен еш нәрсе қоспаймын,»-деген келісім жасалып жазылған шығарма: (Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты») 98) «Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай-қарай зытам... зытып келе жатқаным- қашып келемін, артыма қарай беретінім- қорқып келемін...» Үзінді Ғ.Мүсіреповтің қай шығармасынан алынған? («Қазақ солдаты») 99) «Қазақ солдаты» шығармасындағы кейіпкердің шын аты: (Қайырғали Смағұлов) 100) Қайроштың балалар үйінде машықтанған мамандығы: (Шаштараз) 101)Қайроштың (Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты») соғысқан жерлері: (Кавказ, Новороссийск,Ростов, Керчь) 102) «Ала баған екі елдің ғана белгісі емес, екі түрлі дүние танудың, болған мен болашақтың шегін айырып тұрған сияқтанады...»-деген үзінді алынған Ғ.Мүсіреповтің шығармасы: ( «Қазақ солдаты») 103) Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романының кейіпкері: (Ақбота) 104) «-Мүмкін, менің алдымда сағым теңізіндей құлпырып, алыстан қол бұлғаған жаңа бір өмір жатқан шығар...»-дейтін Ғ.Мүсіреповтің кейіпкері: (Қайрош) 105) Қайрош бейнесінің («Қазақ солдаты») ерекшелігі: (Отанын шексіз сүйетін жастың типтік бейнесі) 106) «Қазақ солдатында» жауынгерлер арасында Қожанасыр әңгімелерін көп білетін Қайроштың достарының бірі: (Самед Абдоллаев) 107) «Қазақ солдаты» романының кейіпкері: (Самед) 108) Ғ.Мүсіреповтің қазақ прозасындағы озық үлгідегі романы: ( «Ұлпан»,1974 ж.) 109)Қазақ ауылының жүз жылдық өмірі суреттелетін Ғ.Мүсіреповтің шығармасы: («Ұлпан») 110) Ғ.Мүсіреповтің әйел-анаға арнаған туындыларының шоқтығы: «Ұлпан» 111). «Ұлпан» романындағы кейіпкерлер : (Есеней-Керей-Уақ биі;Ұлпан –Артықбай батырдың қызы,Есенейдің жары;Біжікен-Ұлпанның қызы;Торсан-Біжікеннің күйеуі;Мырзаш-Ұлпанды айттырған жігіт,саудагер Түленнің баласы;Аңшы Мүсіреп,Түрікпен Мүсіреп,Артықбай батыр,Шынар т.б) 112) Ғ.Мүсіреповтің шығармаларындағы Есеней-қай шығарманың кейіпкері? (« Ұлпан») 113.) Жас қызға үйленіп,жүрегі жұмсарып,мейірімді жанға айналған Ғ.Мүсіреповтің кейіпкері:(Есеней) 114) «Ұлпан» романындағы Ұлпанның жары,ел басқарған би (Есеней) 115) «Ұлпан» романындағы Есеней қандай кейіпкер? (Тар шеңберден шыға алмай қалған,күндесдік пен бақай есепті көкірегіне мықтап түйген жан) 116) «Ұлпан» романындағы Ұлпан қандай кейіпкер? (Елге билік айтушы,басшы,ақылгөй ана) 117 ) Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы ұлпанға мұңдас әйел: (Шынар) 118) «Ұлпан» романындағы Шынар Ғ.Мүсіреповке кім болған? (Әжесі) 119) Есеней,Артықбай батыр,Шынар,Қанекей деген кейіпкерлері бар Ғ.Мүсіреповтің шығармасы («Ұлпан») 120) Ұлпанның қызының аты: (Біжікен-Бибіжиһан) 121 ) Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы Ұлпанның өз қызына арамдық жасаған жігіт:(Торсан ) 122) Ғ.Мүсіреповтің 1960-1970ж жазған поэмасы: («Кездеспей кеткен бір бейне») 123 ) «Кездеспей кеткен бір бейне» (1966ж) атты қара сөзбен жазылған поэманың авторы: (Ғ.