Сот жүйесі. _аза_стан Республикасыны_ сот ж_йесі. азастан Республикасыны сот жйесі
Скачать 0.94 Mb.
|
2 Қазақстан Республикасы судьяларының 2009 жылғы 18 қарашадағы V съездінің қаулысымен бекітілген Судья этикасының кодексіӘркімнің өзінің құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау жөніндегі конституциялық құқығын іске асыру, Қазақстан Республикасы атынан сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тек Конституция мен заңға бағыну судьяның адамгершілік және моральдық-әдептік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Судья жұртшылықтың сот төрелігі жүйесіне деген сенімін нығайту мақсатында тәртіптің жоғары әдептік стандарттарын әйгілеуге және жетілдіріп отыруға ұмтылуға міндетті, мұның өзі жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғаудың үйлесімді ұштасуын қамтамасыз ететін тәуелсіз сот төрелігін жүзеге асыру үшін негіз болып табылады. Судья сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі билік өкілеттіктерін өзіне қабылдай отырып, тәртіптік әдеп қағидаларын сақтауға байланысты шектеулерді ерікті түрде өзіне жүктейді. Осы Судья әдебінің кодексі Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының «Сот органдары тәуелсіздігінің негізгі қағидаттары» туралы 40/32 және 40/146 Қарарларына, Бангалорда қабылданған Судья тәртібінің қағидаттарына сәйкес, жұмыс істеп жүрген судья мен орнынан түскен судья үшін тәртіптік әдеп стандарттарын белгілейді. 1 бап Судья антқа адал болуға, заңдарды бұлжытпай сақтауға және судьяның мәртебесін қадірлеуге, өзінің ар-ожданымен жеке басының қадір-қасиетін сақтауға міндетті. Судья сот билігінің беделін түсіретін, судьяның абырой-беделіне нұқсан келтіретін және сот төрелігін жүзеге асыруы кезінде оның объективтілігі мен тәуелсіздігіне күмән тудыратын жағдайлардың бәрінен қандай жағдайда болмасын өзін аулақ ұстауға тиіс. Судья қоғамдық және өзге де байланыстардың оның кәсіби қызметіне ықпал етуіне жол бермеуі қажет. Судья қызмет бабын өзінің жеке басының мүдделері, отбасы мүшелерінің, туыстары мен жақындарының мүдделері үшін пайдалануға тиіс емес. Судья құпия сипаттағы материалдық мүдделер туралы хабардар болуға және өзінің отбасы мүшелерінің материалдық мүдделері туралы ақпарат алу мақсатында ақылға қонымды шаралар қабылдауға тиіс. 2 бап Судья өзінің кәсіби қызметінде және қызметтен тыс кезінде заңдарды, Судья әдебінің кодексін, жалпы жұрт қабылдаған мораль нормаларын сақтауға міндетті. Судья заңдарға және ар-ожданына сәйкес шешім қабылдауға тиіс. Судья процеске қатысушылармен іс жүргізуден тыс қарым-қатынастардан аулақ болуға, оның кәсіби беделіне күмән тудырмайтындай тәртіпті ұстануға тиіс. Судья бейтарап болуға міндетті. Қоғамдық пікір, судья қызметін БАҚ-та сынау оның шешімдерінің заңдылығы мен негізділігіне ықпал етпеуге тиіс. Судья сот актісі шығарылғанға дейін оның мәні, айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені, арыздың негізділігі не негізсіздігі туралы өзінің пікірін жария етіп білдіруге, сондай-ақ соттардың заңды күшіне енген қаулыларына кәсіби қызметінен тыс жағдайда күмән келтіруге және өз әріптестерінің кәсіби әрекеттерін сынауға құқылы емес. Судья өзінің міндеттерін атқару кезінде алған ақпаратты ашуға немесе өз мақсаттарына пайдалануға, кеңесу бөлмесінің құпиясын ашуға құқылы емес. Судья сыпайы, төзімді, әдепті болуға және сотқа қатысушыларға құрметпен қарауға тиіс. Судья сот ісін жүргізуге қатысушы барлық тұлғалардан тап осындай тәртіпті талап еткені жөн. 3 бап Әкімшілік өкілеттіктер берілген судья осы өкілеттіктерін адал, біліктілікпен орындауға, судьялардың қызметіне жәрдемдесіп отыруға және шешімдерді қабылдау кезінде оларға ықпал ету мақсатында тәуелсіздіктің қандай да болмасын түрде шектелуіне, қысым жасалуына немесе өзге де ықпал ету шараларына сондай-ақ дөрекілік, жөнсіздік фактілеріне жол бермеуге тиіс. 4 бап Жұмыстан тыс кезінде судья өзін оның тәртіптілігі пен адалдығына дақ түспейтіндей етіп ұстауға тиіс. Оның әрекеттері мен қылықтары судья атағына дақ түсіруге және сот билігінің беделін кемітуге тиіс емес. Судья оның беделін түсіретін кез келген жерге барудан аулақ болуға тиіс. 5 бап Судья ұлттық және халықаралық құқық