хаә общий. 4. Маалмтелдер лгілеріне талдау жасау Новеллалы ертегілер
Скачать 5.25 Mb.
|
19. Көңіл айту, естіртудің үлгілеріне талдау жасау Халық өміріндегі қайғылы тарихи оқиғаларға, адам қайтыс болғанда естірту, көңіл айту, қоштасу, жоқтау сияқты салт әндерінің ел аузында сақталуы. Жаназалау әндеріндегі ата-бабаларымыздың өмір құбылыстарына берген бағасы, тоғанысы, дүниетанымдық дәрежесі. Музыкалық-поэтикалық құрылымының өздік ерекшеліктері, өзара байланыстылығы. Жаназалау әндерінің мақсаты. Естірту – қайтыс болған адамның жайын хабарлаудың әлеуметтік ой-санаға құрылуы. Қайғылы қазаны естірте отырып, көңіл айтылуы. Естірту (дәстүр). «Хабаршылар Ғалидың үйіне, Жамалдың үйіне кісі салып естіртті» (М.Дулатов). Ата-анасы, баласы немесе жақын-жуығы қайтыс болған жағдайд оны айтып жеткізуді «естірту» дейді. Естіртуші адам әлгі кісіге сыпайылап, тұспалдап жеткізіп, тоқтам айтып, оны бекем болуға шақырады. Қайғылы қазаны орынсыз жерде немесе жол-жөнекей, жеңіл-желпі айта салуға болмайды. Халқымызда естіртудің үлкен психологиялқ, классикалық үлгілері бар. Мысалы: «Жиреншеге Қарашаш сұлуды естірту», «Шыңғысқа Шоқан өлімін естірту» сияқты. Естірту қазаға байланысты жерде ған қолданылады. Естірту көпті көрген, жөн-жосық пен сөзді білетін адамдарға тапсырылады. Көңіл айту әндерінің мазмұнындағы ой тереңдігі мен көркемдік, философиялық дүниетанымы. 20. Қазақтың халық ауыз әдебиетіндегі аңыз жанрының ерекшеліктері Аңыз әңгімелер — Халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма. Ерекшеліктері: • Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. • Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. • Оқиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылған аңыз-әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейдi. 21. Құрт шақыру. Тісі ауырған адамның тісін құрт жейді деп, сол құртты түсіру үшін емшілердің айтатын сөздері болады. Сол құрт шақыру сөздері деп аталады. Мысалы: Қаптаған жауды басып кел! Жетер-жетер, көйт-көйт! Басар-басар, көйт-көйт! Арқадағы алты құрт, Арқаласып келер құрт! Желкедегі жеті құрт, Желкелесіп келер құрт, Ауыздағы алты құрт, Азуласып келер құрт, Басар-басар, кə! кə! Басып келер, кə! кə! Жетер-жетер, кə! кə! Тұйғын-тұйғын, кə! кə! Түйінсеп келер, кə! кə! 22. Қоштасу өлеңдерінің бір үлгісіне талдау жасау “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырындағы Таңсық қыздың “Балталы, Бағаналы ел аман бол” деп басталатын Қоштасуы ел арасында кең тараған. “Елім-ай” өлеңі кіндік қаны тамған жерінен айрылған халықтың ауыр күйзелісін, қайғылы көңіл-күйін білдіретін шығарма. М.Әуезовтың жіктемесі бойынша Қоштасу жырлары: а) жермен, елмен Қоштасу (Ай, Таңсық өлеңдері); ә) Сарыарқамен Қоштасу (Күдері Қожаның Қарқаралыдан кетерде айтқаны); б) өмірдің өткен шағымен Қоштасу (Сабырбай ақынның қызы Қуандыққа айтқан сөздері, Кемпірбайдың Әсетпен қоштасуы); в) Өтіп бара жатқан заманмен Қоштасу (Қаратоқа Есет бидің еңкейген шағындағы өлеңі, Тезек төренің “Сексен” деген әні) сияқты түрлерге бөлінеді. Ай мен Таңсықтың қоштасуы Балталы, Бағаналы ел, аман бол, Бақалы, балдырғанды көл, аман бол, Кірім жуып, кіндігім кескен жерім, Ойнап-күліп, ержеткен