Главная страница
Навигация по странице:

  • 65. Отбасы ғұрпының фольклоры Отбасы ғұрпының фольклоры

  • Бала өсіру ғұрпы.

  • Шілдехана

  • Тұсаукесер, бесік жырыда

  • 67. Шешендік сөздер Шешендік сөздер

  • 68.Наным-сенім ғұрпының фольклоры

  • 1. Жанр түрі

  • Оқиға орны.

  • Тұлпары

  • Оқиғаның басталуы

  • 73. Бір ән-өлеңді талдау

  • хаә общий. 4. Маалмтелдер лгілеріне талдау жасау Новеллалы ертегілер


    Скачать 5.25 Mb.
    Название4. Маалмтелдер лгілеріне талдау жасау Новеллалы ертегілер
    Дата25.11.2022
    Размер5.25 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлахаә общий.docx
    ТипДокументы
    #812238
    страница7 из 9
    1   2   3   4   5   6   7   8   9

    64. Халық ауыз әдебиетінің ұжымдық сипаты ?

    Вл. Бонч-Бруевич «Ленин поэмасы туралы» деп жазған еңбегінде ұлы көсеміміздің халық әдебиетін аса жоғары бағалағандығын айта келіп, Лениннің ертегілер жөнінде айтқан мынадай бір пікірін келтіреді: «Ертегілерді қоғамдық саяси тұрғыдан қарап пайдалана отырып, - дейді Ленин, - халықтың арман-мүдесі, тілегі жайында тамаша зерттеулер жазуға болар еді... Бұл – шын мәніндегі халық шығармалары, халықтың психологиясын білу жөнінде қазіргі күнде аса қажетті және аса маңызды материалдар».

    Осы тұрғыдан алғанда, ауыз әдебиетінің халықтық сипаты, ең алдымен, оның «халық психологиясын», «халықтың арман-мүддесін, тілегін» қалай суреттеп көрсеткендігіне байланысты деп түсінуіміз керек. Ауыз әдебиетінің халықтық сипаты деген мәселені біз оның таптық сипаты деп ұғынамыз. Сондықтан бұл екеуін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Марксизм-ленинизм классиктері: «Таптық қоғамда таптан тысқары, қоғам өмірінен, тап күресінен бөлек тұратын әдебиет болмайды, әдебиет әрқашан да белгілі бір таптың идеясын, көзқарасын білдіреді», - деп үйретеді.

    В.И. Ленин «Партиялық ұйым мен партиялық әдебиет» дейтін тамаша еңбегінде әдебиеттінң таптық және партиялық сипатын айта келе, таптық қоғамда әдебиеттің алатын орнын, әдебиеттің тап құралы екендігін айқындап берді.

    Әдебиеттің таптық сипаты туралы марксизм-ленинизм классиктерінің даналықпен айтқан пікірлерін ауыз әдебиетіне де қолданамыз. өйткені ауыз әдебиеті де белгілі бір таптың таптық тілегін, мүддесін жырлайды және оған қызмет етеді.

    Ертеден келе жатқан ауыз әдебиетінің қандай түрін алсақ та, онда белгілі бір таптың идеясы, көзқарасы жататындығын ап-айқын көруге болады. Мәселен, еңбекші халық өзінің ауыз әдебиетін қанаушыларға қарсы жүргізген таптық күресінің құралы етті. Онда – еңбекші халық қанаушы таптың зұлымдығын, жауыздық іс-әрекетін, езуші тап өкілдерінің мансапқорлығын, басқыншылық шабуылдарын әшкерелеп отырады, олардың жиренішті образын жасайды. Халықтың ертегі, әңгіме, жырларында кездесетін Қарабайлар, Мыстандар сол қанаушы таптың, хандар мен феодалдардың өкілдері болып бейнеленеді. Олардың жауыздық іс-әрекеттерін сынға алады, әшкере етеді. Сондай-ақ , мақалдардағы «Өлеңді жерде өгіз семіреді, өлімді жерде молда семіреді», «Сопы сұмнан шығады», «Төреге ерген ер-тоқымын арқалар», «Қойды құртаң бүлдіреді, елді сұлтан бүлдіреді» деген халықтың даналық сөздері еңбекші бұқараның қанаушы тапты жек көргендігінің айғағы. Бұл келтірілген мысалдардың қайсысы болса да ауыз әдебиетінің таптығын, таптық тілектен туғандығын көрсетеді. Демек, еңбекші халық тудырған ауыз әдебиеті қалың бұқараның қоғамдық-таптық көзқарасын, сана-сезімін білдіріп отырады.

