Главная страница

Аяпбергенова гульсум сагындыковна


Скачать 4.5 Mb.
НазваниеАяпбергенова гульсум сагындыковна
Дата02.09.2022
Размер4.5 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаayapbergenova-g-s-phd-s-sp.docx
ТипДиссертация
#659226
страница13 из 14
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Кесте А.2 – Ғалымдардың «арнайы құзыреттілік» ұғымына берген анықтамалары


Авторлар

Анықтамалар

Зерттеу еңбегі

1

2

3

Э.Ф. Зеер

Арнайы құзыр деп қызметкердің кәсіби іс-әрекеттерді өз бетінше орындауға және өз еңбегін бағалауға дайындығы

Компетентностный подход к образованию

Г.И. Ибрагимов

А.М. Новиков

Арнайы кәсіби құзыреттіліктер кәсіби-технологиялық дайындық және кез кел ген маманға қажетті кәсіби-маңызды тұл ғалық қасиеттер сияқты компоненттер

Интеграция базового профессионального образования

И.В. Гандрабура

Арнайы құзыреттіліктерін қалыптасты руды кілттік, базалық және арнайы құзыреттердің жиынтығы ретінде қарастырады

Обучающие компьютер ные программы как средство формирования специальных компетенций будущих экологов

Е.Н. Герасименко

Арнайы құзыреттіліктер деп нақты маманның белгілі бір кәсіби қызметінің сипаттамаларының жиынтығы ретінде қарастырады

Формирование специаль-ных компетенций учителя начальных классов у студентов педагогического колледжа

М.А.Федулова

Арнайы құзыреттілік - оқу-өндірістік процесін басқару мен қамтамасыз етуге байланысты кәсіби іс-әрекеттерді өз бетінше орындауға дайындығы

Формирование специаль-ной компетенции будущих педагогов профессиональ-ного обучения

Е.В. Дырнаева

Арнайы құзыреттілік білім мен білік негізінде, кәсіби-педагогикалық қызмет тің түрлерін өз бетінше орындауға, стандартты емес педагогикалық және өндірістік міндеттерді шешуге, кәсіби рефлексия қабілетін дамытуға, өз еңбе гінің нәтижелерін сын тұрғысынан баға лай білуіне дайындық ретінде анықтайды

Формирование специаль ной компетентности буд ущих педагогов агроинже нерного профиля в про цессе профессионально направленного обучения физике

Е.А. Кузина

Арнайы құзыреттіліктері дизайн нысандарын дайындау және дизайнер-орындаушы, дизайнер-жобалаушы және дизайнер-басқарушы ретінде алынған білім мен игерілген жалпыланған іс-әрекет тәсілдері негізінде жобалау жұмыстарын басшылыққа алу қабілеті

Формирование специаль-ных компетенций у будущих педагогов профессионального обучения в области дизайна

А.А. Кулешов

Арнайы құзыреттіліктері аудиторияда, зертханада, педагогикалық практика кезінде, отбасында, социумда, күннен күнге, курстан курсқа дейін жүргізіледі деп санайды

Теория и практика реали зации метода проектов в формировании специаль ной компетенции студен тов профессионально педагогических колледжей

И.А. Липенская

Арнайы кәсіби құзыреттілік-бастауыш сынып мұғалімінің іс-әрекетіне қажетті құзыреттілік (яғни дайындық пен ұмтылу)

Формирование специальных компетенций бакалавра (профиль «начальное образование»)

А.2-кестенің жалғасы


1

2

3

М.С. Сәпиева

Арнайы құзыреттілік бұл интегративті сипаттама білімге, шеберлікке, жеке тұлға сапаларына негізделген жеке тәжірибесі

Формирование специаль-ной компетентности будущих учителей музыки в процессе инструменталь-ной подготовки


ҚОСЫМША Б
«Тəрбие жұмыстарының түрлері» тақырыбындағы жобаның жоспары
Жоба типі Практикаға бағытталған.

Жобаның пәндік-мазмұндық бағыты: Білім беру стандарты, ҚР білім туралы заңы, педагогика оқулықтары.

Жобаның үйлестіру сипаты: Ашық, айқын үйлестірілген жоба.

