Главная страница

АИТ 2. 1. Синусті тахикардия бл жжж жоарылауы a минутына 60 рет


Скачать 163.7 Kb.
Название1. Синусті тахикардия бл жжж жоарылауы a минутына 60 рет
Дата21.12.2020
Размер163.7 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАИТ 2.docx
ТипДокументы
#162653
страница7 из 18
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18


C) ауыр дәрежедегі БА

D) status asthmaticus I сатысында

E) status asthmaticus III сатысында



219. Бронх демікпесі ауруындағы созылған тұншығу ұстамасында қандай маңызды шара қолданамыз?

A) ылғалды оттегі беру

B) вена ішілік эуфиллин енгізу

C) бета 2- агонисттің мөлшерін көбейту

+D) глюкокортикостероидтарды вена ішілік енгізу

E) ингаляционныхглюкокортикостероидтардың мөлшерін көбейту



220. Пациент Л., 44 ж, бронх демікпесі бойынша ингаляциялық глюкокортикостероидтар мен бронходилатациялық терапия қабылдайды. Ем жүргізілу тұсындабайқалады: симптомдар күнделікті, өршулер мен түнгі симптомдар жиі, физикалық күштеме айтарлықтай шектелген,ФТШК1 60% қалыпты жағдайдан, ТШПЖ >30%.



Глюкокортикостероидтардың таблеткалық түрлерін қандай схема бойынша қабылдау ұсынылады?

A) бірдей мөлшерлерде күніне 3 рет

B) бірдей мөлшерде таңертеңмен және кешке

+C) 2/3 мөлшерін таңертеңмен +1/3 мөлшерін түскі тамақтан кейін

D) 1/3 мөлшерін таңертеңмен +2/3 мөлшерін түскі тамақтан кейін

E) жоғарыда көрсетілген схемалардан кез келгенi



221. Пациент Б., 18 жаста, шағымдары: экспираторлы сипаттағы ентігу, олар кезеңді түрде ұстамалар түрде пайда болады. Диагнозды анықтау үшін бронхтар гиперреактивтілігіне қандай препаратпен бронхопровокациялық сынама жүргізіледі?

A) димедрол

+B) гистамин

C) преднизолон

D) эуфиллин

E) сальбутамол



222. Ер адам С., 28 жаста. Телімдік дәрігерде бронх демікпесі, жеңіл персистирлеуші (II дәрежелі) ағымда,жартылай бақыланатын (тұрақсыз ремиссия) диагнозымен диспансерлік есепте тұр. Бронходилатациялық ингаляциялық терапия және ингаляциялық глюкокортикостероид (ИГКС) - беклазон (беклометазон дипропионат) 250 мкг/доза 2 тыныс күніне 1 рет қабылдайды (тәул дозасы-500 мкг).

ИГКС нәтижесінде дамитын ауыз қуысының кандидозының профилактикасы үшін ұсынылады?

A) кезеңді түрде саңырауқұлаққа қарсы препараттар қабылдау

B) ауыз қуысын саңырауқұлаққа қарсы маймен өңдеу

C) ИГКС емінде профилактикалық үзілістер жасау

+D) ингаляциядан соң ауыз қуысын сумен немесе содалық ерітіндімен шаю

E)ауыз қуысын спирттік ерітіндімен кезеңді түрде өңдеу



223. Қандай клиникалық белгінің болуы созылмалы өкпе гипертензиясын жоққа шығарады?

А) рецидивті ТЭЛА

В) қарынша аралық перденің мүкістігі

С) митральды стеноз

+D) өкпе ісінуі

Е) біріншілік өкпелік гипертензия



224. 74 жастағы науқас дәрігерге төмендегідей шағымдармен келді: қою, жағымсыз иісті қақырықпен жөтел, екі апта ішінде салмағын жоғалту. Анамнезінде: он жылдан бері эпилептикалық ұстамамен ауырады. Сонғы ұстама екі апта бұрын болды. Рентгенограммада жоғары сегментте, сұйықтықпен толған қуыс. Диагноз қойыңыз?

