Главная страница
Навигация по странице:

  • Сот төрелігінің п ринцип тері

  • Барлық соттармен Қазақстан Республикасының қолданыстағы

  • Судьялардың бірыңғай мәртебесін заң жүзінде бекіту

  • 13. Әркімнің өз сөзін сотта тыңдату құқығы бар.

  • Сот жүйесі. _аза_стан Республикасыны_ сот ж_йесі. азастан Республикасыны сот жйесі


    Скачать 0.94 Mb.
    Названиеазастан Республикасыны сот жйесі
    АнкорСот жүйес
    Дата13.10.2022
    Размер0.94 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла_аза_стан Республикасыны_ сот ж_йесі.doc
    ТипДокументы
    #731149
    страница3 из 10
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

    Сот қызметін регламенттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер



    Мақсаты: сот қызметін регламенттейтін негізгі дереккөздердің мазмұнын ашу
    Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттіліктің құқықтық негіздерін, соның ішінде оның саяси институттарын, айқындайтын негізін қалаушы нормативтік құжат. Бұл тең шамада сот жүйесіне де қатысы бар. Оның ең қағидашыл ережелері, сот органдарының орны мен рөлі, әділсот қағидалары, сот билігі тәуелсіздігінің кепілдері, судьяларды сайлау және тағайындау тәртібі, олардың мәртебесі, қылмыстық қудалаудан иммунитеті негізгі заңда (VII бөлім «Соттар және сот төрелігі») жазылған. Одан басқа, Конституцияда, сот билігін кигендер өз қызметінде басшылыққа алатын, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары атап өтілген.

    Конституцияның негізінде 2000 жылғы 25 желтоқсанда сот жүйесін ұйымдастыруды, оның құрылымдық элементтерінің өзара қатынастарын, оларды құру және тарату тәртібін, сот органдары басшыларының құзыретін, лауазымды тұлғалардың мәртебесін белгілейтін «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заң қабылданды және осы уақытта қолданылып жүр. Соңынан бұл заңға маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілген («Қазақстан Республиксының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Конституциялық заң; «Қазақстан Республиксының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2008 жылғы 17 қарашадағы Конституциялық заң; «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру сұрақтары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы заңы).

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы» Қазақстан Республикасының сот жүйесі қалыптасуында айрықша рөл атқарған, онда мемлекеттің құқыққорғау, қылмыстық-атқару және сот жүйелерінің негізгі даму бағыттары және ұлттық құқықтың барлық салаларын жетілдіру жолдары көрсетілген.

    Соттар өз жұмысында біздің мемлекетпен танылған халықаралық құқық нормаларын әрдайым нұсқау етіп қолданған, атап айтсақ:

    - Адам және азамат құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (БҰҰ Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10 желтоқсандағы 217 А (ІІІ) резолюциясымен қабылданған және жарияланған;

    - Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт (БҰҰ Бас Ассамблеясының 1966 жылғы 16 желтоқсандағы 2200 А (ХХІ) резолюциясымен қол қою, ратификациялау және қосылу үшін қабылданған және ашылған;

    - Адам құқықтарын және негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық конвенция (Римде 1950 жылы 4 қарашада Еуропа Кеңесімен қабылданған);

    - Адам құқықтарын және негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенцияның өлім жазасын болдырмауға байланысты № 6 Хаттамасы;

    - Біріккен Ұлттар Ұйымының кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін жүргізуге қатысты ең төменгі стандарт ережелері (БҰҰ Бас Ассемблеясының 1985 жылғы 29 қарашадағы 40/ 33 резолюциясымен қабылданған Пекин ережелері);

    - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының адам құқығы және негізгі бостандықтары туралы Конвенцисы (1995 жылғы 26 мамырда Минскте ТМД Кеңесімен қабылданған);

    - Қазақстан Республикасымен ратификацияланған басқа да нормативтік актілер мен шарттар.

    Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша сот жүргізу тәртібі іс жүргізу заңдарымен: Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексімен, Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексімен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекспен реттеледі.

    Іс жүргізудің, сот ұйымдастырудың, сот тәжірибесінің және басқаларының кейбір сұрақтары заңға тәуелді актілерінде – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының басшылық түсініктерінде жазылған.



