Есеп № 42
| Қабылдау бөліміне 40 мин бұрын жарақат алған (төсегінен құлаған) науқас әкелінді. Науқас кеуде омыртқа тұсының ауыратынына шағым айтады.
Анамнезінен өкпе туберкулезімен ауырғаны белгілі. Омыртқа рентгенографиясында VIII, IX кеуде омыртқаларының компрессиялық сынығы анықталды.
ЖАУАП:
1. 1. Науқаста қандай патологиялық үрдіс болуы мүмкін?
Науқаста алдымен, туберкулезді спондилиттің нәтижесінде дамыған кеуде омыртқасының патологиялық компрессионды сынығы үрдісі болуы мүмкін.
2. 2. Қандай қосымша зерттеу тағайындайсыз?
-Пункциялық вертебропластика
Рентген мен кт, миелография –( милы затын зерттеу)
3. 3. Науқасқа иммобилизацияның қандай түрін қолданасыз?
*Омыртқаның сынуы кезінде тасымалдық иммобилизацияны, иммобилизациялық вакуумды зеңбілдердің көмегімен қолданамыз.
-Омыртқа сынуында, щиті бар зембілмен, зардап шегушінің арқасымен жатқан қалпында, тізе астына шағын белдеуше қойып, тасымалдауды қамтамасыз етеміз;
-Зардап шегушіні зембілге байлаймыз;
-қажет болған жағдайда зардап шегушіні жұмсақ зембілге іші мен кеудесіне белдеуше қойып жатқызып, тасымалдаймыз; -омыртқаның кеуде бөлігі сынуына байланысты, тасымалдауды зембілде арқасымен жатқан қалпында белдеуше қойып қамтамасыз етеді.
4. Емдеудің негізгі ем қағидалары.
*Алғашқы медициналык жәрдем көрсету кезінде жұлынның жаншылып қалуын (зақымдануын) тудырмас үшін, омыртқа бүгілуін болдырмау қажет. Арнайыуақытша белгілеулер — зардап шегушіні етпетінен абайлап зембілге салады, иық асты мен бас жағына жастық немесе қалтқы кояды. Жұмсақ зембілге жатқызғанда, оған ағаш жайма тақта, фанер, кең тақтайша немесе бірнеше ұзын фанер жақтаулар
салынады (аурудың арқасына және бүйіріне төрт фанер жақтауларды бинтпен орап байлап қоюға болады).
-дұрыс жансыздандыру
-сүйек сынықтарын түзету
-сүйектік жарықшақтарын репозициялау(беттестіру)
-беттестірілген сүйектік жарықшақтардың қозғалыссыздығына жағдай жарату, ұстап тұру және ағзаның иммобилизациясы
-сүйектік сүйелдің түзілуін және бітісуін жылдамдатушы заттар және әдістерді қолдану.
5. Спондилиттің ағымының кезендері.
1-кезең: спондилит алдындағы кезең- омыртқа денесінде, оның шекарасынан асып шықпайтын, метастазды сүйектік ошақтың «біріншілік оститтің» дамуы. Бұл кезең «үнсіз» және рентгенологиялық сирек анықталатын кезеңге жатады.
2-кезең: спондилиттік кезең, бұл кезде омыртқалар бұзылады және үрдіс шекарадан асып шығып, дискілерге, көрші омыртқаларға, жұмсақ тіндерге таралады.
3-кезең: спондилиттен кейінгі кезең- мұнда қабыну белгілері бәсеңдейді, бірақ деформация мен жұлындық бұзылыстардың салдары қалып қояды.
6. Омыртқа сынығында болатын асқынулар.
Ең жиі кездесетін асқынулар - омыртқаның тұрақсыздығы, кифотикалық деформацияның дамуы және неврологиялық бұзылулар.
|
Есеп № 43
|
70 жасар науқасқа, сигма тәрізді ішегінің ісікке байланысты тесіліп, перитонитпен асқынуы себепті операция жасалынып, жасанды жуан ішектік жыланкөз салынды. 4 күн өткен соң науқас құйымшақ тұсының ауырсынуына шағым айта бастады.
Науқас толықтығына байланысты қозғалыссыз, төсекте үнемі шалқасынан жатады. Қарап тексергенде, құйымшақтан жоғары сегізкөз тұсында көк тамырлық қызару анықталады , айқын шекарасы жоқ.
