Аяпбергенова гульсум сагындыковна
Скачать 4.5 Mb.
|
» элективтік курсының «Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде жобалық іс-әрекетті ұйымдастыру» тақырыбындағы семинар сабағын біздер коучинг-әңгімелесудің түрінде өткіздік. Ол үшін ең алдымен талқылау проблемасы анықталды, оның түпкі мақсаты белгіленді, нақты жағдайды бағалауға, проблеманың оңтайлы шешімін таңдауға, іс-қимыл жоспарын әзірлеуге, сондай-ақ мүмкін болатын кедергілерді еңсеру жолдарына мүмкіндік беретін сұрақтар жиынтығы құрастырылды. Алынған мәліметтер әрине, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттелетін мәселеге деген көзқарасын ғана емес, сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі мерзімді өзгерістерге сәйкес педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға талпыныстарының белсене түскендігін және дайындық деңгейінің жоғарылағандығын дәлелдейді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруың мотивациялық компонентінің деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген диагностикалау нәтижелері бастапқы және бірінші, екінші кесінділерде алынған мәліметтерге қарағанда айтарлықтай сандық жоғарылаған көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік берді. Келесі кестеден болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің бақылау және эксперименттік топтарда бірінші көрсеткіштің қалыптасу деңгейі бойынша айырмашылықтарын көреміз. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың когнитивтік компонентінің қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында әдіскермен мұғалімдердің дайындықтарын тексеруде құрастырылған сауалнамалар қолданылды. Кесте 19 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың мотивациялық компонентінің деңгейлері (үшінші кесінді)
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың когнитивтік компонентінің қалыптасу деңгейін анықтауда эксперименттің осы бөлігінің нәтижесін толығырақ анықтау үшін біз тәжірибелік эксперименттің анықтау кезеңінде қолданған үш блоктан құрастырылған сауалнаманы қайталап жүргіздік Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру моделінің мотивациялық компонентінің деңгейін анықтауға арналған сауалнама нәтижелері олардың өз құзыреттіліктер туралы мағлұматтарының басымдылығын көрсетті. Сауалнаманың алдыңғы мәліметтерін және арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру контекстіндегі өз құзыреттілігіне деген қарым-қатынасы барын айта аламыз. Сонымен қатар, біз сұрақтарды талдау барысында сыналушылардың өз құзыреттіліктеріне қатысты ішкі позициясында белгілі бір қарама-қайшылықтар байқалды. Алдымен сыналушылардың арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бағытындағы қарым-қатынасын зерттей отырып, біз мынадай деректерді алдық: сыналушылардың 86,9% арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бағытындағы ақпаратқа қызығушылық білдіреді және оның өзі үшін пайдалы екендігін сезінеді. Сыналушылардың берген жауаптары бойынша біріншіден, арнайы құзыреттіліктерін қалыптастыратын ақпараттың маңызды және пайдалы деп есептей отырып, оларға қол жеткізуге мүдделі екендігін және өздерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың амал-жолдары туралы ақпаратқа қызығушылықтарының жоғары екендігін білдірді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру негіздерін бойынша алынған мәліметтер оқытуды ұйымдастыру үшін кәсіби қолдануға даярлығын арттырудың аса маңызды алғышарттары бар екенін сипаттайды. Арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бағытындағы жұмыс түрлеріне қандай баға беретіндіктері туралы ақпарат алу үшін келесідей сұрақтар ұсынылды. Бұл сұрақтарды өңдеу бізге болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруа әсерін кешенді бағалауға мүмкіндік берді [216]. «Арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру» мәселесіне болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 40% арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру туралы пайымдауларында арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру қажеттігіне деген сенімділікті, 50% бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру ісін қолдайтындығын, 10% ғана әртүрлі жобалау іс-шараларының мүмкіндіктерін пайдаланатындықтарына деген оң көзқарасын білдірді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру моделінің когнитивтік компоненті деңгейін анықтау келесі мүмкіндіктерді көрсетті: – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жобалау, арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру жолдары туралы ақпарат алуға деген белсенді қызығушылықтары арта түскен және білім көлемі жоғарылаған; – қазіргі уақытта жоғары оқу орны қолданысында бар педагогикалық құралдарға, мазмұндық және әдістемелік базаларға баға бере алады және жобалау проблемаларының маңыздылығын түсінеді; – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша ғылыми, жүйелі жұмыстардың маңыздылығына түсіну және ғылыми-педагогикалық жұмыс нысандарын ұйымдастыру іскерліктерін игерген. Зерттелетін дайындық деңгейі ең алдымен болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру туралы теориялық білімдерді игерілгендігін келесі 20-кестеде көрсетіледі. Жалпы алғанда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 63% жобалау туралы толық хабардар екендігін, 77% жобалау жобалауі туралы берік мағлұматтар алғандықтарын, 56% бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктерін ескере алатындықтарын, ал 40% бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға бағытталған арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың формалары және әдістері туралы жеткілікті білім қорын меңгергендіктерін білдіреді. Кесте 20 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың когнитивтік компонентінің деңгейлері (үшінші кесінді)
