Сот жүйесі. _аза_стан Республикасыны_ сот ж_йесі. азастан Республикасыны сот жйесі
Скачать 0.94 Mb.
|
Сот приставы - мемлекеттiк қызметте тұратын және соттар қызметінің белгіленген тәртібін қамтамасыз ету бойынша өзiне жүктелген мiндеттердi орындайтын лауазымды тұлға. Сот приставтарының мiндеттерi: 1) сот отырысы кезiнде, сондай-ақ сот орындаушылары атқарушылық iс-әрекеттер жасаған кезде залда қоғамдық тәртiптi сақтау; 2) бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын бақылау; 3) iс жүргiзу әрекеттерiн орындауда сотқа жәрдемдесу; 4) сот үйлерiн күзетудi қамтамасыз ету, судьяларды және процестiң басқа да қатысушыларын күзету, сондай-ақ атқарушылық iс-әрекеттерiн жасау кезiнде сот орындаушылары мен осы iс-әрекеттерге қатысатын тұлғаларды күзету; 5) соттардың және басқа органдардың орындаушылық құжаттарын орындауға мәжбүр етуде сот орындаушыларына жәрдем көрсету. Сот приставтарының бөлiмшелерi Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында және жергілікті соттарда құрылуы мүмкін. Сот приставтарының бөлімшелеріне аға сот приставтары жетекшілік етеді. Сот приставы өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында: - азаматтардан сот қызметiнiң белгiленген тәртiбiн сақтауды, сондай-ақ соттың үй-жайында және сот отырысы залында құқыққа қайшы iс-әрекеттер жасауды тоқтатуды талап етуге; - сот орындаушылары атқарушылық iс-әрекеттер жасаған кезде азаматтардың белгiленген тәртiптi сақтауын және құқыққа қарсы iс-әрекеттердi тоқтатуын талап етуге; - соттың үй-жайында (көшпелi отырыс өткiзiлген жағдайда - сот отырысы өткiзiлiп жатқан үй-жайда) және сот орындаушылары атқарушылық iс-әрекеттер жасаған кезде құқық бұзушыны әкiмшiлiк жолмен ұстауға; - заңдарда белгiленген тәртiппен жауапқа тарту үшiн құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға; - құқық бұзушыны құқық қорғау органдарына жеткiзуге; - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен атыс қаруын арнаулы құралдар мен күш қолдануға құқылы. Сот приставы: 1) өзiне берiлген құқықтарды қатаң заңға сәйкес пайдалануға және өз қызметiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге жол бермеуге; 2) судьяларды және сот процесiне қатысатын өзге де тұлғаларды, сондай-ақ атқарушылық iс-әрекеттердi жасаған кезде осындай iс-әрекеттерге қатысатын тұлғаларды күзетудi жүзеге асыруға; 3) кеңесу бөлмелерiн, соттың басқа да үй-жайлары мен үйлерiн күзетудi қамтамасыз етуге; 4) атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдарға сәйкес атқарушылық iс-әрекеттер жасауға қатысуға; 5) сот отырысы залында және соттың үй-жайында, сондай-ақ атқарушылық iс-әрекеттердi жасаған кезде құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге; 6) судьяның тапсырмасы бойынша қылмыстық iс пен заттық айғақтарды жеткiзудi және соттың тұрақты орналасқан жерiнен тыс сот талқылауын жүргiзу кезiнде олардың сақталуын қамтамасыз етуге; 7) судьяның сот талқылауын жүргiзу тәртiбiн сақтауға байланысты өкiмдерiн орындауға; 8) сотқа келуден жалтарған адамдарды сот орындаушысына немесе атқарушылық iс-әрекеттер жасалатын жерге күштеп алып келудi жүзеге асыруға; 9) қамауға алынған адамдарды қорғау және олардың қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша қарауыл қызметi қызметкерлерiмен өзара iс-қимыл жасауға мiндеттi. Кемiнде жиырма бiр жасқа толған, орта (орта бiлiмнен кейiнгi) бiлiмi бар, өзiнiң iскерлiк және жеке қасиеттерi бойынша, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi және арнаулы тексеруден өткен, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адам сот приставы болып тағайындала алады. Сот приставтары арнаулы даярлықтан өтiп, содан кейiн табельдiк атыс қаруын сақтау және алып жүру, арнаулы құралдарды пайдалану құқығына ие болады. Сот приставы қызметiне бұрын сотталған немесе қылмыстық жауапкершiлiктен ақталмайтын негiздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен және құқық қорғау органдарынан келеңсiз себептер бойынша шығарылған адамдарды тағайындауға болмайды. Аумақтық органдар мен аумақтық бөлiмдерде сот приставтарын тиiстi аумақтық органдардың басшылары қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот приставтарын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ Сызбалар Судьялар лауазымына заңға сәйкес сайланады немесе тағайындалады және тұрақты негізде өкілетті болады. Судьяның өкілеттігі тек заңмен белгіленген тәртіппен ғана тоқтатылуы мүмкін. Судьяның сот төрелігін жүргізуіне араласуға және қандай болмасын ықпал жасауға ешкімнің құқығы жоқ. Судья қарастырған немесе қарастыруындағы сот істері бойынша қандай болсын түсініктер беруге міндетті емес. Кеңесу бөлмесінің құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етілуі керек. Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық қамтамасыз ету және оларға тұрғын үй беру, сот төрелігін толық және тәуелсіз жүзеге асыруға жеткілікті көлемде, республикалық бюджеттен жүргізіледі. Судья қамауға алынбайды, күштеп әкелінбейді, әкімшілік жазаға тартылмайды, заңмен белгіленген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды 1-сызба. Судьялардың құқықтық жағдайы 2-сызба. Қазақстан Республикасының сот жүйесі Тек қана әкімшілік-аумақтық мәртебе юрисдикциясының және ортақтығының ұйымдық құрылымының қағидаларымен сипатталатын сот жүйесіндегі соттың алып отырған орны сот деңгейлері деп түсініледі. негізгі (аудандық, қалалық соттар, гарнизондардың, құрылымдардың, армияның әскери соттары) орта (облыстық соттар, астананың және республикалық маңыздағы қалалардың соттары, Әскердің әскери соты) жоғарғы (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты) –сызба. Сот деңгейлері Сот инстанциясы - істі шешу дәрежесімен, орныдаған қызметімен, шешетін міндеттерінің шеңберімен, ол үшін берілген өкілеттік сипатымен және көлемімен сипатталатын соттың іс жүргізудегі алып отырған орны. 4-сызба. Сот инстанциялары 5-сызба. Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі Аудандық сот заңмен белгiленген тәртiппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады. 6-сызба. Аудандық және оған теңестірілген соттар Облыстық сот құрамы 7-сызба.Облыстық және оған теңестірілген соттар Нормативтік қаулылар қабылдайды, сот практикасы мәселелері бойынша түсіндірме береді; Өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайды; Заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды; Қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы Жалпы отырыс; 8-сызба. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты жиырма бес жасқа толған; жоғары заң бiлiмi бар, еңбек жолы мiнсiз; біліктілік емтиханын, оның ішінде мамандандырылған магистратурада тапсырған; медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқтығын растаған; сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пiкiрiн алған. 9- сызба. Судьялыққа кандидиттарға қойылатын талаптар Глоссарий Соттардың құқық қолдану актілері – бұл судьялардың сот төрелігін жүргізу бойынша өкілеттігін жүзеге асырумен байланысты соттардың (судьялардың) ресми жігерлі шешімдері. Апелляциялық (жүгіну) - 1) қабылданған қаулылардың, шешімдердің зиян келтіруіне байланысты немесе оларды әділетсіз, заңсыз деп санағанда тұлғалардың шағым келтіруі. Апелляция шешім қабылдаған инстанциядан жоғары тұрғанына беріледі; 2) істі қараған төменгі соттың қаулысын қайта қарау мақсатымен жоғары тұрған (апелляциялық) сотқа жүгіну; 3) төменгі соттың әділетсіз немесе қате қаулысын түзету немесе күшін жойғызу туралы негізделген өтінім жазылған, жоғарғы сотқа берілетін шағым. Апелляциялық инстанция - мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша, мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері бойынша, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларымен істі жеке қарастырып шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына келтірілген апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарастыратын. Апелляциялық сот алқасы - мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша, мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері бойынша, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларымен істі жеке қарастырып шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына келтірілген апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды қарастыратын облыстық соттың органы. Жоғарғы сот – мемлекеттің жоғарғы сот мекемесі. Қазіргі мемлекеттердің жоғарғы соттарының құзыретіне әдетте мемлекеттің дербес бөлімдерінің арасындағы дауларды шешу, жоғары лауазымды тұлғалардың қылмыстары және өте маңызды мемлекеттік қылмыстар туралы істерді қарау жатады. Барлық төменгі соттардың шешімдеріне шағымданатын жоғарғы инстанция сонымен бірге конституцияны түсіндіруді және оған басқа актілердің сәйкестігі туралы сұрақтарды шешуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты – жергілікті басқа соттарға сотты азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және басқа істер бойынша Қазақстан Республикасының жоғарғы сот органы. Әскери сот – бұл Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кіретін және Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріндегі ортақ құқықтық өкілетті (юрисдикциялы) сот. Әскери қызметтегілермен, әскери жиыны кезінде әскери міндеттілермен, қауіпсіздік органдарының қатардағыларымен және