|
Патан эаталон. 50%20эталон. 1. Сізді болжам диагнозыныз андай
Есеп № 35
|
Қабылдау бөлімшесіне оң жақ жамбас буынының ауруына шағымданып келген науқасты қараған кезде сол буынының пальпация кезінде қатты ауыратыны байқалады. Сан бұлшық еттерінің атрофиясы, оң жақ жамбас буынында қимылдың шектелуі байқалады және Александров белгісі оң. Анамнезінде өкпе туберкулезімен ауырған. Рентген суретінде ортан жіліктің жоғарғы 3/1 бөлігінің орнынан ығысқан сынығы және остеопорозы байқалады.
ЖАУАП:
Сіздің диагнозыңыз?
Оң жақ жамбас-сан буынының туберкулезі
Александров белгісін атап беріңіз?
Зақымдалған жақтағы, яғни оң жақ жамбастың тері қатпарының қалыңдауы. Ол тері асты шелмайының склерозды қабынуының нәтижесінде дамиды.
Рентген көрінісінде сүйек туберкулезіне тән белгілер
Рентгенологиялық – остеопороз, шеміршек пен сүйектің бұзылуы анықталады. Буын саңылауы кішірейеді, сүйектің буындық беттері біртегіс болып кетеді.
Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеулер жүргізу қажет?
Жалпы қан анализі(қанда аздаған лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылауы байқалады), биохимия
Емдеу тәсілі қандай?
СБТ рациональды емі 3 қағидадан тұрады:
*жоспарлы емдеу(рентгенология, флюрография, бактериологиялық және серологиялық);
*кешенді емдеу(консервативті ем);
*белсенді емдеу(консервативті емнен оперативті емге көшу) 6. Сүйек туберкулезінің жіктелуі
1945 жылы Бонне патолого-анатомиялық жіктеуді ұсынған:
*сарысудың жиналуымен қатар жүретін буынның гранулезді ауруы;
*буынның фунгозды өспесі;
*буынның суық абцесстері;
1845 жылы Н.И.Пироговтың жіктеуі:
*созылмалы шемен;
*ақ өспе;
*буынның созылмалы іріңдеуі
| Есеп № 36
|
Бөлімшеге ішінің толғақ тәрізді ауруына, екі күн бойы үлкен дәретінің жүрмеуіне және желдің шықпауына шағымданған 76 жастағы науқас келіп түсті. Жедел ішек түюілуі деген диагноз қойылып, ота жасалынды. Шұғыл түрде жасалынған ота барысында ішек түюілуінің себебі жамбас қуысының шел қабатына жабыса өскен тік ішектің жоғарғы ампулярлы бөлігінің ісігі. Ота жасар алдында отаның қалай аяқталуы мүмкін екендігі туралы ескертілмей, науқасқа жасанды тік ішек қойылды.
ЖАУАП:
1. Сіздің ота жасалғаннан кейінгі диагнозыңыз? Реа́кция отторже́ния транспланта́та- трансплантаттан бас тарту реакциясы 2. Хирургтың жасаған іс-әрекеті заңды ма? 3. Оталардың жіктелуі-Жасалу мақсатына қарай:диагностикалық және емдік;
-Жасалу кезеңіне байланысты: бір мезетті және көп мезетті;
-Орындалу мерзіміне байланысты: жедел, шұғыл, жоспарлы;
-Инфицирленуіне қарай 4 дәрежеге бөлінеді:
1)таза-асептикалық операциялар(жарықты тілу, қалқанша бездің резекциясы)
2)инфицирлену қаупі бар таза операциялар(жоспарлы холецистэктомия)
3)жоғары дәрежеде инфицирленетін операциялар(гемиколэктомия, шұғыл холецистэктомия)
4)өте жоғары дәрежеде инфицирленетін операциялар(іріңді перитонит, плевра эмпиемасы)
-Арнайы операциялар: микрохирургиялық, эндоскопиялық және эндоваскулярлы операциялар
Ісіктерді емдеу әдістері
1)операция
2)рентген және радиосәулелер
3)гормональды ем
4)химиялық заттармен емдеу
Паллиативті ота дегеніміз не?
Паллиативті операция - науқастың өміріне тікелей қауіпті жою мақсатында немесе жалпы оның жағдайын жеңілдету үшін жасалады.
Радикалды ота дегенміз не?
Радикалды операция - бұл операция патологиялық түзілімнің бір бөлігін немесе толық органды алып тастау аурудың қайталануын болдырмайды, яғни. толық жоюға қол жеткізіледі.
|
Есеп № 37
|
Хирургия бөлімшесіне Жедел аппендицит диагнозымен 26 жастағы науқас келіп түсті. 1,5 сағат бұрын ғана тамақтанған. Үлкен дәретке бір күн бұрын барған. Жедел аппендициттің клиникасы күдік туғызбайды. Шұғыл түрде ота жасау керек.
