Аяпбергенова гульсум сагындыковна
Скачать 4.5 Mb.
|
2 БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ АРНАЙЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЖОБАЛАР ӘДІСІ НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ 2.1 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастырылуының бүгінгі жағдайы Еліміздің білім беру саласының алдында тұрған, ҚР білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған басты мәселе – кәсіби білімде құзыреттілікке қол жеткізу [3]. Біздің қарастырып отырғанымыз педагогикалық тұрғыда ұтқыр болашақ мұғалімдерді қалыптастыру болғандықтан, алдыңғы бөлімдердегі теориялық ізденістерден туған идеялар негізінде дайындалған материалдарды эксперименттен өткізумен қатар жаһандық жаңартулар талаптарына сай педагогикалық әрекетте табыстылығын көрсете білетін, өз мамандығын, өз пәнін ғаламдық мәселелерге бағыттай алуға негіз болатын білімдерді көтеру міндеті тұрды. Қарастырылып отырған зерттеу пәнін өз деңгейінде ашу үшін эксперименттік зерттеу жұмысы жүргізу қажеттілігі анықталды. Тәжірибелік-эксперименталды жұмыс педагогикалық-психологиялық зерттеулерде қолданылатын эксперименттік жұмыстар логикасына сәйкес өткізілді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жалпы қабылданған көзқарастағы алғашқы ұстанымдарды анықтау мақсатында тұтас жүйелік-ұйымдастырылған процесс ретінде болады. Біз ұсынған болжамды тексеру үшін, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізіліп жобалар әдісі негізінде арнайы құзыреттілікті қалыптастыру жүзеге асырылды. Анықтаушы кезеңі (2017-2018) болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру мәселелерді анықтау және оны жетілдіру жолдарын табу, критериалды-диагностикалық инструменттерді өңдеу, эксперимент бағдарламасын құру жатады. Осы міндеттерді шешу үшін біз мынадай әдістер пайдаландық: сұхбат, бастауыш сынып мұғалімдерімен және болашақ бастауыш сынып мұғалімдерімен әңгімелесу, сауалнама жүргізу, мектептердің оқу-тәрбие жұмыстары жоспарларын талдау, мектептің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру тәжірибесін бақылау. Диагностика өткізу үшін құрастырылған өлшемдер мен көрсеткіштер жүйесі пайдаланылды. Өлшемдер мен көрсеткіштер төрт компонент бойынша жіктелінді: мотивациялық, когнитивтік, іс-әрекеттік, рефлексивтік. Бұлардың сипаттамалары алдыңғы тарауда қарастырылған. Сонымен қатар, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың төмен, орта, жоғары даму деңгейлері анықталынды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды анықтау үшін компоненттері көрсеткіштеріне негізделген диагностикалық әдістеме жасалынды. Бұл диагностикалық әдістеменің ерекшелігі психология-педагогика ғалымдарының зерттеу әдістерін кешенді қолдану арқылы қалыптасқан жағдайды шынайы айқындау. Әр компонент бойынша болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру деңгейлері үш баллдық шкала бойынша анықталып деңгейлерін көрсететін орта балл шығарылды [198]. Мектептегі бастауыш сынып мұғалімдеріне және болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру туралы түсініктерін анықтау үшін интервью жүргізілді. Интервью барысында сұралушыларға сұрақ қойылды: «Сіз арнайы құзыреттіліктірді жобалар әдісі негізінде қалыптастыру не екенін білесіз бе және оны мектеп жұмыс тәжірибесінде жүзеге асырудың ерекшеліктері қандай?». Сауалнаманың мақсаты: 1. Тәжірибелі мұғалімдердің және болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мектеп практикасында бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға қарым-қатынасын анықтау. 2. Бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру туралы сұралушылардың ұсыныстарын қорытындылау. 