ЖАУАП:
1. 1. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?
Жуан ішектік жыланкөз
2. 2. Ойық жаралардың себептері.
-қан және лимфа айналымының созылмалы бұзылыстары
-тамыр қабырғасының өзгерістері
-инфекциялар
-жарақаттық зақымдар
-зат алмасу бұзылыстары
-нерв жүйесі аурулары
-қатерлі ісіктердің ойықтануы
Жалпы себебі, тіндердің қоректенуінің бұзылуы және олардың ыдырауы(өліеттенуі).
3. 3. Осы науқасқа қандай жергілікті ем тағайындайсыз?
Жараны емдеу, жыланкөзді қоршаған тіндерді бөліністердің әсерінен қорғау, іріңді жыланкөздерді санациялау. Іріңді жыланкөздерді санациялау үшін, оларды антисептикалық ерітінділермен жуады. Бөлінетін заттардың әсерінен теріні қорғау- дәрігердің ең бірінші міндеті болып табылады. Теріні қорғаудың физикалық әдістеріне әртүрлі майларды, пасталарды, ұнтақтарды пайдаланады.
4. 4. Қандай жалпы ем тағайындайсыз?
Жалпы емі-инфицирленген жараларды емі сияқты, яғни бастапқы хирургиялық өңдеу болып табылады. Мақсаты- зақымданған, ластанған тіндерді, ондағы орналасқан микрофлораны алып тастау және осымен жаралық инфекцияның алдын алу.
5. Ойық жаралардың жиі орналасатын жерлері?
Жиі орналасатын жерлері: сегізкөз, жатыр, шүйдеде, өкшеде, шынтақтарда, үлкен ұршық аймағында түзіледі.
6. Қандай алдын-алу шаралар қолдану керек?
Бірінші кезекте науқастарды күтуден тұрады. Науқасты төсекте бұру, ауалы шеңберлердң қою, төсектегі қатпарларды жою. Күніне екі рет, ойылудың түзілуі мүмкін болатын орындарды камфора спиртінің ертіндісімен, әтір суымен сүртіп, тальк себу қажет.
|
Есеп № 44
|
36 жастағы науқас хирургке сол жақ жамбас бұлшықет аралығы тұсында көлемі 10х5 см шамасындағы ісігіне шағым айтып келді. Ісікті науқас 5 жыл бұрын байқады, уақыт өткелі ісіктің көлемі аздап ұлғайғаны байкалды. Ісік науқастың отыруына кедергі келтіреді, пальпация кезінде жұмсақ, ауырмайды, орнынан аздап ауытқиды.
ЖАУАП:
1. 1. Науқасқа қандай диагнозды қоясыз?
Сол жақ жамбас бұлшықеті аралығының липомасы
2. 2. Қандай қосымша зерттеу қажет?
1) Цитологиялық зерттеу
2) Эндоскопиялық зерттеу
3) Морфологиялық ( биопсияны)
4) Рентгенологиялық зерттеу
5) Эхография-УДЗ
6) Компьютерлік тамография
7) Лабораторлы зерттеу ( -қанның морфологиялық құрамын, ферменттерді анықтау,сынамаларды жүргізу) қажет болуы мүмкін.
3. 3. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеуді жүргізесіз?
Диагнозды дәлелдеу үшін МРТ, рентгенография, УДЗ арқылы липомаға тән белгілерді анықтаймын.
4. Қатерлі мен қатерсіз ісіктердің айырмашылықтары?
Атипия және полиморфизм- қатерлі ісіктерге тән. Қатерсіз ісіктер өзі дамып жетілген тіндерге ұқсас болып келеді. Қатерлі ісіктер шыққан тіндерден құрылысы мен қызметіне қарай өзгереді.
Өсу сипаты. Қатерсіз ісіктер- экспансивті өсуімен(ісік өзінің ішінде өзі өскендей болады), қатерлі ісіктер- инфильтративті өсуімен(шаянның аяқтары ұқсап, айналасындағы тіндерге енеді) ерекшеленеді.
Метастаз беру(тек қатерліге тән). Ісіктің өсуі кезінде кейбір жасушалар бөлініп, басқа тіндер мен ағзаларға тарап, екіншілік ісіктің дамуына себепші болып келеді.
