Главная страница

көк кітап. КӨК КІТАП ӘДЕБИЕТ (3). 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар


Скачать 436.29 Kb.
Название1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар
Анкоркөк кітап
Дата13.03.2022
Размер436.29 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаКӨК КІТАП ӘДЕБИЕТ (3).docx
ТипДокументы
#394783
страница27 из 35
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35

Қ.Аманжоловтың әндері: («Туған жер»,»Жас дәурен», «Өзім туралы)

Қасымның өзі туралы жазған өлеңі: («Өзім туралы)

Өзге емес өзі туралы жырлаған ақын: (Қ.Аманжолов)

Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп,күніне мың ойланып,жүз толғанған ақын: (Қ.Аманжолов)

Қ.Аманжоловтың өзі «Сыр»деп атап,жас ұрпақпен ашық сөйлесіп,мақсат-мүддесін қуаныш-сүйінішін,сенімі мен дүдәмәлін ортаға салып сырласқан өлеңі: («Өзім туралы»)

Қ.Аманжоловтың іштей ойлану,толғану сыры сияқты,кейінге қалдырған аманат сөзіне ұқсайтын шығармасы: («Өзім туралы»)

Қ.Аманжоловтың өз өмірін ой елегінен өткізіп,өткенін таразылап,болашаққа үміт артқан шығармасы: («Өзім туралы»)

Өзге емес ,өзім айтам өз жайымда,

Жүрегім жалын атқан сөз дайында.

Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,

Тербетіп тулатып бір қалайын да...-Өзі жайлы тебірене жыр жазған ақын: (Қ.Аманжолов)

«Күніне жүз ойланып,мың толғанам,

Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп,»-деген жолдар алынған Қ.Аманжоловтың шығармасы: («Өзім туралы»)

«Сөзім-жыр,лебізім-күй,ерке едім,

Өз жерім,өз елімде еркеледім,»-деген үзінді алынған Қ.Аманжоловтың өлеңі: («Өзім туралы»)

«Дариға,сол қыз»өлеңінің авторы: (Қ.Аманжолов)

Қ.Аманжоловтың 12 буыннан жасалған «Өңімде ме еді,түсімде ме еді...»деп басталатын өлеңі : («Дариға,сол қыз»)

Өңімде ме еді,түсімде ме еді,

Көріп ем ғой бір армандай қызды.

Бір нәзік сәуле күлімдеп еді,

Сұрапыл соғыс соқты да бұзды...Кімнің қай өлеңінен алынған үзінді? (Қ.Аманжолов «Дариға, сол қыз»)

«Шықты бір қыз театардан,

Мойнында орман түлкі.

Шашын күзеп,қасын қырған,

Аузы-басы толған күлкі.»Қай өлеңнен алынған үзінді? («Бикеш»)

«Күлемін де жылаймын,

Жылаймын да күлемін.

Неге ғана бұлаймын,

Өзім ғана білемін» Қай ақынның өлеңінен үзінді?(Қ.Аманжолов)

«Келдім сені сағынып,

Алтын ұя-...

Кең көшеңде басар нық,

Мен бір ақын солдатың..» Қ.Аманжолов айтып отырған қай қала? (Алматым)

«Домбыра, мұнша шешен болдың неге?»-деп тамсана жырлаған ақынның шығармасы: (Қ.Аманжолов «Домбыра»)

Қ.Аманжоловтың «Қоңыр саз домбырадан ескен баяу»деген өлең жолындағы көркемдегіш құрал: (Метонимия)

Қ.Аманжоловтың драмалық дастаны: («Естай-Қорлығайын»)

Жалынды ақын,жауынгер Қасымның поэмасы: («Қытай қызы»)

Қ.Аманжоловтың поэмалары: («Құпия қыз», «Қытай қызы»)

Қ.Аманжоловтың Низамиден аударған шығармасы: («Ләйлі-Мәжнүн») (Т.Шевченко өлеңдері,А.Пушкин «Полтава»,М.Лермонтов «Маскарад»,А.Твардовский «Василий Теркин» т.б.

