Главная страница
Навигация по странице:

  • 13. Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі Алдар көсе бейнесі Алдар көсе

  • 14. Ш.Уәлиханов – фольклортанушы

  • 15.Төрт түлік туралы өлең-жырлар үлгілерін талдау

  • 16. Бала өсіру ғұрпының фольклоры

  • 17. Жұмбақтардың үлгілеріне талдау жаса

  • 18. Қазақ эпосы және оның түрлері

  • хаә общий. 4. Маалмтелдер лгілеріне талдау жасау Новеллалы ертегілер


    Скачать 5.25 Mb.
    Название4. Маалмтелдер лгілеріне талдау жасау Новеллалы ертегілер
    Дата25.11.2022
    Размер5.25 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлахаә общий.docx
    ТипДокументы
    #812238
    страница2 из 9
    1   2   3   4   5   6   7   8   9

    12. Бесік жырларына талдау жасау



    Бесік жыры екі түрлі міндет атқарады:

    1. сәбиді жұбату және оның болашағына деген ата-аналық тілегін білдіреді;

    2. ананың балаға деген мейірі, махаббаты, ой-арманы, ізгі ниеті, халықтың ақыл өсиеттері айқын керінеді. Өлеңі 7-8, кейде 11 буынды әнтүрінде құрылады. Мысалы:

    “...Айыр қалпақ киісіп,

    Ақырып жауға тиісіп,

    Батыр болар ма екенсің!

    Бармақтары майысып,

    Ою-өрнек ойысып,

    Ұста болар ма екенсің!

    Таңдайларың тақылдап,

    Шешен болар ма екенсің!

    ...Құрығыңды майырып,

    Түнде жылқы қайырып,

    Қызмет қылар ма екенсің?!

    Қолымыздан іс алып,

    Бақытымызға жан балам,

    Бізді бағар ма екенсің?!” 

    13. Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі Алдар көсе бейнесі

    Алдар көсе - қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Аңыз әңгімелерде Алдар көсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады. Оның мақсаты - сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды т.б. әжуа ету. Мысалы, ол сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді; оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап, қошеметгеп отырады. Өйткені Алдар көсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халыктың өкілі. 

    Әлкей Марғұланның айтуынша: «Алдар көсе жайлы аңыз, ертегілер әу баста қазақ даласында туып, кейіннен түрікмен, қырғыз, татарларға тараған». Ауыз әдебиеті қарқындап тұрған тұста, көшпелілердің мидай араласып жатқан заманында Алдардың атағының аспандауы әділеттілікті аңсаудан, ақиқатты іздеуден, шындыққа шөліркеуден екені бесенеден белгілі. Қалай болғанда да Алдардың даңқы күні бүгінге дейін қазақ даласын шуағына бөлеп тұр. М. Әуезов: «Алдар көсе жайындағы қазақ айтатын әңгімелер көпке мәлім, көп қызықтаған, алыс заманнан келе жатқан әңгімелер» депті.

    Қорыта айтқанда, Алдар көсе қазақ ұлтының бойындағы кереғар қылықтар мен мінезіндегі міндерді, ашкөздікті айыптаушы адам. Аңыздың астарында – ақиқат, ақиқаттың жапсарында кешегі, бүгінгі, ертеңгі өмір, кеще кісілер бүгін де, ертең де өмір сүре береді. Бірақ олардың оғаш, оспадар қылықтарын күлкі қылып, жарнамалап отыру үшін де Алдар көсе сықылды кейіпкерлер қажет-ақ.

    14. Ш.Уәлиханов – фольклортанушы

    Шоқан өзінің болған жерлерінде халықтың ауыз әдебиетін жинай жүреді, көптеген жыршы-жырау, ақындармен танысады. қазақтың сол кездегі атақты ақындары: Жанақ, Орынбай, Арыстанбай, Жұмағұл, тағы басқалармен танысып, олардың жырларын тындап қана қоймай, жазып алып отырады. қырғыз еліне барган сапа-рында қырғыздың атақты дастаны “Манастың” біраз әңгімесін жазып алады. 

