Аяпбергенова гульсум сагындыковна
Скачать 4.5 Mb.
|
Арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру туралы өздерінің білім деңгейін болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 65% – төмен көрсеткіш, 9% – орта көрсеткіштік баға берсе, 26% – бағалауға қиналды. Арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда туралы тек қана теориялық білімдердің болуына байланысты болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеруде 31% – төмен көрсеткіш көрсетті. Бұл ретте мектепте арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру туралы тек теориялық білімдерге ғана ие екенін атап өтті. 16% болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру іскерліктерін меңгеруге болатындығын айтқанымен нақты жауап бермеді. 51% болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру дағдыларын өз деңгейінде анықтай алмайтынын айтты. Осы туралы өз еңбегінде О.Я. Рыбалко білім берудегі дербестікті қалыптастыруға арналған жобалық тапсырмалар жүйесі оқыту кезеңдеріне байланысты оқушылардың іс-әрекеті: бастапқы меңгеру бойынша білімдерін тиянақтау, қолдану дағдыларын қалыптастыру тәжірибеде көрінеді деген болатын [207].Сонымен алынған мәліметтер болашақ мұғалімдердің даярлығын табысты қалыптастыруда маңызды болып табылатын негізгі мәселелер шеңберін анықтауға мүмкіндік берді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдердің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың рефлексивтік компонентінің көрсеткішінің қалыптасу деңгейі: – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға даярлығына сыни-пікір білдіру барысында; – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға даярлығына өзіне баға беру үшін тестілеу; – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға даярлығында басқалардың баға беруі арқылы; – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға өзінің даярлығын дәйектейтін жобаларын, мультимедиялық жұмыстарын, презентацияларын талдау барысында анықталады. Рефлексия арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде табысты қалыптастыру үшін қажетті білімдер мен дағдыларды меңгерудегі жетістіктері мен кемшіліктерін анықтаудан басталды [208]. «Арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру үшін мен нені үйренуім керек?» атты шығарманы талдау арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда оқу іс–әрекетін дұрыс ұйымдастырудың маңыздылығын, өзін-өзі дамыту мен тәрбиелеудің өзіндік моделін құру қажеттілігін түсінетінін байқаймыз. Бірқатар эсселерде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің «Қазіргі талапқа сай мұғалім бола аламын ба?», «Маған не жетілдіру қажет?» деген сұрақтар төңірегінде өз-өзіне бағдарлама жасай алады, өзін-өзі тану, өмір сүру ережелері туралы ой қозғайды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің пікірлерінен көрініп тұрғандай, олардың кейбір бөлігі қазір жоғарғы оқу орнын қабырғасыннан бастап өздерін бастауыш мектепте жұмыс жасауға дайындау қажет деп ойлайды, ал өкінішке орай, ондай дайындық жұмысқа орналасқаннан бастап мүмкін деп есептейтін болашақ бастауыш сынып мұғалімдері де болды. Бұдан әрі болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне өз таңдауларымен белгілі бір сыныпта жоспарланған пәннің белгілі бір тақырыбы бойынша мультимедиялық слайд жасау ұсынылды. Өкінішке орай олардың 53%-ы жобаның мақсаты мен қорытындыларын нақты көрсете алмады, ал 47%-ғы слайдтарының мазмұны тақырыпқа сәйкес келмейтіндігі анықталды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне балдық шкала бойынша арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудағы рефлексивтік компоненттің қалыптасу деңгейін анықтауда педагогикалық шеберлікті қалыптастыру деңгейіне өзіндік баға беруде: – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша өзінің және курстастарының оқу іс-әрекеттерін талдау; – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бағыты бойынша оқу-тәрбие іс-әрекетін жігерлендіру; – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда кері байланысты жүзеге асыру; – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда педагогикалық мақсатқа сай оқушылармен қарым-қатынас құра білу; – арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда шиеленістерді алдын алу, шеше білу. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға даярлығының рефлексивтік компоненттің көрсеткіштері бойынша қалыптасу деңгейі – келесідей қорытынды жасауға негіз болды: эксперименттік топтардағы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 79,31%-дан 90%-ға дейінгілері төмен деңгейде; 6,7%-дан 20,7%-ға дейінгілері орта деңгейде; жоғары деңгейі болған жоқ (кесте 7). Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға дайындығы деңгейлерінің таралымы бойынша салыстырмалы деректер кестеде және диаграммада (сурет 4) берілді. Педагогикалық практикадан өткен бітіруші курстағы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға дайындығы салыстыру деңгейлерінің таралымы бойынша (бастапқы кесінді) алынған мәліметтерді ұсынамыз: болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 87,24%-ы төмен деңгейде, 19%-ы орта деңгейде, жоғары деңгейі болған жоқ. Кесте 7 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптасуының рефлексивтік компонентінің деңгейлері (алғашқы кесінді)
