хаә общий. 4. Маалмтелдер лгілеріне талдау жасау Новеллалы ертегілер
Скачать 5.25 Mb.
|
4. Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау 5. Новеллалық ертегілер Новеллалық ертегі(«Уәзірдің қызы», «Әке өсиеті», «Әділ патша туралы ертегі», «Аяз би» т.б.) — шытырман оқиғаларға құрылып, үй-іші, ерлі-зайыптылардың адалдығын дәріптейді. Тұрмыс-салтқа байланысты ертегілер халықтың тарихи талаптарына байланысты туған. Онда бай баласы мн жарлы баласының таптық айырмашылықтары сөз болады, ақылды кедей мен сараң бай, қанағатсыз саудагер, ақымақ хан мен данышпан шаруаның іс-әрекеттері, мінез-құлықтары суреттелінеді. 6. тарихи өлеңге талдау «Кенесары-Наурызбай» тарихи жыры Дастанның тақырыбы – Кенесары, Наурызбай бастаған – ұлт-азаттық көтерілісінің тарихи сипатын таныту, идеясы – ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі халықтың жанқиярлық күресін, қол бастаған батырлардың (Кенесары, Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай, т.б.) ерлік істерін даралау, мінездеу. Дастанның композициясы мынадай бөліктерден құралған: біріншісі – Ресей патшалығының отарлау ықпалына түскен қазақ халқының мүшкіл хал-ахуалына автордың эпикалық баяндауы мен лирикалық толғаныстармен баға бергені; екіншісі – екі жақтан епкіндеп торлай бастаған отарлау құрсауына қарсы Кенесары, Наурызбай бастаған әскердің жиналуы; үшіншісі – Наурызбай, Ағыбай батырлардың Кене хан әскері үшін тұлпарлар жинауы, Жолды аяқ сынды тілеулес батырлар шоғырының құралуы; төртіншісі – Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі жауынгерлерінің орыс жазалаушыларымен шайқасып, Қызылжарды, Көкшетауды, Бурабайды, Атбасарды, Қараөткелді және т.б. мекендердi отаршылдардан азат еткенi; бесiншiсi – Ресей патшалығынан азат болу жорығына қырғыз елін де қосу жолындағы әрекеттің қырғыз манаптарының және кейбір қазақ руларының опасыздығының кесірінен сәтсіздікке ұшырағаны; алтыншысы – дастанның тұтас желісіндегі азаттыққа, тәуелсіздікке құштар қаһарман халықтың көркем жинақталған тұлғасының сомдалуы. Қазақтардың жеңілген себебі - Кенесары қолында алауыздық туады, барымтаны олжалауға таласуы еді. 7.Магиялық поэзия ерекшеліктері Магиялық поэзия (гр. maqos - абыз, сиқыршы) (өз кезегінде грек тіліне парсы тілінен сіңген сөз) - әр түрлі құбылыстарға табиғаттан тыс күштер арқылы әсер етуге болады дейтін наным-сенімнен туған сиқырлау, дуалау мақсатымен айтылатын ғұрып өлеңдері. Мысалы, қазақ фольклорындағы бәдік, арбау-байлау өлендері, бақсы сарыны, т.б. Магиялық поэзия жанрларына жатады. Ерекшеліктері: сиқырдың, тылсым күштің болуы. 8. Ахмет Байтұрсынов – фольклор зерттеушісі. ХХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ фольклорының жекелеген мәселелері А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, М. Әуезов, Ә. Бөкейханов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов т.б. зиялылар тарапынан сөз болғаны мәлім. 1920–1930 жылдары қазақ фольклортану ғылымында қолға алынған басты мәселелердің бірі – оқулық пен хрестоматия жазу болды. Мұндай игілікті істі бастаған, қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихын алғашқылардың бірі болып оқулық көлемінде сипаттауды мақсат еткен А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Сейфуллиндер еді. Ғалым А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» оқулығы негізінен алғанда, қазақ әдебиеті қисынына арналғанымен, онда сонымен бірге қазақ фольклортану ғылымына т.