*Метастаз берудің 3 жолы бар: лимфогенді(ең жиі кездесетін түрі), гематогенді, имплантациялық.
Рецидив беру(тек қатерлі ісікке ғана тән). Хирургиялық жолмен алып тасталынған ісіктің орнына, қайтадан өсуі.
Науқастың жалпы жағдайына әсері. Қатерсіз ісік- науқасқа жайсыздық тудыруы мүмкін, қан тамырларын, нерв талшықтарын қысып, көршілес жатқан ағзалардың қызметін бұзады.
Қатерлі ісіктер- обырлық интоксикациядан, обырлық кахексияға дейін алып келеді.Сонымен қатар, ісіктің тез өсуі көпшілік жағдайда оның орталық бөлімінің өліеттенуімен қабаттасып жүреді, сөйтіп жасушалардың ыдырау өнімдері қанға сіңе бастайды. Нәтижесінде перифокальді қабыну үрдісі дамиды.
5. 5. Операция жасау көрсеткіштер бар ма?
Ия, операция жасау қажеттілігі бар.
6. Ісіктердің даму себептері (теориялар).
• Р.Вирховтың тітіркену теориясы: қатерлі ісіктер көбінесе ішкі ағзалардың жиі жарақаттанатын аймақтарында(асқазанның кардиальды бөлімінде, тік ішекте, жатыр мойнында) дамиды.
• Д.Конгеймнің эмбриональды теориясы бойынша- ұрықтың даму сатысында жасушалар тым артық өсіп,олардың көпшілігі қажет болмай қалады.
• И.А.Зильбердің вирустық теориясы- вирус жасуша ішіне еніп, олардың бөлінуін реттейтін үдерістерді гендік деңгейде бұзады.
• Фишер-Вазельстің регенерациялық-мутациялық теориясы- әртүрлі факторлардың, соның ішінде химиялық канцерогендердің әсерінен, денеде дегенеративті- дистрофиялық регенерация үрдістері дамиды.
• Иммунологиялық теория- қатерлі ісіктердің дамуын түсіндіретін жаңа теория, яғни денеде үнемі әртүрлі мутациялық өзгерістер болып тұрадысоның ішінде ісіктік трансформация да кездесуі мүмкін.
|
|
Есеп № 45
|
Сізге, басының сол жақ шашты бөлігінде пайда болған, диаметрі 2 см шамасында қатты өсіндіге шағымданып, 42 жастағы науқас келді. Ісік өсе бастағаны байқалады. Пальпация барысында ісік өте қатты, шекарасы анық, қозғалыссыз, ауырмайды, бетіндегі тері өзгеріссіз, еркін жылжиды. Рентгенограммада сол жақ бас сүйегі қаңқасында біркелкі, анық шектелген, сүйектен өскен тін анықталады.
ЖАУАП:
1. 1. Науқасқа қандай диагнозды қоясыз?
Менің болжам диагнозым периостық остеосаркома 2.Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін жүргізесіз?
Диагнозды нақтылау үшін, МРТ, КТ, рентгенография әдістерін жүргіземіз. 3.Сіздің емдік жоспарыңыз?
Науқастың бас сүйегінің төбе тұсындағы ісікті, клиникасына қарап, оның периостық саркома емес екеніне көз жеткізу қиын. Сол себепті, бұл науқасты емдеу үшін, онкологиялық диспансерге жіберу қажет. 4. Қатерлі мен қатерсіз ісіктердің айырмашылықтары?
Атипия және полиморфизм- қатерлі ісіктерге тән. Қатерсіз ісіктер өзі дамып жетілген тіндерге ұқсас болып келеді. Қатерлі ісіктер шыққан тіндерден құрылысы мен қызметіне қарай өзгереді.
Өсу сипаты. Қатерсіз ісіктер- экспансивті өсуімен(ісік өзінің ішінде өзі өскендей болады), қатерлі ісіктер- инфильтративті өсуімен(шаянның аяқтары ұқсап, айналасындағы тіндерге енеді) ерекшеленеді.
Метастаз беру(тек қатерліге тән). Ісіктің өсуі кезінде кейбір жасушалар бөлініп, басқа тіндер мен ағзаларға тарап, екіншілік ісіктің дамуына себепші болып келеді.
*Метастаз берудің 3 жолы бар: лимфогенді(ең жиі кездесетін түрі), гематогенді, имплантациялық.
