Главная страница
Навигация по странице:

  • 4.4 Мамандандырылған соттар

  • Ауданаралық әкімшілік соттар

  • Қылмыстық істер бойынша ауданаралық соттар

  • Кәмелетке толмағандардың істері бойынша ауданаралық соттар

  • Мамандандырылған қаржылық сот

  • 5 Соттардың құқықтық актілерінің түсінігі және түрлері

  • Сот жүйесі. _аза_стан Республикасыны_ сот ж_йесі. азастан Республикасыны сот жйесі


    Скачать 0.94 Mb.
    Названиеазастан Республикасыны сот жйесі
    АнкорСот жүйес
    Дата13.10.2022
    Размер0.94 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла_аза_стан Республикасыны_ сот ж_йесі.doc
    ТипДокументы
    #731149
    страница5 из 10
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

    4.3 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

    Республикамыздың Жоғарғы Сотының мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленеді. Республикамыздың Жоғарғы Соты жергілікті және басқа соттардың соттылығындағы азаматтық, қылмыстық және басқа істер бойынша жоғарғы сот органы болып табылады, заңмен белгіленген процессуалдық нысанмен олардың қызметін қадағалайды және сот тәжірибесі бойынша түсіндірулер береді.

    Жоғарғы Сот еліміздің бірыңғай сот жүйесінің жоғарғы буыны болып табылады. Ол сот істері бойынша қадағалау сатысы болып саналады. Шын мәнінде, оның қатысуымен соттың істі қарауы аяқталады: егер қадағалау сатысы бұрын шығарылған барлық шешімдердің заңдылығын растаса, осымен істің әрі қарай қараудың процессуалдық мүмкіндігі тәмамдалады. Жоғарғы Сот оның әрі қарай сот болашағына «нүкте» қояды.

    Жоғарғы Сот:

    1. өзінің соттылығна жатқызылған сот істерін және материалдарын қарастырады;

    2. сот тәжірибесін зерттейді және оны жинақтау қорытындылары бойынша республика соттарымен сот төрелігін жүргізгенде заңдылықты сақтау сұрақтарын қарастырады;

    3. нормативтік қаулылар қабылдайды, сот тәжірибесі сұрақтары бойынша түсінік береді;

    4. заңмен белгіленген басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Жоғарғы Сот Төрағадан және судьялардан тұрады.

    Жоғарғы Сот судьяларының саны Жоғарғы Сот Төрағасының ұсыныс бойынша Қазақстан Республикасының Президентімен белгіленеді.

    Жоғарғы Сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.

    Жоғарғы Сот органдары болып табылатындар:

    1. пленарлық отырыс;

    2. азаматтық және әкімшілік істер бойынша қадағалау сот алқасы;

    3. қылмыстық істер бойынша қадағалау сот алқасы.

    Сот алқасын төраға басқарады, ол Конституциялық заңмен белгіленген тәртіпте лауазымына тағайындалады.

    Сот алқаларының сандық және кісілік құрамы Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша Жоғарғы Соттың пленарлық отырысымен белгіленеді. Жоғарғы Сот Төрағасы олардың сандық құрамы туралы ұсыныс енгізеді, ол негізге алынғанымен, кесімді шешім қабылдайтын пленарлық отырыстың талқылау барысында өзгеруі немесе толықтырылуы мүмкін.

    Жоғарғы Сот Төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқара отырып:

    1) жоғарғы сот органы ретінде Жоғарғы Сотты басқарады;

    2) сот алқасы және мамандандырылған құрамы отырыстарында төрағалық етуге құқылы;

    3) Жоғарғы Соттың пленарлық отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етеді;

    4) заңмен көзделген негіздер бойынша қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау туралы ұсыныстарды және сот тәжірибесінің сұрақтары бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын қабылдау үшін материалдарды Жоғарғы Соттың пленарлық отырысына қарастыруға енгізеді;

