хаә общий. 4. Маалмтелдер лгілеріне талдау жасау Новеллалы ертегілер
Скачать 5.25 Mb.
|
74.Сыңсу Сыңсу - қыз ұзату дәстүріне байланысты туған тұрмыс-салт жырларының бірі.Бұл - қыздың ұзатылар алдындағы ел-жүртымен, ағайын-туыс, құрбы-құрдастарымен, туып- өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылады. Сыңсуды ұзатылатын кыздың сіңлілерімен не жеңгелерімен үй-үйді аралай жүріп белгілі әуенмен айтатын болған. Сыңсудың өлеңін ақындар немесе қыздардың өздері шығарған. Ұзатылып бара жатқан қыз сыңсу арқылы жұртқа өзінің мұңын, қайғы-қасіретін жеткізген. Сыңсуда қыздың жеке басының мұңы әлеуметтік мәселелерімен ұштасып, ескі әдет-ғұрыпты әшкерелеумен қатар қоғамдық ортаның, азаттық аңсаған әйелдер көзқарасы білдірілген. Сыңсудың өлеңі құрылысына қарай 7, 8, 11 буынды болып келген. Қазіргі кезде негізінен қыз ұзатылып кетіп бара жатып, туған-туыстарымен қоштасу барысында айтылады. Қыз өзінің ішіндегі бар сағынышын шығарып, жұртына кетеді. 75.Маусымдық ғұрып фольклоры Маусымдық жырлар. Жаз шыға жайлауға, қыс түсе қыстауға қоныс аударып жүрген көшпендi халықтар табиғат аясына етене жақын ғана емес, оның құбылмалы өзгерiстерiне тәуелдi де болған. Бiр малы екеу болып, ауыздары аққа тиетiн көктем мен жазды қаншалықты зарыға күтсе, «қылышын сүйретiп келетiн қысқа» әркез ыждаһатпен дайындалған. Қазақ даласында көктем мен күз ұзақ болмайды. Сондықтан да қазақ ұғымында алты ай қыс, алты ай жаз» деп бүкiл жылды негiзiнен екi-ақ кезеңге бөлу салты да бар. Маусымдық ғұрып фольклоры: Наурыз туралы өлеңдер мен фольклор Қымызмұрындық тойы мен өлеңдері Жарапазан 76 Қамбар батыр жырын талдау «Қамбар батыр» жырының басты тақырыбы – жер мен ел намысын қорғау. Оқиға Әзімбайдың байлығы мен сұлу қызы – Назымды суреттеуден, 18 жасқа толған Назымның жар іздеген назынан басталады. Назымның ағалары – Қораз, Дораз, Қарымсақ, Қабыршақ – дара мінез иелері. Бұл кезде Қамбар да ер жетіп, елін асырап отырған батыр тұлғасында көрінеді. Эпостағы этникалық мәліметтер оның оқиға суреттелетін кезеңнен кейіндеу туғанын аңғартады. Жырда қазақ халқының тарихи жауы – қалмақ, кейінгі этникалық бірлестік – ноғайлы атауларымен бірге қазақ этнонимі де жиі кездеседі. Қамбардың шыққан тегіне қатысты — уақ, «Ноғайлының Қамбары», Назымның әкесі Әзімбайға келгенде – «12 баулы өзбек» тіркестері қолданылған. Жыр сюжетінің алғаш аңыз түрінде туып, бері келе эпостық үлгіге ауысқаны аңғарылады. «Қамбар батыр» жырының 1888 жылы Қазандағы «Университет» баспахансында басылым көрген У.Тухфатуллин, 1890 жылы Санкт-Петербургте шыққан «Түрік хрестоматиясындағы» (3-том) И.Н.Березин, белгісіз жыршының «Кәрімовтер» баспаханасында жарыққа шығарған нұсқалары Кеңес кезеңінде де бірнеше мәрте түрлі өзгерістермен жарияланып отырған. Сондықтан топтаманың 43-томына осы жыр үлгілері түпнұсқа негізінде дайындалып, Ә.Диваев, Қалқай, Б.Мұқамбайұлы, Ш.Қалмағамбетов, М.Жапақов, Ә.Шоқатаев және белгісіз айтушы мен С.Әбжанов жеткізген екі ертегілік нұсқалармен толықтырылды. 