Главная страница

АИТ 2. 1. Синусті тахикардия бл жжж жоарылауы a минутына 60 рет


Скачать 163.7 Kb.
Название1. Синусті тахикардия бл жжж жоарылауы a минутына 60 рет
Дата21.12.2020
Размер163.7 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАИТ 2.docx
ТипДокументы
#162653
страница9 из 18
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18


Дұрыс диагнозды таңдаңыз.

A) Жедел пиелонефрит

+B) Созылмалы пиелонефрит өршуі

C) Созылмалы гломерулонефрит өршуі

D) Жедел гломерулонефрит

E) Созылмалы тубулоинтерстициальды нефрит



272. Төменде көрсетілген анемияның қай түрі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде жиі кездеседі:

A) В12–тапшылықты

B) апластикалық

+C) гипорегенераторлы

D) фолий тапшылықты

E) аутоиммунды гемолитикалық



273. Жүктілік нефропатиясын өткерген босанған кейін әйелдердің диспансерлік есеп уақыты?

А) 6 ай

+В) 1 жыл

С) 2 жыл

D) 3 жыл

Е) 5 жыл



274. Зәр тас ауруының жиі асқынуы:

A) бүйрекполикистозы

+B) пиелонефрит

C) гломерулонефрит

D) бүйрек ісігі

E) бүйрек амилоидозы



275. Созылмалы пиелонефрит кезіндегі зәрлік синдромға тән:

+A) лейкоцитурия

B) протеинурия

C) гематурия

D) гиперстенурия

E) цилиндрурия



276. Бүйректер орналасқан:

A) іш құрсағының жоғарғы қабатында

B) іш құрсағының ортаңғы қабатында

+C) іш құрсағының артында

D) іш құрсағының бүйірінде (латеральных каналах)

E) кіші жамбаста



277. Созылмалы пиелонефрит кезіндегі нефросклероз жиі:

A) симметриялы

+B) асимметриялы

C) паренхима эхогенділігінің зақымдалуымен жүреді

D) бүйректің гидронефротикалық трансформациясымен жүреді

E) бүйрек мөлшерінің ұлғаюымен және бүйрек синустарының эхогенділігінің жоғарлауымен жүреді





278. Әйел адам, 39 жаста, жиі кіші дәретке отыруға, бел аймағындағы сыздап ауру сезіміне, зәрінің лайлануына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде 5 жыл бұрын босанған кейін бел аймағында ауру сезімі, қызба, дизурия мазалаған. Об-ті: арық. Дене қызуы субфебрильді - 37 гр. Жүрек тондары тұйықталған. АҚ 130/80 мм с.б.б., пульсі -78 мин. Ұрғылау симптомы оң екі жақтада. ЖҚА: НВ-112 г/л, лейк-7,8 мың, ЭТЖ-25 мм/с. Нечипоренко бойынша зәр анализінде: лейк-20 000, эр-тер- 1000.

Диагнозды дәлелдеу үшін қай зерттеуді таңдайсыз:

А) бүйректің пункционды биопсиясы

B) Зимницкий сынамасы

+C) зәрді бактериологиялық зерттеу

D) жалпы зәр анализі

E) Аддис-Каковский сынамасы



279. Ер адам, 25 жаста, ЖЗА: зәрдің салмағы- 1028, лейкоциттер- 50-ге дейін дейін көру алаңында, эритроциттер - 1-2 дейін көру алаңында, бактериялар +++ , шырыш+++.

Жоғарыда аталғандар қай ауруға тән?

+A) жедел пиелонефрит

B) жедел интерстициальды нефрит

C) жедел гломерулонефрит

D) созылмалы гломерулонефрит

E) зәртас ауруы



280. Қандай дәрежеде шынайы бактериурия деп есептеледі:

A) 1 мл зәрде 1000 микробты денешіктер

B) 1 мл зәрде 500 микробты денешіктер

C) 1 мл зәрде 10 000 микробты денешіктер

+D) 1 мл зәрде 100 000 микробты денешіктер

E) 1 мл зәрде 500 000 микробты денешіктер



281.Жедел гломерулонефрит кезінде пенициллиндер қатарындағы антибиотиктерді енгізуге көрсеткіш:

+A) стрептококты инфекциядан кейін аурудың дамуы

B) вакцинациядан кейін аурудың дамуы

C) трансплантациядан кейін аурудың дамуы

D) R-терапиядан кейін аурудың дамуы

E) токсикалы этиологиялы ауру



282. 18-жасар ер адам дизуриға және қызбаға шағымданады. Бұған дейін зәр жолдарының инфекциясының екі эпизоды болған, ауыз арқылы антибиотиктерді қабылдаумен емделген. АҚ 160/105 мм с.б.б. Зәр анализінде: белок – 0,99 г/л, эр-ттер – 2-4, лейк.-5-10 көру алаңында. Қанда креатинин – 90 мкмоль/л. Урограммада – екі жақтық қуық-зәрағар рефлюксі анықталды.