3. Бастауыш сыныпта оқылатын пәндердің тақырыптарын игертуде жобалар әдісін қолдану бойынша оқу процесі барысында өз қызметіне өздік баға беруін талдау жасау. Сауалнамаға мектептің бастауыш сынып мұғалімдері мен болашақ бастауыш сынып мұғалімдері қатысты: – тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімдері – 60. – болашақ бастауыш сынып мұғалімдері – 120 Сыналушылардың ішінен (60 сұралғандар) 52 адамның жоғары, 8-і-арнаулы орта білімі бар сыналушылар. Сыналушылардың жұмыс өтілі: 7 жылға дейін – 37 адам, 10 жылға дейін – 21 адам, 15-20 жылға дейін 2 адам. «Қазіргі үлгідегі мектеп үшін арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша мақсатты және ұйымдастырылған іс-әрекет қажет деп ойлайсыз ба?» деген сауалнама сұрағы бойынша, сұралушылардың көбі 70,5% маңызды деп санайды, 20,4% өте қажетті, 6,3% қажет бірақ міндетті емес, ал 2,5% жауап беруге қиналатындығын білдірді. Бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру және өткізу туралы сыналушылардың пікірі: бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру – 100%; бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша жұмыс жүйесі – 74%; инфрақұрылымды ұйымдастыру – бастауыш сынып мұғалімдеріне жобалар әдісін меңгерту мақсатында арнайы білім жетілдіруді ұйымдастыру – 25%; барлық бағыттар бірге – 1%. Осылайша, бастауышта оқыту саласындағы қызметкерлердің басым көпшілігі «қазіргі заманғы мектеп үшін арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша мақсатты және ұйымдастырылған іс-әрекет қажет пе?» деген сұраққа көңіл аудармады, олардың көпшілігің (69%) пән сабақтарының тақырыптарын жобалар әдісі негізінде меңгертуді ұйымдастыруды жақтады. «Сіз жұмыс істейтін мектепте бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр ма?» деген сұраққа сыналушылардың берген жауаптары: 25%-ы «ия» – деп жауап берді; 12%-ы «кейде жүргізіледі», 55%-ы «жүргізілмейді»; 8%-ы жауап бермеді. «Өзіңіздің арнайы құзыреттіліктеріңізді жобалар әдісі негізінде қалыптастыру жөніндегі тәжірибеңіз бен қабілеттілігіңізге баға беріңіз» деген сұраққа бастауыш сынып мұғалімдерінің 33%-ы – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру процесін ұйымдастыруға тәжірибе мен қабілеттілік жеткілікті; 19%-ы – жобалау жұмысын ұйымдастыра алу мүмкіндігін; 16%-ы – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда іс-шараларды әдістемелік дайындаймын; 32%-ы – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда тәжірибе мен қабілеттіліктің жеткіліксіздігін көрсетті. «Бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру олардың дамуының қажетті элементі деп санайсыз ба?» сұрағына жауап беруде респонденттердің 21% – иә; 23% – қажетті негіздер болуы мүмкін; 43% – жоқ; 13% – жауап беруге қиналады. « Сіздің ойынызша қандай білім мен біліктілік бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру саласында жетіспейді?» – деген сұраққа 24% – арнайы құзыреттіліктердің көрсеткіштері туралы, 20% – жобалау іс-әрекетінің ерекшеліктері; 18% – бастауыш сыныпта оқылатын пәндердің тақырыптарының мазмұнын жобалауға қойылатын талаптар; 38% – оқу-тәрбие процесін жобалауда білімдерінің жеткіліксіздігін білдірді. «Арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу қажет пе?» деген сұраққа сыналушылардың 34% нормативтік-құқықтық базаны нақты ғылыми негізделген өлшемдерін әзірлеу; 43% арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру және іске асыру; 11% білім беру жөніндегі жұмысты жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар дайындау; 12% шамалы қажетті деп ойлайды. Орта мектептердегі бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибесіндегі арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру саласындағы өздерінің баға беруін анықтай отырып, біз тәжірибелі ұстаздардың арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру мәселесіне аса мән бермейтіндіктерін, пән сабақтарының тақырыптарын жобалар әдісі негізінде меңгерту мен жетілдіру шараларын ұйымдастыру бойынша даярлығы қанағаттанарлықсыз екендігіне көз жеткіздік. Әрине, өзін-өзі бағалау құзыретті мамандардың бағаларымен барабар келмеуі мүмкін, бірақ бұл жағдайда мұғалімдердің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру шеберлігіне деген сенімділігінің жеткіліксіздігі туралы куәландырады. Алайда, С.Р.Халиловтың зерттеу еңбегінде қарастырылғандай, мектептегі бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың бағыттарын және пән сабақтарының тақырыптарын жобалар әдісі негізінде меңгерту сипатындағы нақты іс-шараларды практика жүзінде әзірлеу айтарлықтай қиындық туғызатындығы көрініс берді [18, 4 б.]