77 Айтыс және оның түрлері Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған. Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық. Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр. 78 Қыз Жібек жырын талдау Жырдың композициялық құрылымына талдау. Оқиғаның басталуы: Жағалбайлы еліндегі оқиға. Оқиғаның дамуы: Төлегеннің жар іздеп жолға шығуы. Оқиғаның байланысуы: Төлеген мен Қыз Жібектің кездесуі Оқиғаның шиеленісуі: Бекежанның Төлегенді мерт қылуы. Оқиғаның шарықтау шегі: Хорен қалмақтың Қыз Жібекті айттыруы. Оқиғаның шешімі: Қыз Жібектің Сансызбайға қосылуы. «Қыз Жібек» жырының маңызы халқымыз үшін ерекше, бүгінге дейін құнын жоймаған құнды жыр. Жырдың басты маңызы- адал махаббат, шынайы сүйіспеншілік, сертке беріктілік. Ұмытыла бастаған көп әдет-ғұрыптарды осы жырдан кездестіруімізге болады. 79 Фольклор туралы жалпы түсінік Фольклор — халық шығармашылығы, яғни аңыздар, қиссалар, ертектер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар және т.б. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде пайда болған фольклор дамыған қоғамның этностарында да сақталған. [1] Ол нақты тарихи фактілер мен тұлғаларды бейнелеуге ғана арналмай, өткен тарихтың басты-басты мән - мазмұнын көркемдік-бейнесі тұрғыдан білдіруге саяды. Фольклор рухани мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі, халық бұқарасының, этностардың көркемдік ой-толғамының неғұрлым пәрменді нысаны, олардың эстетикалық дарыны мен талғамының, адамгершілік ереже - қағидаларының шоғырлы көрінісі мен топтамасы болып табылады. Фольклордағы көркемдік жинақтама бейнелер арқылы халық қоғамдық өмірдің әр түрлі құбылыстарына көзқарас тұрғысын білдірген. 80.Беташар Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген. Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Беташардың тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір, жеңілтек, т.б. болмауы қатаң ескеріледі. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый-сыяпатын атайды. Мысалы, сол шаңыраққа жақын ауқатты туыстары құлынды бие, енді біреулері отауға тігетін киіз үй, т.б. берген. Дәстүр бойынша, жаңа түскен келінді беташар жоралғысы жасалмастан бұрын қыз-келіншектерден басқа ешкім көрмеген. Келіннің бетін ашушы жас келінді ауылдың ардақты адамдарына, күйеуінің ағайын-туыстарына таныстыру шумақтарын өзінше суырып салып айтуы шарт. Ол үшін жырау не ақын екі-үші күн (кейде 10 — 15) бұрын сол оттың басына келіп, дайындық жасаған. Үй иесі оның бет ашқан еңбегіне беретін сыйлығын (ат, түйе, бірнеше уақ мал, т.б.) алдын-ала атап қоятын болған. Егер оның айтқандары көптің көңілінен шықса, онда сол үйдің ең қадірлі адамы, туысы саналған. “Келіннің бетін кім ашса — сол ыстық” деген мәтел де осыдан туған. Беташар жырының көне нұсқасын Ә.Диваев Сырдария экспедициясы кезінде жазып алып жариялаған: «Айт, келін, айт, келін! Аттың басын тарт келін! Сауысқаннан сақ келін! Жұмыртқадан ақ келін! Атаң менен анаңның Айтқызбай көңілін тап келін – сияқты дәстүрлі жолдармен басталып, ибалы жақсы келін болуға арналған өсиеттермен жалғасады. 