көк кітап. КӨК КІТАП ӘДЕБИЕТ (3). 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар
Скачать 436.29 Kb.
|
Шетел әдебиеті Әбілхасан Рудакидің туған жері: (Тәжікстан, 858-941ж.) Рудаки өмірінің 40 жылын Бұхар сарайында өткізгендігінің себебі: (Би ақын боп тұрған.) Парсы поэзиясының атасы саналған Рудакиден мұраға қалған өлең жолы: (2000) «Ақылды туған кісінің ақымақ болса баласы, Ақылдымын деп айтуға келе бермес шамасы.» Өлеңі осылай екі жолдан құралып отыратын автор: (Ә.Рудаки) Рудаки «Өмір маған ақыл айтты» өлеңінің соңындағы түйіні: (Қанағат көр басыңдағы бағыңды) Рудаки шығармасы: ( Егіз жолдар) Рубаилары әлем поэзиясының өшпес жұлдыздарының бірінен саналатын ақын: (Омар Һәйәм, 1040-1123ж.) Омар һәйәмді әлем жұртшылығы: (Математика, философ, ақын деп бағалайды) Омар Һәйәм шығармасы: ( Рубаилар) Көбінесе философиялық мәнде келетін төрт тармақты өлең атауы: (Рубаилар) Дағыстан халқының ақыны: (Расул Ғамзатов, 1923-2003ж.) «Менің Дағыстаным» кітабінің авторы: (Р. Ғамзатов) «Менің таулықтарым! Өздеріңнің жалаң жабайы жартастарыңды сүйіңдер» деген жолдардың авторы: (Р.Ғамзатов) Парижде болғанда дағыстандық суретшіні көргенін, қартайған суретшінің суреттерінде туған елге деген сағыныш тұнып тұрғанын әсерлі жазған қаламгер: (Р.Ғамзатов) Адамның екі көзі, екі құлағы балғанда, тіл неге біреу-ақ? Мәселе мынада ғой: жалғыз тіл ләм дегенше, екі көз көріп, екі құлақ тыңдап алуға тиіс.» Осы үзінді алынған Р. Ғамзатовтың шығармасы: («Менің Дағыстаным») Р. Ғамзатовтың «Менің Дағыстанымда» ананың алыстағы тірі ұлын өлді деп есептеу себебі: (Ана үйреткен өзінің туған тілін ұмытқандықтан) «...Егер тілім ертең болса құрымақ, Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ,»- деген ақын: (Расул Ғамзатов) Р. Ғамзатов «Ана тілі» өлеңінде жасайтын түйін: (Өзі өлгенде қабірінің тек туған жерде қазылуын тілейді) «Қымбат маған елімнің бар даласы- Балтық пенен Сахалиннің арасы. Қайда болсын қиям оған жанымды, Туған жерден қазсын бірақ қабірді.»Үзінді қай ақынның өлеңінен? (Р.Ғамзатов) М.Әуезов пен Р. Ғамзатов арасындағы байланыс: (Рухани байланыс) М.Әуезов: «тілің күмбірлеп жатқан тастардың үніне ұқсайды,» -деп айтқан:(Р.Ғамзатовқа) Шыңғыс Айтматовтың ұлты: (Қырғыз) «М.Әуезов маған әкемдей қамқор болған кісі,»- деген пікірдің иесі: (Шыңғыс Айтматов, 1928-2008 ж.) Ш.Айтматовтың алғашқы шығармаларының бірі: («Жәмила») «Ақ кеме» кімнің туындысы? (Ш.Айтматов) Ш. Айтматовтың туындысы: («Боранды бекет», «Жан пида») Найман-Ана аңызы Ш.Айтматовтың қай туындысында? (Боранды бекет») Найман-Ана аңызындағы оқиға өтетін жер: (Сарыөзекте) Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы Найман-Ананың үміт артар жолдасы: (Ақ інген) Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы мазар орналасқан жер: (Сарыөзек) «Боранды бекет» романындағы мазардың аты: (Ана-Бейбіт) Мәңгүрт- Ш. Айтматовтың қай шығармасының өзекті кейіпкері (Боранды бекет) Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы Найман-Ананы атқан адам: (мәңгүрт) Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы мәңгүрттің шын аты: (Жоламан) Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы мәңгүрттің әкесінің есімі: (Дөненбай) Ш.