Главная страница

Патан эаталон. 50%20эталон. 1. Сізді болжам диагнозыныз андай


Скачать 171.35 Kb.
Название1. Сізді болжам диагнозыныз андай
АнкорПатан эаталон
Дата20.10.2022
Размер171.35 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла50%20эталон.docx
ТипДокументы
#743471
страница9 из 9
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ЖАУАП:
1. Қандай паразитарлы ауру жайлы айтылып жатыр?

Описторхоз

2. Осы аурудың жиі хирургиялық асқынуларын атаңыз?

Дискинези, Іріңді холангит, бауырдың абсцесі, өт жолдарының перфорациясы, жедел деструктивті панкреатит, холецистит.

3. Қандай зерттеу тәсілін ұсынар едіңіз

Эпиданамнездің және дуоденальді сұйықтық пен нәжісті описторхоздың жұмыртқасына тексеру;

4. Аурудың негізгі емдеу принциптерін атаңыз?

Консервативті емі-антипаразитарлы дәрілер(хлоксил) тағайындалады. Дегельминтация; Аурудың асқынуын емдеу.

5. Гелминттің дамуына қатысатын аралық иесін атаңыз?

Тұщы су моллюскасы.

6. Алдын алу шараларын жазсаңыз

Гигиеналық талаптарды сақтау. Ет және балық өнімдерін рұқсат етілген сауда орындарынан ғана сатып алу. Етті ұзақ уақыт бойы (кем дегенде 2,5 сағат) қайнатыңыз. Шикі күйіндегі көкөністер, шөптер мен жидектерді жақсылап жуып, қайнаған сумен қайнатып алу керек.
Есеп № 64

50 жастағы науқас дисфагиямен түсті, рентгенологиялық зерттеу нәтижесінде өңештің құрсақ бөлігінің асимметриялық тарылуы, өңеш қабырғасы тегіс емес, тістелген тәрізді, өңештің тарылған бөлігінде қабырғасы қалыңдаған регидті, перисталтикасы жоқ, қатпары тегістелген тарылу аймағының үстінде өңештің супрастениялық астениялық кеңейген. Зақымданған аймақ жұтынғанда және дене қалпын өзгерткенде ығыспайды. Өңештің абдоминальді бөлігі ұзарған, асқазанда газдық (ауалық) көпіршік сақталған. Ацетилхолиндік және карбохолиндік тест сынағы теріс.

ЖАУАП:
1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

Өңеш рагы.

2. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін жүргізесіз?

Эзофагоскопия, биопсия.

3. Осы ситуацияға байланысты қандай рак алды аурулар бар?

Гастроэзофагеальды рефлюксті ауру, қылтамақ, ахалазия, дивертикул

4. Паллиативті ота дегеніміз не?

Паллиативті операция - науқастың өміріне тікелей қауіпті жою мақсатында немесе жалпы оның жағдайын жеңілдету үшін жасалады.

5. Радикалды ота дегенміз не?

Радикалды операция - бұл операция патологиялық түзілімнің бір бөлігін немесе толық органды алып тастау аурудың қайталануын болдырмайды, яғни. толық жоюға қол жеткізіледі.

6. Абластика дегенміз не?

Қатерлі ісіктерді емдеудегі негізгі ем - хирургиялық ем. Хирургиялық ем түбегейлі және паллиативтік ем болып екіге бөлінеді. Түбегейлі операция - дегеніміз қатерлі ісікті сау тіндер шеңберінде кесіп алып тастау. Қатерлі ісіктер хирургиясының негізіне ойдағыдай іске асырылған жағдайда әрбір науқасты толық жазып жіберетін екі принцип салынған - абластика мен антибластика.

Абластика дегеніміз операция кезінде қатерлі ісік клеткаларының шашырап таралуын болдырмауға бағытталған шаралар кешені.

Оған мыналар кіреді:

1. Тілікті тек сау тіндер арқылы жасау.

