көк кітап. КӨК КІТАП ӘДЕБИЕТ (3). 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар
Скачать 436.29 Kb.
|
Тұманбай Молдағалиев 1935-2011 Тұманбай Молдағалиевтің туған жылы мен туған жері: (1935 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жарсу ауылы) Т.Молдағалиевтің тұңғыш өлеңдер жинағы: («Студент дәптері») «Көктем таңы», «Жаңа дәптер», «Ескерткіш» кітаптарының авторы: (Т. Молдағалиев) Т.Молдағалиевтің 1992 жылы Алматы қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына орай жазған шығармасы: («Бауырлар») Т.Молдағалиевтің дүние жүзі қазақтарының Құрылтайына арналып жазылған өлеңі: (Бауырлар) «Бауырлар» атты өлеңінің авторы: (Т. Молдағалиев) Т.Молдағалиевтің : «Кел, бауырым, несіне жүрсің жырақ Сыртың да ұнап тұр маған ішің де ұнап. Сендердің де бір салған әндеріңе, Бар таулары қазақтың түрсін құлақ»,- деген өлең жолдарында айтылған негізгі ой: (Жырақта жүрген қандас бауырлардың атамекенге оралуын аңсау) Т.Молдағалиевтің туындысы: (Өмір, қымбаттым менің) Т.Молдағалиевтің өлеңі: (Құстар қайтып барады) Т.Молдағалиевтің ән мәтініне айналған өлеңі: (Жаздың түні барқыт еді әдемі) Т. Молдағалиевтің «Мен қазақтың баласымын» өлеңінен алынған Қазақ деген қазақтың баласымын, Баласына беретін бар асылын Мінін көрсе қиналып інісінің, Тілін алып өсетін анасның-деген өлең жолдарында айтылатын негізгі ой. (Халқымыздың ұлттық тәлім –тәрбиесінің жарқын көріністері) «Адам рухына көтерер, оның ойын марқайтып, жырына азық беретін –өмір деген» Тұманбай жырлары сол өмірдің алуан түрлі сырын, ондағы өзгерістерді шынайы бейнелейді...»-деген Т.Молдағалиев туралы пікірдің авторы: (Серік Қирабаев) Т. Молдағалиевтің : «Тұмаш, осы поэманы Ғабит ағаға апарып оқыдым. Разы болып, мына алтын қаламды сыйлайды,»- деп айтқан адам: (М.Мақатаев) Олжас Сүлейменов (1936) О. Сүлейменовтің туған жылы мен туған жері: (1936 жылы Алматы қаласында) «Невада-Семей» халықаралық қозғалысына жетекшілік еткен ақын: (Олжас Сүлейменов) Жалынды поэзиясына әлем жұртшылығы құлақ түрген ақын: (О.Сүлейменов) О.Сүлейменов қай жерде білім алған: (Мәскеуде, М. Горький атындағы Әдебиет институтында) «Адамға табын, Жер, енді» поэмасының авторы: (О.Сүлейменов) «Аз и Я» атты зерттеу еңбегінің авторы: (О. Сүлейменов) «Асқардан асу», «Арғымақтар» жинақтарының авторы: (О.Сүлейменов) «Арғымақ», «Қыз қуу» өлеңдерінің авторы (О. Сүлейменов) О. Сүлейменовтің оқулыққа енген , ұлттық мінезге тәнті өлеңі: (Арғымақ) Мына өлең жолдары алынған О. Сүлейменовтің өлеңі: Дала қандай! Даладағы ат қандай! Нөсер шөпке белшесінен батқандай (Арғымақ) О.Сүлейменовтің ұлттық дүниетаным мен салт –дәстүрді сипаттайтын шығармасы: (Қыз қуу) Ұлттық ойынға байланысты О. Сүлейменовтің өлеңі: (Қыз қуу) О.Сүлейменов «Қыз қуу» өлеңінде шебер қолданған айшықтаудың түрі. (Қайталау) «Көндім –ау бұл азапқа, Көндім-ау бұл мазаққа, Мұндай мазақ –азаптан Жеңіл шығар тозақ та!»-деген өлең шумағы алынған О. Сүлейменовтің өлеңі: (Қыз қуу) О. Сүлейменовтің шетелдік қазақтар туралы жазған өлеңі: (Ришад-қыр қазағының баласы) Мен сыйлаған тақияны Төсіне Басып тұрып, Қарады-ау бір тесіле. Үнсіз –түнсіз кетті әкесі бұрылып, Туған жері түсті ме екен есіне. Тапты деп бір туысқанын баласы, Қуанып жүр, Мәз болып жүр анасы,-деген үзінді алынған О. Сүлейменовтің өлеңі: (Ришад- қыр қазағының баласы) «Қыш кітап» атты поэманың авторы: (О. Сүлейменов) М.