хаә общий. 4. Маалмтелдер лгілеріне талдау жасау Новеллалы ертегілер
Скачать 5.25 Mb.
|
32. Көркем фольклор жанрлары Қазақ фольклоры жанрға аса бай. Музыкалық фольклор жанрларын есепке алмағанның өзінде ауызша сөз өнерінің елуге жуық жанры бар. Олар: тұрмыс-салт жырларының: жар-жар, беташар, сыңсу, тойбастар, қоштасу, естірту, көңіл айту, арбау, дұға, бәдік, бақсы сарыны, бата, жарапазан сынды үлгілері; Көне жыр, батырлар жыры, тарихи жыр, ғашықтық жыр, тарихи өлең, қисса, дастандар; Жыр додасы айтыс (айтыс өз ішінде: ақындар айтысы, қыз бен жігіт айтысы, бәдік айтыс, қайым айтыс т.б. деп бөлінеді); шешендік сөздер, толғау, терме, желдірме, арнау, қара өлең, тақпақ; Қара сөз түрінде айтылатын миф, ертегі, әңгіме, аңыз,әпсана, хикая, хикаят, шежіре; шағын жанрлар: жұмбақ, мақал-мәтелдер, нақыл, жаңылтпаш, мазақтама т.б. Қазір фольклор жанрларын ғұрыптық және көркем фольклор деп екіге жіктейді. Бұлай жіктеуді ең алғаш ұсынған - А.Байтұрсынов. Ғалым «Әдебиет танытқышында» (1926) қазақ фольклорын «сауықтама» және «сарындама» деп екіге бөледі. Фольклор туындыларының тарихи шындық негізінде қорытылып, суреттелуі де әр жанрларға байланысты әр түрлі деңгейде болатындығын білеміз. Қазақ фольклорына да осы қағидаттар тән.Ауыз халықтық өнер – ғасырлар бойы қалыптасқан орыс мәдениетінің кең қабаты. Фольклордың жанрлары халықтың өмір сүруіне байланысты бөліне береді. Олар қазақ халқында: Миф, аңыздар, Мал түліктеріне байланысты, Батырлық жырлар, Лиро эпостық жырлар, Тарихи жырлар мен тарихи өлеңдер, тұрмыс салтқа байланысты жырлар деп бөліне береді. 33.Әлкей Марғұлан – қазақ фольклорын зерттеушілердің аса ірі өкілдерінің бірі Ә.Х. Марғұлан – қазақ фольклорын, оның ішінде, қазақтың тарихи жыр-аңыздарына сүйене отырып, тарих пен этнографияны байланыстырып, тарихи фольклорды алғаш рет кешенді түрде зерттеген ғалым. Отызыншы жылдардан бастап Ә. Марғұлан эпостық жырлар, ауыз әдебиеті үлгілерін, оның ішінде ертегілер мен жырларды өзара салыстыра отырып, жыр мотивтерінің ұқсастық, ерекшелік жақтарын, мотивтің алғашқы және кейінгі іздерін халықтардың қоғамдық, экономикалық тарихын негізге ала отырып зерттеген. Фольклордың этнографиямен тығыз байланысты екенін, олардың өзара этностың тарихын зерттеуде бірін-бірі толықтырып отыратындығын академик Ә.Х. Марғұлан өз зерттеулерінде дәлелдеді. Бұған ғалымның 1946 ж. қорғаған «Қазақ халқының эпикалық әңгімелері (миф, легенда, ертегі-жыр, аңызды әңгімелер) туралы тарихи-әдебиеттік зерттеулер» атты докторлық диссертациясы [4] және 1985 ж. жарық көрген «Ежелгі жыр-аңыздар» атты ірі монографиялық еңбегі дәлел . Бұл еңбектерде Әлкей Марғұлан алғаш рет халықтың жыр-аңыздарын тарихи дерек ретінде пайдаланып, кешенді тұрғыдан зерттеген. Сонымен қатар осы тарихи жыр-аңыздарында қазақ халқының генезисін және өсіп-өрбу жолдарын кеңес дәуірінде алғаш айтқан ғалымдар қатарына жатады. 34.