А) өкпе туберкулезі

В)пневмония

+С) өкпе абсцессі

D) өкпе фиброзы

Е) бронхоэктаздық ауру



225. Дәрігерге 35 жастағы науқас жағымсыз, іріңді ауыз толтырып тастайтын қақырықты жөтелге, әлсіздікке, жұмысқа қабілетінің төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезінде : жастайынан жиі бронхитпен ауырғанын айтады. Қарап тексергенде саусақтары « барабан таяқшалары» сияқты, тырнақтары «сағат әйнегі» сияқты. Қандай диагноз қоясыз?

А) туберкулез

В) өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

+С) өкпе абсцесі

D) пневмония

Е) бронхоэктазды ауру



226. Дәрігерге 32 жасар науқас жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, терлегіштікке, кеудесінің оң жағындағы демалғанда күшейетін ауру сезіміне, дене қызуының 38-ге көтерілгеніне шағымданып келді. Анамнезінен 2 аптадан бері өзін ауру санайды. Қарап тексергенде:тыныс алу жиілігі -24-26/мин, пульс-100/мин. Кеуденің оң жақ бөлігі тыныс алу актісінен қалып отырады.Оң жақ жауырын асты аймағында перкуторлы дыбыс тұйықталған, дауыс дірілі әлсіреген. Аускультацияда оң жақ жауырын асты аймақта тынысы әлсіреген.жүрек шекаралары солға ығысқан. Қан талдауында: лейк-13,4х109/л, ЭТЖ-23мм/сағ. Болжама диагнозын анықтаңыз:

А) Өкпенің инфильтративті туберкулезі

В) пневмония

+С) экссудативті плеврит

D) Ателектаз

Е) спонтанды пневмоторакс



227. Ер адам 65 жаста .Физикалық жүктеме кезінде күшейетін ентігуге, шырышты-іріңді қиын бөлінетін қақаырықты жөтелге, соңғы 4 айда 5 кг-ға дейін салмақ жоғалтуына шағымданады. 40 жыл бойы тәулігіне бір жарым қорап сигарет шегеді. Қарап тексергенде: мойын, беті ісінген, ерін цианозы. Пульс-106/мин. АҚ 160/90 мм.сын.бағ. Сол жақ бұғанаүстілік лимфа түйіндері тығыз, пальпацияланады. ЭТЖ 65 мм/сағ. Болжама диагнозы :

А) Кушинг ауруы

+В) Өкпе рагы

С) ӨCOА

D) Өкпе туберкулезі

Е) созылмалы катаральды бронхит



228. Ер адам 48 жаста, шағымдары: ентігу, қақырықпен жөқтел, кеуде тұсында ауыру сезімі. Объективті: дене температурасы 39,80С, тыныс алу жиілігі 34 рет минутына.Өкпенің оң жағында IV қабырға аралықтан төмен дыбыстың тұйықталуы байқалады, аускультативті ұсақ көпіршікті сырылдар. Рентгенограммада: оң жақта S6, S9 сегменттерде диаметрі 3 см болатын сұйықтығы бар дөңгелек формалы екі қуыс бар. Қанның жалпы анализі: лейкоциттер 18х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ.

Көрсетілген микроорганизмдердің қайсысы осы аурудың қоздырғышы болуы мүмкін?

+А) Staphylococcus aureus

В) Steptococcus pneumoniae

С) Klebsiella pneumoniae

D) Micoplasmapneumoniae

Е) Haemophilusinfluenzae



229. Созылмалы өкпелі жүректің мына сипаттамасына қайсысы сәйкес келеді: «кіші қан айналым шеңберінің қантамырлары зақымданғанда, васкулиттерде, өкпе артериясының тромбоэмболиясында»?

A) компенсирленген созылмалы өкпе текті жүрек

B) декомпенсирленген созылмалы өкпе текті жүрек

C) созылмалы өкпе текті жүректің бронхо өкпелік түрі

+D) созылмалы өкпе текті жүректің васкулярлы түрі

E) созылмалы өкпе текті жүректің торакодиафрагмальды түрі



230. Оң қарынша гипертрофиясын жоққа шығаратын клиникалық белгі:



А) Айқын әлсіздік, жүрек қағу, жүрек аймағындағы ауру сезімі

В) Жүректің сол жақ шекарасы бойындағы жүрек түрткісін (пульсациясын)

анықтау.

С) Эпигастрий аймағында пульсация және жүрек тондарының жақсы естілуі.