. Ең бастысы арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың ерекшелігі мен әдістемесі туралы нақты түсініктерінің болмауы, оған қажетті әдістемені әзірлеу кезінде жұмыс мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін таңдауда қиындық туғызатындығына көз жеткіздік. Мектеп мұғалімдерінің пікірінше, жоғары оқу орындарында мақсатты және дәйекті арнайы дайындықтың болмауы және әдістемесінің жеткіліксіз әзірленуінен пәндерді жобалар әдісі негізінде меңгертуде типтік емес іс-шараларды құрастыру және іске асыру кезінде туындайтын қиындықтардың болуларынан деп есептейді. Мектептегі бастауыш сынып мұғалімдерінің сонымен қатар, пән сабақтарының тақырыптарын жобалар әдісі негізінде меңгерту жөніндегі бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлеумен байланысты мәселелерді шешу негізінен күнделікті эмпирикалық тәжірибе деңгейде атқарылылатынын айтып өтті. Арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру сипатындағы іс-шаралар мазмұны мен бағыттылығы жағынан жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие жоспарларынан және бағдарламаларынан тікелей туындайтындықтан пән сабақтарының тақырыптарын жобалар әдісі негізінде меңгерту сипатындағы іс-шаралар соларға сәйкес жоспарланып, іске асырылады. Мектептегі бастауыш сынып мұғалімдерінің мектептерде бұрыннан сынақтан өткен сабақтар мен іс-шаралардың ескірген әзірлемелерін өз қалауы бойынша үйлестіріп пайдаланады. Бұл сабақтар мен іс-шаралардың мазмұны жоғары оқу орнының оқытушыларымен жүйелі түрде талқылана бермейді. Соңғы уақытта әлеуметтік желі жүйесіндегі сандық білім беру NIS Play[199], STEM зерттеу платформасы[200], Mektep бастауыш мектеп бағдарламасы[201], SMART community[202], BilimAl.kz[203] және т.б. ресурстарында, педагогикалық басылымдарда сұралғандардың пікірі бойынша проблеманы шешуді жеңілдетуге көмектесетін пән сабақтарының тақырыптарын жобалар әдісі негізінде меңгерту іс-шараларының жоспары, презентациялар мен конспектілері бар жарияланымдар пайда болады. Алайда, мұндай материалдарды қолдану өте жарымсыз, сонымен қатар, оларды қайта өңдеуді қажет етеді. Сыналушылардың жауаптары бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін белсенді түрде жүзеге асырылып жатқанымен мектеп жобалар әдісін қолдану бойынша қызметке қолданылатын тәсілдердің мақсаттылық, қажеттілік және тиімділік өлшемдері қазіргі уақытта іс жүзінде қолда жоқ екендігін көрсетеді. Оның тиімділігін бағалаудың сапалық және сандық параметрлері айқындалмаған, арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды мектептің педагогикалық процесіне үйлестіру әдістемесі, қызметтің формалары толық айқындалмаған, жобалар әдісі негізі бойынша мектеп қызметінің нормативтік-құқықтық базасы әзірленбеген. Анықтаушы кезеңінің екінші бөлігінің міндеттерін шешу барысында біз 2017-2018 оқу жылының соңында 5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде, Павлодар педагогикалық университетінде оқитын болашақ бастауыш сынып мұғалімдерімен сауалнама жүргіздік. Біз болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу үдерісіне деген мотивтерін, жеке тұлғаның құндылық бағдарларын эксперименттің анықтаушы кезеңінде А.А. Реан, В.А. Якуниннің «Студенттердің оқу іс-әрекетінің мотивтерін зерттеу»[204], М. Рокичтің «Құндылық бағдарлар»[205] әдістемелерін қолдандық. Қарастырылып отырған сапаның мотивациялық компонентінің қалыптасу деңгейі жабық түрдегі «арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру қызметінің мотивациясын өздік бағалау» сауалнамасын қолдану арқылы анықталды. Сауалнама-сұрақтардың жауаптары арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға жауапкершілігі мен белсенділігін және өз даярлығын жетілдіру жөніндегі бастамашылығы қандай дәрежеде екендігін бағалауға мүмкіндік беретін сұрақтар болады. Бұл көрсеткіштер келесі зерттеу әдістерінің көмегімен анықталды: – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру мәселелерін қамтитын сауалнамалар; – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру іс-әрекеттерін бақылау; – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармаларын, эссе және оқу қызметінің басқа да өнімдерін талдау. II-III курста оқитын болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мотивациялық компоненттің қалыптасуының бастапқы деңгейін анықтау үшін, О.И.Дорофееваның студенттердің мотивациясын зерттеу деген еңбегіне сүйене отырып[206], келесі сауалнама сұрақтарына жауап беру ұсынылды: 1. Сіз бастауыш сынып мұғалімі ретінде жобалар әдісін пән сабақтарында қолданасыз ба? 2. Жобалар әдісін пән сабақтарында қолдану несімен қызықтырады? 