Аяпбергенова гульсум сагындыковна
Скачать 4.5 Mb.
|
ҚОРЫТЫНДЫ Жоғары оқу орны түлектерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін оқу жоспарының барлық пәндерін оқу барысында ең қарапайым проблемалы міндеттерден бастап, кәсіптік білім беру және өндіріс мекемелерінің тапсырысы бойынша айтарлықтай күрделі нақты жобалармен аяқталатын жобалардың арнайы құзыретілігін кең қалыптастыру негізінде олардың жобалық іскерліктерін қалыптастыру қажет. Жоғары оқу орны түлектерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін, оқу жоспарының барлық пәндерін оқу барысында, ең қарапайым проблемалық тапсырмалардан бастап, кәсіптік білім беру және өндіріс мекемелерінің тапсырыстарына сәйкес мейілінше күрделі нақты жобалармен аяқтай отырып, жобалау іскерліктерін қалыптастыру қажет. Психологиялық және педагогикалық әдебиетті талдау болашақ мұғалімді дайындауда жобалардың арнайы құзыреттілігін қалыптастыру ерекшелігін зерттеудің теориялық алғышарттары болып табылатын бес жұмыс тобын бөліп қарастыруға мүмкіндік берді: бірінші топты жоғары оқу орны жағдайында; колледжде; жалпы білім беретін мектепте жобалар әдісін қолданудың сипаттамасын қамтитын зерттеу еңбектері құрайды; екінші топтағы зерттеулерде жалпы білім беретін мектепте; қосымша білім беру мекемелерінде жобалар әдісі пайдалану бойынша ұсыныстар берілген. Аталған топқа болашақ педагогті, студенттерді және техникалық модельдеуді үйренудегі шетел тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жобалар әдісін жүзеге асыруға арналған зерттеулер кіреді; үшінші топ жеке - бағытталған оқыту контекстінде, сондай-ақ оқушылардың және студенттердің жобалау іс-әрекеті әдістерінің түрлі аспектілерін қарастырады; жұмыстардың төртінші тобы кәсіби қалыптастыру мәселелеріне; ақпараттық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру; болашақ педагогты оқушылардың жеке білім траекторияларын жобалаудың, электронды білім беру ресурсын жобалау, интернет-жобалау, телекоммуникациялық жобалау, интегративтік-жобалау және т.б. жобалаудың әдіс-тәсілдерін зерттеуге арналған; бесінші топқа болашақ мұғалімдердің ақпараттық технологияларды қолдану мен іске асыруға дайындығын қарастыратын зерттеу жұмыстарын енгіземіз. Міне, сондықтан бүгінгі таңда жоғары мектепте жобалар әдісі негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің күш-жігерінің арқасында кәсіптік білім беруді жаңғырту процесі мүмкін болатын арнайы құзыреттілігін қалыптастыруды жүйелі зерттеу объективті қажеттілік болып табылады. Жоғарыда аталған жұмыстар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің күш-жігерінің арқасында кәсіби білім беруді модернизациялау процесі мүмкін бола алатын жоғары мектептегі жобалар әдісін қолдану негізінде арнайы құзыреттілігін қалыптастыру мәселесін жүйелі түрде зерттеу қажеттілігін өзекті етеді. Аталған мәселені шешудің көкейкестілігі әлеуметтік-педагогикалық, ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік деңгейдегікелесі себептермен анықталады. Сонымен қатар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптпастырудың көкейкестілігінің қарқынына қарамастан, мақсаттар мен нақты нәтижелер арасында; болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудың қажеттілігі мен қазіргі қолданыста жобалар әдісін бұл мәселені шешудегі мүмкіндіктерінің толыққанды пайлаланылмауының арасында; тұжырымдалған мәселенің теориялық тұрғыдан жеткіліксіз әзірленуі және оны шешудің практикалық маңыздылығы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастыруды теориялық негіздеумен, оны тәжірибеде жүзеге асырудың оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілмеуі арасында қарама-қайшылықтар байқалады. Бұл қарама-қайшылықтар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру мәселенің теориялық тұрғыдан жеткіліксіз әзірленуі және оны шешудің практикалық маңыздылығы және жаңартылған білім беру тәжірибесінде сұранысқа байланысты өзектілікті айғақтайды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру келесі төрт зерттеу міндеттерінің шешімін іздестіруді қарастырды. Бірінші нәтиже болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзіреттілігінің қалыптасуының мәндік сипаттамасын «құзыреттілік» ұғымын - кәсіби міндеттердің орындалуын, мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін іс-әрекетті сапалы жүзеге асыру қабілеттерінің жиынтығы (жалпы): «кәсіби құзыреттілік» – қоғамда қабылданған нормаларға, стандарттар мен талаптарға сәйкес кәсіби функцияларды орындау қабілеті мен айындығын анықтайтын тұтас кәсіби және жеке тұлғалық сипаттамасы (ерекше); «арнайы құзыреттілік»- кәсіби іс-әрекеттің нақты пәндік немесе пәннен тыс саласының ерекшелігін көрсететін өз жұмысының нәтижелерін дербес іске асыру, басқару, сыни бағалай алуының көрініс табуы (жеке) ретінде философиялық категориялардың ұқсастық теориясында (жеке, ерекше және жалпы) бөлінуіне сәйкес талдаумен және болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігінің мазмұнын ашумен байланысты. Біздің анықтамамыз бойынша- болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптасуы пәндік, әдістемелік, жобалау компоненттерінің жиынтығымен сипатталатын және кәсіби іс-әрекеттер (арнайы) саласындағы нақты пәндік немесе пәннен тыс саласының ерекшелігін көрсететін оқу пәні мен кәсіби іс-әрекетті өз бетінше жүзеге асыруға, басқаруға, өз еңбегінің нәтижелерін сын тұрғысынан бағалауға қабілеттілігі. Яғни болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін олардың кәсіби іс-әрекетін және оның