2. Хирургиялық операция кезінде, бұл қағида тексеруге де қатысты, ісікпен зақымданған тіндерді ақырындап ажырату керек, дөрекі қимыл жасауға болмайды.

3. Зақымданған тіндерді ажыратуды оның көктамырларын байлаудан бастау керек.

4. Қуыс ағзалардың ішімен ісік клеткалары тарамау үшін ісіктен жоғарғы және төменгі жағынан байлап тастаған дұрыс.

4. Қуыс ағзалардың ішімен ісік клеткалары тарамау үшін ісіктен жоғарғы және төменгі жағынан байлап тастаған дұрыс.

5. Ісік зақымдаған ағзаны маңындағы шел қабаттарымен, лимфа түйіндерімен біртүтас күйде алып тастау.

6. Ісікті қозғаған сәтте дәкемен айналасын шектеу.

7. Ісік алынғаннан кейін аспаптарды, қолғапты, шектейтін салфеткаларды ауыстыру (өндеу).
Есеп № 66
3 жастағы қызға жедел жәрдем шақырылды. Қыздың анасы пештің үстіне май құйылған қазанды қойып, өзі бөлмесіне кіріп кеткен. Қыз бала ас бөлмесінде қараусыз қалған, 5 минуттан кейін анасы қатты жылаған дауыс естиді. Анасы қызының денесіндегі күйікті және көпіршіктерді көріп жедел жәрдем шақырды. Қарау кезінде баланың есі анық, біршама тежелген, әлсіз. Бет терісі, мойын, кеуде клеткасының алдыңғы беті және оң қолы аймағы гиперемияланған. Зақымдалған аймақта эпидермис жойылуы және көпіршіктердің көп болуы анықталады.

1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Алғашқы көмекті қалай көрсетесіз?

3. Сіз қандай емдеу жоспарын қолданасыз?

4. Күйік қандай дәрежеде және көлемі қандай?

5. Күйік ауруы даму ықтымалдығы бар ма?

6. Күйік ауруының сатылары

Жауап. 1.ІІ дәрежелі беттің, мойынның, кеуде торының, оң қолдың термиялық күйігі 25%.

2.Тіндердің гипертермиялық мерзімін қысқарту үшін және күйіктің тереңдігін азайту үшін, күйген аймақты суық су астына қойып салқындату керек. Жалпы қызуды басу үшін, киімнің түймелерін ағытып немесе оны шешіп, науқастың басына суық компресс қояды. Ауру сезімін басатын дәрілерді міндетті түрде енгізу керек. Күйген аймақтарды 0,5-1 % новокаин ерітіндісімен ылғалды асептикалық байлау. Жедел жәрдеммен жергілікті ауруханаға жеткізу.
Есеп №67

Бауыр абсцессіне операция жасалғаннан кейін 3 күн өтіп, науқастың дене қызуы 39-40°С дейін көтерілген, денесінің тітіркенуі, әлсізденуі тахикардия басталды.

1.Операциядан кейінгі кезеңде қандай асқыну көрініс берді?

2.Қандай емдеу шараларын қолданасыз

Жауап. 1.Септикопиемия (өмір сүруге қабілетті бактериялардың қан арқылы денеге таралуы) Жалпы ем:

1) антибактериалды терапия (жартылай синтетикалық пенициллин+аминогликозидтер);

2) қабынуға қарсы антимикробты препараттар (нитрофурандар, сульфаниламидтер);

3) иммунокоррекциялық ем (пентоглабин, зигрис);

4) инфузионды терапия;

2.Жергілікті ем: біріншілік іріңді ошақты толық дренаждау, өмірге қабілетсіз тіндерді алып тастау,жараны антисептикалық ерітінділермен жуу, жараға тігіс салу немесе тері пластикасын орындау.
1   2   3   4   5   6   7   8   9


написать администратору сайта