Мағауин О. Сүлейменовтің қай шығармасына қатысты пікір айтады: (Қыш кітап) О. Сүлейменов туралы «Қыш кітап»- Отанға сүйіспеншілік туған халыққа адалдық , азаматтық борыш туралы шығарма ... Поэмада көне скиф дәуірінің шынайы көріністері бар... Ең бастысы- ақын өткен күннің сауатын бүгінгі күн талабымен үндестірген»,- деген пікірдің авторы: (М. Мағауин) «Көгілдір маршрут» , «Бабалар жері» кинофильмдері қай ақынның шығармасы бойынша түсірілген : (О. Сүлейменов) О.Сүлейменовтің «Махамбетке » атты өлеңіндегі ақын мақсаты: ( Өрлікті ,ерлікті,намысты мадақтаған биік мақсат) О. Сүлейменовтің «Арғымақ», «Махамбетке» атты өлеңдерін қазақ тіліне аударған ақын (Қадыр Мырза Әли) Қадыр Мырзалиев Олжас Сүлейменовтің қай батырға арнаған өлеңін қазақшаға аударған: (Махамбетке) Фариза Оңғарсынова (1939-2014) Туған жері: Атырау обл. Мақаш ауылы Ф.Оңғарсынованың тұңғыш жыр кітабы: «Бұлбұл»,1967ж. Түрін-ай текеметтің! Асыл қандай! Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай. «Келе ғой,қошақаным, өзіме!» деп, Әжем кеп сипағандай шашымнан жай. (Ф.Оңғарсынова) Елестеп көз алдымда сән шақтарым, Келгендей құлағыма аңсатқан үн. Түрінен текеметтің көріп тұрмын, Әжемнің тарамысты саусақтарын. (Ф.Оңғарсынова «Оюлар») Болардай басқұр, өрнек маған медет, Белгісі балғын шақтың қарар жебеп. Сүйеніп тұскиізге тұрып қаппын, Көз жазып оюлардан қалам ба деп, Мөлдір шық жасырынды жанарға кеп...Фариза өлеңінің соңғы екі жолындағы айтар ой: (Ұлттық қолөнерден айырылып қалу қаупін ойлап толғануы) Аңсаумен күнім өтті қанша менің, Желбауда , басқұрда ма аңсау елім. Әжемнің көзіндей бұл оюларды Таба алмай дала кезіп шаршап едім. Үзінді авторы: (Ф.Оңғарсынова) Ф.Оңғарсынованың халқымыздың мәдени ұлттық құндылықтарын қастерлеуге арналған өлеңі: ( «Оюлар» ) Ф.Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңіндегі өзекті ой: ( Қазақтың сан ғасырлық тарихы бар ұлттық қолөнеріне деген сүйіспеншілік ) Ф.Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңіндегі өзекті ой: ( Халқымыздың жүріп өткен жолындағы тарихи оқиғаларды зерделеу) Ф.Оңғарсыноваға қатысты ақпараттар реті: 1. «Бұлбұл» атты тұңғыш жыр кітабы жарық көрді. 2. 1939 жылы Атырау өңіріндегі Мақаш ауылында дүниеге келді. 3. 1969-1990 жылдары отты жырлары қазақ поэзиясын жаңа өріске бастады. (2. 3. 1.) Ф.Оңғарсынованың: Дара күндерімнің, Мен сені аялаймын... Нала түндерімнің Тағдырым болып, Серігі болғаның үшін, О баста көріскенің үшін, Сенімі болғаның үшін Өлең, мен сені аялап өтем,-деген өлең жолдарындағы ақын ойының өзегі: (Өлең құдіретін бағалау, мәңгі бас иіп өту) Фариза Оңғарсынованың: «Отан деген не?-дейсің, ұлым, маған, Ол-сенің ғұмырлы анаң, Жөргегіңнен жаныңа сіңіп қалған, Әнің мен жырың, балам!»-деген шумақ алынған өлеңі: («Жас ананың әндері») Төлеген Айбергенов (1937-1967) Туған жері: Қарақалпақ елінің Қоңырат деген жерінде. Алғашқы бір топ өлеңдері «Жас дәурен»(1961) жинағына енді. Жыр кітаптары: «Арман сапары», «Өмірге саяхат» (1963), «Құмдағы мұнаралар», «Мен саған ғашық едім», «Аманат», «Бір тойым бар», «Бақшаға саяхат» т.