саласындағы білімін нығайтуға және кеңейтуге, өзінің міндеттерін тиісінше атқару үшін қажетті практикалық тәжірибесін жетілдіру және жеке басының ұнамды қасиеттерімен танылуы жөнінде шаралар қабылдауға, оқудың мүмкіндіктерін және судьялардың қолы жететін басқа да мүмкіндіктерді осы мақсаттар үшін пайдалануға міндетті. Судья сот төрелігінің мүдделеріне зиянын тигізбестен оқытушылық қызметпен, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметпен шұғылдануға және осы үшін тиісті сыйақы алуға құқылы. Судьяның қызметі депутаттық мандатпен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқау кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды. Судья партиялар, кәсіптік одақтар қатарында бола алмайды, қандай да бір саяси партияны қолдап немесе оған қарсылық білдіріп сөйлеуге тиіс емес. 6 бап Судья, оның отбасы мүшелеріне байланысты және судьялық міндеттерін орындауына кедергі келтірмейтін істерді қоспағанда, басқа адамдардың істері немесе өзге де заңды мүдделері бойынша өкілетті өкіл ретінде әрекет жасауға құқылы емес. 7 бап Осы Кодекспен белгіленген тәртіп қағидасын атқарып отырған қызметіне қарамастан Қазақстан Республикасының әр судьясы үшін, сондай-ақ орындарынан түскен, бірақ судья атағы мен судья қоғамдастығына қатыстылығын сақтаған судьялар үшін міндетті болып табылады. Осы Кодекстің ережелері бұзылған жағдайда судьяға қатысты Судья әдебі жөніндегі комиссия туралы ережемен қарастырылған қоғамдық ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін. 8 бап Осы Кодексті қолдану кезінде жасалған теріс қылықтың барлық мән-жайы, сот билігінің беделіне және судья атағына келтірілген нұқсан, судьяның жеке басы және оның жасалған теріс қылыққа қатысы ескеріледі. 9 бап Судья әдебінің кодексін қабылдау, сондай-ақ Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасы судьялары съезінің ерекше құзіреті болып табылады. Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Орталық кеңесі Судья әдебі жөніндегі комиссия туралы ережені бекітеді. 3 Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 17 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі туралы» заңы 4-тарау. Кеңес жанындағы біліктілік комиссиясының біліктілік емтиханын қабылдау тәртібі мен шарттары 10-бап. Кеңес жанындағы Бiлiктiлiк комиссиясы 1. Судьялыққа кандидаттардың бiлiм деңгейiн айқындау үшiн олардан бiлiктiлiк емтиханын қабылдауды Кеңес жанындағы Бiлiктiлiк комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) жүзеге асырады. 2. Комиссияның құрамына: 1) Кеңес тағайындайтын Комиссия төрағасы және құқық оқытушыларының, заңгер-ғалымдардың арасынан бес маман; 2) Сот жюриi өз құрамынан ротациялық негiзде жiберетiн үш судья кiредi. 3. Комиссия төрағасы және мүшелерi оның құрамына екi жыл мерзiмге тағайындалады немесе жiберiледi. Бос қызмет орны болған жағдайда Комиссияның жаңа мүшесi Комиссияның бұрынғы мүшесi шығып қалған күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей тағайындалуға немесе жiберiлуге тиiс. 4. Комиссия құрамына ұсынылған адамдардың заңтану саласындағы кәсiби бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде он жыл жұмыс тәжiрибесi және мiнсiз беделi болуға тиiс. 5. Комиссияның қызметiн қамтамасыз етудi Кеңес аппараты мен Жоғарғы Соттың, жергiлiктi және басқа да соттардың қызметiн ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 11-бап. Комиссияның бiлiктiлiк емтихандарын қабылдау жөнiндегi отырыстары 1. Комиссия бiлiктiлiк емтихандарын қабылдау жөнiндегi өзiнiң отырыстарын қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына кемiнде төрт рет өткiзедi. 2. Комиссияның бiлiктiлiк емтихандарын қабылдау жөнiндегi отырыстары ашық және жария түрде өткiзiледi. Егер отырыстарға Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, отырыстар заңды деп есептеледi. 3. Комиссия отырысының өткiзiлетiн уақыты мен орны туралы оның мүшелерi мен шақырылған адамдар күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi. 12-бап. Бiлiктiлiк емтихандарын қабылдаудың (тапсырудың) тәртiбi мен шарттары 1. Комиссияда құжаттарды қабылдау, бiлiктiлiк емтихандарын тапсыру тәртiбi Кеңес регламентiмен айқындалады. 