Қазақтың тарихи эпосы Тарихи эпос – қазақтың жүз, тайпа, руларының бірігуінің, бүкіл халықтың жұдырықтай жұмылып сыртқы жауға қарсы күресінің, егемендік идеясының поэтикалық көрінісі. Халыққа танымал тарихи эпостардың санатында Есім хан мен Абылай ханға, Кенесары ханға, Бөгенбай мен Қабанбай, Ағыбай мен Олжабай сынды ержүрек ерлерімізге, Орақты, Исатай мен Махамбет, Сәтбек, Райымбек, Өтеген, Барақ, Жантай, Сырым, Бердіқожа, Досан, Жәнібек, Бекет, Арқалық, Жанқожа, Мырзаш, т.б. батырларымызға арналған жырлар. Батырлық пен тарихи жырлар халықтың ықыласына бөленіп, көптеген ақын, жыршы, жыраулардың репертуарынан берік орын алып келеді. Тарихи жырлар.Қазақ фольклорының тағы бір қомақты бөлігін тарихи жырлар құрайды. Тарихи жырларда кейде оқиғаларжазба тарихке сәйкес баяндалса, кейде қиялдау, көркемдік жинақтау түрінде беріледі. Түркі халықтары тарихи жырларына Едіге батыр туралы жыр, аңыздар жатады. Едігенің ұрпақтары саналатын Орақ,Мамай, Қарасай, Қази жайындағы жырлар, «Шора батыр», «Ер Сайын» тарихта болған ноғайлы елі тұлғаларына арналған жырлар. Бұл жыр қазақ, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, татар, көшпелі өзбектер, алтайлықтарда сақталған. Тарихи жырларда окиғаның дәлдігі сақтала бермейді. Әр кезеңнің тарихи-әлеуметтік, коғамдық-саяси бет-бедері көркемдік тұрғыдан қорытылып бейнеленеді. Бұл жанрда ру-тайпалық мақсаттар қаға-беріс қалып, жалпы халықтық мемлекеттік мүдделер басты сипат алады. Бұл жырлардың бәрі - ертеде туғандары да, кейінірек шығарылғандары да анық тарихи оқиғаларға негізделген, ал басты кейіпкерлер - тарихта болған адамдар. Тарихи жырлардың авторлары - көбінесе, сол оқиғаларды көзімен көрген тұстастары. Авторлар көзімен көрген, өздері бастан кешірген оқиғаларды уақытына карай рет-ретімен баяндайды. "Тарихи жырлардың батырлық эпостан жанрлық айырмашылығы бар. Яғни тарихи жырларда эпостық баяндауға тән обьективтік сарынның орнын оқиғаларды тікелей кабылдаған автордың әсері араласқан субьективтік баға басады" Тарихи жырлардың шығу, пайда болу мерзімдері әр халықтың фольклорында әр түрлі. Қазақ ауыз әдебиетінде тарихи жырлар 4 кезеңге бөлінеді. Алғашқы кезеңдегі Тарихи жырлар Алтын Орда, Ноғайлы, Астрахан, Қырым хандықтарына карсы феодалдық соғыстар (14 - 17 ғ.) суреттеледі ("Едіге", "Нұрадин", "Орақ-Мамай", "Қарасай-Қази", "Мұсахан", "Телағыс", т.б. жырлар). Жоңғар, қалмақ шапқыншылығына қарсы жорықтарды (18 ғ.) қамтитын екінші дәуірде Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай, Өтеген, Жәнібек батырлар туралы жырлар туды. Үшінші дәуірде ұлт-азаттық, бостандык жолындағы күресті (19 ғ.) сипаттайтын жырлар шьпсғы: "Исатай-Махамбет", "Бекет батыр", "Досай батыр", "Жанқожа батыр", т.б. Төртінші кезең 20 ғ-дың басындағы төңкеріс жылдарындағы елеулі оқиғалар және 1916 жылғы патша үкіметіне карсы халық көтерілісі жайындағы жырлармен шектеледі ("Туар ма екен бізге күн", "Еріксіз келдім елімнен", "Зарлы заман кезінде", "Құлақасқа", "Бекболат", "Ұзақ батыр", "Амангелді" т.б.). 35.