Главная страница

Аяпбергенова гульсум сагындыковна


Скачать 4.5 Mb.
НазваниеАяпбергенова гульсум сагындыковна
Дата02.09.2022
Размер4.5 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаayapbergenova-g-s-phd-s-sp.docx
ТипДиссертация
#659226
страница8 из 14
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жоғарғы оқу орны жағдайында арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру жүйесін дайындап сынақтан өткізу және оның іс жүзінде тиімділігін қалыптастырушы эксперименттің тексеру мақсатына қол жеткізуде біз келесі міндеттерді шешуді қарастырдық: – 5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша типтік оқу жоспарына сәйкес кәсіптендіру пәндер циклінің таңдау компонентінде жоспарланған модульдік білім беру бағдарламасы бойынша оқу жұмыс жоспарында белгіленген болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өндірістік практикасын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстарды және аудиториядан тыс іс-әрекеттерді, соның ішінде студенттердің ғылыми жобаларын, конкурстарды, ғылыми баяндамаларды, тәрбиелік іс-шараларды және тағы да басқа іс-шараларды «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі», «Математиканы оқыту әдістемесі», «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі», «Дүниетануды оқыту әдістемесі» пәндерінде қолдану;

5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандағы бойынша қалыптастыру экспериментінің бірінші кезеңінде білім беру бағдарламасының таңдау компонентінде жоспарланған оқу жұмыс жоспарында белгіленген. IV семестрде «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру мүмкіндіктері іске асады. Бастауыш мектеп жасындағы баланы тәрбиелеу – жалпы тәрбие үрдісінің ең негізі кезеңі. Сондықтан мұғалім алдымен жалпы тәрбие үрдісінің теориясы мен жетекші идеясын және бастауыш саты оқушысының жас ерекшелігін, соған орай балаға педогогикалық қолдау көрсетуді қатар білуі тиіс. Тәрбие жұмыстарының мақсаты мен міндеттерін, мәнін, ерекшеліктерін, тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін, тәрбие жұмысының рөлі мен маңызы, тәрбиенің мәдени-тарихи феномен ретіндегі орны, тәрбие жүйесінің мәнін, құрылымын және негізгі компоненттерінің сипаттамасын бере отырып, пән мазмұнында педагог-тәрбиешінің қызметтік жүйесі қарастырылады. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері оқушылармен тәрбие жұмысының әдістер мен технологиялар саласындағы кәсіби педагогикалық арнайы құзыреттілігін қалыптастыруда оқушылармен тәрбие жұмысының әдістері туралы білімдерді меңгеруге мүмкіншілік жасай алады. С.Ш. Әбенбаевтың «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» деген еңбегінде жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудің ерекшеліктері мен заңдылықтары туралы кеңінен тоқталады [209]. Тәрбие теориясы бойынша білімдерін кенейтеді әрі терендетеді. Оқушылармен тәрбие жұмысын жасауға қажетті: диагностикалық, мақсаттану, ұйымдастырушылық, проективті, коммуникативтік, аналитикалық, жалпы педагогикалық және арнайы іскерліктермен қаруланады.


Қалыптастыру экспериментінің бірінші кезеңінде 5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы білім беру бағдарламасының таңдау компонент бойынша оқу жұмыс жоспарында белгіленген «Математиканы оқыту әдістемесі» пәннің мақсаты – математика туралы жүйелі білімдерді бастауыш сынып оқушыларына математикалық білім, білік, дағдылардың негізін қалайтын сапалы білімдермен қаруландыруға, ақиқат болымысты танып білудің математикалық әдістерін игеруге, оқу – тәрбиелік міндеттерді кәсіби деңгейде шеше білуге, қарапайым түсініктерін қалыптастыруға, тәсілдерін игертуге, практикалық іс-әрекет барысында олардың арасындағы ұғым мен түсінік байланыстарын қалыптастыруға дайындау.