    5) Жоғарғы Соттың пленарлық отырысына ғылыми-консультациялық кеңес мүшелерін және Жоғарғы Соттың пленарлық отырысы хатшысының кандидатураларын бекітуге ұсынады;

    6) қажет болған жағдайда бір сот алқасының құрамында істерді қарау үшін басқа сот алқасының судьяларын қатыстырады;

    6-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы және судьялық этика нормаларын сақтау бойынша жұмыстарды қамтамасыз етеді;

    7) Жоғарғы Сот жұмысының жоспарын бекітеді;

    8) алқалар жұмысын үйлестіреді;

    9) Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне уәкілетті орган туралы ережені ұсынады;

    9-1) Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген штаттық сан лимиті көлемінде әлеуметтік органның құрылымын және штаттық кестесін заңмен белгіленген тәртіппен бекітеді;

    9-2) заңмен белгіленген тәртіппен уәкілетті органның басшысын және оның орынбасарларын лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;

    10) азаматтарға жеке қабылдау жүргізеді;

    11) өкімдер шығарады.

    Жоғарғы Сот Төрағасы республикамыздың мемлекет билігінің басқа тармақтарының органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынаста республикамыздың сот жүйесінің мүддесін білдіреді.

    Жоғарғы Сот Төрағасы:

    1. тиісті пленарлық отырыстардың төрағаларының, жергілікті және басқа соттардың сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының және судьяларының бос лауазымына альтернативтік негізде кандидатураларды қарастыруға ұсынады;

    2. Жоғарғы Сот Кеңесіне аудандық соттар төрағаларының бос лауазымына кандидатураларды жергілікті және басқа соттардың пленарлық отырыстарының шешімдері негізінде ұсынады;

    3. Жоғарығы Сот Кеңесіне Жоғарғы Сот судьяларының және сот алқалары төрағаларының, облыстық сот төрағаларының және сот алқалары төрағаларының лауазымына кандидатураларды Жоғарғы Соттың пленарлық отырысының шешімі негізінде ұсынады;

    4. заңды жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар енгізеді;

    5. Конституциялық заңмен көзделген негіздер пайда болғанда республика соттары судьяларының және төрағаларының, сот алқалары төрағаларының өкілеттіктерін тоқтату сұрақтары бойынша материалдарды және ұсыныстарды Жоғарғы Сот Кеңесіне ұсынады;

    6. Қазақстан Республикасының Президентіне уәкілетті органның қызметкерлерін және судьяларды мемлекеттік марапатпен марапаттау және оларға құрметті атақ беру туралы ұсыныс енгізеді;

    7. Республика судьяларына «Құрметті судья» атағын береді, осы атақты беру тәртібі туралы Ережені бекітеді;

    8. заңмен және басқа нормативтік құқықтық актілермен көзделген басқа өкілеттілікті жүзеге асырады.

    Жоғарғы Сот судьяларымен сот істерін қарастыруды ұйымдастыру сұрақтарымен Жоғарғы Сот Төрағасы айналысады. Бұл, іс жүргізудегі барлық істер процессуалдық мерзімде, білікті, жан жақты және заңды қаралуы бойынша барлық қажетті шараларды ол қабылдауы қажет екендігін білдіреді. Бұл дегеніміз алқаларда мамандандырылған құрамдар құру, судьяларды нормативтік және басқа материалдармен қамтамасыз ету, істерді шешу мерзімін сақтауды бақылау және көптеген басқалары.

    Жоғарғы Сот Төрағасының уақытша болмауы (ауырып қалғандықтан уақытша еңбекке жарамсыздығы, демалыста немесе қызметтік іс сапарда болуы) оның міндеттерін тиісті мерзімге Жоғарғы Сот алқаларының бір төрағасына беруді қажет етеді. Жоғарғы Сот Төрағасының орнынан түсуіне немесе өкілеттігінің басқа жағдайларда уақытынан бұрын тоқтауына байланысты Төрағаның міндеттерін уақытша орындау Жоғарғы Сот алқалары төрағаларының (судьяларының) біріне Қазақстан Республикасы Президентімен жүктеледі. Жоғарғы Сот Төрағасының міндеттерін оны ауыстыратын тұлғаға жүктеу жазбаша өкіммен жасалады.

    Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары тұрақты судьялар болып табылады. Судьялар ретінде олар сот билігін таратушылар болып табылады және сот төрелігін жүзеге асыру қызметін атқарады. Бұдан басқа сот алқаларының төрағаларына, олардың лауазымдық жағдайларына тән, табиғаты жағынан ұйымдастыру-қамсыздандыру болып табылатын міндеттер жүктелген.

    Сот алқасының төрағасы:

    1. сот алқасының отырыстарында төрағалық етеді;

    2. судьялармен сот істерін қарастыруды ұйымдастырады;

    3. сот тәжірибесін зерттеу және оны жинақтау жұмыстарын ұйымдастырады;

    4. Жоғарғы Соттың пленарлық отырысында қарастыру үшін судьялармен тиісті құжаттар дайындауды қамтамасыз етеді;

    5. Сот алқасының қызметі туралы ақпаратты Жоғарғы Соттың пленарлық отырысына ұсынады;

    6. Заңмен белгіленген басқа өкілеттікті жүзеге асырады.

    Сот алқасы төрағасының уақытша болмауы кезінде оның міндеттерін орындау Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен сот алқасының бір судьясына жүктеледі.

    Жоғарғы Соттың пленарлық отырысы:

    1. Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша тиісті сот алқасының сандық және кісілік құрамын белгілейді;

    2. сот тәжірибесін зерттейді және оны жинақтау қорытындылары бойынша республика соттарымен сот төрелігін жүргізгенде заңдылықты сақтау сұрақтарын қарастырады;

    3. нормативтік қаулылар қабылдайды, сот тәжірибесінің сұрақтары бойынша түсініктер береді және заңды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

    4. заңға сәйкес қадағалау тәртібімен сот істерін қарайды;

    5. уәкілетті орган басшысының және Жоғарғы Сот алқалары төрағаларының ақпараттарын тыңдайды;

    6. Қазақстан Республикасы Конституциясының 47 бабы 2 пунктімен белгіленген жағдайларда тұжырым береді;

    7. Облыстық сот төрағасының, облыстық сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьяларының және сот алқалары төрағаларының бос лауазымына кандидатураларды талқылайды және тиісті тұжырым шығарады;

    8. Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша пленарлық отырыс хатшысын және ғылыми-консультативтік кеңестің құрамын бекітеді және құпия дауыс берумен Сот төрешісін (жюри) сайлайды;

    9. сот төрелігін жүргізуде төмен көрсеткіштері бар немесе сот істерін қарастыруда заңдылықты жүйелі түрде бұзған судьяға қатысты материалдарды Сот төрешісіне (жюри) жолдау туралы сұрақты талқылайды және тақылау қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылдайды;

    10. судья мантиясының сипаттамасын және түрін бекітеді;

    11. заңмен белгіленген басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Пленарлық отырыс Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санының үштен екісінен кем болмаған жағдайда ғана құқықты болып саналады. Жоғарғы Соттың пленарлық отырысының жұмыс тәртібі оның бекітілген регламентімен анықталады.

    Жоғарғы Сот жанында ғылыми-консультативтік кеңес және баспасөз органы құрылады.

    4.4 Мамандандырылған соттар

    Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық жүйесі мемлекеттің сот құрылысын айқындайды. Қазақстан біртұтас (унитарлық) мемлекет болғандықтан (Конституцияның 2 бабы 1 пункті) сот билігінің құрылымы тік құрылысты болып келеді. ҚР Конституциясының 75 бабының 3 пункті заңмен ұйымдастырылатын Жоғарғы Сот және жергілікті соттар Республикамыздың соттары екендігін айқындайды. Бұл тізім толық сипатқа ие. Сот билігі Конституциямен және тиісті заңмен құрылған соттармен, оның тұрақты судьялары арқылы, кейбір қылмыстық сот ісін жүргізумен белгіленген жағдайларда алқабилердің қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Бұл ереже қандай жағдайлар болса да, соның ішінде төтенше жағдайларда да, императивті сипатқа ие.