жер, аман бол! Қара басқан қашқынды қоя берме, Ел жақсысы, Тайлақ би ақылы мол. Осы ізі тоқсан мыңның соқпақ болар, Жоғалмас қайда барса қазылған жол. Жанры: зарлай-арнау (“Қозы-Көрпеш–Баян сұлу” жырынан үзінді) Тақырыбы: Ай мен Таңсық ел-жұртпен, жер мен су, тау мен таспен қоштасуы Идеясы: Туған жермен, ата-анамен, бауырмен қоштаса отырып, өзінің қоғамындағы Ер Баянның бейнесін көрсету, қай өлкеден шыққанын және сол өлкеге қимастығын білдіру Көркем образдар: Ай, Таңсық, Тайлақ би Шумақ: 2 Тармақ: 8 Буын: 11 Бунақ: 3 Ұйқас: қара өлең (а, а, б, а) 23. Қазақ халық ауыз әдебиетінің жұмбақ жанры Жұмбақ– адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр. Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды. Қазақ әдебиетінде ақындардың ауызша, жазбаша жұмбақ айтыстары көп кездеседі (мысалы, Жігіт пен қыздың жұмбақ айтыстары, Сапарғали мен Нұржанның айтысы, т.б.). Жұмбақтың композициялық құрылымы, әдетте, екі бөлікті болып келеді, бірінші бөлікті Жұмбақтың байлауы, екінші бөлікті Жұмбақтың шешімі деп атайды. Жұмбақта заттың түрі-түсі, көлемі, қасиетімен қатар, оның атқаратын қызметі немесе қимыл-әрекеті де айтылады. Жұмбақ – таным құралы, сондықтан бір құбылысты түрлендіре құбылту арқылы әр тарап, сан қырынан тануға болады. Кейде байламның барлық қасиеттері толық суреттелмей, бір ғана белгісі айтылуы мүмкін. Сондықтан Жұмбақ шешуін табудың ауыр-жеңілдігі нысан суретінің қаншалықты толық, дәл берілуінде. Жұмбақты шешу – сипаттамадан соң сыңар бейнеден байламды табу арқылы жүреді. Сипаттамада байламның белгілері айтылады, осы белгілерге қарап нысанды ойша кескіндеу, елестету, мәтінді ести отырып, ұқсастырылған нәрсе мен байлам арасындағы байланысты зерделеу процесі өрбиді. Жұмбақта белгілі бір өлеңдік қалып сақталмайды. Оның ырғақтық-ұйқастық құрылымы сан алуан жолдармен өрнектеледі. Жұмбақ жанрына тән басты ерекшелік – көлемі шағын, құрылымы жұп-жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айта білуге бейімділік. 24. В.В.Радлов – қазақ фольклорын зерттеуші В.В. Радловты аса көрнекті фольклортанушы ретінде танытқан «Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері» атты 10 томдық еңбегі болды. Бұл көптомдықтың әр кітабы әр түрлі халықтардың фольклорына арналған-ды. Оның 1-кітабы (1886) – алтай, құманды татарлары, шор, саян; 2-кітабы (1868) – шұлым, түрік, хакас; 3-кітабы (1870) – қазақ; 4-кітабы (1872) – барабы, тобыл, түмен татарларының фольклорына айналды. Қазақ фольклоры үшін аса қымбат қазына болып табылатын 3-томдағы ел аузынан дәлме-дәл жазып алған шығармалар, ақын-жыршыларға берген мінездеме, халық ауыз әдебиетінің жанрлық құрамын белгілеуі, халық шығармаларының тіл және стиль ерекшеліктерін анықтауы бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Радлов жинаған фольклор үлгілері «халық өлеңдері» (жеке шумақтар, бата сөз, жоқтау, бақсы сөз, өтірік өлең), «Ертегілер», «Батырлар жыры» («Ер Көкше», «Ер Тарғын», «Сайын батыр») болып жіктелген. Сонымен бірге ғашықтық, тарихи жырлар, аңыз, қисса-дастан, айтыс үлгілері мен ақын-жыраулар мұрасы да қамтылған 25. Жаңылтпаш жанрының үлгілерін талдау 1. Тақпақ жаттап, Айтсақ жақсы-ақ. Жатка тақпақ Жатта тақ-тақ 2. Сұр інген сүрінген бе сүрінген сұр інген бе 3. Қондық жаңа қонысқа, Қалың екен жоңышқа. Қоныстағы жоңышқа, Оралады қонышқа! Жаңылтпаш балалар фольклорының бір жанры. Жаңылтпашты балалардың тілін дамыту үшін, тілін ерте шығарту үшін айтқызған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. 