24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры. 24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы
Скачать 1.24 Mb.
|
C) альвеола аралық перденің½ биіктігінің біркелкі емес резорбцияланған D) альвеола аралық перденің биіктігінің 1/3-½ біркелкі емес резорбцияланған E) тіс түбірлерінің альвола аралық перденің биіктігінің 1/3 дейін төмендеген {Дұрыс жауабы}=C {Күрделілігі}=3 $$$002 16 жастағы қыз қызыл иектің ауыратынына, қанағыштығына, ауызынан жағымсіз иіс шығуына шағымданып келген. Науқас қызыл иектің ауыратынынан тістерін тазаламайды. Жақын арада жедел респираторлы аурумен ауырған. Қарап тексергенде:тістер беттерінде көп мөлшерде қызылиек үстілік тіс шөгінділері бар, қызыл иек шеті мен бүртіктері айқын қызыл, ісінген, сипап тексергенде ауырады, жеңіл қанайды. Тіс-қызылиек бекітілуінің бүтіндігі бұзылмаған. Қанның жалпы толық анализі қалыпты. Рентгенограммада альвеола өсіндісінің сүйек тінінде өзгерістер байқалмайды. Емдеу шаралардың ең тиімдісін таңдаңыз: A) Жансыздандыру, антисептикалық өндеу, тіс шөгінділерін алып тастау, гингивотомия, қабынуға қарсы препараттар B) Жансыздандыру, қарапайым гингивоэктомия, антимикробтық терапия, қабынуға қарсы емдеу C) Жансыздандыру, мамандырылған гигиена, қабынуға қарсы терапия, гигиеналық үйрету D) Жансыздандыру, ашық кюретаж, қызылиектік таңбалар, диспансерлік бақылау E) Жансыздандыру, радикалды гингивоэктомия, қызылиектік таңбалар, рационалды тамақтану {Дұрыс жауабы}=C {Күрделілігі}=3 $$$003 Әйел адам, 38 жаста, қызыл иектің жағымсіз сезімдеріне, тіс тазалаған кезде пайда болатын қанағыштығына шағымданып келген. Қарап тексергенде: қызыл иектің шырышты қабығының шеті көкшіл түсті, ісінген. Қызыл иек шеті борпылдақ, тереңдігі 4-5 мм-ге дейін пародонталды қалталар анықталады. Ортопантомограммада: тістердің мойын бөлігінің периодонт саңылауының кеңейюі, альвеолааралық қалқан сүйектерінің ½ бөлігіне дейін біркелкі емес аралас резорбциясы. Емдеу шаралардың ең тиімдісін таңдаңыз: A) тіс шөгінділерін алып тастау, микробтарға қарсы терапия, ауыз қуысының санациясы B) жергілікті патогенді факторларды жою, симптоматикалық гингивитті емдеу, жабық кюретаж C) тіс шөгінділерін алып тастау, микробтарға қарсы және қабынуға қарсы терапия D) тіс шөгінділерін алып тастау, микробтарға қарсы терапия, кальций препаратарымен қызылиек үстілік электрофорез E) тіс шөгінділерін алып тастау, қабынуға қарсы терапия, қызыл иекке жанаспалы дарсонвализация жасау {Дұрыс жауабы}=B {Күрделілігі}=3 $$$001 Ауру 61 жаста , қызыл иектің жағымсыз сезіміне, қышыуна, тістердің жоғары сезгіштігіне шағымданады. Ауыз құысында қызыл иек бозарған, қызыл иектің ретракциясы әр түрлі дәрежеде, 13,14, 15 23, 24, 25 тістерінде сыны тәрізді ақау. Диагнозды таңдаңыз. Қандай тексерү әдісін қолдану қажет: A) пародонтоз, кан анализін B) қызыл иектің қабынуы, кан анализін C) қызыл иектің ісіктері, рентген әдісі D) пародонтоз, рентген әдісі E) пародонтит, рентген әдісі {Дұрыс жауабы}=D {Күрделілігі}=3 $$$002 Диагноз қойыңыз: науқастың шағымы - тістердің қозғалыштығына; қарап тексергенде ауыз қуысының шырышты қабығы және қызыл иек шеті ақшыл-қызыл, атрофияланған, сонымен қатар қызыл иек бүртіктері да айтарлықтай атрофияланған, тістер түбірлері 4-5 мм-ге дейін жалаңаштанған, пародонталды қалталар жоқ. 1-2 дәрежелі тіс қозғалыштығы: A) пародонтоз, жеңіл дәрежесі B) пародонтоз, орта дәрежесі C) қызыл иектің өсе қабынуының фиброзды түрі D) жайылмалы пародонтит, жеңіл дәрежесі E) жайылмалы пародонтит, орта дәрежесі {Дұрыс жауабы}=B {Күрделілігі}=3 $$$003 Қызыл иектің түсі бозғылт, төменгі және жоғарғы тістер арасы желпеуіш тәрізді аздап ашылған. Пародонт қалта және тістердің қозғалғыштығы жоқ. Рентген суреттемеде: тісаралық қалқаларының 1/3-1/2-ге дейін бір келкі төмендеген, кортикальды пластинкасы бұзылмаған. Сіздің диагнозыңыз: A) созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі B) созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі, ремиссия кезеңі C) созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі D) пародонтоз, жеңіл дәрежесі E) пародонтоз, орта дәрежесі {Дұрыс жауабы}=E {Күрделілігі}=3 $$$001 Саңырақұлақ тәрізді формалы, өсіп кеткен (гипертрофияланған) тісаралық емізікше сияқты, аяқшада (на ножке) орналасады, қозғалмалы түзілісті қалай атайды?: A) фиброма B) липома C) эпулис D) пародонт кистасы E) гранулема {Дұрыс жауабы}=C {Күрделілігі}=3 $$$001 Науқастың шағымы: тісі өзімен-өзі үнемі аурады, 3.6 тісте терең тісжегі қуысы бар. Тісті өсіп кеткен сияқты сезінеді. Объективті: 3.6 тісте терең тісжегі қуысы бар, тіс қуысымен байланысқан. Қағып тексергенде бірден аурады. Түбір ұшы маңындағы шырышты қабат қызарған, ісінген, сипап тексергенде аурады. ЭОМ – 120 мкА. Себепші тістің төңірегіндегі шырышты қабаты ісінген. Рентген суреттемесінде: түбір ұшында сүйек деструкциясы байқалады, шекарасы анық емес. Диагноз қойыңыз: A) жедел периодонтит, экссудация сатысы B) жедел периодонтит, улану сатысы C) жедел периодонтит, экссудация сатысы D) созылмалы гранулденген периодонт қабынуының өршуі E) жедел іріңді остеомиелит {Дұрыс жауабы}=D {Күрделілігі}=3 $$$002 Жедел ауру сезімімен шағымданып келген науқаска көрсетілді: 1-ші қабылдауда - тісжегі қуысты егеп тазалап, сауыт қуысын ашып, түбір өзегін аспаптар және медикаменттер көмегімен өңдеп кеңейту арқылы ыдыраған ұлпа қалдықтарынан тазартып, тістен жалқық шығу үшін толық ашық қалдырды. Қандай ауруда осы ретімен емдеу ісі орындалады: A) жедел периодонтит, улану сатысы B) созылмалы перидонт қабынуының өршуі C) созылмалы фиброзды периодонт қабынуы D) созылмалы гранулденген периодонт қабынуы E) созылмалы гранулематозды перидонт қабынуы {Дұрыс жауабы}=Д {Күрделілігі}=3 $$$003 Науқастың шағымы: тісі өзімен-өзі үнемі аурады, 2.4 тіс тамақ шайнағанда аурады. Тісті өсіп кеткен сияқты сезінеді. Объективті: 24 тістің апроксимальды бетінде терең тісжегі қуысы бар, тіс қуысымен байланысқан. Қағып тексергенде бірден аурады. Түбір ұшы маңындағы шырышты қабат қызарған, ісінген, сипап тексергенде аурады. Сол жақ лимфа түйіндерді сипап тексергенде ұсталнып аурады. Рентген суретте түбір ұшы маңында 0,3-0,5 см деструкция ошағы байқалады, шекарасы анық. Диагноз қойыңыз: A) жедел іріңді ұлпа қабынуы B) жедел периодонтит, улану сатысы C) жедел периодонтит, экссудация сатысы D) созылмалы гранулематозды периодонт қабынуының өршуі