Жобаның түрі: Оқу, ақпараттық.

Орындалу мерзімі-қысқа мерзім (1апта).

Жобамен жұмыс жасау барысында болашақ бастауыш сынып оқушыларының келесідей арнайы құзыреттіліктері қалыптасады: пәндік, әдістемелік, қолданбалы, бейімделу.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне тақырыпты түсіндіріп, негізгі түйінді ойларды берілді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін топ топқа бөліп, оларға тапсырма сұрақтар береміз.

1-топ. Педагогикадағы тәрбие жұмысының түрлерін жіктеудің әр түрлі тәсілдерін сипаттаңыз.

3-топ. Тәрбие жұмысының формаларын жіктеу.

4-топ. Арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудағы тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жеке, топтық, көпшілік формаларының салыстырмалы сипаттамасы.

Бірінші топ студенттері «Педагогикалық әдебиетте тәрбие жұмысының формаларын жіктеуге ортақ көзқарас қалыптаспағандығын дәлелдеуге тырысты. Тәрбиелеудің ұйымдастырушылық формаларының жіктелуі оның қалай ұйымдастырылуына қарай ең кең қолданылатын тәрбие жұмысының формалары қолданылуда.

Жеке – даралықты тәрбие формалары: әңгімелесу, сыр бөлісу, кеңес беру, пікір алмасу, нақты жұмыс бойынша жеке жәрдем, проблема шешімін бірлікте іздестіру. Тәрбиеші міндеттері: оқушы мүмкіндіктерімен танысу, оның талантын ашу, бала мінезіндегі барша құндылықты бітістер мен дамуына кедергі қасиеттерді байқау.

Топтық тәрбие формалары: іс – шаралар кеңесі, шығармашылық топтар, өзіндік басқару кешендері, шағын үйірмелер. Тәрбиеші міндеттері: әр оқушының өзін танытуға жәрдемдесу, топ мүшелерінің бәріне бірдей мәнді нәтижеге жету жағдайларын жасау.

Ұжымдық тәрбие формалары: конкурстар, сахналық қойылымдар, ән – күй кештері, үгіт бригадалары, саяхат – шерулер, спорт жарыстары.

Екінші топ студенттері мектептегі сабақтан тыс тәрбие жұмысының формаларына сипаттама берді:

a) қызмет түрлері бойынша: оқу, еңбек, көркемдік және т.б.;

ә) бастауыш сынып мқғалімдерінің ықпал ету тәсілі бойынша: тікелей және жанама;

б) өткізу уақыты бойынша: қысқа мерзімді (бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін); ұзақ (бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін); дәстүрлі (тұрақты қайталанатын);

в) дайындық уақыты бойынша: оқушыларды алдын ала дайындыққа енгізбестен тәрбиелеу түрлері және осындай дайындықты қарастыратын формалар;

г) ұйымдастыру субъектісі бойынша: оқушылардың қызметін педагогтар немесе басқа ересектер ұйымдастырады; қызметі ынтымақтастық негізінде ұйымдастырылады; қызметтің бастамашысы және оның ұйымдастырушылары оқушылардың өздері болады;

ғ) нәтиже бойынша: нәтижесі ақпарат алмасу болып табылатын формалар; нәтижесі – жалпы шешімді (пікірді) әзірлеу; нәтижесі – қоғамдық маңызы бар өнім».

Сөз алушы осылайша барлық жіктелімдердің өзара байланыстылығын, қолданылатын тәсілге байланысты бір форма әртүрлі сыныптамаға жатқызылуы мүмкін екендігін жан-жақты баяндап берді.