Мүсірепов) 124 ) Ғ.Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» шығармасының бас кейіпкері: (Еркебұлан) (Прототипі-С.Сейфуллин) 125 ) Еркебұлан-қай шығарманың кейіпкері:(«Кездеспей кеткен бір бейне») 126 ) Ғ.Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» шығармасында әдебиетімізге қосылған тың, көркем тұлға:(Еркебұлан) 127) Ғ.Мүсіреповтің пьесалары: («Қозы Көрпеш-Баян сұлу»; «Ақан сері-Ақтоқты»; «Амангелді») 128) «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Болашаққа аманат», «Ақан сері-Ақтоқты», «Амангелді» пьесаларының авторы: (Ғ.Мүсірепов) 129) Ғ.Мүсіреповтің пьесасы ( «Қыз Жібек»,1934ж) 130) Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегі»: (Музыкалық драма) 131) Ғ.Мүсіреповтің Б.Майлинмен бірге азамат соғысының ардагеріне арналған пьесасы: («Амангелді» ) 132) «Амангелді» пьесасының авторы: (Ғ.Мүсірепов) (Б.Майлинмен бірге) 133) «Амангелді» киносы қай жылы түсірілді? (1938ж) 134) Ақан сері өміріне арналған пьесасы:(«Ақан сері-Ақтоқты» Ғ.Мүсірепов) 135) Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» шығармасының драмалық ерекшелігі:(трагедия ) 136) Ғ.Мүсіреповтің ақ өлеңмен жазылған драмасы: («Ақан сері-Ақтоқты») 137) Ғ.Мүсіреповтің психологиялық драмасы : («Ақан сері-Ақтоқты»,1941ж.) 138) Ғ.Мүсіреповтің драматургия саласындағы еңбегі: («Ақан сері-Ақтоқты») 139) Ғ.Мүсірепов сомдаған сахналық бейне,өнер адамының есімі: (Ақан) 140) «Әр аралға бір қамалдым, Өмір теңіз,табалмадым өткелін,»-деген сөздерді айтқан «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасындағы кейіпкер: (Ақан) 141) Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» драмасындағы кейіпкер:(Науан Хазірет) 142) Науан Хазірет –қай шығарманың кейіпкері?: («Ақан сері-Ақтоқты») 143)Мәрзия, Науан, Дәмелі атты кейіпкерлері бар шығарма: («Ақан сері-Ақтоқты») 144) Ғ. Мүсіреповтің тірідей көмілген Мәрзия атты кейіпкері бар туындысы: («Ақан сері-Ақтоқты») 145) «...Тас қорғанда ел отыр да, Қақпасында қазірет. Кімге естілмек адам зары? Жапандасың, жалғызсың, Кімге естілмек айғайың? ...Неткен мағынасыз бос өмір?»-деген шумақтар алынған шығарма: («Ақан сері-Ақтоқты») 146) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры мен Ғ.Мүсіреповтің осы аттас трагедиясының айырмашылығы:(Көп айырмашылығы бар) 147)Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасына (1939ж») автордың өзі енгізген әдеби бейне: (Жантық) 148) Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасындағы жырда жоқ жаңадан қосылған кейіпкерлер: (Жантық,Жарқын) 149) Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасындағы Жантыққа қарсы бейне: (Жарқын) 150) Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясындағы кейіпкер: (Жарқын) 151)Ғ.