б. қатысты материалдар мол қамтылуымен де ерекшеленеді. Зерттеушінің «Әдебиет танытқыш» атты оқулық кітабы өзінің құрылымдық ерекшелігіне қарай, негізінен, жоғары оқу орындарына арналған. Оқулық ішіндегі 15 тараудың «Ауыз әдебиеті» атты бір тарауы ғана фольклорға арналған. Фольклорға А. Байтұрсынов: «Жазу-сызу, өнер-ғылым жоқ халықтарда жазба шығарма болмайды. Ондай халықтардың асыл сөздері анайы тілмен айтылған ауыз шығармалары болады. Сондықтан ондай асыл сөздер ауыз әдебиет деп аталады», - деген дұрыс анықтама береді. Демек автор фольклорды ауызша айтылған шығармалар деп қабылдаған. Ахмет Байтұрсынов фольклорды сөз өнері деп біледі. Сондықтан ол сөз өнері адам санасының көрінісі болып табылатын ақыл, қиял, көңіл ұғымдарымен байланысты дейді де, соның бәрі тіл арқылы іске асатынын, сол себепті фольклор тілі де өзіндік сипатқа ие екенін айтады. Фольклорды да әдеби де шығарма дей отырып, оның тақырыбы, жоспары, мазмұны, түрі болатынына назар аудартады. Мұнда шығарма, яки әдебиет дегенде, ең бірінші болып «ауызша шығарылған сөзді» (яғни халық ауыз әдебиетін) А. Байтұрсыновтың алдымен атауы т.б. – бәрі фольклортанушының жазып шығарған әдебиеттің (жазба әдебиеттің) негізін қалаған фольклор екен деген ойын діттейді. Мұндай пікір үлгісінің ХІХ ғасырда өмір сүрген орыс ойшылы А. И. Герцен еңбегінде кездесетініне белгілі. Демек әлемдік фольклористика тарихында фольклорды зерттеушілер арасында мұндай үндестік, сарындастық туу себептері десек, ол – дәстүрлілікте, алға қойған зерттеушілік мақсаттың ортақ екендігінде, ағартушы-демократтық көзқарастан туындайтынында. Ауызша туған, тараған, біздің заманға дейін жеткен т.б. халықтық нұсқалардың – бәрін алғашқылардың бірі болып, қазақ әдебиеті, қазақ фольклортану тарихында т.б. ғылыми тұрғыда Ахмет Байтұрсынов әдебиет, асыл сөз деп таныған. Шығарма тақырыбына келгенде: «Әңгімедегі пікір не нәрсе болса, сол нәрсе шығарманың тақырыбы болады», – дей отырып, зерттеуші А. Байтұрсынов өз пікірінің дәлелі ретінде «Айман-Шолпан», «Қобыланды батыр», «Атымтай жомарт» т.б. фольклорлық үлгілердің аттарын келтірген. Демек А. Байтұрсынов ауызша шығарылған фольклорлық нұсқаларды – дәлел көзі, дайын мәтін үлгісінде т.б. сөз өнеріне жатқызған. Зерттеуші ретінде Ахмет Байтұрсынов шешендік сөз жанрына да тоқталған. Ахмет Байтұрсынов бұл жанрды «шешен сөз» деп атаған. Шешендік сөзді айтушының негізгі мақсаты: баяндау, сипаттау, түсіндіру емес, керісінше, өз пікіріне нандыру, сендіру, ұйыту, бұйыту, илан келтіру дегенді айтып, бұл жанрдың басты функциясын жақсы аңғарған. Ал, шешен сөздің негізгі мақсатын: «... Адамның жүрегін билеп, жүйесін босату, қанын қыздыру, намысын келтіру, арқасын қоздыру»,- деп анықтаған. Ал, батырлар жырында кездесетін батырлар бейнесін талдауы, жырдың орындалуы, жыршының рөлі (өз қиялынша өң беріп, көпіртіп, көркейтетіні) т.