2. Судьялыққа кандидаттардан бiлiктiлiк емтихандарын қабылдау азаматтар арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады. 3. Жүктелген талаптарды орындамауына, соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуiне байланысты не тәртiптiк терiс қылықтар жасағаны үшiн судья қызметiнен босатылған адамдарды қоспағанда, бұрын кемiнде үш жыл тұрақты судья болып жұмыс iстеген және босатылған күннен бастап алты жыл iшiнде судья қызметiне қайтадан орналасуға ниет бiлдiрген адамдар бiлiктiлiк емтиханын тапсырудан босатылады. 4. Қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде кiр келтiрген терiс қылықтары және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн судья қызметiнен, құқық қорғау органдарынан немесе өзге де мемлекеттiк қызметтен шығарылған адамдар бiлiктiлiк емтихандарын тапсыруға жiберiлмейдi. 5. Бiлiктiлiк емтиханын тапсыру нәтижесi емтихан тапсырылған күннен бастап алты жыл бойы жарамды. 6. Бiлiктiлiк емтихандарын тапсыра алмаған адамдар оларды қайтадан тапсыруға бiр жылдан кейiн жiберiледi. 13-бап. Бiлiктiлiк емтихандарын қабылдаудан бас тарту Судьялыққа кандидаттар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде қойылған талаптарға сай келмеген жағдайларда, бiлiктiлiк емтихандарын қабылдаудан бас тартуға жол берiледi. Бiлiктiлiк емтихандарын қабылдаудан бас тартқан жағдайда Комиссия өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай iшiнде азаматқа дәлелдi жауап беруге мiндеттi. 5-тарау. Жергілікті және басқа соттың судьясы қызметіне тағайындау туралы ұсынымдар шығару 14-бап. Судья қызметiне конкурс 1. Кеңестiң жергiлiктi және басқа да соттың судьясы қызметiне тағайындау туралы ұсынымы конкурстық қараудың нәтижелерi бойынша берiледi. 2. Жоғарғы Соттың, жергiлiктi және басқа да соттардың қызметiн ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi органның судья қызметiне бос орынның ашылғаны туралы ұсынысы Кеңестiң конкурсты өткiзуi үшiн негiз болып табылады. қараңыз. 3. Судьяның бос орнына орналасуға кандидатураларды iрiктеу жөнiндегi конкурстың өткiзiлетiн мерзiмi мен орны туралы хабарламаны Жоғарғы Соттың, жергiлiктi және басқа да соттардың қызметiн ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi орган республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында конкурсқа дейiн кемiнде бiр ай бұрын қазақ және орыс тiлдерiнде жариялайды. 15-бап. Судья қызметiне конкурсқа қатысушылар 1. Жергiлiктi және басқа соттың судьясы қызметiне конкурсқа қатысу үшiн Кеңес аппаратына өтiнiш және тiзбесi Кеңес регламентiмен белгiленген басқа да құжаттарды беру қажет. 2. Аудандық және оған теңестiрiлген соттың судьясы қызметiне Кеңестiң ұсынымын алу үшiн конкурсқа "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетiн азаматтар қатыса алады. 3. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың судьясы қызметiне Кеңестiң ұсынымын алу үшiн конкурсқа "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетiн, заң мамандығы бойынша кемiнде он бес жыл жұмыс өтiлi немесе кемiнде бес жыл судьялық жұмыс өтiлi бар және тиiстi облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған азаматтар қатыса алады. 16-бап. Бос қызмет орындарына кандидаттарды iрiктеу тәртiбi 1. Судьялардың бос қызмет орындарына кандидаттарды конкурстық iрiктеудi Кеңес өз қызметiне араласуды болдырмау жағдайында, ашық және жария түрде жүзеге асырады. 2. Бiлiм деңгейiнiң жоғары болуы, моральдық-адамгершiлiк қасиетi мен мiнсiз беделiнiң болуы аудандық және оған теңестiрiлген сот судьясының бос қызмет орнына кандидаттарды iрiктеудiң негiзгi өлшемдерi болып табылады. Бұл ретте: 1) мамандандырылған магистратурада бiлiктiлiк емтиханын тапсырған; 2) сот жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдарда, құқық қорғау органдары мен адвокатурада заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс өтiлi бар адамдарға; 3) бiлiктiлiк емтиханын тапсыру нәтижелерi бойынша басымдық берiледi. 3. Облыстық және оған теңестiрiлген сот судьясының бос қызмет орнына орналасуға конкурс өткiзу кезiнде мынадай өлшемдер: 1) судья қызметiндегi жұмыс өтiлi; 2) мiнсiз беделiнiң болуы және сот төрелiгiн жүзеге асыру сапасы; 3) сот жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардағы жұмыс өтiлi; 4) сот жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдардағы, адвокатурадағы жұмыс өтiлi; 5) ғылыми дәрежесiнiң немесе ғылыми атағының болуы ескерiледi. 