б. Ташкент Низами атындағы мемлекеттік педагогика институтын бітірген ақын : ( Т.Айбергенов) «Арман сапары», «Құмдағы мұнаралар» жинағының авторы: ( Т.Айбергенов) Т.Айбергеновтың алғашқы өлеңдер жинағы: ( «Арман сапары» Алғаш рет «Жас дәурен» атты жинақта бір топ өлеңдері жарияланған) Т.Айбергеновтің өлеңдер жинағы: ( «Мен саған ғашық едім») Т.Айбергеновтің «Ана» өлеңіндегі «Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен» деген өлең жолындағы ақын ойы: ( Ана құдіретінің теңдесі жоқ өлшемі) Т.Айбергеновтің «Ана» өлеңінде жасаған ақындық ой қорытындысы: ( «Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы») Т.Айбергеновтің «Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы» деп аяқталатын шығармасы : («Ана») Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем, Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен,- үзіндісі алынған Т.Айбергеновтің өлеңі («Ана» ) Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен, Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен. Т.Айбергеновтің қай шығармасынан? («Ана») Т.Айбергеновтің «Ана» өлеңі неше бөлімнен тұрады? ( Екі) Т.Айбергеновтің өлеңі: ( «Бір тойым бар») Т.Айбергеновтің болашақ өмірінің мақсаты мен арманын көрсететін өлеңі:(«Бір тойым бар») ...Кім білсін, талай күнгі арманым ед, Мәңгілік тарқамауы да мүмкін оның. Бұл өлең жолдары алынған Т.Айбергеновтің шығармасы: («Бір тойым бар») «Қыз қуатын жігітке ат беремін, Жанам деген жігітке от беремін. Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді, Бір тамаша той қылып өткеремін» Үзінді қай ақынның өлеңінен? (Т.Айбергенов) Өлең құрылысына жаңалық әкелген, 18,19 буынды өлеңдер жазған «Аруана-бауыр дүние», «Ана» өлеңдерінің авторы: ( Т.Айбергенов) Аруананың туған жерге махаббатын сөз еткен ақын: ( Т.Айбергенов) Т.Айбергеновтің «Аруана-бауыр дүние» өлеңінің мақсатын ашуда қолданылған аңыз: (Аруана туралы белгілі аңыз) «Тауға да керек астана Тасқа да керек астана»- жолдарының авторы: ( Т.Айбергенов «Аруана- бауыр дүние») «Сен мұны менен бетер ұқ: Түкпірімдегі дір ете қалғаш құйттай жүрекпен Келем мен бүгін қасиетті байтақ Қазақстанымды көтеріп! »- деген өлең жолдарындағы ақынның айтар ойы: ( Туған жерге деген махаббатын көрсететін ақындық қуаттың өлшемі ) Т.Айбергеновтің қазақ өлеңінің құрылысына енгізген жаңалығы: ( 18-19 буынды өлеңдер) Т.Айбергеновтің «Оралам үйге кейде мен» өлеңіндегі ақын көңілі күйі: ( Күнделікті тіршілік күйбеңін өмірлік мақсат-мұраттармен астастыру) Т.Айбергеновке жыр арнаған ақиық ақын есімі : ( М.Мақатаев) Т.Айбергенов туралы: «Тұңғыш көрдім шын ақынның өлгенін Қызарып батты ертеңгі шығатын күн. Торғай-өлең шырылдап бара жатты, Аузында ажал дейтін сұрапылдың,»-деген үзінді алынған өленнің аты мен авторы: (М.Мақатаев «Төлегенге») М.