    Мұнымен қатар, еңбекші бұқара тудырған ауыз әдебиетінің халықтық сипаты – халықтың тұрмыс-тіршілігін, қоғамдық өмірін, арман-мүддесін, дүние танудағы көзқарасын т.б. суреттеуінен де байқалады. Халықтың адал еңбекті, достық-татулықты, жақсы шат өмірді аңсап арман еткендегі оның ауыз әдебиетінің негізгі тақырыбы, идеялық нысанасы болып келеді және бұл жолда халыққа қызмет еткен қарапайым еңбек адамдары ардақталады, олардың ісі, мінезі сүйкімді түрде жырланады, оларды үстем тап өкілдеріне қарама-қарсы қойып әңгімелейді. Мысалға «Аяз би» ертегісін алайық. Бұл ертегіде халық өз ортасынан шыққан қарапайым шаруа адамын, оның ақылын, адамгершілігін, тапқырлық ісін ардақтайды және оны қанаушы тап адамдарына қарсы қояды. Бүкіл материалдық және рухани байлықты жасаушы да, қоғам өмірін алға бастаушы негізгі күш те халықтың өзі екендігін елестетеді.

    65. Отбасы ғұрпының фольклоры

    Отбасы ғұрпының фольклоры-бұл фольклордың ішіндегі қазақ отбасымен байланысы өте берік бөлігі болып табылады. Қазақ отбасындағы үйлену жоралғыларынан бастап,сәбидің туылуы және қайтыс болған адамды шығарып салғандағы айтылатын жырлар осы отбасы ғұрпы фольклорына жатқызылады. Үйлену ғұрпы,бала өсіру ғұрпы, өлік жөнелту.

    Үйлену ғұрпы.Қай елде болмасын екі жастың бас қосу мерекесі ерекше аталып өтіледі. Ал қазақ халқын мұндай салт-жоралғыларға аса үлкен назар аударған. Соның ішіндегі қыз ұзатыларда айтылатын “сыңсу”, келін түскендегі “беташар” сынды жырлар үйлену ғұрпы фольклорына жатады.

    Беташар. Әрбір елдің өзі қолданған жол-жобасын түсіндіру. Тәжірибесіз жас әйел жаңа өмірге кіріп, жаңа қауымның ортасына келгенде, сол қауымның қадірлі, құрметті үлкендерін тануға керек. Солардың әрқайсысының орнын білу керек. Үлкендердің алдында келіннің тәжім қылуы – сол жаңа шарттарға көндім, қабыл алдым дегеннің белгісі» , - дейді ұлы ғалым М.Әуезов.

    Қазақта 7 атадан қосылатын туыстардың некелесуіне тиым салынған. Өгей шешеге, асыранды қызға, келінге, енеге үйленуге болмайды. Сондай-ақ, әйелінің көзі тірісінде еркек балдызына, қайынбикесіне, қайнағасының қызына үйлене алмайды. Бөле, немере ағайындардың некелесуіне тиым жоқ.

    Неке ісінде барлық мәселені ата-ана мен ру басылары шешеді, күйеу жігіт пен қалыңдық тек солардың айтқанына құлақ асуға тиіс; көп жағдайда қыз бен жігітті бесікте жатқанда атастырып қояды. Қазақтардың құдаласу рәсімі өте күрделі, ол кейде 10 жыл немесе одан да көп уақытқа дейін созылуы мүмкін.

    Сыңсу. Жат жұрттық боп барамын өскен елім,

    Кір жуып,кіндігімді кескен жерім.

    Ата-ана,аға бауыр,сіңілілер,

    Көкейімнен мәңгілік кетпес менің.

    Қыз дәуірім қызықты қайта келмес

    Қайран ел,қайран жұртым аман болсын!