Мәлік Ғабдуллин – фольклортанушы Мәлік Ғабдуллин ( 1915-1973) — қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ғылым академиясының академигі (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). Ол 1947 жылы «Қобыланды батыр жырын зерттеу проблемалары» деген тақырыпта диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты атанса, 1958 жылы «Қазақ халқының дәстүрлі ауыз әдебиеті» атты зерттеуі үшін филология ғылымдарының докторы дәрежесіне ие болды. М.Ғабдуллин ғылыми-зерттеу саласында көп еңбек етті. "Қазақ халқының ауыз әдебиеті" (1958, 1964) атты күрделі монографиялық еңбегінде Ғабдуллин ауыз әдебиетін зерттеудің ғылыми-методологиялық негіздерін айқындап, қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, лиро-эпостық дастандар, айтыс өлеңдері, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер туралы жан-жақты терең ғылыми талдаулар жасады, олардың ғылымдық, тәлім-тәрбиелік мәнін ашып көрсетті. Бұл еңбек жоғары оқу орындарына арналған оқулық ретінде бірнеше рет қайта басылып шықты. Ол 8-сыныпқа арналған "Қазақ әдебиеті" оқулығын (1952-1957) жазды. «Қазақ әдебиеті» газетінің 1940 жылғы 28 қаңтардағы санында жарияланған «Халық фольклоры жайында» деген мақаласында М.Ғабдуллин фольклортанушы ғалым әрі жинаушы, әрі зерттеуші болу керек екенін тағы да ескертеді. «Фольклорда, әсіресе, батырлар жырын зерттеуде біздің алдымызда бірнеше күрделі міндеттер тұр», -деп жазды ғалым. М.Ғабдуллин өз мақаласында былай деген еді: «Шынын айту керек, фольклор туралы жалпылама әңгіме айту, жалпылама шолақ қорытынды жасау оңай, ал, жеке жырды алып талдау, сол жөнінде зерттеу жазу анағұрлым қиын». М.Ғабдуллин өзіне тән батылдықпен оңайға емес қиынға барды, зерттеу тақырыбы етіп «Қобыланды батыр» дастанын алды. Оның «Қобыланды батыр» жайындағы алғашқы ғылыми мақаласы «Әдебиет және искусство» журналының 1940 жылғы 3-ші санында басылған. 36. Бақсы сарыны. Көне заманнан келе жатқан бақсылыққа байланысты туып, ата-баба аруағын қастерлеу, Көк тәңірге табыну, болашақты болжау, ауруды жын-перілердің жәрдемімен айықтыру, т.б. байланысты қалыптасқан. Оның негізгі сипаты — синкреттілігі. Бақсы сарынын орындаушы әрі ақын, әрі биші, әрі сазгер. Ол аруақтармен өлең-жыр арқылы тілдесіп, іс-әрекетін би қимылдары арқылы жүзеге асырған. Бақсы сарыны халық поэзиясына тән 7 — 8 буындық жыр немесе 11 буындық қара өлең өлшемінде құрылып, арнайы музыкалық сарынмен орындалған. Ерте кездерде бақсылар асатаяқ, кепшік секілді ұрмалы аспаптарды пайдаланса да, негізгі құралы — құлағына қоңырау, шанағына айна орнатқан қасиетті қобыз. Бақсы сарыны ұлттық музыка мәдениетінің тарихи негіздерін, стильдік ерекшеліктерін зерттеу үшін аса қажетті, маңызды мұра болып табылады. Оның фольклорлық-этнографиялық үлгілерін әдебиетші-ғалымдар Ә. Қоңыратбаев, М. Ғабдуллин, С. Қасқабасов, т.