б. – мұның бәрі А. Байтұрсынов мән беріп, зерттеген аспектілер. Сонымен бірге ғалым А. Байтұрсыновтың жоғарыдағы үлгілердің ауызша туып, айтылып, дамитынына, көп нұсқалылыққа байланысты туындаған ерекшеліктер негізінде фольклорда нақты автор болмайтынына, бүкіл жұрт, ұлт, халық авторы болып саналатынына назар аудартуы да құптарлық. Бұл фольклордың авторлығына байланысты берілген тұңғыш ғылыми анықтама болып табылады. Сондай-ақ: «Сөз ішіндегі (фольклордағы-Н. Ж.) адамдардың жүріс-тұрысы, мінезі өзіне сәйкес келгендіктен әр халық өзінікі деп біледі. Сәйкес келу себебі ауыздан-ауызға көшкенде әркім өзінше өң беріп, өз заманының салтына, сарынына түсіргендіктен»,- деуінен, біз А. Байтұрсыновтың фольклорды – халықтың мінез-құлығын, әдет-салтын, тұрмыс-тіршілігін танудың т.б. дайын этнографиялық дерек көзі деп қарастырғанын, фольклордың бойында өзіндік ұлттық ерекшеліктің болатынын алғашқылардың бірі болып байыптағанын сараптаймыз. Фольклортанушы А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» кітабының «Ауыз әдебиеті» атты тарауы бар. Мұнда тұңғыш рет қазақ фольклортану ғылымы тарихында: фольклордың ішкі жанрлық жағдайы, сюжеті, бейнелер жүйесі, тақырыптық- идеялық ерекшеліктері, әрі фольклорлық жанрлардың іштей жіктелу шарттары, фольклордың атқаратын түрлі қызметтері хақында, фольклорға халықтың көзқарасы, фольклордағы тарих пен шындықтың арақатынасы т.б. бәрі ғылыми жүйеге түсіп, теориялық тұрғыдан, тарихи-типологиялық зерттеу әдісі негізінде сараланған. 9. Сәкен Сейфуллин – фольклотанушы. Жалпы, фольклор мен фольклортану туралы ғылыми таным-түсініктер қазақ арасында ХІХ ғасырдың екінші жартысынан Шоқан, Ыбырай еңбектерінен бастап қалыптаса бастады. Әрине, қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңінде оның ең басты құрамдас бөлігі болып табылатын фольклортанудан басталуы заңдылық. ХХ ғасырдың бас кезіндегі зерттеу еңбектерде «фольклор» терминіне балама сөздер қолданыла бастады. Мысалы, А. Байтұрсынов «ауызша шығарған сөз», С. Сейфуллин «ауыз әдебиеті», «ел әдебиеті» деп атаса, М. Әуезов «ауызша әдебиет», «ел ақындығы» деп қолданады. ХХ ғ. басындағы әдебиеттану ғылымының дамуын саралағанда байқалатын басты нәрсе әдебиеттің ауыр жүгін арқалаған азаматтардың сол өздері жасаған әдебиеттің ғылыми проблемаларынан да ешқашан тыс қалмағандығы. Ғылымға шөлдеген қазақ халқының бағына жаралған асыл азаматтарымыздың қай-қайсысы да қазақ халқының ерекше мұрасы ауыз әдебиет үлгілерін жинаумен айналысып қоймай, ғылыми жағынан негіздеді. Өз шығармаларында халық ауыз әдебиетінің үлгілерін батыл пайдаланды. Осы орайда жаңа әдебиет үшін күресті қоғамдық-революциялық күрестерімен ұштастыра білген Сәкеннің өзі халық мұрасының жақсы үлгілерін пайдалануды әдебиеттің басты міндеті деп көрсетеді. Халық ауыз әдебиеті мұраларын жинап оған ғылыми тұрғыда баға берген Сәкен жаңа әдебиет ескі әдебиет мүсіндерін іс жүзінде меңгеріп алып, жаңа ережелермен мүсіннің үлгілерін, типтерін қарастырып, бажайлау, екшеу, сөйтіп оған еңбекші тап мазмұнын кіргізу негізінде жасалады деп , таптық тұрғыда қарауға баса назар аударса да, ең бастысы, фольклордың жазба әдебиетке негіз болатынын айтады. С. Сейфуллиннің қазақ фольклорын жинаудағы, әрі жариялаудағы, әрі зерттеудегі фольклортанушылық қызметтері ешбір дайындықсыз біршама асығыс жүргізілгені байқалады. Жалпы С. Сейфуллин «Қазақ әдебиеті» кітабында ел басқарған хандар, сұлтандар, билер, байлар, батырларды сол дәуірде көсемдік қылған үстем таптың өкілдері ретінде қарастырды. Бұл еңбектің жазылуы әрі қиын, әрі асығыс болғанын С. Сейфуллин өзі ескертуі, әрі ел әдебиеті туралы ешбір із болмағандықтан кітаптың көңілдегідей шықпағанын діттеуі - бәрі Қазан төңкерісінен кейінгі оқу құралдарын т.