офицерлерімен, түзету мекемелерінің басқарушы құрамының тұлғаларымен жасалған қылмыстар туралы істер Әскери соттың соттылығына жатады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот кеңесі Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметiн қамтамасыз ету департаментi - Жоғарғы Соттың, жергiлiктi және басқа да соттарының облыстардағы, астанадағы және республикалық маңыздағы қалалардағы аумақтық бөлімшелерінің (соттар кеңселерiнiң) қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ететiн уәкілетті орган. Алқабиге кандидат – Қазақстан қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес алқабилерді іріктеуге әрі қарай қатысу үшін алқабилер тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының азаматы. Кассациялық инстанция - мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша алқабилердің қатысуымен шығарылған, облыстық және оған теңестірілген соттармен істі апелляциялық тәртіппен қарастырғанда шығарылған, заңды күшіне енбеген үкімдер мен қаулыларға (ҚІЖК 423 бабының 3 бөлімімен белгіленген қаулылардан басқа) келтірілген кассациялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарастыратын сот. Кассациялық сот алқасы – қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттардың, қылмыстық істер бойынша ауданаралық әскери соттардың алқабилер қатысуымен шығарған, сонымен бірге облыстық және оған теңестірілген соттармен істі апелляциялық тәртіппен қарастырғанда шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдерін (қаулыларын) қарастыратын облыстық соттың органы. Өкілетті сот – Қазақстан Республикасы іс жүргізу заңдарына сәйкес тиісті істерді қарауға уәкілеттенген, Қазақстан Республикасы сот жүйесінің соты. Ауданаралық әкімшілік сот - әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қарайтын мамандандырылған сот түрі. Қылмыстық істер бойынша ауданаралық әскери сот – ҚР ҚК 16 тарауымен көзделген аса ауыр әскери қылмыстар, әскери қызметтегілермен, өздерінің әскери жиыны кезінде запастағы азаматтармен, әскери бөлімдердің, мекемелердің азаматтық кісілерімен өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында немесе сол бөлімдердің, мекемелердің ғимараттарында жасаған басқада аса ауыр қылмыстар туралы істерді қарастыратын мамандандырылған сот түрі. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша ауданаралық сот – кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар туралы істерді қарастыратын мамандандырылған сот түрі. Қылмыстық істер бойынша ауданаралық сот – аса ауыр қылмыстар туралы және алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарастыратын мамандандырылған сот түрі. Ауданаралық экономикалық сот – тараптары заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар болып табылатын мүліктік даулар бойынша азаматтық істерді қарастыратын мамандандырылған сот түрі. Қадағалау инстанциясы – алдыңғы инстанциялардың заңды күшіне енген сот шешімдеріне тараптың келтірген шағымы немесе наразылығы бойынша қадағалау тәртібінде істі қарайтын сот. Судьялардың тәуелсіздігі – демократиялық мемлекеттерде судьялардың, халықтық алқабилердің, алқабилердің сот істерін заң негізінде, оларға ешкім ықпал етпейтін жағдайларда шешетіндігін білдіретін сот төрелігінің конституциялық принципі. Судьялардың ауыспайтындығы – сот ісін жүргізудің (сот жүйесінің) негізгі конституциялық принциптерінің бірі. Судьяның лауазымға тағайындалғанда өмірлік немесе шекті жасқа жеткенше жұмыс істейтіндігін білдіреді. Жоғарғы Соттың Жалпы отырысының нормативтік қаулылары – сот тәжірибесінің сұрақтары бойынша жетекшілік түсініктер беретін, ҚР Жоғарғы сотымен шығарылатын актілері; нормативтік құқықтық актілердің иерархиясынан тыс, заң күшіндегі нормативтік құқықтық актілерге жатады. Іскерлік айналым әдет-ғұрыптары – қандай бір құжатта тіркелген-тіркелмегендігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық келісім шарттар саласында қалыптасқан және кеңінен қолданылатын мінез-құлық ережелері. Ұйғарым – бұл бірінші, апелляциялық немесе кассациялық инстанция сотының азаматтық істің мәнін шешпегенде қабылдайтын құжаты. Соттың ұйымдастыру-құқықтық актілері – бұл сот жүйесінің ұйымдастыру және қызметі сұрақтарына байланысты ішікі құжаттары - бұйрықтар, регламенттер, шолулар, сот тәжірибесін жалпылау, сот статистикасын талдау және т.