б. зерттеп, өнер саласында А. Затаевич, Б. Ерзакович, Б. Қарақұлов, Т. Бекхожиналар бірқатар үлгілерін жазып алып, нотаға түсірген. Бір-біріне ұқсай бермесе де, сол негізде Бақсы сарынының кейбір стильдік ерекшеліктерін саралауға болады. Олар: музыкалық-әуенді-сөздік құрылымы, октава көлемінен аспайтын шектеулі диапазоны, аралас метрикалық өлшемі және бірде диатоникалық, бірде хроматикалық жүйеге жуық әуендік негізі. Бақсылық үрдістің бірте-бірте жойылуына байланысты бақсы сарыныда сирек құбылысқа айналып, қазірде өмірден өшіп бара жатқан әдет-ғұрыптардың санатына қосылған. 37. Тарихи жырлар - белгілі тарихи окиғаға байланысты туған эпиалық шығармалар. Тарихи жырларда окиғаның дәлдіп сақтала бермейді. әр кезеңнің тарихи-әлеуметтік. коғамдық-саяси бет-бедері көркемдік тұрғыдан корытылып бейнеленеді. Бұл жанрда ру-тайпалык мақсаттар қаға беріс калып, жалпы халыктық мемлекеттік мүдделер басты сипат алады. Батырлар жырында кездесетін ғайыптан туу, жар іздеу, құда түсу, батырдан туған ізбасар сияқты оқиғалар Тарихи жырларда ұшырамайды. Сондай-ақ, әсіресе көркемдеу құралы (гипербола) Тарихи жырларда мүлде әлсірейді. Бұл жырлардың бәрі - ертеде туғандары да, кейінірек шығарылғандары да анық тарихи оқиғаларға негізделген, ал басты-басты кейіпкерлер - тарихта болған адамдар. Тарихи жырлардың авторлары - көбінесе, сол оқиғаларды көзімен көрген тұстастары. Авторлар көзімен көрген, өздері бастан кешірген оқиғаларды уақытына карай рет-ретімен баяндайды. "Тарихи жырлардың батырлық эпостан жанрлық айырмашылығы бар. Яғни тарихи жырларда эпостық баяндауға тән обьективтік сарынның орнын оқиғаларды тікелей кабылдаған автордың әсері араласқан субьективтік баға басады" (Әуезов М., "Уакыт және өдебиет", 1962, 75-бет). Тарихи жырлардың шығу, пайда болу мерзімдері әр халықтың фольклорында әр түрлі. Қазақ ауыз әдебиетінде Тарихи жырлар 4 кезеңге бөлінеді. Алғашқы кезеңдегі Тарихи жырлар Алтын Орда, Ноғайлы, Астрахан, Қырым хандықтарына карсы феодалдық соғыстар (14 - 17 ғ.) суреттеледі ("Едіге", "Нұрадин", "Орақ-Мамай", "Қарасай-Қази", "Мұсахан", "Телағыс", т.б. жырлар). Жоңғар, қалмақ шапқыншылығына қарсы жорықтарды (18 ғ.) қамтитын екінші дәуірде Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай, Өтеген, Жәнібек батырлар туралы жырлар туды. Үшінші дәуірде ұлт-азаттық, бостандык жолындағы күресті (19 ғ.) сипаттайтын жырлар шьпсғы: "Исатай-Махамбет", "Бекет батыр", "Досай батыр", "Жанқожа батыр", т.б. Төртінші кезең 20 ғ-дың басындағы төңкеріс жылдарындағы елеулі оқиғалар және 1916 жылғы патша үкіметіне карсы халық көтерілісі жайындағы жырлармен шектеледі 38. Ә.Қоңыратбаев – шығармашылық ауқымы кең ғалым. Ол әдебиет атаулының барлық салаларында қалам тартқан. Қаламгер шығармаларының бір саласын поэзия, проза, көркем аударма, деректі әңгімелер мен очерктер құраса, екінші қанатын фольклортану, шығыстану, түркітану, әдебиет тарихы мен сыны, әдебиетті оқыту әдістемесі мен әлемдік педагогика мәселелері қамтып жатады. Мұндай тұлғалар қазақ әдебиетінде сирек. Он томдық шығармалар жинағында Ә.Қоңыратбаевтың еңбектері хронологиялық желіде топтастырылған. 