    Бала өсіру ғұрпы. Әр қазақ отбасында сәбидің дүниеге келуі үлкен қуаныш. Мұны біз сәби үшін орындалатын салт-жоралғылар мен жырлардан білеміз. Бала туылмастан “Құрсақ шашу” өтеді,ал дүниеге келгеннен кейін “Шілдехана”, “Бесік той”, “Қырқынан шығару”, жөн жоралғылары жасалады. Аяғын басып жүргенінде “Тұсаускесер”, бес жасында “Сүндетке отырғызу”,білім алар алдында “тілашар” үлкен той болып аталып өтеді. Осы салттардың барлығы дерлік жырлармен көркемделеді,сол жыр шумақтарының барлығы осы фольклор түріне кіреді. Тұсаукесер, бесік жырыда жатады.

    Өлік жөнелту ғұрпы. Отбасылық ғұрып фольклорының іщіндегі ең көне де,көркем мазмұнға да мағынаға да бай жанрлық түрдің бірі. Адамзат саналы ғұмырға жетіп,өмірдің мәніне көз жүгірте бастағае сәттегі алдынан шыққан ұлы жұмбақтың бірі-өлім. Барша әлем ғұмыр бойына сол жұмбақтың шешуін іздеумен келеді. Оған дін де,ғылым да адамзат ақылының даму кезеңдеріне орай өзінще жауап беріп келеді. Адамның рухани әлемі өскен сайын сауалдан-сауал, жауаптан жауап туындап келеді. Осы сауал мен жауап өнер тілімен де өрнектеліп ,адамзат дүниетанымының дәстүрлі мәдениетіне көшкен асыл мұраға айналды.

    Былайша айтқанда,тынымсыз іздену жолында сан түрлі наным-ченім туып, алуан алуан әдет-ғұрыптар қалыптасты. Олар адамзат санасымен бірге өсіп,қоғамдық жағдайға қарай әрқилы қалыптасып,халықтардың аралас құраластығына қарай бір-бірімен тоғысқан әсерлер нәтижесінде байып,көркейе дамып келеді. Өлік жөнелту ғұрпына: естірту,көңіл айту,жоқтау жатады.

    66.«Қобыландыбатыр» жырын талдау






    67. Шешендік сөздер

    Шешендік сөздер – қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен Тұжырымдар; қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемдегі дидактикалық жанр. Жанр мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үш салаға бөлінеді. Даудың әрқайсысы бірнешеге (жер, жесір, құн, мал, ар даулары) жіктеледі. Шешендік арнау бата, тілек, әзіл-сын, көңіл айту, естірту, т.б. нұсқалардан тұрады. Шешендік толғауға қоғам, заманға байланысты тағылым-тәрбиелік мәні бар тақпақ, термелер жатады. Ал шешендік дауларда сол қоғамға тән қылмыстық, азаматтық істерді шешуге қатысты шешендік, тапқырлық сөздер, ұйғарымдар бейнеленеді. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтелге, аңыз-әңгімелерге, толғауларға, айтыстарға жақын. Композициялық құрылысына қарай пернелі сөз, термелі сөз болып екі топқа бөлінеді. Қара сөзбен айтылғандары – пернелі сөз, толғау, тақпақ түріндегілері термелі сөз деп аталады. Шешендік сөздер сонымен қатар түсінік пен түйінді сөздерден құралады. Түйінді сөз тұрақты, түсінік сөз ауыспалы мағынада келеді. Шешендік сөздер жазба әдебиетке жақын жанр. Оқиғаларының реалистігі, тілінің әдебилігі және белгілі халық ойшылдарының (Майқы би, Аяз би, Жиренше шешен), шешен, билердің (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) аттарымен айтылатындығы бұл пікірді растай түседі. Шешендік сөздердің көпшілігі әуелгі қалпында сақталмаған. Жаттап алып таратушылардың, әр буынның өңдеп өзгертуімен, уақыттың сынынан өтіп, ұзын-ырғасы, тобықтай түйіндері, түйіп айтқан тұжырымдары қалған. Ішінара айтушылардың есімдері де сақталған. Негізінде қоғамдағы қиянаттарға, әділетсіздіктерге қарсы қарапайым халық өкілдері білдірген наразылық ретінде туындаған Шешендік сөздердің нұсқалары өзін тудырған қоғаммен, себептермен бірге жойылып, біздің заманымыздағы қызметі көркем әдебиетке ауысты. Шешендік сөздер – тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі ғана емес, халықтың көне тарихымен бірге жасап келе жатқан ее мәні зор халық даналығы.
    68.Наным-сенім ғұрпының фольклоры

