Главная страница
Навигация по странице:

  • Портрет: Жаман

  • Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады

  • Батырға тән балалық шақ және кейіпкердің үйленуі (батырларға лайық құдалық)

  • Батырларға тән ерліктер

  • Жаудан (құлдан, бақталастан) елін (тайпаны, қалыңдықты, туған-туысты, елін) азат ету

  • 88.Жарапазан бір түріне талдау жүргіз

  • Жарапазан

  • Өлең құрылысына талдау: Шумақ: 8Тармақ- 4Бунақ-3Буын саны-11-12Ұйқас- Мақтау сөздер

  • Діни қалалар

  • Көркемдегіш құралдар: Теңеу

  • Мақал-мәтел

  • 90. «Ер –Төстік» ертегісіне талдау жасау Тақырыбы

  • 3. Шығарманың композициялық құрылысы: Оқиғаның басталуы: Төстіктің дүниеге келуі.Оқиғаның байланысы

  • Оқиғаның дамуы: Ағаларын іздеп шығуы.Оқиғаның шиеленісуі

  • хаә общий. 4. Маалмтелдер лгілеріне талдау жасау Новеллалы ертегілер


    Скачать 5.25 Mb.
    Название4. Маалмтелдер лгілеріне талдау жасау Новеллалы ертегілер
    Дата25.11.2022
    Размер5.25 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлахаә общий.docx
    ТипДокументы
    #812238
    страница9 из 9
    1   2   3   4   5   6   7   8   9

    Кейіпкерлері

    Мадан хан

    Жаман - Аяз Би

    Қырық уәзір

    Меңді қыз

    Қой жайып жүрген шал

    Мақал-мәтелдер:

    «Адам тілі тас жарар, тас жармаса бас жарар»;

    «Сөз тапқанға қолқа жоқ»;

    «Қылыш үстінде серт жүрмейді»;

    «Аға өлсе -іні мұра»;

    «Біреуге ор қазба, өзің түсерсің»;

    «Аяз әліңді біл, құмырысқа жолыңды біл»

    Портрет: Жаман - үстінде жыртық тоны, басында тері тымағы бар, ұсқынсыз адам.

    87. Қазақтың қаһармандық эпосы

    Батырлық жырлар, батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән.

    Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:

    1) “Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне эпос”, “мемлекетке дейінгі эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”, Аттилла, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.

    2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.).

    3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.)

    Батырға тән балалық шақ және кейіпкердің үйленуі (батырларға лайық құдалық):

    1) суреттеу, орта (тайпа, ата-ана, ел-жұрт) туралы сөз;

    2) кейіпкердің ғажайып жаратылысы;

    3) батырға тән балалық шақ;

    4) алғашқы ерлік;

    5) қалыңдық туралы хабар (қалыңдығын іздеу);

    6) қалыңдықпен сынға түсу, белдесу (немесе күйеу жігіттер арасындағы бәсеке);

    7) жеңіс және кейіпкердің қалыңдығымен оралуы.

    Батырларға тән ерліктер:

    1) жаудың шабуылы туралы хабар;

    2) жорыққа аттану;

    3) батырлардың белдесуі (кейде жорық сәтсіз болып, батыр тұтқынға түседі);

    4) жекпе-жек және кейіпкердің жеңісі;

    5) жеңіспен елге оралу.

    Жаудан (құлдан, бақталастан) елін (тайпаны, қалыңдықты, туған-туысты, елін) азат ету:

    1) қалыңдық туралы немесе туған-туыстың тұтқынға түскені (қорлық көргені) жөнінде хабар (түс көру, белгі берілуі);

    2) дұшпанның, бәсекелестің немесе құлдың кейіпкердің қалыңдығына үйленуді ниет етуі;

    3) қалыңдықпен жасырын кездесу немесе қалыңдығының тойына бөтен адамның кейпінде келу;

    4) кейіпкердің күрес (жарыс) үстінде танылуы;

    5) туған жерге оралу, бәсекелестерді, құлдарды жазалау;

    6) той.

    88.Жарапазан бір түріне талдау жүргіз

    Маусымдық ғұрыптарға байланысты туған өлеңдердің бірі – жарапазан.

    Діни сарындық мотив. Жарапазанда «алла», «құдай», «пайғамбар» дейтін сөздер үстем. Жарапазанның арнаулы баталары да болған. Онда қораңа мал толсын, әйелге қошқардай қос ұл ту, ол батыр болсын деген жақсы ниеттер айтылған. Ғалым Ә. Қоңыратбаев: «Жарапазанның басы мақтау, хикаялау, аяғы алғыс, бата болып келеді», – дейді. Жұмыста жарамазан, үмбет, ауыз ашар, намаз, екінді, бесін, ораза, сәлде сияқты сөздерге де тілдік салыстырма талдаулар жасалады.

