Главная страница

көк кітап. КӨК КІТАП ӘДЕБИЕТ (3). 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар


Скачать 436.29 Kb.
Название1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар
Анкоркөк кітап
Дата13.03.2022
Размер436.29 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаКӨК КІТАП ӘДЕБИЕТ (3).docx
ТипДокументы
#394783
страница34 из 35
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

Метонимия (алмастыру)- заттар мен құбылыстардың тек бір ғана жағын алу.

Көк темірді киініп,Шықты батыр жекеге.(«Батырлар» жырынан)

  • «Ауыл қалың ұйқыда» – деген тармақтағы тәсіл(Алмастыру(метонимия)

  • Қанды көзқайқаң етіп шықса аспанға.(Абай)Осындағы асты сызылған сөзде қолданылған троптың түрі (Метонимия)

  • «Төмен ұшсам, түлкі орлеп құтылар деп,

Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға.»(Абай) – деген тармақтардағы метонимия(Қанды көз)

  • «Үйі мәз боп қой сойды,

Сүйіншіге шапқанға»:Алмастыру (метонимия):(Үйі)

  • «Жақын жүрсем мен төрінде рахаттың,

Өз Отаным – өзім туған босағам,» - деген жолдарда Қ.Аманжолов қолданған көркемдік құрал(Метонимия)

Кейіптеу (олицетварение) – жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан иесіне ұқсатып,құлпырта суреттеу.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танамас тірі жанды.(Абай)

  • «Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,

Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай,

Азалы ақ көрпесін сілке таста,

Жер күлімдер өзіне беріп шырай,»(Абай) - деген өлең шумақғындағы құбылтудың түрі(Кейіптеу)

  • Кейіптеудің анықтамасы:(Жансыз табиғат құбылыстарын кәдімгі тірі адам бейнесінде бейнелеу)

  • «Шырайды қайғы жасырмай,

Күлкінің ерні кезермес,» - деген Абай өлеңіндегі асты сызылған сөздер:(Кейіптеу)

  • Кәрі Каспий қара көк көзін ашты,

Жылы сөзбен Терекке амандасты.(Абай-Лермонтов) – деген жолдарда ақын қолданған тәсіл:(Кейіптеу)

  • Жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адам бейнесінде бейнелеу:(Кейіптеу)

  • Үзіндіде суреттеудің қандай тәсілі қолданылғанын табыңыз.

Күлімдеп көктің жүзі, көңілі шат,

Жауһардай күн шығар деп бізге балқып...

Күй билеп суда тұрған барлық қамыс,

  • Ән салды домбырамен құстың шуы.(Кейіптеу)

Үзінді қандай көркемдегіш тәсіл арқылы жасалып тұрғанын анықтаңыз.

…Ауырып домбыра да ыңырады,

Санасыз саусақ қағып,Қыдырады.

Бірде ысып,бірде суып, күйіп-жанып,

  • Жүректе сандыраған күй жынданды.(Ш.Жансүгіров)(Кейіптеу)

Жұлдыздар түнде тұрған қарауылға,

Көз ілді ұйқы жеңіп балбыраған.Троптың түрі:(Кейіптеу)

  • Мөлдіреген Жетімкөл көкке қарап,

Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр.(М.Мақатаев)Троптың түрі: (Кейіптеу)

Аллегория (пернелеу) – жан-жануарларға адам мінез- құлқының сипаттарын беру.Түлкі-қу,қой – момын,қоян-қорқан т.б.

  • Астарлы меңзеу арқылы берілетін көркемдегіш құрал атауы: (Аллегория)

  • Аллегорияның мағынасы: (Астарлы меңзеу)

Символ (астарлау)- әдебиетте ойды астарлап, басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне.Мысалы:көгершін-бейбітшілік символы.

  • Бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге немесе құбылысқа құпия келіп,жасыра жарастырып,бүкпелей бейнелеу,тартымды тұспалмен түсіндіру қандай көркемдегіш тәсіл болып табылады?(Символ)

  • Екі ұғымның жақындығына қарай, ұқсастығына қарай бір сөздің орнына екінші сөзді ауыстырып қолдану тәсілі: (Символ)

  • Символдың мағынасы: (Ойды ашық айтпай, астарлап,тартымды тұспалмен мүсіндіру)

  • Символ термині алынған тіл : (Грек)

  • «Отырмын теңіз бойында ,

Ойнайды дауыл ойымда,»- деген тармақтарда кездесетін құбылтудың түрі: (Символ)

  • «Ай мүйізді қошқардың,

Бөрі тартар қоңынан,»- деген «Қыз Жібек»жырынан алынған жолдардағы көркемдік құрал: (Астарлау)

Синекдоха (мегзеу) – бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді қолдану.Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жайылады.(Мақал)

  • Бүтіннің орнына бөлшекті немесе бөлшектің орнына бүтінді қолдану қалай аталады? (Мегзеу)

  • Сорлы қазақ сол үшін,Алты бақан ала ауыз…Троптың түрі : (Синекдоха)

Сарказм (шенеу,мысқыл) – ащы мысқыл,кекесін, келеке; гректің «шымшып тарту» деген сөзінен шыққан.Сөзбен түйреу, етке тіс батырут.б. мағына береді.

  • Кісі емес ел намысын ұққандай-ақ,

Ербиіп елсіз тауға шыққандай…

Жиенқұл күжірейіп келер ме екен,

Он мата арқасына тыққандай-ақ.

«Біржан-Сара» айтысындағы Жиенқұл сипаттамасындағы көркемдік тәсіл: (Сарказм)

Ирония (кекесін) – сөздерді қарама-қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдану, сырттай жақсы баға берсе де, астарлап келекелеу,әжуалдау.

Қайтсін қолы тимепті,

Өлеңші, әнші, есіл ер.

Ала жаздай ән салсаң,

Селкілде де биллей бер.(Абай)

  • Сатираның негізгі белгісі: (Өмірдің жағымсыз жақтарын күлкі ете,мысқылдай суреттеу)

  • Иронияға тән ерекшелік: (Келемеждеу)

  • «Ирония» термині қай тілден алынған?(Грек)

«Ирония» термині білдіретін ұғым: (Кекесін мағынасында)

  • Сөздерді қарама-қарсымағынада- кекесін мағынасында астарлы келекеге негіздеп қолдану тәсілі: (Ирония)

  • Көрінсін Біржан салға ай секілді:

Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді.

Ұсынса қол жетпейтін арғымағым,

Біржанға баламайтын тай секілді. Осы шумақта қолданылған көркемдегіш құрал: (Ирония)

  • «Суреттер және көрдім жүзі жарқын,

Ойладым: «Оңдырған –ау баққан халқын!» - деген жолдардағы көркемдеу тәсілінің түрі: (Ирония)

  • Сөздерді қарама-қарсы, кекесін мағынасында қолдану: (Ирония)

  • Әсірелеу(гипербола) – суреттелетін затты немесе құбылысты шамадан тыс асырып айту арқылы тілдің бейнелілігін, әсерлілігін ,арттыратын көркемдік тәсілдің бір түрі.

  • «Сонда Бурыл гуледі,

Табаны жерге тимеді:

Көлденең жатқан көк тасты,

Тіктен тиген тұяғы

Саз балшықтай иледі,»(«Қобыланды батыр») – деген жыр үзіндісіндегі көркемдік тәсіл: (Гипербола(әсірелеу)

  • Құбылысты шамадан тыс асыра суреттеу: (Гипербола)

  • «Көп түкірсе - көл.»Әдеби –теориялық ұғым: (Әсірелеу)

  • «От орнындай тұяқтым,

Омыртқан бар отаудау.

Шықшытыңа болайын

Орлып жатқан түбектей..».Осында қолданылған көркемдік тәсіл: (Гипербола)

  • «Балдырғаны білектей,

Баттауығы жүректей,

Ондай қоныс маған жоқ,» - деген үзіндіде Махабмет ақын қолданған тәсіл: (Әсірелеу)

  • «Балығы тайдай тулаған ,

Бақасы қойдай шулаған,» - тармақтарындағы құбылтудың түрі: (Әсірелеу)

  • «Аққан жасы сел болған,

Етегі толып, көл болған,» - деген өлең жолдарындакездесетін көркемдегіш тәсіл: (Әсірелеу)

  • Құбылтудың түрі:

Төлеген тұрды кете алмай,

Көзінен жасы төгіліп. (Әсірелеу)

  • «Жеті жаста садақ тартты,

Атқан оғы тасты уатты,

Жай оғынан кейін емес.