Мүсіреповтің мінездерін ұқсас тәсілмен жасаған сахналық бейнелері: (Сәрдәлі мен Жантық) 152) Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасы басталады: (Қарабайдың монологінен) 153) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасындағы Қарабай: (Баянның әкесі) 154)1954ж қазақ жазушыларының ІІІ съезінде Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» драмасына жоғарғы баға берген ғалым-жазушы: (М.Әуезов) 155)Қазақ театрында ұзақ жылдар бойы Қарабайды ойнаған әртіс:(Серке Қожанқұлов) (1896-1979) 156) Солақай сыншылар «Абай жолына» көк сүңгі сілтеп, М.Әуезов басына әңгір таяқ ойнатқанда ара түсіп, мақала жазған жазушы:(Ғ.Мүсірепов) 157) «Үндестік деген екі дауыстың бірдейлігі емес, ең кемі екі түрлі дауыстың қиысуы емес пе. Сөз көркемдігі осы мінездес. Бір сөз бір сөзге жарығын да түсіріп тұрады.» Кімнің сөзі?: (Ғ.Мүсірепов) 158) «Ғ.Мүсірепов әрқашанда өз халқымен бірге қуанып,бірге толғанады» ,-деген пікірдің авторы:(І.Омаров) 159)Ғ.Мүсірепов –ардақты ат!Мүсірепов туралы мың сөзден «Мүсірепов»-деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда терең, мазмұны әлдеқайда бай... Үзіндінің авторы:(З. Қабдолов) Ғабиден Мұстафин Туған жері:Қарағанды обл,Теміртау қаласындағы жақын жердегі Жауыртау-Нұра өзені бойындағы Сартөбе деген жер. Тұңғыш шығармасы: «Сәрсен мен Боқаш»әңгімесі(1927ж) Тұңғыш кітабы: «Ер Шойын»(1929ж) Романдар: «Өмір не өлім»,(1939), «Қарағанды»(1952), «Шығанақ»(1945), «Миллионер» (1948), «Дауылдан кейін»(1959), «Көз көрген»(1963); Әңгімелері: «Керуен», «Тұтқын», «Құлаған құз», «Күлмеген адам»,т.б. .Ғ.Мұстафиннің өмір сүрген жылдары:(1902-1985) .Ғ.Мұстафиннің бітірген оқуы туралы мәлімет:(Орысша-қазақша мектептің 4сыныбын бітірген) Оқуға түсуге мүмкіндігі болмай,жоғары сотқа қызметке орналасып,жазуға қабілеті оянған жазушы(Ғ.Мұстафин) Ғ.Мұстафиннің өнеріне сай жауап:(Жазушы) Ғ.Мұстафин 1939-1948ж.ж)аралығында қызмет еткен журнал( «Әдебиет майданы», қазіргі «Жұлдыз»журналы) Ғ.Мұстафин қай журналда қызмет атқарған?( «Әдебиет майданы», қазіргі «Жұлдыз»журналы1939-1948ж.ж) Ғ.Мұстафин қандай газеттерде қызмет атқарған?( «Қарағанды пролетариаты», «Қызыл ту») Ғ.Мұстафиннің шығармалары:(«Керуен», «Ер Шойын», «Құлаған құз», «Айғақ», «Шығанақ», «Өмір мен өлім») Ғ.Мұстафиннің тұңғыш жинағы қандай атпен жарық көрген?( «Ер Шойын» және басқа әңгімелер) Ғ.Мұстафиннің тұңғыш кітабы:( «Ер Шойын»1929ж) Ғ.Мұстафиннің өзі жақсы білетін ауыл өмірін баяндаған тұңғыш кітабы:( «Ер Шойын») Ғ.Мұстафиннің тұңғыш кітабы «Ер Шойынның» көтерген тақырыбы:(Ауыл өмірі,кедейдің сана-сезімі,таптық күрес) Ғ.Мұстафиннің әңгімесі: «Керуен» «Күлмеген адам», «Құлаған құз»әңгімелерінің авторы:(Ғ.Мұстафин) Ғ.Мұстафин сомдаған жағымсыз кейіпкерлер:(Олжабек,Ахмет) Ғ.Мұстафин сомдаған жағымсыз кейіпкерлер:Әлібек,Шәкен Ғ.Мұстафин сомдаған жағымды әйел образдары:Жанат,Алма,Ардақ Ғ.