E) жедел іріңді остеомиелит {Дұрыс жауабы}=D {Күрделілігі}=3 $$$001 Науқастың бірінші келген күні 1.6 тісіне 4 күн бурын қойылған кушәлә пастасымен бірге уақытша пломбасы алынды. Тісжегі қуысын егеп тазалап, тіс қуысын ашып, сауыт және түбір ұлпасын алып, фурациллин ерітіндісімен жуып шайып өзекке кушәләға антидот (1% иодинол) ерітіндісмен турунда және уақытша пломба қойылды. Қандай ауру туралы сипатталынды: A) медикаментозды периодонт қабынуы B) созылмалы фиброзды периодонт қабынуы C) созылмалы гранулденген периодонт қабынуы D) созылмалы гранулематозды периодонт қабынуы E) созылмалы гранулденген периодонт қабынуының өршуі {Дұрыс жауабы}=A {Күрделілігі}=3 $$$002 Науқас 30 жаста. Стоматология емханасының сол жағында төменгі 6-шы тістің жедел диффузды пульпиті деген диагнозбен қаралды. Түбір өзектерді пломбылаған және тұрақты пломбылаған соң, тұрақты ауырсынуға шағымданған. Физиотерапияның қай әдісін тағайындаған дұрыс: A) индуктотермия // B) магнитотерапия// C) флюктуоризация// D) инфра қызыл сәуле// E) хромотерапия {Дұрыс жауабы}=C {Күрделілігі}=3 $$$003 Терең тісжегі қуысы бар тіс қуысымен байланысқан, шұқып тексергенде ауырмайды, температуралық тітіркендіргіштерге реакциясы жоқ, қағып тексергенде ауырады. ЭОМ 100мкА жоғары. Қызыл иекте өзгеріс жоқ. Рентген суреттемеде өзгеріс жоқ. Клиникасы бойынша қандай ауруға тән белгілер: A) созылмалы гангренозды ұлпа қабынуының өршуі B) жедел периодонтиттің улану кезеңі C) жедел периодонтиттің экссудация кезеңі D) созылмалы фиброзды периодонт қабынуы E) созылмалы фиброзды периодонт қабынуының өршуі {Дұрыс жауабы}=B {Күрделілігі}=3 $$$001 Ер адам, жасы 40. Жоғарғы оң жақтағы тісінің түсінің өзгеруіне шағымданады. Қарап тексергенде: 1.3 тістегі тісжегі қуысы тіс қуысымен байланысқан, шұқып тексергенде ауырмайды, қағып тексергенде ауырмайды, шырышты қабатта өзгеріс жоқ. Рентген суретте периодонт саңылауы кеңейген. ЭОМ 100 мкА жоғары. Диагноз қойыңыз: A) созылмалы фиброзды ұлпа қабынуы B) созылмалы гранулденген периодонт қабынуы C) созылмалы гранулематозды периодонт қабынуы D) созылмалы фиброзды периодонт қабынуы E) созылмалы гангренозды ұлпа қабынуы {Дұрыс жауабы}=D {Күрделілігі}=3 $$$002 Науқас 46 тісте кариозды қуыстың болуына шағымданады. Қарағанда 46 тіс дистальді шайнау бетінде терең кариозды қуыс бар, тіс қуысымен жалғасқан. Зондпен терең шұқып тексергенде ауырмайды. Перкуссия ауырмайды, түбір ұшы бойы аймағының кілегей қабаты түсі өзгермеген, пальпациялағанда ауырмайды. Температуралық тітіркендіргіштерге реакция теріс. Рентгенограммада дистальді түбір ұшы аймағында периодонтальды саңылау біркелкі кеңейген. Диагноз қойыңыз: A) созылмалы гранулденген периодонтит B) созылмалы гранулематозды периодонтит C) созылмалы фиброзды периодонтит D) созылмалы гангренозды пульпит E) созылмалы фиброзды пульпит {Дұрыс жауабы}=C {Күрделілігі}=3 $$$003 Периодонт қабынуының қай түрінде келесі патологиялық анатомиялық суреттемесі: түбір ұшы периодонтты көптеген капиллярлармен, фибробластармен, плазматикалық домалақ және лейкоциттермен грануляциялық тін алмасқан. Грануляция жақсүйектің кемікті аймақтарына өсіп, іріңді эксудатты жылан көздер пайда болған: A) жедел периодонт қабынуының улану сатысы B) острый периодонтит в фазе экссудации C) хронический фиброзный периодонтит D) созылмалы гранулденген периодонт қабынуы E) созылмалы гранулематозды периодонт қабынуы {Дұрыс жауабы}=D {Күрделілігі}=3 $$$001 Науқастың жасы 20,тамақ ішкенде қысқа уақытпен ауырып басылатын ауру сезімге шағымданады. Қарап тексергенде: 27 тістің дистальды бетінде үлкен емес, бірақ терең тісжегі қуысы бар, ақ түсті, жұмсарған дентинмен толы. Шұқып тексергенде қуыстың табанында ауру сезімі бар, қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Суық температураға ауру сезісі қысқа. Диагноз қойыңыз: A) тез дамыған терең тісжегі B) тез дамыған орта тісжегі C) созылмалы фиброзды ұлпа қабынуы D) жедел ошақты ұлпа қабынуы E) баяу дамыған терең тісжегі {Дұрыс жауабы}=A {Күрделілігі}=3 $$$002 Науқасты қарап тексергенде 36 тісте тамақ қалдығымен толы терең келген тісжегі қуысы анықталды. Қуыстың түбі мен қабырғаларында қатты пигменттелген дентин анықталады. Шұқып тексергенде қуыстың табанында аздап ауру сезімі бар. Суықтан әлсіз, қысқа мерзімді ауру сезімі пайда болады. ЭОД – 5 мкА.Диагноз қойыңыз: A) баяу дамыған терең тісжегі B) жедел ошақты ұлпа қабынуы C) тез дамыған терең тісжегі D) созылмалы периодонтит E) орта тісжегі {Дұрыс жауабы}=A {Күрделілігі}=3 $$$001 Эмальдің қандай қасиеті тісжегінің дақты кезеңінде жүргізілетін реминералдау терапиясының негізінде қолданылады?: A) электроөткізгіштігі B) электрлік қарсылық C) эмальдің өткізгіштігі D) жылтырлығы E) жарқырау {Дұрыс жауабы}=C {Күрделілігі}=3 $$$002 Бастапқы тісжегі кезеңінде жүргізілетін реминералдау терапиясы тиімділігінің көрсеткіштерін атаңыз: A) эмальда ақаудың пайда болуы B) дақтың көлемін азаю немесе жоғалып кету C) дақ көлемінің үлкею D) эмальдың жылтырлығы кетуі E) эмальдың 1% метилен көгімен бояу қарқындылығының күшею {Дұрыс жауабы}=B {Күрделілігі}=3 $$$003 Сөйлемді толтырыңыз: Леус-Боровский бойынша дақты тісжегінің реминералдау терапиясының әдісі келесі ретпен өткізіледі – тіс қақтарын тазарту, кептіру: A) эмальдің өзгеріске ұшыраған аумаққа ремодент ерітіндісін 20 минут бойы қойып, әрбір 5 минут сайын мақтаны ауыстыру B) эмальдің өзгеріске ұшыраған аумаққа 10% кальций глюконат ерітіндісімен 20 минуттық аппликация, 2% натрий фторид ерітіндісімен 5 минуттық аппликация; курсына -15-20 аппликация C) эмальдің өзгеріске ұшыраған аумаққа 3% агардағы 2% натрий фторидімен гельді жағу, курсына 5-7 аппликация D) эмальдің өзгеріске ұшыраған аумақты фторлакпен жағу, курсына - 10 аппликация E) эмальдің өзгеріске ұшыраған аумаққа аппликация жасау - 3% ремодент ерітіндісімен -2 күн, кальций глицерофосфатпен - 4 күн, 1% натрий фторид ерітіндісімен -3 күн, фторлакпен жағу - курстің аяғында 1 рет {Дұрыс жауабы}=B {Күрделілігі}=3 $$$001 Науқастың жасы 32, қышқыл, қантты тағамдарды жегенде қысқа уақытпен ауырып басылатын ауру сезімге шағымданады. Қарап тексергенде: 17 тістің шайнау бетінде эмаль денгейде фиссура маңында тісжегі қуысы анықталды. Шұқып тексергенде қуыстың табанында ауру сезімі жоқ. Диагноз қойыңыз: A) орта тісжегі B) бастапқы тісжегі C) флюороз, дақты кезеңі D) беткей тісжегі E) ошақты гипоплазия {Дұрыс