|
Патан эаталон. 50%20эталон. 1. Сізді болжам диагнозыныз андай
Есеп № 29
|
23 жастағы хирургиялык инфекция бөліміне науқас түсті. Ол сол жақ қолының II саусағы ауруына шағымданады. Екі жұма бұрын саусағын металл жоңқасымен шаншып алған. Бір жұмада емханада емделген: пункция, антибиотикотерапия, саусақ иммобилизациясы жасалынды. Жақсару болмағасын стационарға жіберілген.
Саусағы проксималдық фаланга аралық буында жартылай иілген, ұршық тәрізді толыққан, ісінген, терісі гиперемияға ұшыраған, буын аймағын пальпациялауы қатты ауырсынуға келтіреді, буынында қозғалыс жоқ.
Сіздің диагнозыңыз қандай? Қандай қосымша зерттеу жүргізу керек? Сіздің емдеу тактикаңыз? Саусаққа операцияны жасаған кезде қолданылатын жергілікті жансыздандырудың әдісін жазып беріңіз? Осы науқасқа антисептиктердің қандай топтарын қолдануға болады? Науқасқа қандай таңғышты қолдану қажет?
ЖАУАП:
Сол қолдың екінші саусақтң проксимальды буын аралықтың күбірткесі РЕнтген Оперативті еммен, буынды тіліп ашып, іріңдікті сыртқа шығару, өліеттенген тінді кесу, тілік ішін антисептікпен өңдеп, гипстеу. + консервативті ем Лукашевич-Обертс Физикалық антисептикті, дренаждау қолданылады Асептикалық
| Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., доцент м.а. Н.К.Тулежанов
|
Есеп № 30
|
Хирургия бөлімшесіне оң жақ сан жарығының қысылуы деген күдікпен 39 жастағы науқас келіп түсті. Оң жақ шап аймағындағы ісік тәрізді жаңа құрылымды 5 күн бұрын байқаған, ол бірте-бірте ұлғайған. Анамнезінде өкпе туберкулезімен ауырған. Науқасты қараған кезде оң жақ шап аймағында, санының алдыңғы ішкі бүйір бетінде көлемі 3х6 см болатын ісік тәрізді жаңа құрылым байқалады. Пальпация жасағанда тығыз-эластикалық консистенциялы, қозғалмайды және ауырмайды. Жаңа құрылым үстіндегі тері жамылғысы өзгермеген.
ЖАУАП:
Сіздің болжамды диагнозыңыз?
Оң жақ сан ақпалы абсцесс пен қабынған бел-кеуде омырқасының Туберкулезді спонделит
Қай ағзаның зақымданғандығына күдіктенуге болады?
бел-кеуде омыртқаларының +- Лимфа түйіні
Диагнозды анықтау үшін қандай зертееулер жүргізу қажет?
Рентгенологиялық зерт
Осы патология кезіндегі сіздің емдеу тәсіліңіз?
Абсцессті тазалау, дренаждау, өліетті алу, тіндіердің анат құрылым келтіру,
Бірінші қатардағы препараттар: этамбутол, протионамид, этионамид, біріктірілген антибиотиктер. Емі ұзақ
Сүйек-буын туберкулезінің этиологиясы және патогенезі
Этиологиясы – кох таяқшасы (2-лік туберкуклез). Өкпе туберкулезынан кейін гемотогенді немесе лимфагенді екіншілік жұғады. 3 фазадан тұрады: преартрит, артрит, постартрит. Микробтың дамуы сенсибилизация болса, қозып дамиды
6.Хирургиялық инфекцияның жіктелуі.
Инфекциялар: спецификалық және бейспецификалық. Этиология, клиникалық ағым: жедел іріңді және созылмалы іріңді
бейарнамалы:
o шірітуші;
o іріңді
o анаэробты;
• арнамалы:
o газды гангрена;
o актиномикоз;
o куйдiргi;
o жаралардын дифтериясы.
• Этиология:
o стафилококкты;
o стрептококты;
o пневмококты;
o колибациллярлы
o гонококты;
o спора түзбейтін анаэробты:
o клостридиалды анаэробты аралас;
o саныраукулакты және т.б.
• Патология курылымы:
o инфекциялык хирургиялык аурулар:
o хирургиялык аурулардын инфекциялык аскынулары:
o операциядан кейінгі инфекциялык аскынулар:
o жабык және ашык жаракаттардын инфекциялык аскынулары.