3. Уақыт талаптарына сай болу үшін қазіргі заманғы бастауыш сынып мұғалімі қандай болуы керек? 4. Арнайы құзыреттіліктерді жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға деген сіздің көзқарасыңыз қандай және осы істі қолдау қажет пе? 5. Болашақ педагогикалық іс-әрекетте арнайы құзыреттіліктеріңізді жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістерін пайдалануды жоспарлайсыз ба? 6. Сіз педагогикалық іс-әрекетіңізді арнайы құзыреттілігіңізді жобалар әдісі негізінде қалыптастырумен байланыстырасыз ба? 7. Бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістерін меңгеруге қарым-қатынасыңыз қандай? 8. Бастауыш сынып мұғалімі ретінде жобалар әдісін пән сабақтарында сіз қолданасыз ба? – деген сауалнаманың мәліметтері бойынша, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 60%-ы саналы түрде қолданатындықтарын, ал 15%-ы әріптестерінің кеңесі бойынша қолданатындықтарын, 13%-ы қолайлы екендігін 12%-ы жаңашылдығына байланысты таңдайтындықтарын көрсетті. «Бастауыш сынып мұғалімі ретінде пән сабақтарында қолдану сізді несімен қызықтырады?», – деген сұраққа болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 61% әрқашанда сұранысқа ие, 24% қажетті, 10% оқушылармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді, 5% жауап беруге қиналады деп жауап берді. «Арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру талаптарына сай болу үшін қазіргі заманғы бастауыш сынып мұғалімі қандай болуы керек?» сауалнамасы бойынша сыналушылардың 35% тұрақты шығармашылық ізденісте, 30% оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеруі, 10% арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістемесін меңгеруі 25% кәсіби тұғырдан құзыреттілігінің жетілуі тиіс деп есептейді. «Арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға деген сіздің көзқарасыңыз қандай және осы іс-әрекетте пайдалану қажет пе?» деген сауалға болашақ бастауыш сынып мұғалімдерініңде 43% арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға деген пікірлерінің бір жақты еместігі анықталды, ал 41% арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдіскер мұғалімдер ғана қолдану керек десе, тек 9% арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды жаңа бағыт болғандықтан ол өте күрделі мәселе, сол себептен ол арнайы даярлықты қажет етеді деп есептейді, 7% қолдау қажет деп есептейді. «Болашақ педагогикалық іс-әрекетте арнайы құзыреттілігіңізді жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістерін пайдалануды жоспарлайсыз ба?», – деген сұраққа болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 45% арнайы құзыреттілі құзыреттілігінізді жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістерін білмейтіндігін, 18% арнайы құзыреттілігіңізді жобалар әдісі негізінде қалыптастыру міндетті емес; 12% арнайы құзыреттілігіңізді жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдіскерлердің міндеті, 25% оқушыларға пән сабақтарының тақырыптарын жобалар әдісі негізінде меңгерту әдіскер қызметкерлердің міндеті екендігін білдірді. «Сіз педагогикалық іс-әрекетіңізді арнайы құзыреттілігіңізді жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда байланыстырасыз ба?» сұраққа болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 18% нәтижесіз іс санайтындығын, 32% арнайы даярлықтың керектігін; 28% байланыстыратындығын; 22% іскерлік дағды білімдерінің жеткіліксіздігін атады. «Бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістерін меңгеруге қарым-қатынасыңыз қандай?» сұрағына болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 10% қызығушылық танытатыңдығын; 17% арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістерін меңгеруге ұмтылатындығын; 37% арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдіс-тәсілдері туралы білмейтіндіктерін; 36% арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдіс-тәсілдерін игеру қажеттілігі жоқ екендігін атады. Сұрақтарды талқылау мен талдауда арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру проблемаларына қызығушылығының төмен екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Әлбетте, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің көпшілігі арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың қажеттілігін түсінбейді, арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеруге қызықпайды, арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың мақсаты мен міндеттері, мазмұны, ұйымдастыру формалары туралы білімдерді игерілмеген, практикалық іскерліктері мен дағдылары қалыптаспаған, арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға өзінің даярлығының кемшіліктерін анықтап, жетілдіру жолдарын болжай алмау байқалса, дәл осындай пікірді М.