Бұл болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруың жеткіліксіз екендігін және анықталған педагогикалық шарттардың жүзеге асырылуының қамтамасыз етілуінің мақсаттылығы мен қажеттілігін дәлелдейді. Сурет 4 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға дайындығы деңгейлерінің таралымы (алғашқы кесінді) 4-суретте (диаграммада) көрсетілгендей, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің төменгі көрсеткіші эксперименталдық бірінші топта (87,8%), екінші топта (90,06%), үшінші топта (85,83%), бақылау тобында (90,99%), орташа (ЭТ 1 – 12,20%, ЭТ 2 – 9,94%, ЭТ 3 – 14% – эксперименталды топтар, 8,99% – бақылау тобы), жоғары деңгей эксперименталды топта, бақылау тобында көрсеткен жоқ (кесте 8). Кесте 8 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға дайындығы деңгейлерінің таралымы (алғашқы кесінді)
Осылайша, тәжірибелік-эксперименттік жұмысының қорытынды кезеңінде диагностикалаудың келесі нәтижелеріне қол жеткізеді. 1. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру даярлығы қанағаттарлықсыз қалыптасқан. Бұл болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру арқылы білім беруді жетілдіруде жоғарғы оқу орнындағы заманауи білім беру үрдісі мұғалімнің сапалы даярлығын қамтамасыз етпейтінін көреседі. Сондықтан, біз болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда кәсіби дайындық үрдісін зерттеудегі дайындықты қалыптастыруды қамтамасыздау мен ұсынылған педагогикалық шарттарды жүзеге асыру қажет деп есептейміз. 2. Тәжірибелік-эксперимент жұмысын жүргізу үшін таңдалған топтардың (бақылау және эксперименттік) даярлығын қалыптастыру деңгейлері ұқсас және оларға статистикалық талдау жасауда айырмашылықтары байқалмады. Демек, дайындық нәтижесіндегі өзгерістер бізге белгіленген педагогикалық шарттарды жүзеге асыру ерекшеліктерімен түсіндіріледі. 3. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру даярлығының жекелеген жақтарын анықтайтын әдістемелерді пайдалану оқу процесінің логикасын бұзбайды, ал оған органикалық түрде енгізілді, өйткені қосымша білім алу үшін негіз болды. Сонымен қатар, біз болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу үдерісіне деген мотивтерін, жеке тұлғаның құндылық бағдарларын эксперименттің анықтаушы кезеңінде анықтау мақсатында біз келесі әдістемелерді қолдандық: А.А. Реан, В.А. Якуниннің «Студенттердің оқу іс-әрекетінің мотивтерін зерттеу»[204], М. Рокичтің «Құндылық бағдарлар»[205]. А.А. Реан, В.А. Якуниннің «Студенттердің оқу іс-әрекетінің мотивтерін зерттеу» әдістемесі Ленинград университетінде педагогикалық психология кафедрасында өңделініп жасалынған, әдістеме екі нұсқа бойынша жүргізіледі, біз бұның бірінші нұсқасын қолданамыз, болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне 16 мотивтерден ең маңызды бесеуін таңдау ұсынылды. Төмендегі 9-кестеде көрсетілген мотивтер ЭТ болашақ бастауыш сынып мұғалімдері үшін маңызды мотивтердің бестігіне енетінін және ондағы айырмашылықтар елеусіз екенін көруге болады. Ең маңызды уәж (13,8%) диплом алу болып табылады. Екінші орында – жақсы оқып, «жақсы» және «үздік» бағаларға емтихандарын тапсыру мотиві, бұл болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің білім мен іскерлікті меңгерудің ерекшелігін түсінуді көрсетеді. «Келесі курстарда оқуды сәтті жалғастыру», «Жоғары білікті маман болу», «Болашақ кәсіби қызметінің табыстылығын қамтамасыз ету» деген мотивтер кәсіптік қызметті меңгеру үшін білім мен дағдыларды алудың маңыздылығы туралы ойлана бастайтындығын және оның маңыздылығын түсінуі айқындайды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері қалған мотивтерді тандауда төмен мағынаны көрсетті және оның жиынтығы 49,6% құрады. Оларға: курстастардан қалыс қалмау, тұрақты түрде стипендия алу, кезекті сабақтарға үнемі дайын болу, терең және берік білім алу, педагогикалық талаптарды орындау, нашар оқығаны үшін айыпталудан және жазаланудан аулақ болу, оқытушылардың құрметіне жету, курстастарға үлгі болу, ата-аналар мен айналасындағылардың мақұлдауын алу, интеллектуалды қанағаттану жатады. Кесте 9 – ЭТ студенттерінің эксперименттің анықтаушы кезеңіндегі оқу іс-әрекетінің мотивтері
