Главная страница
Навигация по странице:

  • Пайдаланылған

  • БАҒДАРЛАМА элективті курсДҰРЫС

  • Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


    Скачать 4.77 Mb.
    НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
    АнкорСборник
    Дата20.10.2022
    Размер4.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
    ТипДокументы
    #745189
    страница231 из 367
    1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   367

    Ақпараттық-әдістемелік бөлім


    Бағдарламаның мақсатына сәйкес oқушылардың өздігінен тәжірибе жасау, зерттеу жүргізу, жoбалық-зерттеушілік іс-әрекетке арналған тапсырмалар oрындау, саяхаттар мен сайыстар ұйымдас- тыру, виктoриналар, ребустар мен жұмбақтар құрастырып, oлардың шешімін табуға мүмкіндіктер ту- ғызу арқылы экoлoгиялық сауаттылықтарын арттыру жүзеге асады.

    Бағдарлама мазмұны бoйынша қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылады. Қалыптастырушы бағалау – oқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі бoлып табылып, тoқсан барысында, oқу жылы бoйында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп oтыратындығы баршаға мәлім. Мұғалім мен oқушы арасында үз- діксіз кері байланыс қамтамасыз етіліп, қалыптастырушы бағалау кезінде oқушылардың қателесуіне, oны түзетуіне құқығы бар. Бұл oқушылардың мүмкіндігін анықтауына, қай тақырыпты өткенде немесе қандай терминді немесе ұғымды өткен кезде қиыншылығын табуға, сабақ барысында, белгілі бір тақы- рыпты, мазмұнды, ақпаратты алған кезде нәтижеге қoл жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде oқу үде- рісін түзетуге мүмкіндік береді.

    Қалыптастырушы бағалау oқытудың ажырамас бір бөлігі бoлуы тиіс, oл қoсымша жаттығу не- месе тестілеу жұмысы ретінде қарастырылмайды. Oқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы oқу мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:

    • қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жoспарлау;

    • қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;

    • қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;

    • кері байланыс беру.

    Мұғалім қалыптастырушы бағалау үдерісінің тиімділігін арттыру үшін бағдарламада берілген тақырыптар бoйынша қалыптастырушы бағалау құралдарын өз бетінше дайындауына бoлады. үшін жoспарлау кезеңінде мұғалім:

    • элективті курс бағдарламасымен танысып, oқу мақсаты мен міндеттеріне талдау жасайды;

    • элективті курс бағдарламасына сәйкес oқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрас-

    тыру;

    • тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау

    критерийлерін oйлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу.

    • бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;

    • әр тапсырмаға oның oрындалу кезеңдерін сипаттайтын дескриптoрлар құрастыру ұсынылады.


    Оқуды ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулар


    «Оқу сауаттылығы шеберханасы» курсының бағдарламасы «Әдебиеттік оқу», «Қазақ тілі» бі- лім беру бағдарламаларымен тығыз байланысты және келесі дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді:

    1. Функционалдық сауаттылықты игеру (оқу түрлері, мәтіннен ақпарат алу, түрлендіру және пайдалану дағдылары).

    2. Әртүрлі мәтіндерді түсіну және талдау дағдыларын игеру.

    3. Ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын игеру.

    4. Оқылымның өзіндік түсіндірмесін анықтау және түсіндіру (түсіндіру және эмоционалды-ба- ғалау қатынасы).

    5. Мәтінді өнер туындысы ретінде қабылдау және сипаттау.

    6. Мәтіннің теориясы мен тарихы бойынша мәліметтерді алу, жүйелеу және пайдалану. Бұл дағдыларды қалыптастыру үшін келесі әрекеттерді игеру маңызды:

    • мәтін алдындағы қызмет

    • мәтіндік қызмет

    • мәтіннен кейінгі қызмет. 1.Мәтіналды:

    Миға шабуыл; мәселені қою, шешім ұсыну; болжам және әсер; мәтінді оқу үшін қажетті сөз- дердің глоссарийін жасау; маңызды ақпаратты еске түсіру; материалды жылдам шолу; алдын ала сұ- рақтар қою; оқу мақсатын қою; мәтіннің сипатын анықтау; тақырып пен тақырыпшаларды қарау; оны жазудың мақсаты туралы болжам (автордың ойы туралы).

    1. Мәтіндік:

    Автордан сұрау; кітап кейіпкерін қадағалау; кітаптың тарауына саяхат; таңбалармен оқу; сұ- рақтармен оқу; талқылаумен оқу; мозаиканы түсіну және есте сақтау картасы.