Айтматовтың «Кездесу» әңгімесінде ұрыларды іздеу кезінде балаға кездескен: (Бейтаныс шал) Ш.Айтматовтың «Ерте келген тырналар» хикаятында «Тырнаның ерте қайтқаны жақсы ырым, биыл егін бітік шығады екен!»- деген жолдарды айтқан кейіпкер: (Сұлтанмұрат) «Ерте келген тырналар» хикаятындағы Іңкамал апайдың мамандығы: (Мұғалім) Ш.Айтматовтың «Ерте қайтқан тырналар» хикаятындағы балалардан құрылған десанттың командирі: (Сұлтанмұрат) Қ. Мұқаметжанов бірігіп пьеса жазған жазушы: (Ш. Айтматов) Ш. Айтматовпен бірігіп пьеса жазған драматург: (Қ.Мұқаметжанов «Көктөбедегі кездесу») Жамбыл өлең арнаған Украина ақыны: (Тарас Шевченко) Украина әдебиетінің өкілдері: ( П. Тычина, М. Бажан, М. Рыльский) «Моабит дәптері» деген өлеңдер жинағының авторы: (Мұса Жәлел (1906-1944) Мұса Жәлел өлеңдерінің жалпы саны: (200) Ж.Молдағалиевтің «Жыр туралы жыр» поэмасының кейіпкері: (Жас ақын Мұса Жәлел) Ж.Молдағалиевтің «Жыр туралы жыр» поэмасына арқау болған тақырып: (Театр халқының ақыны Мұса Жәлел фашистер тұтқынындағы тағдыры) Абай мен М. Әуезовтің шығармашылығына үндес өзбек әдебиетінің өкілдері: (Науаи, Айбек) Ал Ривера өзінің не үшін, кімдер үшін төбелесетінін терең түсінеді. Оның көз алдына бір сәт елінің аянышты тұрмысы, жанары ыза-кекке толы бейнесі ап-айқын елестеп кетті. Шығарманың авторы, атауы және кейіпкердің қарсыласы: (Джек Лондон, «Мексика ұлы», Дэнни) ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ Өнер түрлері -сәулет өнері (архитектура) -әуез өнері(музыка) -кескін өнері (живопись) -сөз өнері (әдебиет) -мүсін өнері (скульптура) Әдебиеттану салалары: -Әдебиет теориясы -Әдебиет тарихы -Әдебиет сыны Әдебиеттану-филология ғылымының бір саласы.Көркем әдебиеттің түп төркінін, мән-маңызы мендаму үдірісін,сөздік-бейнелілік ойлау ерекшеліктерін, көркем шығармашылықтың табиғаты мен қызметін,әдеби мәтіндегі күллі көркемдік компоненттерді зерттейтін ғылым. Салалары: Әдебиет теориасы-әдебиеттің қоғамдық өмірмен байланысын ашатын идеялық, танымдық, ұлттық және жалпыадамзаттық сипаттарына назар аударып, көркем шығарманың құрылымы менбітімін, мазмұны мен түрін, көркемдігі мен бейнелілігін, көркемдік әдіс пен жанрлар табиғатын зерттейді. Әдебиет тарихы-әдеби даму үрдісі арқылы әр алуан әдеби құбылыстардың әдебиет дамудағы маңызы мен мәнін айқындайды, қаламгер шығармашылығын қарастырады Әдебиет сыны-көркем туындыныжәне онда бейнеленген шындықты талдап, бағалауға негізделген сала. Ажарлаудың түрлері: Эпитет; Ассонанс; Теңеу; Аллитерация Эпитет (айқындау)- заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын айқындайтын, анықтайтын сөз. Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.