Сот жүйесі. _аза_стан Республикасыны_ сот ж_йесі. азастан Республикасыны сот жйесі
Скачать 0.94 Mb.
|
6 Судьялардың құқықтық мәртебелері Мақсаты: судьялардың құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін ашу; судья лауазымына үміткерлерге қойылатын талаптарды айқындау; судьяларды лауазымынан босату шарттарымен таныстыру; судьялардың тәртіптік жауапкершілігінің негіздерін атап көрсету Республикамыздың барлық соттарының судьялары бірыңғай мәртебеге ие. Бұл конституциялық ережелерден, соттардың ерекше мәртебесінен және басқа жағдайлардан шығады. Судьялардың бірыңғай мәртебесі Конституциямен, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен және Республикамыздың заңдарымен қамтамасыз етілді. Сот билігін жүзеге асырғанда Республикамыздың судьяларына АІЖК-мен, ҚІЖК-мен және ӘКБтК-мен, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңымен, Конституциямен белгіленген сот төрелігін жүргізудің жалпы және бірыңғай қағидалары қолданылады. Ауыспаушылық қағидасы судьяға Қазақстан Республикасы Конституциясымен және Конституциялық заңымен белгіленген тәртіпте сот төрелігін жүргізу өкілеттігі берілгендігін және сот билігін таратушы болып табылатындығын анықтайды. Судья мәртебесіне тұлға сот төрелігін жүзеге асыру өкілеттігі берілген сәттен бастап ие болады. Судья өзінің міндеттерін тұрақты негізде атқарады. Бұл оның мемлекетпен еңбек қатынастарында тұрғандығын білдіреді, сонымен бірге олардың мерзімі шектелмеген, өзінің жұмысына тиісті ақы алады, заңда белгіленген талаптар мен шектеулерге бағынады, еңбек тәртібін сақтайды. Құқықтық мемлекетте ауыспаушылық қағидасы судьяны лауазымынан тек оның өтініші бойынша немесе жасаған қылмысы үшін ғана босату мүмкіндігін білдіреді. Ешкім оны ойдан ала салып өкілеттігінен айыра алмайды. Нормативті белгіленген ресімді сақтамай және заңды негізсіз судья мәртебесіне әртүрлі араласудан қорғау маңызды болып табылады. Судьяның тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады. Конституцияның 77 бабының 1 пунктіне сәйкес судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Бұл, істерді қарау және олар бойынша процессуалдық шешім қабылдау кезінде судья тек конституциялық нормаларды, заңдардың ережелерін ғана басшылыққа алады дегенді білдіреді. Судьяның және алқабилердің сот төрелігін жүргізуіне араласуға және қандай болмасын ықпал жасауға ешкімнің құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады. Бұл дегеніміз, сот төрелігін жүргізу кезінде ешкімнің сот ісінің бітуіне нұсқаулар, ұсыныстар, кеңестер және басқа ықпалдар беруге құықтары жоқ, ал судья оларды орындамауы тиіс. Судьяның, орган ретінде, тәуелсіздігі және дербестігі ең бірінші институттық болуы керек. Бұл мәселенің көп аспекттері бар. Бұл ретте соттың мемлекеттік биліктің басқа тармақтарымен ғана емес, басқа да органдарымен, мысалы, қылмыстық қудалау органдарымен, шаруашылық субъектілерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қатынастарын бөліп көрсету керек. Атқарушы органдар жағынан қысымды азайту үшін едәуір істелген: сот жүйесін материалды-техникалық қамтамасыз ету, судьялық корпусты қалыптастыру, судьяларға тәртіптік ықпал, оларды өкілеттігінен айыру сұрақтары олардың құзыретінен алынып тасталған. Басқа мәселелерді шешу қаржыландырудың осындай деңгейіне және республикалық бюджеттен соттарды ресурстық қамтамасыз етуге жетуден кейін ғана мүмкін болады және сот төрелігін толық және тәуелсіз жүзеге асырылады (Конституцияның 80 бабы). Судья дәлелдемелерді өзі бағалауы, істің барлық жағдайларын толық, жан-жақты және әділ қарастыруға негізделген өзінің ішкі нанымы бойынша тұжырым жасауы тиіс. Жаңадан қарастырғанда судьялар жоғары тұрған соттың шешіміне байланысты емес және жоғары соттардың оларға қандай шешім қабылдау керек екендігін көрсету құқығы жоқ. Нақты істер бойынша судья ешкімге есеп бермейді. Ол тек істі қарау кезінде заңдылықты бұзғаны үшін ғана жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77 