Сот жүйесі. _аза_стан Республикасыны_ сот ж_йесі. азастан Республикасыны сот жйесі
Скачать 0.94 Mb.
|
Кіріспе Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттіліктің құқықтық негіздерін, соның ішінде оның саяси институттарын айқындайтын негіз қалаушы нормативтік құжат болып табылады. Бұл тең мөлшерде сот жүйесіне де қатысы бар. Оның ең бірбеткей ережелері, сот органдарының рөлі мен орны, сот төрелігінің принциптері, сот билігі тәуелсіздігінің кепілдері, судьяларды тағайындау және сайлау тәртібі, олардың мәртебесі, қылмыстық қудалаудан иммунитеті негізгі заңда жазылған (VII бөлім «Соттар және сот төрелігі). Сонымен бірге, Конституцияға азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары енгізілген, сот билігін таратушылар өз қызметінде мұны басшылыққа алып отыруы тиіс. Конституцияның негізінде 2000 жылғы 25 желтоқсанда сот жүйесін ұйымдастыруды, оның құрылымдық элементтерінің өзара қатынастарын, оларды құру және тарату тәртібін, сот органдары басшыларының құзыретін, лауазымды тұлғалардың мәртебесін белгілейтін «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заң қабылданды және осы уақытта қолданылып жүр. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарының ішінде, өзінің ұйымдық және құқықтық негіздерін нығайта отырып, сот жүйесі де елмен бірге серпінді дамып келді. Сот мемлекеттік биліктің бір тарауы болғаны туралы бүгін көз жеткізе отырып сеніммен атап өтуге болады. Сот билігінің құзыреттілігі негізінен құқықтық мемлекеттің талаптарына сай келеді. Судьялар тәуелсіздігінің сұрақтары шешілген. Соттар дербестігінің кепілдік жүйесі қамтамасыз етілген, қазылар алқасы қоғамдастығының органдары құрылған, судьялық кәсіптің әлеуметтік беделі бірталай жоғарылаған. Бұл ел басшылығымен қабылданған уақытылы және батыл шаралардың арқасында мүмкін болды. Сол себептен, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі» курсын оқу сот органдарының қиын қызметі, сот жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік органдар жүйесіндегі соттардың орны, судьялардың өкілеттілігі және т.б туралы толық танысу мүмкіндігін береді. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі» курсын оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар«Қазақстан Республикасының сот жүйесі» пәні элективті, арнайы заңдық пәндер топтамасының арасындағы негізгілерінің бірі болып табылады. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі» пәні сот органдарының жүйесін және құрылымын, олардың ұйымдастырылу және қызмет ету принциптерін, судьялар құзыретін, оларды тағайындау, босату тәртіптерін және т.б. реттейтін құқықтық нормалар жиынтығымен анықталады. Пәннің негізгі мақсаты – заңгердің кәсіби қызметін болашақта ойдағыдай жүзеге асыру үшін студенттермен қажетті білім алу. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі» курсы студенттерге сот органдарының күрделі қызметі туралы түсінік береді. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі» оқу пәні сот органдары дамуының ғылыми концепциясына байланысты қиын мәселелерді меңгеруге және қабылдауға белгілі бір дәрежеде дайындалған жоғарғы курс студенттеріне есептелген. Бұл курстың мақсаты студенттерге сот билігі, әділсот, сот ұйымдастырудың және қызметінің принциптері, сот сатылары сияқты түсініктер туралы нақты ой түйгізу. Өйткені, оларды ұғып алмай құқықтың қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу және т.