Рецидив беру(тек қатерлі ісікке ғана тән). Хирургиялық жолмен алып тасталынған ісіктің орнына, қайтадан өсуі.
Науқастың жалпы жағдайына әсері. Қатерсіз ісік- науқасқа жайсыздық тудыруы мүмкін, қан тамырларын, нерв талшықтарын қысып, көршілес жатқан ағзалардың қызметін бұзады.
Қатерлі ісіктер- обырлық интоксикациядан, обырлық кахексияға дейін алып келеді. Сонымен қатар, ісіктің тез өсуі көпшілік жағдайда оның орталық бөлімінің өліеттенуімен қабаттасып жүреді, сөйтіп жасушалардың ыдырау өнімдері қанға сіңе бастайды. Нәтижесінде перифокальді қабыну үрдісі дамиды.
Операция жасау көрсеткіштер бар ма?
Бар аламыз
7. Ісіктердің даму себептері (теориялар).
• Р.Вирховтың тітіркену теориясы: қатерлі ісіктер көбінесе ішкі ағзалардың жиі жарақаттанатын аймақтарында(асқазанның кардиальды бөлімінде, тік ішекте, жатыр мойнында) дамиды.
• Д.Конгеймнің эмбриональды теориясы бойынша- ұрықтың даму сатысында жасушалар тым артық өсіп,олардың көпшілігі қажет болмай қалады.
• И.А.Зильбердің вирустық теориясы- вирус жасуша ішіне еніп, олардың бөлінуін реттейтін үдерістерді гендік деңгейде бұзады.
• Фишер-Вазельстің регенерациялық-мутациялық теориясы- әртүрлі факторлардың, соның ішінде химиялық канцерогендердің әсерінен, денеде дегенеративті- дистрофиялық регенерация үрдістері дамиды.
• Иммунологиялық теория- қатерлі ісіктердің дамуын түсіндіретін жаңа теория, яғни денеде үнемі әртүрлі мутациялық өзгерістер болып тұрадысоның ішінде ісіктік трансформация да кездесуі мүмкін.
| Есеп № 46
Науқас Д. 38 жаста. Оң жамбасының солқылдатып ауырсынуына, қызарып ісінуіне шағымданады. Дәрігер көрген кезде оң жамбасында тері айналасы қызарып түйін пайда болған, орта аймағы іріңдеген, өзекшесі бар. Ұстаған кезде ісіктің шектелгені анықталды.
ЖАУАП: 1. Сіздің болжам диагнозыңыз?
Жамбас абсцессі 2. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін жүргізесіз?
МРТ, КТ, рентгенография Узи 3. Сіздің емдік жоспарыңыз?
Лапаротомия мен лапароскопия 4. Негізгі аурудың асқынуы?
Іріңдеуі 5. Хирургиялық емнің ерекшелігі?
Хирмен іріңді алу + дренаж қалдыру. Антибиотик пен шина 6. Қоздырғышы не болуы мүмкін?
Бактериялар ( стафилококк, ішек таяқшалары)
Есеп № 47
56 жастағы ер кісіге асқазанның ісігіне байланысты кеңейтілген гастрoэктомия операциясы жасалды. Операциядан кейінгі гистология: асқазанның барлық қабаттарына өсіп кеткен – төмен дәрежелі пісіп-жетілген аденокарцинома, 10 қарастырылған лимфа түйіндердің 3-уінде метастаз анықталды.
ЖАУАП: 1. Диагнозды ТNM жүйесі арқылы нақтылаңыз?
T(tumor)-4, асқазанның барлық қабаттарына өсіп кеткен
N(nodula)-3, лимфа түйіндерінің зақымдану сипаты
M(metastasis)-1, ағзадағы метастаз бар екені
G (gradus)-1, қатерлілік дәрежесі
P(penetrarion)-4, өсу тереңдігі
2. Эндоскопиялық зерттеу ерекшілігі
ЭЗофагогастродуоденоскопия (EGDS)
Асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігін визуалды бағалау. Аденокарциномалар мен нейрономаларды, лимфосаркомаларды, фибросаркомаларды және лейомиосаркомаларды, жалпақ жасушаны, безді жалпақ жасушаны, крикоидты жасушаны және өңештің, асқазанның және он екі елі ішектің дифференцирленбеген обырын анықтауға мүмкіндік береді.