Үшінші топ студенттері арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша тәрбие үрдісін ұйымдастырудың көпшілік, топтық, үйірмелік, жеке формаларының салыстырмалы сипаттамасын дайындады. Студенттің пайымдауынша «Арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда жобалау пәнінің мұғалімі бастауыш сынып мұғаліміне осы процесті дұрыс ұйымдастыруға көмектесетін және оқу-тәрбие үдерісін міндетті түрде басқаруын көздейді. Тәрбие процесінің бір бөлігі ретінде бір мезгілде және нақты істе жүзеге асырылуын форма тәрбие мақсаттарына, мазмұнына, әдістеріне байланысты. Сондықтан тәрбие формалары нақты педагогикалық жағдайларға байланысты болғандықтан олар сан алуан, шығармашылық сипатта болады. Арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға бағытталған сөздік-логикалық формада әсер етудің негізгі құралы ұтымды сөз, әрине, эмоциямен боялуы және оқушылардың эмоцияларын тудыруы мүмкін деген сөз болып табылады. Мұнда ең бастысы ақпарат алмасу, оқушылардың, мұғалімдердің және басқа да ересектердің хабарламалары, мәселелерді талқылау.

Арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға бағытталған бейнелі-көркем формалар оқушыларға ықпал етудің басты құралы әлеуметтік тәжірибе болып табылатын істерін біріктіреді. Ең бастысы–театрда, мерекелерде, митингтерде және осыған ұқсас жағдайларда адамдар бастан кешкен сияқты күшті, терең және әсем ұжымдық эмоцияларды тудыру.

Арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға бағытталған ойын (бос уақытты өткізу) формалары тәрбиелік әсер етудің негізгі түрі ойын, бірлескен демалыс, мазмұнды ойын-сауық болып табылады. Бұл ойындар, танымдық, жарыс, байқау болуы мүмкін. Олардың барлығы тәрбие жұмысының жоғарыда аталған түрлері сияқты көрсетілген әсер ету құралдарын: сөз, бейне, терең эмоциялар, жұмыс түрлерін біріктіреді».

Қатысушылар саны бойынша тәрбие жұмысының әртүрлі формалары анықталды:

- жеке – әңгімелесу, бастауыш сынып мұғалімдерінің бір болашақ бастауыш сынып мұғалімімен сабақтары;

- топтық – бірнеше қатысушы (үйірме, уақытша топ, сынып) тікелей байланыста болады;

- көпшілік – бірнеше сыныптар, мектеп, аудан, бүкіл республикалық мерекелер, конференциялар, слеттер, шерулер т.б. осындай іс-шаралар өткізеді.

Сондай-ақ, негізгі қызмет түрі бойынша жұмыс формалары жобалау формалары ажыратылады, біз оларды сәл жоғарырақта атап өттік.

Үшінші топ студенттері арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға бағытталған сабақтан тыс тәрбие жұмысының формаларын тәрбие тапсырмасы бойынша зерттеушілер үш топқа бөліп қарастыратындықтарын ұсынады:

a) арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға бағытталған мектеп өмірін басқару және өзін-өзі басқару формалары–жиналыстар, жиындар, митингілер, сынып жетекшілерінің сағаттары, өзін-өзі басқару органдарының кеңесі т.б.;

ә) арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға бағытталған танымдық формалар - экскурсиялар, жорықтар, фестивальдар, ауызша журналдар, ақпараттар, газеттер, тақырыптық кештер, студиялар, секциялар, көрмелер т.б.;

б) арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға бағытталған ойын-сауық формалары-таңертеңгіліктер мен кештер т.б.».

ҚОСЫМША В
Жаратылыс пәнің оқыту әдістемесі бойынша жобаның түрі
Жоба типі- практикаға-бағытталған

Жобаның пәндік-мазмұндық бағыт: Бастапқы білім беру стандарты, оқу бағдарламасы.

Жобаның үйлестіру сипаты: Ашық, айқын үйлестірілген жоба.

Жобаның мерзімі, ұзақтылығы: Қысқа мерзім (1 апта).

Жобаға қатысушылар саны: Топтық.

Жоба түрі: Оқу, ақпаратты жоба.

Оқу жобасының тақырыбы: «Тірі организмдердің эволюциясы. Жобаның дидактикалық мақсаты-негізгі кілтік түсініктерді анықтау, жобамен жұмыс жасаудағы арнайы құзреттіліктерді қалыптастыру.

Жобамен жұмыс жасау барысы: Оқытушы студентке жоба туралы ақпаратпен танысады, оның теориялық негіздемесін айтады. Түйінді ойларды береді, Берзилин Н.Н. Безилин Н.М. «Биосфера, ее настоящее, прошлое и будущее» деген еңбегін талдау жасау.