    Адам баласының сәбилік дәуірінде туып, кейін талай буын, талай ұрпақтардың санасына сіңісті болып кеткен ескілікті салттың бірі – тәңірі иелеріне табыну салты. Бұл салт табиғат құбылыстарының дүлей күштерінен қорқып, үркуден, соған еріксіз сыйынып, жалбарынудан туған. Көп құдайға табыну дәуірінен қалған ескілікті ұғым-нанымдардың бірі – бұлтқа, желге табыну болса, бұл да қазақтың халық поэзиясынан кең орын алған мифтік образдардың бірі.

    Тасаттық – жауын шақыру ғұрпының ұжымдық түрде орындалатын түрі. Тасаттық сөзі белгілі бір тілектің орындалу мақсатымен құдай жолына көпшілік атынан мал шалу мағынасында жұмсалады. Тасаддуқ – жертва, подаяние, милостыня, тасадуқ етемін, приносить жертву, дать подаяние, ад. Қазақтың жауын шақыруында: Темір, темір, теміржан, Темірдің ұлы қауғажан! – деген жолдар бар.

    Тыйым - тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, ақыл - кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда маңызды қызмет атқарады.

    Дастарханды, тамақты баспа.

    Үлкендерден бұрын тамаққа қолыңды салма.

    Кісі мініне күлме, кемтарға күлме.

    Малды, ыдысты, тамақты теппе.

    Ырым (ғұрып) жолдары мен түрлері өте көп. Мысалы шешен болсын деп аузына түкіру,отаншыл болсын деп туған жерге аунату, сондай болсын деп батырдың сарқытын жегізу немесе оның атын қою сияқты ырымдар бар.

    1. Бала баc ұстамайды. Егер бaла баc ұстаcа әкесі өліп қалaды деп тыйым сaлған.

    2. Нанның қиқымын жесе - бай боласың дeйді.

    3. Сәби тоңқaйып екі aяғының aстынан қараса, күткeн жолаушы келеді немесе қонақ келеді дейді.

    4. Жас балaға бұғана ұстатпайды, онда бойы өспей қалады деп жорыған.

    5. Қыз балaғa жілік ұстатпайды. Ұстатса күйеуге шықпай оң жақта көп отырып қалады дейді. 

    6. Бала алғaш жолаушы шыққанда тoй жaсайды.

    7. Сәби көзін ашып ұйықтaса - жары сұлу болады.

    8. Сәби шалқасынан алаңсыз ұйықтасa, елге белгілі азамат бoлып өседі, бүк түсіп ұйықтасa, yайымшыл, жігерсіз болып шығады. 

    9. Етпетінен жaтып ұйықтасa, ойшыл болады. Егер аяқ-қолын еркін cозып ұйықтаcа - болaшaқ батыp, кемеңгеpліктің белгісі.

    10. Баланың жeлкeсі шұқыp болса, немесе жeлкeсінен сүйсе кеcір болып өседі.

    69.. «Ер Тарғын» жырын талдау

    Ер Тарғын» жырының композициялық құрылысын сатылай - кешенді талдау

    1. Жанр түрі: Эпостық жыр.

    2. Авторы: Халық.

    3. Тақырыбы:Отан қорғау, батырлық, ерлік.

    4. Идеясы: Ел бірлігін сақтау, батырлықты дәріптеу.

    5. Оқиға орны. Қырым жұрты.

    6. Оқиға кезеңі. Ноғайлы дәуірі.

    7. Кейіпкерлері.

    Тарғын,

    Ақжүніс,

    Қартқожақ,

    Ақшахан.....

    8. Тұлпары: Тарлан, Қанатты қара.

    9. Ұлттық салт - дәстүр. Дұшпан да болса сыйластық: Қартқожақ өз жолын сұрайды. Тарғын «Кезегін бабай алсын деп» беруі.

    Оқиғаның басталуы. Тарғынның Қырым жұртына баруы.

    Оқиғаның Дамуы. Соғыстың басталуы. Тарғынның батыр болып көзге түсуі.

    Оқиғаның Шиеленісуі Тарғынның Ақжүністі алып қашуы. Қартқожақтың ізінен баруы.