Біздер болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда, математика бойынша бастапқы білім сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу жəне қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын игереді. Математиканы оқып үйрене отырып, оқушылар талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді. Түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-əрекет тəсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады. Бастауыш математиканың кезең-кезеңге бөлініп, жүйелі түрде берілген, қоршаған ортадағы заттардың мөлшерлік қатынастары мен кеңістіктегі формаларын сипаттаудан тұрады.

Қалыптастыру экспериментінің бірінші кезеңінде 5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандағы бойынша білім беру бағдарламасының таңдау компонентінде оқу жұмыс жоспарында белгіленген пәннің «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі» пәнінің мәселелерінің маңыздылығы табиғатты тануда, техника мен технологияларды дамытуда, өмір сапасын жақсартуда жаратылыстану ғылымдарының жетекші рөліне негізделген. Танымның жаратылыстану-ғылыми әдісімен танысу сыни ойлауды дамытуға, пікірталас мәдениетін қалыптастыруға және қазіргі азаматтық қоғамның әрбір мүшесіне, әсіресе бастауыш сынып мұғалімдеріне қажетті қасиеттерді жауапты дәлелдеуге ықпал етеді. Бұл әсіресе өзекті, өйткені қазіргі кезеңде ұтымды жаратылыстану-ғылыми әдіс қоғам санасын қалыптастыруға қатыса отырып, гуманитарлық салаға да енеді және сонымен қатар әмбебап тіл алады. А.Я.Герд мұғалімдерге арналған «Бастауыш мектептегі пәндік сабақтар» атты әдістемелік құралнда жаратылыстану сабақтарында бақылаулар мен эксперименттер жүргізу әдістемесін ұсынды және ол мұғалімнің басты міндеті – сабақта сауатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ал балалар табиғат объектілерін бақылап, олармен тәжірибе жүргізе отырып, сипаттауды, салыстыруды, жалпылауды, тиісті қорытынды жасауды үйренеді деген [210]. «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі» пәні педагогика ғылымдарының тақырыбына жатады және табиғаттану материалын зерттеудің өзіндік ерекшелігіне қатысты негізгі дидактикалық принциптерге сүйенеді.

«Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі» оқу пәні ретінде табиғат туралы ғылыммен тығыз байланысты, бірақ мектеп пәні мен жаратылыстану ғылымдары арасында баяндаудың мақсаты, көлемі, құрылымы, әдістері мен нысаны бойынша маңызды айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымдарының мақсаты зерттеу жолымен табиғат туралы жаңа деректерді алу. Олардан бөлек әдістеме табиғат дамуының заңды емес, оқушыларды табиғат туралы ғылым негіздеріне оқытудың педагогикалық үрдісінің заңдылықтарын зерттейді.

Оқу пәнінің мақсаты оқушыларға ғылым алған фактілер мен заңдылықтар туралы қарапайым түсінік беру, зерттеу жұмысының қарапайым дағдыларын дайындау. Бұл ретте ақпарат оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып мұқият іріктеледі. Бастауыш мектепте оқушылар негізгі мектептің барлық жаратылыстану-ғылыми бағыттары курстарынан бастапқы түсініктерді игереді. Бастауышта білімді іске асыру оқушылардың жоғары біліктілігін талап етеді.

Білім құрылымы мен олардың оқу пәніндегі жату нысаны жаратылыстану жабайы табиғатына тән жалпы педагогикалық және арнайы принциптермен анықталады. Бастауыш мектепте оқушылар негізгі мектептің барлық жаратылыстану-ғылыми бағыттары курстарынан бастапқы түсініктерді алады. Бастауыш жаратылыстану ғылыми білімді іске асыру оқушылардың жоғары біліктілігін талап етеді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру экспериментінің екінші кезеңінде 5В010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі типтік оқу жоспарында белгіленген міндетті компонентінде жоспарланған «Математиканы оқыту әдістемесі» жоғары оқу орнының оқу жұмыс жоспарына енгізілген «Бастауыш мектепте жаратылыстану оқыту әдістемесі», V семестрде «Дүниетану пәнің оқыту әдістемесі» ұсынылған қосымша материалдарды игеруде жүзеге асады.