ЖАУАП:
Сіз ас қорыту жолдарын ота жасауға қалай дайындайсыз?
Операция күні тамақ пен сұйықтықты қабылдаудан бас тартуды (операциядан кемінде 6 сағат бұрын), сондай-ақ ішектерді босату үшін тазартатын клизманы (клизманы) қамтиды. Кейбір жағдайларда клизманы Фортранс сияқты арнайы препараттарды қабылдау арқылы ауыстыруға болады.
Ота жасау алдындағы кезеңнің мақсаттары мен міндеттері?
Операция алдындағы кезеңнің мақсатыоперация кезінде және содан кейін,мүмкін болатын асқынулардың даму қаупін азайту болып табылады. Операция алдындағы кезең диагноз қойылғаннан кейін,операция жасау керектігі анықталғаннан соң және оны орындау қажеттігі туралы шешім қабылданған кезде басталады.Ол диагностикалық және дайындық кезеңдеріне бөлінеді
Ота жасау кезінде болатын асқынулар?
Операциядан кездесетін асқынулардың жіктелуі
1. Жарада болатын асқынулар (инфекцияның дамуы, қан кету, тігістердің ажырауы);
2. Жүрек-қантамыр жүйесіндегі асқынулар (тромбоз, эмболия, жедел жүрек шамасыздығы);
3. Тыныс алу жүйесіндегі асқынулар (гипостатикалық, аспирациялық пневмониялар, тыныс шамасыздығы);
4. Асқазан -ішек жолдарының салдануы (парезі), перитонит;
5. Жүйке жүйесіндегі асқынулар (операциялық шок, ауырсыну, үйқы бүзылуы);
6. Бауырдан болатын асқынулар (бауыр шамасыздығы);
7. Несеп-зәр шығару жүйесіндегі асқынулар (бүйрек шамасыздығы, уроинфекция, кіші дәретке отыра алмау);
8. Басқа асқынулар (ойылу, перитонит).
Мүмкін болатын асқынулардың алдын алуы.
-операция кезінде тінді мұқият өңдеу-асептика сақтау;
Қандай анестезия ұсынар едіңіз
Аппендэктомия жалпы анестезиямен жасалады.
Ота дан кейінгі асқынулардың алдын алу үшін не істейсіз?
Дренаж қою- іріңді қабыну процесін болдырмау үшін.
|
Есеп № 38
| Қабылдау бөліміне жас жігіт кеудесінің оң жақ жабық жарақатымен түсті.
Тері беті бозарған. Пульсі- 100 рет минутына. Артериялық қан қысымы -110/65мм.с.б.
VIII, IX, X- оң жақ қабырғалары қолтық асты ортаңғы сызығы бойында, ауырсынуына шағымданады және крепитация байқалады. Перкуссия кезінде оң жақ кеуденің төменгі бөлігінде тұйық дыбыс естіледі, ал отырғызып аускультация жасағанда ол жерде тыныс дыбысы анықталмайды. Рентгенограммада аталған қабырғалар сынығынан басқа деңгейі VII қабырғаға дейін жеткен сұйықтық анықталды. Жалпы қан анализінде гемоглобин 90г/л, эритр 2,5х1012/л
ЖАУАП:
Сіздің диагнозыңыз?
Оң жақ кеуденің VIII, IX, X қабырғалардың жабық сынығы, гемоторакс
Науқасқа қандай қосымша зерттеу тағайындайсыз?
ультрадыбыстық, пункциялық, эндоскопиялық (бронхоскопия, эзофагоскопия, торакоскопия), рентгенэндоваскулярлық
Гемоторакстың сипаттамасы, оның түрлері.
гемоторакс – плевра қуысында қанның жиналуы. Плевра қуысына құйылған қанның мөлшеріне байланысты: 1. Кіші гемоторакс (500 мл дейін). Қан көбінесе плевра қуысының синустарын алады 2. Орташа гемоторакс (500-ден 1500 мл-ге дейін). Қан иық сүйегінің бұрышына жетеді. 3.Үлкен (жалпы) гемоторакс (1500 мл жоғары). Қан иық сүйегінің бұрышынан жоғары орналасады немесе плевра қуысын толығымен немесе түгелдей дерлік алады.
Рувилуа-Грегуара сынамасы нені көрсетеді?
Рувилуа́ — Грегуа́р сынамасы — гемоторакс кезінде жалғасып жатқан плевраішілік қан кетуді анықтау үшін қолданылатын диагностикалық әдіс.
• Рувилуа-Грегуар сынамасының нәтижесі оң болуы-қан кету жалғасып жатқанын
көрсетеді.
• Теріс болуы-қан кетудің тоқтағанын немесе өте баяу жүріп жатқанын білдіреді.