(Абай) Белгілі бір құбылысты көз алдына елестету үшін бейнелеп айтылатын сөз: (Эпитет) «Қас батырдан қорқақ туады, Қас шеберден шорқақ туады, Қас жорғадан жортақ туады,»- деген үзіндідегі бағалай сөйлеудің жасалу жолы:(Тура мағыналы сөздерден туындаған) «Қылшанымды сары жүн аққа толтырып Жанға сақтау болған жұрт...» (Қазтуған жырау)-деген үзінді: (Эпитет) «Ақ дария толқын күшейтер, Құйрығын күн шалмаған балығым. Ортамнан ойран салар деп,» -деген Қазтуғаннның өлеңінде кездесетін көркемдегіш тәсіл: (Эпитет) Балдағы алтын құрыш болат, Ашылып шапсам деп тартар, Сусыным қанға қанар деп. (қазтуған жырау) Үзіндіде кездесетін көркемдегіш құрал (эпитет) Абай ойлап тапқан фразеологизмдер (Нұрлы ақыл,ылаң ой,саңырау қайғы,ызалы жүрек) Абайдың «шоқпардай» «бүркітей» деген екі теңеуден басқа түгел эпитеттер арқылы өрнектелген өлеңі(«Аттың сыны») «Ызалы жүрек,долы қол, Улы сия,ащы тіл» Абайдың осы өлең жолдарындағы көркемдегіш құрал; (эпитет) «Қолыма от сиялы қалам алдым,»- дегендегі көркемдеу тәсілі(эпитет) «Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың жаны терең сай Тасыған өзен гүрілдеп,»- деген Абай өлеңіндегі эпитеттер:(Жарық ай,терең сай) «Піскен алма секілді тәтті қызды»-деген (Эпитет) Алтын күнді, қара жерді сағындым, Асау тайдай еркелетіп өсірген Ағайынды,туған елді сағындым (Мағжан Жұмабаев «Сағындым) Бер) Берлген үзіндідегі көркемдік тәсілдер:(Эпитет,теңеу) Жасық адам Жасына жетпей қартаяр Асыл адам Жасына жетпей марқаяр Мақалдағы асты сызылған көркемдік әдісі:(Эпитет) Аллитерация- шығармадағы біркелкі дауыссыз дыбыстардың қайталануы Жайнаған туың жығылмай, Жасқанып жаудан тығылмай, Жасаулы жаудан бұрылмай, Жау жүрек жомарт құбылмай (Абай) «Аллитерация» термині:(Латын сөзі) : Латынт т) : Латынт тіліненен алынған «Аллитерация» терминінің мағынасы (Дыбыстас) Аллитерация сөзінің анықтамасы.: (Өлең сөздерінің басқы дыбыстарының біркелкі дауыссыз боп қайталануы) Жара бір қатты ,жан тәтті, Жара аузына қан қатты Жорықшылар жоқ па екен, Жармай білте соларға , Жағдайсыз жаман қалып барамын Жанымда бір туғанның жағынан! Досмаханбет жыраудын өлең жолдарындағы «Ж» Д Дыбысының қайталанып келуі:(Аллитерация) Күдеріден бау тағып Кіреуке киер кун кайда , Кумбір-кумбір кісінетін, Күреңді мінер кун қайда ,,-деген шумақ дыбыс қайталаудын кай түрі ! (Аллитерация ) «Таң ағарып атқан соң , Төңірек жаққа қарандық,,,-деген жолдағы көркемдікт тәсіл(Аллитератция «Солаң етіп жолыкса қайыткан ізі , Сағадан сымпың қағып із шалғанда»-деген жолдардағы көркемдегіш құрал.(Аллитерация) Абайдың 16 тармағы түгелдей « Ж»әріпінен басталатын өлеңі («Жайнаган туың жығылмай ,яғни аллитерация ) « Бөл –бөл ,бөбек ,бөл ,бөбек , Бөгелмей білім біл ,бөбек, Білмесең білім бекерсін , Бет алдында кетерсін .» Бұл шумактағы дыбыс үндесу тәсілі .(Аллитератция ) «Сұлу –сұлу емес, сүйген –сұлу »-деген жолдағы көркемдік тәсіл , (Аллитерация) Қалың кыргыз ішінде Қадірі артық қария Қайырла тұрып сәл тоқтап , Қынжыма айткан сөзі бұл ..... Берілген үзіндідегі көркемдік тәсіл, ( Аллитератция ) Жаман атқа жал бітсе Жанына торсық байталас . Жаман адамға мал бітсе , Жанына қоңсы қондырмас . Үзіндідегі көркемдік тәсіл. (Аллитератция) Ассонанс – өлең жолдарынындагы біркелкі дауысты дыбыстардың қайталауы . Еңсесі биік ақ орда Еңкейып салем бер сана. Ернеулі жұқа сары аяк , Ер сарқыты бер сана .