    Шоқанның әдеби зерттеу еңбектерін 3 топқа бөлуге болады:

    1. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері, ақындар, олардың шығармалары туралы мәлімет;

    2. Қырғыз бен қазақ халықтарының ауыз әдебиеті туралы зерттеулер;

    3. Қазақ пен қырғыз поэзиясының түрлері туралы теориялық зерттеулер.

    Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері: «Қазақ шежіресі», «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Қырғыз-қайсақтардың үлкен ордасына қарасты елдердің аңыз-әңгімелері», т.б.

    Шоқан қазақтың ауыз әдебиетін жинаушы ғана емсс, сонымен қатар оның зерттеушісі де болды. Ол жалпы қазақ халқының тарихы, этнографиясы, қоғамдық өмірі, әлеуметтік тұрмысы туралы үздік, ал бүгінгі күнде мәнін жоғалтпаған ғылыми пікірлер айтады. Қазақтың батырлар жыры жайында да Шоқан азды-кепті пікір айтқан. Бұл жырлар, Шоқанның айтуынша, ногайлы дәуіріндс, XIV, XV, XVI ғасырлар шамасында туған. Онда: “Халықтың рухы, көзқарасы, әдеті, мінез-қүлқы, тұрмыс-тіршілігі суреттслген. Сондықтан бұл жырлардың әдебие,тггік жағынан болсын, тарихи жағынан болсын маңызы зор”

    15.Төрт түлік туралы өлең-жырлар үлгілерін талдау

    Тұрмыс-салт жырларының ең бай және кең тараған түрі – төрт түлік малға байланысты туған өлең-жырлар. Төрт түлік туралы өлең-жырлар ерте заманнан бері халықпен бірге жасасып келеді. Ерте кезде адамдарда әр түліктің иесі бар деген түсінік болған, оларға ат қойған, әрқайсысының жаратушы иесі бар деп түсініп, оларға жалбарынған. Мысалы; Қой атасы – Шопаната, Сиыр атасы – Зеңгібаба, Жылқы атасы – Қамбарата, Түйе атасы – Ойсылқара, Ешкі атасы – Шекшеката. Шопанатадан «Тегене құйрық қошқар бер, малды берсең, қойды бер», Қамбаратадан «Айғыр берсең үйірі толған байталды, өңкей мама бие бер», Зеңгібабадан «Сиыр берсең, өңкей сүттісін бер», Ойсылқарадан «Маң-маң басқан, маң басқан, шудаларын шаң басқан, жүнді, сүтті, күшті түйе бер», – деп жалбарынады. Тұрмыс-тіршілігі төрт түлікпен тығыз байланысты болған қазақ халқы әр түліктің ерекшелігін де тани білген және оған байланысты көптеген өлеңдер туғызған. Соның бірі – «Малдың баласын сүюі» өлеңі.

     

    Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,

    «Ештеңені білмеген момыным» деп.

    Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,

    «Қараңғыда баспаған қорқағым» деп.

    Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,

    «Жаудыраған көзіңнен тоташым» деп.

    Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,

    «Тастан-тасқа секірген шұнағым» деп.

    Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,

    «Тұлпар болар жүгірген жұрыным» деп.
    16. Бала өсіру ғұрпының фольклоры

    Балалар өмірінің әрбір кезеңінің өлең-жырмен өрнектеліп отыратындығын алғаш атап көрсеткен ғалым Х. Досмұхамедов болатын, бірақ ол бұл топтағы шығармаларға сипаттама беріп, талдау жасамайды. Оған «Балалар өлеңдері» деген жалпылама атау беріп жеке жанрлық сала ретінде топтап, бірқатар шығармаларға ғылыми сипаттама беріп, тексеру жүргізген Б. Уахатов болды. Ол: «Қазақта балаларға арналған өлеңдердің екі түрі бар.