жауабы}=D {Күрделілігі}=3 $$$002 Қандай ауруды емдегенде жансыздандырылу жасалынып, тісжегі қуысын егеп тазалайды, медикаментозды өңдеп, тұрақты пломбы қойылады; мойын бөлігінде орналасса кішкене егеп сонымен қатар реминералдау емін тағайындайды: A) тісжегінің дақты кезеңі B) гипоплазия, дақты түрі C) флюороз, деструктивті түрі D) беткей тісжегі E) флюороз, дақты түрі {Дұрыс жауабы}=D {Күрделілігі}=3 $$$003 Науқастың жасы 25, химиялық тітіркендіргіштерден қысқа мерзімді ауырып басылатын ауру сезімге шағымданады. Қарап тексергенде: 3.4 тістің фиссураларын зақымданған тісжегі қуысы тістің кіреуке денгейінде орналасқан. Шұқып тексергенде ауырмайды. Клиникасы бойынша диагнозы қандай: A) беткей тісжегі B) орта тісжегі C) бастапқы тісжегі D) флюороз, дақты түрі E) ошақты гипоплазия {Дұрыс жауабы}=А {Күрделілігі}=3 $$$001 Қандай ауруда жарық микроскопияда үш зона (аумақ) анықталады: 1. деминерализация және ыдырау аумағы; 2. жылтыр және бұзылмаған (интактты) дентин аумағы; 3.орынбасушы дентин және ұлпадағы өзгеріс аумағы: A) гипоплазия, дақты түрі B) флюороз, жолақ (штриховая) түрі C) тісжегінің дақты кезеңі D) беткей тісжегі E) орта тісжегі {Дұрыс жауабы}=E {Күрделілігі}=3 $$$002 Науқасты қарап тексергенде 14 тістің мойын бөлігінде тісжегі қуысы бар, дентин-эмаль шекарасынан тереңірек орналасқан. Тістің түсі өзгермеген. Шұқып тексергенде табаны ауырмайды, қабырғаларында ауру сезімі бар. Қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Көрсетілген обьективті көріністер қай аурудың клиникасына сай келеді: A) баяу дамыған терең тісжегі B) орта тісжегі C) беткей тісжегі D) сына тәрізді (клиновидный) ақау E) тез дамыған терең тісжегі {Дұрыс жауабы}=B {Күрделілігі}=3 $$$003 40 жастағы науқас ауыз қуысын сауықтыру мақсатында стоматологқа келген. Тексергенде: 37 тіс шайнау бетінде орташа көлемді кариозды қуыс анықталған. Эмаль дентин байланысын зондпен шұқығанда ауырады, түбі бойы ауырмайды. Перкуссия ауырмайды. Қандай диагноз қоюға болады: A) беткей тісжегі B) орташа тісжегі C) терең тісжегі D) созылмалы периодонтит E) сына тәрізді ақау {Дұрыс жауабы}=B {Күрделілігі}=3 $$$001 Ер адам, жасы 48. Төменгі ерінде ауырмайтын түзілім пайда болуына шағымданады. Обьективті: төменгі еріннің қызыл жегінде шамамен 1см жарты ай тәрізді элемент бар. Элемент, қызыл жиектің маңындағы тіннен көтерінкі орналасқан, түсі қалыпты жағдайда, тығыз қабыршықтанған. Болжамды диагнозын анықтаңыз: A) Папиллома B) сүйелді обыралды C) шектеулі, обыралды гиперкератоз D) Кератоакантома E) Сүйел {Дұрыс жауабы}=B {Күрделілігі}=3 $$$002 Науқастың жасы 60, 1 ай бұрын төменгі ерінде тығыз түзілім пайда болуына шағымданады. Обьективті: төменгі еріннің қызыл жиегінде сол жақта тығыз қабыршықтанған ақ-сұр түстес, өлшемі шамамен 0,5х1 см зақымдаушы элемент бар. Ерін бетінен сәлғана ойықтанып түскен. Болжамды диагноз: A) Сүйел тәрізді обыралды B) Қызыл жегі, типті түрі C) Қызыл жалпақ теміреткі, типті түрі D) Эксфолиативті хейлит, құрғақ түрі E) Шектелген обыралды гиперкератоз {Дұрыс жауабы}=E {Күрделілігі}=3 $$$001 Науқастың жасы 65, 1 ай бұрын төменгі ерінде тығыз түзілім пайда болуына шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі еріннің қызыл жегінде, сол жағында өлшемі шамамен 0,5х1 см консистенциясы тығыз, қалың мүйізденген қабатпен жабылған, кір-сұр түстес түзілім бар. Маңындағы тіннен көтеріңкі орналасқан. Конус пішіндес, сипап тексергенде ауырмайды. Болжамды диагнозын анықтаңыз: A) Тері рог B) Сүйел C) Кератоакантома D) Веррукозды лейкоплакия, сүйел тәрізді түрі E) Папиллома {Дұрыс жауабы}=A {Күрделілігі}=3 $$$002 62 жастағы науқас жоғарғы жақтың оң жақ маңында пайда болған ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі алмалы-салмалы протезді қолданғалы 2-3 аптадан кейін пайда болған. Протезді таққан кезде күшейе түседі. Объективті: жоғарғы жақтың оң жағындағы 4.4 мен 4.5 тістердің проекциясының өтпелі қатпарында, протездің шеті түйісу орнында, көлемі 4-5 мм, жазық жара (эрозия) байқалады. Жараның перифериясында қатпар (складка) анықталады (фиброзды тканнің өсуі). Сіздің болжамды қоятын диагнозыңыз: A) Папиллома B) Декубиталды ойық жара C) Бөлшектенген фиброма (дольчатая фиброма) D) Трофикалық ойық жара E) Лейкоплакия, сүйелтәрізді түрі {Дұрыс жауабы}=C {Күрделілігі}=3 $$$001 Науқас С., 24 жаста. Диагноз: 2.6 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі. 27 апталы жүктілік. Анезтезияны өткізуге анестетикті таңдаңыз: A) Убестезин B) Ультракаин C) Новокаин 0.5% D) Лидокаин 1% E) Мепивикаин 3% {Дұрыс жауап}= E {Күрделілігі}= 3 $$$002 Науқас 25 жаста, жоғарғы жақсүйегінің оң жағындағы тісінің ауру сезіміне шағымданды. Дәрігер келесі диагнозды қойды: 1.4 тістің созылмалы периодонтиті және инфраорбитальді анестезия жүргізді. Бұл кезде анестезияны.... енгізеді: A) көзасты тесігінің аймағына B) жоғарғы үшінші үлкен азу тістің ұяшық қырынан 18 – 25 мм жоғары C) күрек тістік тесіктің шырышты қабатына D) үлкен азу тістердің шайнау беткейінен 0,75-1см жоғары E) көз алмасының төменгі сыртқы бұрышының жоғарғы шекарасы аймағына {Дұрыс жауап}=A {Күрделілігі}=2 $$$003 Науқас 18 жаста, 4.4 тісті жұлу көрсетілді. Тіс жұлу операциясы кезінде қандай жансыздандырудың негізгі әдісін қолданады: A) Жергілікті өткізгіштік B) Жалпы (наркоз) C) Комбинирленген D) Нейролептаналгезия E) Жергілікті инфильтрациялық {Дұрыс жауап}=А {Күрделілігі}=3 $$$004 Ауру С., 40 жаста тіс поликлиникасына тіс салдыру алдында, санация мақсатымен келгені. 1.1,1.2 тістері сау, қозғалғыштығы 3 сатыда, түбірлері ⅓ ұзындыққа ашылған, жұлу керек. Осы тістерді жансыздандыруда қандай нервтерді жансыздандру керек: A) терең жартасты және бетсүйек-бет B) үлкен жартасты және бетсүйек-самай C) күрек тіс, таңдай D) таңдай, жоғарғы артқы альвеолярлы E) мұрын-тандай, жоғарғы алдыңғы альвеолярлы Дұрыс жауап = E Күрделілігі = 2 $$$005 20 жасар боз бала жоғарғы жақ сүйегінің 1.1 тістен дамыған түбір ұшы кистасы деген диагноз қойылды. Цистоэктомия және тістің түбір ұшын кесу операциясын жүргізу үшін дәрігер келесі тәртіппен екі жансыздандыру жасады: Сол қолдың сұқ саусағымен сол көздің төменгі қырын сипап, сүйек бұдырын тауып алды да, одан 0,75 см төмен нысана көзін тауып алған соң, бас бармақпен жоғарғы ерінді көтерді де, инені 1.2 және 1.1 тістердің тұсындағы өтпелі қатпарға шаншып сұқ саусаққа қарай бағыттады ине бағыты жоғары, артқа сыртқа қарай жеткен соң жансыздандырғыш дәрі жіберді. Дәрігер қандай жансыздандыру жасады ? А) Күрек тіс жансыздандыруын В) Төмпешіктік жансыздандыруды C) Көз асты жансыздандыруын D) Инфильтрациялық жансыздандыруын E) Көз ұяшығы арқылы орталық жансыздандыруын {Дұрыс жауабы}=С {Күрделілігі}=2 $$$006 66 жасар ер кісінің сол жағынан жоғарғы еріннің коллатеральдық ісінуінің салдарынан беті асимметрияланған. Ауыз ішінде 1.2 - тісі қызыл иектің деңгейінде бұзылған, түсі өзгерген, қаққанда қатты ауырады. 