бабы 2 пунктіне сәйкес судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді. Судья қарастырған немесе қарастыруындағы сот істері бойынша қандай болсын түсініктер беруге міндетті емес. Қорытынды шешім қабылдағанда судьялар немесе алқабилер сырт әсерден қоршалуы тиіс. Бұл кеңесу бөлмесінің құпиялығымен жетіледі, онда судьялар еркін болуы мүмкін, нақты сот ісі бойынша бағыт істейді. Кеңесу бөлмесінің құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етілуі керек. Судьялар кеңесуінің құпиялығы сотқа ықпал ету мүмкіндігін жоқ қылатын жағдайлардың болуын талап етеді. Кеңесу бөлмесінде үкімді қабылдау кезінде тек қана сол істің судьялары ғана бола алады. Басқа тұлғалардың, соның ішінде қосымша судьяның, болуына тыйым салынады. Жұмыс күні аяқталған соң және жұмыс күні барысында сот (судья) демалу үшін үзіліс жасап кеңесу бөлмесінен шығуға құқылы. Судьялар үкімді талқылау және қабылдау кезіндегі пікірлерді жария етуге құқығы жоқ. Барлық жерде қалыптасқан тәжірибелер бойынша біржолғы сот құжаттары судьялармен өзінің кабинетінде жасалады. Мұндай жағдайларда да кеңесу бөлмесінің құпиялығы қағидасы болуы керек. Республикамыздың Конституциясына сәйкес сот жүйесін тиісті қаржыландыру соттар мен судьялар тәуелсіздігінің кепілі болып табылады. Судьяның жоғарғы мәртебесіне еңбек ақысының да сай болуы керек екендігі айдан анық. Өкілеттік берілген жағдайларда, судья тұрмыстық жағдайларын жақсартуды қажет етсе, оған тұрғын үй берілуі қажет. Бұл ережелерді елемеу олардың өз тәуелсіздігін және дербестігін жоғалтуға алып келеді, өйткені судья қаржыландыру және материалдық қамсыздандыру кемшіліктерін құқыққа қайшы құралдармен және әдістермен толтыратындай мүмкіндік туғызатын объективті жағдайлар қалыптасады. Сол себептен, соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық қамтамасыз ету және оларға тұрғын үй беру, сот төрелігін толық және тәуелсіз жүзеге асыруға жеткілікті көлемде, республикалық бюджеттен жүргізіледі. Кәсіби қызметін орындауға байланысты судьяға және оның мүлкіне келтірілген зиян республикалық бюджет қаржысынан қайтарылады. Судьялардың тәуелсіздігі қамтамасыз етіледі: Заңмен белгіленген рәсіммен сот төрелігін жүргізумен; Судьяның сот төрелігін жүргізудегі қызметіне араласуқаны, сотты және судьяларды сыйламағаны үшін жауапкершілікті заңмен белгілеу арқылы; Судьяның қолсұғылмаушылығымен; Конституциямен және Конституциялық заңмен белгіленген тәртіпте судьяның орнынан түсумен, судьяның өкілеттігін тоқтатумен және кідіртумен, лауазымына сайлаумен, тағайындаумен; Судьяларға мемлекет есебінен, олардың мәртебесіне сай, материалдық қаражатты және әлеуметтік қамсыздандыруды берумен және оларды нашарлатуға тыйым салумен. Судьялардың қолсұғылмаушылығы олардың, отбасы мүшелерінің және мүліктерінің мемлекет қорғауында екендігін білдіреді, тиісті органдар судьялардың және олардың отбасы мүшелерінен сәйкес жүгіну түскен жағдайда олардың қауіпсіздігін, мүліктерінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша уақытлы және толық шаралар қолданулары керек. Судьяның немесе оның отбасының өміріне, денсаулығына және мүліктеріне қолсұғушылық судьяға ықпал етудің бір түрі немесе оның кәсіби қызметіне реакция (кек) болып табылады. Егер судьяны тікелей қорқытса немесе оған қарсы заңсыз әрекеттер дайындалып жатқаны белгілі болса, ол тиісті мемлекеттік органдарға хабарлайды. Олар судьяның және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін, оларға тиесілі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша уақытлы және толық шаралар қабылдауға тиісті, өйткені олар мемлекеттің қорғауында. Қолсұғылмаушылықтың конституциялық қағидасы судьяларға екі жағдайда қолданылмайды: олар қылмыс орнында ұсталса немесе ауыр қылмыс жасаса. Судьялардың иммунитеті судьяларды жауапкершіліктен алып кетпейді. Оны тек тәуелсіздіктің кепілі ретінде қарауға болады. Халық және мемлекет тәуелсіз, дербес, әділ және