б. жазуда асығыстықтың да болғанын көрсетеді. С. Сейфуллиннің: «Ескіліктегі үстем тап, қысқасынан айтқанда, билер табы болғандықтан, барлық әдебиет сол әкімшілік жүргізген үстем таптың санасымен шығып, үстем тап өз дәуірінің тұрмыс қаймағын бұздырмау іретінде мықты құрал болған. Бұл жәйітті бұл кітапта келтірілген әдебиет нұсқалары айқын суреттейді»,- деген пікірі, сол кезеңде ғылымға, мәдениетке т.б. тек таптық тұрғыда қараудың толық орныққанын дәлелдейді. Кітап басында Сәкен Сейфуллин алдымен белгілі тарихшы Мұхаметжан Тынышбаев еңбегіне тоқталады, талдау жасайды. Мұнда ол: қазақ деген сөздің өзіне; қазақ атанып отырған елдің руларына; Шыңғыс хан тұлғасына, заманына; Ноғай хан дәуіріне; Едіге батыр заманына; «алаш» т.б. тәрізді сөздердің түпкі мағыналарына, Абылқайыр хан, Жәнібек хан, Керей хан, Қасым хан, Ормамбет би т.б. тұлғаларына; Алтын Орда дәуіріне т.с.с. жан-жақты тоқталады. Демек Сәкен Сейфуллин қазақ тарихына шолу жасау арқылы, қазақ батырлар жырында кездесетін Едіге батыр, Нәрікұлы Шора, Сайын батыр т.б. бейнелерінің тарихи прототипін табуға тырысқанын көреміз. Сәкен Сейфуллин тұрмыс тәжірибелерінің қорытынды ережелерін, өнеге, үлгі, нақыл үшін айтылған сөздердің қолайлы, жатқа айтуға жеңіл, жинақталып, ықшамдалып шығарылғандығына ерекше көңіл бөледі. Ал, керекті мәтінді жатқа айту үшін, Сәкен Сейфуллин сөздерді жинақты қылып, ырғақ, күй, ән өлшеуіне салып шығару халық арасында кең етек алғандығын да ескертеді. Демек Сәкен Сейфуллинді фольклордың көркемдік ерекшеліктері де қызықтырған тәрізді. Мұндай сөз түрлеріне ол: ереже, өнегелі сөзді, тақпақты, мақал мен мәтелді, толғаулы жырды, жырлы әңгімені, әнді, күйлі өлеңдерді де т.б. жатқызған. Одан әрі халық ауыз әдебиеті әрбір сөзді тоқыған адамның жадында сақталатыны, бұрынғылардың айтқан сөздерін кейінгілердің жаттап алатыны сөз болады. Сондай-ақ, үстем санада бағыттаушы болған бұрынғы көсемдердің көркемдеген сөздерін, шежіресін, салт, дәстүр, заң ережелерін, өнегелі сөздерін үйреніп, жадына алып сақтаған билер өз заманына керек деген сөздерін ғана әдемілеп, ықшамдап, ұйқастырып шығаратынына да көңіл бөледі. Ал, әңгімелерді жыр, өлең қылып айта алатын адамдарды Сәкен Сейфуллин өлеші, жыршы, жырау, ақын деп атаған. Демек фольклордың ел арасында өмір сүру жағдайы – С.Сейфуллиннің негізгі зерттеу концепциясы екені көрінеді. Сәкен Сейфуллин халық ауыз әдебиетін екі үлкен дәуірге бөледі. Біріншісін, билер дәуірі, яғни жөңкілген, шабыншылық, шабуыл дәуірі десе, екіншісін Сәкен Сейфуллин орыс патшалығына бағынған дәуірін – қамалған, тоқыраған дәуір деп сипаттайды. Жалпы Сәкен Сейфуллин фольклорды: эпос, ертегі, тұрмыс-салт жырлары т.б. деп жүйелеген. 10. «Ауыз әдебиеті», «Фольклор» терминдері туралы. Ауыз әдебиеті – ауызша таралған халықтық көркем-әдеби туындылардың әдебиеттану ғылымындағы жиынтық атауы. 