26. Қазақтың тұрмыстық ертегілері Қазақ ертегілерінің ішінде тақырыбының көптігі жағынан болсын, аса молы – тұрмыс пен салтқа байланысты туған ертегілер. Бұл топқа кіретін ертегілерде ескі заманнан бастап, соңғы кезге дейінгі халық өмірінің әр алуан жақтары қамтылады. Оларда халықтың қоғамдық өмірі, тұрмыс – тіршілігі, дүние танудағы көзқарасы, таптық сана сезімі, арман – мүддесі суреттеледі. Және де ертегінің оқиағасы реалистік болмыстан алынады. Егер қиял – ғажайып немесе хайуанаттар жайындағы ертегілерде фантастика басым келіп отырса, тұрмыс – салт ертегілерінде ол өте аз кездеседі. Мұнда адамның қиялынан туған әңгімелерден гөрі, өмірде болған, не болуға тиісті оқиғалар басты орын алады. Сондай – ақ тұрмыс — салт ертегілерінің кейіпкерлері жалғыз көзді дәу, мыстан, жеті басты жалмауыз, жезтырнақ т.б. бейнесінде болмай, нақты адам бейнесінде болады ; сол қарапайым адамдар жайы айтылады. Тұрмыс ертегілерінің оқиғасы ертегінің басты кейіпкері қарапайым адамның өмірін, ісін, тұрмыс – тіршілігін, таптық, қоғамдық жайларын, әлеуметтік көзқарасын суреттеуге құрылады. Бұлардың бәрі халық ортасынан шыққан, ертегіге басты кейіпкер болып алынған еңбек адам арқылы баяндалады. Неше түрлі қиыншылық-кедергілерді, ауыр халдерді, аңдыған, алысқан жау амалдарын жеңетін де, сөйтіп, мақсатына жететін де қарапайым адам болатын. Халықтың тұрмыс – салтына байланысты туған ертегілерінде басты тақырып еңбек адамдарының өмірі, ісі болып келеді. Бұл ретте қарапайым адамдарды халық ертегілері қанаушы тапқа қарсы бейнеде алады, олардың ісі, ақылы, өнері, адамгершілігі хандар мен байлардан әлдеқайда артық деп суреттейді. Мұны біз көптеген ертегілерден, соның ішінде әрі көркем, әрі терең идеялысы “Аяз биден” көреміз. Қазақтың тұрмыс – салт ертегілері қарапайым шаруа адамын ардақтай отырып, еңбек – кәсіп ету жайына айырықша көңіл бөледі. “Жатып ішер жалқау болма, ерінбей еңбек ет, өжеттен де, өрге ұмтыл” деген сияқты халқы ойы ертегіге қосылады. Бұл ретте халық ертегісі ақыл-өсиет түрінде келеді және оларды өмір жолына енді түсе бастаған жастарға арнайды; оларды пайдалы еңбек арқылы тәрбиелеп, қоғамға керекті ер-азамат етіп шығару жайын қарасытырады. Мұндай ертегілерде халықтың ғасырлар бойына жиып-терген өмір тәжірибесі, тұрмыстан алған, шығарған қорытындысы да айтылады. Соның бәрін ертегіге айналдырып, жастарға үлгі боларлықтай түйіндер жасайды. 27. Қазақтың жыраулық және жыршылық өнері Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан... Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. ХV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді. Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды. Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған. Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау. Жыраулық үрдіс халықтық өнер мен дәстүрдің тоғысын анық аңғартатын, өте ерте замандарда өмірге келіп, халықпен біте қайнаса, ұлттың ақыл-ойының бір көрінісі ретінде өмір сүре отырып, біздің дәуірімізге жеткен өнер. Жыраулар жаугершілік замандарда жорыққа қатысып, ел қорғау, азаматтық тақырыптарға арналған өлең-жырлар шығарған. Олардың туындылары адам көңілін дөп басар әсерлілігімен, мірдің оғындай өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, қиыннан қиыстырған көркемдігімен ерекшеленеді. Жыраулық өнердің, жыраулардың көрнекті өкілі ретінде XIV-XV ғасырларда өмір сүрген Сыпыра, Асан қайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет, XVI-XVII ғасырларда өмір сүрген Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар жырауларды айтамыз. Жыраулық өнерді фольклортанушы ғалым Тынысбек Қоңыратбаев жүйелі зерттеп, еңбектер жазды. Ғалымның дерегініне сүйенер болсақ, жыраулық дәстүрге сонау оғыз заманындағы ұзандардың өнері бастау болып, Тоныкөк пен Қорқыттан жалғағанын, сөйтіп, XVIII ғасырға дейін дамыған жыраулық поэзия ары қарай жыршылық өнерге ұласқанын білуімізге болады. 28. Хайуанаттар туралы ертегілердің бір үлгісіне талдау жасау Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Ертегілер қиял-ғажайып, хикаялық, тұрмыс-салт, хайуанаттар туралы ертегілер деп бөлінеді. Осының ішінен хайуанаттар жайлы ертегіге «Жыл басына таласқан хайуанаттар» атты ертегіні алдым. Тақырыбы: Жыл басы- тышқан Идеясы: тек өз күшіне сеніп қоймай, ақылына да жүгіну. Жанры: ертегі Тәрбиелік мәні: балаларды мақтаншақ болмауға, әр істі ойланып істеуге шақыру. Композициялық талдау: Басталуы: Жыл басына таласқан хайуанаттардың жиналысы; Байланысуы: Әр хайуанаттың өз-өзін мақтауы; Дамуы: Өз бойына сеніп қалған түйе; Шиеленісуі: Тышқанның қулығы; Шешімі: Тышқанның жыл басы атануы. 29. Қара өлеңнің үлгілеріне талдау Қара өлең – қазақтың ежелгі өлең түрі. • Қара өлең – ауыз әдебиетінің көне түрі. • Қара өлеңде қазақ халқының тарихы, тіршілігі, тынысы сезіледі. • Қара өлеңдер арқылы әлеуметтік мәселелер көтеріліп, ұнамсыз қылықтар сыналады. Ата-бабаларымыздың өмір тәжірибесінен алған тәлімін жастарға ақыл-өнеге ретінде бағыттайды. • Жас ұрпақты ұлтжандылыққа, адамгершілікке, өнер-білімге үйретеді. ТОЙБАСТАР Ассалаумағалайкүм, жиылған топ, Бұл тойға тағдыр айдап келіппіз дөп. Болыпты жұрт көрмеген бір ұлы той, Таң қалып қарағандай жер менен көк. Басталар оқу басы әліппеден, Тізілер сөз мәнісі әріппенен. Тойы бар екі жастың дегеннен соң, Жиналып, біздер келдік халықпенен. Біз келдік той бастауға домбыра алып, Кетуші ек айқай салсақ топты жарып, Айтайын біраз өлең тойыңызға, Тыңдаса көп әлеумет құлақ салып. Төселеген қызыл ала сырмағыңыз, Құтты болсын шымылдық құрғаныңыз. Той баста деп көпшілік өтінген соң, Жарамас бекер қарап тұрғанымыз. Идеясы: Қазақ халқының тойбастар дәстүрінің көрініс беруі Шумақ саны: 4 Тармақ саны: Буын саны: 11 Бунақ саны: 3 Ұйқас түрі: қара өлең 30. Қазақ халық ауыз әдебиетінің жанрлық тектері мен түрлері Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары- тұрмыс-салт жырлары, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақпақтар, шешендік сөздер, ертегілер, батырлар жыры, ғашықтық жырлар (лиро-эпос), тарихи