Қ.Аманжолов аударған қаламгерлер: (Пушкин,Байрон,Шевченко)

Қ.Аманжолов орыс халқының қай ақындарының шығармаларын аударған? (А.Пушкин «Полтава»,М.Лермонтов «Маскарад»,А.Твардовский «Василий Теркин»)

Қ.Аманжолов «Ақын өлімі туралы поэмасы: (1942-1943 ж.ж. Абдолла Жұмағалиевтің бастан кешкен оқиғасы)

Қ.Аманжолов поэмасына арқау болған ақын өміріне тән жауап: (Ұлы Отан соғысы қаһарманына айналған ақын)

Оттың ортасында тұрып,өлімнің өзін әнмен қарсы алған батыр қай шығармаға тән? («Ақын өлімі туралы аңыз»)

Ұлы Отан соғысында қаһармандықпен қаза болған талантты ақынның ерлігіне арналған поэма: ( «Ақын өлімі туралы аңыз»)

Абдолла Жұмағалиев өмірі қай шығармада кездеседі? ( «Ақын өлімі туралы аңыз»)

Қ.Аманжоловтың Ұлы Отан соғысында оққа ұшқан қазақ ақыны,майданда қапылыста мерт болған жан досы А.Жұмағалиев туралы жазған шығармасы: («Ақын өлімі туралы аңыз»)

Қ.Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» шығармасын жазған: (32жасында)

Күллі әлемнің ашу-кегі,

Орна менің кеудеме кеп!

Жау жолына атам сені,

Бомба бол да жарыл жүрек! Үзіндінің авторы,қай шығармадан алынған,кейіпкері:(Қ.Аманжолов, «Ақын өлімі туралы аңыз»,Абдолла Жұмағалиев туралы)

«Ұшты құстар шартарапқа,

Хабарлауға ер өлімін.

Ұмтылды жау таптамаққа,

Ең болмаса қалған күлін,»-деп ақын Қасым Аманжолов қай ердің өлімін айтып тұр? (А.Жұмағалиев)

«Өмір гүлін жаншып,таптап,

Шаштан сүйреп махаббатты,

Жерімізде жындай қаптап,

Найзаға іліп ар-ұятты,

Келе жатты сұр жендеттер,

Жиіркеніп,жиырылды жер,»-деген үзінді алынған Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы кімге арналған? (А.Жұмағалиевке)

Сонау орман етегінде,

Жаланған от сатұр-сұтыр.

Қанды ізін қара түнге,

Көме тастап жаулар отыр...Үзінді алынған Қасымның поэмасы: («Ақын өлімі туралы аңыз»)

«Майдан етіп дүние төрін,

Темір,болат қақтап отқа.

Жекпе-жек кеп өмір,өлім,

Соққыласып жатқан жоқ па?»-деген үзінді алынған Қ.Аманжоловтың поэмасы: («Ақын өлімі туралы аңыз»)

Қасиетті күші ұлы Отанның,

Қанатын бер қыран құстың,

Ашуын бер арыстанның,

Жүрегін бер жолбарыстың!

Күллі әлемнің ашу-кегі,

Орна менің кеудеме кеп! Берілген үзінді қай шығармадан алынған,авторы: (Қ.Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз»)

«Ақын өлімі туралы аңыздағы бас кейіпкердің сүйікті әні: («Қарғам-ау»)

«Мынау аспан,ай,жұлдыздар тұрғанда,

Қасым оты еш уақытта сөнбейді.

Жалынын ол бөліп беріп жылдарға,

Тек Қасымша алға құлаш сермейді...»деген өлең жолдарын Қасым Аманжоловқа арнаған кім? (СырбайМәуленов)

...Қасым жыры-көңіліміздің аса бір шадыман бақытты шағы»,-деген ақын: (Ә.Тәжібаев)

«Қасым ақын жанының бар толғауын,кек күшін,сезім тереңін түгел бере алған...»-деген пікір иесі: (Ғ.Мүсірепов)

Таным дерек

Абдолла Жұмағалиев (1915-1942)-ақын.Батыс Қазақстан обл,Сырым ауд,Жосалы ауылынды туған.1934 жылы алғашқы өлеңі жарық көрген. «Токиодағы дауыс», «шығыс қызы», «Асан қайғы туралы аңыз» поэмаларын жазды.Байрон,Низами,Тоқтағұл шығармаларын аударды.Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері(1996ж)

Баубек Бұлқышев (1916-1944)

Туған жері: Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында дүниеге келген

Шығармалары: «Шығыс ұлына хат», «Өмір сүргім келеді», «Жауыздық пен махаббат», «Өмір мен өлім», «Заман біздікі», т.б публицистикалық мақалалары, «Алматы-менің қалам» романы (аяқталмаған), «Айсұлу» поэмасы

Б.Бұлқышевтің туған жылы: (1916ж), (1944ж Ұлы Отан соғысында қаза тапты)

Б.Бұлқышев дүниеге келген жер: (Жезқазған) (Қазіргі Қарағанды обл.Ұлытау ауданы)

Алматы сауда қаржы техникумын, Москва сапер училищесін бітірген жазушы: (Б.Бұлқышев)