• Локализация:
o терiнiн және терi асты шел май кабатынын закымдануы
o бас суйск жамылғысынын, ми және онын кабыктарынын закымдануы
o мойыннын закымдануы:
o кеуде торынын, плевра куысынын, екпелердiн закымдануы; - кекірек аралыктын закымдануы (медиастинит, перикардит);
o iшастардын және iш куысы агзалардын закымдануы:
o жамбас куысы агзаларынын закымдануы; суйектер және буындардын закымдануы.
• Клиникалык агым.
• жедел iрiндi инфекция:
▪ жергiлiктi;
▪ жайылган:
созылмалы iрiндi инфекци
|
Есеп № 31
|
Емханаға хирургтің қабылдауына жоғаргы ернінде сыздауығы бар жасөспірім келді. Дене қызуы 390С. Жоғарғы еріні мен қабағы ісінген.
ЖАУАП:
Хирург науқасқа не істеу керек?
науқасты ауруханаға жатқызу керек. Төсектік тәртіп, белсенді антибиотикотерапия, антикоагулянттар, плазма, антистафилококкты гамма-глобулин тағайындалады. Аурудың бастапқы кезеңінде теріні 70-дық этил спиртімен 2-дық салицил спиртімен өңдейді, УВЧ-терапиясы жүргізіледі. Фурункулды ашқаннан кейін натрий хлоридтің гипертоникалық ерітіндісімен таңғыш салынады.
Қандай ем қолданған жөн?
Іріңді өзек шыққаннан кейін синтомицин эмульсиясымен, метилурацил майымен майлы таңғыштар қолданылады. Сыздауық өздігінен жарылса, орталық өліеттенген білікті пинцентпен ақырындап алып тастау керек. Фурункулдың лимфангитпен және лимфаденитпен асқынуында антибиотикотерапия жүргізіледі.
Фурункул іріңдікке айналған кезде хирургиялық емге жүгінеді. Іріңді қабыну ошағы дер кезінде тілініп, өзегі алынып тасталуы тиіс. Оны тілу үшін жергілікті анестезия жасалады, өзегі еш ауырсынусыз алынып тасталады. Сосын оның орны тазаланып, қажетті ем жасалады. Ал, асқынбаған сыздауық амбулаториялық жағдайда емделеді.
Сыздауық жоғарғы ерінде орналасқан кезде қандай асқынулар дамуы мүмкін?
Сыздауық бетте орналасқанда, жалпы интоксикацияның белгілері тез дамиды, өйткені ол жерде лимфа және қан тамырларының тармақтары көп орналасқан. Алғашында, алдыңғы бет венасының тармақтарында тромбоз пайда болады. Кейіннен, инфекция v.angularis арқылы v.ophtalmica ға өтеді, ол қанды sinus cavernosus ке апарады. Бұл синуста септикалық тромбоз пайда болады және бұл үрдіс ми қабығына таралып нәтижесінде менингит дамуы мүмкін.
Сомен асқынулары:
• сепсис
• сыздауықтың өзегі ашылмай, ірің жиналса, ол абсцесске айналады;
• ірінді үрдіс тері асты шелмайына таралғанда флегмона пайда болады;
• қабыну түк қапшығының жанында орналасқан венаға өтсе, тромбофлебит пен флебит дамуы мүмкін;
• лимфа тамырлары мен лимфа бездеріне қабыну үрдісі тараса, лимфангиит пен лимфаденит пайда болады;
• менингит - бетте орналасқан сыздауықтың асқынуы болуы мүмкін.
Осы жағдайда инфузионды терапия жүргізу қажет пе? ЖОҚ
Жансыздандырудың қандай түрін қолданасыз?
Жергілікті анестезия(новокаиндік блокада) қолданылады. А.В.Вишневскийдің инфильтрациялық анестезиясы. Бұл әдіс үшін новокаиннің 0,25-тік ерітіндісі қолданылады.
Сыздауық және шиқан кезіндегі дифференциалды (саралау) диагностикасы?
Фурункул мен карбункулдың дифференциалды диагностикасы клиникалық көріністеріне және қан анализі (лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы, ЭТЖ жоғарылауы) негізінде жүзеге асырылады.
Фурункул (сыздауық) – қол ұшы сыртқы бетінде не саусақ ісінуі мен пальпацияда ауырсынуы.
Карбункулда (шикан) – бірнеше некроз соқталар, жалпы ауыр жағдай, жиі интоксикация, аймақтық лимфаденит пен лимфангит дамиды
| Есеп № 32
|
Хирургиялық бөлімшеге жауырын аралық аймағында шиқаны бар 50 жастағы әйел адам түсті, оның ауруы бұдан екі күн бұрын басталған.