81. Қиял-ғажайып ертегілер Қиял — ғажайып ертегілер. Ертедегі адамдар табиғат және оның құбылыстары туралы, адамның еңбегі, тіршілік – кәсібі, күресі жайында, дүние – жаратылыс, қас пен дос неше түрлі керемет күштер туралы қиял – ғажайып ертегі — әңгімелер тудырған. Олар өздерімен алысқан жаулары жайында да, сол жауларды жеңу жолдары туралы да әр түрлі ертегілер шығарған. Оларды жалғыз көзді дәу, жын – пері, мыстан кемпір, жезтырнақ, жеті басты айдаһар, әбжылан т. б. бейнесінде алған. Бұлардың бәрі адам баласына қастық жасаушылар, керемет күші, айла – амалы барлар деп түсінген. Ол түсініктері көбінесе мифтік ұғымға, бұлдыр сезімге ертедегі адамдардың өздері иланған көп құдайларға байланысты болады. Ертегілердің оқиғасы фантазиялық түрде айтылады. Мұндай ғажайып ертегілердің туу себебі : “бұрынғы кезде экономикалық дамудың төмен сатыда болғандығына байланысты”. Мысалы: Ер Төстік ертегісін алсақ Төстік қиял-ғажайып жағдайда дүниеге келіп өседі. Жылан Бапы ханның жұмсауымен Төстіктің Темір хан еліне барып, онда қалыңдықты алу үшін сайысқа түсуі, осы сайыста кейіпкердің өз күшімен емес, керемет достарының арқасында жеңуі – қиял-ғажайып ертегінің заңдылығы. Мысалы, Шалқұйрық – тек жүйрік ат қана емес, алдағыны болжай алатын қабілеті бар, неше түрлі сиқырды білетін, адамша сөйлеп, адамша іс-әрекет қылатын қасиетті жануар. Ал жер астында Төстікке дос болатын Желаяқ, Таусоғар, Көлтауысар сияқты кейіпкерлер – мифтік танымның сипаты. Ертедегі адамдардың мифтік түсінігі бойынша, желдің, таудың, судың "иелері" болған. Кейінгі замандарда олар көркемдік сипат алып, "достар осындай болса екен" деген адам арманын жүзеге асырушы бейнелер ретінде қабылданған. Ер төстік ертегісінің идеясы барлық қиыншылықты жеңуге болатынын, үмітті өзбей күрессе мақсатына жетуге болатыны жайлы айтылады. Адал достық туралы да айтылады. 82.Бәдік айтысының бір үлгісін талдау Бәдік айту дәстүрі жайында Әбубәкір Диваев, Сәкен Сейфуллин т.б. зерттеп жазған. Бәдік өлеңін айту себебі адамда немесе малда ауру кездессе, оны өлеңмен аластап қуып шығу, өзге жерге көшіру мақсаты көзделген. Ерте кезде адамда қауіпті ауру кездессе, «малға көш, алыс жерге көш, түрлі заттарға көш»,- деп аластамақ болған. Ал мал ауырса ауыл адамдары, қыз-келіншектер жиналып, ауырған малды қоршап бәдік өлең айту дәстүрге айналған. Әуелі бақсылардан басталған ғұрыпты кейінде ақындар, жиын-тойға жиналған жастар айтатын болған. Тіптен ақындар да бәдік өлең айтысып, сайысқан. Онда қыз-жігіттің қалжыңы, ол ауылдағы жамандықты көшіру, аластау қажеттігі айтысқа тиек болған. Бәдік өлеңдерді көпшілік жиын-тойда да жырлап, көңіл көтерген. Жамандықты, ауруды қуу мақсатында бәдік өлең айту үшін жастардың, елдің жиналып қызықты кеш өткізуіне де себеп болған. Мыс: Көш-көш! Аспандағы ақ бұлтпен көш! Зияныңды тигізбе, сақтықпен көш! Бірдеңеден қалғандай тез-тез басып, Қарайламай артыңа аптықпен көш. Тақырыбы: Бәдік жыры Идеясы: Жамандықтан аластау Шумақ: 1 Тармақ: 4 Буын: 10-11 Бунақ: 1 Ұйқас түрі: Қара өлең ұйқасы (а.