    Бірі балалардың атынан шығарылып, бірақ соны балалардың өздері орындайтын өлеңдер де, екіншісі – ата-аналар шығарып орындайтын өлеңдер тобы» , - дей келіп, «Бесік жыры», «Айгөлек», «Қуыр-қуыр қуырмаш», «Ал білек», «Тұсау кесу» сияқты жекелеген шығармаларға сипаттама берумен шектеледі. Оларды тұтастырып тұрған ортақ белгілерге тоқталмайды.

    Ал профессор Ш. Ыбраев «Сәбиге арналған салт өлеңдері» деп атауды ұсынып, оның құрамын бесік жыры, уату өлеңдері, ырыми өлеңдермен (бесікке бөлеу, ал білек, тұсау кесу, майлап сылау) толықтыруды жөн санайды . Ал Б.Абылқасымов болса, оны «Бала өсіру ғұрпының фольклоры» деп атағанды жөн көреді . Кейіннен бұл мәселені біршама індете зерттей келіп, бұл сипаттағы жырларды біз «Әлпештеу поэзиясы» деп атауды ұсынған болатынбыз. Оның себебі, «балалар өлеңдері» деген ұғымның ауқымы өте кең, ол балалар айтатын барлық шығармаларды қамтиды. Бұл жерде әңгіме баланы бағып-қағып, тәрбиелеуге байланысты ғұрыптармен бірге айтылатын өлеңдер жөнінде болып отыр. Оның үстіне ғұрыптық шығармалар көп жағдайда баланың сәби шағында орындалатын ғұрыптық рәсімдер мен салттарға, жол-жоралғыларға байланысты айтылады. Бұл шығармалардың барлығы сәбиді, жеткіншекті әлпештеу әрекетімен байланысты. Бұл қатардағы шығармаларды «Балаларға арналған өлеңдер» (Б.Уахатов) «Бала өсіру ғұрпының фольклоры» (Б.Абылқасымов) «Сәбилерге арналған салт өлеңдері» (Ш.Ыбраев) деп шұбалаңқылау тіркеспен созбақтағаннан гөрі, «Әлпештеу поэзиясы» деп атаған жөн тәрізді. Өйткені, «Әлпештеу» сөзінің поэтикалық реңкі қою. Қазақ бағып-қағып, аялап өсірдім дегеннің орнына «әлпештеп өсірдім» деп жатады. «Әлпештеу» сөзінің мағыналық аясы да кең, көркемдік әрі де жоғары. Ойға қонымды, тілге оралымды деп білгенбіз.

    Сол сияқты, халық арасында ежелден қалыптасқан «бесік жыры», «тұсау кесу жыры» сияқты шығармалармен қатар, әлпештеу поэзиясына енетін баланы майлап-сылауға, уату- алдарқатуға байланысты да жырлар бар, олардың атауларын да термин ретінде тұрақтандыру қажет. Сонымен қатар, жеткіншектер айтатын жаңылтпаш, жұмбақ, өтірік өлең, тақпақ, мазақтама, қызықтама, маусымдық жырлар, жарапазан сияқты балалар өлеңдері бұл топқа кірмейді. «Әлпештеу поэзиясының» ауқымы, негізінен, ата-аналар балаларға арнап айтатын әртүрлі ғұрыптарға қатысты шығармалармен шектеледі. Балаларды бағып-қағуға байланысты орындалатындықтан, оны «балалар фольклорының» құрамында да қарастырады. Дегенмен, отбасы ғұрып фольклорын үштаған бірліктегі тұтас құбылыс ретінде қарастырғанда «әлпештеу поэзиясын» назардан тыс қалдыруға әсте болмайды. Өйткені ол жоғарыда айтқанымыздай отбасылық ғұрып фольклорының басқа салаларымен тонның ішкі бауындай етене байланысқан, бір желіге байланған құрамдас бөлігі.