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру, алынған мәліметтердің жүйелі жұмысы нәтижелі болғандығын көрсетеді. Сонымен, когнитивтік компонентінің қалыптасу деңгейін анықтауға ұсынылған тест тапсырмаларының орындалуы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда педагогикалық практика барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылармен жүргізген сабақтарының нәтежесі бойынша олардың білімдерінің бекігендігін байқаймыз. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың іс-әрекеттік компонентін анықтау үшін, білім беру үрдісінің субъектілерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды оңтайлы жоспарлауда, ұйымдастыруда, іскерліктері мен дағдылары дамытуда, бала тұлғасын, шағын топ пен сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін білу, кездесетін қиындықтарды болжай алу және оқыту деңгейін ескеруде барабар әдістемені іріктей алу сипатындағы тапсырмалар жиынтығы дайындалды. Берілген тапсырмаларда орындау барысында практикалық міндеттерді қоюда, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың іс-әрекеттік компонентін анықтау педагогикалық міндеттерді шешу барысында іске асырылды, бұл болашақ мұғалімдерден педагогиканың базалық ұғымдарына тұжырым жасау, шапшаң және дұрыс шешім қабылдау, болжамды ұсыну, тапсырмаларды талдау, жобалау, қарым-қатынас жасауда психологиялық ақауларды болдырмауда іс-әрекеттік компонент көрсеткіштерінің қалыптасқандығын анықтауға мүмкіндік жасауда. Практикалық міндеттерді шешудің алгоритмі бойынша сұрақтарға жауап беру ұсынылды. Бұл сұрақтардан болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру проблемаларына деген қызығушылықтарының артқандықтарын көреміз және арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға байланысты педагогикалық жағдайды сапалы және толық талдау алу қабілеттері мен проблеманы шешуде өзінің ұсыныстарын дәлелді мысалдармен жеткізді. Арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға байланысты педагогикалық тапсырмада негізгі проблеманы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 15% айқындай алды; пайда болған проблемалардың себептерін болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 26% анықтады. Пайда болған проблемаларды шешу үшін өзіндік жұмыс ұйымдастыру қажеттігін 43% дұрыс атап көрсетті. Арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға бағытталған өзіндік жұмысын ұйымдастырудың ықтимал жолдарын болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 11% көрсетті және олардың 5% өз нұсқасын дәлелдеді. Бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру психологиялық-педагогикалық шеберлік пен дағды кешенін қарастыратсақ, онда көрсетілген дағдылар, табысты қызмет атқару үшін жеткілікті екендігі көрсетеді. Бітіруші курстағы бастауыш сынып мұғалімдердің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша іс-әрекеттік компонентінің қалыптасу деңгейлері педагогикалық тәжірибенің соңғы кезінде мектептегі тәлімгерлердің өзара пікірлер алмастыруы өтізілді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өздеріне шамалы тәжірибе жинақтағандықтарын, арнайы құзыреттілігін тақырыбына бастауыш сынып оқушыларымен оңтайлы қарым-қатынас жасай алу мүмкіндіктерін бар екендігін көрсетті. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістерін олардың 52% бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру ерекшеліктеріне, 22% сыныпта оқушылармен жеке жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктеріне сәйкес, 26% бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды табыстылықпен жүзеге асыруды қамтамасыз ете алатын әдістерін меңгерген. Кесте 21 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруың іс-әрекеттік компонентінің деңгейлері (үшінші кесінді)
Осылайша, жүргізілген диагностика болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің практикалық даярлығының жоғарылағандығын анықтауға мүмкіндік берді. Өткізілген бастапқы кесіндінің нәтижелері бойынша іс-әрекеттік компоненттің қалыптасу деңгейін анықтауда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 7-39,40%-ге дейін, 21,43-72,42%-ға дейін орта деңгейде, 3,03-71,42%-ге дейін төмен деңгейін көрсетті. Сонымен, бітіруші курста оқитын болашақ бастауыш сынып мұғалімдерініңен алынған мәліметтер біздің зерттеуде болашақ мұғалімдердің даярлығын табысты қалыптастыру үшін маңызды болып табылатын негізгі мәселелерді анықтауға негіз болды. Экспериментте қолданылған әдістеменің көмегімен рефлексивтік компонент көрсеткішінің қалыптасу деңгейі жүзеге асырылады. Алдағы пікірлерде көрсетілгендей олардың кейбір бөлігі қазір жоғары оқу орын қабырғасында өзін бастауыш