Г. Лапердина өзінің «Болашақ шет тілі мұғалімі мектепте жоба әдісін жүзеге асыру» деген ғылыми диссертациясында сипаттайды [22, 70 б.]. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттелетін мәселеге деген көзқарасын шығарма-эссесін талдау барысында көреміз: – ...арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптасуы мемлекет тарапынан қолдау табылуы тиіс, өйткені олар зияткерлік әлеуметінің дамуына әсер етеді; – ...бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру мәселесі тек білім беру ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік міндеттерді де шешуі керек; – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру менің ойымша, тек диплом алған мұғалімдер ғана емес, арнайы дайындықтан өткен мұғалімдер де жұмыс істеуі керек. Сонымен қатар, басқа пікірлер анықталды: – ...егер арнайы құзыреттілігін н жобалар әдісі негізінде қалыптастыру мәселесі өзекті болса, неге жоғары оқу орнында даярлау қарастырылмайды?; – ...арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру қатардағы мектептерде емес, алдыңғы қатарлы мектептерге жүргізілуі тиіс деп есептеймін; – ...арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру сапалы оқыту мәселелерін шешуі мүмкін; – ...арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру мәселесі әдіскер пән мұғалімдерді ойландыруы тиіс. Зерттеу барысында алынған мәліметтер, бізге тек болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттелетін мәселеге деген көзқарасын ғана білдірмейді, сонымен қатар білім беру жүйесіндегі мерзімді өзгерістерге сәйкес педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға дайындық деңгейінің көңіл толмайтындығын да сипаттайды. Алайда, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің көпшілігі арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды қаламайтындықтарын байқадық, сонымен қатар болашақ бастауыш сынып мұғалімдері арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру мәселелері олардың қызықтырмайтындығын анықтасақ та, олар оны пайдалану керек екендігі туралы теріс пікір білдірмейтіндіктерін атап өтеміз. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіптік-педагогикалық практикада тиісті тәсілдерді қалай қолдану керектігі жөніндегі түсініктері шамалы. Атап айтқанда, олардың кейбіреулері арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға бағытталған шаралар жүйесі туралы мағлұматтары бар болса, керісінше, сұралғандардың басым көпшілігі арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістемесін қолдануды өзі үшін қажетсіз деп санайды. Сонымен талдау нәтижелері көрсеткендей болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруың мотивациялық компоненті жеткіліксіз қалыптасқандығы белгілі болды (кесте 4). Кесте 4 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптасуының мотивациялық компонентінің деңгейлері (алғашқы кесінді)
4-кестеден болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің бақылау және эксперименттік топтардағы бірінші көрсеткіштің қалыптасу деңгейі бойынша біркелкі екендігін көреміз. Жалпы бастапқы көрсеткіш бойынша болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 90%-дан 96,5%-ға дейін төмен деңгейде, 3,44-дан 10%-ға дейін орта деңгейде болса, жоғары деңгей бірде-бір көрініс алған жоқ. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптасуының когнитивтік компонентінің қалыптасу деңгейлерін тест тапсырмалары диагностикалық-дидактикалық карталар, сауалнама, студенттердің шығармашылық жұмыстарын арқылы анықтадық. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру моделінің когнитивтік компонентінің деңгейін анықтауда, С.А.