б. салаларының мәнін, бағыттылығын және мазмұнын анықтау мүмкін емес. Қазақстан Республикасының сот жүйесі, мемлекеттік билік тармағы ретіндегі сот билігі, судьялардың құқықтық жағдайлары, судьяларға қойылатын талаптар, олардың құқықтары мен міндеттері және т.б. бұл курсты оқудың пәні болып табылады. Сондықтан, бұл пән соттар қызметі туралы бастапқы мәлімет беретін негізгі пәндердің бірі. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі» курсын оқу қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару, азаматтық іс жүргізу, әкімшілік құқықтар курстарымен тығыз өзара байланыста. Сондықтан, дәрістер мен семинарлық сабақтардың жалпыкурстық топтамасынан басқа, болашақ маманды дайындауға зор үлесі бар аудиториядан тыс, студенттің өзіндік жұмыстары қарастырылған. Студент сот практикасын өздігінен қорытындылай, таңдалған тақырып бойынша ғылыми зерттеу дайындай, семинарда немесе практикалық сабақтарда хабарламамен шығып сөйлей, жариялымды басып шығаруға дайындай алуы тиіс. Мұндай материалдарды студенттер семинарлық, практикалық сабақтарға дайындалғанда, рефераттарды, курстық, дипломдық жұмыстарды жазғанда пайдалануы керек. Соттарды ұйымдастыру және олардың қызметі заңмен егжей-тегжейлі регламенттелген. 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заң, іс жүргізу заңнамалары және сот жүргізу сұрақтарын реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілер курстың негізгі дереккөздері болып табылады. Оқу процессінде ҚР Жоғары сотының нормативтік қаулыларын, әдістемелік құралдарды, сот практикасын жинақтауды, ақпараттық хаттарды пайдалану курсты ойдағыдай үйрену үшін талай мүмкіндік туғызады. Сол себептен бұл пәнді меңгеру сәйкес нормативтік-құқықтық актілердің тура мәтінін оқуды қажет етеді. Өйткені, тек оқулықтарды және оқу құралдарын ғана пайдалану қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің мазмұнын толық қамтып көрсете алмайды. Студенттер нақты тақырып бойынша ұсынылған нормативтік-құқықтық актілерді ғана мұқият оқып қана қоймай, құқықтың аралас саласындағы, әсіресе қылмыстық, азаматтық, іс жүргізу құқықтары саласындағы заңнамаларға енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтыруларды бақылап отырулары керек. Студент «Қазақстан Республикасының сот жүйесі» пәнін оқу нәтижесінде нормативтік-құқықтық актілерден хабардар болуы, өзіне ең маңызды ережелерді айыра алуы, құқықтың нормаларын талдай алуы, ғалым-құқықтанушылардың әртүрлі пікірлерін зерттей алуы тиіс. Семинарлық сабақтар студенттердің теориялық білімдерін тереңдету және бекіту, нормативтік материалды дұрыс пайдалануды әдеттену мақсатында жүргізіледі. Семинарлық сабаққа дайындалғанда студент сабақтың тақырыбына қатысты заңнамалық базаны мұқият оқуы, сол сұраққа қатысты сот практикасымен танысуы керек. Нормативтік мәліметтер негізінде, оқу-әдістемелік әдебиетті пайдалана отырып, ғылыми-теориялық материалды қарастыруға кірісуі қажет. Студент тілегі бойынша тақырыпты тереңдеп оқу мақсатында монографиялық әдебиетті пайдалана алады. Нақты семинарға ұсынылған барлық сұрақтарға студент дұрыс және толық жауап бере алатын жағдайда болса, сабақ дайындығы қанағаттанарлық болып есептелуі мүмкін. Содан соң ғана, алған теориялық базасын пайдалана отырып, практикалық тапсырмаларды шешуге кірісуі тиіс. Тапсырмалар жазбаша ашылған түрде шешілуі және қажетті нормативтік актілерге сілтемелері берілуі керек. Шешім дәлелденген (аргументтелген) және қисынды (логикалық) негізделген болуы тиіс. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ Сот органдарының қалыптасу тарихы Мақсаты: Қазақстан Республикасының сот органдары қалыптасуының және дамуының тарихи кезеңдерімен таныстыру Ештеңе жоқтан шықпайды және кенеттен пайда болмайды, бұл әлемде барлығы өзара байланысты, себептері және қайнары бар. Сол сияқты сотта өз тамырларымен алыс баяғыдан басталады. Өркениет пайда болу кезеңінде әлеуметтік жанжалды шешудің қарапайым амалдары болған (олар қазірде көрініп отырады) – жекпе-жек, қанды кек, барымта және т.б. түрлері. Сол уақыттарда қауым арасында, жанжалдарды реттеу бойынша қамды өздеріне арта отырып, адамдардың жеке топтары (отағалары, көсемдер, абыздар) ерекшелене бастады. Мемлекеттердің пайда болуына және оның биліктік саяси ұйымдарының беделі нығаюына байланысты арнайы мекемелер құрылып, оларға азаматтардың дау-жанжалдарын қарастыру бойынша ерекше өкілеттік берілген. Талап етудің сипатына (бұқаралық немесе дербес), талаптанушылардың әлеуметтік тәнділігне (азат немесе құл, ақсүйек немесе кедей), істердің маңыздылығына және басқа да себептерге байланысты сот жүргізу органдарын мамандандыру пайда болды. Мысалы, Ежелгі Грецияда фесмофеттер, ареопагтар (кісі өлтіру істері бойынша), гелиэйлер (алқабилер соттары), халықтық жиын (саяси істер бойынша), қырықтық алқасы (көшпелі судьялар), эфеттер (қасақана жасалмаған кісі өлтіру істері бойынша), диэттер (негізінен азаматтық және елеусіз қылмыстық істер бойынша), «айбат» он бірлік алқасы (құлдар үшін), герусилер және эфорлар (Спарта) сияқты соттар бар болған. Ежелгі Римде квесттер, халықтық жиын, тұрақты комиссия, магистраттар (консулдар, трибундар, преторлар, префектер, сардарлар) сияқты соттар болған. Әрине, аталған мекемелердің барлығы бірдей тек қана сот қызметімен айналысып қойған жоқ, көпшіліг атқару және заң шығару биліктерімен бірлестіріп атқарған. Бірақта сол кезден бастап соттар және судьялар кәсіби негізде істей бастаған (мемлекеттің тапсырысы бойынша қызмет еткен, сыйақы алып отырған, алған білімдерін және тәжірибесін басшылыққа алып отырған). Бұрынғының соттары біріктірген жалпы сипаттық кескіндер: - соттардың тәуелсіз біріңғай жүйесінің жоқ болуы (сот билігі әдетте әртүрлі мекемелердің арасында бытыраған); - сот билігі саясат құралы болып табылған, мемлекеттік биліктің басқа тарауларымен араластырылған; - сот процессінің таптық мазмұны (демократиялық бастаулары тек азат азаматтарға ғана қатысты болған); - сот ісін жүргізудің азаматтық түрі қылмыстық түрінен бөлінбеген; - іс жүргізу түрінің саяси тәртіппен тікелей байланыстығы (айыптаудан іздестіруге); - іс жүргізудің бұқаралық және жеке болып бөлінуі; - дәлелдеулерді шартты бағалау (дәлелдеулерді бағалау өлшемдері болмаған) және басқалары. Сот қызметі демократиялық саяси тәртіптегі мемлекеттерде өте ашық көрініс алғанын атап өткен жөн. Мысалы, Афинадағы гелиэйлер сотымен солай болған. Оның алқалар институты мемлекеттің республикалық даму кезеңінде кеңінен тарала бастады және қазірде аса маңызды. Бұрығы өткен уақыт сот төрелігінің көптеген ережелері қазіргі күннің өзімен қабылданып отыр: - іс жүргізуде тараптардың болуы және сайысуы; - іс жүргізуді шартты белгілеу; - дауласуды ұсынылған дәлелдемелер негізінде қарастыру; - істерді білікті (кәсіби