(«Ер едігі» Ассонанс дегеніміз; (Шумақтың басқы дыбыстарының бірдей дауыстыдан басталуы) Өлеңдегі жаңа жолдың басқы бірінші дыбыстарының біркелкі дауысты болып қайталанып айтылуын анықтайтын термин; (Ассонанс) Біріңғай дауысты дыбыстардың қайталануы; (Ассонанс) Арынды менің Ақсуым Арқырап әлі ағасың Ақиланған ашумен Ақтарды асқар сабасын.Үзіндідегі; (Ассонанс) Дыбыс үндестігіне құрылған «Ойыл деген ойыңды Отын тапсаң тойыңды … Елбең-елбең жүгірген, Ебелең отқа семірген»,-деген шумақ дыбыс қайталаудың қай түрі? (Ассонанс) Теңеу – құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі.Ай мүйізі шақпақтай,Шүйделері тоқпақтай. (Шопан Атаға) Зат құбылысты басқа зат,құбылыспен салыстыра суреттеу (Теңеу) -дай,-дей жұрнағы арқылы жасалатын көркемдік-стилистикалық құрал (Теңеу) Туған айдай екі қасы, Ақ тістері – ақ меруерттей. Қос жұлдыздай көз жанары, Қос бетінің тамып қаны Жалындайды жанған өрттей.Берілген үзіндіде асты сызылған сөзздер троптың қай түрі? (Теңеу) Ботташығы бұзаудай, Боз сазаны тоқтыдай, Барлығы тайдай тулаған. Үзіндідегі асты сызылған сөздер (теңеу) Омырауы даладай , Әлпетіне қараса, Тамнан соққан моладай… (Ер Тарғын ). Қолданылған бейнелеуіш сөз (Теңеу) Доспамбет жырау толғауындағы Туған айдай нұрланып, Дулыға кидім,өкінбен…- деген жолдарда қолданылған көркемдік тәсіл (Теңеу) Жатқан жер ідаладай Екі өркеші даладай,- деген Үмбетейдің өлеңдегі көркемдегіш құрал (Теңеу) Түбіттей түтіп бұлтыңды (Теңеу) Піскен алма секілді тәтті қызды (Теңеу) Қымыздай балға ашытқан тәттә қызға, Жігіттер, бәріңіз де, сұқтанарсыз… - деген І.Жансүгіровтің өлеңіндегі көркемдегіш құрал (Теңеу) Шұғыла шалғын кешкі бұлттай, Толқын шашты оттар ойнар. Теңеуді табыңыз (Бұлттай) Түсіне қарасаң күндей, Ісіне қарасаң түндей мақалында қолданылған көркемдік тәсіл(Теңеу) Аласыз қарасаң көзі айнадайын - деген жолдағы Абай қолданған тіл айшығы (Теңеу) Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады, Жеке батыр шыққандай қан майданға, - деген өлең жолында Абай пайдаланған көркемдегіш тәсіл(Теңеу) Толқын мен толқын сырласып, Сырларын еппен ұрласып, Толқынға толқын еркелеп… Жыланда йжүзге бұралып, Жарға жетер өкшелеп.Үзіндідегі тілдің бейнелілігін, әсерлілігін арттыратын көркемдегіш тәсілдер Кейіптеу,Теңеу Абайдың әнді сүйсең,менше сүй деегн өлең тармағындағы кездесетін көркемдегіш тәсіл (Теңеудің сирек пайдаланылатын түрі) Мойыным Сұңғағындай жүзген қудың, Лебізім шырынындай шәрбат судың. Қолданылған бейнелеуіш сөз( Теңеу) Құбылтудың (троп) түрлері Метафора (ауыстыру) Ирония (кекесін) Метонимия (алмастыру) Әсірелеуг(ипербола) Аллегория (пернелеу Литота Кейіптеу (олицетворение) Гротеск (Ұлғайту) Символ (астарлау) Табу Синекдоха (мегзеу) Эвфемизм Сарказм (шенеу мысқыл) Метафора-(ауыстыру)- екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жанастырып жақындату негізінде жасалған астарлы ,тың мағына беретін бейнелі сөз немесе сөз тіркесі.Мысалы жастық оты, жүректің көзі т.б.(Абай). Ақын-жел,есер,гүлер жүйрік желдей , Ақын- от, лаулап жанар аспанға өрлей. Қиялы, жан,жүрегі ойнаған от, Ақынды аласұртар, тыныштық бермей. (М.Жұмабаев) Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет тәсіл- құбылту,яки троп,- деген пікірдің авторы (З.