1.1, 1.2, 1.3 тістердің тұсында альвеолярлы өсіндінің сырт жағында басып көргенде қатты ауыратын ортасында былқылдағы бар сіңбе анықталады. Ауыз ішінен жасалған рентген суретінде 1. 2-тістің түбір өзегінің ¼ ғана пломбаланғаны, түбір ұшы маңындағы сүйектің шекарасы анық емес сорылғаны анықталады. Операциялық ем шаралар жүргізу үшін қандай жансыздандырулар жасаған дұрыс деп ойлайсыз? А) Альвеолярлы өсіндінің екі жағынан инфильтрациялық жансыздандыру В) Көз асты жансыздандыруының сыртқы тәсілі мен күрек тістік жансыздандыруын C) Туберальды жансыздандыруының ауыз сыртылық тәсілі мен таңдай жансыздандыруы D) Иек жансыздандыруының сыртқы тәсілі мен инфильтрациялық жансыздандырулар E) Берше-Дубов және туберальды жансыздандырудың ішкі тәсілі {Дұрыс жауабы}=B {Күрделілігі}=3 $$$007 Науқас К. 35 жаста, төменгі жақжүйегіндегі 4.1 тістен болған радикулярлы кистаны алып тастау көрсетілген. Тіс бұзылған, бұрын бірнеше рет емделген, тісті кистамен бірге алып тастау көрсетілген. Жансыздандырудың ең тиімді әдісін көрсетіңіз: A) Оң жағынан торусальді анестезия B) Оң жағынан мандибулярлы анестезия C) Ментальді анестезия және инфильтрациялық анестезия D) Вайсблат бойынша анестезия E) Оң жағынан инфраорбитальді {Дұрыс жауап}=C {Күрделілігі}=3 $$$008 Науқас М. 43 жаста, қатты таңдайдың оң жағындағы ауру сезімі бар ісінудің пайда болғанына шағымданды. Анамнезден: 2 күн бұрын балық қылқанымен жарақаттап алған, содан кейін қатты таңдайында ауыру сезімі бар ісіну пайда болған. Обьективті: жоғарғы жақ сүйектегі тістері интактілі. Қатты таңдайдың оң жағында 1,0x2,0 см – лік инфильтрат бар, оның астындағы шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, пальпациялау кезінде флюктуация анықталды. Диагноз қойылды: қатты таңдайдың оң жағындағы абсцессі. Берілген анестетиктердің ішіндегі ең тиімдісін таңдаңыз: A) 10 % лидокаин ерітіндісі B) 0,5 % новокаин ерітіндісі C) 2 % новокаин ерітіндісі D) 1% новокаин ерітіндісі E ) 2 % убестезин ерітіндісі {Дұрыс жауап}=D {Күрделілігі}=3 $$$009 Науқас 45 жаста. Жоғарғы жақ сүйегінде ауыру сезімі бар, ауыздан жағымсыз иіс шығады. Тексерістен кейін келесі диагноз қойылды: 2.7 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі. 2.7 тісті жұлу керектігі көрсетілді. Жансыздандырудың келесі әдісі тиімді болып саналады: А) Туберальді анестезия В) Туберальді және таңдайлық С) Туберальді және күрек тістік D) Көзастылық және күрек тістік Е) Күрек тістік және таңдайлық {Дұрыс жауап}=В {Күрделілігі}=2 $$$010 Диагнозы: 2.6 тістің созылмалы гранулденген периодонтитінің асқынуы. Емдеуі: 2.6 тісті жұлу. Жансыздандыру үшін ... нервін блокадалау керек. A) Ортаңғы жоғарғы альвеолярлы бұтақтарын B) Мұрын – таңдайлық нервті C) Таңдайлық нервті D) Алдыңғы жоғарғы альвеолярлы бұтақтарын E) Артқы альвеолярлы бұтақтарын және үлкен таңдай нервін {Дұрыс жауап}=Е {Күрделілігі}=3 $$$011 2.2 тісті жұлу үшін дәрігер анестезия жасады. Вестибулярлы беткейінен 2.1 тістің деңгейінде ине енгізді, ине қиындысы сүйекке қараған, инені 2.3 тіске қарай жылжытты, және жылжыту барысында анестетик жіберіп отырды. Екінші енгізуді таңдай беткейінен, 4.2 тістің проекциясында жүргізді. Ерітіндіні шырышты қабат астына, инені жылжытпай жіберді. ... анестезисы жүргізілді? A) Ментальді B) Торусальді C) Мандибулярлы D) Инфильтрациялық E) Вайсблат бойынша {Дұрыс жауап}=D {Күрделілігі}=2 $$$012 Дәрігер науқасқа келесі диагнозды қойды: 2.7 тістен дамыған жоғарғы жақсүйегінің жедел іріңді периоститі, консервативті емге жарамайды. 2.7 тісін жұлып, вестибулярлы беткейінен периостотомия жүргізу керек. Ол үшін дәрігер – стоматолог қандай анестезия түрін жүргізуі тиіс? А) Таңдайлық және инфильтрациялық В) Таңдайлық және туберальді С) Таңдайлық және инфраорбитальді D) Күрек тістік және таңдайлық Е) Күрек тістік және инфильтрациялық {Дұрыс жауап}= В {Күрделілігі}= 3 $$$013 Төменгі жақтың екінші үлкен азу тісті жұлу үшін ... жансыздандыру түрін жасау керек. А) Ментальді В) Мандибулярлы С) Мандибулярлы және инфильтрациялық D) Туберальді Е) Берше бойынша анестезия {Дұрыс жауап}=С {Күрделілігі}=3 $$$014 Хирург-стоматолог келесі диагнозды қойды: 4.8 тістің жарып шығуының қиындауы жедел іріңді перикоронитпен, 4.8 тісті жұлуда, блокадалауға ең тиімді нерв: А) Төменгі ұяшықты, тілдік В) Ұрттық, мұрын - таңдайлық С) Таңдайлық, инфраорбитальді D) Жоғарғы артқы ұяшықтық Е) Жоғарғы алдыңғы ұяшықтық {Дұрыс жауап}=A {Күрделілігі}=3 $$$015 Дәрігер науқасқа келесі диагнозды қойды: 2.7 тістен дамыған жоғарғы жақсүйегінің жедел іріңді периоститі, консервативті емге жарамайды. Жансыздандырудың ең тиімді әдісі: А) Таңдайлық және туберальді В) Таңдайлық және инфильтрациялық С) Таңдайлық және инфраорбитальді D) Күрек тістік және таңдайлық Е) Күрек тістік және инфильтрациялық {Дұрыс жауап}= А {Күрделілігі}= 3 $$$016 Дәрігер екі жағынан инфильтрациялық анестезияны жүргізді. 4.5 тісті жұлу кезінде әлсіз ауыру сезімімен болды. Жұлу кезінде тістің түбірінің ұшының сынып кетуі болып, оны әрі қарай алып тастау қатты ауыру сезімінен мүмкін болмады. Анестезины қайталап өткізуге тура келді. Қосымша анестезия таңдаңыз: A) Мандибулярлы инфильтрациялық немесе торусальды B) Берше-Дубов бойынша C) Егоров бойынша D) Ментальді E) Туберальді {Дұрыс жауап}=А {Күрделілігі}=3 $$$017 Ауызішілік (саусақтық) әдіс арқылы мандибулярлы анестезияны жасау кезіндегі анатомиялық ориентирді анықтаңыз: A) үлкен азу тістер B) самайлық қырат C) үлкен азу тісартылық шұңқыр D) қанатжақ қатпары E) торус {Дұрыс жауап }=C {Күрделілігі}=3 $$$001 30 жастағы науқаста 2% новокаин ерітіндісін 2 мл мөлшерде өткізгіштік жансыздандыру үшін енгізген кезде, бет, аяқ – қол және дене терісінде қызыл түстес, тері беткейінен көтерілмейтін, қышынумен жүретін дақтар пайда болды. Науқаста қандай асқыну: A) Есекжем B) Квинке ісінуі C) Анафилактикалық шок D) Контактілі дерматит E) Күлбіреуікше {Дұрыс жауап}=A {Күрделілігі}=2 $$$002 Ер адам 46 жаста, 4.6 тісін жұлу мақсатында 2% новокаин ерітіндісімен жергілікті өткізгіштік жансыздандыру жасалды. 