Мұстафиннің «Өмір мен өлім»романы жарық көрген жылы:(1940ж)(1939ж жазылған) Ғ.Мұстафиннің «Өмір мен өлім»романында кімдердің өмірі мен еңбегі суреттеледі?(Шахтерлар өмірі) Ғ.Мұстафиннің Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазған алғашқы туындысы:(«Өмір мен өлім») Ғ.Мұстафин өзі таңдаған тақырыптың мәнін игеру үшін,шахтада жұмыс істеп,жер қазған романы:(«Қарағанды»1952) Ғ.Мұстафиннің «Қарағанды» романының тақырыбы:(Өндіріс тақырыбы) «Қарағанды»романының қамтитын жылдары:(1930-1940) Ғ.Мұстафиннің «Қарағанды» романынында әңгімеленетін мәселе (Жұмысшы табы мен ұлттық интеллигенцияның қалыптасу жолы) Ғ.Мұстафиннің «Қарағанды» романынындағы бас кейіпкер:(Мейрам) Мейрам,Жанәбіл-Ғ.Мұстафиннің қандай шығармадан алынған?(«Қарағанды) Ғ.Мұстафиннің шығармаларындағы бір-бірін ұнатқан жастардың жұбы:(Ардақ-Мейрам) Мейрам,Ардақ,Жанәбіл-Ғ.Мұстафиннің қай романының кейіпкері-(«Қарағанды») Қ.Мұстафиннің «Қарағанды»романындағы орыс адамдарының аты:(Щербаков,Козлов) Ғ.Мұстафиннің көркемдік жағынан ерекше қуатқа ие болған шығармасы:(«Шығанақ»,1945) Ғ.Мұстафиннің ауыл шаруашылығына арналған шығармасы:(«Шығанақ») Ғ.Мұстафиннің «Миллионер»повесінің заңды жалғасы іспеттес туындысы:(«Шығанақ»,(Дұрысы керісінше болады10.179-бет) Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ»шығармасында сөз болатыны:(Әйгілі тары өсірушінің ерлігі) Тары өсіруден бірнеше рет дүниежүзілік рекорд жасаған диқан Ш.Берсиев өміріне арналған Ғ.Мұстафиннің шығармасы:(«Шығанақ») Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ»романының бас кейіпкері-Шығанақтың прототипі: (Ш.Берсиев (1881-1944)-тары өсірудің шебері) Атақты неміс ақыны Бертольд Брехт арнаулы поэма жазған Ғ.Мұстафин кейіпкерінің аты:(Шығанақ) Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ»романының бас кейіпкері: (Ш.Берсиев) Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ»романындағы кейіпкер:(Олжабек) Шығанақтан Олжабек бейнесінің айырмашылығы:(Өзімдікі дегенде өзегі талады,жиған-тергенін қызғыштай қориды) «Шығанақ»бейнесінде еңбек таразысын танытатын өзі дана,барынша адал пейілді адам бейнесі сипатталған,»-деген пікір иесі: (М.Әуезов) Ғ.Мұстафиннің өзі романтикалық шығарма деп бағалаған туындысы:(«Миллионер»1948ж) Ғ.Мұстафиннің колхоз өмірінің бетбұрыс кезеңін көрсеткен романы («Миллионер») Ғ.Мұстафиннің «Миллионер»шығармасындағы кейіпкерлер:(Жанат,Жомарт,Жақып) Ғ.Мұстафиннің қай шығармасында Жанат,Жомарт,Жақып деген кейіпкерлер қайда кездеседі?(«Миллионер») Ғ.Мұстафиннің ауылдағы өзгеріске арнаған шығармасы:(«Миллионер») Ғ.Мұстафин кейіпкерлері:(Жомарт,Мейрам) Ғ.Мұстафиннің қаламынан туған шығарма:(«Дауылдан кейін»,1960ж) Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін»романы қандай тақырыпқа жазылған?(Тарихи төңкерістік тақырып) Ғ.Мұстафиннің азамат соғысынан кейінгі ауылды гүлдендірудегі шындықты суреттейтін шығармалары:(«Дауылдан кейін») Ғ.