Қабдолов) Әдеби тілдегі құбылтудың бір түрі (Метафора) Метафора термині қай тілден алынған? (Грек) Метафораның ерекшелігі (Затты,құбылысты айқындау үшін ұқсас басқа затқа не құбылысқа балау. Екі нәрсені,құбылысты салыстыру және жанастырып жақындату негізінде астарлы тың мағын,а беретін бейнелі сөз (Метафора) Жастықтың оты, жүректің көзі, дүние есігі, өмірдің өрі деген мысалдар көркемдік тәсілдің қай түрі?( Метафора) Құладың құстың құлы еді, Тышқан жеп жүнін түледі, - деген жолдардағы Асан қайғының ойын жеткізу үшін қолданған көрккемдік құрал (Тұспалдап жеткізу) Сыртым- құрыш,жүзім болат, Тасқа салсаң, майрылман Ақтамбердіден алынған бұл өлең жолдарындағы астысызылған (Метафора) Сен-бұзау терісі шөпшіксің, Мен-өгіз терісі талыспын.- деген Бұхар жыраудың өлеңінде кездесетін көркемдегіш құрал (Метафора) Таудан мұнартып ұшқан тарланым , Саған ұсынсам қолым жетер ме? Арызым айтсам өтер ме? Арыстаным көп болды-ау ,(Махамбет)- деген жыр жолдарындағы метафоралар (Тарланым ,арыстаным ) Сәлем – борыш,сөз қулық болғанннан соң.(Абай)Көркем бейнелеудің түрі (Метафора) Күн күйеу, жер қалыңдық сағынышты , Құмары екеуінің сондай күшті , - деген Абай өлең жолдарындағы бейнелеу құралы (Метафора) Көздің жасы, жүректің қанымен , Ерітуге болмайды іштің мұзын.(Абай)Троптың түрі (Метафора) Сенсің – жан ләззаты, Сенсің- тән шарбаты . Иісің – гүл аңқыған, Нұрың –күн шалқыған ,шумағында колданылған құбылтудың түрі (Метафоралық эпитет) Ойым – у, өмірім- су, үмітім- бу, - деегн тіркесте Шәкәрім қолданған тәсіл (Метафора) Ақ иық мұзбалақпын жерге түспес, Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес. Көркем бейнелеудің түрі (Метафора) Шыңы – бұлт, екпіні- жел, аттар- қаңбақ І.Жаңсүгіров).Осы тармақта кездесетін тәсіл (метафора) Қабаққа біткен қайыңның Беріші еді, безі еді. Өтіндей-ақ аюдың Әкемнен қалған көзі еді.(І.Жансүгіров) Үзіндіде қолданылған бейнелеу тәсілі (Метафора) Бұлбұлмын , даусы көкте дамылдаған … Тұлпармын , топтан озған, тосырқаман…( І.Жансүгіров Әнші)Үзіндідегі көркемдегі құрал (Метафора) Сом тұяқ тасты жарар сермегенде, Жүйріктің жаны кірер терлегенде. Өлеңнен тоят іздеп түлеп ұшқан Қыранмын қанат қақпас өрлегенде , деген шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?(Шашубай Қошқарбайұлы айтысынан). (Метафора) Бүтін дүние жүзінде, Шөгіп жатқан мұнармын,(Сүйінбай)- деген тармақтағы құбылтудың түрі (Метафора) Ауыстыруды (метафораны)табыңыз. Қыр төсінде мөлдір айдын – ақ сынап, Жиегінде жасыл кірпік – жас құрақ.Ақ сынап жас құрақ.(Ақ сынап,жас құрақ) Метафораны табыңыз (Жел – тым тентек бір бала) Метафораны табыңыз (Дәулет- қызық,бала-бал) Сөзім – жаңбыр,даусым- дауыл,әнім- ескен, Ойнақтап басылайын аз желдетіп Троптың түрі (Метафора) Не сыйласын ,несін берсін ел маған? Тұрсақ екен елім де аман ,мен де аман. Таулар –менің таусылмайтын бақытым, Ал ырысым-ұлап-ғайып кең далам. Үзіндідегі асты сызылған сөздер құбылтудың қай түрі?(Метафора) Төмендегі мысалдардан метафораға тәні (Әйнегі-күн,шатыры-аспан) Исатай – ел еркесі, ел серкесі.Троптын түрі (Метафора) |