Жобаның мақсаты: Тірі және өлі организмдер арасындағы айырмашылықты және оның неден пайда болғандығын, жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы туралы түсініктерін, дүниетанымдарын кеңейту.

Жобамен жұмыс жасау барысы:

1.Топ микротоптарға бөлінеді (4 адамнан артық болмау), Н.М. Везилин бойынша «Биосфера, ее настоящее, прошлое и будущее» деген ғылыми конференциядағы мақалаларды талдауға тапсырмалар беріледі, әр микротопта жетекші тағайындалынады.

1- микротоп. Мектептегі агробиологиялық бұрыш.

2-микротоп. Мектеп ауласында оқушылармен жұмыс жасау әдісі.

2.Жобада тәжірибелік тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулықтарды көрсету. Жоғарыда ұсынылған ғылыми әдебиеттерді пайдалана отырып, қажетті ақпараттарды жинақтау, интернет желісінен ақпарат іздеу, сайттарға сілтеме жасап үйрену.


Тірі табиғат

Өлі табиғат

Адам қолымен жасалатын заттар

Табиғаттан адам не үйреніп жасады?


Жоба бағдарламасын жасау:

Микротоптар жүйелі түрде алынған ақпараттар бойынша ой бөлісіп отырады, презентацияның формасын талқылайды, жоба тапсырмаларын рәсімдеуді талқылайды. Әр микротоптың жетекшісі жасалған жұмыс бойынша есеп береді, жобаның презентациясын бағалаудың критерииін жасайды.

Жоба тапсырмаларын орындауды бағалау критериилері өңделеді, мақаладағы негізгі ойды олар қалай түсінді, оларды қысқаша сипаттаулары, тақырыптың мазмұның жеткізе алу, сипаттау шеберлігі, топтарға берілген жұмыстарды орындаудағы қолданған әдістер, техникалар.

Оқу жобасы презентация жасау сабақта қорғалынады, оған 1- сағат беріледі. Студенттер берілген ғылыми мақалаларды талдаудағы негізгі ойларды, кілтік сөздерді қалай бөлгендіктері, тапсырмаларды қалай жасағандықтары туралы экранда көрсетіледі. Эксперт қызметін оқытушы атқарады.

Жасалған жұмысты бағалау: Жобаның жазбаша нұсқасы пәнді беретін оқытушыға рецензияға беріледі. Студенттердің оқу құралдарымен, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауы, проблеманы түсінуі, әдістерді қолдануы, оны жеткізе алуы. Эксперименттік-тәжірибелік жұмыстың нақтылығын анықтау мақсатында қосымша: анкета, тестілеу, өзін бағалау әдістері қолданылды, оларды бағалау үшін: а) танымдылық (жоба әдісінің ерекшелігі туралы хабардар болуы), ә) эмоционалды-тұлғалық (жоба әдісіне деген қызығушылығы), б) іс-әрекеттік-тәжірибелік әдіс (тәжірибе барысында жоба әдісін қолдана алу шеберлігі) көрсетіледі.

ҚОСЫМША Г
«Математиканы оқыту әдістемесі» пәнің оқыту әдістемесі бойынша

жобаның түрі
«Математиканы оқыту әдістемесі» - болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне математиканы оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері» мазмұндық желісін зерттеуде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы» тақырыпшаларын игерту барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды бойынша жоба әдісін қолдануға болатын жолдарды іздестірдік.

Жобамен жұмыс жасау барысы (шағын жоба). Оқытушы жоба тақырыбында негізгі теориялық түсініктерді береді. Математика ғылым ретінде дамуы, оқу пәні ретінде.

Негізгі кілттік сөздер: Әдістеме, әдіс, зерттеу, әдіс, ілім, санды қатынастар, кеңістік формалар, кешен (комплекс) сандар, функциялар, векторлар.

Математика элементтері арасындағы бірқатар қатынастар тізбегі көрсетілген модельдерді –логикалық құрылымдарды, сонымен бірге, барлық мүмкін болатын схемаларды, олардың өзара байланыстарын, құрылу ретін түсіндіреді.