1896 ж. Вильям Томс ұсынған «фольклор» (ағылш. Folk- халық, lore-білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халық арасында ғылыми атау ретінде орныққан. Фольклор атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. Ол байырғы ата- бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. Шілдеханадан бастап рулар арасындағы даудамайларға, бесік жырынан бастап жоқтауға, ем - домнан бастап лирикалық өлеңдерге , ырым - түсініктерден бастап қоғамдық дүниетанымдық аңыз-әңгімелерге, мифтік сенімдерден бастап қоғамдық ой-пікірлерге дейінгінің бәрі де ауыз әдебиетінде тоғысты. Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да саналы болып қалыптасты. Тұрмыс-салт өлеңдері (еңбек, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, наным-сенім, т.б.),ертегілер, аңыздар, әпсаналар, мифтер, эпостық жырлар, тарихи жырлар, қара өлең, өтірік өлең, мақалмәтелдер,жұмбақтар, айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар, драмалық үлгідегі шығармалар...-ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір жанрлардың өзі әрі қарай түртүрге бөлініп кете береді. Фольклордың өзіне тән негізгі ерекшелігі - оның сапа және таптық жағынан біркелкі болып келмейтінін, онда тарихи шындық пен поэтикалық қиял және айдармашының жорамалы болатынын, әсіресе бірнеше ғасыр бұрын айтылып, талай рет ауыздан-ауызға көшкен болса әр түрлі жыраулар мен жыршылар өз жандарынан түйдектетіп қосатын қосымшалардың да мұндай шығармалардан орын алатынын бір сәтке де естен шығармау керек. Әлемдік фольклортануда «фольклор» ұғымы өте кең мағынада қолданылады. Оған халық музыкасын, халық биін, халық өлеңін, халық театрын, халық әдебиетін, халық қолөнерін, халық қолданатын ырымдар мен ғұрыптарды, салттар мен нанымсенімдерді жатқызады. Демек, фольклор дегеніміз – тек қана ел арасына тараған ауызекі шығармалар емес, фольклор – халықтың бұрынғы замандарда өмір сүрген бабалары шығарып, пайдаланып, ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп, бүгінгі дәуірге жеткізген руханият. Ол – көп салалы, сондықтан көп сипатты және кеп функциялы, синкретті руханият. Өте ерте заманда туып, жүздеген ғасырлар бойы өмір сүргендіктен фольклор ежелгі қоғамның дүниетанымы және мәдениеті болған. Үнемі қолданыста болғандықтан, ол – адамдар тұрмысының қажетті бөлшегіне, атрибутына айналған. Фольклор сарқылмас тіл қазынасы екендігі белгілі. Ана тіліміздің небір шұрайлы сөз оралымдары, сөз саптаудың сан сырлы, сұлу әуезді үлгілері фольклор деп аталатын халықтың ауызша жеткен әдеби асыл мұрасында жинақталған. Алайда фольклорға тек халықтың ауызша жеткен әдеби жинағы, сөз өнері деп қарау жеткіліксіз, фольклорда халықтың салт-санасы, әдеп-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігі, діні, философиялық ойлары, ұлттық болмысы, дүниетанымы, қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастары барынша мол орын алған. Сондықтан да халықтың бар болмысын, дүниетанымын, ой-зердесін танып білуде оның маңызы зор екендігі талассыз шындық. Түр жағынан да, жанрлық жағынан да бай қазақ фольклоры әр кезде тарихи-әдеби, тарихи-әдебиэтнографиялы қ , тарихиэтнографиялық зерттеулер нысаны болып, түбіміз бен тегімізді тану тұрғысындағы зерттеулерде ғалымдардың назарын үнемі аударып келеді. 