50 секунд өткеннен кейін науқаста қорқыныш сезімі, суық жабысқақ тер, ернінің көгеруі, АҚ 60 мм.сын. бағ. , қарашық кеңейген, жарыққа әсер етпейді, еріксіз зәр шығару. Төмендегі асқынулардың қайсысы науқаста байқалды? А) Коллапс B) Естен тану C) Диабеттік кома D) Анафилактикалық шок E) Гипертониялық криз Дұрыс жауап =D Күрделілігі=2 $$$003 45 жастағы әйел адам, 4.6 тісін жұлу мақсатында 2% новокаин ерітіндісімен жергілікті өткізгіштік жансыздандыру жасалды. 50 секунд өткеннен кейін науқаста қорқыныш сезімі, суық жабысқақ тер, АҚ 90 мм.сын. бағ. , пульсі жиіленген, терісі бозарған.Төмендегі асқынулардың қайсысы науқаста байқалды? А) Коллапс B) Эпилепсия ұстамасы C) Диабеттік кома D) Анафилактикалық шок E) Гипертониялық криз {Дұрыс жауап}=А {Күрделілігі}=2 $$$004 18 жастағы науқастың 1.8 тісін жұлу үшін жансыздандыру жасағаннан кейін оң жақтағы ұрты аймағында ісіну пайда болды. Дәрігер 1.8 тісті жұлды. Суық қою ұсынылды. 5-6 күн өткеннен кейін самайға берілетін жоғарғы жақ аймағындағы ауру сезімі пайда болды. Объективті: құм сағат симптомы. Ауыздың ашылуы шектелген. 1.7, 1.8 аймағының өтпелі қатпарында пальпация кезінде қатты ауру сезімі. 1.8 тіс ұяшығы эпителизация сатысында. Қандай диагноз сай келеді деп ойлайсыз? A) инъекциядан кейінгі самайастылық аймақтың гематомасы В) инъекциядан кейінгі самайастылық аймақтың флегмонасы С) инъекциядан кейінгі самайастылық аймақтың абсцессі D) Самайастылық аймақтың одонтогенді флегмонасы Е) инъекциядан кейінгі самайастылық аймақтың гематомасының іріңдеуі {Дұрыс жауап}=Е {Күрделілігі}=2 $$$005 Науқас созылмалы периодонтит диагнозымен 4.6 тісін жұлдырту мақсатымен келді. Анамнезінде – тағамдық аллергия. Анафилактикалық шоктың профилактикасы қандай? А) Науқасты қарау B) Анестетиктерге сынама жасау С) Тісті жұлар алдында қабынуға қарсы терапия жүргізу D) Тісті жұлар алдында физиотерапия курсын жүргізу Е) Жалпы қан анализін жүргізу {Дұрыс жауап}=В {Күрделілігі}=3 $$$006 Науқас созылмалы периодонтит диагнозымен 1.6 тісін жұлдырту мақсатымен келді. Анамнезінде – дәрілік аллергия. Анафилактикалық шоктың профилактикасы қандай: A) Тісті жұлар алдында физиотерапия курсын жүргізу B) Науқасты қарау C) Тісті жұлар алдында қабынуға қарсы терапия жүргізу D) Анестетиктерге сынама жасау E) Жалпы қан анализін жүргізу {Дұрыс жауап}=D {Күрделілігі}=3 $$$007 Науқаста енгізілген анестетикке анафилактикалық шок пайда болуы күмәні болғанда, өткізілетін терапияда мынадай препараттар болуы тиіс: A) аналептиктер B) гормональды препараттар C) антигистаминды препараттар және аналептиктер D) антигистаминды және гормональды препараттар E) антигистаминді және гормональды препараттар және аналептиктер {Дұрыс жауап}=E {Күрделілігі}=3 $$$008 Коллапс кезінде тері жамылғылары: A) құрғақ, бозғылт B) дымқыл, бозғылт C) құрғақ, гиперемирленген D) дымқыл, гиперемирленген E) қалыпты {Дұрыс жауап}=B {Күрделілігі}=3 $$$001 20 жасар ер кісі оң жақ жоғарғы жақсүйегі аймағында 2 күн бойы ауру сезіміне және ісінуіне шағымданып келді. Қарап тексергенде: оң жағында көз асты аймағының ісінуі, өтпелі қатпарында инфильтрат анықталды. Аузын еркін ашады, 1.4, 1.3 тіс маңында шырышты қабат қызарған. Өтпелі қатпар еркін. 1.3 тіс сауыт астында, қағып тексергенде ауырмайды. Болжамды диагноз қойыңыз? А) Бет венасының флебиті B) Ит шұңқырының абсцессі C) 1.3 тістің созылмалы периодонтитіңің өршуі D) 1.3, 1.4 тістен жоғарғы жақсүйегінің жедел периоститі E) 1.3, 1.4 тістен жоғарғы жақсүйегінің жедел остеомиелиті Дұрыс жауап = B Күрделілігі = 2 $$$002 30 жасар ер адамға келесі нақтама қойылды: «4.7 тістен дамыған оң жақ төменгі жақсүйегі аймағының одонтогенді флегмонасы», қабылдау бөлімінің дәрігері 4.7 тісті жұлды, төменгі жақсүйегі жиегіне параллельді, жиектен төмен кесу арқылы флегмона ашылды. Дәрігер қосымша не жасауы қажет еді? А) Жараға дренаж қоюы қажет еді B) Антибиотиктерапияны тағайындауы қажет еді C) Қосымша кесу керек D) Физиотерапия тағайындауы қажет еді E) 4.7 тісті сақтап қалуы қажет еді Дұрыс жауап = A Күрделілігі = 3 $$$003 Клиникаға алыс ауылдан ауыр халде 18 жасар ер бала жеткізілді.Анамнез жинау мүмкіншілігі болмады. Қарап тексергенде: оң жақ жоғарғы және төменгі қабағының ісінуі. Экзофтальм, хемоз, көз алмасын басқанда ауру сезімі. Ретробульбарлы кеңістікті ашу жолын анықтау үшін дәрігерлер консилиумі жасалынды. Төменде көрсетілген оперативті араласулардың қайсысы дұрыс? А) Орбитаның жоғарғы қыры арқылы кесу B) Орбитаның төменгі қыры арқылы кесу C) Орбитаның төменгі сыртқы қыры арқылы кесу D) Гаймор қуысының жоғарғы қабырғасын тесу арқылы гайморотомия E) Орбитаның жоғарғы сыртқы қыры арқылы кесу контрапертурамен Дұрыс жауап = D Күрделілігі = 3 $$$001 Бозбала Д., 18 жаста, бірнеше ай бойы оң жақ жоғарғы жақсүйегіндегі тісінің периодты түрде сыздап ауыратынына шағымданды. Қарап тексергенде альвеола өсіндісінде, 1.2 тістің түбір ұшы маңында жыланкөз анықталды, жыланкөзден бөлініс жоқ, 1.2 тіс пломбаның астында, перкуссиясы сәл ауырады. Ауыз қуысының шырышты қабаты ақшыл-қызғылт түсті. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс болар еді? A) Созылмалы фиброзды периодонтит B) Созылмалы гранулирленген периодонтит C) Созылмалы гранулематозды периодонтит D) Созылмалы фиброзды периодонтиттің өршуі E) Созылмалы гранулематозды периодонтиттің өршуі Дұрыс жауап = B Күрделілігі = 2 $$$002 Ер адам П., 27 жаста, оң жақ жоғарғы жақсүйегі қызыл иегіндегі ауыру сезімі мен ісінуіне шағымданды. Тісі бұрын емделмеген, бір жыл бұрын қызылиек деңгейінен сынып кеткен. Соңғы үш күн ауыра бастады. Қарап тексергенде: беті симметриялы, жақ асты лимфа түйіндері ұлғаймаған. Аузы еркін ашылады. 1.2 тіс маңындағы шырышты қабат сәл гиперемирленген, ісінген. 