Оқытушы Математика дамуының тарихы төрт кезеңге бөлінуін түсіндіреді:

Алғашқы кезең – бұл математика жеке ғылыми пән болып қалыптасқан мерзімі. Оның бастамасы тарих тереңінен туындайды. Ол жуықтап б.з.д.VI–V ғасырларға дейін жалғасқан.

Екінші кезең – қарапайым математикалық (тұрақты шамалар) кезең, жуықтап алғанда дамуы XVII ғасырдың соңына дейін созылып жатыр.

Үшінші кезең – математикалық айнымалы шамалар кезеңі (XVII ғасырдан басталып XIХ ғасырдың ортасына дейін жалғасады). Бұл кезең математикалық анализдің пайда болып дамуымен сипатталады.

Төртінші кезең – математикалық айнымалы қатынастар кезеңі (XIX-XX ғасырлар). Бұл кезең математикалық анализдің қарқынды дамуымен сипатталады.

Оқытушы жобамен жұмыс жасау үшін студенттерге әдістемелік нұсқаулықтарды ұсынады және олардағы негізгі ойды, түсініктерді табуды ұсынады.

1. Оқытушы математиканы оқыту әдістемесін алғаш рет чех ғалымы Я.А. Коменскийдің қарастырғаны туралы ақпаратты жинауды береді.

2. Швед ғалымы И.Г. Песталоццидің «Наглядное учение о числе» (1803, орысша аудармасы 1806) еңбегіндегі негізгі түсініктер, түйінді ашу.

3. Алғаш рет көмекші құрал ретінде ұсынылған математиканың әдістемесі бойынша Ф.И. Бусстың «Руководство к преподаванию арифметики для учителей» (1831) атты еңбегін аңдатпа жасауды.

4. Халық мектебі үшін арифметиканың орысша әдістемесін жасаған
Кесте В.1 – П.С. Гурьевтың еңбегіне талдау жасай.


Мазмұны

Жобаны іске асыруда бағыты

Атауы, басылым туралы ақпараттар

Чех ғалымы Я.А. Коменскийдің туралы ақпарат. И.Г. Песталоццидің «Наглядное учение о числе» еңбегіндегі. Ф.И. Бусстың «Руководство к преподаванию арифметики для учителей» (1831) атты еңбегі П.С. Гурьевтың еңбегі

Негізгі түсініктерді бөлу

Еңбектегі негізгі ойлар....сандар дегеніміз не, арифметикаға анықтама, ғылыми еңбек немен аяқталады, нені көрсетеді, неге көңіл бөлу керектігіне көңіл аударады, болашақ оқытушыларға қандай әдістемелік көмектер ұсынады?

Еңбектердегі негізгі тұжырымдар, проблемалар

Кітіп (мақала) тақырыпқа негізделген (проблемалар, сұрақтар). Кітаптың авторы келесі сұрақтарды (қарастырады, ашады, түсіндіреді), проблеманың мәнің (неде екендігін) көрсетеді

Жұмыстың негізгі ережесіне тұжырымдау

Автор мысалдар келтіреді (факт, сандар, деректер) Автор еңбекке қатысты өз ойын білдіреді, оны дәлелдейді және аргументация жасай алады


Жобалық тапсырмаларды орындаған кезде студенттер дұрыс түсінгендігін немесе түсінбегендігін анықтау үшін бағалау критеиилерді жасайды.

Студен берілген әдістемелермен жұмыс жасауда, ғылыми еңбектерге сүйене отырып негізгі ойларды таба алды ма, оларға аңдатпа жасай алды ма, негізгі мазмұнды ашып жеткізе алды ма?

Оқу жобасына презентация жасау практикалық сабақта өткізіледі (2 сағат). Жобамен жұмыс жасауда студент негізгі ойларды жеткізе білді ме, қатысушылармен бірге жобамен жұмыс жасау сапасы туралы талқылау жүргізіледі. Жобаның сапалы эксперт ретінде пәнді беретің оқытушыны шақыртуға болады.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


написать администратору сайта