б. Қарсылық білдіру – азаматтық-іс жүргізу, төрелік сот ісін жүргізу және қылмыстық іс жүргізу құқықтарының институты, алдын ала тергеудің және сот талқылауының шындығын және әділдігін қамтамасыз ету құралы. Судья, алқаби, прокурор, тергеуші, сот отырысының хатшысы, сарапшы және аудармашы, егер олар істің нәтижесіне тікелей не жанама ынталық білдірсе немесе олардың әділдігіне күмән туғызатын басқа жағдайлар болса, істі қарауға қатыса алмайды және оларға қарсылық білдіріледі. Қаулылар – бұл соттың қылмыстық және әкімшілік істерді қарастырғанда қабылдайтын құжаты. Азаматтық істің қаулысы – азаматтық істерді қадағалау шағымдары және наразылықтары бойынша қадағалау тәртібімен қарасырғанда қадағалау инстанциясының сотымен қабылданатын құжат. Үкім – бұл соттың қылмыстық істі қарастырғанда қабылдайтын акті. Сот талқылауының нәтижесіне қарай айыптау немесе ақтау түрінде болады. Бұйрық – заңмен белгіленген жағдайларда даусыз талаптар бойынша өндіріп алушының ақшалай соманы өндіріп алу немесе борышкерден жылжымалы мүлікті сұратып алу туралы арызы бойынша бірінші инстанция сотының қабылдаған құжаты. Алқаби – бұл заңмен белгіленген тәртіппен соттың қылмыстық істі қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы. Регламент – бұл қызметті жүзеге асыруды, іс-шараларды және әрекеттерді өткізу тәртібі мен уақытын белгілейтін және реттейтін, оларды белгіленген шамамен шектейтін ережелер. Аралық сот регламенті – тұрақты істейтін аралық сот қызметін ұйымдастыру тәртібі. Шешім - бұл бірінші, апелляциялық немесе кассациялық инстанция сотының азаматтық істі қарастырғанда және мәнін шешкенде шығаратын сот құжаты. Мамандандырылған қаржылық сот – Алматы қаласының аумақтық қаржылық орталығы қатысушыларының дауларын қарстыратын мамандандырылған сот түрі. Бірінші инстанция соты – бұл сот отырысында істің мән-жайын тікелей зерттеуді және анықтауды жүзеге асыратын және сол бойынша сәйкес шешім немесе үкім шығаратын сот; істі мәні бойынша қарастыратын және шешетін сот. Сот билігі – бұқаралық биліктің (заңшығармашылық және атқарушылықпен бірге) өзіндік және тәуелсіз сферасы, сот төрелігін жүзеге асыру бойынша өкілеттіктер жиынтығын, яғни іс жүргізу заңымен белгіленген қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және конституциялық істерді (дауларды) қарау және шешу бойынша өкілеттіктердің жиынтығын, ал кей кездері құқық нормаларын түсіндіру өкілеттіктерінің, норма шығарушылық өкілеттіктердің, бақылау өкілеттіктерінің және кейбір басқа да көмекші өкілеттіктердің жиынтығын білдіреді. Сот қорғауы – ҚР азаматының конституциялық құқықтарының бірі, айыпталушының (сотталуышының) айыптауды теріске шығаруға немесе жауапкершілігін жеңілдетуге, жеке бостандықты және мүлікті қылмыстық қолсұғылушылықтан, өмірін және денсаулығын, намысын және абыройын қорғауға бағытталған процессуалдық әрекеттердің жиынтығы. Сот инстанциясы – бұл істі белгілі өкілетті сотта қарастыру деңгейі. Сот алқасы – бұл Қазақстан Республикасында нақты істі қарайтын сот құрамы – жергілікті соттардың және Жоғарғы Соттың құрылымдық бөлімшесі. Сот жүйесі - сот төрелігін жүзеге асыру қатынастарымен өзара байланысты, жалпы міндеттері бар, мемлекеттің барлық соттарының жиынтығы. Сот шешімі – бұл дауласып жатқан тараптар үшін, қарастыруға берілген дауды реттеуге қатысты, заң жүзіндегі міндетті шешім. Сот жарыссөзі – бұл сот тергеуі аяқталғаннан кейін басталатын сот талдауының өзіндік бөлімі, мұнда сот жарыссөзіне қатысушы қылмыстық іс жүргізу субъектілері сот тергеуінде не орын алғаны туралы қорытынды жасайды. Сот жарыссөзіндегі соңғы ілікпе сөз сотталушыға және қорғаушыға тиесілі. Сот орындаушы – бұл сот актілерін және басқа мемлекеттік органдардың актілерін орындау бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындайтын және мемлекеттік қызметте тұратын лауазымды тұлға. Сот қадағалауы – сот қаулыларының және ұйғарымдарының, шешімдерінің, үкімдерінің заңдылығын және негізділігін тексеру бойынша, азаматтық, сот органдарына қылмыстық істерді қарастыруда заңдарды қолдану бойынша жетекшілік түсініктер беру бойынша және соттар арасындағы дауларды шешу бойынша соттардың процессуалдық. Сот аудармашысы – сот ісін жүргізілетін немесе процесске қатысушылардың бірі түсінік беретін тілді еркін меңгерген сот процессіне қатысушы. Сот прецеденті – нақты іс бойынша сотпен қабылданған шешім; сол немесе төменгі инстанция соттары үшін ұқсас істі шешу үшін міндетті ереже болып қалыптасады. Сот приставы – бұл мемлекеттік қызметте тұратын және соттардың қызметінің белгіленген тәртібін қамтамасыз ету бойынша өзіне жүктелген міндеттерді атқаратын лауазымды тұлға. Сот деңгейі – тек қана әкімшілік-аумақтық мәртебенің юрисдикциясы және ортақтығы, ұйымдық құрылым қағидаларымен сипатталатын сот жүйесіндегі соттың алып отырған орны. Судьялар иммунитеті – судьяларға сот билігін қолданушы ретінде ешкімнің тиіспеушілігі; бұл судьяны тиісті өкілетті органның келісімісіз еріксіз келтіруге, қамауға