өкілетті соттарды және судьяларды қажет етеді, өйткені олар барлық құқықтық дауларды қарастырады. Сондықтан судьяларға негізсіз айыптаудан, беделін түсіруден, әртүрлі ықпалдан және арандатудан, зорлық әрекетінен, қорқытудан сақтайтын қорғаныстың жоғары шаралары қойылады. Судьяға қатысты қылмыстық істі тек Республикамыздың Бас прокуроры ғана қозғай алады. Бұл судьяларды қолсұғылмаушылығынан айыру механизміне биліктің жоғарғы органдары – мемлекет басшысы, Республика Парламентінің Сенаты қатысатындығы жағынан айқындалған. Мұндай рәсім судья тәуелсіздігінің және қолсұғылмаушылығының қосымша кепілі болып табылады. Судьялар тәуелсіздігін құрайтындардың бірі болып оларды материалдық жабдықтау деңгейінің жоғарылығы табылады. Судьяларды материалдық және әлеуметтік қамсыздандыруға шығындар мемлекеттік бюджетте көзделеді және қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді. Судьялардың еңбек ақысы, демалу уақыты, әртүрлі өтемақылар, тұрғындық жеңілдіктер, медициналық қызмет, сақтандыру және мантиямен қамтамасыз ету олардың мәртебесіне сай болуы керек. Сонымен бірге материалдық және әлеуметтік қамсыздандыруды ешқандай жағдайда төмендетге болмайды. Заңға сәйкес судья міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бұлжытпай орындауға; өзінің сот төрелігін жүргізу бойынша конституциялық міндеттерін атқаруда және қызметтен тыс қатынастарда судьялық этика талаптарын сақтауға және судья беделін, абыройын масқаралайтын немесе оның әділдігіне және алалықсыздығына күмән келтіретін барлық әрекеттерден алшақ болуға; сот төрелігін тарату қызметіне заңсыз араласу әрекеттеріне қарсы тұруға; судьялардың кеңесу құпиясын сақтауға. Судья құқылы: оларға берілген міндеттерді жүзеге асырумен байланысты өкімдерді орындауды кейбір лауазымды тұлғалардан және азаматтардан талап етуге; мемлекеттік органдарға бұзушылықтарды, олардың себептерін және жағдайларын жою туралы ұсыным енгізуге; ұымдардан ақпарат сұрауға; мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдануға (жаза тағайындауға, әкімшілік жаза салуға, мәжбүрлеп алып келуді қамсыздандыруға және т.б.); заң, ар-ұят, құқықтық сана және барлық жағдайларды толық, жан-жақты, әділ қарастыру негізінде ішкі нанымына сәйкес істер бойынша нақты шешімдер қабылдауға. Судья лауазымы оқытушылық, ғылыми немес өзге шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазыммен, депутаттық мандатпен, кәсіпкерлі қызметті жүзеге асырумен, сауда ұйымының бақылау кеңесінің немесе жетекшілік органының құрамына кірумен сыйыспайды. Судьяларға партияларда, кәсіби одақтарда тұруға болмайды, қандай да бір саяси партияны жақтауға немесе жамандауға құқығы жоқ. Бұл талаптар жан-жақты сипатқа ие және барлық судьяларға қолданылады. Судья мәртебесі тек сот төрелігін жүзеге асыруды көздейді. Сот билігін таратушы ретінде ол сотқа қарасты істерді және дауларды қарастыруға және шешуге уәкіл етілген. Соттан тыс қызметтер және міндеттер судьяларға жүктелуі мүмкін емес. Одан басқа, судьяларды сырт ықпалдан шектеу және судьяларға соттан тыс қызметтер жүктеуді болдырмау мақсатында, заңдылықты және тәртіпті сақтау, қылмыскерлікпен күресу сұрақтары бойынша мемлекеттік құрылымдардың құрамына судьяларды қосуға тыйым салынған. Соттарға және судьяларға заңдылықты қамтамасыз ету арналған, бірақ қылмыскерлікпен күресу олардың өкілеттігіне кірмейді. Мұны елемеу сот төрелігін жүргізуде репрессивті көлбеуге әкеп соғады. Судьялардың өзі мүше болып келетін комитет немесе комиссия нұсқауларын орындау, істерді және үкімдерді әділ қарастыру емес, әлеуметтік тапсырысты орындауға ықпал етуші жағдай болып табылады. Судьялар тәртіптік жазаға жалпы негізде тартылады, оларға тәртәптік істер бойынша қабылданатын жазалардың бірдей түрлері, тартылу мерзімдері және жауапкершілікке тарту рәсімі қолданылады. Судьяларды материалдық және әлеуметтік қамсыздандыру бірыңғай жағдайлармен жүзеге асырылады. 