Шаханов М. Шаханов (1942) туған жері - ОҚО, Отырар ауд, Шілік ауылы М. Шахановтың танылған талант, қабілеті - ақын, драматург, сазгер, қоғам қайраткері «Желтоқсан жаңғырығы», «Түсінісу теоремасы» өлеңдері авторы - М. Шаханов М. Шахановтың «Арман» өлеңінде бала Әбу өз арманын дана қарияға қалай түсіндірген-Ғылым мен өнердің шамын жағу М. Шахановтың «Арман» өлеңінің оқиғасы өтетін жер - Отырар М. Шахановтың Әбу Насыр әл-Фараби өмірінен алынған өлеңі –«Арман» М. Шахановтың тарихи шындыққа негізделіп жазылған шығармасы - «Отырар» М. Шахановтың отансүйгіштік, ерлік, батырлыққа тәрбиелейтін шығармасы -«Отырар» Шыңғыс хан, Шағатай М. Шахановтың қай шығармасының кейіпкерлері? - «Отырар» 1219 жылы қыркүйек айындағы Шыңғыс хан жасағының шабуылы М. Шахановтың қай шығармасында суреттеледі? - «Отырар» М. Шахановтың «Отырар» балладасындағы» «Мысқыл күлкің маған салды маған қаншама ой! Шіркін, сендей бес қолбасшым болса ғой, Қалың қолым ұқсап дүлей тасқынға, Бөлеп дархан күйге мені, Бүкіл әлем билер еді Аяғымның астында,»-деген өлең жолдарындағы Шыңғыс хан сөзін арнаған – Қайыр ханға М. Шаханов «Отырар» дастанында мақтап жырлайды - Қайыр ханды «Егер бүкпей баяндасам шындықты, Рухы-өр, Тәні-бекем, Бұл бір қайсар халық екен, Тірліктен де биік қойған бірлікті», - деген шумақ арқылы қазақ халқының өмірлік мұраты мен мақсатын айқындап беретін ой айтылатын шығарма мен оның авторы - М. Шаханов «Отырар» Махамбет жайлы арнау өлең жазған қаламгер - М. Шаханов Үзінді М. Шахановтың қай өлеңінен алынған: ...Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, Әр адамда өз анасынан басқа да Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада Болу керек құдіретті төрт ана... –«Құдіретті төрт ана» Туған жері-түп қазығы, айбыны, Туған тілі-сатылмайтын байлығы. Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі, Қадамына шуақ шашар үнемі. Және туған тарихы, еске алуға қаншама Ауыр әрі қасіретті болса да ,- деген үзінді алынған М. Шаханов өлеңі – «Төрт ана» Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жанған алауы! Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! - деген шумақпен аяқталатын М. Шахановтың өлеңі - «Желтоқсан алауы» Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған, Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан. Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма, Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан, - деген өлең жолдары арналған тарихи оқиға -1986 жылғы желтоқсан көтерілісі Қазіргі заман әдебиеті, XX ғ. П жартысы, Проза Бауыржан Момышұлы (1910-1982) Туған жері: Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылы Шығармалары: «Бір түннің оқиғасы», «Москва үшін шайқас», «Генерал Панфилов», «Куба әсерлері», «Ұшқан ұя», «Қанмен жазылған кітап», т.б 1975 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын иеленді. «Москва үшін шайқас» шығармасының авторы: (Б.Момышұлы 1910-1982ж) Ұлы Отан соғысының атын аңызға айналған қаһарманы, «Ұшқан ұя» шығармасының авторы: (Б.Момышұлы) «Қанмен жазылған кітап» жинағының авторы: (Б.Момышұлы) «Жауынгер тұлғасы» шығармасының авторы: (Б.Момышұлы) Б.Момышұлының шығармасы: (Жонарқа) «Жонарқа» шығармасын жазған әскери жазушы: (Б.Момышұлы) Зәресі зәр түбіне кетіп, үрейленген кейіпкердің ала-шапқын көңіл-күйін шыншыл суреттеген Б.Момышұлының шығармасы: (Жонарқа) Жауынгер-жазушы Б.Момышұлы сомдаған тартымды тұлғаның шоқтығы: (Генерал Панфилов) «Үстеріне шинел киген солдаттар арқылы барлық халықтардың жанын ұқтым,»-деп жазған жауынгер жазушы: (Б.