    1. Сот төрелігінің принциптері



    Мақсаты: сот төрелігінің негізгі принциптерінің мазмұнын және мәнін ашу
    Құқыққорғау қызметінің жүйесінде сот төрелігі (әділсот) негізгі орынды алып тұр. Заңмен бекітілген тәртіпті және рәсімдерді ұстана отырып, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданып, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және басқа істерді қарастыру және шешу бойынша соттардың құқыққорғау қызметін әділсот деп түсінуге болады.

    Сот төрелігінің (әділсоттың) мақсаты – соттар құзыретіне жатқызылған барлық істерді әділ талқылауды қамтамасыз ету.

    Сот төрелігінің негізгі міндеттері:

    - соттармен қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және басқа істерді уақытылы, жан-жақты, толық және әділ шешу;

    - азаматтар мен ұйымдардың сотпен қорғану құқығын жүзеге асыру;

    - заңдылықты және құқықтық тәртіпті бекіту;

    - сот ісін жүргізу субъектілері тарапынан құқыққа құрметпен қарауды қалыптастыру;

    - процессуалдық заңдарды дұрыс пайдалану арқылы құқықбұзушылықтардың алдын алу және т.б..

    Сот төрелігі соттар қызметінің тәртібін, ұйымдастыру мазмұнын және мәнін анықтайтын, жалпы басшылықтағы ережелермен және ой-пікірлермен конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

    Заңдылық, азамат пен адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы, заң мен сот алдында барлығының теңдігі, жариялық, жан-жақтылық, толықтық және әділдік, іс жүргізу тілінің ұлттылығы, кәсібилік, құқық субъектілігін мойындау, құқықтарды сотпен қорғау, әркімнің кәсіби заң көмегіне құқылығын кепілдендіру принциптері сот төрелігіне үлкен дәрежеде тән.

    Барлық соттар мен судьяларға ортақ және бірдей әділсот қағидалары Конституциямен, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен, процессуалдық және басқа заңдармен белгіленген. Осы қағидалардан ең алдымен конституциялықтарын атап өткен жөн.

    Заңдылық, азамат пен адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы, заң мен сот алдында барлығының теңдігі, жариялық, жан-жақтылық, толықтық және әділдік, іс жүргізу тілінің ұлттылығы, кәсібилік, құқық субъектілігін мойындау, құқықтарды сотпен қорғау, әркімнің кәсіби заң көмегіне құқылығын кепілдендіру принциптері сот төрелігіне үлкен дәрежеде тән. Одан басқа, өзіне ғана тән мынадай қасиеттері бар:

    1.Сот төрелігі тек қана сотпен жүзеге асырылады (ҚР Конституциясының 75 бабының 1 бөлімі). Бұл төмендегіден білінеді:

    а) Тек сотқа қарасты істерді ешқандай басқа органдар қарастыра алмайды. Республикамызда азаматтық, арбитраждық, қылмыстық және басқа істерді қарастыра алатын соттан тыс басқа органдар жоқ. Азаматтық және басқа істерді сотқа дейінгі дайындау, қылмысытық істер бойынша алдын ала тергеу сот төрелігіне жатпайды. Сол себептен, Республикамыздың Конституциясында прокуратура және алдын ала тергеу органдары әділсот жүргізетін органдар арасында көрсетілмеген.

    Бұл тармақ Президенттің, Премьер Министрдің, басқа лауазымды тұлғаның немесе органның қылмыстық, азаматтық және басқа істерді мазмұны бойынша қарастыру және шешу құқығы жоқ екенін көресетеді. Ешкімнің сот мекемелерін және судьяларды ауыстыруға құқығы жоқ. Сот құзыретін иелену заң бойынша жауапкершілікке тартады.

    б)Сот компетенциясы, юрисдикция шектері, сот ісін жүргізуді жүзеге асыру тәртібі заңмен айқындалады және өз бетімен өзгерту мүмкін емес. Сот ісін жүргізу іс жүргізу заңдарына тікелей бағынысты, процессуалдық нысан сақталмаған жағдайда қабылданған шешімдер заңсыз деп танылады және күшін жояды.

    в) Ешқандай атаумен төтенше немесе арнайы соттар мемемелерін құруға болмайды. Өз уақытында сталиндік үштік және ерекше кеңестер сияқты соттан тыс мекемелер болғанын және оның неге жеткізгенін әркім біледі.