Темірден де өткізеді,

Күндік жерге жеткізеді...» (Ә.Тәжібаев»Толағай») Өлеңде кездесетін көркемдегіш сөз: (Гипербола)

  • Литота – затты кішірейте, құлдырата суреттеу.

Литота ойды бейнелейді. (Құбылысты мүлде құлдырата, кішірейте суреттеу)

  • Телегей теңіз шалқыған,

Қоғалы көлдер суалған,

Тізеге жетер-жетпес күн болған,- деген жолдардағы Махамбет қолданған көркемдік тәсіл: (Литота)

  • «Ер Тарғын» жырында:

«От орнындай тұяқтан

Ойнамақтай-ақ қалыпты,

Етектейін еріннен

Екі елісі қалыпты,» - деген шумақта жыршы қолданған тәсіл: (Литота)

Гротеск (өсіру, ұлғайту) – әдеби шығарма ішіндегі оқиғаны шамадан тыс асыра, әсірелей айту.

Табу – көне дәстүр, наным бойынша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап аталған сөз.Мысалы,жай түсу – жасыл түсті,Қасқыр- ұлыма т.б.

Эвфемизм – мағынасы тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып қолданылатын сөз.Мысалы,мылжың – сөзуарлау, өлді- дүние салды, бақиға аттанды, көз жұмды.

Айшықтаудың (фигура) түрлері:

Арнау:

  • Жарлай арнау

  • Сұрай арнау

  • Зарлай арнау

Қайталау:

  • Жай қатару

  • Еспе қайтару

  • Анафора (әдепті қайталау)

  • Эпифора (кезекті қайталау)

Антитеза (шендестіру)

Градация (дамыту)

Параллелизм (егіздеу)

Эллипсис (сөз тастап кету)

Инверсия (сөз орнын ауыстыру)

Арнау – айшықтаудың бір түрі.

Жарлай арнау – ақынның жеке адамға емес, жалпы жұртқа жария кеңесуі.

Қалың елім,қазағым,қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. (Абай)

Сұрай арнау – ақын өз ойын сан-салалы сауал арқылы айтып жеткізеді де, өзі сол сауалдарға жауап күтеді.

Ақ қағазды қаралап,

Қалам неге ойнайды?

Ақын неге қайғырып,

Терең ойға бойлайды? (Әлі Есмамбетов)

Зарлай арнау – мұң, зар түрінде айтылады.

Алатауды айналсам,

Алғадайды табам ба?

Сарыарқаны шарласам,

Саңлағымды табам ба? (Жамбыл)

Қайталау – белгілі бір айтар ойды күшейте түсу үшін, бір сөзді не сөйлемді бірнеше рет қайталау.

  • Қайталаудың түрлері: (Анафора және эпифора)

«Күншілдер өледі,

Көңілін от қарып;

Батырлар өледі,

Борышын атқарып;

Бұзықтар өледі,

Пышаққа құлшынып,» - деген үзіндіде қолданылып тұрған тәсіл: (Қайталау)

  • «Күндердің күні болғанда,Күн жеткенде,ай артынан ай,жыл артынан жыл өтіп, темір етік теңгедей,темір таяқ тебенбей болып,өлдім-талдым,өштім-жандым...»Көркемдегішқұралдың түрі: (Қайталау)

Жай қайталау – өлең тармақтарындабір сөздің әр жолда қайталануы.

Мұнар да мұнар, мұнар күн,

Бұлттан шыққан шұбар күн. (Махамбет)

Еспе қайталау – алдыңғы тіркестің аяғының келесі тіркестің басында қайталануы.

Сыр сандықты ашып қара,

Ашып қара, сырласым. (С.Сейфуллин)

Анафора (әдепкі қайталау) – өлеңдегі әр жол немесе әр тармақтың ылғи бір сөзбен басталып, қайталана беруі.