11. Ә.Диваев – қазақ фольклорын зерттеушілердің аса ірі өкілдерінің бірі. Фольклоршы Ә.Диваев халық ауыз әдебиеті нұсқаларын этнографиялық материалдармен байланыстыра жинады. Ол халық поэзиясын халықтың түрмысынан бөле қарауға болмайды деп білді. Сондықтан да ғалым кептеген хальщ ауыз әдебиет нұсқаларын, әсіресе әдет-ғұрыппен байланысты өлең-жырларды тікелей тәсіл арқылы жинағанда, әдет-ғұрыптың өзін де бірге жазып алып, онда өлең-жырдың атқаратын қызметін қоса жазып өткен. Ғалым фольклорлық шығармаларды жазып алумен бірге, халық шығармалары жазылған жинақтар мен қолжазбаларды да жинай жүрді. Ол кезде халық шығармалары қазақ ауылдарына ауызша ғана емес, жазбаша да тарайтұғын. Ә. Диваев алдымен колжазбаның өзін қолға түсіруге тырысқан, ал иесі бермеген жағдайда көшіріп алуға көшкен. Мүндай жағдайда шығармаға «қолжазбадан» деген белгі соғып отырған. Ә. Диваев Ақынбеков Еркінбектің қолжазба қорындағы ертегілері мен А. Қожабайдың қолжазбасынан алынған - «Алпамыс» жырын баспаға бастырып шығарды. Ә.Диваев Түркітанушылардың көбімен байланысты болды. Оның ғылымқұмарлығы, көзқарасы, іздену әдісі орыстың Шығыс зерттеу ілімінің арқасында қалыптасты. Ә.Диваевке тән жақсы қасиеттер - материалды контактілі тәсілмен жинастыру, зерттеу жұмыстарының кеңдігі мен терең мағыналылығы, халықтың рухани мәдениетін кадірлей білу - оның ісінен айқын сезіледі. Ол халық поэзиясынан көптің ақыл-ойы мен сана-сезімінің және өнерпаздығының сәулесін көрді. Қазақтың халық эпосы мен мақалдарын сипаттай келіп Ә.Диваев былай дейді: «Қазақтың мақалдары мен мәтелдері, басқа да халықтардікі секілді, сан ғасырдан бері жасалып қалыптасқан, халықтың ортақ ақыл-ойы болып табылады». Қейде халық шығармасының уақиғаларын оны туғызған әлеуметтік және экономикалық негіздерден бөле караған кездері де болды. Ондай жағдайда фактінің өзі Ә.Диваевке мәнді іс болып көрінді де, міне, сондай жерлерде ол ескі әдеттерді сипаттап кетуге ойысты. Ол Шымкент, Қызылорда, Қазалы, Әулиеата (Жамбыл), Ташкент, Черняев уезі және Сырдария аймағының Түркстан ауданы айналасын аралап, ертегі, мақал, жүмбақтар, мысқыл әңгімелер мен әдет-ғұрып өлеңдерінің нұсқаларын жиған. Мұнда Ә.Диваев киссаларды және халық поэзиясын жатқа білетін, өз ойынан да шығаратын Сұлтанқожин Майлықожа сияқты сегіз қырлы талант иелерін табады. Ол Майлықожадан лирикалық өлеңдер мен ғашықтық жырларды, ертегілер мен мысқыл өлеңдерді, соның ішінде қазақ арасына кең тараған Алдар Көсе, Шықбермес Шығайбай және Жиренше жайындағы нұсқаларды жазып алады. Ә.Диваев Шымкент уезінде ауыз әдебиет мұраларынан аса көп білетін дарынды жыршы, әрі әңгімеші Ақынбеков Еркінбекпен кездеседі. Ол одан қыз ұзату тойында айтылатын жар-жар, ау-жар өлеңдерін жөне басқа да ертегі, мысқыл әңгіме, мақал, жүмбақ, жырлар жазып алған. Халық шығармасын айтушының аузынан колма-қол жазып алу - Ә.Диваевтың жинаушылық қызметінің негізгі түрі болды. Оның шығармаға жасаған байымдауларында «ауыздан» деп көрсетіледі де, одан әрі айтушының аты-жөні, оның қай жерде, қай болыста, қай жерде тұратыны жазылады, яғни біршама паспорттық мәлімет беріледі. Жалпы Ә.Диваев жинаған материалдар негізінде қазақ фольклоры әрі тақырыптық, әрі жанрлық жағынан толықты. |