    г) Тұлғаны жасаған қылмысқа кінәлі деп шешуге тек қана сот құқылы. Соттың бұл ерекше құқығы Конституциямен, Конституциялық заңмен, қылмыстық іс жүргізу кодексімен бекітілген. Сондықтан адамның кінәлілігін, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарынан, мақұлдауға қатысты кез келген анықтамалар заңсыз, қате болып танылады.

    д) Қылмыстық жазаны тағайындау құқығы тек қана сотқа тән. Ешкім, Республика Президенті немесе Парламентте, жасалған қылмыс үшін жазалау шамасын айқындай алмайды. Олар тек қана сәйкесінше сотталғанның жағдайын жеңілдетуге бағытталған рақымшылық актін шығарады немесе кешірім жасайды. Сонымен бірге олар сотталғанның кінәлілігі (бұл факт сотпен анықталған) немесе сотпен тағайындалған жазаның дұрыстығы және әділдігі туралы ешбір жағдайда шешпейді. Президент және Парламент тек айрықша жағдайларда жаза мерзімін азайтады, оны жеңілмен ауыстырады немесе өтеуден тіптен босатады.

    Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Азаматтық және шаруашылық істер бойынша сот кінәлі тарапты (талапкерді немесе жауапкерді) тиісті мінез-құлыққа, өзінің міндеттемелерін және борыштарын орындауға, соның ішінде жауапкердің есептік шотынан талапкердің пайдасына ақшалай қаражатты өндіріп алу жолымен немесе мүлікті айналымға қою арқылы, өзінің шешімімен мәжбүрлейді.

    е) Сот қаулылары тек жоғары тұрған сотпен немесе белгіленген тәртіппен ғана күшін жоюы мүмкін. Ешбір лауазымды тұлғаның, ешқандай мемлекеттік органның сот актілерінің күшін жойғызу құқықтары жоқ. Бұл құқық жоғары тұрған соттардың айрықша құзыреті болып табылады.

    2. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтардың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғайды, Конституцияның, заңдардың, басқа нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді. Әркімге Республикамыздың заңдарымен және Конституциясымен көзделген құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін шектейтін немесе кемсітетін мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және басқа тұлғалардың заңсыз шешімдерінен және әрекеттерінен сот арқылы қорғануға кепіл беріледі;

    Өз ісін заңның барлық талаптарын және әділдікті сақтай отырып құзыретті, тәуелсіз және тура соттың қарау құқығынан ешкімді айыруға болмайды.

    3. Судья әділсотты жүзеге асырғанда тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады (ҚР Конституциясының 77 бабы 1,2 б.).

    Бұл қағиданың мазмұны судьялар ешкімнің кірісуінсіз, ешқандай қысымсыз немесе басқа ықпалсыз жауапты шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын жағдайлар жасауды қамтамасыз етуге талпыну. Бұл қағидаға кепіл береді:

    а) жауапкершілікпен қорқыту арқылы араласуға тікелей тиым салу. Мысалы, ҚР ҚК 339 бабы 1 және 3 баптары әділсот жүргізуге қарсылық көрсету мақсатында соттың қызметіне қандай түрде болмасын араласқаны үшін қылмыстық жауапкершілікті ескерген.

    б) мемлекеттік билік органдары жүйесінде соттың дербес орны. Сот президенттік биліктің құрылымы болып табылмайды, Парламентке, Үкіметке, министрліктерге, комиттерге және ведомстволарға бағынышты емес.

    в) республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылуы. Парламент жыл сайын республикалық бюджетті бекітеді, сонда Республикамыздың Жоғарғы сот және жалпы сот жүйесі шығындарын көздеп отырады.

    г) судьяның қолсұғылмаушылығы. Мысалы, судьяға, сот приставына, соттың атқарушысына, сол сияқты олардың туыстарына iстiң немесе материалдардың сотта қаралуына, не үкiмдi орындауға, соттың шешiмiне немесе өзге сот актiлерiне байланысты аталған тұлғалардың заңды қызметiне кедергi жасау, не iстеген қызметi үшiн кек алу мақсатында олардың өмiрiне қол сұғу ҚР ҚК-нің 340 бабымен, Сот төрелiгiн жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi ҚР ҚК-нің 341 бабымен, Судьяға, сот приставына, соттың атқарушысына қатысты жала жабу ҚР ҚК-нің 343 бабымен. Құқықбұзушылықтың бұл барлық түрлері сот төрелігіне қарсы қылмыстар болып есептеледі.