а.б.а) 83. Өлік жөнелту ғұрпының фольклоры Қай заманда қай жерде болмасын, дүниеден озған жанды қастерлеп шығарып салу, ақырғы сапарға бүкіл жөн-жосығы-мен аттандыру—тірілер алдындағы ұлы міндет. Оның өзі түрлі тарихи даму жолынан өтіп, түрлі формада көрініс тапқан. Аза тұтуға байланысты: өлім үстінде өкпе-назды ұмыту, қайғылы үйге салмақ түсірмей кәде-міндеттерін бөлісіп әкету, азаға жиналған халықгы күту кезінде даурықпай, дабырламай қабақпен ұғысу тәрізді ізгілікке, қайырым, мейірімге тәрбиелейтін дала мәдениеті қалыптастырған ұлттық құндылықтар осы салт-дәстүрлерде көрініс тапқан. Қазақ фольклорында бірде жоқтау, жылау, жоқтаған жыр, дауыс немесе зар, кейде теріс өлең деп аталып жүрген атаулардың қай-қайсысы да Жоқтау жанрының туу, даму сатыларынан хабардар етеді. Қазақ дәстүрінде басқа халықтардағы секілді жоқтау айтудың ауыр жүгі әйелдер қауымының иығына түскен. Оны жиналған көпшілік ішінде арнайы тыңдалу үшін орындалатын жоқтау жолдарындағы әйелдің қиналысты халін танытатын мына жолдар айғақтайды. Басымды салып базарға, Көп ішінде, жақсылар. Қиын екен сөз бастау, ............................... Әрине, мұндай жоқтаулар көп әйелдер қатысып, көп болып жылайтын ғұрыптың өзге бөліктерінен ерекшеленеді. Жаназа намазын оқудың шарттары 1. Мәйіт мұсылман болуы керек. Мұсылман емес кісіге жаназа оқылмайды. Себебі Алла Тағала Құран Кәрімде: «Олардың біреу-міреуі өлсе, сен оған сірә да жаназа шығарма», – деген («Тәубе» сүресі, 84-аят). 2. Намазға мәйіттің болуы шарт, жоқ мәйітке жаназа оқылмайды. 3. Мәйіттің таза болуы. Мәйітті жумай немесе тәйаммум жасамай жаназа оқылмайды. Бұған барлық мәзһаб ғұламалары бірауыздан келіскен. 4. Мәйіт қауымның алдында болуы қажет. Имам Малик (р.а.) мәзһабынан басқа мәзһаб ғұламаларының шешімі бойынша, мәйіт қауымның артында болса, жаназа намазы дұрыс болмайды. 5. Жаназа намазын оқитын уақытта мәйіт хайуан үстінде, адамдардың қолдарында немесе иықтарында болмауы керек. 6. Мәйіт денесінің жартысынан көбі немесе жартысымен қоса басы болуы қажет. Жаназа намазын оқушының тиісті 4 шарты бар: 1) Ниет айту; 2) Дәретті болу; 3) Құбылаға қарау; 4) Әуреттің жабық болуы. Мәйітті шығару мен жерлеуге апару Мәйітті жуу, кебіндеу және жаназасын оқу сияқты оны жерлеуге иыққа көтеріп апару – парыз кифая. Нәрестені немесе одан үлкен баланы ер кісі қолына алып, мазарға көтеріп апарады. Баланы түсіріп алмау үшін басқалардың демеп жүруіне болады. Баланы ат үстінде отырып та апаруға болады. Мәйітті жерлеуге апара жат-қанда мәйіт табытта селкілде-мейтіндей, орташа жылдамдықпен жүру мустахаб. Әйел табытының үстінен мата не сол секілді, т.б. нәрсемен жауып қою – сүннет. Мәйіт үстін жерлеп біткенше мата, яки т.б. нәрсемен жауып тұру ләзім. 84. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын талдау Әңгіменің басталуы: Қарабай мен Сарыбай аңға шығуымен Әңгіменің дамуы: Екі бай балаларын айттырады Әңгіменің байланысуы: Сарыбайдың дүние салуы Әңгіменің шиленісі: Қарабайдың көшіп кетуі Шарықтау шегі: Қарабай Қодармен уәделесуі Әңгіменің шешімі: Қозының Баянды іздеп келуі Қорытынды: Ғашықтардық қосыла алмаулары Тақырыбы: Әдеп-ғұрып қиыншылығы, содан туатын ғашықтық. Ол салт-рушылдық феодалдық қоғамдар туғызған заң еткен салт. Идеясы: Сол дәуірдегі жастардың сүйіп қосылуын арман еткен тілек-мүдделерді қамтиды. Кейіпкерлер: Баян, Қозы, Қарабай, Қодар, Ай Таңсық (Қарабайдың асырап алған қызы), Мамабике(Қозының шешесі), Айбас (Қозы мен Баянға тілеулес), Сарыбай. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»жырында он бір буынды қара өлең молынан қолданылады. Тармақ үш бунаққа негізделіп,соңғы бунақ төрт буыннан құралады.Қазақтың қара өлеңнің бұл өлшемі-жырдың ұзын ырғағында толығынан сақталып отырады. Жырдың өлең жолдарында оқиғаны нақты жағдайға қарай беру үшін кейде 7-8 буынды өлең өлшемін пайдаланады. 85. Жоқтау Жоқтау немесе элегия— дауыс қылу деп те аталады, қазақ халқының әдет-ғұрпында адам қайтыс болған күннен бастап оның жылы өтіп, асы берілгенше жоқтау айтылады. Қазаны естіген жанашыр туыстар ауылға “ой,бауырым" деп ат қойып шауа келіп, атынан жығыла түсіп, жақындары жоқтау айтып, қайғылы сарынмен көріседі. Жоқтау – қазақ халқының қазалы жолында, қайтқан, қайтыс болған (өлген) адамның үй-ішіндегі туыстары сол адамды қаралы жыр айтып, жоқтап дауыс қылуы. Мұнда қайтыс болған адамның өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты, жақын жамағайындары, құда жағынан қатысатын қатындар ( әйелдер) сол күні сол үйге жиналады да қолдарына орамал-шыт алып беттерін басып жоқтау жырын айтады. Жоқтау сөздерге қарсы айтылатын сөздерді – жұбату деп атайды. Жоқтау түрлері Ғалым Тоқтар Арынов жоқтауды үш түрге бөледі. 1 Күй жоқтау - өлген азаматтың балалары (көбінесе қыздары) шығарған, солар айтқан жоқтаулар. 2 Ән жоқтау- өлген азаматтың анасы не жұбайы шығарған жоқтаулар. 3 Жыр жоқтау - белгілі бір ақын, жыраулар шығарған жоқтаулар. Қазақтың салтында «ақтай жоқтау» деген дәстүрде кездеседі. Мысал: Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» Түне күнгі кеткеннен Ғали жаңа келдің бе? Алғадайдың мүрдесін Жол-жөнекей көрдің бе? Топырағың торқа боп, Тыныш ұйқта дедің бе? —Қалай қыйып қалдырдың Қарт әкеңді еліңде? Елжірейді өзегім, Ауырады белім де... Қаза болып көзелім, Халім қыйын менің де... 86. «Аяз би» ертегісіне талдау жасау Ертегінің басталуы: Ақылы асқан Мадан деген ханның болуы. Ертегінің дамуы: Құстың, адамның, шөптің жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы; Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі; хан сынағынан сүрінбей өтуі. Ертегінің байланысы: Жаманның ханға уәзір болуы; Меңдінің жұмбағын шешіп, қызға үйленуі. Ертегінің шиеленісуі: Қырық уәзірдің ханды Жаманмен араздастыруы; Жаманның Барсакелмеске сапары; Жаманның хан өтірігіне жауабы; Ертегінің шарықтау: Ханның Жаманды Ақша- шегі ханның еліне көшіріп салуы; Жаманды сағынған ханның уәзірлерін жазалауға тапқан ақылы; Ертегінің шешімі: Жаманның арсыз уәзірлерді хан жазасынан құтқаруы; Жаманның хан тағына отыруы. |