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел,жел ұмытпас. (М.Жұмабаев)

  • Алғашқы сөздің қайталану түрі:

«Жара бір қатты, жан тәтті,

Жара аузынақан қатты.

Жағдайсыз қалып барамын,

Жанымда бір туғанның жоғынан.» (Анафора)

  • «Ұйқыдан соң-

Жаңбыр шайып жаңарған.

  • Ұйқыдан соң-

Көк айдынмын,

Мөлдіреген шайқалып,» - деген тармақтарда қайталаудың қай түрі бар? (Анафора)

  • Үзіндідегі қайталаудың түрін ажыратыңыз.

Хантәңірі – бұлт жамылып, мұз киген

Хантәңірі – көкті құшып,бұлт сүйген.

Хантәңірі – жерге басын имеген.(Әдепкі қайталау(анафора)

  • Алтайдың арғы беті,бергі беті,

Алтайдың біз тұрған жер ызғар шеті...

Ағажай Алтайдай жер қайды-ай,Ағажай,Алтайдай ел қайда-ай!- деегн жолдарда қайталаудың қандай түрі қолданылған? (Анафора)

  • Фигура түрін анықтаңыз:

Біз қиғаш үшін қырылдық,

Біз Тептер үшін тебістік,

Біз таразы сайлап оқ аттық, (Қайталау)

  • Фигураның түрі:

Жөнелді қалмақ жөнелді,

Шеңбер тартып келеді. (Қайталау)

  • Үзіндідегі қайталау түрі:

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба». (Жай қайталау)

Эпифора (кезекті қайталау) - өлеңдегі әр жол немесе әр тармақтың ылғи бір сөзбен аяқталып, қайталана беруі.

Күншілдер өледі,

Көңілін от қарып.

Батырлар өледі,

Міндетін атқарып (Қ.Мырза Әли)

  • Шумақтың әсерлілігін кушейту мақсатындағы соңғы сөздің қайталану түрі:

(Алты құлаш ақ найза,

Ұсынып шаншар күн қайда?

Садақ толған сайгез оқ

Созып тартар күн қайда?» (Эпифора)

Антитеза (шендестіру) – кереғар екі затты не құбылысты қатар қоя отырып, келесі бір заттың, ұғымның, құбылыстың сипатын аңғартатын айшықтаудын бір түрі.

  • «Біреу тойып секіреді,біреу тоңып секіреді.» - деген мақалдағы қолданылған тәсіл : (Шендестіру)

  • «Қар-аппақ, бүркіт-қара, түлкі-қызыл.

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға» тармақтарында құбылтудың қолданылған түрі: (Шендестіру)

  • Ақжүністің бет-ажарын, тән сұлулығын:

«Қара жерге қар жауар,

Қарды көр де, етім көр,

Қар үстіне қан тамар,

Қанды көр де,бетім көр,» - деп суреттеуду қоданылған тәсіл: (Антитеза)

...Сен жер болдыі, нөсер болып төгілсем,

Шұғыласың, қара бұлт боп көрінсе.

Мен-түн болсам,Сен таң болдың жаңа атқан,

Мені-қола,сені-шойын жаратқан.Өлең үзіндісіндегі фигураның түрі: (Антитеза)

«Көзі жұмыртқа-арзан,

Көзі ашыққа-маржан».Қолданылған көркемдік бейнелеудің түрі: (Антитеза)

Градация (дамыту) – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды. Алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра,асқақтата түсу (түйдектету, баяулату болып бөлінуі.)

Бұлттан шыққан шұбар күн,

Буыршын мұзға тайған күн,

Бура атнға шөккен күн... (Махамбет)

Градация (Дамыту) латын тілінен аударғанда қандай ұғымды білдіреді? (Бірден-бірге астылып күшейту)

  • Параллелизм (егіздеу) немесе синтаксистік параллелизм – екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алып бейнелеу тәсілі.

Асыл туған Ақжүніс, Бойды байқап қарасам –

Күнді байқап қарасам - Қол-аяғым көсіліп

Күнді бұлт қоршайды Аузы-мұрным ісініп,

Күн жауарға ұқсайды. Алланың хақ бұйрығы

Айды бұлт қоршайды Маған таяғаңға ұқсайды

Айды басқап қарасам - («Ер Тарғын»)

Түн жауарға ұқсайды.