D) дем алғанда күшейетін семсертәрізді өсінді аймағындағы систолалық шудың

пайда болуы

+Е) екінші қабырға аралықта төстің оң жақ қырындағы систолалық шу және II тон акценті



231. Өкпе гипертензиясының клиникалық белгілеріне жатпайды?

А) ІІ қабырға аралықта қантамыр шоғырының енінің ұлғаюы

В) сол жақ ІІ қабырға аралықта ІІ тонның акценті

+С) кіндік айналасындағы кеңіген, жан жаққа тараған көктамырлар

D) өкпе артериясы маңында диастолалық шудың пайда болуы

Е) төс маңындағы веноздық тордың пайда болуы



232. 32 жасар әйел «ауыз толтырып» шығатын, қақырық көлемі кейде 130 мл тәулікке дейін болатын жөтелге шағымданады. Сонымен қатар әлсіздік, тез шаршағыштық, субфебрильді дене қызуы байқалады. Науқас 10 жыл бойы шылым шегеді. Көп мөлшердегі қақырық бөлінетін, жиі өршулері болатын бронхитпен бала кезінен ауырған. Соңғы жылда үш рет өкпенің бір сегментінде орналасқан пневмонияны басынан өткізген. Мүмкін болатын диагноз?

А) созылмалы бронхит

+В) бронхоэктаздық ауру

С) туберкулез

D) брохтың аденокарциномасы

Е) бронх обыры



233. Жедел дамыған жүрек демікпесінде қандай шаралар қажет?

A) симпатомиметик ингаляциясы

B) капотен тіл астына

C) көк тамырға фуросемид енгізу

D) эуфиллинді ішке қабылдау

E) анаприлинді ішке қабылдау



234. Өкпелік іріңдеуге аталған симптомдардың қайсысы тән:

А) жөтел

В) кеудедегі ауру сезімі

+С) қалтырау мен жоғары қызба

D) аз көлемді шырышты қақырық

Е) көбікті ал қызыл қақырық



235. Өкпе аурулары кезіндегі цианоздың себебі?

А) терінің ұсақ тамырларының тарылуы нәтижесі

В) қанайналымы баяулаған кезде тіндердің оттегіні көптеп жұтуының нәтижесі

С) көмірқышқыл газының қанда көбеюінен

D) терінің көк тамырлаының кеңеюі нәтижесі

+Е) кіші қанайналым шеңберінде жеткіліксіз артериализациясының нәтижесі



236. Созылмалы оң қарынша жетіспеушілігінің обьективті белгілеріне жатпайды?

А) цианоз

В) мойын көктамырларының ісінуі

С) ұма мен еркектердің жыныс мүшесінің ісінуі

D) қуыстарға су жиналу (асцит, гидроторакс, гидроперикардит)

+Е) өкпе ісінуі



237. Ер адам И., 56 жаста, бухгалтер. Аздаған жүктеме кезінде ентікпеге, шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. ТЖ- 32 рет/мин, диффузды цианоз. Саусақтары барабан таяқшалары тәріздес, тырнақтары сағат әйнегіне ұқсас. Кеудесі бөшке тәрізді өзгерген. Тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатысады. Перкуссияда өкпенің жоғарғы бөлігінде қорап тәрізді дыбыс, ал төменгі бөлігінде дыбыс қысқарған. Тыныс везикулярлы, өапенің жоғарғы бөлігінде дыбыс қатаң, осы аймақта құрғақ сырыл, ал төменгі бөлігінде ылғалды сырыл мен әлсіз тыныс.

Болжама диагнозыңыз?

A) созылмалы ірінді бронхит, өршуі. Эмфизема. Пневмосклероз. ТЖII

+B) СОӨА, өршуі. Эмфизема. Пневмосклероз. ТЖII

C) бронхиальді астма, ауыр ағымы, өршуі. Эмфизема. Пневмосклероз. ТЖII

D) ауруханадан тыс пневмония, ауыр ағымы. Жедел субкомпенсациялық ТЖII



E) идиопатикалық фиброздаушы альвеолит, жедел ағымы,ТЖII



238. Ер адам И., 56 жаста, бухгалтер. Аздаған жүктеме кезінде ентікпеге, шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. ТЖ- 32 рет/мин, диффузды цианоз. Саусақтары барабан таяқшалары тәріздес, тырнақтары сағат әйнегіне ұқсас. Кеудесі бөшке тәрізді өзгерген. Тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатысады. Перкуссияда өкпенің жоғарғы бөлігінде қорап тәрізді дыбыс, ал төменгі бөлігінде дыбыс қысқарған. Тыныс везикулярлы, өапенің жоғарғы бөлігінде дыбыс қатаң, осы аймақта құрғақ сырыл, ал төменгі бөлігінде ылғалды сырыл мен әлсіз тыныс.Диагноз анықтау үшін зерттеудің қай әдісі барынша ақпаратты?