алуға, қылмыстық жауапкершілікке тартуға жол берілмейді деген сөз. Судья – мемлекеттің сот билігін қолданушы болып табылатын лауазымды тұлғасы. Нақты дауды қарау үшін аралық сот азаматтық-құқықтық келісім шарт негізінде пайда болған дауды шешу үшін тараптармен құрылады және сол дауды шешкенше немесе тараптармен дауды өкілетті сотқа беру туралы шешім қабылдағанша қызметін асырады. Аралық судья – дауды аралық сотта шешу үшін Заңның нормаларына сәйкес тараптармен келісілген тәртіпте тағайындалған немесе тараптармен сайланған жеке тұлға. Аралық iс қарау - аралық сотта дауды қарау және аралық соттың шешiм қабылдау процесi. Аралық келісім - шарт тараптарының туындаған немесе туындауы мүмкiн дауды аралық соттың қарауына беру туралы жазбаша келiсiмi. Ағымдық бақылау тестілері 1 Заңмен белгіленген тәртіпті және рәсімді сақтау және мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын пайдаланып қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және басқа істерді қарау мен шешу бойынша соттардың қызметі қалай аталады? А) құқық қолдану; В) сот төрелігі; С) құқықты қалпына келтіру; D) жазалау; Е) конституциялық бақылау. 2 Келісімді анықтамасын көрсетіңіздер: «Сот төрелігі - бұл… А) құқық қолдану; В) Заңмен белгіленген тәртіпті және рәсімді сақтау және мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын пайдаланып қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және басқа істерді қарау мен шешу бойынша соттардың қызметі; С) бұзылған құқықты қалпына келтіру; D) жазалау; Е) әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру. 3 Қазақстан Республикасында сот билігі ... атынан жүзеге асырылады. А) халықтың; В) Президенттің; С) судьяның; D) Қазақстан Республикасының; Е) Конституцияның. 4 Сот жүйесі бұл -… А) алдарына қойылған міндеттері мен мақсаттарына және олардың өкілеттігіне сәйкес құрылған соттар жиынтығы; В) соттың заңды күшіне енбеген қаулыларына және шешімдеріне, үкімдеріне келтірілген шағымдар және наразылықтар бойынша істерді қарайтын соттар жиынтығы; С) соттың заңды күшіне енген қаулыларына және шешімдеріне, үкімдеріне келтірілген шағымдар және наразылықтар бойынша істерді қарайтын соттар жиынтығы; D) істерді мәні бойынша қарайтын және шешетін соттар жиынтығы; Е) мамандандырылған соттар жиынтығы. 5 Заңды күшіне енген сот шешімдеріне келтірілген шағымдар мен наразылықтар бойынша істерді қарайтын сот қай инстанцияға жатады? А) қадағалау инстанциясы; В) апелляциялық инстанция; С) бірінші инстанция; D) жоғарғы инстанция; Е) кассациялық инстанция. 6 Істі мәні бойынша қарайтын және шешетін сот … соты болып табылады. А) бірінші инстанция; В) қадағалау инстанция; С) апелляциялық инстанция; D) кассациялық инстанция; Е) негізгі инстанция. 7 Апелляциялық инстанция соты дегеніміз - ... А) заңды күшіне енген сот шешімдеріне келтірілген шағымдар мен наразылықтар бойынша істі қарайтын сот; В) заңды күшіне енбеген қаулыларға және шешімдерге, үкімдерге келтірілген шағымдар және наразылықтар бойынша істі қарайтын сот; С) істі мәні бойынша қарайтын және шешетін сот; D) алдарына қойылған міндеттері мен мақсаттарына және олардың өкілеттігіне сәйкес құрылған соттар жиынтығы; Е) мамандандырылған сот. 8 Қазақстан Республикасы сот билігінің жоғарғы органы болып не табылады? А) облыстық сот; В) аудандық сот; С) қалалық сот; D) Жоғарғы сот; Е) әскери сот. 9 Сот жүйесін шартты түрде қандай үш деңгейге бөледі? А) негізгі, орта, жоғарғы; В) бірінші, екінші, үшінші; С) қылмыстық, азаматтық, әкімшілік; D) бірінші, орта, соңғы; Е) негізгі, екінші дәрежедегі, жоғарғы. 10 Тек әкімшілік-аумақтық мәртебенің юрисдикциясы және ортақтығы, ұйымдық құрылым қағидаларымен сипатталатын сот жүйесіндегі соттың алып отырған орны қалай аталады? А) сот жүйесі; В) сот деңгейі; С) сот билігі; D) сот бақылауы; Е) сот қадағалауы. 11 Сот жүйесін құратындар … А) облыстық және оған теңестірілген соттар; В) Жоғарғы Сот; С) аудандық және оған теңестірілген соттар; D) Әскери соттар; Е) Жоғарғы сот және жергілікті соттар. 12 Облыстық және оған теңестірілген астананың, республикалық маңыздағы қалалардың соттары – бұл: A) негізгі деңгей соттары; B) орта деңгей соттары; C) жоғарғы деңгей соттары; D) төменгі деңгей соттары; E) екінші деңгей соттары. 13 Қазақстан Республикасында қандай сот инстанциялары бар? А) кассациялық және апелляциялық; В) апелляциялық және қадағалау; С) бірінші және кассациялық; D) бірінші, кассациялық және қадағалау; Е) бірінші, апелляциялық, кассациялық және қадағалау. 14 Жоғарғы сот ... соты болып табылады. А) апелляциялық және кассациялық инстанция; В) бірінші және апелляциялық инстанция; С) кассациялық және қадағалау инстанциясы; D) апелляциялық және қадағалау инстанциясы; Е) қадағалау инстанциясы. 