    Демек, нәрестенiң шыр етiп дүниеге келгеннен бастап халық жыры мен әнін құлағына сiңiрiп өсетiнi анық. Ата-ананың сәбидi жүрегi елжiрей сүюi, әлпештеп, аялап, бағып-қағуы барлығы да жыр тiлiмен өрнектелiп, музыка әуенiмен сүйемелденiп отырады. Халықтың тұрмыстық тәжiрибесiнде сәбидiң әрбiр өмiрлiк қадамы назардан тыс қалмай дәстүрлi түрде әрқилы ырымдармен аталып, өнер тiлiмен өрнектелiп келедi. Яғни, ата-ана баланың ауру-сырқаудан аман, денсаулығының мықты болып өсуiн ғана ойластырмайды, бөбектiң рухани жан дүниесiнiң де үйлесiмдi дамуын, өз қоғамына лайық тәрбиелi азамат болып ер жетуiн де алғашқы сәттен басты назарда ұстайды. Мiне, халықтың дәстүрлi мәдениетiнде осы мақсатта туып, күнделiктi отбасы тұрмысында кең қанат жайған халық поэзиясының үлгiлерiн фольклортануда жеке топтастыру қалыптасқан.

    Нәрестенiң денi сау, ауыру сырқаудан аман, шыныққан, ел армандаған мықты азамат болып өсуi үшiн туған сағаттан бастап-ақ қам жейтiн ата-ана халық тәiжрибесiнде әбден қалыптасқан дәстүрлi әрекеттердi бұлжытпай орындайды: суға шомылдырады, майлап, сылайды, денесiн жазып, түрлi жаттығулар жасатады, кеудесiне отырғызып, мойнына, тiзесiне мiнгiзiп ойнатып жүрiп буынын бекiтедi. Бұл әрекеттер – қай халықтың болмасын өмiрлiк тәжiрибесiнде әбден сыннан өтіп, жылдар бойы мысқалдап жинақталған халық педагогикасының жемiсi. Бала тәрбиесiндегi осы әрекеттердiң барлығының да әнмен, жырмен, сөзбен сүйемелдене отырып жасалатынын байқау қиын емес. Ата-ана баланың дене құрылысын дамытуға арналған жаттығу әрекеттерiн жасай отырып, өлең ұйқасы, ән сазы арқылы олардың көңiлiн де аулайды және оның iшкi сезiмiн, тiлегiн де сыртқа шығарады. Фольклортану ғылымында мұндай өлеңдердi мәпелеу жырлары (пестушки) деп топтастыру қалыптасқан.

    17. Жұмбақтардың үлгілеріне талдау жаса

    Жұмбақтар – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Жұмбақтардың асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте заман болса да, бүгінгі біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп, мән-мағынасының артып отырғандығында.

    Жұмбақтар халық ауыз әдебиеті ішінде ұсақ жанрлар қатарына жатады. Жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, т.б. сияқты ұсақ жанрлар деп аталғанымен, жұмбақтар – халық ауыз әдебиетінің күрделі бір саласы.

    Жұмбақпен толғап жыр айту Асанқайғы, Бұқар жырау, Базар жырау, Шортанбай, Әубәкір сияқты қазақ ақындарының жырында, Сырым, Төле би, Жиренше, т.б. шешендік сөздерінде жиі кездеседі.

    Қазақ жұмбақтарын өзінің құрылысы, айтылуы, мазмұны жағынан іріктеп алғанда, негізінен жеті түрге бөлінеді:

    1. Қара сөз түрінде айтылатын жұмбақтар алғашқы айтылатын жұмбақтар алғашқы кезде қарапайым сөздерден басталған, соның өзінде де ақыл ойды дамытуда зор рөл атқарған. қара сөзбен айтылған жұмбақтар ғана жай сөйлем, күрделі құрмалас сөйлем, тіпті қысқа әңгіме түрінде де кездеседі. Оған мысал ретінде «Ел аузында» кітабынан «Жұмбақтың шешілуі» деген әңгімені алуға болады.

    2. Жұмбақ ертегілер. Қара сөзбен айтылатын жұмбақтардың тағы бір түрі – жұмбақты ертегілер. Жұмбақты ертегілер қызықты келеді. Оқиғасы қою, әрбір айтылған сөздерінде үлкен мән-мағына жатады. Тыңдаушысын үлкен ойға жетектейді. Өзінің барлық мазмұны жұмбаққа ғана құрылған ертегілер қазақта аз емес. Оған «Жұмбақшыл патша», «Қыз бен қара құл», «Қарт пен тапқыр жігіт», «Қарттың ұлына айтқан өсиеті», «Аяз би», тағы басқа ертегілер жатады.