Қан анализі: лейкоциттер 11,5x109/л, ядролык таяқшалары 6%, ЭТЖ 17 мм/сағ, қанты 4,6 ммоль/л.
Жүргізілген консервативті емдеуге қарамастан (антибиотиктер, сульфаниламидтер, витаминдер, стафилококқа қарсы гамма-глобулин, жергілікті - трипсин, УЖЖ) қабыну-некротикалық процессі одан әрі күшеюде, жалпы интоксикациясы күшейді.
ЖАУАП:
Науқастың емін қалай жалғастыру керек?
консервативті емнің нәтиже бермеуі, оперативті емдеудің көрсеткіші болып табылады. Карбункулды крест тәрізді тілікпен кесіп, өліеттенген тіндерді алып тастайды, сөйтіп сутегінің асқын тотығымен, фурациллин ерітіндісімен шайып, натрий хлоридінің гипертониялық ерітіндісіне малынған турундалармен таңады.
Шиқан және сібір жара шиқан кезіндегі саралау (дифференциалды) диагностикасын өткізіңіз?
Іріңді карбункулды күйдіргі карбункулынан ажырата білу қажет, кейінгісіне геморрагиялық көпіршік, іріңді бөліністің болмауы, инфильтраттың ауырсынуының болуы, тіндердің айқын ісінуі, айналасында геморрагиялвқ сұйығы бар ұсақ көпіршіктермен қоршалған қара түсті некрозданған тіндер тән болады. Көпіршіктер құрамындағы сұйықтан күйдіргінің таяқшалары анықталады. Сібір жарасының карбункулы ошақтың төмен ауырсынуымен сипатталады, ал карбункул - айтарлықтай ауырсыну береді.
Шиқанды тілген кезде жансыздандырудың қандай түрін қолданасыз?
Жергілікті анестезия(новокаиндік блокада) қолданылады. А.В.Вишневскийдің инфильтрациялық анестезиясы. Бұл әдіс үшін новокаиннің 0,25-тік ерітіндісі қолданылады.
Шиқанды тілген кезде қандай тіліктер қолданылады?
Карбункулды крест тәрізді тіліммен инфильтратты фацияға дейін кеседі , ал беттегі карбункулды сызықты тіліммен ашады
Аурудын дамуы кезінде қандай асқынулар болу мүмкін?
• сепсис
• ірінді үрдіс тері асты шелмайына таралғанда флегмона пайда болады;
• менингит - бетте орналасқан сыздауықтың асқынуы болуы мүмкін.
Венаға өтсе, флебит пен тромбофлебит
Хирургиялық инфекцияның жіктелуін атаңыз?
Хирургиялық инфекция деп - микроорганизмдердің макроорганизмге еніп және көбейіп, олардың ара-қатынасында белгілі бір заңдылыққа бағына отырып, қоздырғыштарды тасымалдаушылықтан айқын аурудың қозуына дейінгі дамитын күрделі кешенді өзгерістерді айтады.
Олардың жіктелуі:
• арнайы емес хирургиялық инфекция (іріңді, шірітуші, анаэробты);
• арнайы хирургиялық инфекция (туберкулез, сіреспе, газды гангрена,күйдіргі).
| Есеп № 33
|
Хирургиялық бөлімшеге кешке қарай жас әйел түсті. Босанғанына 16 күн болған. Оң жақ сүт безінің ауыратынына және қалтырауына шағымданады. Ауырғанына бір апта болған. Өздігінен емделген, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеген. Дене қызуы 39,90С, оң жақ сүт безі ұлғайған, оның төменгі бөлімінің орталығында жұмсақталған, үлкен, тығыздалған, ауыратын терең инфильтрат байқалады. Оң жақ қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған және ауырады.
ЖАУАП:
Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
Науқаста лимфаденитпен асқынған, іріңді ретромаммарлы мастит.
Диагнозды дәлелдеу үшін, жуан инемен пункция жасау керек. Алынған іріңді микрофлораға және антибиотиктерге сезімталдыққа тексеру керек.
Кезекші хирургтың іс-әрекеттері қандай болу керек?
Уақыт өткізбей тамырішілік наркозбен іріңді тіліп ашады, жараны шайып, дренаждарды орнатады. Содан кейін, консервативті ем тағайындалады.
Осы жағдайда сәбиді емізуге болады ма?