Оқу жоспары бойынша «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» оқытылады.

Пəннің мақсаты – болашақ мұғалімдердің кəсіби-педагогикалық құзыреттіліктігін қалыптастыруда тəрбие үдерісінің негіздерін жəне тəрбиелік іс- əрекеттің əдістемесі мен технологиясын танып білу.

Жаңа білім беру парадигмасының міндеттерін шешуге бағытталған бағдарламалық тақырыптар. Сонымен қатар, арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру ерекшелігіне бағытталуының жеткілікті түрде болмауына байланысты проблеманы табысты шешу үшін оңтайлы жолдарды іздестіреді. Алайда «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні типтік оқу жоспары бойынша семинар сабақтарында, ОСӨЖ, СӨЖ тақырыпшаларының мазмұнында арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға қатысты нақты тақырыпшалар жоқ. Семинар сабақтарының үлгі тақырыптарында ұсынылған «Мектептегі тəрбие жұмысына мінездеме, тəрбие жұмысының формалары мен бағыттарының көп түрлілігі» атты семинар сабағында «Болашақ мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістері туралы түсініктері болуы керек пе?» деген айдарымен Л.А. Туриктің білім берудегі дамытушы ойындар деген еңібегін негізге ала отырып пікірсайыс ұйымдастырдық [211]. Пікірсайыс мақсаты: Белгілі бір фактілерді қарастыру, болжау, жүйелеп сөйлеу және өз көзқарасын ашық та жүйелі дәлелдеу.

Әділ-қазылар мүшелері пікірсайыс ережесіне сәйкес анықталады, оған оқытушы және басқа да пәндер мұғалімдері мен студенттер қатыса алады. Топ екі топқа бөлінеді жақтаушы топ және қарсыласының пікірін даттаушы топ. Топ спикерлеріне қойылатын талаптар: пікірсайыс ережесін сақтау, тақырыптан ауытқымау, сөйлеу шеберлігі, жоғары мәдениеттілік, өзіндік айқын көзқарастың болуы. Сонымен қатар пікір сайыс ойын шарттары: әр топ өзін таныстыру, екі топ өз ойларын ортаға салады, регламент сақтау, екі топ өзара сұрақ алмасады.

Пікір сайысқа қатысушыларға тақырып алдын ала хабарланып, олар мұқият дайындала алды. Пікірталасқа 6-8 адамнан екі команда қатысты. Екі команда ойын ережесімен танысты. Командаларға дау негізін құрайтын тезис таңдау мүмкіндігі ұсынылады. Дау-дамайдың мәні командаларды аргументтер мен контраргументтерді іздеу болды. Командалар жеребе арқылы кездесу күнін белгілейді. Практикалық сабағында бөлінген екі командаларына кейс тапсырмаларын қорғауға беріледі, онда студенттер өз көзқарастарын дәлелдеуге, және қазіргі жағдайдағы педагогиканың оқу-тәрбие әдіс-тәсілдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға мүмкіндіктері орташа екендіктері туралы ойларын көрсетті. Командалар қарсыластарының ұстанымдарына сын пікір беріп өз ұстанымдарын негіздеуге тырысты, яғни арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістерін таңдау өзге тәсілді талап етеді деген пікір білдірді. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінің оқытушысы және пікірсайыстың ережесіне сәйкес әділ-қазылар мүшелерінің қатысуымен шешім қабылданды. Сонымен практикалық сабақтарында қарастырылатын қосымша материалдар «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні типтік оқу жоспары бойынша білім беру үрдісінде арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды жақсы ұйымдастыру және өткізу, жоспарлау бойынша іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, баланың жеке тұлғасын, шағын топ пен сыныптың психологиялық ерекшеліктерін білуге болатын қиындықтарды арасындағы байланыстарды болжай алуын, оқушының психологиялық ерекшеліктер ескере отырып оқу деңгейін анықтауда оңтайлы әдістемені таңдау және арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды, алынған білім, білік және дағдыларын жүзеге асыру.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға бағытталатын қосымша тақыптарды ОСӨЖ, СӨЖ, ОСҒЗЖ енгізіп, «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні типтік оқу бағдарламасын талдауға болады. «Мектептегі тəрбие үдерісінің мазмұны», «Мектепте тəрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістері» тараулары бойынша ОСӨЖ келесідей жобалар дайындадық.