    3. Өлеңмен айтылатын жұмбақтар. Жұмбақтың көпшілігі өлеңмен айтылады. Мұндай жұмбақтарды жаттап алуға қолайлы. Бұл жұмбақтардың шешімдері кейде өлеңмен, кейде жай сөзбен шешіледі. Жұмбақ өлеңдердің көркемдік шеберлігі – терең мазмұнды мен аллегориялық суреттеуінде. Қара сөзбен айтылатын жұмбақтарға қарағанда, өлеңмен айтылатын жұмбақтар жаттауға жеңіл, көркем де, әуенді болып келеді. Мысалы:

    Күнде есебін жаттайды,

    Ешбір тыным таппайды.

    Алмайды бір тағат,

    Оның аты … (сағат).

    Үрлесең іші кебеді,

    Босатсаң ұшып кетеді.

    Жұп-жұқа қарын домалақ,

    Оны жару оңай-ақ. (Шар).

    4. Жұмбақ айтыстар. Өлеңмен айтылып, өлеңмен шешілетін жұмбақтардың қамтыған тақырыптары біріне-бірі байланыс жоқ жеке заттар төңірегінде ғана болса, жұмбақ айтыстардың қамтитын тақырыптары біріне бірі жалғасып, байланысып жатқан, өресі кең, мол дүниеге айналып кетеді. Жұмбақ қазақ ақындарының айтыс өлеңінен ерекше орын алатын болған. Мәселен, Әсет пен Рысжанның, Нұржан мен Сапарғалидың айтыстары жұмбақтау түрінде жырланған.

    5. Жұмбақпен айтылатын шешендік сөздер. Қаз дауысты Қазыбек ел аралап жүріп, бір үйге түсіпті. Ерінің үйде жоғына қарамастан, әйелі қонақтарды жақсы күтіпті. Сонда Қазыбек: «Әйелі мұндай, мұның ері қандай екен?» — деп тамашалап, жүре қоймай отырғанда үйіне ері келеді. Қараса, ері ұя бөріктеу ғана адам екен.

    6. Есеп жұмбақтар.

    Қанша жаңғақ?

    Портфелімде әуелі он үш жаңғақ бар еді.

    Науат пен Маратқа,

    Самат пен Сағатқа,

    Апасына Қанаттың,

    Екі-екіден тараттым.

    Қанша жаңғақ қалғанын,

    Айта қойшы ал, жаным! (С. Қалиев).

    7. Диалогқа құрылған сұрақ-жауап жұмбақтар. Мұндай жұмбақтарды көргені мен, білгені мол, білімді, зерек адамдар ғана тез шеше алады.

    Жұмбақтарды адамның жас ерекшеліктеріне байланысты саралайтын болсақ, оны мектепке дейінгі кезең, мектептегі кезең, жалпы ересек жандарға арналған кезең деп бөлуге болады.

    18. Қазақ эпосы және оның түрлері

    Ә. Марғұлан қазақ эпосын мынадай кезеңдерге бөлген:

    1) Архаикалық кезең. Ол — исламшылдыққа дейінгітүркі мифтері негізінде жасалған туындылар. Күлтегін жоқтауы, Құламерген, Шоламерген, Ер Төстік, Ақ Көбек, Оғыз қаған туралы аңыздаржатады;

    2) Оғыз-қыпшақ дәуірі (VI—XII ғғ.). Бұл кездежергілікті түркілер Қытай, Иран, Византия, Араб шапқыншыларына қарсы күресті жырлаған. Мысалы, «Қорқыт ата кітабы», «Алдар көсе», «ҚозыКөрпеш — Баянсұлу», т.б.;

    3) Ногайлы дэуірі (XIII— XVIғғ.) — «Бөгенбатыр», «Едігебатыр», «Қобыланды», «Ер Сайын», «Қамбарбатыр», «Мұсахан», «Орақбатыр», т.б.;

    4) Қалмақ шабуылы дэуірі — XVII—XVIII ғасырлардағы «құба қалмақ» заманы. «Олжабай», «Қабанбай», «Бөгенбай», т.б.;

    5) Кейінгі дэуір. Қазақ батырларының хан, сұлтандарға, патша әкімдеріне қарсы күресін бейнелейтінжырлар.