    Сондықтан, мемлекеттің сот жүйесіне жататын соттар ғана конституциялық-заңды болып табылады. Жергілікті соттардың құрылымы екі маңызды қағидаға негізделеді. Біріншіден, ол мемлекеттің әкімшілік-аумақтық ұйымдастырылуына байланысты анықталады. Барлық әкімшілік-аумақтық бірліктерде жергілікті соттар құрылады. Екінші қағиданың негізінде сот ісін жүргізудің жеке нысандары (қылмыстық, әкімшілік) немесе сот істерінің дәрежелері (салықтық, экономикалық және басқа) бойынша соттарды мамандандыру жатады.

    Қолданыстағы заңдарға сәйкес Республикамызда құрылған және қызмет қылатын:

    Ауданаралық әкімшілік соттар – әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарастырады.

    Ауданаралық экономикалық соттар – мүліктік даулар бойынша тараптары заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар болып табылатын азаматтық істерді қарастырады.

    Қылмыстық істер бойынша ауданаралық соттар – аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істерді қарастырады.

    Қылмыстық істер бойынша ауданаралық әскери соттар – ҚР ҚК 16 тарауымен көзделген аса ауыр әскери қылмыстар, әскери қызметтегілермен, өздерінің әскери жиыны кезінде запастағы азаматтармен, әскери бөлімдердің, мекемелердің азаматтық кісілерімен өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында немесе сол бөлімдердің, мекемелердің ғимараттарында жасаған басқада аса ауыр қылмыстар туралы істерді қарастырады.

    Кәмелетке толмағандардың істері бойынша ауданаралық соттар – кәмелетке толмаған тұлғалармен жасалған қылмыстар туралы істерді қарастырады.

    Мамандандырылған қаржылық сот – Алматы қаласының аумақтық қаржылық орталы қатысушыларының дауларын қарастырады.

    Мамандандырылған соттар жергілікті соттардың бөлігі болып табылады және ҚР сот жүйесінің жалпы құрылымына кіреді. Мамандандырылған соттар үшін бөлек процессуалдық немесе материалдық құқық жоқ, олардың ұйымдық-құқықтық мәртебесі тиісті деңгейіне тең. Соттарды ұйымдастыру және судьялар корпусын құру тәртібі, судьялардың құқықтық жағдайы, сот ісін жүргізу түрлері, компетенция көлемі барлық жергілікті соттарға, соның ішінде сот жүйесіндегі орнына қарай мамандандырылған соттар үшінде бірыңғай.

    5 Соттардың құқықтық актілерінің түсінігі және түрлері

    Мақсаты: соттардың құқықтық актілерінің азмұнын ашу және ерекшеліктерін бөліп шығару
    Соттар, басқа мемлекеттік органдар сияқты, өз қызметін жүзеге асыру барысында құқықтық актілер, яғни құқықтық нормалары бар құжаттар – орындалуы және сақталуы міндетті ұйғарымдар, құқық пайдалану субъектілерімен қолданылуы мүмкін құжаттарды шығарады.

    Соттың құқықтық актілеріне жататындар:

    • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының құқықтық қаулылары;

    • Соттардың ұйымдастыру-құқықтық актілері;

    • Құқықпайдалану актілері;

    • Басқа да қосымша процессуалдық құжаттар.

    Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының құқықтық қаулыларынормативтік құқықтық актілердің сатылығынан тыс тұрған заң күшіндегі нормативтік актілерге жатады.

    Соттардың ұйымдастыру-құқықтық актілеріне олардың ұйымдастыру және қызмет сұрақтарына байланысты сот жүйесінің ішкі құжаттары – бұйрықтар, регламенттер, шолулар, сот тәжірибесін жинақтау, сот статистикасын талдау және т.б. жатады.