Халиловтың «Болашақ педагогтарды кәсіби даярлау жоба әдісін қолданудың педагогикалық шарттары» деген диссертациялық жұмысындағы когннитивтік компоненттің критериалды көрсеткіштеріне сүйене отырып [18, 127 б.], сауалнамалық сұраққа «Сіздің ойыңызша, оқу жобалары дегеніміз не? Олардың қандай формаларын қолданасыз?» сыналушылардың басым көпшілігінде өтілетін сабақтың мазмұнын жобалау делінсе (86%), сабақтың мазмұнын жобалау формаларына айтарлықтай мән берілмеді (14%). Келесі «Сіздер, арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыруда қандай жобалар әдістерімен таныссыз?» туралы сұраққа сыналушылар негізінен ұжымдық, жұптық, топтық (75%) және пәндік және пәнаралық түрлеріне жүгінді, ал зерттеушілік, шығармашылық, ақпараттық түрлері мүлде ескерусіз қалды. «Сіз арнайы құзыреттілікті жобалар әдісі негізінде қалыптастыру үшін қандай жағдайларды ең маңызды деп санайсыз?» сұрағына сыналушылардың арнайы құзыреттілікті жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың мақсаты мен міндеттерін нақты білу (53%), арнайы құзыреттілікті жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың ұйымдастыру формалары туралы білімі (16%), жақсы әдіскерлерден кеңес алу (15%), жобалар әдісі негізінде уақыттың тығыздығы және жүктемелерінің шектеулілігі (16%) сияқты жауаптарды таңдады. «Сіз арнайы құзыреттілікті жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды қайдан біле аласыз?» деген сұраққа олар әріптестерінен (27%), ЖОО-да (9%), ғылыми басылымдардан, (44%), әлеуметттік желі сайттары арқылы (20%) қол жеткізетіндіктерін көрсетті, «Сіздің оқу орындарыңызда арнайы құзыреттіліктерді жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша қандай іс-шаралар өткізіледі?» деген сұраққа арнайы дәрістер, семинар-конференциялар ұйымдастырылмайтындықтарын, кейбір сыналушылар жетілдіру курстарында (80%) болатындықтарын айтты. «Бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға даярлауда, сіздің ойыңызша, мектеп тәжірибесінде қандай білім салалары маңызды деп ойлайсыз?» деген сұраққа педагогика бойынша 74% тәрбие жұмысының әдістемесі бойынша 56% әдістемелік білімдер бойынша, 50% маңызды деп санайды, бірақ оқу жобаларының түрлері мен кезеңдері бойынша толық жауап бермеді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру моделінің когнитивтік компонентін әрі қарай тереңірек анықтау мақсатында біз И.С. Якиманскаяның «Жеке тұлғаға бағытталған тәсіл: тұжырымдама және технология» деген еңбегін негізге ала отырып диагностикалық-дидактикалық картаны қолдандық [183]. Диагностикалық-дидактикалық карта-тест: 1. «Құзыреттілік», «Арнайы құзыреттілік» «Жоба», «Жобалар әдісі», ұғымдарына сипаттама беріңіз. 2. «Жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі», «Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі», «Математика пәнін оқыту әдістемесі» сабақтарының тақырыптарын жобалар әдісі негізінде меңгертудің ерекшеліктерін сипаттаңыз. 3. Бастауыш сыныпта жобалар әдісі арқылы оқылатын пәндерді оқытуда өзіңіздің даярлығыңызды қалай бағалайсыз? 4. Өзіңізді бастауыш сынып мұғалімі ретінде елестетіңіз. Сіз қалай ойлайсыз, арнайы құзыреттілікті жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда психологиялық-педагогикалық, технологиялық, арнайы әдістемелік білімдер қажет пе? 5. Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жұмысы бойынша жобаға қатысушылар саны туралы қандай пікірдесіз? 6. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша мұғалімнің және бастауыш сынып оқушысының қызметінің ерекшеліктерін сипаттаңыз. 7. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша конспект құрастырыңыз. Жұмыс нәтижелері келесідей бағаланды: 0 балл – тапсырманың біреуі де дұрыс орындалмады; 2 балл – карталық тест 60% – дұрыс орындалды; 3 балл-тапсырмалар дұрыс орындалды. Ары қарай біз диагностикалық-дидактикалық картамен шектеліп қоймай, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру моделінің когнитивтік компонентінің деңгейін анықтауға арналған сауалнама өткіздік. Берілген сипаттамалар бойынша іздену барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 37%-ы өздерінің оң қатынастарын көрсетті, ғалымдардың еңбектеріне сілтеме жасай отырып олардың ғылыми еңбектерін де ескеру керек екендігін айтты. «Жаратылыстану пәнің оқыту әдістемесі», «Дүниетану пәнің оқыту әдістемесі», «Математика пәнің оқыту әдістемесі» сабақтарының тақырыптарын жобалар әдісі негізінде меңгертудің