Главная страница

Әдебиеттік оқу 2-сынып Әдістеме 1 бөлим 2022. Б. Т. абатай, Д.. Тлеулесова, В. А


Скачать 1.17 Mb.
НазваниеБ. Т. абатай, Д.. Тлеулесова, В. А
Дата20.12.2022
Размер1.17 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаӘдебиеттік оқу 2-сынып Әдістеме 1 бөлим 2022.docx
ТипДокументы
#855286
страница9 из 35
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35










қажет» деген сияқты жауап береді.

Оқушылар тақтаға шығып, сынып алдында сөйлейді.

Мадақтау арқылы мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. «Жарайсың! Өте ұтымды жауап бердің.

Мәнді жауабың үшін ризамыз».




Сергіту сәті.

Айнаға қараймын, Шашымды тараймын. Бақытты боламын, Сымбатты боламын. Әрқашан тазамын, Бәрiнен озамын.

Ендi бiз демаламыз, Айналаны шоламыз. Қол-аяқты кезекпен, Оңға-солға созамыз. Күн шыққанда сүйiнiп, Бәйшешектей иiлiп, Бiз тынығып аламыз.

Жиi-жиi жаттығып, Үлкен кiсi боламыз.

(Б.Бөрiбаев)


Сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.




Синтез. Жұптық жұмыс. 5-тапсырма.

Өлеңдегі қарамен жазылған сөздерді дауыс ырғағын дұрыс қойып, мәнерлеп оқыңдар.


Оқушылар кезекпен дауыстап мәнерлеп оқиды, интонацияны дұрыс қоя отырып, сөйлем соңындағы тыныс белгіге қарап дауыс ырғағын ажырата отырып оқиды.


Мұғалім оқушылардың оқу техникасына назар аударады: сөздерді анық, сөйлемдердің аражігін ажырата, тыныс белгілеріне қарай отырып оқуларын қадағалайды.




Соңы 5 мин

Үй тапсырмасы. Қ. Мырза Әли. «Не үшін?» Жаттап алу.

Кері байланыс.Ауызша.

Бүгінгі сабақта қандай мәтін оқыдың? Авторы кім? Ол туралы не білесің?

Мәтін несімен ұнады? Қандай сөздер немесе тұтас сөйлемдер үйрендің? Бұл сөздерді қай кезде қолданасың?












Бөлім:

Өзім туралы

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

7-сабақтың тақырыбы

Мен ойнайтын ойындар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.2.6.1 – кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар мәтінді түсініп оқиды.

Оқушылардың басым бөлігі кейіпкердің іс-әрекетіне өз көзқарасын білдіреді.

Кейбір оқушылар кейіпкерге ақыл-кеңес береді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы 5 мин

Қызығушылықты ояту.

Сыныптықалыпқакелтіру.

Үйжұмысынсұрау.Жатқа сұрау.

Ойсергек

Сабақты ойын ойнатудан бастауға болады. Мысалы: «Біз де» ұлттық ойыны.

Үйде жаттап келген өлеңді жатқа мәнерлеп оқиды.
Егер мұғалім оқушылар қосылатын сөз айтса, оқушылар

«біз де» деп қосылып айтады да,















  • Балалар, бүгінгі сабағымыз неден басталды?

  • Ойын ойнаудан.

  • Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз ойын жайлы болмақ.

Сабақтың мақсатымен таныстыру. Мақсатқа сәйкес оқушылармен бірлесе отырып, жетістік критерийін анықтау.

ал оқушылардың қосылмайтын сөзі болса, «біз де» деп айтуға болмайды. Байқамай қосылып, әлгі сөзді айтып қалған оқушы ойыннан шығады.

Мұғалім:

Мен көлге барамын.

Оқушылар:

Біз де!

Мұғалім:

Одан үйрек ұстап аламын.

Оқушылар:

Біз де!

Мұғалім:

Үйректің жарымын күшігіме беремін.

Оқушылар:

Біз де!

Мұғалім:

Күшігім жейді.

Осы кезде біреу: «Біз де» деп қалса, ойыннан шығады. Ойын тілді еркін меңгеріп, ойды жеткізе білуге жаттықтырады.







Ортасы 30 мин

Мағынаны тану. Білу.

Автор туралы мәлімет.













Түсіну.

Оқылым. 2-тапсырма.

Мәтінді түсініп оқы.

Әдібай Табылды. «Оспантайдың ойыны»



Оқушылар мәтінді тізбектей дауыстап оқиды.







Жеке жұмыс.

  1. тапсырма. Кейіпкерлердің Оспантайға кім болып келетінін анықта.

Қолдану.

  1. тапсырма. Сызба бойынша сөйле.



Талдау.

Жұптық жұмыс.

  1. тапсырма. Пікір білдіріңдер.


Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа, Келе жатты жұмысқа.

Допты алып қолыма, Қойдым оның жолына. Оң жағына қарады, Сол жағына қарады,

«Үлкен тау» деп ойлады.


Оқулықтағы сызба бойынша түсіндіреді.

Мәтіннен кейіпкерлердің компьютер ойындары туралы пікірлерін табады. Өз пікірін айтады.
Жұпта денені, миды шынықтыратын ойындар туралы әңгімелеседі.

Оқушылар қимыл-қозғалыс жасайды.



Дескриптор:

кейіпкерге қатысты пікір білдіреді;

кейіпкердің іс- әрекетіне баға береді;

– қорытынды жасай алады.

Оқулық Жұмыс дәптері Интербелсенді тақта

Синтез.

6-тапсырма. Компьютерде ойнап отырған балаға зер салып қара. Қандай кеңестер берер едің?

Оқушылар кезекпен сөйлейді. Бірнеше жұп өз пікірлерін ортаға шығып айтады.

Оқушылар өзара диалог құрады.







Соңы 5 мин

Үй тапсырмасы. Мәтінді оқу.

Рефлексия.

«Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесі



Ауызша жауап береді.




Кесте




Мәтіннен өзіме қандай сабақ алдым?

Не сезіндім?













Бөлім:

Өзім туралы

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

8-сабақтың тақырыбы

Қызықты оқиға

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар мәтінді оқиды, тақырыбын анықтайды, мазмұнын түсінеді. Оқушылардың басым бөлігі мұғалімнің көмегі арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады. Кейбір оқушылар мәтіннің негізгі ойын анықтай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы 10 мин

Қызығушылықты ояту.

Сыныптықалыпқакелтіру.

Үйжұмысынсұрау.Сұрақтарғажауапберу.

Ойсергек «Есім-акроним». Әр оқушы өз есімінің бастапқы әріптерінен өзін сипаттайтын сын есімдер жазуы керек. Мысалы, Әдемі былай деп жазуына болады.

Ә – әділ, Д – дана, Е епті,

М – мейірімді, І іскер.

Уақыт үнемдеу үшін топта, жұпта оқыту.

Тапсырма орындалғаннан кейін оқушылар жазғандарын жариялайды.


Ұтымды жауаптарды мадақтау.



1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35


написать администратору сайта