1-том фольклортану мәселелеріне арналған. Оған ғалымның «Қозы Көрпеш» жыры, «Қазақ фольклоры» және «Қазақ фольклорының тарихи негіздері» атты монографиялары мен ізденістері енген. «Қозы Көрпеш» жырына арналған монографиясы 1946 жылы қорғаған кандидаттық диссертациясының өңделген нұсқасы. «Қазақ фольклоры» - 60-жылдары жазылған оқулық болса, соңғы тарауда ғалымның кейінгі жылдары жазған еңбектері қамтылды. 2-томда көне түркі жазбалары, хұн, сәнби, жужан, түрік қағанаты дәуіріндегі жазба ескерткіштер, Аттила және Ордос хұндері, орхон жазбалары, оларға қатысты жаңалықтар, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазбалары, Қарахандар мәдениеті, сопылық әдебиет туралы ізденістер қамтылған. Көшпелі этностар, ноғайлы жұрты, Мұқанна, Құтып, Әбілғазы, Вамбери, В.Бартольд, В.Григорьев, Шоқан шығармашылықтары, «Қазақ халқының этногенезі» туралы пайымдаулары жинақталған. Шығыстану мәселелеріне арналған 2-бөлімінде Орта Азияның антикалық дәуірі, хангюй жұртының мәдениеті, Араб шабуылы тұсындағы ренессанс көріністері Фердауси, Бируни, Омар Хайям, Низами, Сағди, Науаи, Абдулқадыр Бедил еңбектері туралы пікірлері қамтылған. 3-том ғалымның 15-18, 19 және 20 ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихына қатысты зерттеулерін қамтыса, 4-томға әдеби көркем сын саласындағы ізденістері енген. 5-том монографиялық зерттеулерден тұрады. Олар: «Шолпанның ақындығы», «Абайтану мәселелері», «М.Әуезовтің типтендіру өнері» және «Древнетюркская поэзия и казахский фольклор» атты еңбектер. 6-томда 1917 жылға дейінгі қазақ мектептерінің тарихы, Ресейдегі ағартушылық жұмыс, әлемдегі түрлі әдістемелік мектептер мен тәжірибелер тарихы, қазақ әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселелері қамтылған. 39. Мысал айтыстарды тиімді тәсіл ретінде айтыс формасын пайдалану деп түсінгеніміз жөн. Зерттеушілердің көбі мысал айтыстарды мазмұнына қарай бөліп алып, жеке түр ретінде талдайды. Мысалы, Х.Досмұхамедұлы: «Ел әдебиетінің түрі көп. Осы түрлерден ескерілмей келе жатқан түр – аруақпен ай- тысу» деп жіктейді. Қазақ халқы өлген адамның рухын, аруағын аса қастерлеген. «Аруақ аттамау», «Аруаққа тас атпау» деген ұғымдар, «Өлі разы болмай, тірі байы- майды» деген сияқты мақал-мәтелдер осы ойымызға дәлел болса керек. Х. Досмұхамедұлы да осы жайды атап айта отырып, там салу, ас беру, өліктің аруағына сыйыну секілді ырымдардың қазақтың шамандығынан қалғанын ескертеді. «Күйікке шыдай алмай сүйгенінің моласына барып зарлайды. Моладағы кісіден жауап алады. Іштегі шерін шығарып, мауқын басады. Өлік зарлаушыға жау- ап береді. Мола басында айтыс болады», – дей келе, «аруақпен айтысу – жоқтаудың бір түрі», – деп түйеді. Біз бұл айтысты мысал айтысына жатқыздық. Себебі, шығарманың пішіні – айтыс, ал сарыны – жоқтау емес, сүйген жарға деген сағыныш, үйде отырып зарлану емес, ерінің топырағын құшып отырып арманын айту. Аруақпен айтысу мағыналық тұрғыдан осылай аталғанымен, мұндай мысал айтыстың «Айтыс» жинағында екі түрі жарияланыпты. Біреуінде ері өлген әйелдің күйеуімен өзара сөйлесуі (Аймаңдай мен Бабас), екіншісінде қалыңдығы өлген ер жігіттің жарымен айты- суы (Ақбала мен Боздақ). 