    Эпос - оқиғасы ел өмірінен алынып, образдары ірі әрі кемелдітүрде жасалып, батырлық немесе ғашықтық сюжетке құрылғанүлкен-үлкен эпикалық жыр-дастандарды айтамыз. Қазақ эпосыныңтүрлері:

    1) Батырлық эпос

    2) Әлеуметтік-тұрмыс эпосы

    3) Тарихи эпос

    Қазақтың көне эпостарына: «Құламерген, Жоямерген», «Таласбаймерген», «Дотан батыр», «Құбығұл», «Мұңлық-Зарлық» жатады. Алғашқы адамдарының дүниетанымын көркем елестететін мифтік, ертегілік, аңыздық оқиғаларға құрылған эпикалық туындылардыңортақ белгілері:

    1) Қиял-ғажайып оқиға күрделі орын алады, адам баласынақаскөй күштер:жезтырнақ, дию, аждаһалар, албастыларменкүрес, оларды жеңіп барып мұратқа жету көрсетіледі.

    2) Көне эпоста дүниенің жаралуы туралы мифтік ұғымдар көріністапқан.

    3) Анаеркі (матриархат) дәуірінің ыдырап, атаеркі (патриархат) кезеңінің салты орныға бастаған шақтың сипаттарынтанытатын оқиғалар кездеседі.

    4) Көне эпосыта ертедегі аңшылық өмірдің суреттері неғұрлымкөбірек сақталған.

    5) Адамдардың сиқырлы күштерге сенуі (анимизм,тотемизм т.б.), жан-жануарлардың, өсімдік дүниесінің жаны, иесі бар депесептеушілігі эпикалық шығырмаларда өз ізін қалдырған.

    6) Баласыздық тақсіреті, әулиелер аралап, мінәжат етіп жүріпперзентті болушылық, түс көру, аян беру, болашаққаһарманның ғажайып тууы тәрізді мотивтер сюжетке негізболады.

    7) Қаһарманның жедел есеюі, жүйрік ат таңдап мініп, қауіптіалыс сапарға аттануы, жол жөнекей алуан түрлі жыртқыш, сиқырлы қас күштермен кездесуі, батырлықпен үйленуі-көнеэпоста кең таралған құбылыс.

    Әрбір халықтың эпостық жырларының қатарынан батырларжырының алатын орны үлкен.

    Батырлар жыры елдің ғасырлар бойы кешкен тарихын, салт-санасын көркем жинақтайды, түрлі оқиғаларға өзіндік көз-қарасынбелгілейді, алдан күткен арманын білдіреді. Тарихта болған белгіліоқиғалар мен істердің дәлме-дәл шежіресі, көшірмесі болғанменқаһармандық эпос сондай құбылыстардың терең тұжырымынаңғартады. Батырлар жырында ерлік, отан сүйгіштік қасиеттерасқақтата жырланады. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз мінез, қасиеттерді әсірелеп беру эпосқа тән қасиет. Қазақтыңқаһармандық эпосы:

    «Алпамыс батыр»

    «Қобыланды батыр»

    «Ер Таргын»

    «Қамбар батыр»

    Қобыланды — қыпшақ елінің, Алпамыс — қоңырат жұртының, Ер Тарғын — бүкіл ноғайлы елінің намысын қорғаған батырлар.

    Жырларындағы қазақтың жаулары:

    Қызылбастар

    Қалмақтар

    Қызылбастар — түркі жұрттары ерте заманнан қақтығысыпкелген Орталық Азияның оңт-бат иран тектес халықтар.