Ал, БТ болашақ бастауыш сынып мұғалімдері үшін ең маңызды мотив диплом алу болып табылады. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің бөлген «Терең және берік білім алу», «Тұрақты түрде стипендия алу» мотивтері оларға жоғары білікті маман болуға мүмкіндік береді, сондай-ақ болашақ бастауыш сынып мұғалімдері үшін стипендия алуға ұмтылу маңызды болып табылады, өйткені материалдық қажеттілік оларға ата-аналардан тәуелсіз болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Ата-ана мен қоршаған ортасындағылардың мақұлдауын алу», «жақсы оқып, «жақсы» және «үздік» бағаларға емтихандарын тапсыру» мотивтері болашақ бастауыш сынып мұғалімдері үшін ата-ана тарапынан ықыласқа бөленуді, білім мен іскерлікті меңгерудің ерекшелігін түсінуді көрсетеді. БТ бастауыш сынып мұғалімдері жиынтығында 49,9 % басқа себептерді таңдаған. Кесте 10 – М. Рокичтің «Құндылық бағдарлары» әдістемесі бойынша құндылықты бағдарларды саралау нәтижелері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу іс-әрекетінің мотивтерін зерделеп, біз ЭТ және БТ ең маңызды мотивтердің айырмашылықтар елеусіз екенін көреміз. Екі топта да диплом алу ең маңызды мотив болып табылады. Келесі біз құнды бағдарлардың жеке иерархиялық жүйесін анықтау үшін М.Рокичтің «Құндылықты бағдарлар» әдістемесін жүргіздік [205]. Зерттелушілердің құндылықтардың екі тізімі, алфавиттік тәртіппен қағаз парақтары (оның әрқайсысында 18-құндылықтан тұрады, терминалдық және инструменталды) ұсынылды. Берілген тізімдерде сыналушы әр құндылыққа рангтік нөмір берді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінде адамның жоғары рухани қажеттілігін көрсететін таным сияқты құндылыққа төменгі орынды көрсеткендігі өкінішті. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері үшін маңызды емес құндылықтардың бірі басқалардың бақытты болуы (кесте 10), (сурет 5). Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің таңдаған құндылықтардың көп жағдайда басқа адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға емес, өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығы алаңдатады. Сурет 5 – ЭТ және БТ студенттерінің эксперименттің анықтаушы кезеңіндегі құнды бағдарларды саралау нәтижелері Эксперименттің анықтаушы кезеңінің нәтижелері эксперименттің қалыптастырушы кезеңін әзірлеуге, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру жұмысын ұйымдастырудың біз әзірлеген моделін енгізуге негіз болды. 2.2 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістемесі Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға дайындық деңгейлерін зерттеу мақсатында анықтау экспериментінің нәтижелері бастапқы кезеңдегі сауалнамалық сұрау, тестілеу арқылы төрт компонент бойынша (мотивациялық, когнитивтік, іс-әрекеттік, рефлексиялық) жүргізілген анықтау эксперименті нәтижелері болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің дайындықрын немқұрайлы екендігін көрсетті. Жоғары оқу орнында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқыту үдерісінде арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру міндеті түрде қойылмайтынын, жұмыстың шығармашылық түрі аз пайдаланылатынын байқалды. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының 2018 жылғы нормативтік құжаттар пакетінде теориялық пәндердің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға бағытталатын мазмұндық аспектілерінің жеткілікті түрде ашылмауы, осы саладағы білім беру мазмұнының элементтері көрсетілмеуі, оқу-әдістемелік құралдардың қажетті дайындалмауы бізге қалыптастыру экспериментін жүргізуге негіз болды [70]. Қалыптастыру эксперимент болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша жоғары оқу орнында оқытудың екінші және төртінші курсын студенттері арқылы жүзеге асырылып қалыптастырушы эксперимент жоспары дайындалды, бұнда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу және оқудан тыс іс-әрекетінде арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша әдістемелік құралдарды дайындау қарастырылды. Қалыптастырушы эксперименттің мазмұны болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің аудиториялық және аудиториядан тыс іс-әрекетінің өзара байланысты. Бұл заңды логикаға сәйкес үш кезеңмен сипатталады. Дайындықтың кезеңділігі арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бағытындағы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибелік іс-әрекеттерінің тереңдетуге негізделеді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмысты жүргізу кезінде біз болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың моделіне, сондай-ақ, 5В010200 – «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде және Павлодар педагогикалық университетінде білім алушы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттелетін сапаның қалыптасуының салыстырмалы талдауының нәтижелеріне сүйендік. |