    д) соттардың саясатсыздануы. Заң судьяларға партияларда, кәсіби одақтарда тұруға, қандайда бір саяси партияны қолдап немесе қарсы болып шығуға тыйым салады. Және де судья лауазымы депутаттық мандатпен үйлеспейді.

    е) судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді. Демократиялық заңдар көмегімен қоғам заңсыздықтың «телефондық құқық» сияқты архаизмінен арылуға талпынуда. Судья жоғарыдағы шенеуліктердің пікірлеріне қарайламай қызметін атқаруы керек, сот буындары жетекшілерімен, сот билігі иерархиясында жоғары сатыдағы судьялармен сот ісін жүргізу және құқықты пайдалану сұрақтары бойынша кеңесуге міндетті емес.

    ж) судьяның ауыспалы еместігі. Судья, заңмен тікелей көзделген жағдайлардан басқа уақытта, атқаратын лауазымынан негізсіз босатылмайды. Ол басқа лауазымға өзінің келісімісіз ауыстырылмайды. Олардың қызметін тоқтатудың және жұмысынан босатудың ерекше тәртібі бар.

    з) сотты құрметтемегені үшін жауапкершілік белгілеу. Сотты құрметтемеу қылмыстық тәртіппен қудаланады, сонымен бірге сотты құрметтегені үшін айыппұл және әкімшілік қамау түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген.

    4. Сот билігін, барлық соттарға бірыңғай заңдармен белгіленген, сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асыру.Сот билігін тарату заңмен белгіленген сот ісін жүргізу нысандары арқылы қатаң жүзеге асырылады, атап айтқанда: қылмыстық сот ісін жүргізу Қылмыстық іс жүргізу кодексімен, азаматтық сот ісін жүргізу Азаматтық іс жүргізу кодексімен және әкімшілік сотісін жүргізу Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекспен регламентеледі.

    1. Барлық соттармен Қазақстан Республикасының қолданыстағы

    құқығын пайдалануы. Қазақстан Республиксының аумағындағы барлық соттар мен судьялар республикамыздағы қолданыстағы құқықтарды бірыңғай пайдаланады.

    1. Судьялардың бірыңғай мәртебесін заң жүзінде бекіту. Барлық судьялар қандай сотта қызмет қылуына (Жоғарғы, облыстық немесе аудандық) және қандай лауазымда екеніне (сот төрағасы, сот алқасының төрағасы, судья) қарамастан судьяның бірыңғай мәртебесін иеленеді. Бұл Конституцияның 79 бабының 1 бөлімінен көрсетіліп, соттар тұрақты судьялардан тұрады делінген. Тек судья сот билігін таратушы болып табылады, сондықтан елімізде сот төрелігін жүзеге асыруға тек ол ғана құқылы. Бірақ әртүрлі деңгейдегі соттар өзара құзырлықтарымен ерекшеленеді. Мысалы, аудандық сот көптеген істер мен даулар бойынша бірінші саты болып келеді; облыстық сот аппеляциялық және кассациялық саты болып табылады; Жоғарғы Сот – жоғарғы сот органы – төменгі құрылым соттарының қызметін қадағалауды жүзеге асырады. Сот төрағаларына және осы соттардың сот алқалары төрағаларына олардың лауазымдық жағдайына қарай заңмен қосымша бірқатар құзырет жүктеледі. Осылайша, олардың барлығы судьялар болып табылады. Судьялар өздерінің арасында тек құзыретінің көлемімен ғана өзгешеленеді.

    7. Заңды күшіне енген сот актілерінің Қазақстанның барлық аумағында орындалу міндеттілігі.Сот төрелігі біреудің бұзылған құқытарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғай алса, Конституцияның және қолданыстағы заңдардың орындалуын қамтамасыз етсе, сол кезде нәтижелі болып саналады. Соттар өз қызметін қойылған міндеттерге бағыттай отыра, өз тұжырымын және қорытындысын тиімді жүзеге асыруға тырысады, өйткені ондай болмаған жағдайда олардың қызметі мағынасын жоғалтады. Сот шешімдерін орындау адамды, Конституцияны және заңдарды қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамын құраушы және маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан, сот шешімдері, үкімдері және басқа қаулылары Республиканың барлық аумақтарында міндетті күші бар екендігі Конституцияда белгіленген (76 бап 3 пункт). Бұл конституциялық бапта екі маңызды норма бар: сот шешімдерінің міндеттілігі және эксаумақтылығы. Кімге бағытталса, солар орындауға міндетті (мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар және азаматтар). Эксаумақтылық қай жерде, қашан және қандай сотпен заңды шешім шығарылғанына қарамастан, ол мемлекеттің барлық аумағында орындалуы керек екендігін ұйғарады.