Сүтті сауып тастау керек. Оны нәрестеге пастеризациялап немесе қайнатып беру керек.
Маститтің жіктелуін атаңыз?
1)жедел серозды мастит;
2)жедел инфильтративті мастит
3)флегмонозды мастит
4)абсцессті мастит
5)гангренозды мастит
6)панмастит
7)созылмалы инфильтратвті мастит
Іріңдіктің орналасуына байланысты маститтің түрлері: теріастылық, субареолярлы, интрамаммарлы, ретромаммарлы және интраканаликулярлы мастит.
Маститті хирургиялық жолмен емдеген кезде қолданылатын тіліктің түрлері?
Іріңді ошақтың орналасуына байланысты әртүрлі тіліктер жасалады:
интрамаммарлы іріңдікті радиарлы тілікпен ашады; ретромаммарлы іріңдікті - сүтбезінің астында жарты ай тәрізді тілікпен, бірақ сүт безінің паренхимасын зақымдамай ашады; субареолярлы іріңдікті - ареоланың айналасынан доға тәрізді тілік жасап ашады. Есте сақтайтын жағдай: қандай тілік орындалса да, емізікті жарақаттамай (оған 1,5-2 см жеткізбей) кесу керек, өйткені операциядан кейінгі кезеңде сүтті жыланкөз дамуы мүмкін.
Маститтің алдын-алу шаралары.
Эндогенді инфекция ошақтарына санация жүргізу. Перзентханада санитарлы-эпидемиологиялық тәртіпті сақтау. Сондай ақ бала емізгенде, сүтті сауғанда гигиена сақтау, тазалық сақтау
|
Есеп № 34
|
Аурухананың қабылдау бөліміне науқас әйел әкелінді, ол сол жақ жамбасының ауыратынына және қалтырауына шағымданады. Дене қызуы 38,9С. Өзін бұдан 2 жұма бұрын жоғары артериалдық қысымы болуына байланысты жедел жәрдем фельдшері сол жақ жамбасына сульфатты магний инъекциясын салғаннан кейін ауыра бастағанын айтады.
Қараған кезде сол жақ жамбасының жоғарғы-сыртқы бөлігінде тері гиперемиясы, ісінуі байқалады. Тығыздалған, ауыратын инфильтраттың ортасында жұмсақ аймақ байқалған. Қан анализі: лейкоциттер 12,2x109/л, ядролык таяқшалар 7%, ядролық сегментгер 74%, ЭТЖ 26 мм/сағ.
ЖАУАП:
Сіздің болжам диагнозыныз қандай?
науқаста сол жақ бөкседе инъекциядан кейінгі абцессті болжауға болады.
Қойылған диагноздың дұрыстығына қалай көз жеткізуге болады?
Диагнозды нақтылау үшін, жуан инемен пункция жасалады.
Емдеу тактикасы кандай болуы керек?
Іріңдікті операциялық жолмен тіліп, қуысты антисептиктермен жуады, сөйтіп жараға NaCl гипертониялық ерітіндісіне малынған таңғыштар қойылады және жараға протеолиттік ферменттер себіледі. Содан кейін, консервативті ем тағайындалады.
Хирургиялық инфекцияның жіктелуін атаңыз?
Хирургиялық инфекция деп - микроорганизмдердің макроорганизмге еніп және көбейіп, олардың ара-қатынасында белгілі бір заңдылыққа бағына отырып, қоздырғыштарды тасымалдаушылықтан айқын аурудың қозуына дейінгі дамитын күрделі кешенді өзгерістерді айтады.
Олардың жіктелуі:
• арнайы емес хирургиялық инфекция (іріңді, шірітуші, анаэробты);
• арнайы хирургиялық инфекция (туберкулез, сіреспе, газды гангрена,күйдіргі).
Ірінді жаралардың жалпы емдеу принциптері? Қандай заманауи антибиотиктерді қолдануға болады?
Ірінді жараларды консервативті еммен емдейді, егер ол әсер етпеген жағдайда оперативті ем(жараны ашу, дренаждау) қолданылады. Парентеральді, пероральді антибиотиктер, ұзақ әсерлі сульфаниламидтер қолданады.
Ірінді жараларды тілген кезде жансыздандырудың қандай түрін қолданасыз?
Жергілікті анестезия қолданылады. А.В.Вишневскийдің инфильтрациялық анестезиясы. Бұл әдіс үшін новокаиннің 0,25-тік ерітіндісі қолданылады
|
| |
|
|