15 ... кассациялық инстанция соты ретінде шығуы мүмкін. А) Аудандық сот; В) Жоғарғы Сот; С) Облыстық және аудандық соттар; D) Облыстық сот; Е) Қалалық және облыстық соттар. 16 Сот төрелігін қолдану өкілеттігін жүзеге асыруға байланысты соттың ресми белгіленген ерікті шешімі - бұл… А) соттың ұйымдық – құқықтық актілері; В) ҚР ЖС нормативтік қаулылары; С) құқық қолдану актілері; D) қосымша актілер; Е) нұсқаулар. 17 Қазақстанда қандай мамандандырылған соттар құруға тыйым салынады? А) әскери; В) қаржылық; С) экономикалық; D) қылмыстық істер бойынша соттар; Е) азаматтық істер бойынша соттар. 18 Облыстық сот құрамын көрсетіңіздер. А) сот алқаларының төрағалары және судьялар; В) қылмыстық істер алқалардың төрағалары; С) азаматтық істер алқалардың төрағалары; D) төраға және судьялар; Е) сот алқаларының төрағалары. 19 Қандай сот алқалары облыстық сот органдары болып табылады? А) қадағалау және апелляциялық; В) қадағалау және кассациялық; С) азаматтық істер алқасы және апелляциялық; D) азаматтық істер алқасы, қылмыстық істер алқасы; Е) апелляциялық және кассациялық. 20 Азаматтық және әкімшілік істер бойынша қадағалау сот алқасы, қылмыстық істер бойынша қадағалау сот алқасы ... органдары болып табылады. А) аудандық соттың; В) қалалық соттың; С) облыстық соттың; D) мамандандырылған соттың; Е) ҚР Жоғарғы сотының. 21 Жоғарғы сот жанынан ... құрылады. А) Жалпы отырыс; В) Соттар әкімшісі; С) Жоғарғы сот кеңесі; D) біліктілік алқасы; Е) ғылыми – консультативтік кеңес. 22 Заңға сәйкес аудандық (қалалық) сот судьясы болып, ... азаматтар тағайындалуы мүмкін. (қатесін табыңыз) А) Қазақстан Республикасының азаматтығы бар; В) мінсіз беделі бар; С) жоғары заң білімі бар; D) біліктілік емтиханды жақсы тапсырған; Е) заң мамандығы бойынша еңбек өтілі 10 жылдан кем емес. 23 Судья лауазымында болудың шекті жасын көрсетіңіз. А) шекті жас қойылмаған; В) 50 жас; С) 55 жас; D) 60 жас; Е) 65 жас. 24 Облыстық, аудандық соттардың қызметін материлды-техникалық және өзгеше қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган қалай аталады? А) Конституциялық Кеңес; В) Жоғарғы Сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті; С) Жоғарғы Сот жанындағы сот басқару комитеті; D) Жоғарғы Сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету комитеті; Е) Жоғарғы сот кеңесі. 25 «Алқабилер туралы» заңға сәйкес тұлғалар алқабилер кандидаттарының тізіміне қанша жастан енгізілуі мүмкін? А) 25 жастан; B) 30 жастан; С) 18 жастан; D) 20 жастан; Е) 16 жастан. Бақылаудың қорытынды нысанына дайындалу сұрақтары Пән мазмұны, оның салалық құқықтық ғылымдармен ара қатынасы. Сот қызметін реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілер. Сот жүйесінің тарихи алғы шарттары. Қазіргі кезеңдегі сот органдарының ролі мен мағынасы. Сот билігінің түсінігі және ерекшеліктері, мемлекеттік биліктің басқа салаларымен ара қатынасы. Сот төрелігінің түсінігі, міндеттері және қағидалары. Сот деңгейінің түсінгі. Сот деңгейлерінің түрлері. Сот сатысының түсінігі. Сот сатысының түрлері. Сот жүйесін ұйымдастыру. Аудандық және оларға теңестірілген соттар: құрамы, құзыреті. Облыстық және оларға теңестірілген соттарды құру тәртібі. Облыстық және оларға теңестірілген соттар: құрамы, құрылымы, құзыреті. ҚР Жоғарғы Сот құрамы және органдары. ҚР Жоғарғы Соты төрағасының және сот алқалары төрағаларының өкілетткітері. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты: құрамы, құрылымы, құзыреті. Соттардың құқықтық актілерінің түсініг және түрлері. ҚР Жоғарғы сотының нормативтік қаулылары. Соттардың құқық қолдану актілері: үкімдер, қаулылар, шешімдер, ұйғарымдар, тұжырымдар, ұсыныстар, бұйрықтар. Мамандандырылған соттар түрлері. Әкімшілік соттар: құқықтық мәртебесі, құзыреті. Экономикалық соттар: өкілеттіктері. Судьялардың құқықтық мәртебесі. Судьялар тәуелсіздігінің негізгі кепілдері. Судьялық корпус, оның түсінігі, құрамы және құру тәртібі. Кандидаттарды іріктеу тәртібі және оларға судья өкілетігін беру. Судья лауазымына кандидаттарға қойылатын талаптар. Судьялар өкілеттігін тоқтата тұру. Судьяларды лауазымынан босату. Судьяларды тәртіптік жазаға тарту негіздері. Судьяларға қолданылатын тәртіптік жазалардың түрлері. Тәртіптік жазалар қолдану тәртібі. Сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ету департаментінің өкілеттіктері. Сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ету департаментінің қызметін ұйымдастыру. Жоғарғы сот кеңесінің мақсаттары мен міндеттері. Жоғарғы сот кеңесінің өкілеттіктері. Алқаби түсінігі, олардың