    Соттардың құқық қолдану актілері сот төрелігін жүргізу бойынша олардың өкілеттігін жүзеге асырумен байланысты соттардың (судьялардың) ресми жігерлі шешімдерін көрсетеді. Соттар қылмыстық, азаматтық және басқа істерді қарастыра және шеше отыра үкімдер, шешімдер, қаулылар, ұйғарымдар шығарады, ұсыныстар енгізеді және тұжырымдар береді.

    Құқықпайдалану актілерінің белгілері:

    1) процессуалдық құжаттар болып табылады;

    2) оларды қолдану заңмен қатаң регламенттелген;

    3) іс бойынша жүргізуді анықтайтын соттың жігерлі шешімі бар;

    4) материалдық және процессуалдық заңға сілтеме болады;

    5) шартты айқындылығы болуы, негізделген және дәлелденген болуы керек;

    6) мәжбүрлау күштерімен қамтамасыз етіледі (орындалуға міндеттілігі);

    7) олардың маңыздыларының басым көпшілігі кеңес бөлмесінде шығарылады;

    8) үкімдер мен шешімдер Қазақстан Республикасының атынан шығарылады;

    9) сотта жарияланады;

    10) қайта қарау мүмкіндігіне жол беріледі.

    Қылмыстық істер бойынша соттың негізгі құқықтық актілері болып үкімдер және қаулылар саналады. Үкімдер сот қарауының нәтижелеріне қарай айыптайтын немесе ақтайтын болады. Қаулылар әдеттегі немесе жеке, шағымдалатын және қайта қарауға келмейтін болуы мүмкін. Қылмыстық істер бойынша сонымен бірге ұсынымдар шығарылады және тұжырымдар беріледі.

    Азаматтық істер бойынша сот шешімдер, ұйғарымдар, қаулылар, бұйрықтар қабылдайды, ұсынымдар енгізеді және тұжырым береді. Шешімбұл бірінші, апелляциялық сатыдағы соттармен азаматтық істі қарастырғанда және оны мәнісі бойынша шешкенде шығарылатын сот актісі. Бұйрық заңмен арнайы белгіленген жағдайларда, даусыз талаптар бойынша, борышкерден ақшалай соманы өндіріп алу немесе жылжыйтын мүлікті сұратып алу туралы өндіріп алушының арызы бойынша бірінші саты сотымен шығарылған акт. Бұйрықтың шешімнен айырмашылығы ұсынған құжаттар негізінде, борышкерді және өндірушіні шақырмай, олардың түсініктерін тыңдамай және сот тексеруісіз құрастырылуында. Шешімді шығару үшін сот тыңдауын жүргізу қажет. Ұйғарымазаматтық істі мәнісі бойынша шешпейтін бірінші, апелляциялық немесе кассациялық саты соттарының актісі. Өзінің заңдық табиғаты және мағынасы жағынан ол қылмыстық істердің сот қаулысына сәйкес. Әдеттегі ұйғарымдардан басқа сот азаматтық істерді қарағанда жеке ұйғарымдар шығарады. Қылмыстық істердегі жеке қаулылар сияқты жеке ұйғарымдар сот отырысында заңдылықтың бұзылғаны анықталған жағдайларда шығарылады. Азаматтық істер бойынша қаулылар – қадағалау сатысы сотының актісі. Ол қадағалау тәртібінде шағымдар мен наразылықтар бойынша азаматтық істерді қайта қарағанда қабылданады. Азаматтық істер бойынша шығарылатын тұжырымдар және ұсынымдар қылмыстық іс жүргізудегі сәйкес құжаттарға ұқсас.

    Әкімшілік және басқа істер бойынша соттар қаулы қабылдайды.

    Соттың басқа да қосымша процессуалдық құжаттарынасот отырысының хаттамасын және жеке айыптаушыға құқықтарын түсіндіру хаттамасын жатқызуға болады.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


    написать администратору сайта