КОЛОНОСКОПИЯ
Тоқ ішектің, тік ішектің және тоқ ішектің ішкі бетін эндоскопиялық зерттеу. Аденокарциномаларды, скамозды және крикоидты тоқ ішек ісіктерін анықтаудың негізгі әдісі.
3. Радикалды ота дегеніміз не?
Радикалды операция ағзаның (мысалы, сүт безі, жатыр) немесе оның ауқымды бөлігін (асқазанның, ішектің бөлігін) және регионарлы лимфалық аппаратын алып тастауды қарастырады. Радикалды операцияға комбинирленген, оларды орындау уақытында, өспемен зақымданған ағзаны толығымен(оның бөлігін) алып тастайды немесе өспенің еніп өскен бөлігін резекциялайды.
4. Паллиативті отаның көркеткіштерін атаңыз?
Паллиативті операцияға көрсеткіші, өспенің асқынуы(мысалы, өспенің ыдырауы қанкетумен немесе асқазанның, ішектің өспемен перфорациясы).
5. Осы диагнозға байланысты рак алды ауруларды атаңыз?
Созылмалы гастрит, асқазан полипы, созылмалы асқазан жарасы
6. Абластика және антибластика дегеніміз не?
Абластика- өспенің өзін жарақаттамай, сау тіндерге дейін оталау, зақымданған ағзаны регионарлы лимфа түйіндерімен бірлескен блогымен алып тастау, шамалап лимфалық және қантамырларды байлау.
Антибластика- операция уақытында электрлік пышақты, лазерді, ультрадыбысты қолдану, операциядан кейінгі кезеңде өспені және регионарлы метастаздану аймағын сәулелендіру, регионарлы инфузияны пайдалану-артерия ішіне өспеге қарсы препараттарды операцияға дейін және одан кейін енгізу.
Есеп № 48
Науқас 25 жаста сол аяғы мен балтырының төменгі бөлігінің 200м жүргенде қатты ауырсынуына, ұюына шағымданады. Анамнезінде: Соңғы 2 жылдан бері ауырады. Алғашқыда 500м жүргенде ауыратын еді соңғы уақытта жоғарыдағы шағымдар күшейген. Тексеру кезінде сол аяғы мен төменгі аяғы суық. Терісі бозарған. Аяқтың артерияларындағы пульсация анықталмайды.
ЖАУАП:
1. Сол аяғы мен балтырының төменгі бөлігінің өзгерістерін анықтаңыз, олар немен байланысты болуы мүмкін?
Олар аяқ және балтырдың төменгі бөлігіндегі тамырлық тарылулармен байланысты болуы мүмкін. Бастапқы кезде эндотелидің сылынуымен ішкі қабықтың капиллярлық ангиоматозының дамуымен сипатталады. Соңынан ортаңғы жақтың гипертрофиясы, қабырғасының лифоидты гистиоцитарлы элементтерімен көп мөлшердегі жасушалар инфильтрациясы байқалады, бұлшықеттік қабаты сақталады.
2. Сіздің болжам диагнозыңыз?
Созылмалы артериалды жетіспеушіліктің(облитерациялаушы эндартерит) 2 сатысы (субкомпенсация).
3. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін жүргізесіз?
Сфигмография (артериялардағы пульсацияны өлшеу), доплерографиялық ультрадыбыстық және реовазография, осцилография. Көбінесе контраст агенті бар рентгендік зерттеу қолданылады. 4. Қандай ем ұсынар едіңіз?
Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, қантамырларды кеңейтуші және ауырсынуды басушы заттарды сонымен қатар ганглиоблокаторлар мен гормоналды препараттар(гексэстрлды), физиотерапевтік ем шараларын, санаторлы-курортты ем ұсынар едім.
5. Науқаста қандай асқынулар дамуы мүмкін?
Облитерациялық эндартериттің асқынулары аурудың өршуінен және оның неғұрлым ауыр кезеңдерге ауысуынан тұрады: емделмейтін жаралардың пайда болуы, төзгісіз ауырсыну, гангрена. Емдеуден бас тарту ауыр мүгедектікке әкеледі. Флебит + тромбофлебит +- ылғал гангрена
6. Ангиография дегеніміз не?
|