өзіне тән ерекшелігін көрсететін пәндік (жаңартылған білім мазмұны жағдайында бастауыш мектеп курсы мазмұнының ғылыми негіздерін меңгеруге және қолдануға дайындығын); әдістемелік (оқу пәні бойынша оқу материалын жоспарлауға, іріктеуге, синтездеуге және құрастыруға, оқу пәні бойынша әр түрлі сабақ түрлерін ұйымдастыруға, бастауыш сынып оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастыра білу, оқытудың инновациялық технологияларын қолдануға дайындығы); жобалау (оқу іс-әрекетінің механизмін сапалы өзгерту арқылы инновациялық және шығармашылық сапасын арттыру, педагогикалық іс-әрекеттегі жаңа, күрделі мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін өзара тәуелді рефлексивті дағдылары) компонентердің жиынтығы құрайды. Екінші нәтиженің шешімін іздестіру болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудағы жобалар әдісі әдісінің мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік берді. «Жоба» ұғымымен бірге нақты нәтижеге қол жеткізетін, іс-әрекеттердің қатаң реттілігін қамтитын «жобалау» (латын тілінен алынған «projectus») термині қатар қолданылады. Өкінішке орай, осы ұғымдарды пайымдауда әлі күнге дейін біржақтылық болмай келеді. Біз тәжірибелік-эксперименттік жұмысымызды жобаларды іс-әрекеттің басымдылығына (зерттеу, іздеу, шығармашылық, рөлдік, қолданбалы (практикалық-бағытталған), таныстыру - бағдарлы (ақпараттық); пәндік-мазмұндық саласына (монопроект (бір сала шеңберінде), пәнаралық жоба; үйлестіру түрлеріне (тікелей, күрделі, икемді), жасырын (айқын емес, жобаға қатысушыны имитациялайтын); байланыс сипатына (бір мектептің, сыныптың, қаланың, өңірдің, елдің, әлемнің әр түрлі елдерінің қатысушылары арасында); жобаға қатысушылардың санына; жобаның орындалу ұзақтығына сәйкес ұсынылған жіктемелерді негізге ала отырып ұйымдастырдық. Үшінші нәтиженің жүзеге асырылуыболашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың тиімділігі болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мотивациялық (арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға қарым-қатынасы); когнитивті (арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша педагогикалық- психологиялық, технологиялық, және арнайы әдістемелік білімдерінің жиынтығы); іс-әрекеттік (арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша практикалық іскерліктер мен дағдыларды меңгеруі); рефлексивті (арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың нәтижелерін өзіндік бақылау, талдау, барабар баға беру, кемшіліктерін анықтау, жетілдіру жолдарын болжау) компоненттерінің бірлігінде көрініс табады. Талдауға алынған теориялық ережелері, сондай-ақ өзімізге меншікті диагностикалық зерттеулеріміздің нәтижелерін негізге ала отырып, біздер ең алдымен болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптасуының компоненттерін келесідей сипаттадық. Мотивациялық компонент болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға байланысты жағымды қарым-қатынастарын мен мотивтерінде көрінеді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың мотивациялық сипаттамасына келесілер жатады: – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың қажеттілігін түсінуі; – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға деген қызығушылығы; – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудағы жауапкершілігі; – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың жаңа амал-тәсілдерін меңгеруге ұмтылысы. Когнитивтік компонент болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда арнайы әдістемелік білімдерінің жиынтығын қамтиды: – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың қажетті жобалар әдісі бойынша технологиялық білімдерінің жүйелілігі; – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың мақсаты мен міндеттері, ұйымдастыру формалары мен мазмұны туралы білімі; Іс-әрекеттік компонентті болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша практикалық іскерлік және дағдыларының игерілуі: – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда практикалық іскерліктері мен дағдылары; – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды жобалау іскерлігі; – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру шараларын өңдеу іскерлігі; – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды құштарлығын артыру іскерлігі. Рефлексивтік компонент өздік баға беруімен сипатталады: – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың нәтижелеріне өздік бақылау; – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың нәтижелерін өздік талдау; – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың нәтижелеріне барабар баға беру; – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың кемшіліктерін анықтау, жетілдіру жолдарын болжау. Төртінші нәтиженің атқарылуы диссертациялық жұмыста келтірілген теориялық қағидаларды негізге ала отырып, сондай-ақ, өзімізге тиесілі диагностикалық зерттеу жүргізу нәтижесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптасу деңгейлерінің жалпы сипаттамасымен дәлелденеді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігінің қалыптасуының алғышарттары және педагогикалық процестің сыртқы жағдайларының жиынтығы ретіндегі педагогикалық шарттардың жүзеге асырылуымен қамтамасыз етілді: - бастауыш сынып мұғалімдерінің жобалар әдісі негізінде арнайы құзыреттілігін қалыптастыруға деген ішкі мотивациясын дамыту; - болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету; - болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша жұмыстың (оқу және