Медицина. тест. 1. Вби жасанды берілу жолын крсетіі
Скачать 116.17 Kb.
|
1.ВБИ жасанды берілу жолын көрсетіңі?
Разбор: АІИ қазіргі кезде өсіп-дамуы мына факторларға байланысты: Ірі ауруханалық комплекстердің құрылуы. Аурулардың бір-бірімен күнделікті және тығыз араласуы. Инфекцияны тудырушылардың күшті және жасанды жұғу механизмінің қалыптасуы. Бұл инвазивті емдеу мен диагностикалық процедураға байланысты. Емдеу мен диагностикада стерилизацияның ерекше әдістерін қажет ететін күрделі техниканы қолдану да өз әсерін тигізуде. Инфекциондық ауру туғызушылардың жұғу механизмінің белсенділігі. Әсіресе, емдеу орындарындағы аурулар мен дәрігерлердің тығыз араласуы кезінде тұрмысты-контакті ауа арқылы таралуы. 2. Жүрек қан тамырларының ауруы, ентігу бар науқастарға жартылай отыру қалпын қабылдау, мына мақсатпен тағайындалады?
Разбор : Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония.Егер ентігу басталса онда, науқасты жартылай отыру қалпын қабылдайды. 3. Науқаста күнделікті диурез 350 мл болса, қандай симптом бар?
Разбор : Никтурия- несептің түнге қарай /түнде/ басым бөлінуі. Анурия - несептің мүлдем бүйректен бөлінбеуі. Полиурия - несептің көп бөлінуі, тәуліктік несептің мөлшері. 2литрден артық болуы. Протеинурия - несептің қалыпты мөлшерден 50 мг/тәу артық ақуыздын бөлінуі. Олигурия- несептің аз бөлінуі, тәуліктік мөлшері 500 мл-ден төмен болады. 4.Дәрілік заттарды көктамыр арқылы енгізудің ең негізгі артықшылығы?
Разбор: Енгізу жолдары артықшылығы : Тамыр ішіне Әсердің тез дамиды Науқас ес - түссіз кезінде қолдану мүмкіншілігі Дозасын тез өзгерту мүмкіндік ІҚТ- тітіркендірмейді 5.Науқасты плевралды пункцияға дайындау кезіндегі сіздің ісшараңыз?
Разбор : Плеврит —плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы немесе плевра беттерінің қабынуы. Торакоскопия – плевра қуысын және кеуде қуысын ішкі жағынан қарау үшін жасалатын қазіргі заманғы медициналық әдіс. Торакоскопия кезінде кеуде қуысы арқылы плевра қуысына эндоскоп енгізіледі. 6. Науқаста ректороманоскопия болады. Сапалы зерттеу жүргізу үшін науқасқа сіз, жасайсыз?
Разбор: Ректороманоскопия — метод медицинской диагностики, при котором производится визуальный осмотр слизистой оболочки прямой кишки и в некоторых случаях дистальных отделов сигмовидной кишки. Исследование осуществляется с помощью специального прибора, ректороманоскопа. Перед любой процедурой ректосигмандального отдела надо провести клизму. 7. Науқасты тексеру барысында жүрек қағу жиілігі минутына 96 болса, тамыр соғысының жиілігі 86 болды. Бұл жағдайға анықтама беріңіз?
Разбор: Брадикардия - бұл жүрек соғысының жиілігі секундына алпыс секундтан аз болатын аритмияның бір түрі. Тахикардия - жүрек ырғағының шектен тыс (норма – минутына 60-80 соғыс) көбеюі. Пульс тапшылығы - жүректің артерияға қан лақтыруы және систола мен диастола кезіндегі артерия қысымының өзгеруі нәтижесінде пайда болатын артерия қабырғасының ритмді тербелісі. Пульс диссоциациясы - симметриялы орналасқан веналардың бірдей бөлімдерінде тіркелген сфигмограммалардың негізгі көрсеткіштеріндегі айырмашылық; бұл тамырлардың біреуінде қысылу, тромбоз және т.б. салдарынан қан ағымының бұзылуының белгісі. Экстрасистолия - жүректің синус түйінінен тыс орналасқан, қозуы жоғары ошақтан шыққан серпіндер арқылы уақытынан бұрын жиырылуы (R-R интервалы экстрасистолия алдында қысқарған). 8.Жүректің ишемия ауруына шалдыққан науқасқа №10 емдік диета тағайындалған. Науқасқа тамақтану бойынша кеңес беріңіз?
Разбор : Жүректің ишемиялық ауруы — жүректе қанайналымы толық тоқтағандықтан немесе қажетті шамадан кем болғандықтан дамитын сырқат. Сол себепті ишемиялық ауруы жүректің тәждік (коронарлық) артерияларының ауруы деп те аталады. Оған №10 емдік диета тағайындалады. рационда ас тұзы мен сұйық ішу азайтылады; тамақ суға не буға пісіріледі; қуырлған тамақ жеуге тыйым салынады; тұзсыз тағамдардың дәмін келтіру үшін сүт, ірімшік, жеміс және жеміс соустарынан жасалған пудингтерді пайдалану ұсынылады. 9 Науқасқа несептің құрамындағы диастазаны анықтау тағайындалған. Науқасқа несепті дұрыс алу туралы кеңес беріңіз?
Разбор : Диастазаның мөлшерін анықтау (ұйқы безі ферменттерін). Қалыпты зәрде диастаза азғана мөлшерде 16-64 ЕД болады. Диастаза санының көбейуі ұйқы безінің патологиясы және өт жолдарының ауруын бар екендігін көрсетеді. Бүйрек жетіспеушілігінде зәрде диастаза болмайды. 10.Гломерулонефрит кезіндегі трида белгісінге тән сиптомдарды атаңыз?