1.2 тіс толығымен бұзылған, перкуссиясы қатты ауырады. Рентгенограммада: тіс түбір ұшының маңындағы сүйек тіні айқын шекаралы, анық контурлармен, диаметрі 0,3см дейін сорылған. Емдеудің қандай әдісін қолданған дұрыс болар еді? A) 1.2 тіс тұбірін жұлу B) 1.2 тіс түбірінің резекциясы C) 1.2 тіс түбірін жұлу, периостотомия жасау D) 1.2 тіс түбірін эндодонтиялық емдеу және физиоем E) 1.2 тіс түбірін эндодонтиялық емдеу және антибиотикотерапия Дұрыс жауап = A Күрделілігі = 3 $$$003 Бозбала Д., 18 жаста, бірнеше ай бойы оң жақ жоғарғы жақсүйегіндегі тісінің периодты түрде сыздап ауыратынына шағымданды. Қарап тексергенде альвеола өсіндісінде, 1.2 тістің түбір ұшы маңында жыланкөз анықталды, жыланкөзден бөлініс жоқ, 1.2 тіс пломбаның астында, перкуссиясы сәл ауырады. Ауыз қуысының шырышты қабаты ақшыл-қызғылт түсті. Төменде берілген зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізген дұрыс болар еді? A) Ортопантомография B) 1.2 тістің электроодонтометриясы C) 1.2 тістің үш өлшемді томографиясы D) 1.2 тістің ауыз ішілік рентгенографиясы E) 1.2 тістен пломбаны алып, каналдың өтімділігін тексеру Дұрыс жауап = D Күрделілігі = 3 $$$001 Науқас Д. 19 жаста оң жақ жақсүйекасты аймағында ауырсынатын «шар» пальпацияланады, қозғалмалы, тері және тіндермен дәнекерленбеген, мөлшері 2.5х2.0см. Оның үстіндегі тері түсі өзгермеген, қатпарға жиналады. Бір апта бұрын ангинамен ауырған. Алғашқы диагнозды болжаңыз: A) Мойынның бүйір кистасы B) Созылмалы гиперпластикалық лимфаденит C) Жедел серозды лимфаденит D) Жедел іріңді лимфаденит E) Жақасты аймағының абсцесі {Дұрыс жауап}= C {Күрделігі}= 2 $$$002 Аденофлегмонаның пайда болу себебі: A) Абсцедирленген фурункул B) Периапикальды қабыну C) Паренхиматозды сиалоаденит D) Басқа аймақтардан қабыну процесінің таралуы E) Қабыну процесінің лимфа түйіні сыртына таралуы {Дұрыс жауап}= Е {Күрделігі}= 2 $$$001 Ер адам Р., 25 жаста, бетінің ісінуіне, басын игенде пайда болатын ауырлық сезіміне, оң жақ мұрнының бітелуіне, тісіндегі сыздайтын ауыру сезіміне, басының ауыратындығына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Осы шағымдарының пайда болғанына 5 ай болды. Қарап тексергенде: оң жақ бетінің ісінуінен беті асимметриялы, айбат шұңқырының пальпациясы ауырады. 1.6 тісі пломбаның астында, перкуссиясы ауырады. Рентгенограммада: оң жақ гаймор қуысының қараюы анықталды және 1.6 тіс түбірлерінің айналасындағы сүйек тіні анық шекарасыз, сорылған. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс? A) 1. 6 тістің жедел периодонтиті B) 1. 6 тістен дамыған жоғарғы жақ сүйегінің жедел периоститі C) 1. 6 тістен дамыған созылмалы фиброзды периодонтиттің өршуі D) 1.6 тістен дамыған созылмалы гранулирленген периодонтиттің өршуі E) 1.6 тістен дамыған созылмалы одонтогенді гаймориттің өршуі Дұрыс жауап = E Күрделілігі = 2 $$$001 Науқас Н., 38 жаста, төменгі қабақтың тыртықты теріс айналуы бар. Дәрігер симметриялы кездеспелі 30° бұрышты үшбұрышты лоскутпен пластика жүргізеді. Орталық тілікке қатынасты тіндердің өсуі қанша болады? A) 10% - ға B) 25% - ға C) 50% - ға D) 75% - ға E) 100% - ға {Дұрыс жауап}=С {Күрделілігі}=2 $$$002 46 жастағы еркек косметикалық ақауға шағымданады. Жарты жыл бұрын беттің термиялық жарақатын алды. Қарап тексергенде оң жақ бетінде күйіктен кейін пайда болған 3 дәрежелі қабағының тыртықты теріс айналуы анықталды. Тыртықтарды бірнеше кезеңде жою жоспарланды. Алғашқы ота төменгі қабағының тыртықты теріс айналуын жою үшін жүргізілмек. Науқасқа төменде келтірілген оталардың қайсысын тағайындаған жөн? A) Аяқшалы лоскутпен пластика B) Филатов сабақшасымен пластика C) Еркін тері трансплантатымен пластика D) Айқасқан үшбүрышты лоскуттармен пластика E) Диффенбах бойынша үшбұрышты лоскуттармен пластика Дұрыс жауап = D Күрделілігі = 3 $$$001 Қандай пластика кезінде А.Г. Лапчинский бойынша лоскутты қолданады A) Жергілікті тіндермен пластика B) Аяқшасы бар лоскуттағы операция C) Филатов сабақшасымен лоскутымен пластика D) Комбинирленген транспланттарды еркін алып салу E) Экзопротездеу {Дұрыс жауап}=B {Күрделілігі}=2 $$$002 Тері асты май қабаты алынған домаланған Филатов сабақшасынан жасалған екіқабатталған лента көмегімен мұрынды қалыптастыру әдісін ұсынған автор A) Ф.М. Хитров B) А.А. Лимберг C) А.И. Евдокимов D) В.П. Филатов E) А.Г. Лапчинский {Дұрыс жауап}=A {Күрделілігі}=2 $$$001 Бетке орналастыратын ыдыраған тері трансплантаттарын алып пайдаланатын аймақ түрлерін таңдаңыз: A) Жамбастың сыртқы беткейі B) Балтырдың ішкі беткейі C) Иықтың сыртқы беткейі D) Мойын, іш E) Арқаның артқы беткейі {Дұрыс жауап}= A {Күрделілігі}= 3 $$$001 Тіс дәрігеріне науқас төмеңгі жақ буының сықырлауына, буын қатып қалу сезіміне шағымданады. Анамнезінен алты ай бұрын төменгі «ақыл тісіне» күрделі жұлу оперциясы жасалған. Рентгенограммада буын саңылауының тарылуы, бекіткіш пластинкаларының склераздануы және буын басының аздаған деформациясы бар. Қай аурумен ажырату диагностикасын жасау қажет: А) Деформацилаушы артроз В) Жедел артрит С) Жақ контрактурасы D) Буыннан тыс анкилоз Е) Буын ішілік анкилоз {Дұрыс жауап}= А {Күрделілігі}=3 $$$001 Науқас М., 29 жаста созылмалы паренхиматозды сиалоденит анықталды. Бұл аурудың рентгенологиялық белгісін анықтаңыз: A) Бір шоқ жүзім симптомы B) Шық симптомы C) Пергаменттік сықырлау симптомы D) Толу симптомы E) Флюктуация симптомы {Дұрыс жауап}= A {Күрделілігі}= 2 $$$002 Вартонов өзегіндегі тасты алып тастау үшін, дәрігер тіл жансыздандыруын жасады. Өзекті тастың артқы жағынан қоршаған тіндерімен бірге лигатурамен тікті. Тастың үстіндегі шырышты қабықты тіліп, тасты алып тастаған соң, жараны қабат -қабатымен тігіп шықты. Дәрігер қандай қателік жіберді? А) Анестезия дұрыс таңдалмады В) Дұрыс тілік жасалмады C) Жараға дренаж қою керек еді D) Операциядан кейін жараны тікпеу керек еді E) Өзектің артқы жағынан тіндерді тікпеу керек еді {Дұрыс жауабы}=D {Күрделілігі}=3 $$$001 Науқас А., 24 жаста сол жақ төменгі жақсүйек аймағының ісінуі мен ауырсынуына шағымданып келді. 2 сағат бұрын белгісіз біреулерден соққы алған. Есінен танбаған, құсу және жүрек айну болмаған. Қараған кезде: сол жақ төменгі жақсүйек аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беті асимметриялы. Пальпация кезінде төменгі жақ сүйегінің денесі аймағында сынықтың қозғалғыштығы мен ауырсынуы анықталды. Ауыз ашуы кезінде қысым түсіру симптомы оң. Ауыз ашылуы 1,5 см. дейін шектеулі. Тістесуі бұзылған. 3.5,3.6 тістер аралығындағы шырышты қабат жыртылған, қансырайды. Алғашқы диагнозды болжаңыз: A) Төменгі жақсүйек денесінің сынуы B) Төменгі жақсүйек бұрышының сынуы C) Төменгі жақсүйек ментальды сынығы D) Төменгі жақсүйек орталығы сынығы E) Төменгі жақсүйек бұтағының сынуы {Дұрыс жауап}= A {Күрделігі}= 2 $$$002 Науқас Д., 34 жаста оң жақ төменгі жақсүйегі аймағының ісінуі мен ауырсынуына шағымданып келді. 