Мүмкін болатын себепті таңдаңыз:

А) қуықасты безі деңгейіндегі обструктивті уропатия

B) созылмалы тубулоинтерстициальды нефрит

+C) рефлюкс-нефропатия

D) созылмалы пиелонефрит

E) созылмалы гломерулонефрит



283. Жүктіліктің Ι үш айлығында несепжыныс инфекцияларын емдеу үшін ұсынасыз:

+A) амоксициллин

B) норфлоксацин

C) тетрациклин

D) гентамицин

E) фурагин



284. Ер адам 35 жаста шаршағыштыққа, оң жақ бел аймағындағы тұйық ауру сезіміне, жиі мазалап тұратын ауру сезімімен жүретін зәр шығаруға, лайлы зәр бөлінуіне шағымданады. Ауырғанына бір жылдай болды, ауру алғаш рет оң жақ бел аймағындағы ауру сезімімен басталған. Амбулаторлы емделді, фурагин, спазмолитиктер қабылдады. Зәр анализінде әрдайым лейкоцитурия, бактериурия анықталады.

Қандай ем тағайындау керек?

A) кортикостероидтар

B) цитостатиктер

+C) антибиотиктер

D) нитрофурандар

E) фитотерапия



285. Ер адам 32 жаста, ЖЗА: зәрдің салмағы- 1020, белок – іздері, лейкоциттер- 5-7, эритроциттер - 50 дейін көру алаңында, оксалаттар +++ , шырыш+++.

Жоғарыда аталғандар қай ауруға тән?

A) жедел пиелонефрит

B) созылмалы пиелонефрит

C) жедел гломерулонефрит

D) созылмалы гломерулонефрит

+E) зәртас ауруы



286. Ер адам 39 жаста, ЖЗА: зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,013, белок -0,033 г/л, лейкоциттер 30-40 көру алаңында, бірнеше лейкоцитарлы цилиндрлер. Лейкограммада - 90% нейтрофилдер.

Берілген зәр синдромы қай ауруға тән?

А) жедел пиелонефритке

+В) созылмалы пиелонефритке

С) жедел гломерулонефритке

D) созылмалы гломерулонефритке

Е) созылмалы интерстициальды нефритке



287. Ер адам, 29 жаста ентігуге, бас ауруға, аяқтарының ісінуіне шағымданып түсті. 4 жылдан көп ауырады. Аурудың өршуі ангинадан кейін басталды. Об-ті: беті ісіңкі, бозарыңқы. Қабақтары ісіңкі. ЖҚА: Нв-110 г/л, лейкоциттер- 7,4 мың х109/л,ЭТЖ -35 мм/с. ЖЗА: уд.салм 1018, белок-4,5 г/л, лейкоциттер -8-10 к/а, дәнді цилиндрлер 2-3 к/а.

Берілген ауруды емдеу үшін қажетті препараттарды таңдаңыз.

+А) глюкокортикостероидтар

В) фитотерапия

С) уросептиктер

D) антибиотиктер

Е) нитрофурандар



288. Созылмалы гломерулонефриттің қай түріне келесі симптомдар тән: ісіну, протеинурия, гематурия?

A) гематуриялық

B) гипертензиялық

C) латентті

+D) нефротикалық

E) аралас



289. Бүйрек жеткіліксіздігінің нақты көрсеткіші ретінде қанда жоғарылайды:

A) индикан

B) мочевина

+C) креатинин

D) холестерин

E) қант



290. Ультрадыбыстық зерттеуде бүйректің қалыпты пішіні:

A) ұзынынан кескенде бұршақ не овальді, көлденең кескенде – дөңгелек



B) ұзынынан кескенде бұршақ не овальді, көлденең кескенде – жарты ай тәрізді

+C) барлық кесінділерде – бұршақ не овальды

D) ұзынынан кескенде – трапеция тәрізді

E) ұзынынан кескенде – овальді, көлденең – трапеция тәрізді



291. Қай ортада (зәрдің рН) лейкоциттер және гиалинді цилиндрлер тез ериді:

A) қышқылды

+B) сілтілі

C) нейтральді

D) зәрдің рН тәуелсіз

E) әлсіз қышқылды



292. Әйел адам 45 жаста, бас ауруына, бас айналуға, әлсіздікке, бел аймағындағы сыздап ауру сезіміне, жиі кіші дәрет сындыруына шағымданады. 7 жыл бойы АҚ жоғарылауы байқалады. Об-ті: тері жабындысы бозарған, өкпеде везикулярлы дыбыс, сырыл жоқ. Жүрек тондары өзгеріссіз. ЖСЖ -72 рет мин. АҚ-165/105 мм с.б.б.. Ұрғылау симптомы оң жақта оң. ЖҚА: эр-4,0млн, лейк-9,5 мың, ЭТЖ -25 мм/с. ЖЗА: лейкоциттер-50-60 к/а, эр.-2-3 к/а. Қандай емдеу әдісін бұл жағдайда тағайындау керек?