Парллелизм деген ұғымның мәні: (Екі нәрсені қатарластыра алып бейнелеу тәсілі)

  • Тура әділдік биде жоқ,

Бәрін айт та,бірін айт,

Қаумалаған қарындас,

Қазақта бар да,менде жоқ.Үзінді авторы мен өлең жолдарындағы көркемдік тәсіл: (Махамбет,синтаксистік параллелизм)

«Сағындың ба,Қарақұм,

Сарыарқадан жаңбыр болып келейін,»- шумағын айшықтаудың қай түріне мысал боалды? (Параллелизм)

  • «Неге маған жырламасқа,

Сырда туған елімді.

Ел анасы-менің анам,

Сырдыңсұлу өзені,»-деген өлең шумағында Ә.Тәжібаев қандай көркемдегіш тәсіл қолданған ?(параллелизм)

Эллипсис (Сөз тастап кету)

Инверсия (сөз орнын ауыстыру)

  • Сөздің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құратын түрі: (Инверсия)

Жөнелді қолмақ, жөнелді,

Шеңбер тартып келеді. Фигура түрі (Инверсия)

Сен құрметтте оны

Түсіндің бе, қарағым?!

Ол ақшағасатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын. Әбу Сәрсенбаевтың өлеңінен берілген үзінді айшықтаудың қай түрі? (Инверсия)

Жанр – француз тілінен аударғанда «түр»,»тек» ұғымдарын береді.Ол әдебиетті ң мазмұндық, құрылымдық, пішіндік т.б. белгілері ортақ, бір түрі деген ұғымда қолданылады.Жанр эпос,лирика,драма болып үш топқа бөлінеді.

Әдебиеттің тектері: (Драма,проза ,поззия)

1.Эпос – көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі,дәлірек айтқанда өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақта танытатын іргелі,күрделі жанр.

А)Шағын көлемді эпикалық жанрлар: миф, аңыз, ертегі мысал әңгіме, новелла эссе, очерк, фельетон ,памфлет. Миф табиғат құбылыстарын, дам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял-ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейді.Ең алған Грекия мен Римде пайда болған.

Мысал – аңдар,хайуанаттар,өсімдіктер іс-әрекеті,мінезі арқылы адам бойындағы мінді,кемшілікті тұспалдап, әжуа-кілкі ететін шағын көлемді, оқиғалы,адамға сабақ боларлық тағылымды шығарма.

(Таным дерек:Мысал аудару Ыбырай, Абай тәжірбиесінен басталады.Бір мысалдың өзі әрқайсысының аудармасына ілікті.Бұл әдебиетте нәзирагөйлік тәсіл деп аталады.А.Байтұрсынов Крыловтан аударса,Крыловтың өзі грек мысалшысы Эзооптан,Рим мысалшысы Федрдан вударған.Ғалымдардың пікірінше,Крыловтың 33 туындысы аударма екен.)

Мысал ұғымына сәйкес келетін жауап: (Шағын көлемді, оқиғалы,адамға сабақ болатын өсиеті бар, аллегориялық тәсілмен жазылған шығарма)

Әңгіме – оқиғаны баяндап айтуға негізделген, қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма.Әңгімеде әдетте бас-аяғы жинақы,тиянақты бір оқиға айтылады. Онда аса маңызды деген қысқа оқиға суреттеледі.КЕйіпкерлері көп болмайды,сюжет желісі бір арналы ширақ келіп,тақырыбымен идеясы айқын болады.Қазақ әдебиетінде балаларға арнап тұңғыш әңгімелер жазған – Ы.Алтынсарин.

Новелла- қара сөзбен жазылған шағын ғана прозалық шығарма,кейде өлеңмен жазылады.Оқиғасы қызу, ширақ дамып,күтпеген жерден кілт,тосын шешіммен аяқталатын әңгіме .Новелланың әңгімеден айырмашылығы онда әдеттен тыс,өзгеше жағдай,ғажайып оқиға баяндалады.

Оқиғасы қызу,ширақ дамып,күтпеген жерден кілт,тосын шешіммен аяқталатын әңгіме: (Новелла)
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35


написать администратору сайта