4 сағат бұрын белгісіз біреулерден соққы алған. Есінен танбаған, құсу және жүрек айну болмаған. Қараған кезде: төменгі оң жақ төменгі жақсүйегі аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беті асимметриялы. Пальпация кезінде төменгі жақсүйегі бұрышы аймағында сынықтың қозғалғыштығы мен ауырсынуы анықталды. Ауыз ашуы кезінде қысым түсіру симптомы оң. Ауыз ашылуы 1,5 см дейін шектеулі. Тістесуі бұзылған. 4.8 тіс артындағы шырышты қабат жыртылған, қансырайды. Алғашқы диагнозды болжаңыз: A) Төменгі жақсүйек денесінің сынуы B) Төменгі жақсүйек бұрышының сынуы C) Төменгі жақсүйек ментальды сынығы D) Төменгі жақсүйек орталығы сынығы E) Төменгі жақсүйек бұтағы сынығы {Дұрыс жауап}= B {Күрделігі}= 2 $$$003 Төменгі жақтың сынықтарын аппаратурлы емдеуге қолданылатын аппарат? А) Рудько аппараты B) Брагин аппараты; C) Елизаров аппараты; D) Аржанцев аппараты; E) Маланчук және Ходорович аппараты; Дұрыс жауап = A Күрделілігі= 3 $$$004 Төменгі жақ сынығы кезінде Рудько аппаратын қолдану уақыты: A) 20 - 25 күн B) 30 - 36 күн C) 40 - 45 күн D) 45 - 50 күн E) 50 – 55 күн Дұрыс жауап = B Күрделілігі= 3 $$$005 26 жасар ер кісі жарақат алғаннан 7 күннен кейін клиникаға келіп қаралды. Объективті көрінісі: терісінің түсі өзгеріссіз, сол жағынан бет сүйегі аймағы деформацияның әсерінен тегістелген, көздің төменгі қырын басып тексергенде баспалдақ симптомы анықталады. Сол жағынан көз асты аймағының терісі мен мұрынның қанаты жансызданған. Алдын ала қандай диагноз қоюға болады? А) Мұрын сүйектерінің сынығы В) Жоғарғы жақтың сынығы C) Бет сүйегінің ығыса сынуы D) Бет сүйегінің маңдай өсіндісінің сынуы E) Жоғарғы жақ қуысының алдыңғы қабырғасының сынуы {Дұрыс жауап}=C {Күрделілігі}=2 $$$006 Рота санитары ұрыс алаңында қалған 19 жасар сержантты тауып алды. Ауыр жараланған сержант ес түссіз, сіңір рефлекстері баяу, фото реакциясы бар, беттің орта бөлігінің жұмсақ тіндері қатты ісінген. Екі көзінің астында үлкен қанталаған аймақтар бар («көзілдірік симптомы»). Құлағы мен мұрнынан аққан қан аралас сары су қабыршақтанып қатып қалған. Жоғарғы жақсүйегінде патологиялық қозғалыштық бар. Төмендегі алдын - ала қойылатын диагноздардың қайсысы сай келеді? А) Мұрын сүйектерінің сынығы В) Жоғарғы жақсүйегінің Ле- Фор бойынша I сынығы С) Жоғарғы жақсүйегінің Ле- Фор бойынша II сынығы D) Жоғарғы жақсүйегінің Ле- Фор бойынша III сынығы Е) Жоғарғы жақсүйегінің Ле- Фор- Герен сынығы {Дұрыс жауап}=В {Күрделілігі}=2 $$$007 Клиникаға 6 сағат бұрын жарақат алған, 20 жасар жігіт сол жақ төменгі жақсүйегінің ауыратынына шағымдап келді. Аузының ашылуы шектеулі, тістемі бұзылған. Объективті: беті сол жағынан төменгі жақтың бұрышы маңындағы жұмсақ тіндердің ісінуінен асимметрияланған.. Венсан симптомы және төменгі жақсүйегінің бұрышына қысым түсүру симптомы оң . 4.8- тістің тұсында сүйектің патологиялық қозғалысы анықталады. Рентгенде: 4.8- тістің тұсында сүйектің бүтіндігі бұзылған. Төмендегі ем-шаралардың қайсысы орынды болып табылады? А) Рудько аппаратын қолдану В) Збарж аппаратын қолдану С) Сақпан таңбасын таңу D) Екі жақтық шендеуіш салу Е) Айви тәсілімен сымды қою {Дұрыс жауап}=D {Күрделілігі}=3 $$$001 Науқас С., 45 жаста, жұмсақ тіндердің қышқылмен күю кезіндегі алғашқы көмекті көрсетіңіз: A) Антибиотиктерді енгізу B) Күйген беткейді 96% спиртпен өңдеу C) Эритромицинді жақпамен антисептикалық таңғыш қою D) Күйген тінді алып тастау E) Күйген беткейді 2% сода ерітіндісімен өңдеу {Дұрыс жауап}=E {Күрделілігі}=3 $$$002 28 жасар әйел, химиялық зертхананың қызметкері, 2 сағат бұрын жұмыс кезінде оң жақ бет бөлігінің күйігін алды. Берілген әдістердің қайсысы ең тиімді болып саналады? А) Бұлшықетке антибиотиктерді енгізу В) Күйген беткейді 96% спиртпен өңдеу С) Вишневский жақпасымен таңғыш қою D) Күйген беткейді 2% сода ерітіндісімен өңдеу Е) Бетті салқын сумен жуып, новокаин сіңірілген таңғыш қою. {Дұрыс жауап}= D {Күрделілігі}=3 $$$001 Науқас С., 19 жаста клиникаға науқас жарақаттан кейін ауырсыну мен ауыз қуысынан қанағу шағымымен келді. Қараған кезде: беті симметриялы. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 1.1, 1.2, 2.1, 2.2 тістердің ІІ-ІІІ дәрежелі қозғалғыштығы, қызылиектің кілегей қабығы қызарған, ісінген, зақымдалған, қансырайды. Пальпациясы ауырсынады. Алғашқы диагнозды болжаңыз: A) Жарақаттық периодонтит B) Жарақаттық пульпит C) Толық емес орнынан таю D) Толық орнынан таю E) Ішке кірген орнынан таю {Дұрыс жауап}= C {Күрделігі}= 2 $$$002 Науқас М., 55 жаста. Диагноз: 1.1, 2.1 тістердің толық емес таюы. 1.1, 2.1 тістерді емдеу әдісін таңдаңыз: A) Репозиция, бекіту B) Тістерді жұлу C) Тістерді бекіту D) Репозиция E) Реплантация {Дұрыс жауап}= A {Күрделігі}= 3 $$$003 Науқас К., 49 жас. Диагноз: 2.3 тістің альвеолярлы өсіндінің сынығымен 2.3 тістің тесілген таюы. Емдеу әдісін таңдаңыз: A) Репозиция B) Трепонациялау және пломбалау C) Реплантация D) Қарау E) Жұлу {Дұрыс жауап}= E {Күрделігі}= 3 $$$001 Қандай қосымша аурулары болған кезде тісті жұлу операциясы тек стационарда жүргізіледі? A) Тиреотоксикоз B) Сульфаниламидтерге аллергиялық реакция C) Созылмалы гепатит D) Гемофилия, тромбопения E) Компенсация сатысындағы қант диабеті {Дұрыс жауап}= D {Күрделілігі}= 3 $$$002 Тіс жұлу операциясына абсолютты көрсеткішті көрсетіңіз: A) Созылмалы периодонтит B) Созылмалы периодонтиттің асқынуы C) Пародонтит D) Жедел периостит E) Сынық сызығындағы тістер {Дұрыс жауап }=E {Күрделілігі}=2 $$$003 Тіс жұлу операциясына салыстырмалы көрсеткішті көрсетіңіз: A) 1 дәрежелі қозғалғыштығы бар тістер B) Түбірлерінің ½ ұзындығы ашылған 3 дәрежелі қозғалғыштығы бар тістер C) Сынық сызығындағы тістер D) Біртүбірлі тістің созылмалы фиброзды периодонтиті E) Жедел остеомиелит {Дұрыс жауап}=B {Күрделілігі}=2 $$$001 Науқас А., 28 жаста. Анамнезінен: 2.5 тістің ауырғанына 2 тәулік болды. Объективті: сол жақ жоғарғы жақсүйегі аймағының жұмсақ тіндерінің ісінуі есебінен бет асимметриялы. Пальпациясы ауырсынады. Ауыз ашылуы ауырсынады. 2.5 тістің сауыты 2/3 бұзылған, перкуссия ауырсынады. Тістің айнала шырышты қабаты қызарған, ісінген, пальпациясы ауырсынады. 2.5 тісті жұлу үшін құралды таңданыз: A) Тік қысқаш B) Тік элеватор C) Құстұмсық тәріздес бірігетін қышқаш D) Құстұмсық тәріздес бірікпейтін қышқаш E) S-тәрізді иілген қышқаш {Дұрыс жауап}= E {Күрделігі}= 3 $$$002 Науқас С., 15 жаста. Анамнезінен: 2.6 тістің ауырғанына 2 тәулік болды. Объективті: сол жақ жоғарғы жақсүйегі аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беті асимметриялы. Пальпациясы ауырсынады. Ауыз ашылуы ауырсынады. 