мәртебесі. Алқабилерді құқықтық регламенттеу. Алқаби кандидаттарына қойылатын талаптар. Алқабилер тізімін құру тәртібі. Алқабилердің өкілеттіктері. Алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізу. Ұсынылған әдебиеттер тізімі Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылғы 30 тамыз; «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы; Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі, 1997 жылғы 13 желтоқсан; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi № 267 Заңы; «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 17 қарашадағы № 79-IV Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 заңы; «Сот приставтары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шілдедегі № 150 заңы; Судья әдебінің кодексі, 2009 жылғы 18 қараша; «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 02 сәуірдегі № 261-IV заңы; «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы №121 заңы; «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығы. «Қазақстан Республикасында ювенальды әдiлет жүйесiн дамытудың 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 19 тамыздағы № 646 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметi мен сот жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығы; «Аралық соттар туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 22 Заңы; «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараты) туралы ереже» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы №1093 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (сот жүйесінің) 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары, Астана, 2010 жыл; Абдиев Ж. Вопросы и пути реализация создания института присяжных в РК// Предупреждение преступности, 2003 ж. №1 29-30 б. Адам Е. Независимость судьи - гарантия отправления объективного правосудия.// Тураби. 2003 ж. №1. 31-36 б. Адам Е. Судебная власть в конституционной системе разделения властей. //Тураби. 2001 ж. №1. 84-90 б. Айтказина Т.Искусство судейской профессии.//Юр.газета. 2004 ж. 21.04. 1 б. Амренов Т. Соблюдение судейской этики.// Тураби.2002 ж. №6. 34-39 б. Аубеков С. История казахстанского суда присяжных./История государства и права, № 6, 2005 ж. 19 б. Аубекеров С. Каким будет суд присяжных в Казахстане // Мир закона, 2003 ж. №3 23-25 б. Бекбергенов Н.А. Правоохранительная система в РК. Алматы, 2000 ж. Жайлганова А.Н. Правовые основы судебной власти в Республике Казахстан. Автореф.дисс.канд.юр.наук. 2002 ж., 25 б. Жумагулов С. Проблемы профессиональной подготовки судьи: практика и прерспективы./ Тураби, 2004 ж. №2 31-35 б. Жуманбаев Н. Независимость судей – критерии уровня правосудия. //Фемида.2005 ж. №5 28-33 б. Ибрагимов Х. Ю. Правоохранительные органы РК. –Алматы, 2000 ж. Каржаубаев Е. Специализированные суды Республики Казахстан и опыт мирового сообщества//Фемида. № 2 (146) 2008 ж. 16 б. Каржаубаев Е. Понятие и сущность судебной власти в РК//Фемида, № 12 (144) 2007 ж., 22 б. Комментарий к конституционному закону Республики Казахстан «О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан». Астана, 2003 ж. Лобачь С. Реализация принципов права в судебной практике. //Юрист 2005 ж. № 5 49-52 б. Макулбеков Б.Д. Судья при отправлении правосудия независим//Фемида, № 8 (152) 2008 ж. 2 б. Мами К. Духовность и нравственность как качественные категории, обеспечивающие конституционную законность правосудия.// Фемида .2003 ж. №2. 4-7 б. Мами К. Судебная власть в правовом государстве. // Юр.газета. 2003 ж. 15.10., 1-2 б. Мами К. Основные этапы становления судебной системы в суверенном Казахстане. // Правовая реформа в Казахстане. 2003 ж. №2. 34-38 б. Мамедсуниев Т. Нормативные постановления Верховного суда РК – акты правотворческой конкретизации//Фемида. № 6 (138) 2007 ж. 10 б. Нурсеитова Г., Мами К. В Казахстане судебная власть утверждалась. Юридическая газета. 204 ж. 07.05. 1-2 б. Сапаргалиев Г. О характере нормативных актах ВС РК// Правовая реформа в Казахстане, 2003 ж. 20-27 б. Сапаргалиев Г. Судебная система и статус судей РК. // Конституционное право РК: акад.курс .-Алматы, 2002 ж. 398- 438 б. Тулекова А. Предпосылки возникновения судебной власти в Казахстане//Фемида, № 6 (138) 2007 ж. 36 б. Фоменко Ю. Рассудит экономический суд. // Каз.правда . 