Мұстафиннің Аман,Шәкен,Жақып,Таймас,Мақаш деген кейіпкерлер кездесетін шығармасы:(«Дауылдан кейін») Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін»романының кейіпкер(лер(і):(Шалабай,Аман,Шәкен) Тәуке,Тайман,Әбен,Танакөз кездесетін шығарма:(«Дауылдан кейін») Ғ.Мұстафин сомдаған жағымсыз кейіпкерлер:(Әлібек,Шәкен) Ғ.Мұстафиннің шығармалары:(«Дауылдан кейін», «Қарағанды», «Миллионер») Ғ.Мұстафиннің ғұмырнамалық романы:(«Көз көрген»,1963ж) Ғ.Мұстафиннің өз өмірі жайлы жазған шығармасы(«Көз көрген») Ғ.Мұстафин стиліне тән қасиет:(Қаһарманның көңіл-күйін қимыл-әрекет,мінез құлқы арқылы көрсетеді) «Менің творчествомның өзегі,арқауы,негізі-жаңа заман,жаңа адам» Бұл сөздің авторы( Ғ.Мұстафин) «Мен әрдайым бүгінгіні,шамам келгенше ертеңгіні жаздым...» Бұл кімнің сөзі? (Ғ.Мұстафин) Ғ.Мұстафиннің тың тақырыптарға баратын батылдығын,жаңашылдығын баса айтқан сыншы-ғалым(Зоя Кедрина) «Сәкен туралы бірер сөз»деген мақала авторы:(Ғ.Мұстафин) Ғ.Мұстафиннің Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болған кітабы(«Ой әуендері) Өзінің «Ойтолғауында»дәуір шындығына бұрылуын «..Өміріміздің бір қызықты шағы жөнді көрсетілмей қалыпты.Оны жазатын жасамыс адамдар азайып барады.Жастар білмейді.Борыш арқалап кету лайық па?Сондықтан азырақ шегінуге тура келді» деп түсіндірген автор( Ғ.Мұстафин ) Қасым Аманжолов 1Қ.Аманжолов(1911-1955) Туған жері: Қарағанды обл,Қарқаралы ауданы Тұңғыш кітабы: «Өмір сыры»(1938ж) Шығармалары:Көптеген өлеңдері және поэмалары: «Ақын өлімі туралы аңыз»,(1943ж), «Қытай қызы», «Құпия қыз», «Бикеш», «Естай-Қорлығайын»,т.б. «Ақын өлімі туралы поэмасын Ғ.Мүсірепов «қазақ поэмасындағы жаңа бетбұрыс»деп бағалады.»...қазақ поэзиясының інжу-маржаны»(Тихонов.Н.) Қ.Аманжоловтың туған жылы мен туған жері:(1911ж Қарағанды обл.Қарқаралы ауданы) Қ.Аманжолов 1935-1936жылдарықайда қызмет атқарған? (Оралда ашылған қазақ театрында) Қ.Аманжолов 1930 жылдың басында қандай қызмет атқарды?(«Лениншіл жас»газетінде) Қ.Аманжолов қызмет атқарған газет: ( «Лениншіл жас»,қазіргі «Жас алаш»газеті) Қ.Аманжоловқа қамқорлық көрсетіп,Семейге оқуға алып келген: (Ағасы Ахметжан) Сөз өнерінің төрінде «өртке тиген дауылдай»жырлармен мәңгі орын тепкен,1911ж Қарқаралыдағы Қызыл деген жерде дүниеге келген ақын: (Қ.Аманжолов) Қ.Аманжоловтың тұңғыш өлеңдер жинағы: («Өмір сыры») «Нұрлы дүние» жинағының авторы: (Қ.Аманжолов) «Хантәңірі», «Күлемін де жылаймын» өлеңдерінің авторы: (Қ.Аманжолов) Қ.Аманжоловтың М.Мақатаев шығармасымен аттас өлеңі: («Хантәңірі») Қ.Аманжоловтың Қазақстандағы ең биік шыңның өр тұлғасын...келбетін суреттеген өлеңі: («Хантәңірі») Қ.Аманжоловтың «Мұхтар аға»өлеңі кімге арналған? (М.Әуезовке) Қ.Аманжолов қай қаламгерге арнап өлең шығарған? (С.Мұқанов) Қ.Аманжолов қай қаламгерге арнап өлең шығарған? (Ш.Руставелиге) Қ.