дайындалған) тұлғалардың шешуі; - сот шешімдерінің беделділігі; - айыпталуға (талапқа) қарсы қорғану мүмкіндігінің бар болуы және көптеген басқалары. Осылайша біз уақыттың және буындардың байланыстарын байқай аламыз. Өткеннің көпшілігі қазіргі заманмен қабылданған. Оның сот жүйесіне де қатысы бар. Қазақстан аумағында алғаш қауымдық құрылымның аяқталуымен, мемлекеттіліктің және діннің басталуына байланысты құқық: күшінің және беделінің көмегімен басқаларға қарағанда басым орында тұрған белгілі адамдардың әлеуметтік топтарымен және әдет-ғұрыптармен орнатылған нормалар, мінез-құлық ережелері пайда болды. Даладағы құқық, қоныс тепкен халықтың құқығы сияқты, қорғанысқа мұқтаж болды және оларға сол қорғанды, мәжбүр ету арқылы, ең алдымен көшпелілердің атақты адамдары билігімен қамтамасыз етті. Бірінші жағдайда мемлекет басшысының (шанью, гуньмо, ильхан, хан және т.б.) немесе ру басшысының ауызша не жазбаша қойылған еркі қарулы адамдармен (бұл әскер, ұлан, сақшы және т.б. болуы мүмкін) қамтамасыз етілген болса, әдеттегі құқықта әдет-ғұрып беделі, қоғамдық пікір, мәдениет және адамгершілік құқыққорғау қызметін атқарған. Кейбір кездерде адамдардың сана-сезімі және белгілі көзқарастары арқасында олардың қарым-қатынастары тұрақты сипатты иеленген, сол уақытта дағдылар және дәстүрлер әдет-ғұрыптарға айнала бастаған Әдеттегі құқық далада маңызды роль ойнағандығы туралы айта кеткен жөн және мемлекет басшысының абыройы көбіне халықтың әдет-ғұрыптарымен ымыра (келісім) таба алуына байланысты болған. Әдеттегі құқық дауласып жатқан тараптарға, өзара келісім арқылы, мемлекеттік биліктің ешқандай араласуынсыз, кез келген адамды өздеріне судья қылып таңдау мүмкіндігін берген. Оларға тәжірибе жүзінде дана және әділ адамдар атағына берік ие болған, өмірлік тәжірибесі мол, ең ардагер ақсақалдар жатқан. Олардың шешімдері әдетте қарсылық туғызбайтын, кейбір бағынбау жағдайлары өз артынан қоғамдық айыптаушылыққа, тіпті қудалаушылыққа апарып соққан. Қазақстанда ислам тарала басталған соң қазақтардың әдеттегі құқығы – адатпен бірге, ұлттық ерекшеліктерді есептей отырып, мұсылман құқығы – шариатта қолданыла бастады. Қазақ құқығының біздің заманымызға жеткен және белгілі жәдігерлері болып табылғандар: түрік қағаны Бұмынның ережелері, Шыңғысханның ясалары, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заңдар жинағы. Соңғысы әдеттегі құқық нормаларын біршама жолмен кодификациялау әрекетін ұсынып, содан кейінде ұзақ уақыт бойы даладағы қоғамдық қатынастарды реттеу негізі болған. Хан «Жеті Жарғы» жинағы бойынша, жасалған қылмыстар және теріс қылықтар үшін соттайтын және жазалайтын шектеусіз құзыреті берілген, жоғарғы судья болып табылған. Ру ақсақалдары және ауыл әміршілері өз жерлерінде әділсот басқару құқығына ие болған. Кейбір жағдайларда жазалау құқығын жеке адамдар пайдаланған – қожайыны құлына, анасы қызына, күйеуі әйеліне қатысты. Сонымен бірге, «Жеті Жарғы» бұрын болған билер кеңесінің заңдылығын, хан тұсындағы ақсүйектер өкілдігінің органы ретінде, заң жүзінде белгілеген. Ең атақты және беделді адамдардан құрылған билер кеңесі заң шығару және сот қызметтерімен айналысқан тұрақты жұмыс істейтін мекеме болған. Ханнан басқа оның қылмыстық істерді, халықтың, кейбір кездері рудың дауларын және таластарын қарастыру құқығы, жауапкершілік шараларын пайдалануға байланысты жауапты шешімдер қабылдау