    70.Сатиралық ертегілер

    Сатиралық ертегілер – фольклордың толық өнер болған түрі. Мұнда

    ертедегі нанымдар мен түсініктер күлкіге айналады, олар жоққа

    шығарылады. Ежелгі ұғымға негізделген сюжеттер мен мотивтер қайта қаралып, жаңа дәуір тұрғысынан бағаланады. Сөйтіп, бұрынғы қасиетті делінетін сенімдер, пайымдар, оларға сүйенген образдар мүлде кереғар мағынаға ие болады, олар тіпті күлкі етіледі. Мысалы, хикаядағы шайтан мен Алдар көсе ақымақ ететін шайтан – екі бөлек, бір-біріне ұқсамайтын образдар. Хикаяда шайтан адамға зиянды, қауіпті де, қолынан келмейтіні жоқ зұлым болса, сатиралық ертегіде шайтан ақылы шолақ, қауқарсыз, бейшара кейіпкер. Сонымен бірге ертегінің бұл түрінде өмірдің келеңсіз жақтары, адамның жағымсыз мінез-құлқымен, ісі ащы мысқылға, мазаққа ұшырайды, ашық сыналады. Мұнда жұмсақтық жоқ, тұспалдап айту, ишарамен білдіру

    өте аз. Бұл тәсілдер, негізінен, анекдотта кездеседі, бірақ қазақ фольклорында аталмыш жанр айтарлықтай дамымаған, өйткені ол – қала тұрғындарының фольклоры. Анекдот тек XX ғасырда ғана етек ала бастады

    71.Бата сөздер

    Бата – қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық дәстүрлерінің бірі. Бата, тілек ақ дастархан басында, түрлі тойларда, жақсылықтарда айтылады.

    Бата арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі. Оның мағынасы – алғыс айту, ақ ниет, тілек білдіру. Ақсақалдар үйде бір жақсылық бола қалған жағдайда немесе сойылатын малға бата жасап, балаларға құлақ үлестіреді.

    Бата – негізінде намаздың соңына қол жайып айтылатын дұға.

    Бата

    Құдай жарылқасын,

    Бай қылсын.

    Бақ қарасын,

    Қыдыр дарысын.

    Әулие дарысын,

    Әруақ жебесін!

    Дастарханға береке берсін,

    Ерге дәулет берсін.

    Шыққанның есесін берсін,

    Қалғанның берекесін берсін.

    Кең пейіл берсін,

    Ұзақ өмір берсін.

    Сақтық батасы

    Уа, құдайым, тілегімді қабыл ет,

    Иманымды кәміл ет.

    Тозақта жанған оттан сақта,

    Қаңғырып тиген оқтан сақта.

    Парақор соттан сақта,

    Кірлі сумен жуыстан сақта,

    Ынтымақсыз туыстан сақта,

    Қаражүрек бақылдан сақта.

    Той батасы

    Әуелі, Құдай оңдасын,

    Хақ Расул жәрдем қып,

    Әулиелер қолдасын.

    Сапар шықсаң, басшы боп,

    Қызыр болсын жолдасың.

    Шүкірлік қыл Аллаға,

    Пейіліңді Құдай алмасын.