Петров сынамасы не үшін қолданылады?
Петров сынағы – гемоторакспен плевра қуысындағы іріңді анықтау үшін қолданылатын диагностикалық әдіс. Петров сынамасының оң нәтижесі инфицирленген гемотораксты, ал теріс сынама плевра қуысында іріңнің жоқтығын көрсетеді.
Қансырауды тоқтату үшін қандай шараларды қолданасыз?
Бұл жағдайда шұғыл хирургиялық операция жасалады., қан ұюын күшейтетін дәрілер (гемостатиктер – прокоагулянттар)
|
Есеп № 39
|
Хирургия бөліміне 12-елі ішек жарасының қанауымен асқынған науқас келіп түсті. Орталық қан көлемінің (ОҚК) дефициті (жетіспеу мөлшері) 35% құрайды. Жоғалған қанның орнын толтыру үшін шұғыл қан құю қажет.
ЖАУАП:
Қансыраудың дәрежесін анықтаңыз.
Массивті қансырау-ең ауыр дәрежесі. Қан айналым көлемінің >31 % 1500 мл-ден артық қан кеткенде.
Қандай қосымша зерттеу жасайсыз?
Рентгенологиялық зерттеу, УДЗ, эндоскопия
Жалпы қан анализінде қандай көрсеткіштерінің өзгеруі маңызды?
Төмен гемоглобин. Ретикулоциттердің деңгейі 3-4 күннен кейін жоғарылайды, яғни сүйек кемігі жоғалып жатқан эритроциттердің орнын басамын деп компенсация жасайды.
Қан құюдың алдында қандай сынамаларды жүргізу қажет?
*қан тобын , резу-фактор анықтау;
* Трансфузия кезінде немесе одан кейін аллергиялық реакцияның алдын алу
* эритроциттер мен антиденелердің болуына сыналған
қан арқылы берілетін төрт ауруға: В гепатиті, С гепатиті, мерез және АИТВ.
Қан қуйған кезде мүмкін болатын асқынулар.
* жедел гемолитикалық реакция
* Реакция «трансплантат против хозяина» (РТПХ)
* Перегрузка кровообращения, вызванная переполнением
Басқа асқынуларға мыналар жатады:
- Аллергиялық реакциялар
- оттегіге жақындығы өзгерді
- Гемолитикалық трансфузиялық реакцияның кешігуі
- Инфекциялар 6. Қансырауды тоқтату үшін қандай шараларды қолданасыз?
Бұл жағдайда шұғыл хирургиялық операция жасалады.
|
Есеп № 40
|
56 жастағы науқасқа 3 күн алдыңғы операциядан кейін перитонитке байланысты қайта операция жасалынған (ащы ішек анастомозының жетіспеушілігіне байланысты).
Науқас аузының құрғақтығына, шөлге шағым айтады. Температурасы – 37,6 - 38,5ОС аралығында. Тілі құрғақ, сұр жабындымен жабылған. Гипосоливация дамыған. Оң жақ құлақ асты безінің ауырсынуы байқалады.
ЖАУАП:
Науқаста қандай асқыну дамыды?
Науқаста операциядан кейінгі паротит болуы мүмкін.
Қандай алдын алу шаралары жүргізіледі?
Бұл асқынудың алдын алу:1. операция алдында ауыз қуысының ауруларын санациялау (пародонтоз, кариес, созылмалы тонзилит және т.б.); 2. операциядан кейінгі алғашқы сағаттарда, науқастың ауызын антисептиктермен шаю, ары қарай тісін тазалау; 3. саливацияны белсендіру үшін апельсин, лимон, алма бөліктерін сорғызып, қышқыл морс ішкізу керек.
Инфекцияның эндогенді таралу жолдарын атаңыз?
Қатынастық, гематогендік және лимфагендік.
4. Операциядан кейін мүмкін болатын асқынулар.
1. Жарада болатын асқынулар (инфекцияның дамуы, қан кету, тігістердің ажырауы);
2. Жүрек-қантамыр жүйесіндегі асқынулар (тромбоз, эмболия, жедел жүрек шамасыздығы);
3. Тыныс алу жүйесіндегі асқынулар (гипостатикалық, аспирациялық пневмониялар, тыныс шамасыздығы);
4. Асқазан -ішек жолдарының салдануы (парезі), перитонит;
5. Жүйке жүйесіндегі асқынулар (операциялық шок, ауырсыну, үйқы бүзылуы);
6. Бауырдан болатын асқынулар (бауыр шамасыздығы);
7. Несеп-зәр шығару жүйесіндегі асқынулар (бүйрек шамасыздығы, уроинфекция, кіші дәретке отыра алмау);
8. Басқа асқынулар (ойылу, перитонит). 5. Ірінді паротиттін асқынулары.