А) плевра қуысының пункциясы

В) фибробронхоскопия

+С) өкпе спирографиясы

D) флораға қақырық анализі

Е) қақырықты бактериологиялық зерттеу



239. Ер адам Ш., 38 жаста, құрылысшы. Қарап тексергенде кеуде қуысының сол жақ жартысы ұлғайған, тыныстан қалады. Пальпацияда: 4-қабырғадан төменгі аймақта дауыс дірілі анықталмайды, 4-қабырғадан жоғары дауыс дірілі күшейген. Перкуссияда: 4-қабырғадан төменгі аймақта тұйық дыбыс естіледі. Аускультацияда: 4-қабырғадан төмен және солға қарай везикулярлы дыбыс жоқ, жоғары аралас тыныс. Науқаста қай синдромның белгілері анықталған?

А) өкпенің қабынған, тығыздалған синдромы

+В) плевра қуысына сұйықтық жиналу синдромы

С) өкпеде түзілістің пайда болу синдромы

D) плевра қуысында ауа жиналу синдромы

Е) бронхообструктивті синдром



240. Ер адам ., 42 жаста, темір ұстасы. Оқтын-оқтын дене температурасы 390С дейін көтеріледі.Таңертеңгі шырышты-іріңді,жағымсыз иісті қақырық. Микроскопиялық зерттеуде Дитрих тығындысы және бүлінген лейкоциттер,гематойдин,май қышқылының кристалдары,көп мөлшердегі банальды флора анықталған.

Мұндай қақырық қандай патологияға тән?

А) өкпе рагы

В) өкпе туберкулезі

С) ауруханадан тыс пневмония

+D) бронхоэктатикалық ауру

Е) инфекция тәуелді бронх демікпесі



241. Учаскелік дәрігер М деген науқасты үйінде қарады, 36 жаста, жұмысшы. Шағымдары: жағымсыз шіріген иісті, қақырықты жөтел (тәулігіне 250-300 мл . ). Науқас оң бүйірге қарап жатқанда жөтелі күшейеді. Қарап тексергенде симптомдары: «барабан таяқшалары» және «сағат әйнектері» тәрізді.

Өкпесіндегі патологиялық процесстің сипаты мен таралуы қандай болуы мүмкін?

A) плевраның зақымдалуы

B) альвеолалардың бөлектеніпзақымдалуы

C) бронхтарда созылмалы қабыну процессі

D) альвеолалардың және бронхтардың қабынып зақымдалуы

+E) өкпедегі немесе бронхтағы іріңді қабыну процессі



242. Учаскелік дәрігер М деген науқасты үйінде қарады, 36 жаста, жұмысшы. Шағымдары: жағымсыз шіріген иісті, қақырықты жөтел (тәулігіне 250-300 мл . ). Науқас оң бүйірге қарап жатқанда жөтелі күшейеді. Қарап тексергенде симптомдары: «барабан таяқшалары» және «сағат әйнектері» тәрізді.

Науқасты жүргізу тактикаңыз?

A) амбулаторлы жағдайда емдеу

B) күндізгі стационарда емдеу

C) Үй стационарда(үйде құрастырған стационарда) емдеу

+D) терапияға госпитальдау

E) реанимацияға госпитальдау



243. Учаскелік дәрігер О –деген науқасты үйде қарады, 32 жаста, монтажшы. Дене температурасының 37,90 С-ға дейін жоғарылауына, оң жақ кеуде клеткасының ауыруымен бірге жүретін, айқын ентігуге, дем алғанда күшейетін оң жақ кеуде клеткасының ауыруына шағымданады. Науқас мәжбүрлі қалыпта, оң жақ кеуде клеткасын қолымен қысып, оң жақ бүйірінде жатыр.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18


написать администратору сайта