Б.Бұлқышевтың шығармасы: «Айсұлу» поэмасы

«Алматы- менің қалам» атты бітпей қалған романы бар жауынгер жазушы: (Б.Бұлқышев)

«Жауыздық пен махаббат», «Заман біздікі», «Шығыс ұлына хат» т.б шығармалар жазған жауынгер-публицист жазушы : (Б.Бұлқышев)

Көбінесе публицистикалық стильде еңбектенген қаламгер: (Б.Бұлқышев)

Өзінің соғыста өлетінін сезіп, бірақ өмір сүргісі келетінін жар сала жазып кеткен қаламгер: (Б.Бұлқышев)

«Шығыстан сызылып таң келеді. Мен немісті өлтіруге жөнелдім,»- деп жазған Шығыс ұлы: (Б.Бұлқышев)

«Шығыс ұлы! Біздің қазіргі уақыттағы орнымыз қанды майдандағы қызу ұрыса ғой,» - деп басталатын үзінді Баубектің қай еңбегінен? («Шығыс ұлына хат»)

Б.Бұлқышевтың «Шығыс ұлына хат» атты шығармасында: «Біз ерліктің екі бірдей мектебінен тәлім алдық...» - деп айтылады. Ол қандай мектептер? (1- Қобыланды, Тарғын, 2-Суворов, Кутузов)

Б.Бұлқышевтың «Шығыс ұлына хат» атты шығармасы қай жанрға жатады? (Көсемсөз)

Б.Бұлқышев хат жазатын шығыс қызының аты: (Жанна)

Шығыс қызы Жаннаға ай жарығында отырып хат жазатын боздақ жігіт: (Б.Бұлқышев)

Б.Бұлқышевтың «Өмір сүргім келеді» әңгіме-хатындағы Баубектің сүйген қызының есімі: (Шығыс қызы Жанна)

«Өмір сүргім келеді» деп аталатын шығарманың авторы: (Б.Бұлқышев)

Б.Бұлқышев «Өмір сүргім келеді» деген әңгіме-хатты жазған жасы: (20-да)

«Ол мені өлтіргісі келеді. Мен абайламай қалсам, ол мені өлтіреді де, онда ол менің барлық туысқандарымды да, Жаннамды да өлтіреді,» - деп, фашисті не үшін өлтіретінін дәлелдейтін жауынгер жазушы: (Б.Бұлқышев)

Б.Бұлқышев «Өмір сүргім келеді» деген әңгіме-хатын қандай сөйлеммен аяқтаған: («Мен немісті өлтіруге жөнелдім»)

Б.Бұлқышев «Өмір сүргім келеді» деген әңгіме-хатындағы майдандас жолдастарының есімдері: (Федя мен Вася)

Б.Бұлқышевтың шығармасы: («Өмір мен өлім»)

Өмір мен өлім туралы психологиялық толғанысын жазған жауынгер- жазушы: (Б.Бұлқышев)

Гетеге:

«...Атақты ақын, сені біздің ел ғана шын сүйеді. Сені біз Пушкинмен қатар қоямыз. Біз, қазақ жастары, «Фаустыңды» оқи отырып, өзіңе деген құрметіміз арта түсті...»- дегенжолдардың иесі: (Б.Бұлқышев)

Б.Бұлқышевтың неміс халқының ұлы ақыны Гетемен сырласатын еңбегі: («Өмір мен өлім»)

Неміс халқының ұлы ақыны Гетемен ой бөлісетін қаламгер: (Б.Бұлқышев)

«Біз кәрлі кезеңнің, соғысты заманның жандарымыз. Біз соғыста туғанбыз, соғыста өлеміз. Осының бәрі сендер үшін, кейінгі ұрпақ!» Кімнің сөзі? (Б.Бұлқышев)

Б.Бұлқышевтың қаза тапқан жылы: (1944ж)

Қазіргі заман әдебиеті,XX ғ ІІ жартысы, поэзия

Әбділда Тәжібаев

Туған жері: Сыр бойы, Қызылорда қаласы.

Поэмалары: "Күй атасы". "Оркестр", "Толаган"Абыл", "Мерген", "Құлғара","Батырақ", "Қазақстан алтын сандық", "Мен кешеден келдім бүгінге"."Портреттер" т б.

Пьесалары: "Майра" "Жомарттың кілемі". "Жалғыз ағаш орман емес", "Той боларда". "Дубай Шубаевич", "Көтерілген құмбез", "Қыз бен солдат", "Сагынамын кун сайын", т. б.