* Іріңді паротиттің өршуі капсуланың еруіне және экссудаттың іргелес аймақтарға таралуына әкеледі. Лимфа дренажының ерекшеліктеріне байланысты перифарингальды кеңістіктің флегмонасы дамуы мүмкін.
* Іріңді паротиттің ауыр асқынуы – жедел медиастинит – медиастинаның қабынуы. Бездің қалыңдығынан өтетін қан тамырларының қабырғаларының еруі аррозиялық қан кетуді тудырады. Мойын веналары мен веноздық синустардың тромбозының нәтижесінде менингит дамиды. Іріңді паротиттің кеш асқынулары: сілекейлі фистулярлық жолдардың пайда болуы, паротид-уақытша гипергидроздың дамуы. 6. Интоксикация синдромының белгілері.
жүрек айнуы, бас ауруы, құсу, бұлшықет ауыруы, жалпы әлсіздік, шаршау, тершеңдік, дене қызуының көтерілуі, терісінің бозаруы, салмақ жоғалту.
|
| Есеп № 41
| Хирургтың қабылдауына шешесі 13 жасар ұлын алып келді. Айтуларына қарағанда, 1 жыл бойы баланың сол жақ сирағының жоғарғы тұсы сыздап , анда-санда мазалайтын белгілі болды. Ауыру сезімі, әсіресе, ауа райы өзгергенде, кешкі мезгілде байқалады.
Сирағы, сырт көзге, еш өзгеріссіз сияқты. Басып қарағанда асықты жіліктің жоғары үштен бір бөлігінің сезімталдығы байқалады. Тізе буынын қозғалысы толық көлемде.
Рентгенограммада асықты жіліктің жоғары үштен бір бөлігі, метафиз бөлігінде дөңгелектенген қуыс анықталды, диаметрі 1см . Шамасында айналасы склерозды тіндермен шектелген, периостальдік жұмсақ тіндер аздап қабынған.
ЖАУАП:
111. Сіздің болжам диагнозыныз.
Сол жақ асықты жіліктің сирағының жоғарғы тұсының сүйек ішілік Броди абцессі.
2. 2. Диагнозды дәлелдеу үшін қосымша зерттеу керек пе?
Диагнозды дәлелдеу үшін, рентгенологиялық әдіс жеткілікті және дене температурасына, қажетті қан және несеп анализдеріне мән берген жөн. Сонымен қатар, созымалы остеомиелит кезінде құнды мәліметті, фистулография, КТ әдісі береді.
3. 3. Қандай антибактериалды ем тағайындайсыз?
Линкомицин, фузидті қышқылды, пенициллин және соңғы шығарылған остеотропты бактерияға қарсы препараттар.
4. Біріншілік созылмалы остеомиелиттің түрлері.
*Біріншілік созылмалы остеомиелит, созылмалы остеомиелиттің ағымының атипті түрі.
Дамиды: микробтардың вирулеттілігі төмен, ал дене реактивтілігі жоғары болғанда.
Түрлері:
1. Броди абцессі- ерте жастан басталып, бірнеше жылдан соң белгі береді.
Кл. Көрінісі: интоксикация белгілері жоқ, тек сүйекке перкуссия жасағанда ғана ауру сезімі байқалады. Операция жасағанда, абцесстің қуысында секвестр болмайтындығы көрінеді. Рентгенологиялық көрінісінде, шеттері айқын склерозданған қуыс айқын көрінеді.
2. Олье альбуминозды остеомиелиті –әлсіреген микрофлора белокқа бай экссудатты іріңге айналдыра алмайды.
Кл. Көрінісі: көбінесе ортан жілік зақымдалады. Қабыну ошағында ауру сезімі, 1-2 айдан кейін ісіну, сирек жағдайда гиперемия байқалады.
3. Гарре склерозды остеомиелиті- ауру сезімі болар-болмас, бірақ түнге қарай күшейеді.
4. Кл. Көрінісі: субфебрильді температура, аяқ-қол қызметінің бұзылуы байқалады. Рентгенологиялық көрінісі, склероз салдарынан сүйектің диафизінің ұршық тәрізді қалыңдағаны байқалады.
5. Антибиотикалық остеомиелит- әртүрлі ауруларда антибиотиктерді кеңінен және дұрыс емес қабылдау.
6. 5.Осы жағдайда оперативті ем қажет пе?
Иә, қажет. Қуыстың трепанациясын жүргізіп, ішкі қабырғасын қырып тазалайды. Жараны мықтап тігіп, үлкен қуыстарға бұлшық ет пластинкасын қолданады.
7. 6.Емдеудің негізгі ем қағидалары.
Негізгі ем қағидалары, детоксикация терапиясы, иммунотерапия, микроорганизмдердің сезімталдығын ескере отырып жүйелі антибиотикалық терапия, гипербарикалық оттегі терапиясы болып саналады.
|
| |
|
|