құзырлығы болған. Дауласып жатқан тараптар істің қаралуына дейін қойылған талап сомасының 10 % мөлшеріндегі сот бажын төлеулері тиіс еді. Тәуке заңдары қандасу кегіне жол бергенімен, оның басқа баламасы – құн төлеу мүмкіндігінде ескерген. Мысалы, кісі өлтіргені, басқа біреудің әйелін ұрлап кеткені немесе зорлағаны үшін қойылған өлім жазасы мүліктік өтем ақымен ауыстырылуы мүмкін болған. Мүліктік жазалар салынған жағдайда «үштен тоғыз рет» қағидасы қолданылып, келтірілген шығын 27 еселі көлемде толтырылған. Мысалы, мал ұрланған жағдайда, ұрыдан ұрланғанды қайтаруды және оның үстіне түйеге – тұтқынды, жылқыға – түйені, қошқарға – жылқыны қоса талап еткен. Тәуке ханның билігі сот шешімдерін мәжбүрлеп орындауды қамтамасыз ету үшін мейлінше күшті болмағандықтан, оның заңдар жинағы тараптарға «өзіне өзі көмек көрсетуге» немесе «барыш» (келісім, пайда) атаулыға мүмкіндік берген. Мысалы, кінәлі тарап билердің жарлығын орындаудан бас тартып, ұрланғанды қайтармаса немесе құнды төлемесе, жәбірленушінің және оның ағайын-туыстарының малды күшпен алып қою құқығы болған. Немесе көшпенді, өз руының күшін пайдаланып, құн немесе айып төлемеген, сотқа барудан бас тартқан. Мұндай жағдайда қапаланған ру шешімі бойынша жәбірленушілер барымталап едәуір малды айдап әкетіп, өкпелетушіні және оның руын заңды қанағаттандыруды талап еткен. Сот арқылы бір бітімге келген соң, құн және айып көлемі алынып, айдап әкеткен мал қайтарылған. Қазақтың соңғы ханы Кенесарының кезінде ру билерінің соты жойылған. Оның орнына ханмен тағайындалған билерден тұратын хандық сот қызметін жалғастыра берген. Сот қызметін бақылауды руларға бекітілген жасауылдар жүзеге асырған. Ең маңызды істерді Кенесары хан жалғыз өзі шешіп отырған. Ол қайтыс болған соң және Қазақстан өзінің мемлекеттік біртұтастығын толығымен жоғалтқаннан кейін, қазақтардың әдеттегі құқығы біраз уақыт бойы ресей императорлық құқығымен көршілес болып, біртіндеп өзінің маңыздылығын жоғалтып, орнын жаңа саяси институттарға бере бастаған. Қазақ даласында Ресейдің императорлық билігі орныққан соң, сәйкесінше Қазақстанның құқықтық жүйесі де өзгерді. Далалық билер соттарымен бірге қалаларда бітістіру соттары да қызмет ете бастаған. Қазақ даласындағы билер соты, мыңжылдық тарихы болғанымен, Ресей империясының бітістіру сотына қарағанда, озық және демократияшыл болған. Өйткені, ол көптеген буындардың дәулетті тәжірибесін, қоғамның ұлттық ерекшеліктерін, мәдениетін, әлеуметтік-экономикалық тіршілік салтын ескеріп отырған. Ол халыққа өте жақын болды. Мысалы, атақты ғалым Шоқан Уалихановтың сот реформасы туралы 1854 жылғы жазбасы осыған арналып, билер соты мен бітістіру сотының ұқсастығын және айырмашылығын сынап талдаған. Шарттылықтың және әртүрлі ресми керітартпалықтың болмауы билер сотының ең басты қасиеті екендігі туралы жазған. Би маңыздылығы оның беделіне негізделген және бұл атақ сот тәжірибесімен айналысу құқығының патенті сияқты еді. Дауласушы тараптарға өздері күмәнсіз сенетін судьяны таңдап алу құқығы берілген. Ресми сайлаулар ешқашан сенім шарттарын толық қанағаттандыра алмайды. Мұндай сайлау арқылы, айланың және сатып алудың арқасында, бейхабар және адамгершіліксіз тұлғалар судья болып қалуы мүмкін. «Таласып жатқандармен би атағы бар барлық тұлғалардан судьяны өз еркімен таңдау сайлауды әбден ауыстырады және сайлау мақсатына әдетте оданда жақсы