    Қалмақтар — жоңғар-моңғол тектес халық.

    Әлеуметтік-тұрмыс эпосы , кейде лиро-эпостық поэмалар дейді. Бұнда жекебастың мүддесі — махаббат еркіндігі мәселесі алғашығады. ғашықтық жырлар — архаикалық, қаһармандық эпостанкейін туындаған шығармалар. (фольклортанушылардың пікірінше, лиро-эпостық мұра — көне эпостан жазбаша романга өтержолдағы аралық саты, аралық деңгей)

    Лиро-эпос ретінде тек «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман — Шолпан» жырлары ғана ауызға ілініп келген. Соңғы жылдары Шығыс елдерінен келсе де, қазаққа етене жақын болып кеткен жырлар жатқызылады.

    «Жүсіп — Зылиха»

    «Ләйлі — Мәжнүн»

    «Құсрау — Шырын»

    «Сейфілмділік»

    «Таһир — Зухра»

    «Бозжігіт»

    Лиро-эпостың жырлардан, әсіресе тіні қазақ топырағында қалыптасқан жырлардан халықтың әдет-ғұрып, салт-санасы туралы мәлімет алуға болады.

    Тарихи жырлар. Тарихи жырларда кейде оқиғаларжазба тарихке сәйкес баяндалса, кейде қиялдау, көркемдік жинақтау түрінде беріледі.

    Түркі халықтары тарихи жырларына Едіге батыртуралы жыр, аңыздар жатады. Едігенің ұрпақтарысаналатын Орақ, Мамай, Қарасай, Қази жайындағыжырлар, «Шора батыр», «Ер Сайын» тарихта болғанноғайлы елі тұлғаларына арналған жырлар.

    «Елім-ай» өлеңі. Бұл мұңлы өлең — 1723 жылыжоңғарлар шапқыншылығынан қырылып, бөкендейауған қазақтың «Ақтабан шұбырынды, Алқакөлсұлама» заманының тарихи шығармасы. Зерттеушілер өлең ұзақ жырдың үзіндісі дейді.

    17 ғ с, яғни «Ақтабан шұбырындыдан» бұрынжоңғарлар жорықтар жасаған. Оларға тойтарысберген қазақтарды басқарған Төле би, Жәнібек, Қасым, Әбілмәмбеттердің ерлігі баяндалатын жырларбар.

    18 ғ Абылайға арналған жырлар, «Қабанбай батыр», «Бөгенбай», «Шақшақұлы ер Жәнібек», «Олжабайбатыр», «Сырым батыр», «Арқалың батыр» жатады. Жырларда қазақ батырларының жоңғарларға қарсыерлігі баяндалады.

    19 ғ Кенесары—Наурызбайға арналғандары — «ҚисаНаурызбай төре», «Кенесары — Наурызбай дастаны», «Кенесары поэмасы». «Қиса Наурызбай төрені» Жүсіпбек Шайхисламұлы, «Кенесары—Наурызбай»Хан Кененің жорықтарына қатысып, оқиғалар куәсіНысанбай жырау шығарған.

    19 ғ: «Исатай—Махамбет», «Бекет батыр», «Жанқожа», «Досан батыр», «Еңлік—Кебек», «Қалңаман—Мамыр», «Өтеген батыр», «Сұраншыбатыр» жырларын жатқызуға болады.

    Кезінде Сүйінбай Аронұлы, Жамбыл Жабаевжырлаған «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» жырлары Жетісу жерінен шыққан 18 ғ Жоңғаршапқыншылығына, 19 ғ орт Қоқан басқыншыларынақарсы күрескен батырлар жөніндегі эпостық өлеңшежіре.

    1916 жылғы ұлт-азаттың көтерілісі жөнінде солкөтерілістерді көзбен көрген Омар Шипиннің, КененӘзірбаевтың, Есдәулет Кәндековтің, СәтЕсенбаевтың, Жамбыл Жабаевтың өлең-жырларытарихи.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9


    написать администратору сайта