Педагогикалық практика барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға деген ізденпаздығын ояту, теориялық білім мен практикалық бағыттағы біліктіліктерін негіздеу мақсат етілді.

4 семестрде «Бастауыш мектептегі жаратылыстану пәнін оқыту әдстемесі» пәні оқу жоспары бойынша оқытылады. Жаратылыстану бағытында білім беру қоршаған әлемді қорғау және бағалай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі. Оқу пәнінің мақсаты: өсімдіктер, жанауарлар мен қоршаған орта арасындағы өзара байланысты көрсету, өсімдіктер мен жануарлар процестерін зерттеу, олардың маңызын көрсету, сонымен қатар өсімдіктер мен жануарлар ресурстарын үнемді пайдалану және қорғау туралы ескерту.

Бағдарламаның тақырыптары жаңа білім беру парадигмасының міндеттерін шешуге бағытталған. Сонымен қатар, арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бағытының еленбеуі және аталған проблеманы ұтымды шешу үшін оңтайлы жолдарды іздестіруде ұсынылған бағдарламаның практикалық мақсаттылығына кері әсер етпейді деп санаймыз. Алайда «Бастауыш мектептегі жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі» пәні оқу жоспары бойынша семинар сабақтарының үлгі тақырыптарында арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға қатысты нақты тақырыпшалар қарастырылмаған.

5В010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша «Математиканы оқыту әдістемесі» курсының мақсаты- бастауыш сынып оқушыларын математикалық білім, білік, дағдылардың практикалық негізін қалайтын математиканы оқыту барысында туындайтын оқу – тәрбиелік міндеттерді шеше білуге, есептеу тәсілдерін игертуге, олардың прктикалық іс әрекет байланыстары туралы ұғымдарын қалыптастыру. Біздер болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда математиканы оқыту әдістемесі пәнінің мазмұнына талдау жасау барысында бағдарламаның ОСӨЖ және СӨЖ бөлімінде берілген бірнеше тақырыпшалардың болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға бағыттай алатын мүмкіндіктерін анықтадық.

«Математиканы оқыту әдістемесі» – болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне математиканы оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері» мазмұндық желісін зерттеуде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы» тақырыпшаларын игерту барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды бойынша жоба әдісін қолдануға болатын жолдарды іздестірдік.

Эксперименттің екінші кезеңінде 2 курс студенттерінің педагогикалық практикасында бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша іс-әрекет нышандары бойынша жинақтаған тәжірибеге баға беру мүмкіндігіне ие болды. Педагогикалық практика барысында студенттердің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды көздейтін әңгімелер мен тәрбиелік іс-шаралар өткізу берілді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушыларың арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру практикалық іс-әрекет процесінде педагогикалық тәжірибені жинақтауға негізделді. Педагогикалық тәжірибенің қорытындылау кезеңінде студенттердің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды жүзеге асыратын бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесімен танысып, оқушылардың сабақтағы зияткерлік жұмысқа деген қабілеттілігін анықтау әдістемесімен таныстырылуына қолайлы жағдайлар туғызылды. Сонымен қатар 5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі оқу жоспарында белгіленген міндетті компонентінде жоспарланған «Бастауыш мектептегі жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнін оқыту нәтижесінде және педагогикалық практика барысында байқағанымыздай болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру проблемасына қызығушылығы нақты жағдайларда ғана көрінетіндігін, практикалық іскерліктері мен дағдылары қалыптаспағандығы анықталды.