жырлар, айтыс өлеңдер. Бұлардың бәрі де мазмұнына, тақырыбына, құрылысына қарай ішкі жанрлық түрлерге жіктеледі. Басқалардан гөрі тұрмыс-салт жырларының түрлері көп. Діни ұғымға байланысты өлеңдер, арбау, жалбарыну, бәдік, бақсы сарыны болып бөлінсе, үйлену, қыз ұзатуға байланысты өлеңдер — той бастар, бет ашар, жар-жар, сыңсу болып дараланады. Бұлардан басқа тіршілік кәсіпке, төрт түлік малға байланысты да өлең түрлері және адам өміріндегі мүңшерді білдіретін қоштасу, естірту, көңіл айту, жұбату, жоқтау тәрізді өлеңдер де бар. Қазақ ауыз әдебиетіндегі ұсақ өлеңдерді халық лирикасы немесе халықтың өлең-жырлары деп те атайды. Осы топқа жататын шығармаларға қара өлең (он өлеңі), өтірік өлең, бесік жыры және толғау, терме, тақпақты да қосуға болады. Дастандар тобына батырлар жыры, лиро-эпос, тарихи жырлар жатады. Ертегілер: қиял-ғажайып ертегілері, хайуанат жайындағы ертегілер және салт ертегілері болып бөлінеді. Шешендік сөздер, қанатты сөздер, нақылдар, мақал-мәтелдер — бейнелі сөздер тобын құрайды. Жұмбақтар мен жаңылтпаштар да осы топқа жақын. Қазақ ауыз әдебиетінің жанрлары бір мезгілде пайда болған есім. Тұрмыс-салт жырларының кейбір түрлері көне заманның куәсі болса, тарихи жырлар, айтыстар бертінде шыққан. Алғашқы дәуірдегі шығармаларда мифтік, діни сенімнен туған түсініктер орын алса, кейінгі кезде өмір шындығын, тұрмыс-тіршілік тынысын, нақты құрылыстарды көрсетуге талпыну байқалады. 31. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ фольклортануы Қазақ фольклортану ғылымының қалай туып, ғылым ретінде қалыптасқанына арналған «Қазақ фольклористикасының тарихы» атты ұжымдық үлкен еңбек 1988 жылы жарыққа шықты. Бұл кітапта қазақ фольклортану ғылымы ХVІІІ ғасырдан басталатыны, ХІХ ғасырдың соңында жеке ғылым ретінде қалыптасып орныққаны тұжырымдалған концепция ұсынылды. Қазақ фольклорының мақсатты түрде жиналып, хатқа түсе бастауы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдан басталады. П.И.Рычков, П.С.Паллас, И.Г.Георги, И.Ф.Фальк, И.Г.Андреев XVIII ғасырда қазақ фольклорына қатысты біршама құнды мағлұматтар жинап, жариялады. ХVІІІ ғасырда танымал болған Ақтамберді, Тәттіқара, Үмбетей, Бұқар, Шал, Көтеш секілді жыраулар өз өмірінде ұшан-теңіз жыр шығарды. Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ХVІІІ ғасырдағы атақты жырау Бұқар Қалқаманұлының (1668-1781) бірнеше шығармалары сақталған. Ол тәуелсіздікті сақтау және нығайту идеясын білдірген көрнекті дидактикалық өлең-толғаулар шығарған. Қазақ ханы Абылайды қолдап, әр түрлі даулар мен таластарды шешкен. Жырау қазақтың барлық үш жүзін біріктіріп, бір орталыққа қараған күшті мемлекет болуын армандады. Тәттіқара, Үмбетей, Шал, Көтеш сияқты жыраулардың жырлары халық жадында үзік-үзік сақталған. Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс болуына арналған естірту жыры - жоқтауы белгілі. Үмбетей жоқтауында Бөгенбай - халық қорғаушысының мінсіз бейнесі. Ал Тәттіқара ақын қатардағы жауынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысып, жорықта туған толғауларында жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте қандай да болсын қиыншылықтың алдында бас имеуге шақырады. |