A) бета-адреноблокаторлар + спазмолитиктер

B) кальцийантагонисты + спазмолитиктер

C) антибиотиктер + спазмолитиктер

D) хинолин тобының препараттары + нейролептиктер

+E) антибиотиктер+ АПФ ингибиторы



293. Диабеттік нефропатиясы бар науқаста екіншілік пиелонефрит дамыды. Зәрден E. Соli себілді.

Антибактериальды терапияны таңдаңыз:

A) гентамицин

+B) амоксиклав

C) тетрациклин

D) линкомицин

E) эритромицин



294. Пациент В., 32 ж, шағымдары:бас ауруы, шаршағыштық, белде ауыру сезімдері, физикалық жүктемеде ентігу, кезеңді түрде әртүрлі айқындылықта ісінулер. Нечипоренко бойынша зәр анализі: эритроциттер - 7500, лейкоциттер 4100, гиалинді цилиндрлер – 600; плазмадағы калий деңгейі 6 мэкв/л.

Терапияны таңдаңыз:

A) К-сақтаушы диуретиктер

B) осмодиуретиктер

+C) ілмекті диуретиктер

D) карбоангидраза ингибиторлары

E) тұзды шектеу



295. Бүйрек жетіспеушілігі бар науқаста гемоглобин -78 г/л, гематокрит – 28%. Жүректік және өкпелік симптомдар жоқ.Анемияны емдеу үшін көрсетілген?

A) эритроцитарлы массаны құю

B) қан құю

+C) темір препараттары

D) витамин В12

E) фолий қышқылы



296.Ер адам 25 жаста, созылмалы тонзилитпен ауырады, өршуден 2 аптадан соң қабақтарының ісінуі, әлсіздік, жұмысқа қабілетінің төмендеуі байқалды. Ентігу, бетінде, белінде ісінулер байқалады. 3айдан соң бетінің, белінде ісінулер, гидроторакс пайда болды. Жүрек тондары тұйықталған. АҚҚ 125/80 мм.с.б.б.. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы 1021, белок 9 г/л, эритроциттер 15-20көру аймағында, гиалинді цилиндрлер 2-4. Болжама диагноз?

A) диффузды миокардиттің нәтижесінде жүрек жетіспеушілігі



B) жедел диффузды гломерулонефрит (жедел циклдік түрі)



+C) жедел диффузды гломерулонефрит (созылыңқы ациклдік түрі)

D)аралас типті созылмалы гломерулонефриттің өршуі

E) бүйрек амилоидозы



Гастро

297. Эзофагеальды (өңештік) симптом:

А) ларингит

В) жөтел

+С) қыжылдау

D) аритмиялар

E) құсу



398. ФЭГДС: өңештің 50% дейін алатын қосылған эрозиялар, гастроэзофагеальды аурудың қай дәрежесі (Sаvary-Miller ,1993)?

А) ГЭРА, 0 дәрежесі

В) ГЭРА, 1 дәрежесі

+С) ГЭРА, 2 дәрежесі

D) ГЭРА, 3 дәрежесі

Е) ГЭРА, 4 дәрежесі



299. ФЭГДС: Өңештің барлық бетін алып жататын циркулярлы эрозиялар, гастроэзофагеальды аурудың қай дәрежесі (Sаvary-Miller ,1993) ?

А) ГЭРА, 0 дәрежесі

В) ГЭРА, 1 дәрежесі

С) ГЭРА, 2 дәрежесі

+D) ГЭРА, 3 дәрежесі

Е) ГЭРА, 4 дәрежесі



300. ФЭГДС: өңештің пептикалық ойық жарасы және стриктурасы, цилиндрлік метаплазия, гастроэзофагеальды аурудың қай дәрежесі (Sаvary-Miller ,1993) соответствует эта картина?

А) ГЭРА, 0 дәрежесі

В) ГЭРА, 1 дәрежесі

С) ГЭРА, 2 дәрежесі

D) ГЭРА, 3 дәрежесі

+Е) ГЭРА, 4 дәрежесі



301. Гастроэзофагеальды ауру кезінде ақпаратты зерттеу әдісі болып табылады:

А) электромиография

В) эзофагоманометрия

С) компьютерлік томография

D) бронхоскопия

+Е) эзофагогастродуоденоскопия



302. Гастроэзофагеальды ауру кезінде бірінші қатардағы препарат болып табылады

А) адреноблокаторлар

В) пробиотиктер

С) холеретиктер

+D) прокинетиктер

Е) антибиотиктер



303.Созылмалы гастриттің жиі себептері:

А) иерсиниилер

+В) хеликобактериилер
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18


написать администратору сайта