ерекшеліктері бойынша 43% сабақтар тақырыбын жобалау мәселесі бойынша әрдайым көңіл бөлетіндіктеріне және арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру сұраныста болатындығын атап көрсетті. «Бастауыш сыныпта жобалар әдісі арқылы оқылатын пәндерді оқытуда өзіңіздің даярлығыңызды қалай бағалайсыз?» деген сұраққа болашақ бастауыш сынып мұғалімдері бұл мәселеге өзінің бейтарап қатынасын білдіре отырып, оның 37% жалпы сипаттармен ғана шектелгендігін көрсетті, 36% ашық пікір пайымдауды байқатпады, олар бұны іс жүзіне асыруға деген қалыс пікірлерін ұсынуға мектептегі материалдық, әдістемелік жабдықталудың жақсаруын негіздеді. «Сіз қалай ойлайсыз, арнайы құзыреттілікті жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда психологиялық-педагогикалық, технологиялық, арнайы әдістемелік білімдер қажет пе?» туралы сауалға болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 51% бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға қарсы болып, онымен тек әдіскер мұғалімдерінің шұғылдануы тиіс деп есептейді немесе өз жауаптарын түсіндірмесіз қалдырды. «Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жұмысы бойынша жобаға қатысушылар саны туралы қандай пікірдесіз?» сұрағына болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің тек 21% ғана топтық іс-шараларының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қарастырылып отырған мәселеге өзінің оң көзқарасын білдірді. «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша мұғалімнің және бастауыш сынып оқушысының қызметінің ерекшеліктерін сипаттаңыз» деген сауалға олардың 79% нақты жауаптар бере алмады. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру моделінің когнитивтік компоненті деңгейін анықтау келесі қайшылықтарды ашады. – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру жолдары туралы ақпарат алу бойынша ынтасы мен жоғары оқу орнында қамтамасыз етілетін білім көлемі арасында; – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру проблемаларының маңыздылығы мен жоғарғы оқу орнында бар мазмұндық педагогикалық құралдар және әдістемелік базалардың жағдайы арасындағы; – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша ғылыми-педагогикалық жұмыс нысандарының ұйымдастырылуының жеткіліксіздігі. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тәрбие процесінде арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру даярлығының когнитивті компонентінің алдыңғы жағдайын жалпы көңіл толмайды деуге болады. «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің білім алушылары болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша психологиялық-педагогикалық арнайы әдістемелік білімдердің жүйеленбегендігін, жаңа амал-тәсілдерді игеру қажеттіліктерне талпынбауы, арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың мазмұны, мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру түрлері, арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды практикалық іскерліктері мен дағдылары жеткілікті түрде қалыптаспағандығын алынған нәтижелердің сипатталуынан көруге болады. Бұл педагогикалық практикада арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде когнитивтік дайындығын қалыптастыру мәселесі толық шешілмеген және когнитивтік компонент мақсатты түрде жоғары оқу орнының жетілдіруін қажет ететіндігін көрсетеді. Алынған деректер болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру туралы теориялық білімнің төмен деңгейі 82,75%-дан 90,90%-ға дейін, орта деңгейі – 9,1%-дан 17,24%-ға дейін, бастапқы кесіндіде білім деңгейінің жоғары деңгейі нөлді көрсетеді (кесте 5). Кесте 5 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптасуының когнитивтік компонентінің деңгейлері (алғашқы кесінді)