мектеп мұғалімі ретінде дайындау қажет деп ойлайды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерініңе арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудағы даярлығына өзіндік баға беруде рефлексивтік компоненттің қалыптасу деңгейін анықтау үшін қосымша сауалнама ұсынылды. «Арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша мен үшін қандай да бір маңызды іс-шараларға қатысудан кейін басқа істерге көшпес бұрын, мен оған ойша ораламын», – деген сұраққа сыналушылардың 73%-ы іс-шаралар олардың қызығушылығына сәйкес екендігін және оны жүзеге асыру үшін білімдерінің жеткіліктілігін, бірақ кейбір жағдайда арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша өз іс-әрекетінің дұрыстығына күмәндану болатындығын оның себебін анықтаудың жолдарын қарастыратындықтарын, проблемалық жағдайларды шешуде әрбір қадамымды бақылап, баға беруге тырысатындығын, өз қателіктеріне сыни тұғырдан қарайтындығын мәлімдеді. Кесте 22 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың рефлексивтік компонентінің деңгейлері (үшінші кесінді
Диагностикалық деректердің үшінші кесінінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың рефлексивтік компоненттің көрсеткіштерінің қалыптасу деңгейі бізге келесідей тұжырым жасауға мүмкіндік етті: Ондағы жоғары деңгей ЭТ-1 – 65,51%-ге, ЭТ-2 – 57,57%,-ге, ЭТ-3 – 56,67%-ге, орта ЭТ-1 – 34,48%-ға, ЭТ-2 – 39,40%,-ға, ЭТ-3 – 43,33%-ға көтерлігендігін білдіреді. Зерттеу нәтижесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды әдістемелік қамтамасыз етуілуінің төмен деңгейін ЭТ-2 тобында 3,030%, студент қана байқалды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды әдістемелік қамтамасыз етілуі біз жүргізген зерттеу нәтижесінде көрсетіледі. 6-суретте болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруың тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың қорытындысын корреляциялық коэфицент формуласы негізінде анықтадық. Кесте 23 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға дайындығы моделі компоненттерінің деңгейлері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру моделінің тиімділігін біз U Манна-Уитни критерийінің көмегімен тексердік [218]. Яғни, эксперименттік топтың арнайы құзыреттілігінің қалыптасу деңгейі бақылау тобынан асып түседі деп болжадық. Осыған байланысты келесі болжамды тұжырымдадық: H0: іріктеу деңгейлеріндегі айырмашылықтар шамалы. H1: іріктеу деңгейлеріндегі айырмашылықтарды маңызды деп санауға болады. Сурет 6 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудағы компонентте деңгейлері Бірінші эксперименттік және бақылау топтарының арнайы құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін салыстырайық. U Манна-Уитни өлшемінің эмпирикалық мәндерін келесі формула бойынша анықтаймыз: мұнда – 1 топтағы сыналушылар саны; – 2 топтағы сыналушылар саны; – екі ранг сомаларының үлкені; – ранг сомасы үлкен топтағы сыналушылар саны. Алынған көрсеткіштерге сәйкес біз U Манна-Уитни өлшемінің критикалық мәндерін анықтаймыз. Критикалық мәндерді эмпирикалық мәндермен салыстырыңыз. Uэмп < U Болмашы аймақ U0.05 U0.01 Маңыздылық аймағы ? 302 Алынған эмпирикалық мән Uэмп=68,5 маңыздылық аймағында орналасқан. Дәл осылай екінші, үшінші эксперименталды топтардың зерттеу нәтижелерін салыстырайық. Болмашы аймақ U0.05 U0.01 Бұндағы эмпирикалық мәндерде маңыздылық аймағында орналасқан. Осылайша, эксперименттік топ студенттерінің арнайы құзыреттілігінің қалыптасу деңгейінде болған өзгерістер маңызды, бұл болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігінің құрылымдық-мазмұндық моделінің тиімділігін көрсетеді. Коорлециялық коэфиценттің мәні бұл айырмашылықтардың статистикалық тұғырдан сенімді екендігін көрсете отырып зерттеудің жұмысының қорытынды нәтижелері келесідей: 1. Болашақ мұғалімдердің бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға даярлығы жеткілікті. Бұл заманауи білім беру үрдісі оқушыларының арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру арқылы қабілетті және шығармашылықты іс-әрекетке бағытталған мұғалімнің сапалы даярлығын көрсете отырып білім беру үдерісін жетілдіреді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру ұсынылған педагогикалық шарттарды жүзеге асыру барысында кәсіби дайындықты қалыптастырады деп санаймыз. 2. Даярлықтың қалыптасу деңгейлерінде тәжірибелік-эксперимент жұмысындағы бақылау және эксперименттік топтарда статистикалық айырмашылықтары бар. 3. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастырдың жеке түрлерін анықтауда диагностикалық әдістемелерді қолдану оқу процесінің логикасын бұзған жоқ. Демек, өзгерістер бізге белгіленген педагогикалық шарттарды жүзеге асыру ерекшеліктерін көрсетеді. Эксперимент жүргізу барысында алынған нәтижелерді талдай отырып, мындай қорытынды жасауға негіз болады: болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін жоғары оқу орнында оқыту процесінде арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға арналған әдістемені кіргізу, олардың болашақ бастауыш сынып мұғалімі ретінде даярлығының тиімділігін арттырады. Сондықтан біз ұсынған әдістеме тиімді болып табылады, оны пайдалану болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға мүмкіндік береді. |