Главная страница

Әдебиеттік оқу 2-сынып Әдістеме 1 бөлим 2022. Б. Т. абатай, Д.. Тлеулесова, В. А


Скачать 1.17 Mb.
НазваниеБ. Т. абатай, Д.. Тлеулесова, В. А
Дата20.12.2022
Размер1.17 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаӘдебиеттік оқу 2-сынып Әдістеме 1 бөлим 2022.docx
ТипДокументы
#855286
страница11 из 35
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




Бөлім:

Өзім туралы

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

10-сабақтың тақырыбы

Менің сүйікті тағамым




Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.2.9.1 сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан, жинақтардан, сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі кестеге салу;

2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар мәтінді түсініп оқиды, сұраққа жауап береді.

Оқушылардың басым бөлігі қосымша кітаптармен жұмыс жасай алады, мұғалімнің көмегімен қателерді тауып түзетеді.

Кейбір оқушылар анықтамаларды тез тауып, кестеге түсіреді, қателерді өздігінен табады, түзетеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы 5 мин

Қызығушылықты ояту. Сыныптықалыпқакелтіру.Үйжұмысын сұрау.




«Қол шапалақтау» әдісі






Ортасы 30 мин

Мағынаны тану.

Ойқозғау

1-тапсырма. Қандай тағамды ұнатасың?



Оқушылар жауап береді.





Оқулық




Айтылым.

2-тапсырма. Жаңылтпашты жаңылмай айтуға дағдылан.

  1. Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты.

  2. Асан бақша жақтан ақ сабақ асқабақ әкелді,

Басқа жақтан басқарақ асқабақ әкелді.

Тақырыпты болжау.

Жаңылтпаштар арқылы тақырыпты болжату.

Сабақтыңмақсатыментаныстыру.

Жаңылтпашты тез әрі жаңылмай айтуға тырысады.


Дескриптор:

  • жаңылтпашты қайталай алады;

  • жаңылмай қайталайды;

  • дыбыстарды шатастырмайды;

  • әр сөзді анық айтады.







Мақсатқа сәйкес оқушылармен бірлесе отырып, жетістік критерийін анықтау. Білу.
















Оқылым. Жұптық жұмыс.

3-тапсырма. Өлең қалай аталған? Ол атау кімге қатысты? Түсіндіріп көріңдер. Өлеңді түсініп оқыңдар.

Қастек Баянбай. «Қор»

Алдымен оқушылар өлең қалай аталғанына мән береді. Ол сөздің әжеге қатысы, яғни әжесі сарымай, құрт, ірімшік жасап, қысқы қор жинайтыны туралы түсіндіреді.







Қолдану. Жазылым.

4-тапсырма. Ұлттық тағамдар туралы білетініңді кестеге түсір.


Оқушылар кестені толтырады.







Айтылым.

  1. тапсырма. Сәйкестендірудегі қателерді тап. Түзетіп айт.


Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық, Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып, Біз бір демалайық.

Синтез.

Ойын кезеңі. «Асханада».

Мұғалім сынып ішіндегі бір бұрышты асхана ғып ұйымдастырып

қоюына болады. Түрлі тағамдардың макетін немесе суретін алдын ала дайындау керек.


  1. тапсырма. Мектеп асханасында тамақтың түрлері көп-ақ. Үзілісте қандай тағамды алар едіңдер? Неліктен?

Тағы қандай тағамның болғанын қалайсыңдар? Достарыңның таңдауы туралы пікір білдіріңдер.

Сәйкестендіреді. Сарымай (шайқайды)Құрт (өреге жаяды) Айран (ұйытады) Ірімшік (қайнатады)

Жаттығуды 2–3 рет қайталайды.

Оқушылар «асханада» кезекке тұрады. Өзінің таңдауын түсіндіреді.

Дескриптор:

– суреттер мен сөздерді сәйкестендіреді.


Бағалау. Мадақтап отыру.

«Баға қою әдістемесі»:

Өте жақсы! ... Жақсыжазылған!... Ғажап!...

Жақсы күшсалғансың!...
Бағалау ретінде өз таңдауын түсіндірген балаға «тамақ» сатылады.


Тағам суреттері немесе макеттері,

«Асхана» деген жазу, мүмкін болса аспаздың қалпағы т.б. ойынға қажет құралдар.




Соңы 5 мин

Үй тапсырмасы. Өлеңді мәнерлеп оқу. Бір ұлттық тағамның дайындалу әдісі туралы біліп келу.
Кері байланыс.«Бір сөзбен бағалау» әдісі Оқушылар сабақтан алған әсерлерін бір сөз арқылы сипаттайды.












Бөлім:

Өзім туралы

Педагогтің аты- жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

11-сабақтың тақырыбы

Менің киімдерім

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.2.1.1 мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқиды.

Оқушылардың басым бөлігі рөлге бөліп, мәнерлеп оқиды.

Кейбір оқушылар түсінгенін өмірмен байланыстырады, оған өз пікірін білдіреді.




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы 5 мин

Қызығушылықты ояту. Сыныптықалыпқакелтіру.Үйжұмысынсұрау.Жаттау.








Оқулық




Ортасы 35 мин

Мағынаны тану. ОйқозғауАйтылым.

1-тапсырма. Қандай түсті киім кигенді ұнатасың? Жақсы көретін киімің туралы әңгімеле.
Тақырыпты анықтау.Сабақтыңмақсатынайту.

Оқушылар мақсат бойынша қандай жетістікке жетулері керегін айтып, жетістік критерийін шығарады.
Білу.

Автор туралы мәлімет.

Абдрахман Асылбек (1938–2018) ақын, аудармашы. Жамбыл облысында туған.
Жұптық жұмыс. 2-тапсырма.

Мәтінді рөлге бөліп, мәнерлеп оқыңдар. Абдрахман Асылбек. «Көйлек хикаясы» Мәтіннің тақырыбының мағынасын түсінулері үшін жетекші сұрақтар қою:

  • Балалар, хикая дегеніміз не?

  • Бұл мәтін не туралы деп ойлайсыңдар?

  • Мәтінде кездесетін бөгелек, ебелексөздерінің мағынасын түсініп алайық. (Оқулықта берілген сөздік бойынша түсіндіру).


Түсіну.

3-тапсырма. Сәйкестендір.

Бұл тапсырманы орындау барысында



Оқушылар өз ойын білдіреді.

Бір оқушы мәліметті дауыстап оқиды.



  1. Іштей оқиды (1 рет).

  2. Тізбектей дауыстап оқиды (1 рет).

  3. Рөлге бөліп оқиды (бірнеше рет).



Оқушылар 3-тапсырманы жұмыс дәптерлеріне орындайды. Орындап



Жетістік критерийі:

  • мәтінді дауыстап оқиды;

  • түсініп оқиды;

  • рөлге бөліп, мәнерлеп оқиды.


Мәнерлеп оқу біліктеріне назар аударады, ауызша кері байланыс береді.

Өзін-өзі бағалау.



Оқулық Жұмыс дәптері
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35


написать администратору сайта