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерініңде арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға даярлығы, практикалық аспектілері, яғни іс-әрекеттік компонентінде қанағаттанарлықсыз қалыптасқан. Өткізілген сауалнама болашақ бастауыш сынып мұғалімдерініңде арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру міндеттерін шешуге ықпал ететін жобалау құралдарын оқушылармен жұмыста өз бетінше практикада қолдану қабілеті өте төмен деңгеймен сипатталады. Мұндай қорытындыны біз болашақ бастауыш сынып мұғалімдерініңде арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша шығармашылық тапсырмаларды орындауын талдау негізінде жасаймыз. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруын әлсіз жақтарын шығармашылық тапсырмалардағы берілген жауаптар арқылы көреміз. Сол үшін практикалық міндеттерді шеше алу іскерліктерінің қалыптасуын анықтау үшін болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне пікір алмасу ұсынылды: – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда туындайтын проблеманың себептерін көрсетіңіз; – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға байланысты педагогикалық проблеманы шешудің жолдарын көрсетіңіз; – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда мұғалімнің және оқушының сабақтағы іс-әрекетін белгілеңіз. Олардың көпшілігі мұғалімнің және оқушылардың іс-әрекеттеріндегі проблемаларды шешудің жолдарына сипаттама бере алмады, себебі арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша проблема туындайтын ақпараттың жеткіліксіз болмаумен байланысты. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың іс-әрекеттік компонентін анықтау нәтижелері қажетті психологиялық-педагогикалық білім алу процесінде жаңа амал-тәсілдерін меңгеруге ұмтылмайтындығына және әдістемелік білімдерінің жүйеленбегендігіне, арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың мақсаты, міндеттері мазмұны, ұйымдастыру формалары, жобалау туралы білімдерді игермегендігіне, сонымен қатар арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды тарату бойынша іскерліктер мен дағдылардың болуы қанағаттанарлықсыз екендігіне байқалды. Бұл өз кезегінде арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде жоғары деңгейде қалыптастыру проблемасын өзекті екенін көрсетеді. Арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың жоғары деңгейі проблеманы өзекті етеді. Іс-әрекеттік компоненттің қалыптасу деңгейін анықтауда кесінділердің бастапқы нәтижелері болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 76,66%-дан – 92,85%-ға дейін төмен деңгейде, 7,15%-дан – 23,34%-ға дейін орта деңгейде екендігін, жоғары деңгейді бірде-бір мұғалім болмағандығын байқатты (кесте 6). Кесте 6 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптасуының іс-әрекеттік компонентінің деңгейлері (алғашқы кесінді)
Демек, іс-әрекеттік компонент нәтижелері бойынша болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 86,75% дайындық деңгейінің төмендігі және 13,25% орта деңгейі анықталды. Сонымен қатар өндірістік практикадан өткен IV курсттың оқитын бастауыш сынып мұғалімдердің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша іс-әрекеттік компонентінің деңгейі де анықталды және оларға келесідей сұрақ ұсынылды: 1. Сіз арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша оқу процесінің іс-шараларын ұйымдастыруда қандай қиындықтарды бастан кешірдіңіз? 2. Мектепте арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша іс-шаралардың табысты педагогикалық іс-әрекет атқару үшін нені білу қажет? 3. Арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша іс-шаралар туралы білімдерді меңгеру деңгейіңізге баға беріңіз? 4. Сіздің ойыңызша, арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға мүмкіндік беретін мектеп практикасында артықшылықтар бар ма? Қандай? IV курста оқитын студенттер болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің айырмашылығы мен мектептегі мұғалімдердің қызметін бақылап, олардың ұсыныстарын басшылыққа ала отырып сұрақтарына жауап беріп оның кейбір белгілерін атап көрсетті. Педагогикалық практикадан өту кезінде қиындықтар туындатқан проблемаларды атап көрсетті: – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға қажетті білімнің толық еместігін – 85%; – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға керекті материалдық база мен оқу – әдістемелік жұмыстың нашарлығын -15%. Мектепте арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды табыстылықпен жүзеге асыру үшін болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 49% бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру ерекшеліктерін, 24% – сыныпта оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерін, 27% бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістерін білу қажет деп есептейді. |