жетеді. Билер... өз кәсібімен танылу арқылы айналысады және олардың өз беделін қастерлеу себептері болады. Сайлау арқылы шенеулік болғандар ... барлығынан алатын және барлығына төлейтін басқарушыларға ұқсағылары келеді. Ізгі ниетсіз судья... ешқандай жанжалсыз айналып өтілуі мүмкін: оған ешкім жүгінбейтін болады». Расында да, көшпенділерде әрқашан дауларын шешу үшін шешендік қабілеттілігі бар, адам психологиясын және дәстүрлерді терең түсінген тұлғаларға көмек сұрап жүгіну әдет-ғұрпы болған. Олар туралы қауесет барлық далаға тез тарап, олардың есімдері әркімге таныс болған. Би атағы мұрагерлік болмаған, мұрагерлік бойынша тек тәжірибе мен білім ғана біріліп отырған. Мысалы, Бекболат билері XVIII ғасырда белгілі болған Қазыбек бидің ұрпақтары, бірақ өздерінің кәсіби абыройының арқасында ғана судья болған. Атақты Шорман 13 жасында, маңызды және қиын ру дауын халық жиналысында шешкен соң, би атанған. Судьяны таңдау құқығы дауласушы екі тарапқа да тиімді болған, өйткені іске біржақты қарау мүмкіндігін болдырмаған. Сонымен бірге соттың шешімімен келіспеген жағдайда, оған басқа билерге шағым келтіру мүмкін еді. Сот бұқаралы, ауызша өткен және барлық жағдайларда қорғануға жол берген. Көп жағдайларда істер алқалы түрде бірнеше билермен қарастырылып отырған. Дауласушы тараптар бимен рулас болғанда және өздері бір судьяны қажет еткенде іс жеке қарастырылған. Кейбір кездері айқын дәлелдер болмаған жағдайда билер сотталушының ең адал ағайындарын аралық сөзге алып, олар ант астында сотталушыны айыптаған немесе ақтаған (алқабилер соты сияқты). Билер істерді тараптардың арызы немесе билік өкілдерінің хабарлауы бойынша қарастыруға алған және өз шешімдерін орындауға қатыспаған. Дауласушы жылғы тараптармен бір рулас билер судья болмаған, олар тек қорғаушы ретінде шыға алған. Билер қазынадан ешқандай еңбекақы алмаған. 1854 жылғы заң сол жылдың 19 мамырына дейін билер атағын иеленген тұлғаларды сол атақта бекітіп, одан кейінгі уақытта бұл құқықты лауазымдарында 6 жылдан жоғары қызмет қылған және округтік бұйрықпен бекітілген сұлтандар мен ауыл ақсақалдарына берген. Бірақ, тәжірибе жүзінде халық билерінің соты одан кейін де ұзақ уақыт бойы болған. Оның беделі өте жоғары болғандығы сондай, Ш. Уалихановтың айтуына қарағанда «халық жаратпаған және адамгершіліксіз, халықтық сотта жеңіліп қалған істерін заңсыз жолмен, шенеуліктер арқылы дұрыстағысы келген адамдар империялық сотты қажет еткен». Көптеген орыс талапкерлері және борышкерлері ресей тергеуінің орнына билер сотын артық көргені соның пайдасы туралы айтады. Қазақстан аумағындағы барлық түрік мемлекеттерінде негізінен танылған құқыққорғау органы болып билер соты танылған. Оларға мемлекеттің жоғарғы лауазымдық тұлғалары – хандарды, сұлтандарды, ру басшыларын, олардың билік құзырлығы берілген өкілдерін жатқызуға болады. Сонымен бірге адвокатура институты болған, бірақ айқын түрінде емес сот процессінде тараптардың өкілі және мүддесін қорғаушы ретінде. Талап қоюшының өкілі айыптаушы-прокурордың рөлінде, ал қарсы тарап өзінің шешенін ұсынған. Іс жүргізудегі бәсеке толық шамада болған. Полицейлік және қадағалау міндеттерін мемлекеттік шенеуліктер атқарып, әр уақытта әртүрлі атауларды иеленген. Бұл уәзірлер, бектер, әміршілер, нояндар – бір сөзбен айтқанда жоғарғы билікпен арнайы сенім берілген шенді адамдар. Кеңес билігі орныққан соң құқықтың негізгі қайнар көзі заңдар болды. 