1942 жылғы жинақта бұл айты- стар «Дін айтысы» деген атпен, ал кейінгі жинақтарда «Әдет-салт айтысы» деген атпен жарияланыпты. Ғалым Б. Әбілқасымов фольклортану ғылымының қазіргі саты- сында бұл екі атаудың да термин ретінде пайдалануға жарамсыз екенін, ескіргенін ескертеді. Айтыс діни- наным сенімнен тууы мүмкін немесе діни сипатта келіп, діни мәселелерді көтеруі, діни қағидаларды негізге алып, уағыздаушылық мақсатты көздеуі ықтимал. Алай- да мұндай сарындағы айтыстарды да «Дін айтысы» деп атау қате. «Ақындар айтысы», «Билер айтысы» деген термин екі ақынның сөз таластыруын, екі бидің ой жа- рыстыруын білдірсе, «Дін айтысы» екі діннің таласын көрсетуі тиіс. 40. Қажым Жұмалиев – фольклортанушы Өмірбаяны Өңдеу * 1923 – 25 жылы Орынбор ересектер мектебінде, Шымкент ауыл шаруашылық техникумында оқыған. * 1932 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі АлМУ) бітірген. * 1932 – 37 жылдары Орал педагогика институтында (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекет университеті) * 1937 – 68 жылдары ҚазПИ-де сабақ беріп, қазақ әдебиеті кафедрасын басқарды. Шығармашылығы Өңдеу Жұмалиев шығармашылық жолын ақындықтан бастаған. * Оның алғашқы өлеңі “Батырақ Ғалиасқар” 1928 жылы “Лениншіл жас” газетінде жарияланды. * “Ерғожа мен Егізбай” поэмасы (1929) * “Шабуыл” (1933) * “Қанды су” (1934) * “Өмір жыры” (1938) * “Қырдағы күрес” (1957) деп аталатын өлеңдері мен поэмалар жинақтары жарық көрді. * Исатай-Махамбет көтерілісінің тарихынан жазыла бастаған романның үзінділері “Айқас” деген атпен басылған (1942). * “Біржан-Сара” операсы либреттосының * “Арбасу” (Ә.Сәрсенбаевпен бірге) атты пьесаның авторы. * Қазақ зиялылары туралы “Жайсаң жандар” естелік кітабы жарық көрді (1969). Кітапта С.Меңдешев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, Қ.Жансүгіров, С.Аспандияров, Қ.Сәтбаев, С.Камалов, т.б. шығармашылық портреттері жасалған. Жұмалиев зерттеулерінің бір саласы – әдебиет теориясына қатысты еңбектері. Ғалымның бұл саладағы еңбегі 1938 жылы шыққан “Әдебиет теориясы” деген кітабынан басталады. Бұл – қазақ тіліндегі А.Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышынан” кейінгі әдебиеттану терминдерін жүйелеуге арналған екінші талпыныс болатын. Өмірінің соңғы жылдары Жұмалиев әдеби стиль мәселесін зерттеуге ден қойды. Ғалымның бұл ізденістері “Стиль – өнер ерекшелігі” атты кітабына негіз болды. Мұнда ол жалпы әдебиеттегі стиль туралы ұғымды, жазушы стилі жайлы түсініктерді жаңа пайымдаулармен толықтырды. Сейфуллин, Майлин, Жансүгіров, С.Мұқанов, Т.Жароков, Сәрсенбаев, Камалов, Д.Әбілов, т.б. ақын-жазушылардың өзіне тән стильдік ерекшеліктерін талдап көрсетті. Жұмалиев өмірінің отыз жыл уақытын оқытушылық қызметпен өткізді. Қазақ әдебиеттану ғылымы мамандарын даярлауға елеулі үлес қосты.[1] |