    Жарапазан – қазақ даласында ислам діні берік орын тепкеннен кейін пайда болған тұрмыс-салт жырларының бірі. Жарапазан «Жа-Рамазан», яғни арапша «Рамазан келді» деген сөзден шыққан. Ол ел арасында ораза ұсталатын рамазан айында айтылады. Кешкілік ауыз ашар кезінде ауылдың өлең айтуға бейімі бар жастары жиылып, әр үйдің тұсына келіп жарапазан айтады. Жарапаз мәтіні әбден қалыптасқан жаттанды шумақтардан құрылады. Мазмұн жағынан оны шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады.

    1.Жарапазан желдірмесі яғни үй иесін мадақтау

    2.Ислам дінінің шарттарын уағыздау,имандылыққа шақыру.

    3.Соңы жарпазан айтып келгендер бата берумен аяқтайды.

    Жарапазан желдірмесі:

    Үйің үйің үй екен,
    Үйдің көркі ши екен.
    Саба көркі бие екен,
    Сандық көркі түйе екен.
    Ақтөбедей көрінген,
    Қандай байдың үйі екен !

    Жарапазан сөзі:

    Айтайын/ айт дегенде /жарапазан,/ 11а
    Бір келген/ он екі айда/ ораза иман!/11б
    Ассалаумағаликұм,/ дәуіт ғалам,/11 в
    Ағаға/ осы үйдегі/ бердік сәлем./12 г

    Ағаға/ осы үйдегі/ берсек сәлем,/12
    Сәлемді/ қабыл көрсін/ хақ Тағалам!/11
    Меккеде /бір ағаш бар /иіп тұрған,/
    Мәуесі/ жер мен көкке/ тиіп тұрған,/

    Ораза/ намазыңды/ күтіп барсаң,/
    Алдыңда/ Нұрмұхаммет /күліп тұрған./
    Мінгені /Пайғамбардың/ жирен дейді,/
    Намазды/ он екіңде/ үйрен дейді./

    Намазды/ он екіде/ үйренгесін,/
    Тіліңе/ қызыл істік/ түйрелмейді./
    Меккеде/ бір ағаш бар/ іші қуыс,/
    Ораза/ намазыңның/ несі жұмыс./

    Ораза/ намазыңды/ күтіп барсаң,/
    Бейіштен/ құрма жейсің/ уыс-уыс/.
    Меккеде /бір ағаш бар/ иіп тұрған,/
    Бұтағы/жер мен көкке /тиіп тұрған./

    Жарапазан батасы:

    Үйіңіздің артында шатыр болсын,
    Балаңыздың үлкені батыр болсын.
    Жау жағадан алғанда, бөрі етектен,
    Балаңның батырлығы татыр болсын!

    Айтайын жарапазан есігіңе,
    Қыз берсін құндыздай ғып бесігіңе.
    Қыз берсе құндыздай ғып бесігіңе,
    Береді Алла бірге нәсібін де.


    Өлең құрылысына талдау:

    Шумақ: 8

    Тармақ- 4

    Бунақ-3

    Буын саны-11-12

    Ұйқас-

    Мақтау сөздер:

    Үйің үйің үй екен,
    Үйдің көркі ши екен.

    Діни сөздер:

    Ораза- таң атқаннан күн ұясына батқанға дейін ауыз бекітіп, нәпсіні тиып,Аллаға сыйынып,кешірім сұрау.

    Иман- Алла тағалаға сену және сенгендігін тілімен айтып растау және тиымдарын толық қабылдау .

    Хақ Тағалам- Алла Тағалла

    Намаз- бес уақыт оқылатын парыз.

    Пайғамбар –Алла Тағаланың елшісі

    Бейіш- Жұмақ

    Нәсіп-бұйыру

    Діни қалалар: Мекке

    Бата сөздері:

    Үйіңіздің артында шатыр болсын,
    Балаңыздың үлкені батыр болсын.
    Жау жағадан алғанда, бөрі етектен,
    Балаңның батырлығы татыр болсын!

    Көркемдегіш құралдар:

    Теңеу: Ақтөбедей-

    Құндыздай

    Гипербола: жер мен көкке тиіп тұрған

    Эпитет: дәуіт ғалам, қызыл істік.

    Мақал-мәтел: Жау жағадан алғанда, бөрі етектен

    89. Хайуанаттар туралы ертегілер

    Хайуанаттар туралы ертегілер — ертегінің көне замандағы мифтер мен әр түрлі тұрмыстық, аңшылық әңгімелердің негізінде пайда болып, кейінгі замандардағы адамдар мінезін, олардың өзара қатынасы мен байланысын аллегориялық түрде жан-жануарлар бейнесі арқылы тұспалдап көрсететін түрі.

    Жануарлар туралы ертегілер, негізінен, үш топқа бөлінеді:

    -этиологиялық жануарлар туралы ертегілер,

    -классикалық жануарлар туралы ертегілер

    -мысал ертегілер (аполог).