Аманжоловтың 1937 ж 16 буынмен жазған өлеңі: («Руставели Шотаға»); «Ақынның ескерткішіне», « Отан үшін жан пида»өлеңдері 15буынмен жазылған) Қ.Аманжоловтың Пушкиннің қайтыс болуына 100ж толуына арналған өлеңі: ( «Ақынның ескерткішіне»1937ж) Қ.Аманжоловтың Отанды,туған жерді сүюге қастерлеуге үндейтін өлеңдерінің бірі- («Мен-табиғат бөбегі») «Бұл күнген лайық алыпсың! Ол күнге қайтіп сыйғансың? Бір өзің бүкіл халықсың Қалдырмай бәрін жиғансың,»-деп Қасым айтып отырған алып (АБАЙ) Қ.Аманжоловтың Абайдың сегіз аяқ өлеңіне еліктеп жазған шығармасы: («Шықтым өмір шыңына») «Уа,дариға,алтын бесік туған жер»деп жырлаған ақын: (Қ.Аманжолов) «Шықтым тауға қарашы кең далаға, Мәз боласың ұқсайсың жас балаға, Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең, Шаршайсың ба,құмарың бір қана ма?Өлеңінің авторы: (Қ.Аманжолов) Әнімен айтылатын Қ.Аманжоловтың өлеңі: («Туған жер») «Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей, Ақын болмай тасың болсам мен егер,»-деген жолдардың авторы: (Қ.Аманжолов) Ақын Қ.Аманжолов «Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім»деген сөздерді кімге арнаған? (Туған жеріне) Қ.Аманжоловтың «Болдым ғашық,туған дала,мен саған»деген өлең жолдары бар шығармасы: («Туған жер») «Япырай!Тудым неге ойшыл болып? Кеудем толып барады,кеудем толып. Түгім қалмай жарылып аспанға ұшып, Неге ғана атпаймын фонтан болып?!-деген үзінді авторы: (Қ.Аманжолов) «Суреттеп жеткізе алман қанша мақтап, Келеді Көкше сұлу көп сыр сақтап. «Өзгемнен осым қымбат,»-дегендей-ақ, Көкшетау Бурабайын тұр құшақтап,»-деген үзінді авторы: (Қ.Аманжолов) Қ.Аманжоловтың туған елдің өсу жолын,жаңаруын шабытпен жырлаған өлеңі: («Жиырма бес») «Мектеп-кеме,білім-теңіз»-кімнің өлеңі? (Қ.Аманжолов) Қ.Аманжоловтың соғыстың алдында жазған өлеңдері: («Нартауекел», «Өз елім», «Дауыл» және «Талғар») Қ.Аманжоловтың майданға аттанып бара жатқан жолда жазған өлеңдері: ( «Сарыарқа», «Ертіс», «Орал») Қ.Аманжоловтың соғыстың ауыр шындығын,солдаттың көңіл-күйін суреттеген өлеңдері : («Қапанға») Қасымның соғыс жағдайындағы қиыншылық пен жауынгер ерліігін суреттейтін өлеңі: («Елге хат») Қ.Аманжоловтың өзі өмір сүрген кездің талабы мен талғамына лайықтап 1944 жылы жазған өлеңі: («Ғалиға жауап) Қазақтың әні мен өлеңін, Найзадай көтеріп келемін. Шығыстың аласа аспанын, Түндіктей бір түріп тастадым,»деген кім? (Қ.Аманжолов) «Үстімде сұр шинелім, Ақсаңдай басып келемін. Қағып-соғып шығар ма, Оңайлықпен мені өлім?»-шумағы алынған? (Қ.Аманжоловтан) «Міне,менің алдымда жатыр Еділ, Ер орыстың ежелден бесігі бұл. Рухындай аруақты ата-бабалардың, Ойшыл бұлттар аспанда шомылып жүр..»-Қ.Аманжоловтың осы шумақтан басталатын өлеңі: («Ұлы Отан соғысы туралы жыр) Өзін 26 шумақ өлеңмен таныстырған ақын: (Қ.Аманжолов) Өзінің «Жас дәурен», «Өзім туралы» өлеңдеріне ән жазған сан қырлы дарын иесі: (Қ.Аманжолов) |