Эксперименттің екінші кезеңінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру 5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының типтік оқу жоспарында белгіленген міндетті компонентінде «Математиканы оқыту әдістемесі» жоғары оқу орнының модульдік білім беру бағдарламасының жоспары бойынша жоғары оқу орнының оқу жұмыс жоспарына кіргізілген және «Бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру» элективтік курсын меңгерту және өндірістік практика барысында «Бастауыш мектептегі жаратылыстануды оқыту әдістемесі» пәндерінің ұсынылған қосымша материалдары көрсетіледі.

5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі жоғары оқу орнының модульдік білім беру бағдарламасының оқу жоспарына сәйкес белгіленген таңдау компонентіндегі оқу жүктемесіне «Бастауыш мектептегі жаратылыстануды оқыту әдістемесі» курсы енгізілген. «Бастауыш мектептегі жаратылыстануды оқыту әдістемесі» оқу пәні бағдарламасын талдай келе, бағдарламаның оқу жоспарының таңдау компонентіндегі тақырыптарға болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру мақсатындағы қосымшаларды кіргіздік.

«Жаратылыстану пәнінің мазмұны, құрылымы, ерекшелігі» тақырыбы оқушыларға табиғаттың түрлі құбылысын сипаттауға, табиғат құбылыстардың арасындағы байланыс пен өзара байланысты ашып-көрсетуге, ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға және пәнді оқып игеруде негізінде принциптерін, мүмкіндіктерін сонымен қатар басқа да пәндермен өзара байланыстара алу қабілетін дамытуға арналады. Оқушыларға табиғаттың әр алуандығын сипаттауда, жекелеген элементтер мен табиғат құбылысы арасындағы байланыс пен өзара байланысты ашып-көрсетуде физикалық, әлеуметтік-экономикалық, психологиялық ахуалын пән сабақтарының тақырыптарын жобалар әдісі негізінде меңгерту. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастыруға әсер ететін факторлер туралы эсселер жазып дайындау.

«Бастауыш мектептегі дүниетануды оқыту әдістемесі» курсы 5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі оқу жоспарында белгіленген таңдау компонентіндегі оқу жүктемесіне сәйкес жоғары оқу орнының модульдік білім беру бағдарламасының жоспарына енгізілген. «Бастауыш мектептегі дүниетануды оқыту әдістемесі» пәні бойынша «Оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуде оқу пәнінің рөлі» тақырыбының мазмұнын арнайы құзыреттілігінің қалыптасуын аксиологиялық, гнесеологиялық, реттеушілік, трансляциялық, бейімдеушілік функцияларына берілген сипаттамалармен жетілдірдік. Бағдарлама «Бастауыш мектептегі дүниетануды оқыту әдістемесі» пәнін оқытуда арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда аса маңызды саналады.

Г.А.Алипбаева, А.К. Нурованың «Қоршаған әлемді оқыту әдістемесі» атты оқу әдістемелік құралына сүйене отырып «Оқушының пәндік құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбындағы дәріс барысында оқушылардың «тірі табиғат», «өлі табиғат», «табиғаттағы мезгілдік өзгерістер», «өсімдіктер» туралы ұғым-түсініктерін тереңдетуде адам-табиғат тізбегіндегі терминдерінің мәні жобалар арқылы ашылып көрсетілді [212]. Бұдан әрі «Оқушылардың білім-білігі, дағдысын тексерудің жолдары» ретінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың дүниетану тақырыптары бойынша ауызша, жазбаша тексеру жұмыстары, топографиялық диктант, әртүрлі тест тапсырмалары қолданылады. Осы орайда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптасу нәтижелерін анықтау диагностикасы туралы ұсыныстар әзірлеу тапсырылды. Бастауыш мектеп психологиялық-физиологиялық жағынан қарқынды даму кезең. «Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту әдістемесі» курсы бойынша қолданылған материалдар оқушыларға дүниеге деген көзқарасын, өзіндік жеке ойын және пікірін қалыптастырады. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері бастауыш сыныпта дүниетанудан сабақ беру әдістемесін қолдануда оқушылардың жасерекшеліктеріне, дайындықтарына сәйкес негізделуі керек.