Монографиялары: "Өмір және поэзия", "Өмір және драматургия" (алғашқы аты -"Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы")."Қазіргі ақындар бір төбе де, Әбділда бір төбе" (Б. Момышұлы)

  1. Ә.Тәж. туған жері- Қызылорда

  2. Сырдарияны жырға қосқан ақын- Ә.Тәжіб. (1909-1998)

  3. Ә.Тәжіб. алғаш жарық көрген өлеңдер жинақтары- «Жаңа ырғақ» (1934), «Лирикалар» (1936)

  4. Ә.Тәжібаевтың шығармашылығындағы биік кезең – «Аралдар» жинағы

  5. «Күй атасы», «Ақын», «Портреттер» дастандарының авторы –Ә.Тәжібаев

  6. Ә.Тәжібаевтың поэмалары – «Адам», «Портреттер», «Абыл», «Күй атасы»

  7. Ә.Тәжібаевтың публицистикалық сипаттарымен дараланған философиялық үлгідегі поэмасы – «Портреттер»

  8. «Күй атасы», «Мерген» поэмаларының авторы- Ә.Тәжібаев

  9. Ә.Тәжібаевтың өлеңдері – «Сырдария», «Адамға», «Айнабұлақ», «Алтын ай»

  10. Ә.Тәжібаевтың тұңғыш пьесасы – М.Әуезовпен бірігіп жазған «Ақ қайың»

  11. Ә.Тәжібаевтың драмалық туындысы –«Жалғыз ағаш орман емес»

  12. «Жомарттың кілемі», «Көтерілген күмбез» пьесаларының авторы-Ә.Тәжібаев

  13. Туған жерін қуаңшылықтан құтқару жолында жанын құрбан ететін бала туралы әдеби ертегі- «Толағай»

  14. Толағайдың ата-анасының мекен еткен жері- Ертіс жағасы

  15. Толағайдың ата-анасының есімі- Саржан-Айсұлу

  16. Қуанышты ата-анасы,

Бота болып ойнағалы,

Арқаласа он баланы-

Қайыспайды қабырғасы. Қай шығармадан алынған? - «Толағай» Толағайдың әкесінің даңқы шыққан – мергендігімен

  1. Толағайдың еліне көрсеткен жақсылығы – жаңбыр жауғызды

  2. Неге маған жырламасқа

Сырда туған елімді.

Ел анасы - менің анам,

Сырдың сұлу өзені» -деген тәсіл шумағында («Сырдария») Ә.Тәжібаев қандай тәсіл қолданған?- параллелизм
Қалижан Бекхожин (1913-1990)


  1. Туған жері: Баянауыл өлкесі, Қызыл тау

  2. Еңбектері -40-тан астам өлеңдер мен поэмалар жинақтары шыққан. 20-ға тарта поэма жазған. «Әппақ-наме», «Дала комиссары», «Ақсақ құлан» т.б

  3. Драмалық шығармалары: - «Егер жүрек шын берілсе», «Ұлан асу», «Нөсерден кейін», «Гималай сарыны» т.б

  4. Аудармалары - Гете, Байрон, Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Горький, Маяковский, Симонов, Науаи, Ғ.Ғұлам т.б еңбектерін қазақ тіліне аударған.

  5. Қ.Бекхожиннің туған жері мен туған жылы- Павлодар атырабында (1913-1990)

  6. Қ.Бекхожиннің «Сағындым мен Тәттімбеттің жазығын» өлеңінен алынған :

«Кеттім сенен жүйрік жылдар өтті деп,

Тауға тарттым миуалары тәтті деп.

Ақбас ақын атандым да, не пайда,

Балалығым қалды сенде Тәттімбет! деген үзіндінің мәні - бүгінгі ақындық пен кешегі балалықтың үзілмейтін іңкәрлігін түйсіну.

  1. Қ.Бекхожиннің:

Көк майсада көбелектей ойнадым,

Жалғыз ғана бір бақытты ойладым.

Сол бақытым-өткен сенде ойыным

Жалғыз ғана сол қызыққа тоймадым. деген өлең шумағы алынған шығармасы- «Сағындым мен Тәттімбеттің жазығын»

  1. «Ақсақ құлан», «Сұңқар туралы аңыз», «Мариям Жагорқызы», «Ақсақ Темір мен ақын» шығармаларының авторы- Қ.Бекхожин.

  2. «Теңіздей тебіренді Жейхун бүгін» деп басталатын «Ақсақ Темір мен ақын» шығ-ң авторы-Қ.Бекхожин.