    8. Сот төрелігі тараптардың жарысқа түсуі және тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады («Қазақстан Республиксының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 4 және 9 баптары). Қылмыстық қудалау, қорғау және сотпен қылмыстық істі шешу бір бірінен ажыратылған және әртүрлі органдармен, лауазымды тұлғалармен жүзеге асырылады. Бұл азаматтық іс жүргізудегі тараптарға да тең шамада қатысы бар. Сот ешкімнің жағына шықпайды және құқық мүддесінен басқа ешкімнің мүддесін білдірмейді. Ол әділдік пен алалықсыздықты сақтай отырып, тараптармен іс жүргізудегі міндеттерін орындауға және берілген құқықтарын жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасайды. Тараптарға (айыптаушы және қорғаушы, талапкер және жауапкер) өздерінің көзқарастарын қорғау мүмкіндіктері тең берілген. Олар дәлелдемелер ұсыну, өтінім және қарсылық білдіру, дәлелдемелерді зерттеу және сот жарыссөзіне қатысу құқықтарын тең пайдаланады. Сот оларға бірінші, апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларында істің қарауына қатысу құқығын қамтамасыз етеді.

    9. Сот төрелігі қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот актілерін қайта қарау мүмкіндігіне рұқсат береді. Соттың үкіміне немесе шешіміне апелляциялық, кассациялық қадағалау тәртібімен немесе жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша шағым және наразылық білдірілуі мүмкін.

    10. Сот төрелігінің актілерінің барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар, лауазымды тұлғалар және азаматтар үшін міндетті күші бар. Заңды күшіне енген сот қаулылары Қазақстан Республиксының барлық аумағында орындалуға міндетті болады. Сот үкімінің, шешімінің немесе басқа сот актінің орындалмауы ҚР ҚК 362 бабымен қудаланады.

    11. Бір құқықбұзушылық үшін ешкімде қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылмайды (ҚР Конституциясының 77 бабы З бөлімі 2 бөлімшесі). Яғни қандайда бір құқықбұзушылық жасалып, ол үшін тұлға жауапкершілікке тартылған болса, сол құқықбұзушылық үшін қайтып жауапкершілікке тартуға болмайды.

    12. Өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз өзгертуге болмайды (ҚР Конституциясының 77 бабы З бөлімі З бөлімшесі). Бірінші саты бойынша қарастырылуы тиіс істерді соттар арасында бөліп тарату, яғни сол істі шешетін нақты сотты белгілеу соттылық деп түсініледі. Ол қылмыс түріне және азаматтық істің сипатына қарай (түрлік соттылық) ажыратылады. Соттылық сот жүйесінің бір буынындағы соттар арасындағы міндеттерін ажыратады (аумақтық соттылық).

    Барлық жағдайларда айыпталушы, талапкер және жауапкер заңға сәйкес қандай сот оның ісін қарауға құқылы екенін білуі керек. Бұл нақты іске қолданылып анықталмай, заңда нақты көретілуі керек. Мысалы, оның ерекше қиындылығы немесе қоғамдық маңызы бойынша.

    13. Әркімнің өз сөзін сотта тыңдату құқығы бар. Мысалы, қылмыстық іс жүргізуде сотталушының, жәбірленушінің түсінік беру құқығы бар, айыптаушы, қорғаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер сот жарыссөзінде пікір айтады, сотталушы сот жарыссөзі аяқталған соң соңғы сөзге құқылы. Азаматтық іс бойынша талапкер мен жауапкер талап мәні бойынша түсінік береді, сот жарыссөзінде пікір айтады.

    Айыпталушының өз сөзін тыңдату және түсінік беру құқықтары алдын ала тергеу барысында жүзеге асырылады. Бірақта айыпталушының тағылған айып бойынша өз сөзін тыңдату және түсінік беру құқығы сотта қарастыру жағдайында кеңінен және толық жүзеге асырылады.