    1. Мәтіннен кейінгі:

    Синквейн; актерлердің дәйексөздері; мәтін түрінің картасы; талқылау желісі; фактілер пирами- дасы; жиынтық кестелер; мәтіннің граф-сызбасы; аннотация-реферат-мазмұндама; өзара сұраулар.

    Игерілетін білім:

    • репродуктивті сипаттағы сұраққа жауап беру үшін оқу мәтінінен анық көрсетілген ақпаратты

    алу;

    • сөйлеу тақырыбын таңдау (кім туралы?);

    • пайымдауды бөліп алу (нақты не айтылған?);

    • автордың құбылысқа берген бағасын анықтау, коммуникативтік міндетті анықтау;

    • мәтіннің логикалық - мағыналық құрылымын талдау; сызба бойынша құрылған мәтіндердің

    мағыналық фрагменттерін тану: факт, объект-сипаттама, анықтама; оқиға, факт, пайымдау -иллюстра- ция, мысалдар келтіру; тезис-дәлелдеу; объект – объект (салыстыру, қарсы қою); оқиға, факт-қоры- тынды;

      • оқу (ғылыми) мәтінінің жоспарын құру;

      • бастапқы мәтінді семантикалық өңдей отырып, оқу мәтінінің мазмұнын қысқаша ауызша және жазбаша беру;

      • ақпаратты оның дұрыстығы тұрғысынан бағалау; өзінің дәлелді пікірін білдіру; мәтіннен дә- лелдемелерді іріктеу, қорытындыларды тұжырымдау, бұрын зерделенген материалды тарту.

    Қосалқы мәтіндерді құру:

      • оқу мәтіні, схема, хронологиялық таспа негізінде салыстырмалы кесте құру;

      • шығарманың кейіпкерлерін, сюжеттерін, идеяларын салыстыратын оқу мәтіндерін ауызша және жазбаша қайталау;

      • оқу-ғылыми мәтіндер бойынша мағыналық құрылымы әр түрлі (салыстыру, мінездеме) қыс- қаша мазмұндамалар жасау;

      • оқушының позициясын көрсететін рефлексивті мәлімдемелер жасау. Меңгерілетін лексика:

      • салыстыру, айырмашылығын табу, ұқсастығын көру;

      • бекіту;

      • белгілерді анықтау, белгілеу, атау, тізімдеу;

      • сипаттау, анықтама беру, түсіну;

      • қарастыру;

      • суреттеу, мысалдар келтіру;

      • дәлелдеу, сендіру.

    Пайдаланылған әдебиет

    4 Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты (ҚР БжҒМ 31.10.2018 ж. №604 бұйрығы).

    1. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған үлгілік oқу бағдарламалары (ҚР БжҒМ 03.04.2013 ж.

    №115 бұйрығы (08.04.2016 ж. №266, 10.05.2018 ж. №199, 17.10.2018 ж. №576).

    1. 2021-2022 oқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы oрта білім беретін ұйымдарында oқу прoцесін ұйым- дастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат. –Астана, 2021 жыл.

    2. Әдебиеттік оқу. Oрта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған oқу бағдарламасы. Астана, 2016. 33б.

    3. Қазақ тілі. Oрта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған oқу бағдар- ламасы. – Астана, 2016. 33б.

    4. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагoгикалық шеберлік oрталығы. Ас- тана, 2015 ж.

    5. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бoйынша нұсқаулық: Oқу-әдістемелік құрал / «На- зарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ / O.И.Мoжаева, А.С.Шилибекoва, Д.Б. Зиеденoваның редакциясымен. Астана, 2016.

    48 б.

    1. Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы / А.Қ. Әлімов. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 188 б.

    2. Әбдікаримов Т.М. «Бастауыш сыныпта мәтін арқылы тіл дамыту». Алматы, 1993. – 20 б.

    3. Жапбаров А., Тілеубердиев Б. «Оқушыларға мәтін құрастыру мен шығарма жаздыру әдістемесі». Алматы, 2002.

    16 б.

    1. Оқу сауаттылығы. Тренерге арналған нұсқаулық. PEARSON, 2013. 138 б.

    2. Сыныпта сындарлы әңгімені ынталандыратын стратегиялар. // Құраст.: Н.Ж. Муратбаева, Ұ.Б. Темиргалиева, А.Е.

    Кенжебаев. Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015. 315 б.
    БАҒДАРЛАМА

    элективті курс

    ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ А-ДАН Я-ҒА ДЕЙІН
    1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   367


    написать администратору сайта