2003 ж. 24.01., 1 б. Қазақстан Республикасының сот жүйесін ұйымдастыру сұрақтары бойынша құқықтық актілерден үзінділер 1 «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24.08. №858 Жарлығымен бекітілген) 2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы елдің 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық жүйесі дамуының негізгі бағыттарын айқындады. Өткен жылдары мемлекеттік және қоғамдық институттардың қарыштап дамуына ықпал ететін, Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бір қатар аса маңызды заңнамалық актілер қабылданды... Сот төрелігін іске асыру кезінде соттардың тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған сот-құқықтық реформаның жаңа кезеңіне конституциялық деңгейде қарқын берілді. Өлім жазасын қолдану аясы қысқартылып, адамдардың өлімімен ұштасатын террористік қылмыстармен және соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстармен ғана шектелді, бұл Қазақстан жағдайында өлім жазасының іс жүзінде жойылғанын білдіреді. Соттың қамауға алуға санкция беруі енгізілді, прокуратура мен соттың тергеу жүргізу мүмкіндігіне конституциялық тыйым алып тасталды... Қазақстанның сот жүйесі тұтас алғанда азаматтардың құқықтары мен бостандығының, ұйымдар мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің сотта тиімді қорғалуын қамтамасыз етудің қажеттіліктеріне сай келеді. Сот-құқық жүйесін дамыту сабақтастық және кезеңділік негізінде жүзеге асырылады және мынадай бағыттарды көздейді. Оны дамытудың негізгі арқауы соттар мен судьяларды мамандандыру, оның ішінде ювеналдық соттарды дамыту, қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған соттар құру болып табылады, келешекте салық және басқа да мамандандырылған соттар құрылуы мүмкін. Бұл ретте ювеналдық соттар елімізде құрылатын ювеналдық әділет жүйесінің орталық буыны болуы тиіс. Алдағы уақытта қазіргі әкімшілік соттар базасында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді жалпы құзырлы соттардың ведомстволық бағынысына беретін, жариялы-құқықтық дауларды қарайтын әкімшілік әділет жүйесін құру қажет. Сот жүйесінің жетілдіру нәтижесінде түрлі сот инстанциялары функцияларының қосарлануы жойылуға тиіс. Сот жүйесінің даму перспективасы сотқа дейінгі іс жүргізудегі сот бақылауының шегін кезең-кезеңімен кеңейту мүмкіндігімен де байланысты болмақ. Аралық және төрелік соттар жүйелері дамитын болады. Қоғам сот билігінің қызметін толық, объективті және бейтарап жария етілуіне мүдделі. Осы мақсатта халықтың сот қызметі туралы ақпаратқа барынша қол жеткізуін ұсыну арқылы сот жүйесінің ашықтығы мен айқындылығы деңгейін арттыру қажет. Сот ақпараттарын тіркеудің заманға сай құралдарын енгізу сот ісінде бәсекелестік принципін іске асыруға ықпал етеді. Сот жүйесін жоспарлы түрде ақпараттандыру сот төрелігін іске асыру процесінде жедел ақпараттық-құқықтық қолдауды қамтамасыз етуге, істерді қарау мерзімдерін қысқартуға, сот шешімінің орындалу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сот кадрларын іріктеу тәртібін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар қажет, бұл ретте судьялардың кәсібилігі мен биік адамгершілік қасиеттері - сапалы судьялар корпусын қалыптастырудың негізі болып табылатындықтан, судьяға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын қатаңдату мәселесі өзекті болып табылады. Сот қауымдастығының өз тарапынан да судьялардың Судья әдебі кодексінің талаптарын сақтауына қатаң бақылау, жол берілген барлық жөнсіздіктерге барабар әрі шұғыл әрекет етуі қажет. Судья тәуелсіздігі кепілдіктерін орнықтыру үшін соттарды қаржыландыру және судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету "сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс" дейтін Конституция талаптарының толыққанды іске асырылуы маңызды мәселе болып қала беруде, бұл мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, судьялардың әлеуметтік қорғалуы және соттардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі деңгейін кезең-кезеңмен көтеруді көздейді. Сонымен қатар сот төрелігін іске асыруға араласқаны үшін, сотқа құрмет көрсетпегені үшін кінәлі адамдар заңда белгіленген жауапқа тартылуға тиіс. Сот ісін жүргізудің аяқтау сатысы сот актілерін орындау болып табылады, сондықтан олардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ететін шаралар қабылдануы қажет. Осыған байланысты мемлекеттік сот орындаушыларымен қатар жеке сот орындаушыларының институтын енгізу - сот ісін жүргізудің тиімділігін арттырудың маңызды шарасы. Сот шешімдерін орындаудың аралас моделі шеңберінде мемлекеттік сот орындаушылары мемлекеттің кірісіне өндіріп алу, сондай-ақ мемлекеттен өндіріп алу туралы құжаттарды мәжбүрлеп орындату құқығына ие болуға тиіс. Сот актілерін мүлтіксіз орындауға, оның ішінде сот шешімін орындаудан бас тартқаны үшін жауапкершілікті күшейту, борышкерлерге қатысты шектеу шараларын қолдануды одан әрі кеңейту, атқарушылық іс жүргізуге іс жүргізушілік сот бақылауын күшейту арқылы қол жеткізу қажет. |