    72. Бата сөздер

    Қазақтың бай ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі – бата-тілек сөздер. Бата-тілек сөздер қай дәуірде пайда болды дегенді тап басып айта қою оңай емес. Бірақ қалай болғанда да, бата сөздер – адамдар арасындағы ізгілікті қарым-қатынастың ежелден бергі жарқын белгісі ретінде көрініс тауып келе жатыр. Бата сөздер – адамдардың бір-біріне жақсы тілегін, ықылас-ниетін білдірудің құралы. «Батамен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер», «Жақсы сөз – жан азығы», «Жақсы сөзге жан семіреді» – дейтін қазақ халқы әрбір орайы келген жағдайларда бір-біріне жақсы сөз арнап отырған. Тіпті біреудің туысы, жақыны өмірден өткенде оған жұбату айту үшін барудың өзін «жақсы сөз айту» деп атаған. Соныменен, қазақ халқының ауыз әдебиетінде ежелден өзіндік орны бар, есте жоқ ескі замандардан қазіргі күнге дейін айтылып келе жатқан, ғұрып-салттық сипаттағы рухани құнды қазынамыздың бірі – бата-тілек сөздер және бұл да біздің ұлттық кодымыздың бір ғажап тылсымы деген болар едік. Әдеттте, жоғарыда атап өткеніміздей бірадамның келесі бір адамға немесе адамдарға арналған лебіз сөздері «бата-тілек» деп аталады. Бір қарағанда, бата мен тілек бір болғанымен, олардың өзіндік айырмашылығы да бар. Бата мен тілек сөздер күнделікті өміріміздің барлық дерлік жағдайларында жиі ұшырасып жатады. Бата – қазақ және басқа да халықтардың дәстүр-салтында өзінің ізгі ниетін, ақ көңілін білдірудің бір түрі болып есептеледі. Баталар көбінесе өлеңмен, кей-кезде түйдектелген қара сөзбен де берілетіндігі белгілі. Байыптап қарайтын болсақ, бата қазақ халқының өмір-тіршілігіндегі барлық маңызды делінген оқиғаларға, тіршілік-шаруаларға, көңіл-күйлік құбылыстарға байланысты айтылады. Мысалы, алыс-жуыққа жол жүру, келін түсіру, қыз ұзату, көлік алу, жарыстарда жеңіске жету, ауру-сырқаудан айығу, қандай бір апаттан, пәле-жаладан сақтану т.б. жағдайларда ел сыйлайтын ақсақалдардан, жолы үлкен ел ағаларынан, ауылдың, әулеттің үлкен кісілерінен, қадірлі, құрметті жасы үлкен қариялардан «Әумин!» - деп арнайы бата тілелінеді.

    Әумин десең маған,

    Құдай берсін саған!

    Оң жағыңа қарасаң,

    Алтыннан қақпа орнасын!

    Сол жағыңа қарасаң,

    Күмістен кақпа орнасын!

    Еш жамандық болмасын,

    Аман болсын мал-басың!

    Қызыр болсын жолдасың!

    Дастарқан байлығын берсін,

    Деніңнің саулығын берсін!

    73. Бір ән-өлеңді талдау

    3 4 4

    1. Мариям// Жагор деген// орыс қызы// - 11а

    3 4 4

    Он алты,// он жетіге// – келген кезі// - 11а

    3 4 4

    Қазаққа// Дудар деген// ғашық болып//-11б

    3 4 4

    Сондағы// Мариямның// айтқан сөзі//-11а

    Қ-сы:

    6

    Дударари-дудым//-6а

    1 3 2

    Бір// сен үшін// тудым!//-6а

    3 6

    Шіркін-ай,// Дудари-ри-дудым!// -9 а

    3 4 4

    2. Дудар-ай,// ақ боз атты// жемдедің бе,//-11а

    3 4 4

    Жеріңе// уағда айтқан// келмедің бе?//-11а

    3 4 4

    Жеріңе// уағда айтқан// келмей қалып,//-11б

    3 5 4

    Мариям// заты орыс деп// сенбедің бе?//-12а

    3 4 4

    3. Ащыкөл,// Тұщыкөлдің// арасы бір.//-11а

    3 4 4

    Басыңа// камшат бөрік //жарасып жүр.//-11а

    3 4 4

    Дудар-ай,// келер болсаң// тезірек кел,//-11б

    3 4 4

    Орныңа// өңкей жаман //таласып жүр.//-11а

    3 4 4

    4. Қолында// Мариямның// өткір қайшы.//-11а

    3 9

    Қағазға// Мариям аты жазылсайшы.//-12а

    3 4 4

    Қор болып// бір жаманға// кеткенімше,//-11б

    3 4 4

    Алдымнан// қазулы көр// табылсайшы!//-11а

    Авторы: Халық

    Тақырыбы: Орыс қызының қазақ жігітіне ғашықтық сезімінің бейнеленуі

    Идеясы: Ғашық жанның ішкі толғанысы мен ғашықтық сезімін білдіретін осынау бір ән тыңдарманын ерекше күйге бөлеп, бойдағы бар сүйіспеншілік сезімді ояту

    Жанр түрі: лирика, халық әні

    Шумақ:4

    Тармақ:4

    Бунақ:3

    Буын:11-12

    Ұйқас түрі: қара өлең
    1   2   3   4   5   6   7   8   9


    написать администратору сайта