6.1 Судья лауазымына үміткерлерге қойылатын талаптар Еліміздің судьялық корпусын қалыптастыру – саяси мағынадағы маңызды мемлекеттік міндет. Ол жұмыстың қаншалықты сапалы, қағидалы және адал жүргізілуіне қарай қоғамдағы тұрақтылық, азаматтардың жан тыныштылығы байланысты болады, адамдардың өз құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін кәсіби және заңды қорғайтын, Республикамыздың конституциялық тәртібін қамтамасыз ететін, әділ билікке деген сенімі нығайады. Тәуелсіз, мықты, өкілетті сот билігін құрудағы негізгі бастауы – бұл алғашқы саты: судья лауазымына үміттенуші тұлғаларға қойылатын талаптарды анықтау. Қойылатын талаптар дәрежесі, көлемі қоғамдық сұранысты анықтайтыны жайлы айта кеткен жөн: «планка» жоғары болса, судьяға үміткерде жақсы, судьялық корпустың сапалық құрамыда жоғары болады. Судья лауазымына үміткерлерге қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының азаматы: жиырма бес жасқа жеткен жоғары заң білімі, мінсіз беделі бар біліктілік емтиханын, соның ішінде мамандандырылған магистратурада тапсырған медициналық куәлендіруден өткен және судьяның кәсіби міндеттерін орындауға кедергі болатын сырқаттарының жоқтығын растаған сотта тағылымдаманы ойдағыдай өткен және соттың пленарлық отырысының оң пікірін алған (мамандандырылған магистратураны аяқтаған тұлғаларға тағылымдама өтудің қажеті жоқ) заң мамандығы бойынша өтілі бар: - аудандық (қалалық) сот судьяларының лауазымына үміткерлер үшін – екі жылдан кем емес; - облыстық сот судьясының лауазымына үміткерлер үшін – он бес жылдан кем емес немесе судья қызметіндегі өтілі бес жылдан кем емес; - Жоғарғы сот судьяларының лауазымына үміткерлер үшін – жиырма жылдан кем емес немесе судья қызметіндегі өтілі он жылдан кем емес. Судьялардың жоғары адамгершілік сапасы және кәсіпкерлігі сапалы судьялық корпусты құрғанда анықтаушы қағида болып табылуы керек. 6.2 Судьялар өкілеттігін тоқтату. Судьяларды лауазымынан босату Судьяның өмірінде, сот төрелігін жүргізу бойынша өзінің міндеттерін атқаруға уақытша кедергі болатын, жағдайлар туындауы мүмкін. Бұл жағдайлар оң және теріс реңде болуы мүмкін. Мұндай жағдайда не істеу керек: лауазымынан босату, мән-жайлар жоқ болғанша күту және түскен құқықтық салдарға байланысты шешім қабылдау керек пе? Судьяның тәуелсіздігін, құқықтық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету жағынан екінші нұсқасы – оның өкілеттігін тоқтату институты маңызды болып табылады. Республикамыздың Конституциясының 79 бабы 1 пункті бойынша судьяның өкілеттігі тек заңмен белгіленген негіздерде ғана тоқтатылуы мүмкін. Республикамыздың әрбір азаматы сияқты судьяларда белгіленген тәртіппен мемлекет басшысының немесе өкілдік орган депутатының лауазымына таңдалу құқығы бар (пассивті сайлау құқығы). Қылмыстық жауапкершілікке тартылуына байланысты судьяны қолсұғылмаушылығынан айыру, оның судьялық өкілеттігін жүзеге асыруға, жағдай шешілгенше дейін уақытша кедергі болып табылады: заңды күшіне енген айыптау үкімімен кінәсі дәлелденсе судья лауазымынан босатылады; оған қатысты ақтау үкімі қабылданса немесе ақтау негіздері бойынша қылмыстық іс тыйылса - өкілеттігі қайта басталады. Судьяның өкілеттігі келесі жағдайларда тоқтатылуы мүмкін: судья Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламенті немесе маслихаттары депутатына үміткер болып тіркелсе; судья заңды күшіне енген сот шешімімен хабарсыз жоғалған болып танылса; судьяны қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім берілсе; 3-1) судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасының Конституциялық заңның 34 бабы 2 пунктімен белгіленген негіз бойынша судьяның өкілеттігін тоқтату қажеттігі туралы шешімі болса; 3-2) Кәсіби жарамсыздығына байланысты судьяның лауазымына сәйкессіздігі туралы Сот қазыларының (жюри) тұжырымы болса; 4) басқа жұмысқа ауысқан болса. Судьяның өкілеттігі тоқтатылғанда, оның тиісті сот төрағасының немесе сот алқасы төрағасының лауазымындағы өкілеттігі де тоқтатылады. Судья