  3. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» шығармасы лириканың қай түріне жатады? -баллада

  4. «Әмірдің ақын шықты шырмауынан,

Жыртқыштың құтылғандай тырнағынан»-деген үзінді қай шығармасынан алынған? -«Ақсақ Темір мен ақын»

  1. «Әмірдің ақын шықты шырмауынан,

Жыртқыштың құтылғандай тырнағынан»- жыртқыш бейнесіндегі Бекхожин кейіпкері- Ақсақ Темір

  1. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасындағы ақынның негізгі мақсаты - ақындықтың құдіретін таныту.

  2. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасындағы ақын жігіт- Хафиз

  3. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасындағы Әмір Темірге тән қатар- Яссауи кесенесін салдырған, Азия барысы

  4. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасындағы ақынның туған қаласы-Шираз

  5. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасындағы Ақсақ Темірдің бәрінен артық санайтын қаласы- Самарқан.

  6. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасында Хафиз ақын қай қалаларды сүйген қызының жолында садақа деп айтқаны үшін Әмір Темірдің алдына барған?- Самарқан мен Бұқара.

  7. Хафиздің Ақсақ Темірге берген бағасы- 25 теңге

  8. Хафиздің Ақсақ Тәмірге «Бағаңыз- 25 теңге ғана» деген сөзінің мәні- «Темір» атты есімін алтынмен салыстыра суреттеуі.

  9. Ақын Хафиз Ақсақ Темірден қандай сөздер арқылы бостандық алды?- қасиетті құранның да өлеңмен жазылғанын есіне түсірді.

  10. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасындағы Хафиз қайда асығатынын табыңыз- Ширазға.

  11. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасындағы «Қаф тауы» деген ұғымның мәні-Кавказ таулары

  12. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасының соңы- ақын ғашығына асығып, Ширазына тартады.

  13. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасының шешімі- әміршінің рақымшылығы, ақынның бостандыққа шығуы.

  14. «Қ.Бекхожин талантының қыры көп. Ол – лирик, ол-эпик, ол- сыншы, әдебиетші» пікірінің авторы- Мұзафар Әлімбай.

  15. «Қ.Бекхожин талантының қыры көп. «Ақсақ құлан», «Сұңқар туралы аңыз» т.б поэмалары мен қазақ әдебиетінде баллада, сонет түрлерін жазу арқылы осы жанрларды туған топырақта биікке көтерді.» пікірінің авторы- Мұзафар Әлімбай.

Хамит Ерғалиев

1.Хамит Ерғалиевтің өмір сүрген жылдары: 1916-1999 ж

2.Х.Ерғалиевтің күйші туралы поэмасының басты кейіпкері: Құрманғазы

3.Х.Ерғалиевтің «Құрманғазы» поэмасында сөз болған оркестр: Құрманғазы атындағы мемлекеттік ұлт аспаптар оркестрі.

4.Х.Ерғалиевтің «Құрманғазы» поэмасындағы күйші мұрасын оркестрге түсіріп,жаңа заманға жеткізуші музыка танушы ғалым, академик кейіпкер: Ахмет Жұбанов

Жұбан Молдағалиев

1.Жұбан Молдағалиев туған жылы : 1920-1988 ж

2.Ж.Молдағалиевтің туған жері: Батыс Қазақстан облысы,Тайпақ ауданы,Жыланды ауылы.

3.Тұңғыш поэмасы: «Қызыл галстук» 1947

4.Поэмалары: »Нұрлы жол»1950 , «Жыр туралы жыр» 1958, «Жыл қанаты» ,»Дала дастарқаны,»»Жесір тағдыры», «Кек», «Байқоңыр баспалдақтары», «Мен - қазақпын», «Ғашық көзбен» ҚР мемлекеттік сыйлығы берілді, »Кісен ашқан» 1970 жылы Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы, «Қыран дала » және «Сел» 1978 ж КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді.

5.Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгер ақын: Жұбан Молдағалиев

6.Ж.Молдағалиевтің тұңғыш өлеңдер жинағы:Жеңіс жырлары

7. Ж.Молдағалиевтің алғашқы жырларында жырланған тақырыптар: Жеңіске деген сенім.

8.Берілген өлең жолдарының авторы,Ұлы Отан соғысына қатысқан қаламгер:Ұятпен адамдық өлшенді.Ұятпен надандық өлшенді...... Жұбан Молдағалиев

9.»Ұят» деп жұбатты жыласақ, «Ұят»деп тоқтатты шуласақ.Тіл қатпай тістендік құласақ, Сол сөзден тыншыдық,туласақ,- деген өлең жолдарының авторы: Жұбан Молдағалиев
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35


написать администратору сайта