    Іс жүргізудің аталған сатысында бұл құқықтың кепіліне:

    - сотталушы қатыспағанда істің тыңдалуына жол берілмеуі;

    - сотталушыға заңмен белгіленген құқықтарын соттың түсіндіру міндеттігі;

    - сотталушыға және оның қорғаушысына дәлелдемелерді зерттеуге және оған қатысуға, дәлелдемелер ұсынуға және өтінім білдіруге соттағы мемлекет өкілімен, сот қарастырудағы басқа қатысушылармен тең құқық берілуі;

    - айыптау қорытындысын жариялаған соң, судьяның сотталушыдан айыптың түсініктілігі және оның кінәлігін мойындайтындығы туралы сұрақтар қою міндеті;

    - заңмен белгіленген сотталушыдан жауап алу тәртібінде сотталушы басында оған тағылған айып бойынша және істің оған белгілі мән-жайлар туралы еркін пікірін айтып, содан соң одан іс бойынша төрағалық етушімен және процесстің басқа қатысушыларымен жауап алуы;

    - сотталушының, барлық дәлелдемелерді қарастырып болған соң, сот тергеуін толықтыру, сот жарыссөзіне қатысу құқығы;

    - соңғы сөзін айту құқығы жатады.

    14. Жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқықбұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік күшін жойса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады (ҚР Конституциясы 77 бабы З бөлім 5 бөлімше).

    15. Куәнің иммунитет қағидасы. Ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жақын туыстарға ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, бір туғандары, атасы, әжесі және немерелері жатады.

    Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес (ҚР Конституциясы 77 бабы 3 бөлімі 7 бөлімшесі).

    16. Қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді (ҚР Конституциясы 77 бабы З бөлімі 10 бөлімшесі). Ұқсастық – заңмен немесе заң күшіндегі актілермен тікелей реттелмеген, құқықтық реттелуді талап ететін қоғамдық қатынастарға, ұқсас қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды пайдалану. Республикалық заңдар бойынша қылмыстық заңнамада ұқсастықты қолдануға жол берілмейді. Іс-әрекеттердің қоғамдық қауіптілігі өзгеріссіз, бір рет және мәңгілікке жазаланатын болып қала бермейді (мысалы, алыпсатарлық және т.б.).

    Нарықтық қатынастардың дамуы және алға басу іс-әрекеттерді қоғамдық қауіпті және жазаланатын деп тану өлшеміне ішінара түзетулер енгізіп отыруы мүмкін. Бүгін қылмыстық жазаланатын әрекет ертең бұл сапасынан айрылуы немесе керісінше болуы мүмкін, жаңа қоғамдық қауіпті іс-әрекеттерге қылмыстық заңмен тыйым салу қажеттілігі пайда болуы мүмкін. Қылмыстық заңның кемшіліктерін жою тек қана заң шығарушының құзырына жатады.

    Құқыққолдану органдарымен заң шығарушы органның көз алдына түспееген қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер табылуы мүмкін, бірақ олар қылмыстық-құқықтық реттеу шеңберінен тыс жатқан мұндай іс-әрекеттерге қылмыстық-құқықтық мән қосуға құқылы емес.

    Құқыққолдану органдарының реттелмеген құқықтық қатынастарды анықтаған жағдайдағы міндеттері – оларға заң жүзінде тыйым салу, оларды қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттер ретінде белгілеу сұрақтарын заң шығарушыға қою.

    17. Сот қарастырылған дәлелдемелер жиынтығына негізделген өзінің ішкі нанымы бойынша, заңды және ар-намысты басшылыққа алып, дәлелдемелерді бағалайды.

    18. Кінәсіздік презумпциясы. Кінәлігі соттың заңды күшіне енген үкімімен мойындалғанша тұлға қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп танылады.

    Кінәсіздік презумпциясы келесі кезеңдерді болжайды:

    а) бірде бір кінәсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы және сотталмауы керек;

    б) заңмен белгіленген тәртіптен тыс ешкімді айыпталушы ретінде тартуға болмайды;

    в) тұлғаның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;

    г) сот қарауы барысында сотталушының қылмыс жасағандағы кінәлігі дәлелденсе, айыпталушы кінәлі деп танылуы мүмкін;

    д) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес, айыпталушының кінәлі екендігін дәлелдеу қылмыстық қудалау органына жүктелген;

    е) адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;

    ж) ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес.

    19. Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


    написать администратору сайта