өкілеттігін тоқтатуды жүзеге асырады: - Жоғарғы Сот Төрағасына қатысты – Қазақстан Республикасы Президентімен; - Республикамыздың барлық басқа судьяларына қатысты – Жоғарғы Сот Төрағасымен. Судьяның өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға негіз болған жағдайлар сейілген жағдайда судья өкілеттігі қайта басталуы мүмкін. Судья өкілеттігі келесі жағдайларда доғарылуы мүмкін: - отставкаға кету немесе өз еркімен судья лауазымынан босатылу; - медициналық тұжырымға сәйкес кәсіби міндеттерін орындауға кедергі болатын денсаулық жағдайы; - судьяны қабілетсіз немесе шектеулі қабілетті деп тану немесе оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі; - судьяға қатысты айыптау үкімінің заңды күшіне енуі; - Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалту; - судьяның қайтыс болуы немесе оны өлді деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі; - судьяны басқа лауазымға тағайындау, сайлау және оның басқа жұмысқа ауысуы; - соттың қысқаруы немесе өкілеттілік мерзімінің аяқталуы, егер судья басқа сот судьясының бос лауазымына орналасуға келісімін бермесе; - Сот қазыларының (жюри) тұжырымы; - судья лауазымында болудың шекті жасына жету. Судьяның лауазымында шекті – 65 жасқа жеткенше болуға мүмкіндік беріледі, кейбір жағдайларда Жоғарғы Сот Кеңесінің келісімі арқылы Жоғарғы Сот Төрағасымен бес жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Судьяларға қойылатын талаптарды орындамағаны немесе теріс тәртіптік қылықтары жасағаны үшін судья лауазымынан босату туралы судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасының шешімімен судьяның өкілеттігі доғарылуы мүмкін («Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 28 бабы). Судья лауазымынан босату туралы шешім қабылданады: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Жоғарғы Сот судьяларына, төрағасына қатысты – Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының қаулысымен; 2) жергілікті және басқа соттардың судьяларына, төрағаларына және сот алқаларының төрағаларына, Жоғарғы Сот алқаларының төрағаларына қатысты – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен. Судья лауазымынан босатылу сәйкес сот төрағасының немесе сот алқасы төрағасының өкілеттігінің доғарылуына апарып соғады. Тиісті сот төрағасының немесе сот алқасы төрағасының өз еркімен немесе өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты лауазымынан босатылуы олардың сол сот судьясы лауазымынан босатылуына апарып соқпайды. Судья өкілеттігі доғарылуының ерекше түрі болып отставка есептеледі, бұл мінсіз беделі бар судья өкілеттігінің доғарылуы болып саналады, оның судья атағы, судьялар қоғамдастығына тиесілігі, жеке қолсұғылмаушылық және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңымен көзделген басқа материалдық - әлеуметтік кепілдері сақталып қалады. Судьяның лауазымынан отставка түрінде босатылу судьяның отставка туралы жазбаша арызы бойынша жүзеге асырылады. Отставкаға шыққанда судьяға судьялық қызмет өтілі жиырма немесе одан жоғары жыл болса соңғы лауазымы бойынша жиырма төрт айлық лауазымдық еңбек ақысы көлеміндегі біржолғы пайдалы жәрдемақы, судьялық қызмет өтілі он бестен жиырма жылға дейін болса он сегіз айлық лауазымдық еңбек ақысы төленеді. Судьяның отставкасы келесі жағдайларда доғарылады: - кәсіпкерлік қызметпен айналысу, сауда ұйымының бақылау кеңесінің немесе жетекшілік органының құрамына кіру, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтен басқа еңбекақы төленетін лауазымға кірісу; - сот билігінің абыройын төмендетіп ұятқа қалдыратын қылық немесе қылмыс жасау; - өз еркі бойынша; - Қазақстан Республикасы азаматтығының доғарылуы; - оның өлуі немесе оның өлгендігі туралы жариялайтын сот шешімінің заңды күшіне енуі. Отставкасының доғарылуына байланысты судья жеке қолсұғылмаушылық кепілінен және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңының 51, 53 және 55 баптарымен көзделген кепілдерінен айрылады. |