3 курстағы педагогикалық тәжірибе нәтижесінде студенттер бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасы мен сынып ұжымының арнайы құзыреттілігінің қалыптасуын көздейтін құрастырылған картотекаларын әзірлеп алған білімдері мен іскерлік, дағдыларының молая түскендігін аңғартты. Зерттеу жұмысының бірінші тарауында көретілгендей оқу процесінде арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша практикалық іскерліктері мен дағдыларды қалыптастыру педагогикалық практиканың мақсаты болып табылады. Осылайша, болашақ мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға олардың практикалық алған білімдерін іске асыруға және неғұрлым қолайлы технологияларын қолдану ықпал ететін болады. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің теориялық түсініктерін жобалау іс-әрекеттері арқылы практикалық іс-әрекетте қолдана алуларына педагогикалық тәжірибе барысында аса мән берілді. Практика барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдері кәсіби-практикалық дайындық білім беру бағдарламасының міндетті бөлімі болып саналатындықтан, арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бағытында күрделі тапсырмалар берілді:

– студент әдістемелік қамтамасыз етуді пайдалана отырып, оқушыларының білім, іскерлік, дағдыларының жетілдірілу жағдайын сипаттау;

– арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру тұғырынан бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақтарына іс-шараларына қатысып, олардың табыстылығы мен тиімділігіне талдау жасау;

Студенттер әңгімелесу мен бақылау әдістерін пайдалана отырып, проблемалары бар балаларды анықтап оларға көмек көрсету мақсатында жеке жұмыстар өткізді. Студенттер тапсырмаларды орындауда әңгімелесу мен бақылауды пайдалана отырып, пәндер бойынша проблемалары бар балаларды анықтады және олармен неғұрлым мақсатты жұмыс істеу үшін көмек көрсету мақсатында жеке жұмыстар өткізді.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақтарына қатысу барысында практика күнделігінде бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақтарының фрагменттерін және арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға бағытталған мұғалімнің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жүзеге асырылды.

Педагогикалық тәжірибе қорытындысы бойынша В.Т.Тихомирова, З.М. Садвакасова, А.Б. Мукашева және Н.К. Сатыбалдинаның оқу әдістемелеріне сүйене отырып [213], «Мен практикада арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру аспектісінде нені үйрендім?» атты семинар өткізілді. Оның мақсаты - арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға және олардың нәтижелілігін анықтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру бойынша өз тәжірибесін талдау алу. Сондай-ақ, практикалық тапсырмалар, кейс-әдісі, жағдаяттарды талдау, ролдік ойындар, топтармен жұмыс, дискуссия әдістерін пайдалану барысында бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда айтарлықтай жақсы ақпараттар жинақтағандығын көрсетті.

Эксперименттің үшінші кезеңінде жоғары оқу орнының оқу жұмыс жоспарына кіргізілген «Бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру» элективтік курсы мен өндірістік практиканы ұйымдастыру әдістемесінің мүмкіндіктері қолданылады. 5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі оқу жоспары сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың алғышарттарына және пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін талдадық. Арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға дайындығын жетілдіруде тақырыптарды толықтыру қажет екендігін байқап кейбір тақырыптарға қосымшалар енгіздік.

Тәжірибелік-эксперимент барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың «Бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру негіздері» элективтік курсын жүзеге асыру арқылы жалғастырылды.

5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша әзірленген «Бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру негіздері» элективтік курсының мақсаты болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың теориясы, ғылыми аппараты, әдіснамалық қағидалары туралы ұғымдарын игерту, практикалық және әдістемелік жолдарын қалыптастыру.