    Этиологиялық жануарлар туралы ертегілер — өзінің шығу мерзімі жағынан мұндай ертегілердің ең көнесі. Мұнда хайуанаттардың сыртқы пішіндегі немесе жүріс-тұрысы, мінез-құлқындағы бір ерекшелігі, оның солай болу себебі жайында баяндалады. Бұл топтағы ертегілердің басты ерекшелігі — оқиғаны себеп-салдарлы сипатта баяндауы және байырғы синкреттілікті сақтап қалуы мен этиологиялық мифке жақын болуы. Бұл ертегілердегі хайуанаттардың сипаттамасы басқа елдер ертегілермен сарындас. Мысалы, түлкі — аса айлакер, екіжүзді, алаяқ қу, қасқыр мен жолбарыс — адуынды озбыр, қара күш иесі, аю — икемсіз, қарабайыр, т.б. Шығыс және Еуропа халықтарының жануарлар туралы ертегілерінің көпшілігін классикалық жануарлар туралы ертегілер құрайды. Олардың сюжеті де ұқсас болып келеді. Өйткені, бұл ертегілердің көпшілігі әр халықтың тарихында болған ұқсас жағдайдан туған. Ал біразы арғы тегі бір түркі халықтарының ежелгі дәуірінде пайда болған. Енді бір бөлігі мәдени, сауда, т.б. қарым-қатынастар арқылы ауысқан. Бұлардың моральдік және әлеуметтік мазмұны аса терең. Жыртқыштар қанаушыларды, әлсіз жануарлар кедейлерді еске түсіреді. Олардың іс-әрекетімен қатар мінездері де шебер сомдалады. Классикалық жануарлар туралы ертегілердің құрылымы онша күрделі емес. Олардағы сюжет хайуанаттар арасындағы кездесулер мен қақтығыстарға құрылады. Бір сарынды эпизодтардың өзгермей, үнемі қайталанып келетін түрі көптеген әлем халықтары ертегілерінде бар. Олардың үлгілері — “Қотыр торғай”, ”Кім неден күшті”, т.б. ертегілер. Мысал ертегілерде — баяндау белгілі бір моральдік қағида мен тұжырымды дәлелдеуге бағытталады, сол себепті олар көп жағдайда нақылмен аяқталады. Қазақ халқының мысал ертегілері шығыс фольклорымен тығыз байланысты. Мысалы, Орталық Азияға кең тараған “Қалила мен Димна”, “Тотынама”, т.б. Жануарлар туралы ертегілер адам болмысының ертедегі тотемдік сенімдермен байланысты пайда болған. Жануарлар туралы ертегілердің прозалық баяндаудан өлеңге көшіп отыратын үлгілері де кездеседі.

    90. «Ер –Төстік» ертегісіне талдау жасау

    Тақырыбы: Төстіктің басынан кешкен сан алуан ерлік оқиғалары

    Авторы: халық

    Ертегінің түрі: Қиял-ғажайып ертегісі.

    Себебі, ертегіде ғайыптан туу мотивіне тән элементтер көптеп кездеседі.

    1. Төстіктің ай сайын өсуі.

    2. Перінің қызы, Жалмауыз кемпір, Шойынқұлақ, Таусоғар, Желаяқ, Саққұлақ, Баукеспе ұры, Көреген, Көлтауысар, алып қарақұс секілді кейіпкерлердің кездесуі.

    3. Шалқұйрық атқа тіл бітіп, сөйлеуі.

    4. Төсіктің жер асты әлеміне түсуі.

    3. Шығарманың композициялық құрылысы:

    Оқиғаның басталуы:

    Төстіктің дүниеге келуі.

    Оқиғаның байланысы:

    Жұтта жоғалған ағалары туралы естуі.

    Оқиғаның дамуы:

    Ағаларын іздеп шығуы.

    Оқиғаның шиеленісуі:

    Ерназардың Сорқұдықтың басына қонуы. Төстіктің жер астына түсуі.

    Оқиғаның шарықтау шегі:

    Шойынқұлақ пен Ер Төстік.

    Оқиғаның шешімі:

    Елге оралуы.

    Ертегідегі кейіпкерлерге талдау:

    Ер Төстік - Бас Кейіпкер
    Ерназар- Ер Төстіктің əкесі
    Кенжекей - Ер Төстіктің жары
    Перінің қызы Бекторы - Ер Төстікке ғашық болған қыз
    Жылан Бапы хан - жер астындағы орданың ханы
    Темір хан - жылан Бапы ханмен араз хан
    Кеще хан - Темір ханның қызын алмақ болған хан
    Шойынқұлақ - жалмауыз кемпірдің ұлы
    Күңке - Шойынқұлақтың жары

    Қосалы кейіпкерлер:

    Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Тау көшірер, Көлтауысар, Көреген
    Ер Төстіктің мінген тұлпары - Шалқұйрық
    Түйесінің аты - Құба інген
    Төбенің басы - Сорқұдық
    1   2   3   4   5   6   7   8   9


    написать администратору сайта