оқудан тыс) әртүрлі нысандары мен әдістерін қолдану; - бастауыш сынып мұғалімдерін арнайы құзыреттілігін қалыптастыру бойынша практикалық дағдыларды игеруді қамтамасыз ететін бірлескен жобалық іс-әрекетке жұмылдыру; - болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда профессор-оқытушылар құрамының, біліктілікті арттыру институттарының, қоғамдық ұйымдардың қызметін үйлестіру және желілік өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету. Бесінші нәтижені шешу барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесі дайындалды. Зерттеудің айқындаушы кезеңінде алынған болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру жағдайының сандық және сапалық сипаттамалары проблеманың өзектілігін айғақтады және болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың қажеттілігін растады. Зерттелушілер болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру мәселелеріне қызығушылық танытты, бірақ бұл жағдайда жұмыс істеуге дайын болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің саны аз болды. Мұның себебі-болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістемелік жағынан қамтамасыз етілмеуі болып табылды. Эксперименттің қалыптасу кезеңінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру мақсатында 5В010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша типтік оқу жоспарына негізделген сәйкес кәсіптендіру пәндер циклының (КП) таңдау компонентінде жоспарланған модульдік білім беру бағдарламасы бойынша оқу жұмыс жоспарында белгіленген «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі», «Математиканы оқыту әдістемесі» «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі» пәндерінің әлеуетті мүмкіндіктері пайдаланылды; болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өндірістік практиканы ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстардың және аудиториядан тыс іс-әрекетінің (студенттердің ғылыми жобалары, конкурстар, жарыстар, баяндамалар, тәрбиелік іс-шаралары т.б.) даярлықтың біз іздестіріп отырған аспектісіне ықпал ететін әлеуетті жүзеге асырылды; «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру» элективтік курсы меңгертілді және сынақтан өткізілді. Сонымен қатар «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру» элективті курсының оқу-әдістемелік кешені әзірленді. 5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша әзірленген «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру негіздері» элективтік курсының мақсаты – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың теориясы, ұғымдық аппараты, ғылыми және әдіснамалық қағидалары туралы ұғым-түсініктерін қалыптастыру, практикалық және әдістемелік жолдарын меңгерту. Элективтік курс бағдарламасын меңгеру нәтижесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің білуі тиіс: – бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бағытындағы педагогикалық-психологиялық тұжырымдамалардың дамуы бағыты; – бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың қазіргі жағдайын; – бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін, формасын; – бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру мазмұныны мен мәнін; – бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру технологияларын; – бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың нормативтік-құқықтық базасын. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің біліміне, іскерліктеріне, дағдыларынына, құзыреттілігіне қойылатын талаптар элективтік курс бағдарламасын меңгеру нәтижесінде айқындалды. Төртінші міндет әзірленген өлшемдер мен ұсынылған құрылымдық-мазмұндық модельге сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесінің тиімділігі тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеруден өткізумен байланысты болды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың тиімділігі біздер анықтаған көрсеткіштер бойынша қаншалықты жоғарылағанды математикалық әдістермен расталған үш кесінді нәтижелерімен анықталды. Нәтижесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруың деңгейлерін сипаттайтын төрт көрсеткіштер, атап айтқанда, мотивациялық, когнитивтік, іс-әрекеттік, рефлексивтік компоненттер бойынша мәліметтер алдық. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша тәжірибелік-экспериментке қатысқан эксперимент тобындағы студенттер айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Сонымен, егер болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырумен жүзеге асырылса, онда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау сапасы артады, өйткені болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырудың пәндік, әдістемелік, жобалық компоненттердің жиынтығымен сипатталады, білім беру мақсаттары мен нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін, кәсіби қызметті сапалы жүзеге асыру қабілетіне әсер етеді деген болжамымыз расталды. Математикалық-статистикалық өңдеу алынған нәтижелердің айқындығы мен тиімділігін көрсетеді. Жүргізілген зерттеудің өзектілігі және зерттеу жұмысының алдағы болашағын анықтауға тәжірибелік-эксперимент нәтижелері септігін тигізеді. Алға қойған міндеттердің барлығы тең дәрежеде шешімін таба алмады. Сондықтан да болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру проблемасын зерттеу жалғасуы тиіс. Сол себептен құрылымдық-мазмұндық модельдің компоненттерінің әрқайсысын зерттеу, сонымен қатар біздер анықтаған педагогикалық шарттардың жүзеге асырылуы жеке-жеке дербес ізденіс жұмыстарының келешегіне сенімдіміз. |