Элективтік курстың міндеттері:

– бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың мәнділігін ашу;

– бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздерін игеру;

– бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың заманауи ұғымдары арқылы қазіргі мектептің басымдылықтарымен таныстыру;

– «құзыреттілік», «кәсіби құзыреттілік», «арнайы құзыреттіліктер», «арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру», «жоба», «жобалар әдісі» ұғымдарына сипаттама беру;

– арнайы құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған жобалар әдісінің түрлері, формалары, функциялары, кезеңдері жөнінде ақпарат беру;

– бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін көрсету;

– болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың педагогикалық шарттарының орындалуы, технологиялары мен функциялары анықтау диагностикасы туралы теориялық және практикалық ұсыныстар жасау.

Элективтік курс бағдарламасын меңгеру нәтижесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің білуі тиіс:

– бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бағытындағы педагогикалық-психологиялық тұжырымдамалардың дамуы бағыты;

– бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың жағдайын;

– бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін, формасын;

– бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру мазмұныны мен мәнін;

– бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру технологияларын;

– бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың нормативтік-құқықтық базасын.

Іскерліктерінің қалыптасуы тиіс:

– бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін өнімділігі;

– бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға арналған жобалау шараларын өткізу;

– бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда ата-аналармен жұмыс;

– бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру жұмыстарын жобалау;

– ата-аналармен тиімді қарым-қатынас орнату;

Дағдыларды қалыптастыру:

– бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігінің қалыптастырудың әдістемесін игеру;

– бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың технологияларын қолдану;

– бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру тиімділігін анықтау.

Элективтік курс бағдарламасын зерделеу нәтижесінде келесі құзыреттіліктер қалыптасады:

– болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудағы оң мотивациясы мен кәсіби іс-әрекетінің ұтымдылығы;

– болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бағытындағы жобалау ортасын құра алуы.

Элективтік курс бағдарламасын меңгеру нәтижесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің біліміне, іскерліктеріне, дағдыларынына, құзыреттілігіне қойылатын талаптар айқындалды. Элективтік курсының бағдарламасы 3 кредитке негізделген, 15 сағат – дәріске, 30 сағат – тәжірибелік сабаққа, 15 сағат – ОСӨЖ-ге, 15 сағат – СӨЖ-ге бағытталған.

4 курс студенттерінің өндірістік практикадан өтуі маңызды сәт болып табылады және ол мектептегі практикалық іс-әрекеттерімен ұштастырылады, бұл бізге қалыптастыру экспериментінің аяқталуын сипаттайды. Практиканың талабы бойынша күнделік жүргізіледі, онда жұмыстың жоспары, мазмұны, зерттеу тапсырмаларының орындалу барысы мен қорытындылары, педагогикалық іс-әрекет құрылымын түсіну, арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бағытындағы қызметі туралы ықпалдары мен ойлары көрсетілді [202]. Тәрбиелік іс-шаралардың жоспарларын дайындалды. Сонымен қатар, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру моделінің барлық компоненттеріндегі көрсеткіштердің қалыптасуын және дамуын анықталды. Студенттер өндірістік практикадан өтуде арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда практикалық білім мен дағдыларды үйренуді көздейді, яғни педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерін, принциптерін, әдістемелік жұмысты жүзеге асыруды, көпшілік алдында, сынып алдында өз ойын толық жеткізуді, шығармашылық ортаны құруды, педагогикалық қиындықтарды талдау және оларды шешу сияқты іс-әрекеттік компоненттің деңгейлерін көрсетеді.