Момышұлы) «Қырағының өзі де батыр, көзі де батыр,»-деген нақыл сөз айтушы: (Б.Момышұлы) «Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады,»-деген нақыл сөздің иесі: (Б.Момышұлы) «Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлттын сүюші адаммын» деген пікірдің иесі: (Б.Момышұлы) «Өз елінің бағасын білген адам ғана басқа елді қадірлей алады,»-деген пікірдің авторы: (Б.Момышұлы) «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам-опасыз, оңбаған адам,»-деген пікірдің авторы: (Б.Момышұлы) «Командир деген әскери педагог қой. Осы әр ұлт адамдарымен қызметтес болғанымды өзіме ерекше мектеп деп бағалаймын» пікірінің авторы: (Б.Момышұлы) Б.Момышұлының шығармалары: «Куба әсерлері», «Жауынгердің тұлғасы», «Офицер күнделігі». ... Қазақстанда құрылып, Мәскеуді қорғауда ерлік танытқан панфилов дивизиясының майдандағы жолы баяндалып, Отан соғысы дәуірінің шындығына арналған шығармалар: (Б.Момышұлы «Артымызда Москва», Т.Ахтанов «Қаһарлы күндер») Хамза Есенжанов (1908-1974) 1967 жылы Қазақстан мемлекеттік сыйлығын иеленді. Хамза Есенжанов туған жері - Батыс Қазақстан облысы бұрынғы Чапаев ауданы 4 кітаптан түратын «Ақ Жайық» романы авторы – Х.Есенжанов (1908-1974) «Ақ Жайық» романының кейіпкерлері - Әбдірахман, Хакім Х. Есенжанов Ұлы Отан соғысынан кейін жазған шығармасы –«Ақ Жайық» Х.Есенжановтың алғашқы әңгімесі-«Өлеңті жағасында» Х.Есенжанов аудармасы- «Тынық Дон» М. Шолохов Х.Есенжанов аудармасы –«Рудин» Тургеневтен Х.Есенжанов аудармасы .....(216-бетте қолмен жазылған, анық емес) – «Екі мырзаға бір қызметші» Туған жері: Батыс Қазақстан облысының бұрынғы Чапаев ауданы Тұңғыш шығармалары: «Өлеңтінің жағасында», "Қызыл құмақ», «Күшке - күш» әңгімелері. Романдары: "Ақ Жайық» трилогиясы (1957, 1959, 1965 ж.), «Көп жыл өткен соң» (1963), «Ағайынды Жүнісовтер» (1970). Аудармалары: И. Тургенев "Рудин", М. Шолохов "Тынық Дон" (бірінші, төртінші кітап), К.Гольдони "Екі мырзаға бір қызметші" пьесасы. *** Хамза Есенжановтың 30-жылдары жазылған алғашқы әңгімелері: (*"Күшке күш"; "«Өлеңтінің жағасында»; *«Қызыл құмақ») *** Хамза Есенжановтың трилогиясы: (*«Ақ Жайық») *** Хамза Есенжановтың "Ақ Жайық" трилогиясындағы ағайындылар:(*Жаһанша; *Халел) • «Ақ Жайық» трилогиясы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілген берілген жазушы: (Х. Есенжанов, 1967 ж.) • Төрт кітаптан тұратын "Ақ Жайық" романының авторы: (Х. Есенжанов) • Хамза Есенжановтың Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілген трилогиясы: ("Ақ Жайық") • Хамза Есенжановтың көптомдық романының алғашкы кітаптары басылған жылдар: ("Ақ Жайық" 1957-1962 жылдар) • "Ақ Жайық" романының кейіпкерлері: (Әбдірахман, Хакім) • Хамза Есенжановтың «Ақ Жайықтың» үш кітабына да ортақ кейіпкер: (Хакім Жүнісов) • Қазақ жазушысының Үлы Отан соғысынан кейін жазылған шығармасы:("Ақ Жайық") *** Хамза Есенжановтың "Иганынды Жүнісовтер" романының шыққан жылы: (*1971 жыл) • К.Гольдонидің "Екі мырзаға бір қызметші" пьесасын аударған жазушы: (Хамза Есенжанов) • Х. Есенжановтың аудармасы: ("Тынық Дон" М. Шолохов) *** Хамза Есенжановтың И. Тургеневтен аудармасы: ("Рудин") |