Разбор : Гломерулонефрит – бүйректің қандағы қалдықтар мен сұйықтықты сүзуге жауапты бөлігі зақымданатын ауру. Себептері. Бүйректер организмнен қалдықтардың шығарылуына, электролиттік балансты, артериалдық қысымды реттеуге және эритроциттердің түзілуіне, гломерулонефрит әдетте, стрептококктық инфекциядан 7-20 күннен кейін пайда болады. Дерттің негізгі белгілері - ісіну, ентікпе, олигоанурия, гематурия, белдің ауыруы, артериялық қысымның жоғарылауы. Науқастың өзі ерте байқайтын белгісі - ісіну. 11.Науқата асқазаннан қан кетуіне күмәнданасыз, егер?
Разбор : Асқазанан қан кету бұл қан құсу мен немесе нəжістің қоңыр түсімен білінеді.АІЖ-нан массивті қан кету адам ағзасына қауіпті геморрагиялық шокқа əкелуі мүмкін. 12.Бронхиалды астма ұстамасына күдіктенесіз, егер ауқаста анықталса?
Разбор : Бронхиалды астма -бұл ентігу немесе тұншығу ұстамасымен сипатталатын өкпенің созылмалы аллергиялық ауруы. Тыныс алудың қиындауы, жөтел:əдетте түнде не таңертең басталды немесе күшейеді, кеуде тұсының ауырсыну , дем жетпеу болады. 13.Науқасқа диагностикалық мақсатпен құрсақ қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі тағайындалған. Тамақтану бойынша қандай кеңес беру керек?
Разбор : Ультрадыбыс-бұл тығыздығы əр түрлі тіндер мен ағзалардан өткен кезде ультрадыбыс толқындарының əр қилы шағылысуына негізделген əдіс. Ультрадыбыс дегеніміз-адам құлағы қабылдай алмайтын жоғары жилікті 2.104-108 Гц акустикалық тербелістер. 14.Асқазанды шаю үшін зондты енгізу қажет ара қашықтық формула бойынша анықталады: бойы (см-мен) – х, мұндағы х тең?
Разбор : Жууға арналған асқазан түтік енгізу тек білікті мамандар өткізеді. Қалың зонд - шамамен 120 см және 1 см құрылғының диаметрі ұзындығы бар резеңке түтік асқазан аузына және өңештің арқылы салынғанын, содан кейін бос ұшы шұңқыр қосылады және сұйықтық құйылады .. жуу ерітіндісін саны науқастың салмағы есептеледі. 5-7 мл сұйықтық килограмм рет басқарады. 15.Қақырықты сапалы жинауға ең маңызды болып табылады?
Разбор : Қақырық - өкпеден және тыныс алу жолдарынан шығатын, кілегейлі немесе іріңді бөліністер. Сау адамның қақырығы түссіз немесе ақшыл болады. Егер қақырықта одан басқа түс пайда болса, оны белгілі бір аурулың белгісі. 16.Дуоденальды зондтау кезіндегі порция Б дегеніміз?
Разбор : Дуоденальды ішіндегіні алудың бірнеше тәсілдері әзірленді: А, В, С порцияларын бөлумен үшмементті дуоденальды зондтау; өт бөлудің 5 фазасын алумен көпоментті зондтау; көпіршікті өт алуға мүмкіндік беретін хроматикалық дуоденальды зондтау; екі арналы зондты қолдана отырып және асқазан ішіндегіні бір уақытта алумен гастродуоденальды зондтау Дуоденальды зондтаудың соңында зәйтүн қосылған жұқа резеңке зондтың көмегімен жүзеге асырылады, зондтың ұзындығы әрбір 10 см сайын 1,5 м құрайды . Зондқа 0,8-0,9 м белгі жеткен кезде зондтың бос шеті пробиркаға түсіріледі. 1-ші порция-Бұл "А" порциясы Өз бетінше шығады-бұл он екі елі ішектің мазмұны. Ол өт, ұйқы безінің секреттері, он екі елі ішектің және асқазан шырынының аз мөлшерін қамтиды. "А" порциясы 10-20 минут ішінде жиналады. 2-ші порция "В" Өт қабының (магнезия сульфаты, пептон, сорбит, зәйтүн майы) қысқаруын және босатылуын тудыратын жылы өт айдайтын зондты енгізгеннен кейін 5-25 минуттан кейін жиналады-бұл көпіршікті өт. 3-ші порция "С" Көпіршікті өт тоқтағаннан кейін 10-15 минут ішінде жиналады - бұл бауыр өті. 17.Ауыл халқына медициналық көмек көрсетудің бірінші кезеңін жүзеге асыратын денсаулық сақтау құрылымын анықтау?
Разбор : Қалалық емхана -Емхана, (гр. роlіs – қала және клиника) – науқас адам келіп-кетіп емделетін және үйінде сырқаттанып қалған адамдарға медициналық көмек көрсететін, сондай-ақ, аурудың алдын алу шараларын жүргізетін мекеме.[1] Емханада рентген, физиотерапия кабинеттері және басқа да арнайы кабинеттер мен лабораториялар болады ОАА- емдеу мекемесі,арнайы мамандандырылған медициналық көмек негізгі түрлері бойынша көрсетіледі. Қалалық аурухана - науқастар жатып емделетін мекеме. ФАП - ауылдық жерлерде алғашқы медициналық көмек көрсететін медициналық мекеменің құрылымдық бөлімшесі. Облыстық аурухана - арнайы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсетеді және денсаулық сақтауды ғылыми ұйымдастыру. |