3-1. Кеңес облыстық сот судьяларының бос орындарына кандидатураларды тиiстi облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысы болған кезде қарайды. 4. Бос қызмет орнына кандидаттарды iрiктеудiң нәтижелерi бойынша Кеңес хатшысы конкурсқа қатысушыларға конкурс аяқталған күннен бастап он жұмыс күнiнiң iшiнде оның нәтижелерi туралы тиiстi хабарлама жiбередi. 6-тарау. Жоғарғы соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, жергілікті және басқа соттар төрағалары мен сот алқаларының төрағалары қызметіне тағайындау туралы ұсынымдар шығару 17-бап. Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларының, жергiлiктi және басқа соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының бос орындарына кандидатураларды қарау тәртiбi 1. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларының бос қызмет орындарына кандидатураларды Кеңес Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешiмi негiзiнде енгiзген ұсынуы бойынша қарайды. 2. Аудандық және оған теңестiрiлген сот төрағасының бос қызмет орнына кандидатураны Кеңес Жоғарғы Сот Төрағасының тиiстi облыстық соттың жалпы отырысының шешiмi негiзiнде енгiзген ұсынуы бойынша қарайды. 3. Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуына тиiстi соттың жалпы отырысында балама негiзде қаралған барлық кандидаттардың материалдары қоса берiледi. 18-бап. Бос қызмет орнына кандидаттарды қарау шарттары 1. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төрағасы мен сот алқасы төрағасының қызметiне Кеңес ұсынымын алу үшiн "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетiн, заң мамандығы бойынша кемiнде он бес жыл жұмыс өтiлi немесе кемiнде бес жыл судьялық жұмыс өтiлi бар және тиiстi облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған азаматтар ұсынылады. 2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының қызметiне Кеңес ұсынымын алу үшiн "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетiн, заң мамандығы бойынша кемiнде жиырма жыл жұмыс өтiлi немесе кемiнде он жыл судьялық жұмыс өтiлi бар және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған азаматтар ұсынылады. Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының қызметiне кандидатуралар Жоғарғы Сот судьяларының арасынан ұсынылады. 3. Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьялары, жергiлiктi және басқа соттар төрағалары, сот алқалары төрағалары қызметiне тағайындау үшiн кандидатураларды қарау нәтижелерi бойынша ұсыным, осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көзделген өлшемдерден басқа: 1) кандидаттың ұйымдастырушылық қабiлетi; 2) соттар мен сот алқаларының жұмыс iстеп жүрген төрағалары үшiн - сот төрелiгiн жүзеге асыру сапасының көрсеткiштерi ескерiле отырып шығарылады. Пайдаланылған дереккөздер тізімі 1 Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылғы 30 тамыз; 2 «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы; 3 Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі, 1997 жылғы 13 желтоқсан; 4 «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 17 қарашадағы № 79-IV Заңы; 5 «Сот приставтары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шілдедегі № 150 заңы; 6 Судья әдебінің кодексі, 2009 жылғы 18 қараша; 7 «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 02 сәуірдегі № 261-IV заңы; 8 «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы №121 заңы; 9 «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығы. 10 «Қазақстан Республикасында ювенальды әдiлет жүйесiн дамытудың 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 19 тамыздағы № 646 Жарлығы; 11 «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметi мен сот жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығы; 12 «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараты) туралы ереже» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы №1093 Жарлығы; 13 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің) 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары, Астана, 2010 жыл; |