Студенттер оқу материалдарын оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып іріктеуде, сабақтарының тақырыптарын жобалар әдісі негізінде меңгерту, әдіс-тәсілдерді таңдау дағдыларының жетілгендігін көреміз. Сонымен қатар сабақтың тақырыбы мен мақсатына сәйкес негізгі және қосымша әдебиеттерді таңдау мен талдау, олардың сабақтарына қатысуы, есеп-пікір құрастырулары жүзеге асырылды. Осылайша, өндірістік практика бастауыш мектептегі арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. Практика барысында арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру жөнінде өзара ақпарат алмасу, өзара ынталандыру, іс-әрекеттерді бақылау және түзету жүзеге асырылды. Сонымен, студенттердің өндірістік практика кезінде арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға деген олардың белсенділіктері артта түсті, бұл өндірістік практиканың мақсатын нақтылай түсті. Олар педагогикалық тәжірибенің жеке жоспары мен практикалы сабақтардың мазмұны мен оқу-әдістемелік материалдарды бойынша педагогикалық практикада есеп берді. Студенттердің педагогикалық қызмет функцияларын өз бетінше орындауға дайындығын сипаттайтын барлық жиынтықты ескере отырып, кешенді бағаланды. Демек, педагогикалық тәжірибе оқыту және дамыту функцияларымен қатар, эксперименттік топтағы студенттердің болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың белсенді құрылымдық-мазмұндақ моделінің рефлексивтік компоненті көрсеткіштерін көрсетті. Студенттер өндірістік практиканы бітірген соң «Мен болашақ бастауыш сынып мұғалімімін» тақырыбы аясында «Болашақ кәсібімнен мен нені күтемін?», «Қоғамда алатын менің орным қандай?» сияқты сөйлемдермен басталатын эссе-шығармалар жазуды ұсынды.

Практикадан өту барысында студенттер зерттеу-іздестіру, диагностикалық-аналитикалық бағыттарда белсенділік көрсетті. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың қажеттілігін терең түсіне алатындықтарын және жалпы педагогикалық білім, іскерлік, дағдылар жиынтығының арнайы әдістемесін меңгергендігін көрсетті. Олай болса өндірістік практика оқыту және дамыту функцияларымен қатар мотивациялық функцияны да жүзеге асырды деуге болады. Өндірістік практикадан өткен соң студенттер практикалық дағдыларын бағалауда бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды иелене алады. Оларды бағалау қосымша дайындалған сауалнама арқылы анықталды. Біз тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың қалыптастырушы кезеңін өткізу үшін өндірістік тәжірибеден өту материалдарының бойынша қорытынды жасап, кейбір ережелерді тұжырымдаймыз. Құрылымдық-мазмұндақ моделі болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда жоғары оқу орнының тұтас оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асырылады. Зерттеудің қалыптастырушы кезеңінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру дайындығына мақсатты педагогикалық ықпал жүзеге асырылды. Біз өндірістік тәжірибе болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың даярлығын өркендету, дәрістер мен практикалық сабақтарда алынған теориялық білімді бекіту және қолдану, тәжірибе алу, болашақ кәсіби іс-әрекеттің ерекшеліктерімен танысу, оған деген қызығушылықты қалыптастыру болып табылады деп есептейміз.

Қорытындай келе, жүйелілік; іс-әрекеттік, жеке тұлғаға бағдарланған, аксиологиялық, антропологиялық, жеке шығармашылық,, мәдениеттанушылық әдіснамалық тұғырларды жүзеге асыру тұрғысынан ғылыми негізделген және болашақ бастауыш сынып мұғалімін арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін тексердік. Бұл модель арнайы әзірленген «Бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру негіздері» элективтік курсын, студенттерге арналған «Бастауыш мектепте жобалар әдісін пайдалану» оқу-құралы [172], «Білім беруде жобалар әдісін қолдану» электронды оқулық тәжірибе арқылы көздеген мақсат пен міндеттерді кезең-кезеңмен іске асыруға толық мүмкіндік береді [214]. Сонымен, тәжірибелік-эксперименттік зерттеудің қалыптастырушы кезеңі барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруа мақсатты және тиімді түрде ұйымдастырылған педагогикалық ықпал ету жүзеге асырылды. Нәтижесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік берді.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14


написать администратору сайта