2.6 тістің сауыты 2/3 бұзылған. Перкуссия ауырсынады. Тістің айналасындағы шырышты қабат қызарған, ісінген. 2.6 тісті жұлу үшін құралды таңдаңыз: A) Тік қысқыш B) Тік элеватор C) Құстұмсық тәріздес бірігетін қышқаш D) S-тәрізді иілген қысқыш E) Бүртіктері бар құстұмсық тәріздес қышқаш {Дұрыс жауап}= D {Күрделігі}= 3 $$$003 Науқас Д., 35 жаста. Диагнозы: 4.6 тістің созылмалы периодонтиті. 4.6 тісті жұлу кезінде дәрігердің орналасуын таңдаңыз: A) Алдыңғы, оң жағынан B) Алдыңғы, сол жағынан C) Артқы, оң жағынан D) Артқы, сол жағынан E) Сол жағынан {Дұрыс жауап}= C {Күрделігі}= 3 $$$004 Құстұмсық тәріздес ұрты бірігетін қышқашпен... жұлады: A) Төменгі жақсүйегінің күрек тістерін B) Төменгі жақсүйегінің үлкен азу тістерін C) Жоғарғы жақсүйегінің кіші азу тістерін D) Жоғарғы жақсүйегінің үшінші үлкен азу тістерін E) Төменгі жақсүйегінің тістерінің түбірлерін {Дұрыс жауап }=E {Күрделігі}=3 $$$001 Науқас 22 жаста. Клиникаға ауыз қуысынан қанағыштық шағымымен келді. Бір тәулік бұрын 1.6 тіс жұлынды. Мұрын-ауыз сынамасы оң. Асқынуды болжаңыз: A) Ұяшықтан қан кету B) Альвеолит C) Самай-төменгі жақ буынының орнынан таюы D) Гаймор қуысы түбінің перфорациясы E) Төменгі жақсүйегінің сынығы {Дұрыс жауап}= D {Күрделігі}= 2 $$$002 Науқас А., 37 жаста. Диагноз: Жоғарғы жақ синусы түбінің перфорациясы. Ороантральды байланысудың пластикасы үшін құрылған таңдай қиығының орналасуын таңдаңыз: A) Таңдай тігісі жағына B) Фронтальды тістер жағына C) Жұмсақ таңдайға қарай D) Ороантральды байланысу жағына E) Өтпелі қатпар жағына {Дұрыс жауап}=C {Күрделігі}= 3 $$$003 Науқас 28 жаста, тіс жұлғаннан кейін 3 күннен соң, асқыну дамыды, ұяшық айналасында ауыру сезімі пайда болған, жағымсыз иісті фиброзды қақпен жабылған. Диагнозды қойыңыз: A) Альвеолит B) Периостит C) Гайморит D) Остеомиелит E) Флегмона {Дұрыс жауап}=A {Күрделілігі }=2 $$$001 Ер адам А., 25 жаста, төменгі жақсүйегінің сол жақ асты ауыратындығына және ісінгеніне, жұтынғанда ауыратындығына, аузының шектеліп ашылатындығына, дене температурасының 38,5 дейін көтерілгеніне шағымданды. Қарап тексергенде: төменгі сол жақ сүйегі бұрышының астында қатты ауыратын инфильтрат себебінен беті асимметриялы. Ауыз ашылуы шектелген. Ауыз қуысында: ретромоляр аймағы мен қанатша төменгі жақ қатпары гиперемирленген, ісінген, тығыз және ауыратын инфильтрат бар. R-граммада: 3.8 тіс вертикальді орналасқан, ретромоляр кеңістігі теріс. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс: A) 3.8 тістің ретенциясы, жедел перикоронитпен асқынған B) 3.8 тістің қиналып жарып шығуы, жедел перикоронитпен асқынған C) 3.8 тістің қиналып жарып шығуы, созылмалы перикоронитпен асқынған D) 3.8 тістің қиналып жарып шығуы, жұтқыншақ маңы кеңістігінің флегмонасымен асқынған E) 3.8 тістің қиналып жарып шығуы, қанатша төменгі жақ кеңістігінің флегмонасымен асқынған Дұрыс жауап = D Күрделілігі = 2 $$$002 Стоматологиялық емханаға науқас төменгі жақсүйегінің екінші үлкен азу тіс арты аймағында қатты, тұрақты, шайнағанда үдейтін ауырсыну сезіміне шағымданып келді. Ауыз қуысы ашылуы шектеулі. Ауырсыну сезімі құлақ, самайға беріледі. Жұтынғанда ауырсыну. 3.7 тіс шырышты қабаты қызарған, ісінген; 3.8 тістің медиальды бұдыры көрінген. Рентгенограммада 3.8 тіс вертикальды бағытта, ретромолярлы кеңістік 0,5 см. Емдеу тактикасын таңданыз: A) Новокаин-антибиотикті тежеу(блокада) B) Капюшонды кесу C) Периостотомия D) 3.8 тісті жұлу E) «Метрогил- Дента» гелімен аппликация жасау {Дұрыс жауап}=B {Күрделілігі}=3 $$$001 Науқас К., 28 жаста. Анамнезінен – бір ай бұрын төменгі «ақыл тісі» жұлынғаны белгілі болды. 2 аптадан кейін ретромолярлы аймағының ісінуі байқалды, ауыз ашылуы қиындай бастады. Ұрт аймағының төменгі шекарасында тығыздану пайда болды, кейіннен өздігінен ашылды. Жыланкөз маңындағы терінің жаңа тығыздануы пайда болды. Қай аурумен ажырату диагностикасын жасайсыз: A) Ретромолярлы периостит B) Созылмалы гиперостозды остеомиелиттің өршу сатысы C) Жақсүйегінің туберкулезі D) Созылмалы деструктивті остеомиелит өршу сатысы E) Ұрт аймағының флегмонасы {Дұрыс жауап} = А {Күрделілігі} = 3 $$$002 Үшінші үлкен азу тістің қиындықпен жарып шығуының жергілікті асқынуы: A) Тризм B) Невралгия C) Микростома D) Ксеростомия E) Микрогнатия {Дұрыс жауап}=A {Күрделілігі}=2 $$$001 Науқас 34 жаста, диагнозы – ауыз қуысы түбінің нейрофиброматозы. Салыстырмалы диагностиканы жүргізіңіз: A) Ауыз қуысының дермоидты кистасы B) Ауыз қуысы түбінің флегмонасы C) Ауыз қуысы түбінің лимфангиомасы D) Ауыз қуысы түбінің гемангиомасы E) Ауыз қуысы түбінің лимфостазы {Дұрыс жауап}=А {Күрделілігі}=3 $$$002 Науқас Н., 25 жаста, бет терісінің папилломасы диагнозы қойылды. Емдеудің дұрыс әдісін таңдаңыз: A) Радикальді кесу B) Диатермокоагуляция C) Склероздаушы терапия D) Сынатәріздес кесу E) Физиотерапия {Дұрыс жауап}=А {Күрделілігі}=3 $$$001 Артериальды гемангиоманың негізгі клиникалық белгісі A) Пульсациялау B) Флебиттердің болуы C) Пальпация кезіндегі ауру сезімі D) Ауырсынатын инфильтрат E) Қанталамайтын эрозиялар {Дұрыс жауап}=A {Күрделілігі}=2 $$$002 Артериальды гемангиоманы емдеудің негізгі әдістері A) Тігіп тастау B) Электрокоагуляция C) Сәулемен әсер ету D) Склероздаушы терапия E) Кесіп тастаумен жүретін эмболизация {Дұрыс жауап}=E {Күрделілігі}=2 $$$001 Науқас А., 18 жаста, бетінің баяу өсетін түзілісіне байланысты ассимметриялылығына, тек кейде ауру сезімінің болатындығына, және оның айналасындағы қабыну үрдісінің қайталанып дамуына, соңында бетінде немесе қызылиекте пайда болатын жыланкөзге шағымданды. Болжамды диагноз: A) Остебластокластома B) Фиброма C) Амелобластома D) Папиллома E) Жоғарғы жақсүйегінің сынығы {Дұрыс жауап}=А {Күрделігігі}=2 $$$002 Әйел 27 жаста, оң жағындағы төменгі жақсүйегінің «үрленуіне», сол аймақтағы тістің қозғалғыштығына шағымданды. Мұны бір жыл бұрын алғаш байқаған болатын, әрі қарай домбығу үлкейе берді. Қарау кезінде 4.5, 4.6, 4.7 тістің альвеолярлы өсіндісі аймағында домбығу анықталды, пальпация ауыру сезімінсіз, беткейі тегіс. Түзіліс астындағы шырышты қабат түсі өзгеріссіз. Болжамды диагнозды көрсетіңіз: А) Одонтома B) Цементома С) Амелобластома D) Кистогранулема E) Радикулярлы киста {Дұрыс жауап}=C {Күрделілігі}=2 |