1922 жылғы РСФСР сот құрылысы туралы алғашқы декреттерге және ережелерге сәйкес сот жүйесінің негізін халықтық соттар құрып, көптеген істерді бір судья және екі халық заседательдері құрамында қарастырған. Судьялар губерниялық атқарушы комитетпен бір жыл мерзімге, халықтық заседательдер – еңбек ұжымдарының жалпы жиналыстарында сайланған. Губерниялық сот және РСФСР Жоғарғы соты оларға қатысты жоғары соттар болып саналған. Соңынан судьялар халықпен 5 жылға, ал 1988 жылдан бастап Халықтық депутаттар кеңестерімен 10 жылға сайлана бастады. 1936 жылы Конституция және 1938 жылы 16 тамызда «КСРО, одақтық және автономиялық республикалардың сот құрылысы туралы» Заң қабылданғаннан кейін Қазақстанда сот жүйесі, кейбір ерекшеліктерін есептемегенде, 1995 жылға дейін өзгеріссіз түрінде болған. Тәуелсіз құқықтық жүйенің құрылуы Қазақстан сотының тарихында бұрылу пункті болып табылды. Өз ізашарының барлық дұрыс қасиеттерін сақтап қалып, өткен жылдардың қателіктерін ескерген және жергілікті ерекшеліктерді есептей отырып, өзінің негіздерін демократияландыру курсын белгілеген. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы құқық жүйесінің, соның ішінде оның құқыққорғау механизмінің, дамуы және өздігінен жетілуі үшін қажетті алғышарттар жасаған. Сот жүйесінде соңғы жылдары елеулі өзгерістер болды – судьялық корпус жаңартылған және күшейтілген, оның өкілеттігі кеңейтілген, судьялар қызметінің кепілі нығайтылған, қылмыстық және азаматтық істер бойынша іс жүргізу тәртібі өзгерген, сот билігінің тәуелсіздігін және беделін нығайту үшін нақты алғышарттар жасалған. Қазақстанның 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы 3 бабында мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінгені және өзара қатынастары жайлы 3 бабында ресми мәлімденген. Сол сәттен бастап сот билігін күшейту процессі нағыз көрініс алды. Бұл судьялық корпус тәуелсіздігі үшін жағдай жасаудан, судьялар мен соттарды материалдық қамтамасыз етуді жоғарылатудан, сотты сыйламағаны үшін жауапкершілік қоюдан, сот өкілеттілігін елеулі кеңейтуден көрінеді. Соттарға қылмысты ашумен айналысатын құқыққорғау органдары қызметінің негізділігін және заңдылығын бақылауды жүзеге асыру өкілеттігі біртіндеп беріле бастаған. Сот билігін нығайту құқықтық демократиялық мемлекет құрудағы кең қадам екені күмәнсіз. Сот билігі – мемлекеттік биліктің тәуелсіз тармақтарының бірі, арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен, соттармен әділсот жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Соттардың әлеуметтік процесстерге және адамдардың мінез-құлықтарына ықпал ету мүмкіндіктері мен қабілеттіліктері сот билігі деп түсініледі. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтардың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғайды, Конституцияның, заңдардың, басқа нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді. Соттардың шешімдерінің, үкімдерінің және басқа қаулыларының Республика аумағында міндетті күші бар. Оларды орындамау және сотты сыйламаудың басқа көрінісі заң бойынша жауапкершілік тартады. Сот мәжбүр етудің саяси аппаратында дербес орын алатын мемлекеттік орган, тек қана әділсотты жүзеге асыру үшін қызмет қылады. Оның міндеті Конституция, халықаралық шарттар, заңдар және басқа нормативтік құқықтық актілер негізінде пайда болған істер мен дауларды қарастыру және шешу. |